Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата - аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА АТА - АНАМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ
0.1 Ерекше білімді қажет ететін балалар мектепке барғанда ата-аналарда пайда болатын қиындықтар
0.2 Ерекше білімді қажет ететін балалары бар отбасына психологиялық - педагогикалық қолдау
1 АТА - АНАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
0.1 Ата - аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс - тәсілдері
0.2 Ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы болып ата-ана табылады. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Ата - анаға баладан жақсы, баладан жақын ешкім жоқ. Ал бар тәрбиеміздің көзі - ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздер, яғни небір кереметтің барлығы осы айтылған нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер екені сөзсіз.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша көптеген психологтарды ерте балалық шақ мәселесі қызықтырады. Бұл қызығушылық кездейсоқтық емес. Бала өмірінің алғашқы жылдары сол кезеңнің қарқынды даму сатысына жатады. Баланың дене бітімінің дамуы, психологиялық дамуы және денсаулық деңгейінің негізі салынады. Демек, осының нәтижесінде мүмкіндіктер ағымы қалыптасады, баланың болашағы айқындала түседі. Әлі туылмаған бала - ол адамның қалыпты тіршілік иесі. Ананың әлі туылмаған баланың дамуына қатынасы тікелей маңызды. Жүкті болғаннан кейінгі ананың балаға деген мейірімі, сезімі, махаббаты оның туылуымен байланысты. Ананың туылмаған баламен қатынасқа түсуі, сөйлесуі баланың психикасының дамуына үлкен ықпал тигізеді.
Кемістік әлеуметтік жағдайда ғана болатын ғана емес, сонымен қатар ол күш қуат, қабілеттілік екендігін психолог-педагогтар қорытқан тәжірибелері бойынша ғылыми тұрғыдан негізделіп заң ретінде қалыптасқан пікірлер бала соқыр болса да, көруге ұмтылады, саңырау болса естуге ұмтылады, тіл кемістігі болса оны түзетіп сөйлегісі келеді. Осы органикалық кемістіктерді анықтау жолында психологиялық әрекет келешекте жүзеге асырылатын маңызды істің бірі болып табылады.
Зерттеу өзектілігі. Ата-аналар балаға қойылған диагнозды қиын қабылдайды. Ата-аналарды ақыл-ойы кем, немесе олигофрения деген терминдер шошытады. Ең алғашқы рет ата-аналар эмоционалды жарақат алғанымен, біртіндеп жағдайды түсініп, баланы ауру деп қабылдайды. Жағдайды қабылдау процесі бір-бірімен байланысты бірнеше факторлармен айқындалады, олардың ішінде маңыздысы ата-аналардың жеке басы, баланың ерекшеліктері, қоршаған орта әсер етеді. Отбасына және балаға берілетін психологиялық-педагогикалық көмек түрлерін ұйымдастыру формалары.
Балаларының ақыл-ойы кемдігі ата-аналарға психологиялық тұрғы дан ғана емес, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан да әсерін тигізеді. Баласына қойылған диагноз туралы ата-аналардың реакциясы түрлі болып келеді, жеке жағынан және ұқсастықтары да кездеседі. Ең бірінші диагнозға деген реакция өздерін кінәлі сезінулері, Неге мен?, Неге менің балам? деген сұрақтарды туындатады.
Зерттеу мақсаты. Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата - анасымен жұмысты ұйымдастыру формасы мен әдістеріне сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Ерекше білімді қажет ететін балалар мектепке барғанда ата-аналарда пайда болатын қиындықтарды анықтау;
oo Ерекше білімді қажет ететін балалары бар отбасына психологиялық - педагогикалық қолдау көрсетуді сипаттау;
oo Ата - аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс - тәсілдерін анықтау.
Зерттеу нысаны: Ата - аналармен жүргізілетін әдіс - тәсілдер
Зертеу әдістері: .Зерттеу мәселесі бойынша философиялық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерге теориалық талдау жасау, белгіленген міндеттерді шешу, ғылыми болжамды тексеру үшін зерттеу әдістерін қолдану.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелейтін отбасыларына психологиялық-педагогикалық көмек беру концепциясын құруда бірқатар теориялар мен зерттеулер негізгі (маңызды) орын алады:
1) психофизикалық бұзылыстары бар баланың психологиялық-педагогикалық даму заңдылықтары, оның күрделі әлеуметтену процесінің нәтижесі (Т.А.Власова, Л.С.Выготский, В.И.Лубовский, Д.Б.Эльконин).
2) дизонтогенез жағдайында даму арнайы түзете-дамыту ортасын құруды қажет етеді (К.С.Лебединская, В.В.Лебединский, И.Ю.Левченко, В.И.Лубовский, Е.М.Мастюкова, М.С.Певзнер, В.Г.Петрова, С.Я.Рубинштейн, У.В.Ульенкова)[1].
Инклюзивті мектепте мұғалім мен ата-аналардың өзара байланыстары келесі принциптерге негізделуі керек:
1) сыйластық пен түсіну;
2) мәлімет пен іскерліктермен алмасу;
3) шешімдер қабылдауға қатысу;
4) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалдығын қабылдау.
Мұғалімдер мен ата-аналарға қойылатын талаптар:
1) баланың жетістіктері жайлы білуі үшін ата-аналар мұғалімдермен жиі кездесуі керек;
2) мүмкіндігі шектеулі балалардың индивидуалды білім алу жолын құруда ата-ана белсенділік таныту керек;
3) мұғалімдер баланың жеке даму картасын жүргізуі керек: жетістіктері - оқу және тәрбиеленуде;
4) баланың жеке даму бағдарламасына (оқутәрбиелеу) қатысты бірқатар міндеттерді ата-аналар атқаруы тиіс;
5) әр тоқсан соңында ата-аналар баласының жетістіктері жайлы мәліметтерді алуы керек;
6) ата-аналар сабаққа қатыса алады;
7) тәрбиелік іс-шараларға шақырылуы керек;
8) іс-шаралады өткізуде ата-аналардың көмегіне жүгінуге болады;
9) ата-аналар балаларына сабақ орындауға көмек беруі қажет;
10) мектептен тыс іс-әрекеттерін, спортпен, басқа да үйірмелерге қатысуға жағдай жасау керек;
11) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына арнап арнайы педагогтар, психологтар, мұғалімдер семинарлар, тренингтер өткізулері қажет;
12) мүмкіндігі шектеулі баланың ата-анасы ата-аналар комитетіне қосылу керек;
13) мұғалімдерге арналған семинар,тренингтерге ата-аналар қатыса алады;
14) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары бірігіп, пікір, тәжірибе алмасу үшін (жалпы білім беретін мектепте баланы оқыту мәселесі бойынша) Ассоциация құруы мүмкін;
15) мұғалімдер мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне баруы керек, сонда баланың жақындары арасында қалай өзін сезінетіні жайлы мәліметі болады;
16) (мұғалім - ата-ана) екі жақты нақты міндеттерді атқаруда келісім-шарт жасалып, қол қойылып, жауапкершілікпен жұмыс жасалуы тиіс[2].
2.1 Ерекше білімді қажет ететін балалар мектепке барғанда ата-аналарда пайда болатын қиындықтар
1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беру мектебінде оқыту процесіне ата-аналардың әлсіз қатысуы. Мүмкіншілігі шектеулі балалардың ата-аналарының жалпы білім беру мектебін таңдау себептері:
а) жақсы білім алады, қабілеттерін, қызығушылықтарын дамытады - 4,12 %
б) қарым-қатынасқа түсуге үйренеді, ортаға бейімделеді, жеке тұлғалық қасиеттері дамиды, адамгершілік қасиеттері тәрбиеленеді - 35,3 %.
в) жалпы білім беру мектебінде оқыту арқылы өзіндік қабілетін және тәуелсіз өмір сүруге үйренеді - 23,5%.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-анасы мен мұғалімдердің арасындағы қарама-қайшылықтардың себептері:
1) ата-ана баласының даму бұзылыстары бар екендігін мойындауы және ерекше білім алу қажеттіліктерін мойындау;
2) оқыту процесіндегі қиындықтар (сөйлеу бұзылыстары, ес процесінің әлсіздігі және т.б.);
3) ата-ананың мүмкіндігі шектеулі балаларға оқу процесінде қамқорлық жасамауы;
4) мүмкіндігі шектеулі балалардың білімдерін мұғалімдер дұрыс бағалай алмауы;
5) мүмкіндігі шектеулі балалардың себепсіз сабақтан қалуы;
6) арнайы білім беру бағдарламасы бойынша оқыту мүмкіндігінің жоқтығы;
7) мүмкіндігі шектеулі балалардың сыныпен қақтығысқа түсуі;
8) мүмкіндігі шектеулі балалардың тез шаршауы.
Мұғалімдер мен ата-аналардың келіспеулері:
1) мұғалімнің объективті қарай алмауы;
2) оқу талаптарының тым жоғары болуы;
3) бағалаумен келіспеу[3].
2. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен мұғалімдердің арасында байланыс орнатудағы қиындықтардың себептері:
1) ата-аналардың уақыты болмауы;
2) мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының өз ой-пікірін (оқу процесіне қатысты) айта алмауы, ертеңгі күні мұғалімнің балаға көзқарасы өзгеруінен қорқу;
3) ата-ананың өз баласы туралы жаман сөз естуден қорқу;
4) баланың өз бетінше жүруі, мектептің іс-әрекеттеріне араласу қажеттілігінің жоқтығы;
5) мектептің мәселелерін шешуге мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының араласу құқықтарының жоқтығы;
6) баласымен жеке жұмыс жүргізілгені үшін материалдық төмен жасау қажеттілігінен қорқу.
Ата-аналардың ойынша, мүмкіндігі шектеулі балалар жақсырақ оқитын еді, егер мектепте келесі жағдайлар жасалған болса:
1) жалпы білім беретін мектептің штатына арнайы педагогтар немесе тьюторлар қосылса;
2) ұзартылған күн топтары ашылса;
3) мектептің штаттық маманы қосымша түзету сабақтарын жүргізсе;
4) баланың жеке даму ерекшеліктері ескерілсе;
5) оқыту процесінде заманауи көмекші аппаратура мен технологиялар қолданылса;
6) мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлғасына сыйластықпен қараса[4].
1.2 Ерекше білімді қажет ететін балалары бар отбасына психологиялық - педагогикалық қолдау
Мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы - бұл ерекше мәртебеге ие отбасы.
Олардың ерекшеліктері мен проблемалары, сол отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерімен, олардың өзара қарым-қатынастарымен ғана анықталмайды, бұл отбасында кемтар баланың проблемалары басым болады, көп жағдайда, мүгедек баланың анасына, жұмыс істеуден бас тартуға тура келеді.
Кішкентай мүгедек балалар оқшау өмір сүрмейді, отбасы, бала үшін анағұрлым жайлы, әрі жақын әлеуметтік орта. Бірақ, отбасында кемтар баланың болуы тәрізді жағдай отбасының кейбір мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, отбасы мүшелеріне мол табыс табу мүмкіндігінен, әлеуметтік белсенділіктен немесе алыс, қымбат жерлерде демалу тәрізді мүмкіндіктерден, бас тартуға тура келеді. Даму мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасылардың, әдетте дәрігерлік және әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктері, олардың әлеуметтік жағдайына сай бола бермейді[5].
Осыған байланысты, әлеуметтік ұйымдардың, мекемелердің қызметкерлері, мұндай отбасыларына әлеуметтікреабилитациялық көмек көрсетеді. Даму мүмкіндігі шектеуді балаларды әлеуметтік реабилитациялау технологиясы, барлық шараларға ата - аналардың қатысуын міндеттейді. Сөйтіп, балалар мен ата - аналарды қатар оқып - үйретеді, ата - аналар үйде баламен жұмыс істеуге, оны әлеуметтік ортада, тәуелсіз өмір сүруге баулуға үйренеді.
Отбасы - баланың тығыз араласатын, ең жақын әлеуметтік ортасы. Отбасында кемтар баланың дүниеге келуі, әрине атаанаға өте ауыр соққы болып тиеді. Егер отбасында дені сау баланың дүниеге келуі, адамзат баласына жаңа бір қуаныш, мақтаныш, рахат сезім әкелетін болса, кеміс баланың тууы керісінше, отбасындағы зұлмат тәрізді бағаланады. Осы жағдай негізінде, ата-аналар арасындағы қарым-қатынастар бұзылады, кейбір жағдайда ата-аналар ажырасады немесе баладан мүлдем бас тартады. Кеміс баланың дүниеге келуі, барлық ата-анаға бірдей әсер етпейді, бірақ басым көпшілігін күшті психологиялық күйзеліске (стресс) ұшыратады, сөйтіп психиканың бұзылуына әкеп соқтырады[6].
Ата - аналардың көпшілігі, күнделікті тіршілікті жалғастыру қажеттілігін сезінеді, біртіндеп күш жинайды, сөйтіп, кеміс баланы тәрбиелеуге кіріседі. Кеміс баласы бар отбасында, толып жатқан проблемалар туындайды: дамудағы кемістіктің қандай көріністе болатыны туралы мағлұматтың болмауы, баланың болашақтағы дамуы туралы болжай алмау, өздері қамқорлық жасай алмайтын уақытта, баланың тағдыры үшін алаңдау; ата-аналардың психологиялық дезадаптациясы; Мұндай баланың дүниеге келуіне кім кінәлі? деген сұраққа, жауап табуға тырысу; кеміс баланы тәрбиелеуден бас тарту мен баланы мемлекеттік мекемеге орналастыру туралы шешім қабылдаудағы сергелдең т.б., сонымен қатар, кеміс баланың тууымен қатар, материалдық және әлеуметтік проблемалар пайда болады, отбасы мен қоғам арасындағы қарым-қатынас қиындайды Егер мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік және моральды - психологиялық қолдау жеткіліксіз болса, мұндай жағдаяттар асқына түсуі мүмкін[7].
Сондықтан, кеміс баланы үй жағдайында тәрбиелеу туралы, атааналарды сауаттандыру жұмыстары жүргізіледі, арнайы әдебиеттермен қамтамасыз етеді. Дамуында қандай бір ауытқуы бар баласы бар ата-аналардың мінез-құлқының бірнеше түрін ажыратады:
- Ата - ананың баланы, оның кемістігімен бірге қабылдауы - баланың кемістігін қабылдайды, адекватты бағалайды және балаға шынайы адалдық көрсетеді, оның кемістігіне деген жағымсыз көзқарас, өзін, баланы кінәлау сезімі болмайды.
- Теріске шығару, мойындамау реакциясы - баланың кемістігі мен мүмкіндіктерінің шектелуі теріске шығарылады, сондықтан, баласының қабілетінің жоғары болуын талап етеді.
- Шектен тыс қорғау реакциясы - бұл тым, күшті қамқорлық жасау, балаға аяныш сезімімен қарау және шектен тыс жақсы көру. Баланың орындайтын істерін өздері орындайды, нәтижесінде, бала өздігімен әрекеттенуге дәрменсіз, өмір бойы инфантильдік деңгейде қалып қояды.
- Баладан жасырын бас тарту, шеттету - мұнда кемістік масқара, ұят болып саналады. Ата - аналар, өздерінің жиреніш, жеккөрініш сезімдерін, шектен тыс қамқорлықпен бүркемелейді.
- Баладан ашық бас тарту, шеттету - мұндай ата - аналар өздерінің жауығу, жеккөру сезімдерін жасырмайды. Ата - аналар өздерінің бақытсыздығына, қоғамды, дәрігерлерді, мұғалімдерді кіналайды, балаға, оның кемістігіне адекватты емес көзқараспен қарайды[8].
Шектен тыс қамқорлық (протекция) пен бас тарту, жасырын немесе ашық шеттету - мұның барлығы, ата-ананың теріс реакциялары, бұлар баланың дамуын тежейді немесе дамуға кедергі жасайды. Мұндай отбасыларына психологиялық қолдау қажет, сондықтан, мұнда әлеуметтік қызметкерлер, арнайы мамандар үлкен рөл атқарады.
Балаға әлеуметтік реабилитация жасауды, оның өзінен емес, ата-анасынан бастаған дұрыс, нақты айтқанда, олардың даму мүмкіндігі шектеулі баланы тәрбиелеуге деген психологиялық даярлығын қалыптастырудан бастаған жөн. Кемістігі бар бала, ата-ана үшін, теріс эмоционалды сезім туғызып қана қоймайды, ол отбасының үйреншікті тұрмысын, өмір сүру жағдайын өзгертеді, отбасындағы басқа балаларға деген көзқарас пен олармен қарым-қатынасты өзгертеді.
Кейбір отбасылар, өзінің кеміс баласымен, ел көзіне түспеуге тырысып, тасаланады, аяушылыққа немесе мазаққа тап болудан қорқады, басқа отбасылармен, туғандармен қарым - қатынастарын шектейді.
Мұның барлығы, қоғамның кеміс балларды қабылдауға даярлығы деңгейіне байланысты, өкінішке орай, қоғам әлі бұған дайын емес. Қоғам, қоғам болғалы, дені сау адамдар мен даму мүмкіндігі шектеулі адамдар арасында болатын, психологиялық кедергі әлі жоғалған жоқ. Бұл жағдайдан, кеміс балалар ғана емес, қоғамның өзі зардап шегеді, себебі адамдардың моральды қатігездігі арта түседі, өзге адамдардың бақытсыздығы мен қасіретіне деген сезімталдық жоғалады[9].
Ата - аналар сау баланың дүниеге келуін күткендіктен, кеміс баланы қабылдауға даяр болмайды, оны тәрбиелеуді ұйымдастыру бағыттарымен мүлдем таныс болмайды. Даму мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларының проблемалары мен кезігетін қиындықтары бірдей. Отбасы, бала үшін маңызды әлеуметтендіруші фактор, оның ықпалы өзге қоғамдық орталардың ықпалынан анағұрлым күшті.
Отбасында, бала ережелер мен тәртіп жүйесін меңгереді, қоғамдық мәдениет пен дәстүрге сәйкес білімдерді, құндылықтарды игереді, өмірлік тәжірибеде қолданады[10].
2 АТА - АНАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, әлеуметтік реабилитация жасау технологиялары, реабилитациялық шараларға ата-аналарды міндетті түрде қатыстыруды көздейді. Осылайша, балалар мен ата-аналар, тәуелсіз өмір сүруге бірге үйренеді.
Әлеуметтік реабилитация технологиялары, кемтар баланың қарқынды дамуына әсер ететін, әдістер мен тәсілдер жиынтығынан тұрады.
Қызметіне қарай, келесі технологиялар түрлерін ажыратады:
Психологиялық (психологиялық үдерістерге, күйлерге ықпал етеді).
Әлеуметтік-психологиялық (адам\топ жүйесіндегі үдерістерді өзгертеді).
Дәрігерлік-әлеуметтік (физикалық күйге және онымен байланысты әлеуметтік жағдайларға ықпал етеді).
Қаржылық-экономикалық (материалдық ресурстармен, жеңілдіктермен, жәрдемақылармен қамтамасыз етеді).
Реабилитацияның келесі түрлерін ажыратады:
Дәрігерлік реабилитация. Бұл ағзадағы қандай бір жоғалған қызметтің орнын толтыру немесе қалпына келтіру, науқастың барысын баяулату немесе тоқтату.
Психологиялық реабилитация. Бұл мүгедектің дарапсихологиялық ерекшеліктерін дамыту мен түзету мақсатында, психикалық саласына ықпал ету.
Педагогикалық реабилитация. Баланың міндетті білім көлемін меңгеруіне, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын меңгеруіне бағытталған, оқу-тәрбиелік шаралар жүйесі.
Әлеуметтік-экономикалық реабилитация. Баланы тұрғын үй, қаржылық қамсыздандыру сияқты, қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету жұмыстары.
Кәсіби реабилитация. Мүмкіндігі шектеулі жастар мен жасөспірімдердің мүмкіндігіне сай, еңбек түрлерімен айналысуын, қажетті техникалық құралдармен қамтамасыз етілуін, баланың тұрмыста, ешкімге тәуелсіз болуын қарастырады.
Спорттық және шығармашылық реабилитация. Спорттық шаралар көмегімен, шығармашылық шараларға белсенді қатыстыру арқылы, балалардың физикалық және психикалық денсаулықтары артады, депрессия жойылады, балалар өздерінің кемістігін ұмытады.
Әлеуметтік реабилитация. Мұнда, әлеуметтік шаралар жүйесі кіреді, яғни ата-аналарға жәрдемақылар төлеу, мүгедек баланы бағу үшін төленетін қосымша төлемақы тағайындау, нақты көмектер беру, жеңілдіктермен қамтамасыз ету, арнайы техникалық құралдармен, протездеумен, салықтық жеңілдіктермен қамтамасыз ету жұмыстары кіреді. Толыққанды және кешенді реабилитация міндеттеріне сәйкес, психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық және әлеуметтік-дәрігерлік жұмыс түрлерін ажыратуға болады[11].
Психологиялық - педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарына жататын:
- баланың психикалық дамуы мен дағды, білікерінің қалыптасу деңгейіне диагностика жасау;
- кешенді және дара реабилитация бағдарламасын жасау;
- логопедиялық түзету жұмыстарын жүзеге асыру, оқу және еңбек әрекеттерін ұйымдастыру және жүзеге асыру, сондай-ақ, әлеуметтік-бағдарлау әрекетін ұйымдастыру;
- ата - аналарға психологиялық кеңес беру;
- ата - аналарды реабилитация негіздеріне үйрету;
- заманауи педагогикалық және әлеуметтік технологияларды меңгеру мен енгізу;
- тиімді реабилитация критерийлерін анықтау;
- әлеуметтік - тұрмыстық бағдарлау әдістемелерін даярлау;
Әлеуметтік - құқықтық реабилитацияның негізгі қызметі:
- бала мен отбасының әлеуметтік потенциалын арттыру мақсатында әлеуметтік қорғау мекемелерімен тығыз байланысты жүзеге асыру;
- мүмкіндігі шектеулі бала мен оның отбасы туралы ақпараттар банкін жинақтау;
- заңдар мәселесі бойынша, ата - аналарға құқықтық көмек көрсету;
- арнайы сапарлармен, аудандар мен облыстардағы балалардың отбасыларына, жергілікті атқару органдарына кеңес беру істерін жүзеге асыру, патронаждың барлық түрлерін қамтамасыз ету;
- балаларды қоғамға кіріктіруде мәдени, спорттық және діни ұйымдарды қатыстыру;
- заңгерлік кеңес беру.
Әлеуметтік-дәрігерлік жұмыстың міндеттеріне кіретіндер:
- балаға реабилитация жасау мүмкіндіктерін болжау мақсатында, психодиагностика жүргізу;
- балаға кешенді реабилитация жасаудың жоспарын құру;
- стационарлық, амбулаторлық және патронаждық көмек беру;
- диагностикалық шаралар жүргізу;
- қажетті мамандар кеңесімен қамтамасыз ету;
- тиімділігі жоғары реабилитациялық технологияларды пайдалану және енгізу[12].
Осылайша, соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік қолдау жүйесінің жұмыстары арта түсуде. Бұған, мүгедек балалардың отбасыларын, әлеуметтік қолдаудың нормативтік-құқықтық базасының кеңеюі мен күшеюі себеп болды, сонымен бірге, бұқара халықтың санасында, бұл мәселе, тек дәрігерлік аспекті ретінде ғана қарастырылса, енді әлеуметтік аспектіден қарастырыла бастады.
Соңғы статистикалық мәліметтерге жүгінсек, елімізде қазір 56 облыстық, қалалық, республикалық ПМПК жұмыс істейді. ПМПК жүйесінің кеңеюіне байланысты, дамуында ауытқуы бар балаларды анықтау мүмкіндігі арта түскен.
Мәселен, 2002 жылы республика көлемінде, бұл балалар саны 115,2 мың болса, 2009 жылғы көрсеткіш - 149.246 мың. 2008-10 жылдардағы Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, даму мүмкіндігі шектелген мектеп жасына дейінгі балаларға, арнайы білім беру мақсатында, 380 түзету және инклюзивтік оқыту кабинеттерін ашу қолға алынған. Қазіргі күні, республика көлемінде 87 кабинет ашылды.
Мүмкіндіктері шектелген бала өсіріп отырған отбасыларға, психологиялық-педагогикалық көмек беретін 119 кабинет, 15 реабилитациялық орталық, 283 логопедиялық пункттер ашылды. 35 арнайы балабақшада және балабақшалардың 228 арнайы топтарында, 10 мыңнан астам бала тәрбиеленуде; 101 коррекциялық мектептер мен жалпы білім беретін мектептердің 820 арнайы сыныптарында, 24 мыңға жуық, мүмкіндіктері шектеулі балалар білім алуда[13].
2.1 Ата - аналармен жұмыс жасаудың тиімді әдіс - тәсілдері
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz