Облыс әкімі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе
1. Алматы облысы әкімдігі
1.1. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
1.2. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
1.3. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізімі
2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
2.1. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құрылымы
2.2. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы атқаратын негізгі қызметтері
2.3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Мен, Марат Диана Маратқызы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, экономика факультетінің 4-курс студенті өндірістік практикадан 06.01.2020ж.-07.03.2020 аралығында Талдықорған қаласындағы Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік мекемесінде өттім.
Өндірістік практикадан өту барысында Қазақстан Республикасының Конституциясымен, мемлекеттік қызмет туралы заң және Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматымен, соынмен қатар Әлеуметтік көмек және мүгедектермен жұмыс жүргізу бөлімі жұмысымен таныстым, MS Excel-MS Excel бағдарламаларымен жұмыс істеуді үйрендім. Практика кезінде Қазақстан Республикасының атаулы әлеуметтік көмек және оның жекелеген элементтеріне қатысты көптеген материалдармен жұмыс жасай отырып, оқу үрдісі кезіндегі теориялық білімімді одан әрі жетілдіріп, өз мамандығым аясында қажетті тәжірибелік дағдыларға ие болдым.


Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі -Аппарат), облыс әкімдігі қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру - құқықтық тұрғыдан алып жүруді және облыс әкімін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Облыс әкімі: АМАНДЫҚ ҒАББАСҰЛЫ БАТАЛОВ. 2008 жылдың сәуірінен - Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2014 жылдың 20 тамызынан бастап - Алматы облысының әкімі болып тағайындалды.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзінің мемлекеттік тілде аталуы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі банкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне Алматы облысы аппараты мемлекеттік мекесінің функциясы болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субьектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер, Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, ондай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің миссиясы аймақты тұрақты экономикалық дамыту, жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік басқару сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің ұйымдастырушылық-құқықтық жұмысына ақпараттық-талдау жасауды, облыс әкімінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру болып табылады.
Міндеттері:
1) облыс әкімдігі мен облыс әкімінің қызметін ақпараттық - талдау және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету;
2) облыс әкіміне қаржылық, шаруашылық және материалдық-техникалық қызмет көрсету;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі мен Қазақстан Республикасының Парламенті, облыстың өкілетті және атқарушы органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық ұйымдармен, заңды тұлғалар және азаматтармен өзара байланысты қамтамасыз ету.
Функциялары:
1) Әкімшілік-ұйымдастырушылық және құқықтық:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінің, облыс әкімдігі мен облыс әкімі актілерінің орындалуын ұйымдастыру, және қамтамасыз ету, олардан облыс аумағында орындалуына бақылау жасау;
- барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарымен қарым - қатынас жасау, олардың облыс әкімдігі мен облыс әкімі актілерінің жобасын дайындау үшін ақпараттар, облыстың әлеуметтік-экономикадық саясатын қалыптастыратын тұжырымдамалар мен болжамдар алу, оларды дайындау мен сараптауға қатысу;
- жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің аясын, өкілеттілігін және жауапкершілігін айқындайтын ұсыныстар әзірлеу, олардың жұмыс стилі мен әдістерін жақсарту жөніндегі мәселелер шешу;
- әкім мен оның орынбасарларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілерін уақытында ресімдеу, оларды жергілікті атқарушы органдары мен облыстың басқа да мемлекеттік органдарына, кәсіпорындарға , ұйымдар мен мекемелерге жеткізу;
- облыстық маңызы бар қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдардың азаматтық хал актілерін тіркеу саласы бойынша жұмысын ұйымдастыру;
- Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігіне азаматтық хал актілерін тіркеу бойынща мәліметтерді тапсыру мен жинақтауды қамтамасыз ету;
- қызметтік құжаттарды, хаттарды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын ұйымдастыру;
2) Ақпараттық-талдау:
- Әкімге және оның орынбасарларына облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына сипаттама беретін материалдар дайындау;
- Әкімнің қызметі туралы материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;
3) Кадрлық:
- Облыста кадрлық саясатты жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру және жетілдіру;
- мемлекеттік қызметшілер кадрларының жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ облыстық деректер базасын құру және кадрлар резервін қалыптастыру;
- мемлекеттік қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ шетелде оқыту мәселелері бойынша жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, облыс әкімімен тағайындалатын және босатылатын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлық құрам бойынша ұсыныстар даярлау және енгізу;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы Заңының сақталуын, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді сақтау мәселесі бойынша бақылауды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін, еңбек кітапшаларын (қызмет тізімдерін) жүргізу.
4)Ішкі аудит қызметі:
- қаржылық есептілікке аудит жүргізуге қатысады;
- мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелерінде, ведомстволық бағынысты ұйымдарында олардың қызметінің барлық бағыттары бойынша тиімділік аудитін жүргізеді;
- мемлекеттік органның ішкі процестерінің (бизнес-процестерінің) тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады;
- бюджет шығыстарымен өзара байланыста мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуін талдайды, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңына сәйкес басқа да функциялары;
5) Гендерлік саясат:
- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның басымдықтары мен ұсыныстарына сәйкес кешенді өңірлік (облыстық) бағдарламалар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына, Қазақстан Республикасында гендерлік теңдіктің 2006-2016 жылдарға арналған Стратегиясына сәйкес қалыптастыру;
Құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындардан, мекемелер мен ұйымдардан облыс әкімінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпарат, ауызша және жазбаша түсіндірмелер алады. Облыстың мемлекеттік органдары мен жергілікті атқарушы органдарына орындауға міндетті тапсырмалар береді.
2) жергілікті мемлекеттік органдарда Елбасының, облыс әкімдігі мен облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларының орындалу барысына тексеру жүргізеді, жіберілген бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюды талап етеді, тиісті лауазымды тұлғалардың ауызша түсініктемесін тыңдайды және жазбаша түсініктемелерін сұратып алады;
3)облыс әкіміне облыстың жергілікті атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді.
4)мемлекеттік органдармен, сондай-ақ ұйымдармен Аппараттың құзыретіне жататын мәселелер бойынша қызметтік хат алмасу;
5) басқармалар, департаменттер және басқа да облыстық қызметтердің алқа мәжілістеріне, комиссия отырыстарына, кеңестеріне қатысады;
6)басшылықтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерін облыс әкімдігінің құзыретіне жататын мәселелерді шешуге қатыстырады;

7) Қазақстан Республикасы заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерінде көзделген басқа да функцияларды, сондай-ақ облыс әкімінің тапсырмаларын орындайды.
Аппараттың қажетті құжаттарды, материалдарды, хабарламаларды, жазбаша түсініктемелерді, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдардың лауазымды тұлғалары беруі жөніндегі талабы, Аппарат олардың өзге орындау мерзімін белгілемеген жағдайда, заңнамада белгіленген мерзімде орындауға жатады.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесін басқаруды мекеменің басшысы жүзеге асырады, ол Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесін басқаруды мекеменің бірінші басшысы жүзеге асырады, ол Алматы облысы әкімінің апппараты мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз қызметін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің басшысын лауазымына облыс әкімі тағайындайды және босатады.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің басшысы Аппаратта сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады. Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және босатылатын орынбасарлары болады.
Алматы облысы әкімінің аппараты басшысы қызметінің ұйымдастырылуы:
1) аппаратқа жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) аппараттың құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
4) аппараттағы Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) аппараттың тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, оларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10) облыстың, республикалық маңызы бар қала, астананың жергілікті атқарушы органдары қабылдаған шешімдердің орындалу барысын бақылайды;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі басшысының құзыреті:
Облыс әкімінің орынбасарлары арасында міндеттер бөлінісі бойынша:
* Аппарат қызметкерлерінің , облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдары мен басшыларының лауазымдық еңбекақыларына үстемақы мен қосымша ақылар қосу бойынша;
Аппараттың жұмысын жоспарлау мәселесі бойынша:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар енгізеді;
2) Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді және жалпы басшылық етеді;
3) облыс әкімі тағайындайтын лауазымды тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде ұсыныс енгізеді;
4) облыс әкімінің Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Кеңсесі, Қазақстан Республикасының министрліктері және ведомстволарымен, аудан, қала әкімдері, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері, қоғамдық ұйымдар, жеке және заңды тұлғалармен байланысын қамтамасыз етеді;
5) облыс әкімдігі мен облыс әкімінің қабылдаған актілерінің орындалуын бақылау жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
6)Аппаратың құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
7) Аппараттағы ішкі еңбек тәртібін белгілейді;
8) Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгіленген тәртіпке сәйкес Ақпараттың мүлкі мен қаржысын басқарады.
9) келісімдер мен шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
10) өзіне облыс әкімі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен жүктелген басқа да функцияларды орындайды.
Алматы облысы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды. Аппараттың басшысы өз орынбасарларының құзыретін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес белгілейді. Аппаратқа жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер құрылады. Аппарат басшысының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, облыс әкімінің кеңесшілері, көмекшілері, бас инспекторлары, бөлімдердің бас және жетекші мамандары аппараттың қызметкерлері болып табылады. Аппараттың бөлімдері аппараттың регламенті мен осы ереженің, сондай-ақ әкімнің жетекшілік ететін, орынбасарларымен келісілген және аппарат басшысы бекіткен бөлім ережелерінің негізінде жұмыс істейді. Аппараттың қызметкерлерін облыс әкімі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі кезеңдегі жергілікті биліктің қалыптасуының ағымдық жағдайы және оны жетілдіру
Жергілікті биліктің қалыптасуымен құрылымы
Атырау облысы
Жергілікті мемлекеттік органдар түрлері
Қазақстанның атқарушы билік органдары
Жергілікті атқарушы билік органдары туралы
Мемлекеттік мекеменің ұйымдық құрылымы
Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу органдары жүйесі
ҚР жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін басқарудың конституциялық негізі
Пәндер