Спорттық аяқ киімдер


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 КӘСIПОРЫНМЕН ТАНЫСУ . . . 5
2 АЛДЫН АЛА ТАЛДАУ . . . 8
2. 1 Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма . . . 8
2. 2 Маркетингтік талдау . . . 8
2. 3 Техникалық ұсыныс. Модель - аналогтарды талдау . . . 10
2. 3. 1 Сән бағыты . . . 11
2. 3. 2 Модель - аналогтың композициялық шешімін талдау . . . 20
3 КОНСТРУКТОРЛЫҚ БӨЛІМ . . . 22
3. 1 Эскиздік жоба . . . 22
3. 1. 1 Модельдің конструктивті - технологиялық шешімінің сыртқы түрін сипаттау . . . 24
3. 1. 2 Материалдарды таңдау және негіздеу . . . 24
3. 1. 3 Жобаланатын бұйымның конфекционды картасы . . . 25
3. 2 Техникалық жоба . . . 26
3. 2. 1 Конструкция сызбасын дайындауға арналған алғашқы мәліметтер . . . 27
3. 2. 2 Бұйым бөлшектері конструкциясының алғашқы сызбаларын тұрғызу . . . 30
3. 2. 3 Модельдік конструкцияны тұрғызу . . . 37
4 ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ . . . 38
4. 1 Модельді өндіріске жіберуге технологиялық дайындау . . . 38
4. 1. 1Өндеу әдісі мен құрал-жабдық тандау . . . 39
4. 1. 2 Өңдеу режимін таңдау . . . 43
4. 1. 3 Түйінді өңдеу тәртібі . . . 45
4. 1. 4 Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі . . . 49
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 53
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54
КІРІСПЕ
Қазақстанның тігін өндірісінің қазіргі кездегі жағдайы
Тігін өнеркәсібі - әлемнің көптеген елдерінің бюджетін құрайтын маңызды экономика салаларының бірі болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп халық тұтынатын тауарларды өндіретін көптеген мамандырылған салалар. Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы дамыту өнеркәсіп салаларын дамытудан басталады. Олардың бірі - тігін өндірісі. Тұтынушылар нарығын тігін бұйымдары және тауарларымен толықтыруда тігін өндірісі маңызды орын алады. Тігін өнеркәсібі киім және басқа тігін бұйымдарын өндіретін тұрмыстық және техникалық қолданыстағы маталар, трикотаж жаймалары, табиғи және былғары мен елтірі, әртүрлі фурнитуралар мен әрлеуіш бұйымдар өндіретін жеңіл өнеркәсіп саласы.
Тігін саласының кәсіпорындары халық шаруашылығының өзге салалары үшін арнайы қолданыстағы бұйым шығаруын дақамтамасыз етеді. Тігін өнеркәсібін автоматтандыру қазіргі кезеңде басқарулық системаларға сай болу керек; технологиялық саланың жеке ерекшеліктеріне; тігін өнеркәсібі үшін технологиялық басқаруда; бақылаушы қондырғылар қолданудың мүмкіншіліктеріне сәйкестенуі керек. Автоматтандырудың жоғары дәрежеде дамуы; жеңіл өнеркәсіпте технологиялық қондырғылардың автоматтандыру үздіксіз дамуын қажет етуде. Тігін өнеркәсібіндегі заманауи технологиялық қондырғылардың арнайы мамандандырылған компьютермен жабдықталуда қиын да күрделі техникалық іс - әрекеттер адамның тікелей араласуынсыз автоматты басқару жүйесімен іске асыруда және бұл өнім сапасына деген қажеттілікті қанағаттандыруда өте жоғары. Тігін өндірісінің технологиялық процессінде автоматты басқарудың жүйесіне деген экономикалық талапта тұрақты түрде жоғарылауда шыққан шығынның тез өтелуін энергияның экономды түрде қолданылуын қажет етеді.
Тігін өндірісінің ең басты мақсаты - халықты бәсекеге қабілетті жоғары сапалы бұйымдармен қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолдары: өндірісті жоғары сапалы материалдармен және еңбек өнімділігі жоғары құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету. Ғылыми техникалық прогресс жетістіктерін тиімді қолдану. Өндірістің еңбек өнімділігін арттыруда механикада, кәсіпорындарда автоматтандыру тиімді жүргізіледі. Тігін өндірісінің автоматтандыру құралдарының бірі электронды есептеу машиналары жобалаудың автоматтандырылған жүйесі енгізілді. Жалпы тігін өндірісінде автоматты жобалаудың “инбестроника, гербер, графис” сияқты түрлері тігін бұйымының жобалау үдерісінде кеңінен қолданылады.
Қазіргі кeздe тігін бұйымдарының ассортимeнтін көбейтумeн көркeм безендіруде ұлттық киімдерді зeрттеу және осы сән өнeрінің бағыттарына сәйкес дамыту маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Адамның дене бітімі негізгі үш бөліктeн тұрады. Бұл үш өлшeм адамның жалпы өлшемі. Адам өлшемін дәл білу үшін бұл өлшемдер аздық етеді. Алдын ала жеке адам өлшемін ұзынынан да, енінен де артық тігістік орнымен есептeп алу қажет.
Киімді әркім өз бетінше таңдайды, таңдау барысында адам жеке талғамы мeн сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білу де өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсімен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сынкөзбен қарай алатынының белгісі болып табылады.
Тігін өндірісінде шығарылатын өнім ассортименті мен бұйым моделі сән өнері мен бағытына негізделіп қолданылатындықтан, болашақ мамандар бұйымды өндіруде жаңа материалды өңдеу технологиясын және қолданылатын әр алуан құрал - жабдықтарды меңгеруі қажет.
Тігін өнеркәсібі қазіргі кезде халық шаруашылығының индустриялық саласы болды, онда автоматтандыру және механикаландырудың соңғы құралдары, әлектрондық есептеу техникасы, сондай-ақ өнеркәсіптің басқада бірқатар салаларының жетістікткері пайдаланылады. Мұның барлығы маман тігіншілерден мол білім іскерлікпен кәсіби дағдыларды талап етеді. [1]
1 КӘСІПОРЫНМЕН ТАНЫСУ
«ENDEVOUR» компаниясы 2005 жылы құрылды. Кәсіпорынның басты мақсаттарының бірі трикотаждан және текстильден корпоротивтік және жарнамалы киімдерді әзірлеу.
Бұл компания нарыққа тез кіріп, серіктестерінің сұранысына тиімді бағада сапалы киім шығара алды. Тұтынушылар мен сатып алушылар сапасы жағынан бағалай алды. Яғни, тұтынушылардың көңілінен шыққандықтан, өндіріс 2007 жылы «CARAMEL» атты маркамен сәбилерге арналған өз тауарларын тұтына бастады. «CARAMEL» маркасының өнімдері балаларға арналды. Ең кіші бүлдіршіндерден бастап, мектеп жасындағы балаларға арнап распашенкалар, жөргектер, боди, кофталар, жемпірлер, спорттық костюмдер және трикотажды шалбарлар шығарылды.
2012 жылы IZUM тобымен бірге IRON BEAR атты тауарлы маркасымен спорттық киімнің бірінші сериясы шықты.
Қазіргі таңда «ENDEVOUR» компаниясы «ТЕНГИЗШЕВРОИЛ» нефть шығару компаниясымен, «Coca Cola», «ЮНЕСКО» Қазақстанның ұлттық құрамасы клубымен, Теле2 мобильдік байланыс, Билайн, Кинопарк, Карлсберг кинотеатрлары, Алсер техникалық магазиндеріне, НЕСТЛЕ КАЗАХСТАН өндіріс компаниясымен, Барм файер компаниясымен, Mega Media жарнама компаниялармен серіктес. Сонымен қатар Ресей Фелерациясының Ростов жіне Краснадор қалаларына экспорт жасайды.
Сурет 1. Тігін цехі бөлмесі және конструкторлық бөлме
Компанияның штат пәтерінде жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс жасайды - дизайнерлер, конструкторлар, технологтар, роскройщик, порт, тігін мамандары. Өндірісте жұмыс жасайтын мамандар саны 34. Уақытша жұмыс жасайтындар және басқа да жұмысшылар саны 18. Компания жылына 5 бұйым өндіреді.
«ENDEVOUR» компаниясы 10 жыл ішінде көптеген жетістіктерге жетті, көптеген компаниялардың сеніміне кіріп, өз тауарларының жоғары сападағы сұранысқа ие екенін көрсете білді.
Сурет 2. «ENDEVOUR» компаниясының жеткен жетістіктерінің мадақтама қабырғасы
Компания 2013-2014 жылдан бастап САПР заманауи тігін құралымен жұмыс жасайды. САПР конструкциялық жұмыстарды жасау кезінде өте тиімді әрі жылдам, жұмысқа өте ыңғайлы құрал болып табылады.
Сурет 3. САПР графис сызбаларын шығаратын принтер
Сурет 4. Тігін цехында қолданылатын тігін машиналары
2 АЛДЫН АЛА ТАЛДАУ
2. 1 Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма
Техникалық тапсырма - дайындалатын бұйымға ұсынылатын техникалық және технико - экономикалық сипаттамалар, сапа көрсеткіші және технико - экономикалық талаптарды, негізгі белгіленуін орнататын конструкторлық құжат.
Жобалау объектісі: Жас қыздарға арналған спорттық жиынтық.
1. Тапсырыс беруші: кафедра
2. Жетекші: Сабитова А. М
3. Орындаушы: МТС М. А
4. Жұмыстың орындау негізі: 2019-2020 жж оқу жылы
5. Орындау мерзімі: 21. 01. 2020 - 21. 02. 2020
6. Жұмыстың түрі: Дипломдық жоба
7. Бұйымның аталуы, тағайындалуы: Жас қыздарға арналған спорттық жиынтық
8. Жұмыс барысы: Техникалық тапсырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба, техникалық жоба
9. Жобалау процессінің сипаттамасы: спорт стилін зерттеу және талдау негізінде маусымаралық қыздар спорттық киімін құрастырылуы мен өңдеу технологиясын зерттеу.
10. Қолданылған әдебиеттер:
1. Е. Б. Коблякова, Г. С. Ивлева, В. Е. Романов «Конструирование одежды с элементами сапр» Москва 1988г
2. Б. Р. Рысқұлова «Тігін бұйымдарының технологиясы», Алматы, 2015ж.
3. Л. П. Шершинева, Л. В. Лорькина «Конструирование одежды», Москва 2006г
4. А. И. Мартынова, Е. Г. Андреева «Конструирование моделирование одежды» Москва 1999г.
2. 2 Маркетингтік талдау
Маркетинг жоспары ― бұл белгілі бір уақытта маркетинг мақсатына жету үшін әзірленген жүйелік және біртұтас бағдарламалар жиынтығы нысандандырылған құжат.
Ол - маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы. Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлау жетекші бөлімдердің қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Көп жағдайда маркетингтік зерттеуді өткізу үшін бастапқы ақпараттар қажет болады. Оларды жинақтаудың үш әдісі бар.
1. Бақылау - бұл таңдап алынған адамдар тобының әрекеттерін немесе болып жатқан жағдайларды бақылау жолымен бастапқы ақпаратты жинау әдісі. Ол далалық (дүкен, көше) және зертханалық (жасанды), стандартты немесе еркін жағдайда жүргізілуі мүмкін. Бұл әдістің артықшылығы объективтілігі жоғары, тұтынушы тілегіне тәуелді емес, тұтынушы мінез-құлқын бақылау мүмкіндігі. Кемщіліктері қабылдау субъективтілігі, көп еңбек сіңіру керектігі, тұтынушының себептері (мотивтері) және психологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат алынбайтындығы.
2. Эксперимент - мұнда бір немесе бірнеше айнымалы факторлардың өзгерісі бір немесе көптеген тәуелді айнымалыларға ықпалы анықталады. Эксперименттер далалық және зертханалық болып бөлінеді. Зертханалық басқа факторларды зерттеуге мүмкіндік береді. Далалықтар нақтылы жағдайда жүзеге асырылады және бақыланбайтын факторлардың әсері болуын теріске шығармайды. Бұл нарықтың шектелген, бірақ мұқият таңдалып алынған секторында жүргізілеттін, бақыланатын эксперимент. Оның мақсаты - бір немесе бірнеше факторлардың өзгеруі нәтижесінде болатын сату көлемі немесе пйдалы болжау. Көбінесе нарыққа жаңа немесе жаңғыртып, жетілдірілген өнімді енгізу үшін пайдаланылады.
3. Пікір сұрау - бастапқы ақпаратты алуды жүзеге асыру мақсатымен респонденттермен (пікір сұраушылармен) жеке байланыс әдісі және мәліметтерді жинаудың кең таралған түрі. Маркетингтік зерттеулердің 90%-і пікір сұрауға негізделген. Ол өнеркәсіптік кәсіпорындарда да, маркетингтік агенттіктерде де жақсы қолданылады. Пікір сұрау құрылымдық және құрылымдық емес сипатта болады. Құрылымдық сауалнамада барлық сауалдамаға қатысатындар бірдей сұраққа жауап береді. Құрылымдық емес сауалнамада сұхбат жүргізуші алынған жауаптарға байланысты сұрақтар қояды. Сұхбатты осы әдіспен мынадай түрлерде жүргізуге болады:
Стандартталу деңгейі бойынша (еркін немесе құрылымдық схема) ;
Пікір сұрау жиілігі бойынша (бір немесе бірнеше рет пікір сұрау) . Пікір сұрауды сипаттаушы зерттеулерде бақылау әдісін барлау, экспериментті, казуалді зерттеулерде қолдану тиімді. Зерттеуші ақпарат жинауға кіріспей тұрып, зерттелетін өзгермелілерді анықтау керек. Ең дұрысы, ақпарат жинау алдында анкетаға кіргізілетін айнмлы негізінде құрылған кесте макеттерінің жиынтығы дайындалуы керек. Ақпарат жинауға дейін зерттеуге қажетті айнымалы анықталуы керек. Маркетингтік зерттеулердің келесі кезеңінде маңызды мәліметтер мен нәтижелерді көбірек алу мақсатымен жиналған мәліметтер бағаланады және талданады.
Мәліметтерді талдаған кезде тиісті орта шамалар алынады, ең елеулі өзара байланыстарды анықтау үшін қисындасқан кестелер жасалынады, корреляция коэффициенттері есептеледі. Маркетингтік зерттеуледің соңғы кезеңінде негізгі қорытындылар мен есеп беру дайындалады. Ол тапсырыс берушінің талабынан шығатындай болуы керек. Есеп беру кіріспе, негізгі және қорытынды болып үш бөліктен тұрады. Алғы сөз титул парағы, мазмұны, меморандум және қысқаша аннотациядан тұрады. Меморандумда зерттеулердің сипттамасы, нәтижелері қарастырылып, әрі қарай зерттеу қажеттілігі туралы ұсыныстар жасалады. Кіріспеде зерттеудің мақсаты мен көкейтестілігі келтіріледі. Есеп берудің негізгі бөлімінде қолданылатын әдістеме және ұсыныстар сипатталады. Есеп беруде зерттеу әдістерінің қысқаша шолуы болады, ал техникалық бөлігі қосымшаларда беріледі. Жалпы есеп беру фирма және маркетинг қызметінің қызметкерлігі үшін түсінікті және осы мәселе бойынша қажет ақпаратты алуға мүмкіндік беретіндей болып жазылуы керек.
2. 3 Техникалық ұсыныс. Модель - аналогтарды талдау
Техникалық ұсыныс - бұл техникалық тапсырманы талдау, бұйымның мүмкіндігінше әртүрлі нұсқадағы шешімдері, дайындалатын бұйыммен қатар қолданыстағы бұйымдардың да конструктивті және қолдану ерекшелігін ескере отырып, олардың шешімдерін салыстырмалы түрде бағалау арқылы, бұйымның құжаттамасын жобалау мен техникалық негізделуі кіретін құжаттардың жиынтығы.
Техникалық ұсыныстың негізгі этаптары мыналар:
- отандық және шетелдік бұйымдардың белгіленуі бойынша жақын немесе ұқсас үлгілері;
- МА эксплуатациялық көрсеткіштері мен конструктивті ерекшеліктерін бағалау.
Модель - аналогтарды талдау, бұйымның технологиялық және конструктивті ерекшеліктерін табу мақсатында, бұйымның дайын үлгілері бойынша жүргізіледі. Кемі үш модель талданады. Базалық модель жүргізілген талдау негізінде жобаланады.
Менің таңдаған бұйымым тұтынушылар талабына сай, нарықтық экономикалық басекелестікке қабілетті, техника - экономикалық көрсеткіштерге жауап береді. Өндірілген киім тұтынушылардың талабына сай сапалы, әрі сән бағытына сәйкес болғанда ғана толығымен қанағаттандырылады. Техникалық ұсыныс тапсырманың негізінде жасалынады.
2. 3. 1 Сән бағыты
Сән - киім кию мәдениеті, өмірдің әр түрлі сферасында жеке талғамның уақытша үстемдік етуі. Адам қоғамының дамуына, жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады. Қазіргі сәнді демократияшыл деуге де болады, себебі қазіргі таңдау идеясы мен еркіндіктің көптігімен, яғни әртүрлі стильдерімен, пішіндерімен, үлгілерімен, көлемдерімен, киім ұзындығымен, алуан түсті гаммалығымен ерекшеленеді. Сән дамыту, сән ұстануға сияқты ұстанымға тоқтап қалу мүмкін емес. Олар өзгереді, оның түпнұсқалығы мен талғамына әрқашан өзгеріп таң қалдырып отырады.
Сән қоғамдағы барлық (материалды және рухани құндылығы бар) мәдени көрністерге қатысты, мысалы, өнер, әдебиеттер, медицина, әлеуметтер. Бүгінгі перспективті сән бағыты көптеген стильдерге орын береді, оның ішінде классикамен қатар дәстүр мен сәнділік, минимализм, жоғары технология мен этникалық мотивтер және көптеген бағыттар кіреді. Киімнің басты критерияларына функционалдық, ыңғайлылыұ қасиеттері кіреді. Сән жаңа мыңжылдықтың алғашқы бағытының бірі болып интеграциялық элементтері қамтылады.
Қазіргі таңда сән бағыты адамның сәнді киімдерді тиімді сыртқы түрі ретінде емес, киім-кешекті бір тұтас етіп біріктіру ретінде қабылдауға бағытталған. Басқаша айтқанда, сәнді киім безендірілмейді, тек адамның қазіргі қадір-қасиетін көрсетеді. Сонымен қатар киімді жобалауда, костюмді композициялауда түс үлкен рөл атқарады. Түсті дұрыс қолдану киім моделін жасауда көп көмегін тигізеді. Қазіргі заман жеткіншектерінің киім үлгілері спорттық, фольклорлық еркін стильде болуымен сипатталады.
Спорттық стиль - демалыста, спортпен айналысқанда, саяхатқа шыққанда киюге ыңғайлы киімдер. Жалпы спорттық стильдегі киімдерде адам өзін еркін және ыңғайлы сезінеді. Спорттық киімнің қазіргі заманғы спорттық стилі спорттың өзінен аз болды. Спорттық киім іскер әйелдер, бизнесмендер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер мен оқушылардың киім-кешектерінің маңызды сипаты болып табылады. Оның басты ерекшелігі - жайлылық пен ыңғайлылық. [2]
Қазіргі таңда сән бағытына әрбір мезгіл сайын жаңа ұғымдар, жаңа бағыт алып келіп таң қалдыруда.
Сурет 5. Адидас 2019 шығарылымы
Спорттық аяқ киімдер сән әлемінен бір елі ажыраған емес. Бұрындары тек спорттық киімдермен ғана киетін аяқ киім қазір костюмдермен де үйлесім таба алатын болды. Ғасыр талабы ма, әлде сәннің өзгеруі ме, спорттық аяқ киімдердің түр-түрі «шығып» жатыр.
Сурет 6. Спорттық аяқ киімдер
Спорттық киім сән үрдістерінің әсерімен ғана емес, адамның қажеттіліктеріне сәйкес өзгерді. Кез-келген уақытта спорттық киім-кешекке қойылатын негізгі талаптар ыңғайлы болды. Бұл заттар физикалық белсенділік пен ойын-сауық үшін ыңғайсыз болмауы керек.
Спорттық стильде джинс киімдері ерекше орын алады. Содан бері, осы материал ойлап тапқан кезде, джинс спорттық стиль тарихында беделді орынды иеленеді. Денимнің кез келген нәрсесі киімнің бұл түрі үшін керемет. Спорттық джинси юбки, бриджи, көйлек және шляпалар әртүрлі жастағы және мамандықтағы адамдармен бірге қолданылады.
Сурет 7. Спорттық сән үлгілері
Спорттық көйлектер тағы бір тренд-спорттық стильдегі көйлектер, негізінен қысқа немесе ультракүлгін ұзындық. Барлық модельдерде спорттық символика бар. Бұл кесте, спорттық жолдар немесе аппликациялар болуы мүмкін, ол көйлек жасалған негізгі материалдың түсі бар контраст. Оларды күнделікті киюге немесе фитнес жүруге болады. Мұндай көйлектер қимылдарды бұрмайды, жеңіл, өте ыңғайлы, практикалық, сондай-ақ әйелдер фигурасының барлық артықшылықтарын көрсетеді және барлық кемшіліктерді жасырады. Оларды мақтадан, жұқа трикотаждан немесе co стрейчпен маталардан дайындайды. Және спорт көйлектерінің үлгісі әртүрлі. Бұл көйлектер-балахондар, және жеңілдететін көйлектер-майкалар, капюшоны бар көйлектер.
Спорттық стиль бүгінде әрбір адамның гардеробынан табылады. Себебі бұл стиль киімдері ыңғайлы ғана емес, сәнді де. Сондықтан оған көңіл бөліп, трендтегі киімдермен жаңалап отырғаныңыз абзал. Спорттық стильдің негізін олимпийка, трико, кроссовкі не кеды құрайды, аталған стиль әр маусым сайын әртүрлі киіммен толықтырылып тұрады.
Сурет 8. Спорттық трикотажды көйлек
Спорттық киім сән үрдістерінің әсерімен ғана емес, адамның қажеттіліктеріне сәйкес өзгерді. Кез-келген уақытта спорттық киім-кешекке қойылатын негізгі талаптар ыңғайлы болды. Бұл заттар физикалық белсенділік пен ойын-сауық үшін ыңғайсыз болмауы керек.
Спорттық бралар мен майкалар кез келген маусымда өз орынын ала білген. Олар әрдайым спорттық қолданыста танымал. Фигураны көрсететін, яғни қынамалы болып келеді. Оларды спорттық шортылармен және шалбармен оңай үйлестіруге болады, түрлі формалар мен түстермен үйлестіруге де болады.
Қазіргі таңда сән бағытына әрбір мезгіл сайын жаңа ұғымдар, жаңа бағыт алып келіп таң қалдыруда. Соған байланысты алдағы жылдарда сәнге кіретін трендтерді қарастырайық.
Бүгінгі күні спорттық киімдер ортаға үлкен әсер қалдыруда. Себебі, қазір спорттық киіммен кез-келген жерге қыдырып шығуға болады.
Сурет 9. Спорттық бра және майка
Спорттық шалбар мен шалбардың леггинстері де түрлері өте көп:денеге қыналған немесе кең пішімді, лампастармен немесе тіліктермен өңделген бірнеше түрлері кездеседі
Сурет 10. Спорттық шалбар мен леггинсылар
Қазіргі таңда леггинстер бұрынғыдай үлкен сұранысқа ие. Леггинстардың бірнеше модельдерін қарастырсақ болады - тізеден төмен, жоғары және ұзын, түрлі - түсті принттермен, ойықтар, сондай-ақ-ажурлы. Қазір біздің күнделікті спорттық стильдің болмауын елестету қиын, өйткені спорт-қозғалыс, ал қозғалыс - бұл өмір. Шалбарды тігу үшін матаның нұсқасы әртүрлі болып келеді. Яғни эластин маталардан, трикотаж және плащевкалар, сондай-ақ стрейч және лайкра материалдарынан тігуге болады.
Спорттық стильдің кіші түрлері
Спорт-шик бағыты 2004 жылдан бері байқала бастады. Подиумдарда пайда болғаннан кейін жастар арасында тез таралды: лампастары бар шалбарлар және трикотаж топтарында көпшілікте пайда болды. [3]
Сурет 11. Спорт-глэм стильі
Стильдің басты ерекшелігі-гламур мен спорттың үйлесімі. Гардероб көбінесе кешкі және түнгі клубтарға арналған. Спорт-шик стиліндегі киім тік, трапеция тәрізді, жартылай қынап және жапсарлас пішім типтерімен; тұтас пішілген, реглан немесе көйлек жеңдерімен; заттарда қалталар, найзағай ілгектері, сәндік жіптері бар. Спорт глэма үшін трикотаж, лак, синтетикалық және аралас материалдар, атап айтқанда табиғи лайкра қосылған маталар тән. Стиль түсі көбінесе жарқын. Негізгі қара, сұр, қызғылт және металлик болып саналады. Сондай-ақ, спорт-тігіске комбинирленген заттар тән: комбинезон, көйлек-пальто, көйлек-кеудеше, көйлек-көйлек, блузон және т. б.
Спорт-casual
Спорт-кэжуал XXI ғасырда пайда болды, бірақ оның прототипі көбіне преппи стилін санауға болады. Sport-casual басты ерекшелігі спорттық стиль элементтерінің джинстермен үйлесуі болып табылады. Тікелей модельдер қолайлы, мүмкін, аздап жоғалады. Спорттық стильде киімнің көптеген бөлшектері бар: үрленген кеудешелер, пуловерлер, свитерлер, сүңгуірлер, футболкалар-поло, еркін шалбар және т. б., сондай-ақ тегіс табанды ыңғайлы аяқ киім.
Сурет 12. Спорт-casual стильі
Сән шыңында бірінші маусым бос пішін заттары қалады. Қазір оверсайз өзекті болып отыр. Мұның бәрі әйелдер киімдерінің киімінен унисекс стиліне көшуіңде көрінеді. Сонымен қатар, оверсайз жайлылықты білдіреді және күнделікті өмір үшін ең жақсы қолайлы киім үлгісі болып табылады.
Сурет 13. Оверасайз футболка
Сәнде стильдерді араластыруға мысалы, кроссовкаларды әдемі жазғы көйлектермен біріктіруге болады.
Басқа үрдіс - жүгірудің танымал болуы, соның арқасында күнделікті стильде сәнді жүгіру элементтерін жиі кездестіруге болады: шабуылшылар, телефондарға арналған кейстер, көйлектермен немесе ұзын шорттармен ұштасқан жүгіру легинстері, Lifestyle-ретробегілі силуэттері бар кроссовкалар немесе тіпті жай жүгіру кроссовкалары. Орынды болу маңызды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz