Тері илеу технологиясы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Әрбір мемлекеттің мәдени - экономикалық дамуы қайсы бір тарихи кезеңде болмасын ондағы кәсіптік білім беру жүйесімен байласынты. Қазіргі өнім өндіру қызметі жаңа технологияға негізделген экономикалық жүйеге ұмтылуда. Кәсіптік білім алудың әлемдік, көкейкесті мәселері Қазақстан Республикасына оа ортақ. Үшінші мыңжылдық табалдырығына адамзат қоғамы ақпараттық техникамен қаруланып, өзінің еңбек дәстүрлеріне үлкен өзгкерістер енгізуде. Техника арқылы адам ақпаратты, құнды тауарға айналдыра бастады. Соған байланысты кәсіптің жаңа түрлері пайда бола бастады. Сондықтан жа жалпы білім беретін бағдарламаға кәсіпті игеруге қатысты басқа да білім аясымен байласыну қажет. Жеке бас пен табиғатқа қатысты барлық проблемаларды қамту керек.
Елімізде жаңа экономикалық арнаға көшу мәселесі қолға алынып, көптеген өзгерістер болып жатқанда, мектеп өмірінде көп бастама, жаңа түр, жаңа мазмұн, жаңаша еңбекті ұйымдастырудың, әсіресе, нарық жағдайында оқушыны еңбекке даярлаудың әдіс - тәсілдерін анықтау мүмкіншілктерін пайдалану керек [2, 47 б.].
Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлау процесі заңымен үйлестіре отырылып, күрделі өзгерістер негізінде яғни, концептуальдық деңгейде жүргізілуі тиіс. Концепцияны жасауда тек өзінің жетістігімен шектеліп қан қоймай, өзге елдің теориялық біліммен мол қаруланып, олардың практикалық іс - әрекет барысында кемшіліктерден сақтануға көмектеседі.
Оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлау жүйесінде талдау жасау, жаңа жүйенің қайта жаңғырту, қалыптасу кезеңдері де болады. Ал, еңбекке және кәсіпке даярлау процесі қазіргі заман мәдениетіне сай болып келуі үшін алдымен оған жан - жақты талдау жасауы оның дамуын айқындап, жаңа үлгілер мен жобаларды жасауға негіз қалайды. Сұраныс пен материалдық жағдай, сондай - ақ оқушыларды еңбекке және кәсіпке даярлаудың міндеттері, мазмұны, тәсілдері мен ұйымдастыру түрлернің әр кезеңге тән өзіндік ерекшіліктері болады. 4, 149 б.].
"Технология" интегративті білім саласы ғылыми - жаратылыс, гуманитарлық - технологиялық, жалпы адамдық және мәдениеттік мәселелерді қарастыруға қолайлы келеді. Себебі, жалпы мектептерде оқытылатын интегративті пәндерде оқушыларды өмір сүру рамкасында белсенділігін арттыруға даярлау дың мүмкіндігін тудырады. Бізідңше қазіргі заман мәдениетін екі жақта қарастыруға болады. Біріншісі - материалдық, екіншісі - рухани. Бірақ талап бойынша "Технология" интегративті білім саласында адам өміріне қажетті болашақтық технология жайында ақыл - ой, сезімдік әркеттері жүйесін қалыптастыру; жанұя шаруашылығы мен экономикасын жүргізуге қажетті білім мен іскерлікті таныстыру; қазіргі өндіріс негіздерімен, қызмет көрсету әдістерімен таныстыру; оқушылардың өз бетімен шығармашылық жұмыс жүргізе білуін дамыту; нарықтық экономика, менеджмент, маркетинг салаларына қатысты негізіг ұғымдарды меңгеру және оларды өз өнімдерін іске асыру мен қызмет көрсетуде қолдануға мүмкіндік беру; бұйымдарды еңбек объектісі ретінде пайдалана алуға және сәндік қолданбалы өнер негіздерін кәсіпке оқыту мазмұнын ескеру қажет болып саналады.
Мәдениет - халықтың шығармашылығы. Мәдениет дегеніміз - адамның өзін, қоғамды, әлеуметтік қатынастарды жасау процесі. Адамдық әрекет шеңберіне қамтылған қоғамдық функцияларға: пайдалыға, қажеттіге, әдеміге, ыңғайлыға айналып біздің тіршіліміздің тіректері болады. Оқушыларды кәсіптік еңбекке даярлауда педагогикалық әдебиеттерді зерделеу арқылы оқушыларды ыждаһатты, жігерлі және жан - жақты дамыған тұлға етіп тәрбиелеу және оқыту үрдісі барысында оқушылар даярлығының қолданбалы экономикалық жағын күшейту мәселелері ескеріледі. Қазіргі уақытта әлеуметтік және қоғамдық өмірде болып жатқан елеулі өзгерістерге байланысты бұл тақырып әлі де болса тереңірек зерттеуді қажет етеді. Соның бірі, жастарды тіршілік иесі ретінде сыртқы сұлулықа тәнті болып қана қоймай, оның ішкі мазмұнына ерекше мән адам тұрғысының барлық жағына қатысы бар мәселелер және біз, зерттеу жұмысымызда ҚР елбасы Н.Назарбаевтың 5 - сәуірде Қазақстан халқына жолдауында атап көрсетілгендей "Жастарды өз халқының тарихи мұраларын сақтау және оларды оқу - тәрбие үрдісінде септігін тигізетін білім мазмұныда ескеріп отыру қажет" - жолдауы да ескерілді. Себебі, ертеден - ақ данагөй қариялар жас ұрпаққа ата - баба дәстүрін қасиетті танымдары мен сенідерін баян етті [5,129 б.].
Зерттеу мақсаты: Тақырып бойынша әдебиеттерге талдау жүргізу. оқушылардың сәндік қол өнер арқылы шығармашылығын арттыру жолдарын зерттеу, теориялық негіздеу, тәжірибелік тұрғыда дәлелдеу.
Зерттеу объектісі: Жоғары сыныптардағы педагогикалық процесс, мектептен тыс жұмыстар.
Зерттеу пәні: Кәсіпке баулудың арнайы технологиясын оқыту әдістемесі
Зерттеу міндеттері: Дерек көздеріне нақтылы және салыстырмалық талдау жасау; психологиялық - педагогикалық бақылау әдістерін пайдалану; интерактивті материалдарды жинақтау және өңдеу, әдістемелік құралдарын пайдаланудың озық педагогикалық тәжірибелерін оқып-үйрену. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың іс-әрекетін зерделеу, сұрау және бағалау, іс- тәжірибелік жұмысын зерттеу және оның нәтижелерін талдау [6, 12-18 бб.].
Зерттеудің тәжірибелік базасы: Тәжірибелі эксперимент жұмысы Шымкент қаласы, № 6 мектебінде өткізілді.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

1.Тері илеу технологиясы.

Теріні құрымға салу, ысқа ұстау .Торсық (саба, көнек...) жасау.Тері илеу.Тері бояу.Былғары өңдеу: көксауыр, былғары.Саптама.Шоңқайма.Көк етік. Кебіс. Мәсі. Тарамыс.
Халық тұрмысында мал терілерін қарапаиым жолмен ұқсату көптен бері келе жатқан тәсілдердің бірі. Сондықтан бұған байланысты турлі-түрлі ұғымдар туды. Мысалы, ірі қара малдың иленбеген терісін шылғи тері немесе шылғи қайыс, ал тері иленіп ұқсатылғаннан кейін оны қайыс деп атайды. Шылғи қайысты ұқсатудың екі түрлі жолы бар. Бірі -- оның жүнін сылып тастап пайдалану, екіншісі -- теріні жүнін сылымай-ақ пайдалану. Жүнді терілерден тулақ, тайтері, бөстек, тұлып, қауға, шанаш, мес, дорба, шарқай, т. б. жасалады. Жүнін алып тастаған терілерден көк, өкше сірі, көн, дабыл жасалады. Құрымға салынып, ысқа ұсталып, құмға қатырылған теріден саба, торсық, көнек, шанақ істеледі. Иленген теріден көксауыр, таспа, қайыс, қапшық, құлын, жарғаң, бота ішік, шідер, жүген, айыл, тартпа, тамақбау, құлақбау сияқты нәрселермен қатар, былғары, ұлтан, опайке, шегрен, көзел, етік, мәсі, кебіс, қоржын, тоқым, ертұрман, тон, шалбар, шамадан, тақия, көпшік, белдік, кісе, кейде тұс киіз сияқты келемді заттар да жасалады.
Ірі қараның терісі әрбір іске арнайы пайдаланылған. Соған қарай олардың әр түрлі атаулары бар. Мысалы, сиыр терілерін қолөнер шеберлері сиыр терісі, егіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп төртке бөліп атайды да, әр терінің өн бойы -- жондың, қабырғалың, үйек бас тері, пұшпақ, мойын болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылқы терісін -- бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөледі. Түйе терілерін атан терісі, бота терісі деп екіге ғана бөледі. Атан терісі, өгіз терісі және олардың жондықтары қол істеріне ең қолайлысы. Қой терілерін: жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ терісі, сеңсең, елтірі, мари, жылбысқа тері деп он түрге бөліп атайды. Осы терілер киім түрлерінің бәріне жарай береді. Ешкі терілерін - жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, лақ мариі деп бөледі. Ешкі терілері төзімді келеді. Сондықтан одан алуан түрлі киім тігеді, бөстек, тулақ, торсық, саба, қапшық жасайды.
Теріні ысқа әзірлегенде сиыр, жылқы, серке терілерінің пышақ кескен жері жоқ бүтінін таңдап алады да, жүнін ұстарамен сыпырып тастайды. Содан кейін 2 -- 3 күн шошаланың төбесіне жайып не киіз қайнатқан құрымға салып қояды. Тері ашты құрымның күшімен иленген сияқтанып ширығып, шымырлана түседі және қара қошқыл өңге енеді. Содан кейін оны сорғытып, аз құрғатып үлгіге салып отырып сабаға, көнекке, иықты, емізікті торсықтарға, кеукеріндерге, қауғаға арнап пішеді де терінің қыртысын сыртына қаратып шуда жіппен жиі жөрмеп тігеді. Ертерек кезде жақсы торсықтарды тарамыспен тіккен.
Мал терілерін илеу үшін үлкен күбіге немесе шелекке ашытқы ашытып, теріні соған салып илеу. Мұны малма дейді. Ал иді қатықтан, айраннан, не езген құрттан, не құрттың сары суынан, кейде ашытқан көжеден, немесе ұнға тұз қосып та жасайды.
Теріні бір рет суық суға жуып тазартады. Одан кейін күбідегі иге салып, күн сайын бірнеше рет сапсиды (шайқайды). Иге салынған тері иге түгел батырылады. Олай болмаса терінің иге батпаған жері қара қайыстанып, бырысады да, кейін пішіп тігуге жарамайды. Қой, ешкі терілері иде 6 -- 9 күн, ірі қара терілері 15 -- 20 күн жатады. Терінің иі қанғанын білу үшін оны қолмен тырнап қарағанда тері қыртысы қалыңдап, ет қыртысы кәшіп тұрады. Иден шыққан теріні көлеңкеге бір рет кептіріп, соңынан сақармен жуып тазартады. Малмаға салған терінің жүні үйысып, білтеленіп қалады. Оны ажырату үшін кепкен соң жұмсақ шыбықпен сабап сілкеді. Кейде сирек тісті тарақпен тарайды. Теріні аз тобарсыған соң уқалай отырып, қолдың жылуымен кептірген жақсы.
Иленіп, кептірілген теріні қырады.Теріні қыру үшін жұмыр ағаштың бір басын қабырғаға, не діңгекке сүйеп, бір басын көлбете жерге тіреп қояды да, оның үстінен биязы шекпен, не брезент жабады. Оның үстіне ет жағын сыртына қаратып теріні салып қырады. Терінің еті тез көшіп түсуі үшін, оған не ұн, не ұнтақталған бор сеуіп қырады. Қырғы шалғы орақтан немесе жүзді темірден жасалады.
Теріні и жағып та илейді. Ол үшін иленетін заттың көлемі шағын болуы шарт. Сеңсең, елтірі, лақ елтірісі, бота терісі мен ұсақ аң терілерін жағып илейді. Бұларға жағылатын да жоғарыда айтылған и. Қоян, түлкі, бұлғын, қарсақ, тиін сияқты өңі жұқа аң терілері өте тез иленеді. Оларға и жағылғаннан кейін 1 -- 2-ақ күн тұрады. Аң терілері бітеу сойылып, оның жүнін былғамай, өңін шыңылтырландырмай илеп алады. Мұны сабаулау деп атайды. Мысалы, жаңа сойылған түлкі терісін теріс айналдырып, құрт пен тұз жағады да, ішіне екі сабауды сұғып, кергілеп толғайды. Бұл тәсілмен ұқсатылған түлкі терісі 7 -- 8 сағат ішінде тымақ тігуге әзір болады. Аң терісін қырғыштамайды, қалың көк еттері мен майларын қолмен алып тастайды.
Тері ұқсатушылардың арасында ең көп тарағаны және теріні ұқсатудың тиімді тәсілі -- қабыққа салып бояу. Теріні қабыққа салып бояу үшін талдың, еменнің, қара мойылдың, кейде май қарағайдың қабықтары да жақсы. Оларды жасамалы ағаштардан күздігүні әзірлейді. Тік тұрған ағаштың қабығын сыдыру ағашқа үлкен зиян келтіреді. Сондықтан бояуға алынатын қабықты кесілген ағаштардан жинайды. Жиналған қабықты жылы сумен жуып, кепкен соң темір келіге салып түйеді немесе қол диірменмен тартады. 11-12 қойдың терісінен тігетін үлкен тонды бояу үшін осындай ұнтаталған 4 -- 4,5 кг қабықты бір жарым-екі шелек суга салып, тұзын татытып қайнатады. Қайнау мен суалдырудың мезгілін қайнап шыққан қабық бояуының түсуіне және қоюлығына қарай белгілейді. Су аз құйылғандықтан бояуы шықпай, қабықтар құрғап бара жатса, үстеп су құяды. Мұның керісінше, кейде оның суы көбейіп, бояуы өте сұйылса, қосымша қабық ұнтағын салып қайнатады. Ал қайнауы қанып, қажетті түсі мен қоюлығы жеткен соң от жағуды тоқтатып, қабықтың ұнтағын сүзіп алып тастайды. Қайнатылған бояу тері күйместей қанжылым болған соң теріні бояй беруге болады. Бояудың қою-сүйықтығын бірқалыпты етіп, қыл сыпыртқымен немесе кірі жоқ киіз қырдасынмен теріге жағады. Боялған теріні бояуын бойына сіңіру үшін бір-екі сағат өңін ішіне келтіріп бүктеп қояды. Бүктеулі жатып дегдіген теріні желге, көлеңкеге, ыстық үйге жайып кептіреді. Кептіргенде ол шыңылтырланып құрғап қалмас үшін теріні тобарси бастаған соң-ақ қолмен уқалап созғылайды.

1.2Теріден былғарыны сыйлық бұйым жасау технологиясы.

Теріні бояудың басқа түрлері -- томар бояу, қынамен бояу. Боялған теріден әсем киім,тұтынуға қолайлы түрлі мүліктер жасалады. Соның ішінде әсіресе төрт түлік малдың терілерінен көп киім тігіледі. Бұларды өң киімдер деп атайды. Өйткені бұл киімдер өте жылы болады. Қой мен ешкінің терісінен тон, шалбар, үлкен қойдың терісінен ішік, сеңсең ішік, елтірі ішік, лаң терісінен ішік, бөкебай ішік тігіледі. Қозы, лақ терлерінен тымақ, бәрік, құлақшын тігеді. Сондай-ақ жүнін сыртына қаратып, құлын терісінен тіккен ішікті (доханы) құлын ішік деп, ал жүнін ішіне қаратып бота терісінен тіккен ішікті бота ішік деп атайды. Қойдың, ешкінің, тайлақтың пұшпақтарынан құрап тігілетін ішіктер де бар. Мұндай құрама киімдерді көбінесе балаларға арнап тігеді. Олар әрі жылы, әрі жеңіл келеді.
Мал терісімен қатар, аң терілерінен де түрлі бас киімдер мен ішіктер тігіледі. Мысалы: қасқыр ішік, түлкі ішік, сусар бөрік, жанат ішік, бұлғын ішік аң терісінен тігіледі. Кей де мұндай киімдерді аң терісінің жонынан, тамағынан немесе пұшағынан құрап істейді. Бұл киімдерді тамақ ішік, пұшпақ бөрік, пұшпақ ішік деп атайды. Аң терілерінен әр түрлі төсеніштер жасайды. Оларды
Көксауыр - жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол көкпен, кейде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жалтырап тұрады. Көксауырдың әр түстілерін өзара мүйіздеп, өюластыры немесе бір түсті көксауырдың әзін әр түрлі жібек жіппен кестелеп, өрнектеп, кебіс, мәсі, етік, кісе, аттұрман тігеді. Бұл заттарды да көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ жүргізіп, өкше сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауың асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар тұскиіз, тон, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасалған. Сондықтан көксауыр ісі кебінесе зергерлер қолына тән.
Былғары - қазақ арасында былғарыдан ең көп тігілетін киімнің бірі етік болғандықтан былғарыны өңдеумен айналысатын шеберлерді етікші дейді. Тоқым, шілия, белдік, жүген, құйысқан сияқты былғарыдан жасалатын мүліктерді де сол етікшілер тігеді. Халық арасына көп тараған былғары аяқ киімдерінің қазақ атауында мынадай түрлері бар:
Саптама - бұл қонышы ұзын, кең, киіз байпақпен, шалбардың балағын іштен салып киетін аласа өкшелі етік. Оның ішкі табанына киіз ұлтарақ салып және байпақтың ішінен қалың шұлғау орайды, кейде киіз байпақтың ішінен шұлғаулы мәсі киеді. Саптамалардың қонышы бітеу қусырылады да, тізеден асыңқырап тұрады. Тақымға қарайтын жағы әнтек төмен ойылып келеді. Оны кобінесе қыстыгүні алыс сапарға шыққанда, жылқы баққанда, шанамен жол жүргенде киеді.
Шоңқайма - саптаманың бір түрі. Оның өкшесі биігірек, өкше сірісі аласа, тұмсығы үшкір, қонышы тізеден аспайды. Кеңдігі саптаманың кеңдігіндей. Қонышы екі жақ жанынан жармаланып тігілген. Сондықтан оны кейде жарма қоныш деп те атайды.
Мықшима -- өкшесінің түбі жуан, жер басар жағы жіңішке, тұмсығы жоғары қарай қайқы келген биік өкшелі саптама етік. Мықшиманы бұрын жас жігіттерге, ойын сауықшыл серілерге арнап тігетін. Оның қонышын, өкшелігін көксауырлап, тұмсығына қатырғы салады.
Көк етік - көксауырдан оюлап тіккен жеңіл, үшкір тұмсық етік. Оны көксауыр етік деп те атайды. Көк етіктің қонышы, ойындысы, күлшіні оюланып, кестеленіп жасалады. Көк етікті көбіне серілер, батырлар, салдар киетін. Қазақтын: Көк етікті кез келмей, көк етіктіге бармай отырған қыз дейтін мәтел сөзі осыдан қалған.
Кебіс - көбінесе былғарының сауырларынан тігіліп, қалыпқа қатырылады. Шажамайы мен ернеуі жақсы былғарымен астарланады. Сыны бұзылмау үшін кебістің ұлтарақшасы мен өкшеліктеріне ең шымыр ұлтандар мен тоздар (қайыңның қабығы) салынып, кепкен қайың шегемен шегеленіп, тарамыспен қайып тігіледі. Кебіс атаулары да көксауыр, мықшима, жезөкше, қазықөкше, үшкір бас деген сияқты бірнеше түрлерге бөлінеді. Кебістің өкшелігіне мық қағып, өкшесіне жезден, мыстан нәл орнатып, шажамайларын күміспен өрнектеп, ернеуіне сызықты ою батырып әшекелейді.
Мәсі - мұны кей жерлерде іш байпақ, іш етік (ичиги), былғары байпақ, көзел, сақтиян дейді, өйткені мәсі құрымнан, шегіреннен, көзелден, жұмсақ былғарыдан тігіледі. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріліп, машинамен жүргізеді. Мәсінің ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тек тарамыспен ішкі жағынан жөрмеп, немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Мәсінің өкшелігі бір қабат қана оюлап жапсырған былғарыдан жасалады, оны мәсінің күлшіні дейді. Күлшін көбінесе басқа түсті былғарыдан тігіледі. Мәсілерді көк, қызыл шегірендермен оюлап, әр түсті жіппен кестелейді. Мәсіні етіктің ішінен киеді.
Етікшілер етікті, кебісті, мәсіні сондай - ақ былғарыдан жасалатын басқа да заттарды тарамыспен тігеді. Тарамыс дегеніміз -- ірі қараның жіліншік сіңірінен ширатылып алынған жіп. Тарамыс былай жасалады. Сойылып жатқан ірі қараның сирағындағы көк етпен аралас тұрған сіңірлерді алып кептіреді. Әбден кепкен сіңірді ағаш тоқпақпен ұрып жаныштайды. Сіңір тарамданып, шашақталады, оны тарамыс есуші тарамдап, талшықтарын бір-бірімен жалғастыра екі тін етіп ширатады. Тарамыстың жуан-жіңішкелігіне қарай қаю тарамыс, бүрме тарамыс, тігіс тарамыс деген үш түрі бар. Тарамыс біздің ізімен өткермелеп немесе жұлдызға сабақтап тігуге ыңғайлы. Тарамыс жіп өзге жіптерден берік, ол шірімейді де, езілмейді де.
Былғары - мал терілерін химиялық және механикалық әдістермен өңдеу арқылы алынатын материал. Одан аяқ киім, сырт киім, айыл-тұрман, галантерея, техникалық бұйымдар т.б. жасалады. Мал терісі 3 қабаттан - шелден, өзеңнен, қыртыстан тұрады. Былғары жасау үшін терінің жүні жидітіледі, шелі сылынып, қыртысы жазылады. Терінің өзеңін (ортаңғы қабатын) өңдей отырып былғары алынады. Өзең айқыш - ұйқыштанып тығыз байланысқан коллогенді талшықтардан құралады. Теріні жүннен арылту үшін сілті (күл мен әк ерітіндісі) және фермент жағылады, күкіртті натрий, әк ерітіндісі бүркіледі. Бірнеше сағаттан кейін қылшық пен босаң қыртыс арнаулы машина арқылы оңай ажыратылады. Мұнан соң шелдеу машинасымен терінің шелі сылынады. Осыдан шыққан шикізат көн деп аталады. Көндегі сілті және басқа қосылыстар кетіріліп, әк сумен жуылып шайылады. Шикізат талқымен жұмсартылады. Арнаулы машинамен ылғалдан арылтылған соң, қалыңдығы бір тегіс болу үшін былғары сүріледі де, қандай мақсатқа пайдаланатындығына және жағылатын бояу түсіне қарай сұрыпталады. Тікелей бояу, қышқылды бояу, т.б. тәсілдермен боялған былғарының қатпарлары жазылып, керу машинасына жіберіледі. Керіліп кептірілген былғарының пұшпақтары кесіледі, сығылады және оған жылтыр өң беріледі. Пайдалану мақсатына қарай былғары 4 топқа бөлінеді: аяқ киімдік былғары, қайыс немесе айыл-тұрмандық былғары, сырт киімдік және галантереялық былғары, техникалық былғары Аяқ киімдік былғары қасаң және жұмсақ былғары түрінде болады. Аяқ киімнің үстіңгі бөлігіне жұмсақ былғары, ал табан бөлігіне (ұлтан, өкше, сірі өкше, т.б.) қасаң былғары жұмсалады. Қасаң былғары ірі мал терісінен жасалады, өңделмеген терінің орташа салм. 23 - 26 кг-нан кем болмайды.
Қайыс немесе айыл-тұрмандық былғарыдан белдік т.б. бұйымдар (қалыңд. 2,5 - 3,0 мм), сондай-ақ, айыл-тұрмандар (қалыңд. 2,2 - 4,0 мм) жасалады. Сырт киімдік және галантереялық былғары ұсақ мал терісінен жасалады, қалыңд. 0,5 -- 1,2 мм-ден аспайды. Галантереялық бұйымдар жасау үшін ірі балықтың, жылан мен кесірткенің терілері де пайдаланылады. Техникалық былғары ірі малдың жон терісінен жасалады, ол әрі қалың, әрі төзімді болады. Оны өндірістік машиналардың кейбір бөлшектерін жасауға пайдаланады.
Қолданбалы өнердің негізгі шикізаты - тері өнімі. Теріні өндеу бойынша технологиялық мәліметтер. Теріден таспа тілу. Ат саймандары. Жапсырма жұмысының шығу тарихы. Жапсырмалау элементтері. Түрлері. Қала құрылысыңда және басқа да ғимараттарда кездесетін қарапайым жапсырмалау жұмыстары. Үйдің маңдайшасын, бағанасын жапсырмалау және оның техникасы. Құйма. Қайта жөндеу, әрлеу жұмыстары. Қауіпсіз жұмыс істеу ережелері. Гигиенаны сақтау. Өру өнерің шығу тарихы. Өру тәсілдері. Қайың қабығынан, қамыстан, шиден, теріден өру түрлері және макраме техникасындағы өру түрлері. Өру жұмысына керекті заттарды дайындау ережесі. Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Жүннен жасалатын ұлттық бұйымдардың жасалу технологиясын зерттеу, ескіні қайта жаңғырту, жүннен жасалатын бұйымдардың дайындалу əдістері мен олардың ерекшеліктері қарастыру, заманауи сəн үлгісіне сəйкес бұйымды безендірудің жаңа əдісін анықтау өзекті мəселе болып табылады. Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға ұласып келе жатқан осы дəстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты. Қолөнер - қашаннан халықтың күнделікті тұрмыстық қамтамасыз етуге қызмет атқарады. XIX ғасырда жəне XX ғасырдың басында қазақ халқының дəстүрлі қолөнерінің ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, өрнек тоқу, киіз басу кең өрістеді. Бір ғажабы осы уақытта жастарға арнап- ертұрман, белдік, қыз келішектерге арнап- сəукеле, шашбау, білезік, сырға жасауға сұраным артты. Жалпы қазақ қолөнерінің дамуында əр дəуірдің өзіндік табы бар. Кез-келген қолөнердің шығармашылық ізденіс екені ақиқат.
Қазір еліміз саяси тəуелсіздік алып, ұлттық сана, салт- дəстүріміз қайта жаңғыртып жатқан шақта ұлттық қолөнер кəсібін дамыту, оны жаңа жағдайға үндестіру, халқымыздың дəстүрлі қолөнерінің көркем туындылары импор тқа, экспортқа шығару бағытында қандай жұмыстар атқарылып жатыр деген сұрақ туады. Өкінішке орай, оған сындарлы жауап табу оңай болмай отыр. Əрине, адамзат қоғамы алға жылжыған сайын қазақ халқаның дəстүрлі қолөнерінің бірқатары жаңа түрге ие болып, кейбірі күнделікті тұрмысқа қажет болмай қалғаны да ақиқат. Бүгінгі күнде фарфордан, тот баспайтын металдан, эмаль жалатылған темірден, пласмассадан жасалған сəнді жихаз, табиғи талшықтармен қатар жасанды талшықтардан жасалған бұйымдар өте көп. Халқымыз ғасырлар бойы тұтынып келген, көптеген мүліктердің түрлері мен сапасы да үсті-үстіне жаңартылған. Бірақ, қазақ қолөнері мұнымен халық тұрмысында өзінің ежелгі маңызын жоғалтып отырған жоқ. Олай болса, қазақ халқы қолөнердің бай мұраларына қазіргі заманға сай жаңаша сипат бере отырып, оларды жетілдірудің техникалық жүйесін қалыптастыру қажет-ақ.
Біздің зерттеуімізге арқау болған көп зерттеулер текстиль саласындағы болашақ маманның кəсіби дайындығына арналған. Ал жастарға қолөнер бұйымдарының жасау технологиясын үйрету арқылы олардың шеберлігін қалыптастыру мəселелері жеткілікті түрде толығымен зерттелмегені анықталды. Осыған орай, аса маңызды міндетінің бірі - жүннен жасалатын ұлттық бұйымдар дайындау əдістерін анықтау арқылы болашақ шеберлердің шеберлігін қалыптастыруға үлес қосу үшін зерттеу жүргізу қажеттігін ғылыми түрде айқындауға тырыстық.
Табиғи текстиль талшықтары мақта, зығыр, жүн, кендір, сонымен қатар жібек, табиғи шарттарда қалыптасады. Жүн - жануар терісінен алынатын талшықты материал. Жүн сыртқы түріне, қасиетіне жəне түзілуіне байланысты келесі түрлерге бөлінеді: түбіт жүн (мамық) - ең жіңішке, қалыңдығы 30 мкм жүн талшығын айтамыз; мамық (түбіт) жүн өте бағалы, сол себепті оны жоғары сапалы бұйымдарды алуда қолданады; қылшықты талшық - аз иректелген, кейде түзу талшықтың қалыңдығы 50-150 мкм, 3 қабаттан тұрады; өтпелі талшық - бұл талшық түрі 3 қабаттан тұрады, бірақ өзекті қабаты тұтас болмайды, қалыңдығы 30-50 мкм; өлі талшық - дөрек талшықтан құралған өзекті талшығы өте күшті дамыған талшық, бірақ əлсіз, сынғыш болып келеді жəне боялмайды [1].
Жүннің қасиетіне жəне сипаттамалық белгілеріне байланысты оның қолданылуымен жүн бұйымдарын өңдеу кезінде белгіленуін жүннің түрі дейміз. Белгіленуіне байланысты жүн 5 түрге бөлінеді: табиғи, қылшықты, қырқылған, қырқылмаған, зауыттық. Жүн талшығының құрылымы мен негізгі қасиеттеріне келетін болсақ, жүн талшығы майда, микроскопиялық өлшемнен, əртүрлі формадағы тор көздерден, құрылымнан жəне қасиеттерден тұрады. Осы тор көздердің орналасуына байланысты жүн талшықтарында мынандай қабаттар болады: қабыршықты, қыртысты жəне өзекті. Қабыршықты жəне қыртысты қабаттар барлық талшықтарда болады, ал өзекті қабат тек кейбір талшықтарда ғана болады. Талшықтың қабыршақты қабаты, қылшықты бір қабатпен жауып тұратын əртүрлі формадағы қабыршық түріндегі жіңішке жазық мүйіз тəрізді тор көздерден тұрады.
Жүннің барлық қасиеттері - физика-механикалық, технологиялық жəне химиялық болып үшке бөлінеді. Технологиялық қасиеттеріне: жүннің шығымы, иіру қабілеттілігі, илеу қабілеттілігі жатады. Физика-механикалық қасиеттеріне: жіңішкелік, ұзындық, гигроскопиялық, беріктілігі, түсі, жылтырлығы жəне тығыздығы жатады [2].
Жүн сабау - туырлық үшін шиге алдымен кер қызыл жүн шабақталады. Сабалаған жүнді киіз басатын шидің үстіне сабаумен көпіртіп біртегіс қиып шығу жүн шабақтау делінеді. Жүн сабақтауға 2 -3 əйел қатар отырып жайылған шидің бір басынан 2-басына дейін жүнді шабақтап жайып шығады. Жүн шабақталып біткен соң бір басына бастап осы қызыл жүннің үстінен 2-рет ақ жүн тартылады.
Жүн тарту-сабалаған жүннің үстіне ақ жүн шүйкесін біртегіс қатарлап үзіп жатқызып тартуды жүн тарту дейді.
Ақ жүннің бір бөлігін алып, жұмырла шидегі шабақталған жүннің бір басына тастап үстіне тартады, оң қолдың қырымен басып, сол қолмен шүйкені үзіп алып, үзілген шүйкені қайта əлгі үзіп тасталған жүннің қатарына салып, та ғы да əлгіндегідей үзіп алу қимылын қайталаймыз. Осылай көлденең қатарды толтырып (əркім sз алдындагы бsліктерін біріне-бірін жалгастырып істейді) содан соң алдыңғы үзіліп қалдырылған шүйкенің шетін бастыра тағы шүйке салып, үзік жүн тартылады. Бұл жүн тарту қимылы табақталған жүннің үсті толғанша жүргізіледі. Жүн бір жері жұқа, бір жері қалың болмай тегіс тартылуы керек. Сондықтан жүн тартатын адам ысылған шебер адам болуы қажет. Жүн тартуды екі не үш əйел қатар отырып істейді. Өйткені, жүн шабақтау, жүн тарту ісін бірнеше адам жабыла істеп тез бітірмесе, үп еткен жел бұл жұмысқа кедергі болады. Жел ұшырмау үшін тартылған жүн үстіне сабағы жіңішке ағаштар бастырылады.
Жүн шабақтап, жүн тартушылар тартылатын киіздің шамасына қарай жүн қалың, не жүқа етіп тепстеп отырады. Туырлық, үзікке 6 - 7 см қалыңдықта жүн тартылады. Сырмақ киіздеріне 4 см қалыңдықта жүн салынады. Ал үзік жəне сырмақ киізіне асты-үстіне бірдей ақ жүн салынады. Сырмақ киізі жұқалау басылады. Астарлық киіздерге де кер қызыл жүн жұқалап қосылып басылады.
Су себу - жүндер тартылып болған соң 80°-тан жоғары ыстық су себіліп, жүн бастырылады. Суды əдетте төңкерілген шөміштің үстінен құю арқылы шашыратып себу керек. Немесе шүмегіне темір тесікшелер орнатылған су бүріккіш құмандармен сепсе де тегіс себіледі. Су жүнге біркелкі сіңуі шарт.
Тазартқыш ұнтақ салу - су себу барысында тағы бір адам су себушінің артынан ілесе, екі шилік көлемдегі жүнге бір қалта есебіндегі, төрт шилікке екі, алты шилікке үш қалта, тоғыз шилікке төрт-бес қалта тазартқыш ұнтақты жүннің үстіне тегіс шашып шығады.
Тебу- егер бір шилік жүн болса, онда бір адам шидің белінен бір арқанды тұйықтап салып өзіне қарай домалатып отырады да, артынан 2-3 адам қатарласып шиді аяқтарымен теуіп ілгерілейді. Бұл да жүнді біріктіру үшін жасалады . Егер тартылған жүн үш қанат ши көлемінде салынып, 9-12 шилік үзік киізі болса, онда оның басына тізгін жіптің орнына (жүнге тигізбей) бақан, не тіреуіш салынып, шиыршықталады да жүн тартылған ши буылғанда, бақанның екі басынан жіп салып қаңтарып байлайды. Ыспалау, тебу, немесе көлікпен шиді домалату тəсілінің қай-қайсысы қолданылса да, жүннің бірігуіне біраз уақьт жұмсалады. Бұл жұмысты керекті мөлшеріне жеткізбей тоқтатуға болмайды.
Тоқтату - шидің сыртына жүн қылшық-тарының шыққан-шықпағанымен белгіленеді. Жүннің қылшығы шидің сыртына шыға бастаса шиді дереу шешу керек. Егер, жұмыс жалғастырыла берсе, жүн шиге байланып ажырамай қояды. Егер жүннің қалшығы шидің сыртына шықпай алынса, жүн біріне-бірі бірікпей, жұмыс шала істелген болады. Жүннің қылшығы шидің сыртына шыққан кез жүннің бірігіп, шиден шығарып алуға болатын уақыты. Бұл кезде жүн ұстауға келетін талдырмаға айналады. Осыдан кейін оны шешіп алып, білектеу керек [3].
Киіз білектеу (басу) 7-8 адам қатарынан тізерлеп отыра қалып, текеметті білегімен əрі-бері ырғап ұрғылау, шиден шешілген киізді бостау шиыр-шықтап арқанмен бір басынан бастап белдеулеп 6-7 жерден байланады. Қанат шидің үзын бойына талдырманы көлде-нең салып, талдырманың екі басы тірелетін мөлшеріне ши астынан тиянақ (шектеу, тірек) қойып, онан соң талдырманың екі басын кезек көтеріп, шөмішпен шашып қайнаған су қүйылады. Сонан соң көлденең буылған арқанның əрбір белдеуінен бірден адам ұстап киіз басуға түсіп білектей бастайды. Адамдар қолдарын киіз беліндегі жіптен айырмайды, осылайша 10-15 минут білектелгеннен кейін киізді шешіп, ішкі бетін сыртына қаратып аударып қайта байлап, қайта білектейді. Осылайша оң беті, сол беті кезек аударылып төрт рет шешіп буып білектегеннен кейін жəне екі рет аударып төңкеріп, білектеп киізді ұзындайды.
Ұзындау дегеніміз - киіздің ұзынын жазып шиыршықтап алып басу деген сөз. Киіз шымыр болуы үшін қарпылады.
Қарпу дегеніміз - киізді жазып ұзынынан екі бүктеп, екі басын біріктіре дөңгелектеп шуда жіппен тігеді де киіз басқан он шақты адам дөңгелене отырып, тұйықталған киізді қоршай үстап, оңнан солға қарай қолмен қарпи үстап айналдыра дөңгелентіп жүргізеді. Киіздің бүктеуін əр кезек ауыстырып отырады. Міне, бұл қарпу делінеді. Текемет киізге қарағанда азырақ қарпылады. Қарпылған киіз қыл-қыбырынан тазаланады. Киіз басылып болған соң кірленуі керек.
Кірлеу - кірлеу дегеніміз - басылып болып, төгілген киізді ұзынынан төрт қабаттап бүктеп, бір басынан бастап шиыршықтап дөңгелектеп, белінен жіппен буып дөңес жерге немесе ағаш тақтай үстіне, өзен-бүлақ басына таяу жерге қойып су қүйып тазарту. Су киіз əбден тазарғанша, оған салынған үнтақ көбігі кеткенше, қүйыл-ған су тазарып шыққанша құйылады. Кірленген киіздің шуашы, кірі кетіп өңі ашылады. Киіздің суы сорғыған соң, күн көзіне жайып кептіру керек. Кепкен соң бір мезгіл төселіп үсталады да, киіз сəл босап, болбырайды. Осыдан соң киізді екі рет қайта басады. Бұны киіз пісіру дейді. Киіз пісіру - басылған киізді шымырлап, беріктей түсу үшін белгілі уақыт өткеннен кейін қайтадан басуды - киіз пісірудеп атайды.
Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі əдіспен алады. Түр ойыстырып басатын текеметтің астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп бөлек дайындап алады. Киізге қарағанда жүні тегіс əрі жұқалау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң əркімнің қалауы бойынша үлгілермен қиып дайындалған оюды текеметтің астыңғы беті деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет-ретімен орналастырып, су себелеп, шиге орайды да киіз басу одан əрі жалғастырылады. Текеметтің бетіне түрлі түсті өрнектер орналастыру төменде көрсетілген.
1. Түрді (ою өрнекті) шүйкелеп салу əдісі - боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезед əлгі шүйкеленген түрде нт ездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстық су себіледі. Одан əрі қарай киіз басу процесі қайталанады.
2. Кірлеу əдісі - текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуды туырлық, үзік, түндік, ақ киіздер жəне сырмаққа арналған киіздерде қайталанады. Кірлеу əдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда қолданылады. Боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл əдісті қолданбаған жөн. Өйткені, химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық су құйғанда ыстық сумен бірге ағып кетеді де, бұйым тез оңады. Текеметке түр салуға қызыл, сары, жасыл, қара бояулар пайдаланылып келген. Осы тұста айтатынымыз, қазіргі заманға бұйымдардың дизайнын өзгерту мақсатында, текеметке түр салу барысында аталған түстерден басқа өте айқын қанық түстерді яғни, қанық көк, қызғылт, фиолет түстерді пайдалануға болады. Бүгінгі күнге текеметке сəн талаптарына сəйкес өрнектерді қолдану қажет [4].
3. Талдырма салу əдісі - қазақстанның көптеген облыстарында кең тараған. Ол үшін əр алуан түске боялған жүнді жеке - жеке жұқа əрі босаң етіп киіз басу əдісімен басып алады да, одан ою ояды. Дайын оюды шидің үстіне шабақталып, біртегіс тартып салынған жүннің үстіне орналастырады да, жоғарыда айтылған əдіс бойынша текемет басып шығады.
Жоғарыда келтірілген əдістердің кемшілігі текеметтің бетіне салынған өрнектер тек бір жағына ғана түсірілетінін анықтап, осыған орай тұрмыста қолдану барысында тиімді болатын, жəне кірлену кезінде екінші бетін де қолдануға болатын, текеметтің екі жақ бетіне ою салу əдісінің тиімділігі анықталды. Ол үшін алдымен шидің үстіне басқа түске боялған жүннен өрнек саламыз, оның үстіне бір қабат жүн тартамыз. Содан соң жүнді сабаумен шабақтап аламыз да қайтадан жүн тартып салып, текеметтің негізгі түрі салынады. Текемет əбден басылып болғанда оның екі жақ беті бірдей өрнекті болып шығады. Əсіресе текеметтің негізгі бетінің өрнегі əдемі, көркемдік безендірілуі басым болып келеді. Текемет бетіне басқа түске боялған түр көбіне шүйкелеген жүннен созып салынады. Бұл түр текеметке ерекше сəн беріп тұрады. Текемет түрінің бояуларының үйлесе жайылған жиектері акварель бояулары секілді, заттың көркемдік дəрежесін арттыра түседі. Бұл əдіс тек қазақ текеметтеріне ғана тəн. Осы əдістермен дайындалған текемет бұйымының бетіне өрнек орналастырудың бірнеше түрлері бар.
Бірінші тvрі бойынша ортаңғы бөлікті айқындап, жиек оюлары түсіру. Ол төменгідей тəртіппен орналастырылады. Текеметтің орталық бөлігіне бірнеше ромбы (екі, үш немесе төртке дейін ) түсіріп өрнектеледі. Сондай - ақ осы орталық бөліктегі ромбы орнына дөңгелек шеңбер де түсіруге болады. Шеңбер іші бірнеше қатар кесте оюлары секілді сəл ұсақтау əртүрлі оюлармен толтырылады.
Екінші тvрі - жиек оюын түсірмей, текемет бетіне тұтастай бір ғана өте ірі ою тармағын түсіру. Мұндай тармақ түйіні текеметтің орталық нүктесінен тарайды. Текемет беті екі үш қатар тізбектелген ағаш бұтасы секілді ою тармақпен де безендіріледі. Өрнек басуда екі əдісті салыстыра келе, текеметтің екі жақ бетіне ою-өрнек салу кезінде бірінші əдісті қолданған жөн [5].
Казақ халқының қол өнері қандай бай, ғажап зор десеңізші. Оның тұңғұйық түпсіз тереңіне сүңгу, өлшеусіз кеңдігі мен ерен байлылығын, сан қырлы даму заңдылықтарын терең зерттей отырып, оны келешек ұрпаққа қалай үйретудің жолын іздестіру ұстаз қауымның үлкен парызы.
Өнерді жасаушы халық. Қазіргі біз қолданып жүрген халық өрнектері көптеген ғасырлар бойы қалыптасып: ұзақ уақыт сынынан өткен. Оның мазмұнын шыңдай түсуге қаншама ұрпақтың ақыл-ойы, тарихы, философиялық ой түсінігі жұмсалалы десеңізші. Сондықтан да ол бүгін өте әсем де әдемі, ойлы да жатық көрінеді. Құрамы кең де әрі қарапайып жинақы. Рет-ретімен ал да керегіңе жарата біл. Сондықтан да халқымыздың төл өнерін қадірлеу, оның әсемдігін, байлығын сақтап, құпия сырын үйренумен қатар келешек ұрпаққа үйрету де ұстаз алдына қойылар үлкен мақсат болып табылады.
Халқымыздың замандар бойында жинақталған бай тәжірибесін, ақыл-ой тілегін, әдемі рәсімін, инабаттылық сабақтарын жеткіншек қауымға дарыта алмасақ, осының өзі тәлім-тәрбие мәселесінде өтелмеген үлкен парыз болып қалмақ.
"Халық өнерінің мұрасы" деген ұғым көп мәселені қамтитын, әсіресе, халқымыздың ұлттық өрнек өнерінің дәстүрін жаңа биікке көтеруге ат салысу - осы арқылы өнерге қатысты барша мекемелер мен зиялы қаумның ортақ мақсаты.
Әзірше халқымыздың қолөнері толық мағынасында жоғары оқу орындарының оқу процесіне толық енбей отыр. Қазақстанның көптеген педагогикалық институттарының жекелеген көркем сурет-графика факультеттерінің халқымыздың осы өнер дәстүрін ерекше қолға алып, арнайы мамандықтарға кең көлемде дәріс беретін мезгіл жетті. Қандай мәселенің де баян табуы жақсы ұйымдастырыла білген бағытқа байланысты. Мәселен, орыс тіліндегі небір жақсы, сапалы оқулықтар, ғылымда бетбұрыс жасаған жаңа еңбектер-жоқ емес, әйтсе де олар мүлде аз және мұндай еңбектердің аудармасы кездейсоқ кездесетін , шындығын айтсақ, қолға түсе бермейтін тапшы дүние.
Ғасырлар бойы сараланып қалыптасқан халық өнерінің өз заңдылығы бар. Ол беталды бұра тартуды көтермейді, сондықтан да халық өнерінің осы заңдылығы, озық туындылары үлгі етілмесе және де ана тілімізде төл еңбектер көптеп жазылмаса халқымыздың осы өнер дәстүрін қалай ғана жалғастырып дамытпақпыз.
Халық мұрасындағы өрнек өнеріне жас ұрпақты бала- бақша, мектеп қабырғасынана баулығанда гана олар осы арқылы өнердің терең сырын меңгере алады.
Суреті ықшамды, өрі жинақы ыргағы, түсі жөиінен осем де үйлесімді, сансыз түстердегі алуан өрнектер олемі- қазақтың халық орнегіне тән ерекше ұлттық қасиет. Ою- өрнектёр әлемінде халықтың дүниетанымы, өзін қоршаган орта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мех өңдеу технологиясы оқу құралы
Былғары мен үлбірдің құрамы мен қасиеттері
Аңшылық трофейлерін сараптау
Былғары және үлбір шикізаттары
Аяқ киімге арналған былғары шикізаттары,олардың негізгі қасиеттері, қолданылу ерекшеліктері
Теріні бояу және бояғыштар
Былғары және мех технологиясы
Биотехнологиялық процестерді мал шаруашылығында қолдану
Былғары мен тері
Былғары өндірісінің сипаттамасы мен жіктелуі
Пәндер