Арамшөптердің зиянды шегі


Мaзмұны
1 ӘДEБИEТКE ШOЛУ
- Арамшөптердің класификациясы
- Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
- Арамшөптердің зиянды шегі
1. 4 Арамшөптермен күресу шаралары
2. 1 Зерттеу нысаны
2. 2 Аймақтың топырақ -климаттық жағдайы
2. 3 Зерттеу жүргізудің бағдарламасы мен әдістемелері
2. 4 Арамшөптерді А. И. Мальцев тәсілі бойынша көзбен есептеу әдісі
2. 4 Бидай дақылының арамшөптеріне қарсы пайдаланылатын препараттардың тізімі және сипаттамалары
3 Зерттеу нәтижелері
3. 1 Бидай егістіктігінде арамшөптердің таралуы мен түр құрамы
3. 2 Бидай егістіктігі арамшөптерінің таралуының алдын алу және күресу шаралары
3. 2. 1Агротехникалық шаралары
3. 2. 2 Химиялық күресу шаралары
3. 2. 2. 1 Пайдаланылған химиялық препараттарға сипаттама
3. 3 Арамшөптерге қарсы қолданылған химиялық препараттардың биологиялық, шаруашылық және экономикалық тиімділігі.
3. 4 Бидай егістігіндегі арамшөптермен күресу жүйесі.
4 Экологиялық бөлім
5 Еңбекті қорғау
6 Қоршаған ортаны қорғау
7 Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Нopмaтивтік сілтeмeлep
Oсы диплoмдық жұмыстa кeлeсі стaндapт сілтeмeлep қoлдaнылды:
ГOСТ 210507 - 81 Зaщитapaстeний. Тepмины и oпpeдeлeния.
ГOСТ 7. 1 Списoк литepaтуpы. Пpaвилaoфopмлeния.
ГOСТ 12096-76 Сaфлop для пepepaбoтки. Тexничeскиe услoвияТepминдep мен aнықтaмaлap
Осы дипломдық жұмысқа «Өсімдік қорғау туралы 2002 ж. 3 шілдедегі № 331-2 Қазақстан Республикасының заңы» және «Пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін біріктіру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29 мамырдағы № 515 қаулысына» сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылды.
Нaғыз диплoмдық жұмыстa бap кeлeсі тepминдep қoлдaнылды:
Биoпpeпapaттap - aуыл шapуaшылығындa, мeдицинaдa жәнe вeтepинapиядa кeңінeн қoлдaнылaтын құpaмындa тіpі микpoбтapы бap нeмeсe сoл opгaнизмдepдің туындысы бoлып eсeптeлeтін apнaулы зaттap.
Биoлoгиялық тиімділік - зиянды aғзaлapдың (жәндіктep, кeміpгіштep, aуpулap, apaмшөптep жәнe т. б. ) бaстaпқы сaндылығынaн пaйызбeн көpсeтілгeн жәнe өсімдік қopғaу шapaлapын қoлдaну нәтижeсіндeгі oлapдың қыpылуы.
Зиян тигiзудiң экoнoмикaлық шeгi - зиянды жәнeepeкшe қaуiптi зиянды opгaнизмдepдiң өсiмдiк шapуaшылығы өнiмiнiң ысыpaбын туғызaтын, фитoсaнитapиялық iс-шapaлapды жүpгiзудi қaжeт eтeтiн сaны.
Зиянды opгaнизмдep - тoпыpaққa, өсімдіккe жәнeaуыл шapуaшылығы өнімінe кepі әсepeтeтін зиянкeстep, apaмшөптep жәнe өсімдік aуpулapы.
Өсiмдiктepдi қopғaу - өсiмдiк шapуaшылығы өнiмiнiң зиянды жәнeepeкшe қaуiптi зиянды opгaнизмдepдeн ысыpaбын бoлғызбaу мaқсaтымeн фитoсaнитapиялық мoнитopинг әдiстepiн, фитoсaнитapиялық iс-шapaлapды әзipлeугe жәнe пpaктикaдa қoлдaнуғa бaғыттaлғaн қызмeт сaлaсы
Пeстицидтep (улы xимикaттap) - зиянды жәнeepeкшe қaуiптi зиянды opгaнизмдepгe қapсы, сoндaй-aқ eгiндi жинaу aлдындa құpғaтып aлу, жaпыpaқтapды түсipу жәнe өсiмдiктepдiң өсуiн peттeу үшiн пaйдaлaнылaтын xимиялық, биoлoгиялық жәнe бaсқa дa зaттap
Фитoсaнитapиялық iс-шapaлap - зиянды жәнeepeкшe қaуiптi зиянды opгaнизмдepдiң сaны мeн зиян тигiзуiн aзaйтуды қaмтaмaсыз eтeтiн шapaлap кeшeнi.
Фитoсaнитapиялық бoлжaм - фитoсaнитapиялық iс-шapaлapды жүpгiзудiң мepзiмдepi мeн көлeмдepiн жoспapлaу мaқсaтындa зиянды жәнeepeкшe қaуiптi зиянды opгaнизмдepдiң ықтимaл тapaлуы мeн дaмуы дәpeжeсiн aлдын aлaaйқындaу
Фитoсaнитapиялық мoнитopинг - зиянды жәнeepeкшe қaуiптi зиянды opгaнизмдepдi зepттeудi, бaйқaуды, oлapдың дaмуы мeн тapaлуын eсeпкeaлуды, сoндaй-aқ oсылapдың нeгiзiндe фитoсaнитapиялық бoлжaм әзipлeудi қaмтитын iс-шapaлap жүйeсi
Шapуaшылық тиімділік - пeстицидтepді қoлдaну нәтижeсіндeaлынaтын қoсымшa өнім (ц/гa) .
Бeлгілeулep мeн қысқapтулap
Oсы диплoмдық жұмыстa кeлeсі бeлгілeулep мeн қысқapтулapқoлдaнылды:
г - гpaмм
г/л - гpaмм/литp
г/м 2 - гpaмм/шapшы мeтp
г/м 3 - гpaмм/тeкшe мeтp
гa - гeктap
ҒЗИ - ғылыми зepттeу институты
ЖШС - Жaуaпкepшілігі шeктeулі сepіктeстік
кг - килoгpaмм
л - литp
л/гa - литp/гeктapынa
м - мeтp
м 2 - шapшы мeтp
мг - миллигpaмм
мг/л - миллигpaмм/литp
мл - милилитp
млн - миллиoн
мм - миллимeтp
с. e - сулы epітінді
см - сaнтимeтp
т - тoннa
т/гa - тoннa/гeктapынa
ц/гa - цeнтнap/ гeктapынa
шт - штaмм
Кіріспе
Қазақстан Республикасы - негізінен аграрлық мемлекет, сондықтан оның ауыл шаруашылығының ең басты және маңызды саласы - аграрлық сектор. Бүкіл ауылшаруашылығы өндірісінің негізі жасыл өсімдіктерді өсіру екендігі белгілі. Тек қана олар фотазинтез үрдісінде астық, түйнек, жеміс, пішен және басқа түрінде өнім қалыптастырады. Өсімдіктердің мұндай маңызды қызметінсіз бөлініп шығатын оттегінсіз (О2) осы үрдістің нәтижесінде біздің ғаламшарымызда әдеттегі қалпында ешқандай тіршіліктің болуы мүмкін емес. Еліміздің ауыл шаруашылығының алдына қойылған басты міндеттердін бірі - халықтың өскелең талабын азық-түлікпен және өнеркәсіпті ауыл шаруашылығы шикізатымен барынша толық қамтамасыз ету. Бұл бағыттағы үлкен кедергінің бірі болып саналатын арамшөптермен күресетін маңызы зор. Себебі танаптардың арамшөптермен ластануы мен алынатын өнім арасында тығыз кері байланысы бар. Арамшөптер жеке жұмыс істейтін адамдардың бірінші жауы. Олар мәдени өсімдік арасында өсіп, олардың қоректік заттарын, ылғалын алып отырып, өнімділігін азайтады. Орта есеппен өнім азайуы 10-30 пайызға дейін болады. Кейде мәдени өсімдіктерді толық құртады [1] .
Ауыл шаруашылығының, оның негізгі саласы егін шаруашылығының басты міндеті - халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, мал шаруашылығына қажетті азықпен, өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз ету, мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігін және экономикалық тәуелсіздігін күшейту үшін керекті дәрежедегі стратегиялық қор жасау, шет елдерге шығарып сатылатын ауыл шаруашылық өнімдерін тұрақты түрде көбейтіп, керісінше, шеттен келетін өнімдерді азайту. Егіншілік даму деңгейінің басты көрсеткіші танап тазалығы болып есептеледі. Егістіктің арамшөптермен ластануы ауыл шаруашылық дақылдардың өнімінің көтерілуін тежеп, оның сапасын төмендетіп, егіншілікті интенсивтендіруді тежеулі негізгі фактор болып есептеледі. Жер шарында егістікте 59 тұқымдастан тұратын 209 түрлі өте қауіпті арамшөптер кездеседі. Олардың 57% біржылдықтар, 43% көпжылдықтар, оның ішінде өте қауіптісі 80 түр болып есептеледі. ТМД елдерінде жалпы саны 1800 түрлі өсімдіктер өседі, 1500 түр арамшөп, оның ішінде 70 түр қауіпті, 25 түр өте қауіпті деп есептеледі. Арамшөптер мәдени дақылдармен бәсекелесе өсе отырып оларға қарағанда суды, қоректік заттарды әлдеқайда бірнеше есе көп пайдаланылады, әрі көптеген ауру қоздырғыштар мен зиянкестердің таралуына ықпал етеді. Сонымен қатар арамшөптермен ластанған егістікті күтіп-баптауға, жинауға таза егістіктермен салыстырғанда әлде қайда шығын көп кетеді. Көптеген зерттеу нәтижелеріне сүйенсек қатты ластанған танаптарда дақылдардың өнімділігінің төмендеуі: қарабидайда - 66%, бұршақта - 20%, жүгеріде - 50-89%. Сондықтанда арамшөптермен күрес егіншіліктің алдына қойған басты мақсаттарының бірі болып есептеледі [2] .
Қазіргі кезде ауылшаруашылық дақылдарын өсіру технологиясының құрамына өсімдік қорғау енеді. Ол жеке зиянды түрді ғана жойып қоймай егістіктің фитосанитарлық жағдайының жалпы оңтайландырылуына жағдай жасайды. Сонымен қатар ауылшаруашылық өсімдіктеріне әсер ететін зияңды және пайдалы түрлер туралы обьективті мәлімет алу бағытын іске асырудың тәсілін табуды және химиялық қорғаудың экологиялық және эканомикалық шаралар тиімділігіне аса назар аударады. Өсімдік қорғау шараларының тиімділігі егістікте белгілі бір эканомикалық жағдайға байланысты, дақыл өсірудің агротехникасы дер кезінде жүргізілетін фитосанитарлық жағдай, өсімдік қорғауға қажетті құрал жабдықтарға байланысты. Жоспарлы дән өнімін алу үшін климат факторлары және жерді пайдалану жағдайы, дақыл түрі, сұрыпты әрбір танаптың ерекшелігін ескере отырып ғылыми ұсыныстарды қолдау керек. Қазіргі кезде арамшөптермен күресетін агротехниқалық, химиялық, биологиялық және тағы басқа жолдары бар. Арамшөптермен күресте гербецидтер, жанаржағармай, техника жұмсалады. Күресті алдын алу, тазалау секілді шаралар кешенді түрде қолға алынуда. Арамшөптер -адам өз қолымен өсірмейтін, бірақ ауылшаруашылығы алқаптарында өсіп, ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін кемітіп және сапасын нашарлататын өсімдіктерді атайды. Мәдени өсімдіктерге қарағанда арамшөптер тез дамып, ылғалды және қоректік заттарды тез жұмсайды [3, 4-8] .
Диплoмдық жұмыcтың мaқcaты: «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығы бойынша өндірісте әр түрлі міндеттерді атқара жүріп жұмысты ұйымдастыру және жұмыс орнында (өндірістік жағдайда) өз бетімен шешім қабылдауды үйрену, кәсіби шеберлік пен дағдыларды қалыптастыру. Өндірісте мамандық бойынша маңызды мәселелермен, технологиялық операциялармен, нысандармен танысу және мониторингтік жұмыстар мен ғылыми-зерттеу әдістерін меңгеру. Технологиялық операциялар - ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру тәсілдері, оның ішінде егістік көлемдерінің құрылымына сәйкес алдын алу және жоюға арналған қорғау шаралары, сонымен қатар зиянды арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерімен толықтай танысып, олармен күресу жолдарын іс жүзінде жүргізу.
Дипломдық жұмыстың міндеттеріне кіреді:
1. Карантинді арамшөптердің түрлері, биологиялық сипаттамасы.
2. Карантинді арамшөптерге қарсы қолданылатын шаралар.
3. Арамшөптердің даму кезеңдеріне байланысты қолданылатын шаралар.
4. Химиялық препараттардың биологиялық тиімділігін анықтау.
5. Егістікті арамшөптерден қорғау шараларын ұйымдастыруда қоршаған ортаны қорғау мен еңбек қорғау жағдайларын қарастыру.
ӘДEБИEТКE ШOЛУ
- Арамшөптердің класификациясы
Арамшөп - егін арасында өсетін дала өсімдіктері. Табиғи шабындықтар мен жайылым шөбінің сапасын кемітетін, улы және азықтық қасиеті жоқ өсімдіктер де арамшөп қатарына да жатады. Бір дақылдың арасында 2-і бір дақыл, мысалы, бидай егісінде арпа өсіп тұрса, мұны да зиянды өсімдік деп есептейді. Арамшөп егіске зор зиянын тигізеді - ылғалға, қоректік затқа ортақ болады. Егіннің түсімін, өнімнің сапасын кемітеді, егіске зиянды жәндіктер мен ауру таратады.
Біздің республикамызда кездесетін арамшөптер - қарасұлы, итқонақ, алабота, шырмауық, кекіре, қызғылт-сары қалуен, т. б. Бұрынғы ТМД елдерінде арамшөптің 1500 түрі кездеседі. Егіс танабының арамшөптерден тазалығы егіншілік мәдениетінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып саналады.
Қазақстанда 300-ге жуық арамшөптер кездеседі. Бұлардың ішінде 120 түрлі паразиттік арамшөптер, оның ішінде 36 түрлі арамқытай бұршағыуды, 80 түрлі сұңғыланы кездестіруге болады. Мұнымен қатар 220 түрлі жартылай паразиттік арамшөптер өседі. Арамшөптер осындай көп болғандықтан, оларды жіктеу қажет.
Жіктеуге негізінен:
1. Өсімдіктердің қоректену әдісі;
2. Өмір сүру ұзақтығы;
3. Көбею тәсілі сияқты белгілер алынған.
Қоректену жағынан алғанда барлық арамшөптер:
- Паразиттік арамшөптер;
- Жартылай паразиттік арамшөптер;
- Паразиттік емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді [9] .
Паразиттік арамшөптер
Сабақ паразиттері Жөргемшөп немесе егістік арамсояу (орысша - повелика полевая, латынша - сuscuta arvense), беде арамсояу (орысша - повелика клеверная, латынша - сuscuta trifolii), зығыр арамсояы (орысша - повелика льняная, латынша - сuscuta epilinum Weihe) - арамсоялар тұқымдасына жатады. Тамыр паразиттік арамшөптер Күнбағыс сұңғыласы (орысша - зарахиха подсолнечниковая, латынша - оrobanche сumana) бұтақты сүнғыла (орысша - зарахиха ветвистая, латынша - оrobanche ramosa) - сұңғыла тұқымдасына жататын біржылдық карантинді арамшөп. Паразиттік арамшөптердің қысқаша сипаттамасы Паразит арамшөптерге бөтен «қожайын» өсімдіктер арқылы қоректенетін өсімдіктер жатады. өздерінде жасыл жапырақпен тамыр жүйесінің болмауына байланысты мұндай өсімдіктер өздігінен қоректене алмайды (кесте 1) .
Кесте 1 - Қазіргі кезде арамшөптерді былай классификациялайды
Толық паразиттік
1 Тамыр
- Сабақ
Жартылай паразиттік
1 Тамырлылар
2 Сабақтылар
1 Эфемерлер (раң тәрізді)
2 Жаздықтар:
а) ерте шығатындар (пісетін)
б) кеш шығатындар (пісетін)
3 Қыстап шығатындар 4 Күздіктер
5 Екі жылдықтар
Көбінесе тұқымымен аздап (нашар) вегетативтік жолмен көбейетіндер
1 Шашақ тамырлар
- Кіндік тамырлар Негізінен вегетативтік жолмен көбейетіндер, тұқымымен нашар көбейеді.
- Пиязшылықтар мен түйнек тамырлар
- Жатаған өрмелеушілер
- Тамырсабақтылар
- Атпатамырлылар
- Баданалылар Көген
Кең таралған паразиттік арамсояу мен сұңғыланың арасындағы басты айырмашылық - олардың қоректену тәсілінде. Жартылай паразиттік арамшөптерге тамыр жүйесі және жасыл жапырақтары бар өз бетінше қоректене алатын арамшөптер жатады.
Арамсояу. Сабағы жіңішке, бұтақталған, жапырақсыз, тез өседі (1 - сурет) . Тұқымы сопақша-дөңгелек, әртүрлі ірілікте, өте көп, қабығы бұдыр. Тұқымы өсуін топырақта 5 жылға дейін сақтайды. Арамсояудың көптеген түрі белгілі. Көбінесе бедені, жоңышқаны, картоп, қант қызылшасы, зығырды, қауынды ластайды.
![]()
![]()
a - беде арамсояу б - зығыр арамсояу
1 - сурет. Сабақ паразиттік өсімдіктер
Күрес шаралары. Тұқымды сапалы түрде тазалау, ауыспалы егісте дақылдарды кезектестіру, егістің арамсояуымен ластанған бөлігін өртеу. Терең аудара жырту. Сұңғыламен ластанбайтын, оларға қарсы тұру қабілеті күшті сорттарды өсіру. Тиімді гербицидтерді қолдану.
ЖАРТЫЛАЙ ПАРАЗИТТІК АРАМШӨПТЕР
Үлкен немесе көктемгі сылдырмақ. (орысша - погремок весенний, латынша - rhinanthus vernalis) . Тамырлы жартылай паразиттік арамшөп (3 - сурет) . Сабағында бурыл-сиякөк түсті белгілері бар, биіктігі 15-40 см. Гүлдері ірі, масақта жиналған сабақ, тамырында «қожайын» өсімдікке жабысатын гаусторийлары бар. Тұқымы шартәрізді қара-сұр, ұзындығы 5 мм, еңі - 3 мм, 1000 дәннің массасы 2 г. Мамыр-шілде айлары аралығында гүлдейді. Бір өсімдік 350-700 тұқым береді. Тұқымның тіршілік сақтау қаблеті 2-3 жыл. Көгіні 1, 5 ай ішінде қожайын өсімдік таппаса тіршілік қаблетін жоғалтады. Егістікте әртүрлі дақылдарды ластайды, көбінесе күздік астық тұқымдастармен көпжылдық шөптерді және жайлымдарда кездеседі [2] .
ПАРАЗИТТІК ЕМЕС АРАМШӨПТЕР
Ең көп тараған паразиттік емес арамшөптер. Олар органикалық заттарды өздері дайындайды және сумен онда еріген минералдық заттарды жақсы жетілген тамырлары арқылы топырақтан алып бойына сіңіреді.
Паразиттік емес арамшөптер вегетациясының ұзақтығына қарай:
1. Азжылдық арамшөптер;
2. Көпжылдық арамшөптер болып екі топқа бөлінеді.
Азжылдық арамшөптер дегеніміз - екі жылдан артық өмір сүрмейтін, соның ішінде бір-ақ рет өнім беретін өсімдіктер. Олар тұқым арқылы көбейеді.
Азжылдық арамшөптер вегетациялық мезгіліне байланысты:
- эфемерлер;
- жаздық арамшөптер;
- қыстап қалатын арамшөптер;
- күздік арамшөптер;
- екі жылдық арамшөптер болып бес топқа бөлінеді
Эфемерлер өмірінің ұзақтығы бір жарым екі айдан аспайды. Жылдың жылы кезеңінде олар бірнеше ұрпақ бере алады. Ең көп таралған эфемер - жұлдызшөп ( Stellarіa L ) . Ол көкөніс, астық дақылдары мен көпжылдық шөптерді ластайды. Ылғал жерлерді жақсы көреді. Бір өсімдіктің өзі 25 мыңға дейін тұқым береді. Тұқымның өнгіштік қасиеті он және одан да көп жылдарға дейін сақталады. Бұл арамшөптің сабағының бөліктерінің өзі тамырланса, жаңа өсімдік өркендейді. Қазақстанда жұлдыз шөпттің 20 түрі өседі. Көп тарағандары орташа жұлдызшөп ( Stellarіa medіa (L) Vіll ), астық жұлдыз шөбі ( S. gramіnea L ) және орман жұлдыз шөбі ( S. holostea L ) .
Жаздықтар, ерте жаздықтар вегетатциялық кезеңінде бір ұрпақ береді. Тұқымы ерте көктемде өніп шығады, ерте дәнді дақылдарды оруға дейін немесе олармен бірге тұқым береді. Бұл топқа кәдімгі қара сұлы ( Avena fatua L ), жабайы шалқан ( Raphanus raphanіstrum L ), ақ алабұта ( Chenopodіum album L ), тырнашөп ( Galeopsіs specіosa Mіll ), дәрілік аран ( Fumarіa offіcіnalіs L ), қызыл таспа таран ( Polugonum avіculare L), кәдімгі егістік майда шөп ( Spergula arvensіs L ), тағы басқалары жатады.
Кеш жаздықтар. Олардың тұқымдары топырақ қабаты жеткілікті қызған кездері өнеді. Кеш жаздық арамшөптер астықтарды орып болған кездері өнім береді. Олардың өте қауіптілеріне қызыл құйрық ( Amaranthus retroflexus L ), күрмек ( Echіnochloa crus-gallі L Rokcmet Schuіt ) және басқалары жатады. Ерте және кеш жаздықтармен негізгі күресу тәсілдері - агротехникалық және химиялық.
Қыстайтындар. Бұл топ арамшөптері қыстап шығуға қабілетті. Кей біреулері гүлдеу фазасында қардың астында қалып, көктемде гүлдеуін қайта жалғастырады да жеміс береді. Егер көгі көктемде пайда болса, онда олар сол жылы пісіп жетіледі. Олардың жиі кездесетін түрі жұмыршақ ( Capsella bursa-pastorіs L Med ), иіссіз түймедақ ( Trіpleurospermum іnodorum L Sch. Bіp ) және тағы басқалары. Қыстайтын арамшөптермен күресудің тиімді шаралары уақытылы аңызды таяз сыдыртып барып, шолақ түрені бар соқамен жырту, күздік, жаздық және ортамалы дақылдарды көктемде тырмалау және арамшөптермен күресуге химиялық заттарды пайдалану.
Күздіктер. Бұл арамшөптер қыстамайынша жеміс бермейді. Ерте көктемде өніп шықса да, сол жылы жер таған жапырақтанады және түптейді, ал келесі жылы гүлдеп жеміс береді. Күздік арамшөптерге арпабас түрлері егістік арпа басы ( Bromus arvensіs L ), сіпсебас ( Aperaspіce ventі L Beauv ) жатады.
Күздік арамшөптермен күресуге тұқым тазалау, тырмалау, күздік дақылдарды көктемде үстеп қоректендіру және ылғалдың молдығымен күресуге агротехникалық тәсілдерді қолдануға жатады.
Аз жылдық арамшөптер
Негізінен тұқымымен көбейетін, өмір сүру ұзақтығы 2 жылдан аспайтын, тұқымы піскеннен кейін тіршілігін жоятын өсімдіктер жатады. Биологиялық ерекшеліктері мен өмір сүру ұзақтығына байланысты азжылдық шөптерді эфемерлер, жаздық ерте шығатындар, жаздық кеш шығатындар, қыстап шығатындар, күздік және екі жылдықтар деп бірнеше топқа бөледі. Азжылдық арамшөптердің бір түрін төмендегі 2 суретте көрсетілген.
... жалғасы2 - сурет. Азжылдық арамшөп
Екі жылдықтар. Бұлардың өсіп жетілуі мен жеміс беруіне толық екі вегетациялық кезең қажет. Екі жылдық арамшөптерден жиі кездесетіндері ақ және түйежоңышқа, қара меңдуана және тағы басқалары. Екіжылдық арамшөптермен күресу үшін егістік танаптарын сүдігерге өңдеуде қайырмалы сыдыра жыртқыштармен немесе шолақ түренді соқамен олардың тамырларын қию, ал шалғындық және басқада өңделмейтін жерлерде шөптерді тұқым салмай тұрып орып тастау.
Көпжылдық арамшөптер дегеніміз - бірнеше жыл өсіп, соның ішінде бірнеше рет дән түйіп, ұрпақ беретін өсімдіктер. Олар тұқымнан вегатативттік мүшелері арқылы да көбейеді. Көпжылдық арамшөптерді тамыр жүйесіне қарай мына топтарға бөлуге болады.
Кіндіктамырлы арамшөптер тұқымынан және аздап вегетативттік жолмен көбейеді. Бұлар бау-бақшада, егістіктерде, парктерде және басқа жерлерде кеңінен тараған. Арамшөптердің бұл тобына кәдімгі жусан, дәрілік бақбақ, кәдімгі цикорий, күміс қазтабан және басқалар жатады.
Шашақ тамырлы арамшөптер. Олардың тамыр жүйесі шашақ таралған жіп тәрізді әрі күшті дамыған. Көбінесе, тұқымнан өседі. Бұлар жол жиектерінде, шалғындықтар, шабындықтар, жыраларда жиі кездеседі. Бұл топқа үлкен бақа жапырақ, күйдіргі сарғалдақ, алисма сияқты басқа да өсімдіктер кіреді.
![]()
3 - сурет. Шашақ тамырлы арамшөп
Бадана және түйнек тамырлы арамшөптер. Бұлар негізінен вегетативттік мүшелері арқылы көбейеді. Бадана тамырлы арамшөптер баданалары арқылы, ал түйнек тамырлары жер астындағы жуан сабақтарының көмегімен көбейеді. Бұл топтағы арам шөптер астық және отамалы дақылдарда, көпжылдық шөптер ішінде кездеседі. Оған жататындар ішінен примортүйнек өлеңін, батпақ қайызғақ шөбін, жұмыр сәлем шөбін, түйнекті чина және басқаларды атап айтуға болады.
Өрмелегіш тамырлы арамшөптер. Бұл топтың арамшөптері тамыр өркендерінен көбейеді. Негізінен, осы арамшөптер астық және техникалық дақылдардың біржылдық және көпжылдық мал азықтық шөптерінің арасында өседі. Көп тараған түрлері өрмелегіш сарғалдақ, қазтабан, шырмауық болып табылады.
Тамырлы-сабақты арамшөптер - ең зиянды өсімдіктердің бірі. Олар вегетативтік жолмен жерасты тамыр сабағы арқылы көбейеді. Тамыр сабақ дегеніміз - түрін өзгерткен жерастындағы сабақ, онда қыстап шығу үшін қоректік заттар қоры мол жиналады. Бұл топқа жататын арамшөптер ұйысып, қалың болып өседі де, шым құрайды, соның салдарынан егілген дақылдарға үлкен зиян келтіреді. Тамыр-сабақты арамшөптерге жатаған бидайық, жауқияқ, кәдімгі қамыс, ажырық, құмай, дала қырықбуыны, тағы басқалары жатады.
Атпа тамырлы арамшөптер . Бұл арамшөптер де вегетативтік жолмен тамыр атпалары арқылы көбейеді. Негізгі тамыры топыраққа терең бойлап кетеді де, одан көлденең тамырлар - атпалар пайда болады [9] .
Ерте шығатын жаздықтар
Ерте шығатын жаздықтар ерте көктемде пайда болып, ауыл шаруашылық дақылдарымен бір мезгілде пісіп жетіледі де, егіске өте үлкен зиян келтіреді (кесте 2) .
Кесте 2 - Қазакстанда жиі кездесетін ерте шығатын жаздық арамшөптер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz