Қазақстан əлеуметтік құқықтық мемлекет


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі
М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті
Тарих, экономика және құқық факультеті
"Құқықтану" кафедрасы
РЕФЕРАТ
Қазақстан Республикасы-құқықтық, әлеуметтік мемлекет
Орындаған: Ю-19қ тобының студенті
Еслямгазиев А. К
Қабылдаған: Жакаева Г. К
Петропавл қаласы, 2020
Мазмұны:
Кіріспе
Қазақстан əлеуметтік құқықтық мемлекет.
Əлеуметтік мемлекет түсінігі.
Қорытынды
Пайдаланылған əдебиет
2
Кіріспе
Əлеуметтік мемлекет дегеніміз - барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жəне экономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың əлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы жəне жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дəрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар əлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - əлеуметтікмемлекет құру. Бірақ мұның мəнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дəрежеде, əлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тəн ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, əлеуметтік мемлекет мəселесі өзекті де маңызды мəселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Əлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болғанəлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында əлеуметтік мемлекет ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол əлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық жəне қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы - екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, əлеуметтік мемлекеттің негізгі мəні де осы болып табылады деп көрсеткен. Əлеуметтік мемлекет деген ұғымның пайда болуы полициялық мемлекеттен, қоғамдық келісім мемлекетінен жəне мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі мемлекеттен əлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді.
3
Қазақстан əлеуметтік құқықтық мемлекет
Қазақ елінің өз тəуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгеніне биыл жиырма бір жыл толып отыр. Осы жылдар аралығында еліміз қиын да, қыстаулы кезеңдерді, жетістіктер мен алға ілгерушіліктерді бастан кешірді. Алғашқы күннен бастап еліміз зайырлы, əлеуметтік жəне құқықтық мемлекет құру бағытын таңдап алып, азаматтық қоғам инстутуттарын дамытуды басты мақсат етіп қойды.
Қазақстан Республикасының қазіргі 1995 жылы қабылданған Конституциясы бойынша əлеуметтік жəне құқықтық мемлекетті құрудың алғышарттары мен негізгі :Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік даму бағыты ретінде Ата Заңымызда бекітілген əлеуметтік жəне құқықтық мемлекетті қалыптастыру негізгі қағидаларды жүзеге асыруды талап етеді. Олардың қатарында биліктің заң шығарушы, атқарушы жəне сот билігіне бөлінуіне ерекше назар аудару қажет. Онда əлеуметтік құқықтық мемлекеттің басқа талаптары да қамтылған. Шындығында, заңның үстемдігі, адам құқығы мен бостандығын жоғары құндылық ретінде бағалау, мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі жəне оны жүзеге асыру талаптары заң шығарушы жəне атқарушы биліктің басты міндеттері. Ал, заң мен басқа да нормативті - заңдық актілердің орындалуын қадағалау сот билігінің міндеті. Биліктің бөлінуінің əрекетшілдігі жəне тиімділігі заң шығарушы жəне атқарушы билік тармақтарының өзара əрекетінде айқын көрінеді. Бұл екі билік тармақтары ара - қатынасының мүлтіксіз деңгейіне жету мүмкін емес, арадағы қайшылық демократия институттарын жетілдіріп, құқықтық мемлекетке ұмтылудың бастау көзі болып табылады. Бұл жағдайда белгілі - бір заңдылық туындайды. Қоғамды демократияландырудың өзегі болып табылатын заң шығарушы билікті, парламентаризмді дамыту атқарушы биліктің əрекетін шектейді, оның тетіктерін жетілдіру қоғамды демократияландыру деңгейінің көрсеткіші болып табылады. Əлеуметтік жəне құқықтық мемлекетті қалыптастыру елімізде парламентаризмді, парламентті, оның қызметін жетілдіруменқатар жүргізіліп отыр.
4
Сот билігі адамдардың құқығы мен бостандығын қорғауы жəне осы арқылы қоғамда тұрақтандырушы рөл атқаруы қажет. Ол үшін сот билігі тəуелсіз болуы қажет. Бұл мəселені АҚШ-та соттарды заңгерлер мен халық өкідері қатысуымен алдын - ала таңдау арқылы ұзақ мерзімге немесе өмірлік тағайындау арқылы шешкен. Мұндай тағайындаудан кейін соттар сот кодексін бұзған жағдайда ғана қызметінен босатылады. Мұндай жүйе соттарды шешім қабылдауда барынша тəуелсіз болуына мүмкіндік береді. Тəуелсіздіктің екінші негізі - материалды тұрғыдан қамтамасыз етілу. Төменгі деңгейдегі соттардың өзі жергілікті билік тарапынан қаржыланбауы қажет. Материалды жағдайдың жоғарылығы сот қызметінің беделін арттырып, қоғамда соттарды теріс ойдан сақтандырады. Мұның бəрі сот билігіне қоғам алдында жауапкершілікке ие білікті заңгерлерлің келуін қамтамасыз етеді. Аталған мəселелер елімізде тек соңғы уақыттарда ғана қауымдастық алдында кеңінен талданып, соттардың материалды жағдайын жоғарылату, соттардың тəуелсіздігін қамтамасыз ету өзінің оң шешімін табуда.
Əлеуметтік құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі - заңды негіздерге сүйене отырып шешім қабылдайтын тəуелсіз сот жүйесінің болуы. Биліктің бір тармағы болып табылатын тəуелсіз сот билігінсіз əлеуметтік құқықтық мемлекеттің болуы мүмкін емес. Сот жүйесінің тəуелсіздігі, ең алдымен, соттардың құқықтық статусымен, сонымен бірге, олардың обьективті əділдігімен анықталады. Елбасы Н. Назарбаев еліміздегі сот жүйесін жетілдіру мəселесін əрдайым басты назарда ұстау қажеттігін ескертеді. Атап айтсақ, өзінің Əлеуметтік-экономикалық жаңғырту -Қазақстан дамуының басты бағыты деп аталатын жыл сайынғы дəстүрлі жолдауында сот жəне құқық қорғау жүйелерін жаңғырту мəселесіне арнайы тоқталып, соттардың жауапкершілігі мен біліктілігін арттыру, арбитраждық аралық соттар жүйесін нығайту, судьялар жасағын қалыптастырудың тəртібін қайта қарау туралы өкілетті орындарға өз тапсырмаларын берді .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz