Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
0.1 Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
0.2 Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
0.3 Дене тәрбиесі сабағында көрнекіліктердің алатын орны
ІІ ПРАКТИКАЛЫҚ БӨЛІМ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Дене тәрбиесінің әлеуметтік жүйе және қоғамдық құбылыс есебінде дене тәрбиесі жүйесін, оның қалыптасуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, оның қызметі мен құрылымын танып, білудің қажеттілігі білім мен тәрбие талаптарына сәйкес өсіп келе жатқан ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз ету үшін керек. Дене тәрбиесі тек мектепке дейінгі балалардың дене шынықтыру сабағы ғана емес, ол сабақтан тыс денсаулыққа байланысты шаралар жүйесі екенін ескерсек, қазіргі кезеңдегі білім беру орындарындағы дене тәрбиесінің жүйесі балалардың денсаулықтарын нығайтумен қоса, жан-жақты жетілуіне, өмірге деген құлшыныстарын арттырады.
Дене тәрбиесі міндеттерін жүзеге асыруға белсенді, салауаттылық пен дене мәдениетін меңгерген маман даярлаудың маңыздылығы артуда.
Зерттеу өзектілігі. Дене тәрбиесі - қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.
Атақты грек философы Аристотель барлық адамдарға мемлекет тарапынан тәрбие беруді жақтап, дене, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиенің байланысын, қоғамдық және отбасы тәрбиесінің сабақтастығын көздейді.
Тәрбие тарихынан белгілі болғанындай, Әл-Фараби, Ибн Сина адамның жан-жақты дамуын және жетілуін тәрбие және оқу мен еңбектің нәтижесі дей келе, ...дені саудың тәні сау, жеке тұлғаның барлық дамуының бастауы дене дамуы,- деп, дене тәрбиесінің бала жетілуіндегі маңызына зор көңіл бөлген.
Ғұламалар Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғалы Қосымұлы Жалаири, Орта Азия ғұламалары Әлішер Науаи, Омар Хаям, Мақтымұлы бір ғана дене тәрбиесінің маңызы мен мәнін, оның адамгершілік, ақыл-ой, дене тәрбиесімен негізделгенін өз еңбектерінде атап көрсетті. Жеке тұлғаның дамуындағы дене тәрбиесінің маңызы туралы ой-пікірлер чех педагогы Ян Амос Коменскийдің еңбектерінде беки түсті. Ол өз еңбектерінде педагогиканың теориялық мәселелерін толықтыра отырып, әсіресе отбасындағы дене тәрбиесі мәселелерін биікке көтерді, оның маңызды жолдарын шешіп берді.
Дене тәрбиесі мәселесіне байланысты озық педагогикалық ойлар Ресей педагогтары К.Д.Ушинскийдің, Н.И.Пироговтың, В.И.Водовозованың, орыс-демократ жазушылары В.Г.Белинскийдің, Н.Г.Чернышевскийдің, Н.А.Добролюбовтың аттарымен тығыз байланысты.
Дене тәрбиесінің педагогикалық негізі мен тәжірибелік мәселелерін зерттеуде П.Ф.Лесгафттың, В.В.Гориневскийдің, Е.А.Аркиннің, Л.И.Чулицкаяның, Е.Г.Леви-Гориневскаяның, М.М.Конторовичтің, А.И.Быкованың, Н.А.Метлованың т.б. еңбектерін атауға болады.
Көрнекіліктерді пайдалануға қазақтың ұлы педагогы Ы.Алтынсарин де зор көңіл бөлген. Қазақ жастары ғылым, өнерді кітап сөзі деп қарамай, заттай, көзімен көріп ажырата білулері керек,- деген.
Зерттеу мақсаты. Дене тәрбиесі сабағында көрнекіліктерді қолданудың тиімділігін анықтап, олардың қолданысына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
Дене тәрбиесінің теориялық негіздерін сипаттау;
Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасын сипаттау;
Дене тәрбиесі сабағында көрнекіліктердің алатын орнын анықтау.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І КӨРНЕКІЛІКТЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Оқытудың көрнекілік ұстанымы сабақ үрдісінде басты роль атқарады. Көрнекілікпен оқытудағы басты мақсат - оқушыны байқағыштыққа, оймен топшылауға жаттықтыру. Өзінің байқағандарын сөзбен айтып бере білуге, одан логикалық қорытынды шығаруға үйрету. Көрнекілікті оқу үрдісінің барлық кезеңінде пайдалануға болады, бірақ оны жиі қолдануға да болмайды. Көрнекілікті белгілі тақырып мақсатында пайдаланғанда ғана тиімді болмақ. Сабаққа қажетті дидактикалық көрнекі құралдардың түрлері: заттық, образдық, графикалық, синтетикалық, синхроникалық кестелер; буклеттер, альбомдар; техникалық оқу құралдары; тірек сигналдары; кеспе, үлестірмелі қағаздар.
Заттық, образдық, графикалық. Көрнекіліктер көркемсөз шеберлерінің өмір жолын, шығармашылығын оқыту үстінде қолданылатын заттар, бейнелі суреттер (портреттер) шығармашылығы, өмір жолының сандық тізбектері.[1]
Синтетикалық, синхроникалық кестелер. Олар арнайы ақын - жазушылардың шығармаларына тақырыптық бейнеде, образды бейнеде берілетін кестелер.
Буклеттер, альбомдар: ақын-жазушылардың өмір жолына арналып жасалатын бейнелі суреттер.
Тірек сигналдары: тірек плакаты, тірек конспекті. Тірек конспектісі - негізгі материалдан ең негізгілерін бөліп алу керек. Тірек плакаты - ақын-жазушылардың даталы, тарихи оқиғалары мен шығармаларының аты қай жылы жазылған анықтамасының көрсеткіші.[2]
Кеспе, үлестірмелі қағаздар: жеке ақын-жазушылардың көркем шығармалары бойынша жасалады. Көрнекіліктің бұл түрі оқушының өзіндік, шығармашылық жұмыстарды орындау мақсатында пайдаланады.
Техникалық оқу құралдары екіге бөлінеді: экрандық техникалық құралдар, дыбыстық техникалық құралдар.
Экрандық техникалық құралдар. Бұған: киноаппарат, эпидиаскоп, кодоскоп, ЛЭТИ, Протоп, Свитязь, Фильмоскоп т.б. жатады. Бұлар шағын көрнекі материалдарды (суреттерді, кесте) экранға түсіріп, сабақ мазмұнына байланысты қажетті қосалқы материалдарды көрсетуге арналған.
Иллюстрациялық кестені қолдануда көркем өнердің, көркем шығармалардың туындыларын салыстыра талдап түсіндіруге, олардың өзара жақындығын, өнер туындысы ретіндегі өзіндік даралық ерекшелігін, өзара қатынасын, бірлігін көрсету, байқату көзделеді.
Диапозитив - экрандық техникалық құрал. Диапозитив арқылы сериялы материалдарды бөлшектеп, жеке-жеке кадрларға бөліп береді.
Диафильм. Диафильм жазушы өмірін, жеке шығарманың мазмұнын ашып беруге арналған. Диафильмнің ерекшелігі - көріністің, құбылыстың логикалық байланысын сақтап, қимыл үстінде көрсетеді.
Кинофильм мен теледидар. Оқушы өзі оқыған шығармаларын кинофильм арқылы көрсе, білімнің берік болуына мүмкіндік туады. Сол мүмкіндікті теледидар жүзеге асырып отыр.
Дыбыстық техникалық құралдар. Дыбыстық құралдар оқу үрдісінде екі міндетті шешуге көмектеседі: арнайы жазбаларды, диктордың көркем сөз шеберлерінің, қоғам қайраткерлерінің сөздерін тыңдауға; оқушылардың, мұғалімнің өз сөздерін жазуға, талдауға мүмкіндік жасайды.[3]
Радиохабарлар. Радиохабарлар көркем сөзді оқу арқылы, оқушыға талданып берілетін жаңа мәлімет. Тыңдау арқылы танымдық қызығушылығын арттырып, сабақты жандандырып, шығарманың мазмұндау дәрежесінің эмоционалдық қатысын арттырады.
Күйтабақтағы жазба. Күйтабақты мұғалім сабақ үрдісінің ең тиімді жерінде пайдаланады. Күйтабақты пайдалану сабақтың мақсатына, мұғалімнің жеткізбек идеясына, нені ойластыруына тікелей байланысты.
Магниттік жазба. Бұл магнитафон арқылы жүзеге асырылады. Сабақ мақсатына қарай мұғалім магнитафонға жазып алып, сабақтың түрі мен дидактикалық ұстанымына сай байланыстыра пайдаланады.
Көрнекілік - оқу материалын оқушы көңіліне оңай да әсерлі жолмен жеткізуші көмекші құрал. Ол бүтіннің бөлшегі секілді сабақтың бойында оның белгілі бір құрылымдық структуралық бөлшегіндей басқа құрамдас бөлімдерімен қабат-қабат қабысып жатуы қажет. Сонда ғана көрнекілік шәкірт білімінің тұтастығын арттырып, сабақ үрдісінің тиімділігін жүзеге асырады.
Технология - әдістеме. Әдіс дегеніміз- білім берудің теориясы.
Тәсіл дегеніміз - іс, меншікті іс . Тәсілдердің элементтері - амал жолдары:
1) таныстыру, берілген білімді тексеру, бекіту , жүйелеу, тиянақтау.
2) деңгейлік тапсырмалар - қиын мәселерді шешкізу.
3) мониторинг- тексеру.
4) деңгейлік тапсырмалар - дифференсация.
5) таным жолы - оқушыларды әрекетке кіргізу. Мен және оқушылар, оқушылар және оқушылар.
Оқыту әдісі дегеніміз- мұғалімнің білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.[4]
Құралдардың әр түрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұның меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс- тәсілдерді тандап алуы қарастырылады. Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын, оқыту зандылықтарын, принциптерін, әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат- мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.[5]
Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасын мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп, таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Сондай-ақ, әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал - құралдарды қолдануда оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Атап айтқанда, оқушы материалын терең түсініп , саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысып дұрыс аңықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс , буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері - нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін (анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлану қабілетін дамытуға көңіл болінеді.
Қолданылатын көрнекіліктер оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады, түсіндірілген материалдарды саналы меңгертуге ықпал жасайды. Оқушылардың білім сапасының көп жағдайларда төмен болуы, осындай түрлі ойлау әрекеттеріне бейімделмеуден, дағды бермеуден деп айтуға болады.

1.1Дене тәрбиесінің теориялық негіздері
Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі -- адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.
Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.[6]
Дене тәрбиесі - жеке тұлғаны жан-жақты және үйлесімді дамытуға, оның денсаулығын нығайтуға, еңбек ету мен әскери қызметті атқаруға даярлауға бағытталған қоғам мен жалпы мәдениетінің бір бөлігі.
Қызметі дене дамуын оңтайландыру, білімдік, ақыл-ой және қызметтің өзге де түрлерімен өзара бірге әрекет ету, таңдап алған мамандықты меңгеруге себепкер болу, тәрбиелік, жалпы мәдени, эстетикалық, адамгершілікті, әлеуметтік-экономикалық салауатты өмір салтын қалыптастыратын дене дайындығы.
Дене шынықтыру- дене жаттығуларын, табиғаттың сыртқы күштнерін (күн, ауа, су) пайдалана отырып ағзаны шынықтыру. Яғни мәдениеттің ажырамас бөлігі адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту, рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік кызмет саласы.
Қызметі қозғалыс қажеттілігін канағаттандыру, фукнкционалды рахаттану, бос уақытты оңтайды пайдалану. қызметі төмендеген дене мүшелерін қалыпқа келтіру, жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өсксн орта, спорт түрі.
Дене дамуы - ағзаның табиғи морфофункционалдық ерекшеліктерін өзгерту жолы, яғни дене дамуына әсер етуші факторлар; тұқым қуалаушылық, өскен орта, спорт түрі.
Қызметі жеке тұлғаның даму ерекшелігі, айырмашылығы және әсер етуші факторлардың нәтижесінде дене мүшелерінің өзеріске ұшырау қалпы.
Дене тәрбиесінің мәдениеті-жалпы қоғам мәдениетінің бір бөлігі. Қоғамдағы адамдардың дене сапасының жан-жақты дайындығы мен өмірде әртүрлі жағдайда еңбек ету бағытында жасалатын күрделі жұмыстың бір түрі.
Қызметі білім беруді, ғылым мен әдебиетті, техникалық құрал тәсілдерін, әдістерін пайдаланып дене дайындығына жан-жақты жағдай жасау.
Спорт дегеніміз - түрлі жақтан арнайы мамандандырылған және алдағы істерде жарысу арқылы өз мүмкіндіктерін жоғары дәрежеде көрсете білуге жан дүниесін дайындауды дене тәрбиесі ойындарында пайдалануға құрылатын материалдық, әрі рухани байлық.
Яғни спорт дегеніміз - әрбір жеке тұлғаның тандаған спорт түрінен жоғарғы нәтижеге жеткізу саласы. Яғни жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бір түрі.
Қызмет - спорттық әрекет. жарыстырушылык. интернационалдық. жүйкені реттсйтін. комуникативтік. ақпараттық, жалпы мәдениеттік. денені жетілдіру, эвристикалық бейбітшілік кызметі. ойын-сауықтық іс-әрекет..
Бұқаралық спорт- тұрмыс пен еңбек қызметіне керек дене қасиеттері мен қозғалыс дағдыларын дамытып. жетілдіруге және бір қалыпта ұстауға көмектесетін, тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік демографиялық тобының мұқтаждығын қанағаттаңдыратын спорт түрі болып табылады.
Жоғарғы жетістіктер спорты-жеке тұлғаның спорттағы мақсаты жоғарғы спорттық нәтижелерге қол жеткізуді рекорттар жасауды қамтамасыз ететін спорт саласы. Жоғарғы жетістікке жету жолы спартакияда, универсиада, чепионат және олимпиадалық ойындар.[7]
Әуесқойлық спорт- азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғарғы нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қилы спорт қозғалысы.
Кәсіпқойлық спорт-спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық кәсіпкерлік қызметтің бір түрі.
Пәннің объектілері мен оның оқу және ғылыми пән ретіндегі құрылымы.
Дене тәрбиесінің барлық сабақтар бағытына қарай мынадай міндеттерді жүзеге асыруы тиіс. Олар: тәрбие, білім, сауықтыру.
а) Білім беру міндетінің мақсаты - оқушылардың білімін шыңдай түсу. Жаттығуларды ептілікпен және дағдымен орындату. Оларды өмірде қолдана алуға үйрету.
б) Сауықтыру міндеттерінің мақсаты - дене тәрбиесі жаттығуларының сабақ кезінде ағзаға сауықтыру әсерін тигізуіне тиімді жағдай жасау.
в) Тәрбиелеу міндеттерінің мақсаты - сабақ жүргізу жүйесінде оқушының адамгершілік қасиеттерін арттыру.
Дене тәрбиесі сабағында төмендегідей міндеттер жүзеге асырылуы керек.
Қойылған міндеттерді орындау жолдарын таңдау. Әдістемелік ұйымдастыру шараларын белгілеу. Мұнда мұғалім оқушылардың әрекеттерін тиімді ұйымдастыру түрлері мен әдістерін таңдайды. Олардың тұратын, отыратын орындарын қозғалыс жолдарын анықтайды Снарядтарды жинау жолдарын көрсетеді. Қимыл-қозғалыс дайындығын мұғалім мектеп бағдарламасында кездесетін барлық жаттығуларды көрсете алуы керек. Сондықтан да мұғалім сабақта үйренетін жаттығуды қайталап өз мүмкіншілігін әрдайым тексеріп отыруы қажет. Теориялық жәнс сөйлеу дайындығы мұғалім өтілетін сабақты жақсы білумен қатар-шешен сөйлей алуы да керек. (әңгімені дұрыс жүргізу, баяндау команда беру, таңдау жасау т.б.) Сабақты материалдық жағынан қамтамасыз ету. (керек құрал жабдықтарды дайындау және спорттық снарядтарды табу т.б.).
Дене тәрбиесі мен еңбек байланысының мақсаты.
Жеткіншектерді енбекке тәбиелеу дене тәрбиесі мақсаттарының бірі болып табылады. Дене тәрбиесі еңбекке ерікті түрде тәрбиелеудің негізін қалайды. Денені шынықтыру тұрақты дағды тәртібін, ерік-жігерді, қалыптасқан мінез-құлықты талап етеді. Еріншектікке жол бермейді. Өйткені, күнде таңертеңгі гимнастикалық, спорттық жаттығулармен айналысатын оқушының еңбекке деген ынтасы оянады. Еңбекке деген адамгершілік көзқарастарын қалыптастыруда дене тәрбиесі пәнінің мүмкіндіктері ете көп. Мысалы, Өзің үшін, өз мақсатың үшін еңбек еткенің жаксы. Ал өзгелер үшін еңбск етуге калай қарайсың? деген сұрақты қоя отырып, жаттығу жұмыстарын жүргізудің тәрбиелік маңызына назар аудару
Дене тәрбиесіндегі эстетикалық білімнің мақсаты.
Дене тәрбиесі сабағындағы эстетикалық тәрбиенің маңызы өте зор. Адамның жан дүниесі қандай сұлу, таза болса, дене мүшесі де сондай сымбатты болуы керек. Бұл ретте окушыларға берілген тапсырманы мәнерлеп түсіндіру, әдеп сақтауға үйрету, музыкалық сүйемелдеу кезінде әуенге сай үйлесімді қимылдауға дағдыландыру игі нәтижеге жеткізеді. Мысалы, әдетте жаттығу барысында жаксы, дұрыс емес деген сөздер жиі айтылады. Ал Жарайсың, міне қандай әдемі! деген жылы лебізді сирек естисің. Окушылардың қозғалыс қимылдарын орындау техникасына назар сала отырып, оның ынта-ықыласын сол жаттығулардың таза әрі үйлесімді, сұлу орындалуына аудара білген жөн. Жан сұлулығы мен тән сұлулығын кимыл-жаттығу кезіндегі іс-қимылдың әсемдігіне ұштастыруды басты мақсат етіп алу қажет. Ұстамдылық, қандай жағдайда да өз еркін билей алу, өзгелердің жүйкесіне кері әсер етпеу, кашанда көмекке дайын тұру, бәсекелесіне құрметпен карау, төзімділік сияқты ізгі касиеттер эстетикалық тәрбиелеудің нәтижесінде жүзеге асатын адамгершілік сипаттар болып табылады.
Іс-тәжірибе теориясындағы ғылыми зерттеу әдістері мен әдіснамалық негіздері.[8]
Спорт ілімі мен дене тәрбиесі ілімі мен әдістемесі қатар жургізіліп. сабақ құрылымы әртүрлі болғанымен қолданылатын жаттығу, ойын, жарыс түрлері бірдей болып келеді. Дене тәрбиесі пәнінде сабақ құрылымы 45 минуттан тұрса, спорт сабақтарында 90 минуттан тұрады. Құрылымы жағынан ұксас пәндер мектепке дейінгі дене тәрбиесі, мектеп дене тәрбиесі, орта жонс жоғарғы оқу орын дене тәрбиесі пәндерімен тығыз байланысты. Білім мен тәрбие беру мақсатында спорт медицина, спорт физиологиясы, спорт психологиясы, спорт педагогикасымен тығыз байланысты.
Дене дайындығы түрлері. Қоғамдағы адамзаттың тұлғасын шынықтыруда дене дайындығы 3-ке бөлінеді. Олар: 1.Жалпы дене дайындығы-негізгі бағыты денсаулықты күшейтіп мүмкіндігінше дағдылы қозғалыстарға ие болып, алдағы уақытта арнайы дайындыққа негіз болатын керекті қозғалыс сапаларын дамьпу. Қызметі дене жаттығулары, табиғаттың сыртқы күштері, гигиеналық факторларды пайдалана отырып, мектептегі және бұқаралық дене тәрбиесінің жұмысын үлкен табыстарға жеткізу.
2. Кәсіби-қолданбалы дене дайындығы-бұл адамды белгілі бір еңбек қызметі мен әскери қызметке дайындауға бағытталған дене тәрбиесінің әдістері мен құралдарының жиынтығы. Қызметі кәсіби-дене, әсксеи-қолданбалы, кәсіби еңбектің өнімділігін арттыру, экономикалық, білімдік-колданбалы дене жаттығуларымен айналысу жұмысын ұйымдастыру.
З. Спорттық дайындық - адамның өзі таңдап алған спорттың бір түрінен жоғарғы көрсеткіштеріне жетуіне бағытталады. Денедегі іш-құрылыс жұмысының қабілетін жоғарлату адамдардың спорттық дайыңдығын арттыру. Қьзметі мамандандырылған еңбекті арттыру жаттығу түрлерін игеру өте жоғарғы дәрежелі нәтижеге жету, спорттық дайындығын арттарып дағдыландыру.[9]
Мектептегі спорттық жарыстардың мәні. Спорттық жарыстар мектептегі спорт бойынша оку-тәрбие жұмыстарында тиянақты орын алады. Спорттық жарыстардың мәні жан-жақты.
Біріншіден, жарыс белгілі бір уақыт ішіндегі оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығару формасының бірі есебінде қарастырылуы керек. Осыған байланысты жарыс оқушылардың оқу-спорттық даярлығын тексерудің бір түрі болып табылады.
Екіншіден, спорттық жарыстардың патриоттық ,ұжымшылдық, өз мектебінің намысын қорғауға дайын болушылық, спортты сүю, қайсарлық, ерлік, ұстамдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, жолдастық және т. б. тәрізді маңызды моральдық-ерік және адамгершілік сияқты сапаларын тәрбиелеу мақсатындағы оқушылардың ұжымдық тәрбие құралы болып табылады. Жарысқа даярлану барысында осы қасиеттер мен мінез-құлық белгілері арнайы дайындықтан; өтеді, ал жарыс кезінде олар тексеруден өтіп, болашақтағы шыңдалуға бағыт алады.
Үшіншіден, спорттық жарыстар оқу-машықтану процесінің жалғасы болып табылады, өйткені жарыс барысында жалпы және арнайы спорттық-техникалық даярлықтың жетілдірілуі іске асады, жарысушылардың техникасы мен тактикасы байытылады, мектеп ұжымы бірлесе жұмыс істейді, тәжірибе алмасу ісі жолға қойылады және спорттың жекелеген түрлерінің алдынғы қатарлы техникасы көрнекі түрде көрсетіледі.
Төртіншіден, жоспарлы және жүйелі түрде өткізілетін спорттық жарыстар спорт ұжымының оку-машықтану жұмысында тиісті болашақ бағытын (А.С.Макаренко түсінігі бойынша) айқындап береді. Оку-тәрбие жұмысының кез-келген кезеңінің анық әрі айқын міндеттері сабаққа деген саналы көзқарасты қалыптастырады, тәртіпті нығайтып, оған оқушылардың қызығушылығын арттырады.[10]
Бесіншіден, спорттық жарыстардың үлкен үгіт-насихаттық мәні бар. Жарыс тудырған жағымды көңіл-күй қатысушылардың спортқа және спорттық жаттығулармен айналысуға қызығушылықтарын арттырады және жас көрермендердің спортқа белсенді түрде қатысуына септігін тиігізеді. Ең ақырында, алтыншыдан, спорттық жарыстар арнайы ұйымдастырылған шара болып табылады. Өйткені жоғарыда айтылған барлық жарысқа тән ерекшеліктерді терең ұштастыра қолдану арқылы оқушылар жеңіске жету мен рекордтар жасауы үшін өздерінің күшін толық көрсетуге мүмкіндік алады.
Мұғалім спорттық жарыстардың осы бір бай тәрбиелік мазмұны оқушылар ұжымымен жүргізілетін оқу-машықтану жұмыстарында біліктілікпен пайдалануы керек.
Жарыстың жалпы мақсаттары мен міндеттері мынадай:
а)өскелең ұрпақты Отанға деген сүйіспеншілікпен берілгендік рухында тәрбиелеу;
ә) спортты жас спортшылар арасында кең тарату;
б) оқу-спорт жұмыстарының қорытындысын шығару және күшті командалар мен жеке қатысушыларды анықтау;
в) жастардың денсаулығын нығайтуға жөне осы негізде спорттық-техникалық нәтижелердің өсуіне жағдай туғызу;
Ұжым алдында туындайтын жекелеген оқу-тәрбие міндеттері мынадай: секция жұмысы жөнінде қоғамдық есеп беру, мектеп рекордтарын белгілеу, командадағы тәртіпті нығайту және арттыру, спорттың жекелеген түрлерін насихаттау, секцияға жаңа мүшелер тарту және т. б. Бұлар жоғарыда көрсетілген жарыстың жалпы міндеттерімен байланыстырылуы керек.

1.2 Дене тәрбиесі сабағындағы көрнекілік қағидасы
Оқу - әдістемелік кешеннің бір бөлігі ретіне көрнекілік құралдары пән мазмұнының, оның ұйымдастырылуы мен оқу-тәрбие жүйесінің біртұтастығын талап етеді. "Көрнекілік" дегеннің өзі көру етістігінен шықса да, қазір оның мағынасы кеңейді. Педагогикалық сөздіктерде: "көрнекілік - оқушылардың тікелей қабылдауы кезінде нақты түрде әсер ететін дидактикалық ұстаным" деген анықтама берілген. Оқыту процесінде табиғат заттары мен құбылыстарының маңызды роль атқаратыны және көрнекілік түрлерін қалыптастыруда қажетті құрал болатыны белгілі.
Көрнекілік әдебиет пәнін оқытуда қолданылатын маңызды дидактикалық материалдың бірі ретінде, мектеп практикасында үнемі қолданылып келеді. Көрнекілік сабақ материалымен тығыз байланыста болу керек. Көрнекілікті қолдану оқушылардың психологиялық белсенділігін, сабаққа деген қызығушылығын жоғарылатып, материалдарды терең ұғуына, есте сақтауына көмектеседі. Көрнекілікті сабақтың кез келген бөлігінде қолдануға болады. Яғни, жаңа материалды түсіндіруде, бекітуде, бақылау және қайталау сабақтарында пайдалануға болады. Көрнекіліктер шартты түрде екіге бөлінеді:
- көру көрнекіліктері;
- есту көрнекіліктері.

Көрнекі қолдану әдістері
Сөз қолдану әдістері
Жарыс әдісі
Қатаң шектелген жаттығу әдістері
Ойын әдісі

Есту көрнекіліктеріне техникалық құрал түрлері, қосымша материалдардан алынған әңгімелеу жатады. Көрнекі құралардың қолдану тиімділігі жоғары болғаны жөн. Ол тек сабақты сырт түрлендіру рөлін атқармай, мұғалімнің беретін ақпаратын еселеп, көрнекі түрде жеткізе алатын тірек болуға тиіс. Мектепте көрнекілікті қолданудың өз тәртібі бар. Алдымен, көрнекілік оқушыға эстетикалық әсерлілігі, мазмұндылығы тұрғысынан ықпал ету керек.[11]
Көрнекілік сыныптағы оқушылардың қай қатарда отырса да, бәріне бірдей айқын көрінетіндей болғаны жөн. Әр сабақта көрнекілікті пайдаланудың реті, көлемі сақталуға тиіс. Бір тақырыпқа бірнеше көрнекілік түрін үстемелей қолдану, оқушыларға олардың бәрін түсінікті ете бермейді. Көрнекілік оқушылардың жаңадан танысуға тиісті тақырыбына тың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі пәнін жетілдіру және әдістері
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
Дене тәрбиесінің оқыту мәселелері
Дене тәрбиесі сабақтарының топтастырылуы
Музыканы оқытудың әдістері
Дене тәрбиесінің сабақ жоспары
Балалардың музыкалық аспаптарына сипаттама
Студенттің өзіндік жұмысы
Дене шынықтыру мен спортты басқару жүйесі
Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесін қалыптастырудағы дифференциалдық қатынас
Пәндер