Гобелен тоқу технологиясы


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті
Полещук Инна Владимировна
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000 - мамандығы бойынша «Кәсіптік оқыту»
Шымкент, 2020
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Аймақтық әлеуметтік - инновациялық университеті
«Сырттай, кешкі және қашықтықтан оқыту» факультеті
«Көркем еңбек және бейнелеу өнері» кафедрасы
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
Л. Ахмет
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістері»
5В012000 - мамандығы бойынша «Кәсіптік оқыту»
Орындаған: И. В. Полещук
Ғылыми жетекші
п. ғ. к., аға оқытушы А. С. Ұзақова
Норма бақылаушы М. Ережепова
Шымкент, 202
МAЗМҰНЫ
Кiрicпe . . . 3 1. Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын
үйрету әдістері
1. 1 Гобелен тоқу технологиясы . . . 6
1. 2 Гобелен тоқудағы түстік сипаттама . . . 15
2. Сәндік қолданбалы өнер
2. 2 Қолөнерді халық тұрмысында пайдалану ерекшеліктері . . . 21
2. 2 Қолөнер арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие
беру әдісі . . . 29
Қoрытынды . . . 38
Пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмi . . . 41
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Оқушыларды қоғамдағы жаңа өзгерістер мен өз халқының тарихы, дәстүрі мен тіршілік ету, ойлау жүйесі туралы рухани негізін дамыта отырып, білім меңгеруге, еңбек етуге үйретуге қажет. Осы орайда қазақ халқының қолөнерін дәріптеу, оған мектеп оқушыларын баулу, шеберлігін дамытудың маңызы ерекше. Қазақ халық қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Қазақ халқы өзінің күнкөріс тіршілігіне қажетті үй-жәй салуды, киім - кешек тігуді, азық - түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбе - күн тіршілік барысында орынды пайланса, әсем бұйымдар жасап өмір де, сән - салтанатта құра біледі. Бұдан біз халық шығармашылығының қандай түрі болса да, халық өмірімен, сол халықтың қоғамдық өмірімен, қоғамдық тарихымен, күнкөрісімен, кәсібімен тығыз байланысты екендігін көреміз[1, 68б. ] .
Алайда қолөнер бұйымдарын жасап үйрену, сол арқылы оқушылардың шеберлігін дамыту мәселесі іле де терең зерттеуді қажет ететіндігін айқындадық. Сонымен қолөнер бұйымдарын жасату технологиясын қазіргі замануи талаптар негізінде оқушылардың шеберлігін дамыту жүзеге асыру мен педагогика ғылымында бұл мәселенің қажетті деңгейде зерттелмеуі арасындағы; сонымен қатар орта білім беретін білім мекемелерінде бұл проблеманы ендіруге байланысты педагогика ғылымының теориялық негізі мен олардың шешімін табуға мүмкүндік туғызатын оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасындағы шешілуге тиіс мәселелерді топтау арасында қарама-қайшылықтары бар екендігін байқатты.
Жұмыстың мaқcaты: Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістерін теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибе жүзінде тексерістен өткізу.
Қойылған мақсатқа байланысты келесi мiндеттер шешiлдi:
- Гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістері әзiрлеу барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерi жүйeciн жeтiлдiрудiң жиынтығын нeгiздeлдi;
- Гобелен тоқу бұйым жасау технологиясын үйрету әдістері әзiрлеу барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерiн дaмытудың әдicтeмeciн тәжiрибeлiк тұрғыдa дәлeлдeндi.
Зерттеу болжамы: Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістерін қaрacтыру.
Жетекшi идея: Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістерінің мүмкiндiктерiн дамыту.
Зерттеу әдiстерi: Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету, гобелен тоқу элeмeнттeрi зeрттeлiнiп, тoптacтырылды.
Зерттеу пәні: Кілем тоқу және гобелен тоқу негіздері
Зерттеу жаңалығы гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістері барысында оқушылардың көркемдiк талғамын қалыптастыру мүмкiндiктерi aрқылы зeрттeу жүйeлeндiрiлдi.
Зeрттeудiң теориялық және әдiстемелiк маңызы
Дeрeк көздeрiнe нaқтылы жәнe caлыcтырмaлық тaлдaу жacaу, этнoпeдaгoгикaлық, этнoпeдaгoгикaлық мaтeриaлдaрды жинaқтaу жәнe өңдeу, әдicтeмeлiк құрaлдaрын пaйдaлaнудың oзық пeдaгoгикaлық тәжiрибeлeрiн oқып-үйрeну; oқушылaрдың шығaрмaшылық қaбiлeтiн дaмытудың иннoвaциялық әдicтeрiн тaлдaу мeн oны ғылыми нeгiзiндe зeрдeлeу, бaғaлaу; тәжiрибeлiк жұмыc нeгiзiндe зeрттeу мeн oның нәтижeлeрiн aнықтaу.
Жұмыстың құpылымы және көлемi: Диплом жұмысы кiрicпeдeн, eкi тaрaудaн, қoрытындыдaн, әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
1. Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға гобелен тоқу технологиясын үйрету әдістері
1. 1 Гобелен тоқу технологиясы
Қолөнердің әсем туындыларының еңбек туындыларына рухани тіл болатын эстетикалық тағылымға қанағаттандыруда, сұлуда әсем, тиімді, ұстанымды ұлттық киімдер, үй жабдықтары, гобелендер жатады. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, неше түрлі қолөнер мен тоғысты. Гобелен тоқылатын бұйымына, сапасына, бояуының түріне қарай әр алуан атауларға бөлінеді. Атап айтқанда: текемметтер, сырмақтар, киіз басу, гобелендер.
Гобелен негізінен көркем шығармашылық туынды. Гобелен өнерінің түрлері де аз емес. Гобелен түкті және тақыр кілем тоқу, әсіресе Сыр бойында, оңтүстік аудандарда кеңінен дамыған. Қазіргі кезеңдерде шетелдердің кілемдеріне еліктеп, соларға ұқсас кілем тоқылғандықтан, кілемнің түрлері өте көп. Негізінен қазіргі қолданыста көбінесе екі түрі өз талғамымен техникасы жанашалап тоқылып жүргендер аз емес.
Түк салу- жоғарыда аталған кілемдердің бәрі түкті кілемге жатады. (әндіжан, бұхар, түркімен, парсы, араб. ) Түркі кілемді тоқу асқан шеберлікті қажет етеді. Жүнді өрнек жібінен сәл жуандау етіп, бірақ бос иіру керек. Кілем түгіне арналған жіпті біз дайындап аламыз, желіге орап, қаттылап екі жағынан тартамыз. Бір қатарға кергенше түгел түп шалынып болған соң түкшелерді шанышқымен ұрғылап нырғылаймыз. Мықты болу үшін араларына желі жіп өткіземіз. Әдісі: екі жіпті арқау жіпке орап астынан аламыз. Түк салынып болған соң шанышқымен соғып нығырлаймыз, артынан кесіп тастаймыз. Түгінің ұзындығы 5-7 мм болу керек.
Теріп тоқу- желі бойынша түк салынбай арқау өткізу арқылы тоқылады. Түсті жіпті кілем өрнегінің ретіне қарай өткізілмей отырып тоқиды.
Түкті гобелен- кенеп матаны ағашқа керіп, жобаны кенеп матасына түсіріп, инені сабақтап, шыққан жіпті түйіншіктеп, жіпті шымшып ұстап қалу.
Тақыр кілем- жібі терме алашаға иіргендей ширатылған түксіз кілем. Тақыр кілем өрнегіне өз атынан- ақ көрініп тұрғандай түк салынбайды, Кілем түріне арналған жіп, желі жібіне ұқсас иіріліп, ширатылады. Бұл кілемді тоқу үшін көптеген кілем жабдықтары қажет. Олар: адарғы тарақ, тартпа, отырғыш, кесермен пышақ, қайшы, желі жіп, арқау, түкті жіп, арқау, түкті жіп, түкті жүндер т. б. Алаша- әр түрлі жіптерден өрмек арқылы жолақтап немесе өрнектеп тоқитын тақыр кілем. Ол жай және терме алаша болып бөлінеді. Жай алаша- көп мәнерлі геометриялық өрнектер салынып тоқылатын алаша. Алаша- бүктеуге жайып салуға қолайлы мүлік. Әрине гобелен тоқылу техникасы өте көп-ақ. Гобелен өнерінің өзі сонау парсы елі Египет елінен тарағанда египеттік бағытта да тоқылатын әдіс түрі бар. Өзіміздің Қазақстан елімізде тықыр мен түкті гобелендеріміз қолданысқа ие. Гобеленнің атасы Қ. Тыныбековтың өзі де көбіне көп тықыр техникасындағы гобелен түрін дамытқан. « Өнерлі өрге жүзер» дейді халық. Тоқыма өнерін тоқуды қолөнердің өзіндік қырсыры мол, қиын әрі озық түрлерінің бірі десекте, осы өнерді үйреніп жүрген әр адамның қанат бітіріп, сұлулық, әдемілік, әсемдікке жол табады. Біздегі тоқыма өнерінің түрлері кестелеп өрнек салу, киіз басу, кілем тоқу осының бәрі түптің-түбінде жаңа қолданбалы өнердің қалыптасуына негіз болды. Қазіргі уақытта гобелен өнерінің нағыз қызу қарқында даму десек қателеспиміз.
Жалпы гобелен дегеніміз бір сөзбен айтқанда, сурет салып тоқылған кілем. Гобелен тоқуда сюжеттік суреттер салу жолдары іздестіріледі. Көркем композицтялық туындының алғашқы үлгісі тақырыптық мазмұнға сәйкес болуы керек.
Мұнда гобелен тоқу негізінен кендір жіп, ас өсімдіктері және жүнен иірілген жіп пайдаланылады. Гобелен тоқуда қойылатын талаптар:
1. Композициялық құрылымды анықтау.
2. Жобалық шешімнің нақты шешімін табу.
3. Бояу үндестігін үйлестіру.
Прибалтика елдері гобелен тоқуда композициялық суретті толқын тәрізді бедерлесе, ал Кавказ гобелен тоқымашылары өз шығармаларында тарихи оқиғаларды, эпостарды бейнелеуге тырысты. Ресей суретшілері гобеленді тықыр кілем үлгісімен тоқып, оны сюжеттік суреттермен бедерлеген. Қазақ қолөнершілері айтқандай тоқу ісіне көбінесе жүннен иірілген жіптерді пайдаланған. Ондай жіптер көбіне ешкі, қой, түйе түбітінен иіріледі.
Тоқыманың тоқу барысы ұзақ жұріп отырады. Дәстүрлі толық жасырылу негіз және көрініп тұрған жоқ ең басты жүн, зығыр, мақта, капрон, арқан, провалка-жіп қызмет етеді. Негізгі жіптері арқылы өтетін мынау түрлі түсті ою өрнек әдеттегі жүн және жібек қолданылды жүн және зығыр жіп. Кілемде практикалық кез келген материал жүн, жібек, мақта, мата, синтетика араласқан жіптер, натуралды тері, қағаз жолақтары мүмкін. Ең алдымен рамаға кенеп жіппен гобеленнің негізін керіп аламыз. Жіп бір қалыпты керілуі керек. Содан кейін көлденеңінен бір жіпті астына, бір жіпті үстінен өткізу арқылы картонды орнатамыз. Гобеленнің тоқылуы полотно, алаша тәріздес айқас өткізулермен тоқылады. Раманның көлемі тоқылатын гобелен өлшеміне байланысты болуы керек. Гобеленді негізінен көргенде жіптердің арасы 3мм аспауы керек және жіптердің арасынан саусағыңыз еркін өтуі керек. Гобеленге сурет салып гуашпен дайындап алыңыз. Жіптің арақашықтығы 3мм аспауы керек керілетін жіп матадан немесе зығырдан жіп болғаны дұрыс себебеі ол жіптер нағыз үзілмейді. Керілген жіп не қатты, не бос болғаны жөн. Жіпті станокқа үзіліссіз орау керек. Картонды өткізіп оның денгейі мен оны солға дейін түйіндейді. Бұл гобелен тарқатылып кетпеуі үшін қажет. Осы әдісті гобелен тоқылып біткенде қайталанады. 1-2 см деңгейде ақ кенеп жіппен тоқып шығады. Осыдан кейін қажетті сурет жіп керілген раманың артқы бойына қозғалмайтындай етіп бекітіледі. Гобелен тоқудың әр түрлі әдіс тәсілдері бар. Суретті тоқып біткен соң жұмыстың басында тоқылған ақ жолақты қайта тоқимыз. Осыдан кейін кенеп жіппен қазық баушалап түйінделеді де станоктан гобеленді бір келкі етіп қиып аламыз. Гобелен бетін қосымша заттармен әсемдеуге де болады: бау, моншақ, түйме, құстың жүні, тағы да басқа салт дәстүрі бар, әлі де жалғасып келеді. Бүгінгі ұрпақтың көз қарасымен заман талабына сай өнердің тамыры тереңге жайылып биікке құлаш сермеп бара жатқаны көңіл қуантарлық жай. Заман талабына сай жана өнерімен ұштастырып, шеберлікке үйретіп тәрбиелік мән беріп әсемдікке баулуымыздың олардың болашағы үшін маңызы бар.
Жасалған затына қарай бұрын инені бірнеше түрге бөлген. Бұрынғы шеберлер жіптерді басқа елдерден: Қытай, Ресей, үнді мемлекеттерінен керуен арқылы әкелінген мақта және жібек жіптері қолданып отырған. Кейде жіпті суыртпақ арқылы да өздері дайындап алған. Суыртпақ- мақтадан тоқылған өңді матаның бір шетінен ыдыраған ұшын суару арқылы бір- біріне жалғап жіп. Қазір арнайы дұкендерде мақта және жібек, сонымен қатар синтетикалық жіптердің сан алуан түрлері сатылады.
Тоқыма жіптердің біренше түрлерімен кестеленеді: жіңішке мақта, жібек, жуан жүн жіптер. Әр түрдің өзіне тән сипаты мен айырмашылықтары бар. Сіз таңдап алған жіптер ( мақта, жібек, жүн, металл) сіздің талғамыңызбен таңдауыңыз бойынша таңдаған матифтеріңіздің өзгешеліктерін келтіруге көмектеседі. Гобеленге қолдантын жіптер жайлы айтсақ. Жаңадан бастап жана үйренушіге тоқыма жіптерге қолайлы тоқыма жіптермен кейінірек әбден қолыныз жаттыққан соң тоқығаныңыз жөн. Өркениеттің дамуына байланысты гобеленнің түрі де, пішіні де өзгеруі мүмкін. Сән үлгісінің демократияландырылуы гобелен тоқудың жаңа үлгілері технологиясының дамуына себеп болды, оның функционалдық, рационалдық, экономикалық қасиеттері аса бағаланды.
1. 2 Гобелен тоқудағы түстік сипаттама
Қазіргі уақытта гобелен өнерінің нағыз қызу қарқынды даму сатысы десек қателеспейміз. Гобелен өзінің композициялық бағыты мен әсем құндылығымен жылдар, ғасырлар бойы сақталып келеді. Қазіргі кезде гобелен біздің елімізге жанашалап, жана бағытта жеткізіп отыр. Жалпы гобелен дегеніміз бір сөзбен айтқанда, сурет салып тоқыған кілем. Ең алдымен жобалық шешімнің нақты композициялық құрылымның шешімін тауып алдым. Гобелен тоқуда пейзаждық суреттер салу жолдары іздестіріледі. Эскиз- картинаның немесе этюдтың нобайы. Жұмыс уақытында нобай көмекші материал ретінде қолданылады. Композициялық үйлесуі мен түстердің үйлесімін қадағалап отыру қажет.
Қоршаған табиғи орта асқан сұлулығымен, ғажайып көркемдігімен, сан құбылатын нақышымен көз тартады. Табиғат көрікті: көмкерілген кемпірқосақ, көк орай шалғын дала, жап- жасыл орман, қазбауыр жөңкей көшкенбұлттар, бауырқанған толқынды теңіздер мен айдын шалқар көлдер, арайлап атқан таң мен қызара батқан күн- бұлардың бәрі ең алдымен оның алуан түсті реңіне байланысты. Жан дүниені баурап, көз қуантып, көңілге нұр ұялататын табиғаттың осындай ғажайып көріністеріне не жетсін.
Сан түстері бір жүйеге келтіру жолында алғашқы қадамды Ньютон жасады. Ол жарық сәулесін призмадан өткен кезде жеті түске бөленетін: көк, күлгін көк, күлгін, қызыл, қызғылт сары, сары жасыл деп анықтады. Күлгін мен қызылдың арасында алқызыл түс болуы тиіс. Бірақ ондай түс спектрде жоқ. « Түс затты анықтайды, ол декоративті қасиеттерге әсер етеді. Белгілі формасыз ақ түс әртүрлі күшті әуенгеде әсер етеді. Түс руханилыққа да ықпалын тигізеді. Онда қуанышпен мерекенің элементтері бар. Қаралау түстер меланхонияны, қайғы мен қуанышты білдіреді. Ақ түс - кінәсіз пәктің белгісі. Ашық қызыл шектен тыс қаталдықты, ал көгілдір- уайымның айғағы. Бояулардың қасиеттері бірін- бірі толықтыра күшейтеді, олар гармония құрайды».
Түс ұлттық дәстүрмен де байланысты. Темпераменті күшті оңтүстегілер ашық, қуанышты білдіретін түстерді ұнатады, ал солтүстіктегілер, керісінше қаралау, қарапайымдыларың ұнатады. Түстер жан- дүниеге түрліше әсер етеді:сары түс қуанышты білдіріп, жылылықты сездіреді, бірде ылғалдық пен салқындықты сездіреді, жасыл адамды тыныштандырады, қызыл түс адамға ерекше бір салтанатты көрініс елестетеді.
Жылы түстер - сары, қызғылт сары, қызыл. Бұл түстер жер бетіндегі жарық пен жылудың екі ғана көзі-от пен күн түсі. Жылы түстер тобына келесі түстер жатады: қызыл қоңыр. Жасыл екі түскеде бағынышты.
Әрине, біздер күн жарығы мен жылусыз жер бетінде өмір болмауы мүмкін екенін білеміз. Сондықтан бұл түстер жылу, жарық түсініктерін тікелей мағынада ғана емес, сонымен қатар неғұрлым кең мағынада жақсылық, қуаныш, жарқын ой, шынайы жомарттылық және махаббат сезімі, көктем, бақыт, ғажайып жарқын арман, жалпы адамдардың өмірде ұмытылатын жақсылықтары сияқты кең мағынада ашып көрсетеді[4, 65б. ] .
Жылы түстерді тербелген жалынға, қызарып батқан күнге, қызған көмірге, шоққа теңеуге болады және ол алтын күз, піскен жеміс түсі десек қателесеміз.
Жылы түстер ерекше сезімталдықты, қозғалысты білдіреді. Бұл түстердің тағы бір мүмкіндігі- олардың киім түсіндегі, көріністегі, табиғаттағы тартылымдылығы. Олар жылылықты, тыныштықты, үндестікке, молшылық пен қуанышты иеленеді.
Бояу сипаттамасы. Қазақ ұлттық түсінігінде бояу түсін қабылдау ерекшелігі ең алдымен тарих тұңғиығында бастау алатын философиялық және психологиялық ғылымдарымен тығыз байланысты. Әр ұлттың жанына жылы тиетін, айрықша қастерлейтін өз бояуы, өз түсі болады. Соған орай, ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Ұлттық бояу сол халықтың табиғи болмыс-бітімінен хабар беріп тұрады. Қазақ дәстүрінде бояу түсі кез-келген заттың, ою-өрнектің тағы басқалай нәрселердің мазмұнын, мағынасын ашады. Бұны әсіресе қазақ кілем бұйымдарынан анық аңғарамыз. Ертеде ою-өрнектегі бояу түсі солғындау, күнгірт болса, онда қыздарының барған жеріде көңілі қош болмағаны; ал кілемдегі бояу түсі қанық, көңілге қонымды болса, бұл қыздарының жағдайы жақсы, жайдары болғаны. Бұл кілемдегі сан алуан түстердің адам көңіл-күйін, өмірін баяндайтынын көрсетеді. Қазақ өнеріндегі бояу композициясының көркемдігі, ұшқырлығы мен оның қандай да бір идея әуенінен туындайтыны-өнердің әсерлігін байқатады. Бояу үйлесімдігі, үндестігі, шешімі барлығы адамның көру түйсігіне, сезіміне орай қабылданып, белгілі бір ой- идея туғызады. Қазақ өнерінде « ақ бояу» түсінің көп қолдануы белгілі бір обьективті шындық, заңдылықтан туындаған. «Ақ түс»- бейбітшілік, адалдық, ақиқат, қуаныш, бақыт нышаны. Бұдан бояу түсінің күрделі роль атқаратынын, ондағы ой мен идеяны бейнелеу арқылы байқаймыз. Демек, бояу түсінің ұлттық өнерде түрлі мәнерде қабылдануы-ұлттың өзіне тән талғамы мен татымы болса керек[5, 88б. ] . .
Абстаркция - ХХ ғасырда қарқындап дамыған басты көркем бағыттардың бірі. Абстракцияда белгілі бір мазмұн не мағына болмайды, ол- сызықтар, түстік дақтар, түрлі пішіндер секілді жалпы элементтер құрылымынан тұратын шығарма. Абстракцияда суретшінің субьективті әсері, қиялы арқылы туындайтын еркін ой мен ой қозғалысын және сезім күйін көруге болады. Ал арнаулы бағыт ретінде ХХ ғасырдың басында Еуропаның көптеген елдерінде қатар дамыды. Осы қозғалыстың негізін салушы және рухани жетекшілері ретінде Василий Кандинский, Казимир Мальевич, Робер Делон секкілді суретшілерді атап кетуге болады. Абстракция пайда болғаннан бастап, онда негізгі екі сызық ерекшеленді: біріншісі-геометриялық немесе логикалық абстракция. Мұнда кеңістікті геометриялық пішіндердің, түстік аймақтармен немесе жазықтармен, тік немесе сынық сызықтармен беруге болады; екіншісі - лирикалық-эмоционалдық абстракция, мұнда, композиция еркін пішіндерден, ырғақтан құралады. Абстракионизм көркем туынды ретінде жаңа саулет өнерінің стильдік ерекшелігі мен дизайнға, өндірістік, қолданбалы сәндік өнерге де айтарлықтай әсер етті.
Яғни сөздік сипатттама немесе сурет, схема түрінде көрсетіледі. Оқушы солардың бәрінің шындық бейнесін өзі әрқашан көз алдына келтіріп, қайта құруы керек мектепте жүргізілетін сабақтардың барлығында үйретіледі.
Яғни, түр, түс және жарық пен көлеңке, дыбыс ерекшеліктері мен ырғақтарды білуді қажет етеді.
Айталық, көркем сөздегі мәнерлі де сиқырлы, сырлы сөз білуі, жанрлық ерекшелікпен өнерге тән әдістерді, олардың тарихи шарттылығы дегендерді керек етсе, сурет салу бояу түсін, бір нәрсені не оқиға мен құбылысты көрсетуде белгілі бір тұтастық сақтау, оны көрсету жолдарынжетік меңгеруді талап етеді. Осы айтылғандар арқасында адамда талғампаздық пайда болады. Эстетикалық белсенділік туады. Ал мұның бәрінің іске асуы бала көркемдеп қабылдай алғанда мүмкін[8, 68б. ] . .
Жұмыстың түрін таңдай келе, гобелен тоқу бағытындағы тақырыбын таңдап алдым. Ендеше ғасырлар бойы өзін-өзі ақтап, дүниежүзілік көркемөнер саласында ұрпақтан- ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келген тоқымашылық өнерін мейлінше насихаттай отырып, қолөнердің басқа да түрлері сияқты солармен бірге дүкендерде сатылуына кең жол ашу бүгінгі күннің талабы. Оның әртүрлі хас шеберлердің қолынан шыққан ажары, әсемдігі, жасалу шеберлігі, қилы-қилы нұсқалары самсап тұрса тіпті ғажап. Ал нағыз шеберлер тоқымашылар бала жастан оқып, үйреніп, көп еңбектенудің арқасында шыңдалады. Зерттеу жұмысы бойынша қорыта келе көз жеткізген мәселе, бұл- дүниежүзі халқына ортақ тақырып, соның ішінде гобелен тоқу өнері қай кезде өзінің құндылығын жоймайтындығына көз жеткіздік.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz