Жұмыссыздықтың экономикалық теориялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті
Экономика және жаратылыстану факультеті
Басқару және кәсіпкерлік кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

1. ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..5
1.1 Жұмыссыздықтың экономикалық теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 6
1.2 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 10
1.3 Жұмыссыздықпен күресудің жаһандық тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 20

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 22
2.1 Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейіне жалпы талдау ... ... ... ... ... ... ... 23
2.2 Еліміздегі жұмыссыдық көлемін азайтудағы әлеуметтік жоспар ... ... ... ..
2.3 Еліміздегі жастардың жұмыссыздық мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

3. ЕЛІМІЗДЕГІ ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 "Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасын жүзеге асыру
3.2 Шетелдік тәжірибені пайдалана отырып еліміздегі жұмыссыздықты жою

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Жұмыссыздық - елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың бір бөлігі өзіне пайдалы еңбекпен айналысатын кәсіп таба алмай дағдаратын әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Экономикалық әдебиеттерде кез келген қоғамдағы жұмыссыздық құбылыстары сипатына байланысты фрикциялық жұмыссыздық, құрылымдық жұмыссыздық, циклдік жұмыссыздық болып ажыратылады. Фрикциялық жұмыссыздық - қызметкерлердің жұмыс орнын ерікті түрде ауыстыруымен және жұмыстан уақытша босау кезеңдерімен байланысты (қызметкерлердің бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқан кездегі уақытша жұмыспен қамтылмауы) құбылыс. Құрылымдық жұмыссыздық - елдегі тұтыну тауарларына сұранымның құрылымында және өндіріс технологиясында болатын өзгерістер салдарынан пайда болатын құбылыс. Бұл жағдайда қызметкер не өзінің кәсібіне (мамандығына) сұранымның жоқтығы салдарынан‚ не жұмыс алу үшін жеткілікті біліктілігінің жоқтығы салдарынан жұмыссыз қалады.
Кез келген қоғамдағы экономикалық даму барысында тұтыну тауарларының сұранымы құрылымында және өндіріс технологиясында маңызды өзгерістер болады. Бұл өзгерістер өз кезегінде жұмыс күшіне жалпы сұранымның құрылымын да өзгертеді. Осындай өзгерістерге байланысты кәсіптердің кейбір түрлері азаяды не қысқарады‚ ал басқа бір түрлері көбейеді. Қоғамдағы жұмыссыздықтың пайда болу себебі жұмыс күшінің осы өзгерістерге баяу ыңғайланатындығына және оның құрылымының нақты жұмыс орнына сай келмейтіндігіне байланысты болады. Фрикциялық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздық арасындағы елеулі ерекшелік мынада: бірінші жағдайда жұмыссыздарда еңбек нарығында ұсынуына болатын дағды‚ машық бар‚ ал екінші жағдайда олар қайта даярланбайынша‚ қосымша оқып біліктілігін арттырмайынша‚ тіпті тұрғылықты жерін ауыстырмайынша жұмыс таба алмайды. Фрикциялық жұмыссыздық неғұрлым қысқа мерзімді сипатта болады‚ ал құрылымдық жұмыссыздық неғұрлым ұзақ мерзімді сипатта болады‚ сондықтан ол қоғамдағы неғұрлым елеулі жұмыссыздық болып табылады. Циклдік жұмыссыздық - елдегі тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жиынтық сұранымның күрт азаюы салдарынан болатын құбылыс. Осы себептен оны кейде сұранымның тапшылығына байланысты жұмыссыздық деп те атайды. Циклдік жұмыссыздық - кез келген қоғам үшін экономикалық және әлеуметтік дағдарыс болып саналады. Экономикалық дағдарыс (экономикалық дамудың құлдырауы‚ тоқырау) елдегі еңбекке қабілетті тұрғындардың елеулі бөлігінің бостан босқа уақыт өткізуіне әкеліп соғады‚ ал мұндай жағдай олардың біліктілігінің жоғалуына‚ адамгершілік қадір-қасиеттің азғындауына‚ әлеуметтік және саяси жанжалдарға апарып соқтырады. Жұмыссыздық - барлық қоғамда болып тұратын құбылыс. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде‚ мысалы‚ АҚШ-та‚ еңбекке қабілетті тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы жұмыссыздық мүлдем жоқ дегенді білдірмейді. Фрикциялық және құрылымдық жұмыссыздық болмай қоймайды деп есептеледі. Демек, елдегі тұрғындардың жұмыспен толық қамтылуы - ол елде циклдік жұмыссыздықтың жоқтығын білдіреді. Жұмыспен толық қамтылу кезіндегі жұмыссыздық деңгейі оның табиғи деңгейі болып саналады. Мұндай жағдай елдегі жұмыс күшінің рыноктары теңдестірілгенде, яғни жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орындарының санына тең болғанда пайда болады. Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі қоғамдағы оң құбылыс болып есептеледі. Өйткені "фрикциялық" жұмыссыздарға бос жұмыс орнын табу үшін әрқашан уақыт керек‚ "құрылымдық" жұмыссыздарға да біліктілігін жетілдіру, жаңа мамандық алу үшін немесе жұмыс табу мақсатымен басқа жерге көшу үшін уақыт керек. Егер жұмыс іздеушілердің саны бос жұмыс орнынан асып түссе‚ онда жұмыс күші рыногінің тең болмағаны. Екінші жағынан‚ жиынтық сұраным молайған жағдайда жұмыс күшінің "жетіспеушілігі" сезіледі‚ яғни бос жұмыс орындарының саны жұмысқа мұқтаждардың санынан асып түседі. Қазақстанда нарықтық экономикаға өту кезеңінде бұрынғы тиімсіз кәсіпорындар мен ауыл шаруашылық мекемелерінің жұмысын уақытша тоқтатып, жабылуына, банкротқа ұшырауына, жекешелендіріліп, қайта құрылуына байланысты құрылымдық жұмыссыздық құбылысы байқалды. Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформалар барысында жаңа жұмыс орындары ашылуына, ішкі, сыртқы инвестициялар көмегімен, бірқатар өндіріс ошақтары мен ауыл шаруашылығының жандануына орай, ауылды қайта өркендетудің 3 жылдық бағдарламасына байланысты жұмыссыздық деңгейі де біртіндеп табиғи деңгейге түсе бастады.
Курстық жұмыстың мақсаты - жұмыссыздық деңгейіне талдау жасап, онымен күресудің жолдарын табу, жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
:: Жалпы жұмыссыздық деңгейін;
:: Қазақстан Республикасында жұмыссыздықтың пайда болу себептері және жұмыссыздық деңгейін талдау;
:: Қазақстан Республикасында жұмыссыздықпен күресу жолдарын;
:: Еліміздегі жұмыссыздықты шетел тәжірибелерімен салыстыра отырып, жұмыссыздықты жою жолдарын анықтау.

1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ТЕОРИЯЛАРЫ

1.1 Жұмыссыздықтың экономикалық теориялары

Еңбек нарығының ерекшеліктерінің бірі- жұмыссыздық. Оның тәжірибе түрінде көрінгендей жұмысшы күшіне сұраным мен ұсынымның арақатынасының теңелмеуінде, ұсынымның сұранымнан үнемі жоғары болуында. Мұндай жоғары болудың қорытындысы жұмыссыздыққа әкеледі. Елдегі еңбекке жарамды халықтың қоғамдық өндірісте тұрақты қатысуы.Ол әр бір елдің сақтандыруды қамсыздандыруы ең негізгі факторларының бірі болып табылады.
Жалпы жұмыссыздық термині бірінші рет 1911 жылы Ұлыбритания энциклопедиясында 1915 жылы АҚШ-тың Минтруд әдебиетінде қолданған.Қазіргі кезде жұмыссыздық дүние жүзінің барлық елдерінде әр түрлі формада, көлемде, ұзақтықта қатысуда.
Жұмыссыздық - бұл қазіргі қоғамдағы ең негізгі және өткір проблемалардың бірі. Бұл жөніндегі барлық әрекеттер өз шешімдерін таба алмай келеді. Бірде- бір мемлекетте халықты жұмыспен қамтамасыз ету толық шешілмей отыр. Қоғам үшін жұмыссыздық- жағымсыз құбылыс. Экономикалық жоспарда- бұл тікелей жоғалту, себебі қоғамның бір бөлігітауар өндіруге және жұмыс атқаруға қатыса алмайды және өздерінің табыстарын жоғалтады. Одан әлеуметтік шығындар көбейеді. Жұмыссыздық адамдардың өз қабілеттілігін іс жүзінде көрсете алмай, мамандығын жоғалтуға, психологиялық проблемалардың пайда болу, қылмыскерлердің өсуіне, қоғамда әлеуметтік шиеленіске әкеліп соқтырады.Жұмыссыздықтың проблемасының қиындығы көп уақытта адамдардың мінез- құлқына байланысты.
Жалпы жұмыссыздықты түсіндіруді бүгінгі кезде "қарабайыр" деп атауға болады: бұған еңбектегі баға мен еңбекке ұсыныстың өзара қарым-қатынасы деп айтуға болады.Жалақының төмендеуі еңбекке деген сұранысқа жағдай жасайды және де осыдан жұмысбастылық; жалақы өсімі еңбекке деген ұсынысты көбейтеді, бірақ сұраныс өсімін тоқтатады.Экономикада ерекше күйзеліс жағдайларға байланысты көп кәсіпорындар жабылып, жұмыссыздық жаппай түріне айналуын есепке алмағанда, адамдар көп жағдайларда жұмыс таңдап алуына мүмкіншілік деген жағдай .
Көп жағдайда адамдар ұсынылған жұмыстан бас тартып, жұмыссыздықпен кез- келген жұмыс арасын таңдайды.
Жұмыссыздық- экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыссыздықты әртүрлі мектеп өкілдері түсіндіреді. Мысалы,ең алғаш жұмыссыздықты түсіндіру туралы ағылшын экономисі Т.Мальтустың "Халықтың өсу тәжірибесінде" көрсетілген. Мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді. Ал, кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігімен дәлелдейді. Еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы- жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарылауымен туындайтынын айтады. Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері - "монетаристер"- осы көзқарастарды құптайды.
К.Маркстің қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден - капиталдың қорлануымен, екіншіден- техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән- жайына қысқаша тоқталсақ:
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус (1766-1834жж.) жасаған. Ол 1798 жылы "Халық саны туралы заңның тәжірибесі" кітабын шығарған. Онда ол былай жазған: жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі: яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі; ал өмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі: халық саны - 1, 2, 3, 4, 5 және т.б.
Ол халық санының және өмір сүру әдісінің өсу қарқыны жоғарыдағы көрсетілген есеппен салыстыра отырып мынандай қорытындыға келген: тұрғындардың жоғары қарқынмен өсуі қайыршылық пен жұмыссыздықтың себеп салдары болып табылады. Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус (әрбір 25 жылда екі есе өсуі) XVII-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген, бірақ ол кезде АҚШ-да тұрғындар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенін ескермеді.
Қазіргі жағдайда адамзаттың өмір сүру әдісінің тұрғындар қарқынының тез өсуінен қалмауы үшін мүмкіндіктер көп. Бұл туралы ағылшын экономисі Джон Бернал өзінің 1954 жылы шыққан "Қоғам тарихындағы ғылым" кітабында былай жазған:
"Қазіргі уақытта атом ядросының синтезден, тіпті көп мөлшерде күтуге толық негіз бар, себебі тамақ өндірісін мұнан ары дамытудың шексіз екенін көрсетеді"
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тауарға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарылауының салдары деп түсіндіреді. Төлем сұранымының жеткіліксіздігін ол адамдардың қор жинауға бейімділігімен және күрделі қаржыға ынталандырудың әлсіздігімен түсіндіреді. Оның ойынша, толық жұмыстылықпен қамтамасыз етуге болады, ол үшін адамдардың қор жинауға бейімділігін жоюы қажет және жұмыс орнын құру үшін жоғарғы деңгейлі күрделі қаржыны қарастырған дұрыс.
Батыс мектебінің өкілдері. XX-шы ғасырдың 30-шы жылдарына дейін жұмыссыздықты- жолдамалы жұмыскердің өзінше еркін талдауы деп есептеді. Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді. Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің профессері А.Пигу өте дәйектілікпен жасады. Ол өзінің ойын 1923 жылы шыққан "Жұмыссыздық теорисы" кітабында баяндады. Алайда XX-шы ғасырда 30-шы жылдарындағы жаппай жұмыссыздық кезінде бұл позицияның дұрыс еместігі барынша айқындала түсті.
Қазіргі жағдайда "монетарлық теория" өзі туралы барынша айқын көрсете білуде. Осы теорияны жақтаушылар жұмыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді. Ақша массасын дұрыс басқара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады. Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады. Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс (1914ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол "Филлипс қисығы" деп аталды. Өткен ғасырдың 70-ші жылдары әр түрлі елдерде инфляцияның төмендеуімен қатар жұмыссыздық деңгейі де төмендеді.Бұл жағдай жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің қисығы арқылы түсіндірілді,яғни ұзақ мерзімді кезеңде Филлипс қисығы тік болады. (Сурет 1)

7

Сурет 1. Филлипс қисығы
Жалпы К.Маркс жұмыссыздықты өзінің "Капитал" еңбегінде зерттеп қарастырған. Ол айтып кеткен, техникалық өрлеумен өндіріс жабдықтарының көлемі мен бағасы өседі, жан басына шаққанда 1 жұмысшыға. Бұл жағдай Марксті сенгіздіреді, экономикалық өркендеу капиталды жинақтау қарқынынан еңбекке деген сұранысқа әкеп соғады, осыдан келіп жұмыссыздық себептері көрінеді. Бұл трактовка байланыссыз болып есептеледі, егер жұмысшы күшіне сұраныс өссе, онда жұмыссыздық жойылады немесе ең болмаса қысқарады, капитал жинақтаудан одан әрмен жоғары қарқынмен болады.
А.Смит нарық өзін-өзі реттей алады және сол себептен мемлекеттік бақылау қыспағынан босатылуы тиіс дейді. Нарықтың көзге көрінбейтін қолы қоғамға қажеттіні өзі істейді деп санайтын. Баға және еңбек ақы нарықтың икемді аспаптары - біресе жоғары, біресе төмен сұраныс пен ұсынымның тепе-теңдігін көрсетіп еркін қозғала алады.
Және бұл жағдайда жиынтық сұраныстың төмендеуі жұмыспен қамтылу деңгейінің төмендеуіне емес, бағаның төмендеуіне ғана әкеп соғады. Мемлекеттің бұл іске араласуы бағаның деңгейіне ғана әсер етіп, елдегі жұмыспен қамтылу деңгейі және өндіріс көлемін өзгерте алмайды. Мемлекет нарық механизміне араласпаса, онда тұтынушылар нарықта өзіне керегін табады. Классикалық бағытты жақтаушылар бүгінгі таңда да мемлекеттің экономикаға араласуының кез келген нысанына қарсы.
Кейнс бағыты нарық жүйесі жұмыссыздықтың жоғарғы деңгейінде ұзақ уақыт депрессия (тоқырау) жағдайында болуы мүмкін деген ойды айтады. Баға мен еңбек ақы идеялы икемді құрал емес, олар нарықта баяу өзгереді.
8
Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынымның тепе-теңдік нүктесіне баға мен еңбек ақы баяу қарқынмен жылжиды.
Осы бағыттың негізін қалаушы Дж.М.Кейнс Жұмыспен қамтылу, процент және ақша жалпы теориясы еңбегінде классикалық бағыттың көптеген жақтарын кұмәнді көрген. Жан Батист Сэйдің сұраныс бағасы мен бүкіл өндірілген өнімнің ұсыным бағасының тепе теңдігі жайлы әйгілі постулатын Дж.М.Кейнс классикалық теорияның паралельді сызықтар аксиомасы ретінде қарайды. Классикалық бағыттың басқа барлық жақтарынан туындайтын осы тезисіне күмәнін білдірді. Осы тезиске қарсы Дж.М.Кейнс нарықтық экономикадағы дағдарыстың басты себебі тиімді сұраныстың жетіспеушілігі және мемлекет жиынтық сұранысқа белсенді ықпал ету арқылы нарықтық экономиканың дамуын реттей алады және реттеуге міндетті деген ойды қояды. Нарықтың көзге көрінбейтін қолы нарық механизмін реттеп отыратын басқа күшті қажет ететіні айқындалды. Экономикалық ғылымға жаңа ой, жаңа көзқарас енді: мемлекет пен нарық - мәнінде бірыңғай экономикалық организмнің екі қолы. Мемлекеттің нарықтық экономикаға араласуының объективтік қажеттілігі нарық механизмі бір қатар жоғарыда сөз болған негативтік зардаптарын туғызатынынан шығады.
Мысалы: Нарық жүйесі ресурстардың толық пайдалануымен қамтамасыз етпейді. Оған толық емес жұмыспен қамтылу тән. Жұмыссыздық - нарықтың сөзсіз серігі.
1. Нарық кәсіпкерлік еркіндігін туғызатын факторларды дүниеге әкелді (монополизмнің әр түрлі нысандары).
2. Нарық қоршаған ортаның ластануын ескермейді, күштерді қалыпқа келтіру үшін шығынданбайды.
3. Нарық байытып қана қоймайды, ол міндетті түрде кәсіпорындардың, тұрғындардың бөлігін кедейлікке ұшыратады.
4. Нарық зейнеткер, ауру, мүгедек жетім адамдардың проблемаларын шешпейді.
5. Нарықтық мейірім, әділеттік, отансүйгіштік деген өнегелік үлгілерге ісі жоқ.

9
Сонымен қоса, қоғамдық өмірдің өзі мемлекеттің айрықша және көпшілік таныған мәжбүрлеу құқығы бар ерекше құрал, институт ретіндегі араласуын талап етеді.
Талдау нәтижелері негізінде жұмыспен қамтылуды жақсарту және кәсіпорындағы жасырын жұмыссыздықты жеңу бағдарламасы әзірленеді. Бағдарламаға шаралардың екі тобы кіреді. Біріншісіне жұмыс күшіне деген төлеу қабілеті бар сұранысты арттыруға бағытталған шаралар кіреді: жұмыс орындарын сақтап қалу және ашу, ақысы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру; мүгедектер мен еңбек әлеуметін пайдалану мүмкіндігі шектеулі басқа адамдарға арналған жұмыс орындарын ашу. Екінші тобында жұмыс күші ұсынымдарын шектеу және жұмыс күшінің өзгерген жағдайларға икемденуіне бағытталған шаралар, жұмысшыларды оқыту және қайта оқыту, өзін-өзі жұмыспен қамтуды дамыту және жұмыс уақыты ұзақтығын реттеу, яғни жұмыспен қамтылудың икемді нысандарын қолдану.
Талдау көрсеткендей, осы бағыттар кәсіпорындағы қолдау жағдайындағы, жұмыспен қамтылу қорларының қаржысынан құрылатын арнайы қор ашу және мақсатты пайдалану, кәсіпкерлікті, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыруды дамыту, салық салуды реттеу және жеңілдікпен несие беру арқылы жүзеге асыра алады.
Аймақтық еңбек нарықтарының жағдайы кәсіпорындардың ішкі еңбек нарықтары жағдайына байланысты, өйткені олар жұмыссыздар қатарын толтыратын орындар. Сол себептен жұмыспен қамтылудың аймақтық қызметтері кәсіпорынмен тығыз байланыста әрекет етуі тиіс. Жұмыстан шыққандар және бос орындар туралы мәлімін берумен шектелмей, болжау нәтижелері және кәсіпорындар әзірлейтін жұмыспен қамтылуды жақсарту және жасырын жұмыссыздықты жеңу бағдарламаларын жинақтап қорыту негізінде басқа аймақтық басқару органдарымен бірге аймақта жұмыссыздықтың өсуін тоқтату шараларын жүзеге асыру қажет.

1.2 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері мен себептері

Жұмыссыздық- бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы. Жұмыспен қамтылмау өндірістің тиімділігін арттыруы, сонымен бірге жұмысшы күшінің бір бөлігін жұмыстан босатуға мүмкіндік жасайтын немесе оның құрылымына, сапасына жаңа
10
талаптар қоятын ғылыми-техникалық прогрестің салдары болуы мүмкін. Нарықтың экономикада жұмыссыздық дағдарыстар кезінде көбейеді. Нарық жоқ жағдайда жұмыссыздықтың көбею себебі мемлекеттің өндіргіш күштерді орналастырудағы бұрыс құрылымдық саясаты болуы мүмкін. Іскерлік белсенділіктің өзгеруі мен бірге жүретін маңызды көрсеткіштердің бірі. Жұмыс күші немесе экономикалық белсенді халық тұрғындарының құрамына жұмыс істеушілермен жұмыссыздар жатады. Жұмыс жасаушылар 16 жастан жоғары, жалданып немесе өзіне жұмыс жасайтындар жатады. Сонымен қатар, уақытына жұмыс жасамаушылар және еңбек демалысындағы жатқызылады. Жұмыс күші құрамына кірмейтіндер мектеп оқушылары, ЖОО студенттері, әскердегілер, үй шаруасындағылар және жұмыс жасағысы келмейтіндер. Халықаралық еңбек ұйымының анықтауы бойынша жұмыссыз деген - жұмыс істеуге қабілетті бірақ, жұмыс жасамайтын адам және соңғы 4 аптада белсенді жұмыс іздеуші. Жұмыссыздықтың 3 негізгі түрі бар: уақытша, құрылымдық және циклдік.
Уақытша жұмыссыздық. Кейбір адамдар өз мамандықтары бойынша қызмет түрлерін таңдау мүмкіншіліктері бар кезде "жұмысаралық" жағдайда қалады.Кейбіреулерін жұмыстан шығарып жіберіп, олар басқа жұмыс орнын іздеп жүреді. Басқа біреулер тұрақты жұмысын жоғалтқандықтан уақытша жұмыссыз жүреді(мысалы, құрылыстағы қолайсыз ауа райы жағдайы). Сонымен қатар жастар жастар арасында алғаш рет жұмыс іздеп жүрген адамдар санаты болады.
Осы жұмыссыз адамдар жаңа жұмыс орнына немесе уақытша жоғалтқан жұмысқа қайтып келген кезде, олардың орнын басқа жұмыссыздар басады. Сондықтан әр түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдар санаты құрамын өзгертсе де, осы жұмыссыздық типі қала береді. Жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыс орнын алуан күтіп отырған адамдарға экономистер "уақытша жұмыссыздар" деген термин қолданады (Ол жұмыстың қайта жаңғыруымен немесе іздеумен байланысты).
Уақытша деген анықтама бұл құбылыс мәнін нақты көрсетеді: еңбек нарығында жұмыс орны мен жұмыс күші арасында сәйкестілік орнамайды. Уақытша жұмыссыздар еңбек нарығына ұсынатын "білімдері" бар деп есептелінеді.Уақытша жұмыссыздық міндетті және ерікті болып бөлінеді. Жұмысшылардың көпшілігі жұмысаралық жағдайға өз еркімен түседі, олар -

11
өздерінің төмен жалақылы жұмыстарын жоғары төлемақылы жұмысқа ауыстырады. Бұл жұмысшылардың өздеріне үлкен табыс әкеледі және еңбек ресурстарының ұтымды пайдасын арттыру дегенді білдіреді. Яғни, жалпы экономикадағы нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы.
Құрылымдық жұмыссыздық. Уақытша жұмыссыздық ақырындап "Құрылымдық жұмыссыздық" деп аталатын екінші санатқа ауысады. Экономистер "құрылымдық" терминін құрамдық деген мағынада қолданады. Уақыт өте келе технология мен сұраныс құрылымында өзгерістер болады, олар өз алдына еңбек күшіне жиынтық сұраныс құрылмында өзгертеді. Осы өзгерістердің нәтижесінде кейбір мамандықтарға деген сұраныс азаяды немес мүлде жойылады. Басқа мамандықтарға, соның ішінде жаңаларына сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда еңбек күші еңбек орындарының құрылымындағы жаңа өзгерістерге бірден және толықтжауап бере алмағандықтан жұмыссыздық пайда болады. Кейбір қызметкерлердің өздерінің мамандық тәжірибелеріне нарық сұранысына сәйкес келмейтініне көздері жетеді; олардың тәжірибесі мен іскерлігі технология мен сұраныс сипатында болған өзгерістерге байланысты ескіріп, керексіз болып қалады. Сонымен қатар жұмысбастылықтың географиялық құрылымы әрдайым өзгеріп тұрады. Бұған соңғы 10 жылда байқалған жұмыс орындарының "қысқы белдеуден" - "жазғы белдеуге" миграциясы мысал бола алады.
Уақытша және құрылымдық жұмыссыздық арасындағы айырмашылық анық емес. Уақытша жұмыссыздарда "сатуға" болатын тәжірибе бар, ал құрылымдық жұмыссыздар жаңа жұмыс орнына орналасуы үшін арнайы оқу курсын өтуі керек, ал кейде тұрғын жерін де ауыстыруы керек. Уақытша жұмыссыздық қысқа мерзімді, ал құрылымдық жұмыссыздық ұзақ мерзімді, сондықтан ол қауіпті болып саналады.
Циклдық жұмыссыздық. Циклдық жұмыссыздық құлдырау кезеңінде, яғни жалпы немесе жиынтық шығындардың жетіспеушілігімен сипатталатын кезеңде пайда болады. Тауарлар мен қызметтерге жиынтық сұраныс азайғанда, жұмысбастылық төмендейді, жұмыссыздық өседі. Сол себепті циклдік жұмыссыздықты кейде "сұраныс тапшылығына байланысты жұмыссыздық" деп атайды.

12
"Толық жұмысбастылық" ұғымына анықтама беру қиын. Оны бүкіл 100% халық жұмыспен қамтамасыз етілген деп түсінуге болады. Бірақ ол дұрыс емес. Белгілі бір жұмыссыздық деңгейі болуға тиісті деп саналады.
Жұмыссыздықтың мынандай түрлері бар:
1. Жасырын жұмыссыздық - толық жұмыс күні бойы еңбектенбейтін және де жұмыс күндер үзіп, жәрдем ақшаға құқын жоғалтып еңбек барысында тіркелуді қойған адамдар жатады. Және де, өндіріс пен мемлекеттік аппаратта арты жұмыскерлерді қолданған жағдайда болады. Шын мәнінде олардың жұмысын аз ғана жұмыс күнімен орындауға болады.
2. Фрикциондық жұмыссыздық - адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс іденумен ауысуын айтамыз. Құрылымдық және фрикциондық (экономикалық) жұмыссыздықтар оның "табиғи" деңгейін білдіреді. Бұл жағдайда инфляция орташа көлемде жүреді. Циклдің факторлар жұмыссыздықты "табиғи" деңгейден жоғарылатады.
Егер, жұмысбастылық толық болған жағдайда жұмыссыздық деңгейі "Жұмыссыздықтың табиғи деңгейі" деп айтылады.Және тағы бір жұмыссыздық түрі бір нақты аумақта жұмысшы күшінің сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік нәтижесінде туындайды. Ол тең емес экономикалық аумақтың дамуына ықпал етіп қалыптасады, және де демографиялық, тарихтық, мәдениеттік тағы басқа да өзгеше факторлар әсер етеді.
3. Маусымдық жұмыссыздық - жұмыс күшінің тек маусымдық кезеңде жұмыс жасауы; бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
4. Ресми жұмыссыздық - маусымдық ауытқуларға түзетусіз, мемлекеттік органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы саны.
5. Созылыңқы жұмыссыздық - 12 айға және одан ұзақ уақытқа созылатын жұмыссыздық.
6. Технологиялық жұмыссыздық - ғылыми - техникалық прогресспен байланыты (ҒТП). ҒТП - жоғарғы қарқынмен дамыған кезде жұмыс орындары босайды, оның саны тез көбейіп кетеді. Сонымен қатар ҒТП - тің ерекшеліктері де бар. Технологиялық зерттемелердің еңбек

13
сыйымдылығы жоғары процестеріне қызмет жасау үшін жұмыс жасау күшін тартады. Сайып келгенде ҒТП жұмыссыздықтың өсуіне алып келеді, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды қарастыру қажет, сондықтан мемлекет еңбек нарығын реттеуге әсер ететін шараларды қарастыру қажет.
7. Көрінбейтін немесе маусымдық (сезондық) жұмыссыздық - белгілі бір уақытта жұмыс істеп, қалған уақытында жұмыссыз (ауыл шаруашылығы, құрылыс, туристтерге қызмет көрсету) немесе толық емес жұмыс күнінде жұмыс жасау.
8. Аймақтық жұмыссыздық - жеке аймақтарда тарихи, демографиялық, әлеуметтік - психологиялық жағдайлардың әсерінен қалыптасады. Мысалы, көмір өндіретін өндірістің шоғырланған аймақтар. Әлемдік тәжірибе бойынша жергілікті мемлекеттік мақсатты бағдарламалар негізінде шешеді.
9. Институционды жұмыссыздық - еңбек рыногының институтынан, құрылысынан, ұсыныспен сұранысқа ықпал ететін факторлардан туады.
10. Ерікті жұмыссыздық - әр себеппен, әркімнің өз еркімен жұмыс істемеуі.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, шетел авторлары олардың жекелеген түрлерін тудыратын нақты факторларын қарастырады. Мысалы, АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссиясының жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған. Олардың әрқайсысының өзінің ерекше "себептері" бар. Экономистер барлық жұмыссыздықтың түрлерін негізінен екі топқа жіктеп қарайды. Жұмыссыздықтың бірінші тобына - "жиынтық сұранымның жеткіліксіздігінен" туындауын жатқызады, алдыменен циклдық жұмыссыздықты айтамыз. Жұмыссыздықтың екінші тобына - "жиынтық сұраным өзгерісімен байланысты емес: фрикциондық, құрылымдық, технологиялық және басқа түрлерін" жатқызамыз.
Жұмыссыздық - құбылыс, жұмысқа қабілетті адамдардың тұрақты немесе уақытша жұмыс істемейтін бөлігі.Жұмыссыздық нарықтық экономикада типтілік құбылыс. Себебі, жұмыс күшіне сұраным, оны сатып алуға жұмсалатын капитал көлеміне тәуелді. Сондықтан капитал көлемінің азаюы, жұмыс күшіне деген
14
сұранысты төмендетеді. Мұндай жағдай, нарықтық экономикадағы қорлану заңының іс-әрекетінің нәтижесі объективтік заңдылық. Осы заңның нәтижесінде қосымша жұмыс күшін өндіріске тарту жай жүреді және капиталдың органикалық құрылымының өсуінің әсерімен өндірістегі жұмысшылар қысқарады - нәтижесінде жұмыссыздар армиясы пайда болады.
Кез-келген жұмыссыздықтың болуы - қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс. Батыс ғалымдарының пікірі бойынша, адамды жұмыссыз деп есептегенде, ол тек жұмыстан айырылып қана қоймай, өзінің абыройын да жоғалтады. Шетелде жұмыстан айырылуды психологиялық зақым ретінде бағалап, тек ең жақын туысқаны қайтыс болғанда алатын стресс деңгейінде қаралады.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

ЖД=ЖСЖК∙ 100 (1)

мұндағы - ЖД - жұмыссыздық деңгейі;
ЖС - жұмыссыздар саны;
ЖК - жұмыс күшінің саны.
Жұмыссыздық қоғамға көптеген зиян келтіреді; инфляцияның өсуіне ықпал жасайды, сондықтан еңбекке қабілетті адамдардың бір бөлігі өнім өндіруге қатыса алмайды. Сөйтіп олар жұмыспен қамтылмағандықтан ақшалай жұмыссыздықты ақы алады, осыдан барып мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі түседі. Кез - келген жұмыссыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
Экономикалық дағдарыс теориялары және оның негізін қалаушылар
Жұмыспен қамтылу саясатының мәні және бағыттары мен функциялары
Жұмыссыздықтық экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Еңбек нарығы және жұмыссыздық туралы
Институционалдық емес адамдар
Жұмыссыздык пен жұмысбастылык
Жұмыспен қамту мен жұмыссыздық
Жұмыссыздықтың түрлері, классификациясы
Жұмыссыздық және оның себептері
Пәндер