Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Тіл және әдебиет теориясы кафедрасы

А. Б. Барсақбаева

АУДАРМА НЕГІЗДЕРІ

Оқу-әдістемелік құрал

Қостанай, 2017

ӘОЖ 8Г25 КБЖ 81. 63. 24-7 Б25

Рецензенттер:

Безаубекова Алмагүл Даненқызы - филология ғылымдарының кандидаты, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты шетел тілдері кафедрасының доценті

Қайыпбаева Айжамал Қайыпбайқызы - филология ғылымдарының кандидаты, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті

Досова Алма Төлегенқызы - филология ғылымдарының кандидаты, тіл және әдебиет теориясы кафедрасының доценті

Авторы:

Барсакбаева Анар Болатқызы - филология магистрі, аға оқытушы

Б25 Аударма негіздері: оқу-әдістемелік құрал / А. Б. Барсақбаева. Қостанай, 2017. - 108 б.

ISBN

Оқу-әдістемелік құралда аударма негіздері, аударма барысында қолданылатын тәсілдер, аударманың грамматикалық, лексикалық және стилистикалық ерекшеліктері қарастырылған дәрістер жинақталып, өздігінен орындауға арналған тапсырмалар берілген.

Бұл оқу-әдістемелік құрал «Аударма ісі» траекториясы бойынша білім алушы 5В020500-Филология мамандығының жоғарғы курс студенттеріне арналған.

ӘОЖ 81'25 КБЖ 81. 63. 24-7

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекетгік университетi Оқу- әдiстемелiк кеңегімен бектліп баспаға ұсынылған, хаттама № 4 14 маусым 2017 ж.

ISBN

© Барсақбаева А. Б., 2017

Мазмұны

Кіріспе 4

  1. Аудармашының кәсіптік қызметінің негіздері 5Аударма ісі мамандығы 5

1 . 2 Аударма түрлері 7

1 . 3 Жазбаша аудару 9

1 . 4 Ауызша және жазбаша аудару арасындағы айырмашылықтар.

Парақтан аудару 11

1. 5 Аудармашының кәсіби этикасы 13

1 . 6 Хаттама және аударма. Болашақ аудармашыларға кеңес 15

  1. Әдеби аударма негіздері 16Әдеби аударма ғылымының теориясы мен тарихы 16Әдеби аударма ғылымы және оның тарихы 20Әдеби аударма түрлері және оның өзіне тән ерекшеліктері 22Жанр және аударма 24Әдеби аударма бірліктері 27Ұлттық-мәдени ерекшелік және әдеби аударма 29Стиль және аударма 31Сюжет және аударма. Ырғақ және аударма 33Шығыс жұлдыздарының шығармаларын қазақ тіліне аудару тарихы . . . 35Шетел әдебиеті қазақ аудармаларында 38

Практикалық сабақтарда қарастырылатын тақырыптар 41

Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары 44

Өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары 55

Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

Қосымшалар 70

3

Кіріспе

«Аударматанудың негіздері» пәні - таңдау компоненттегі базалық пән. Бұл курста аударматану ғылымының теориялық мәселелері, аударма жасаудың техникасы, әдіс-тәсілдері мен аудармаға және аудармашыға қойылатын талаптар, аударма саласының жанрлық түрлері қарастырылады.

Пәнді оқу барысында білім алушылар аударғалы жатқан материалдағы сөздін мағынасын түсініп, лексика және грамматикалық талаптарын білуі керек. Пәндегі ұғымдар мен категорияларды жан-жақты терең қамти отырып, бастысы екі немесе бірнеше тілдерге еркін аударма жасай білуі тиіс. Студенттер аударма туралы ғылымның осы күнгі жағдайын, аударма қызметінің негізгі концепцияларын, түрлі аударма тип пен формаларының ерекшеліктерін, аударманың негізгі лексика-фразеологиялық, грамматикалық және

стилистикалық мәселелерін игеруі керек. Бірнеше тілдерге аудара білу, аударма кезінде мәтіннің мән-мағынасын ашып, соны жеткізетіндей, алған білімдерін іс жүзінде асыратындай дагдысы болуы керек. Ғылыми ойларды, концпециялар мен шығармашылық құрастыруларды сыни талдай алудан, нақты деректертерді талдау және жалпылама қорытынды жасай алудан, лингвистикалық, энциклопедиялық, лексикографиялық және арнайы әдебиетте мегзей алудан, теориялық білікті дербес тәжірибелік жұмысында пайдалана алудан құзыретті болуы керек .

Қазіргі таңда аударма ісінің теориясын зерттеумен шектелуге болмайды. Пәннің теориясын тереңдетумен қатар аудармашылылардың кәсіби дайындық деңгейін көтеру шартқа айналып отыр. Осыған орай аудармашылардың оқытудың жаңа әдістерін табу қажеттігі туындайды. Бірақ бұл қажеттік аудармашы кәсібінің ерекшеліктерін жан-жақты талдамай өтелмейді. Аудармашы - аударма үрдісін жүзеге асыратын маман болғандықтан, аударманың көп аспектілерімен кездеседі. Ол мәтінді әр түрлі объективті шарттарда аудару барысында ішкі және сыртқы факторларды ескеруі қажет.

Аударматану сабақтарында ережені жаттанды түрде айтқызудан гөрі, практикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлген жөн, сондықтан да осы оқу-әдістемелік құралда тіларалық коммуникация жағдайында баламалық аударманы қамтамасыз етуге, студенттерде практикалық және аудармашылық дағдыны қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жинақталған. Бұл еңбектің негізгі мақсаты - болашақ мамандарды аудармашының кәсіби ісінің негізгі дәйектермен таныстыру.

Зерттеу осы сала бойынша жүргізілетін теориялық жағынан да, практикалық жағынан да аударматану курсы бойынша маңызды материал көзі бола алады, өйткені мұнда аударма жолдарына байланысты жан -жақты ақпарат қамтылған.

Оқу-әдістемелік құрал болашақ аудармашыларға аударманың теориялық негіздерінен білімін кеңейтуге, алдағы тәжірибелік жұмыстарында жинақтаған білімдерін іс жүзінде қолдануға септігін тигізеді.

Оқу-әдістемелік құрал тиісті әдістемелік талаптарға сай жасалған.

4

  1. Аудармашының кәсіптік қызметінің негіздеріАударма ісі мамандығы

Аудармашы мамандыгыныц қалыптасуы мен өркендеу тарихы. Қазіргі қоғамда аудармашылық қызметтің қолданылу шеңбері күн сайын кеңейіп, үлкен әлеуметтік сұранысқа ие болып отыр. Көптеген мемлекеттерде арнайы оқу орындары ашылып, кәсіби аудармашы мамандарды даярлай бастады. Бұған дейін аударма жұмысымен басқа да мамандық иелері айналыса бастаған. Аудармашылық жұмыс қоғамдық ортаның көпшілігін қызықтырды. Осының нәтижесінде көптеген зерттеулер жүргізілді де, жаңа ғылыми пән пайда болды. Ол - қазіргі заман талабына сай аудармашылық мамандық.

Аударма - бұл өте күрделі және көп салалы адами іс-әрекеттің бір түрі. Күнделікті ауызекі тілде аударма ісі туралы «бір тілден екінші тілге аудару делінеді», бірақ шындығында аударма ісімен айналысқанда тек бір тілді екінші тілге аудару ғана көзделмейді. Аударма ісінде әр түрлі деңгейдегі мәдени ағымдармен, әр түрлі дәрежедегі ой толғау, әр түрлі әдебиеттер, әр түрлі дәуір тынысы, әр түрлі салт-дәстүр, ұстанымдармен танысып жұмыс істеуге мәжбүр боласың. Аудармашылықпен мәдениеттанушылар, этнографтар, психологтар, тарихшылар, әдебиеттанушылар айналысады. Аудармашылық қызметтің әр жақтылығы басқа да ғылыми жұмыстырдың қайнар көзі болуы әбден мүмкін. Сондықтан да аударма ісі туралы ғылымында - аудармашылықта әртүрлі мәдени когнитифті, психологиялық, әдеби және де басқа аспектілер бөлініп шығуы мүмкін.

Адамдар тек бір тілде ғана емес, бірнеше тілде сөйлей алатындықтан, аударма міндетті түрде керек. Сондықтан тілшілер тілдің ситуациялық жағдайларын тек бір мемлекеттің көлемінде ғана оқып үйреніп жатқан жоқ, бір мәселені әлемдік жағдайға қарастырып жатыр. Енді көптілділік болғандықтан аударманың болу керектігі анықталды. Аударма тілдік кедергілерді жоятын күрделі құрылымға айналды. Тіл білімі мен аудармашылықтың алдында бұл тілдік барьерлер қалай пайда болды және оны жоятын қандай күш ойлап табуға болады деген сұрақтар тұрды.

Аудармадағы қиындықтар түпнұсқада аталған кейбір құбылыстарға байланысты немесе қабылданып, аударылып отырған мәдениеттің аударма рецепторларына белгісіз жақтарына байланысты туындауы мүмкін. Әр тіл - өзінше жеке мәдениет.

Аудармашыныц тіларалық делдал, жеткізуші ретіндегі ұстанатын негізгі делдалдық багъттары: коммуникативтік, мәдениаралық, аудармашылық, ұйымдастыруш ыл ық.

Жақсы кәсіби аудармашы жиі көлеңкеде қалып қояды. Бұл мамандықтың өзіне тән қағидасы. «Байқалмау, өзімен-өзі бейтарап болу» жақсы аудармашының ажырамас құндылығы. Жақсы аударма оқушылар мен тыңдармандарға аударма сияқты қабылданбайды, ол өз ана тілінде жасырылған мәтін сияқты қабылданады. Дарынды аудармашылардың арқасында - Хемингуэй, Демарка, Грэм Грин шығармалары ана тілінде сөйлейді, біз оларды оқимыз және де жатқа айтамыз. Бірақ аздаған оқыған, аса білімді адамдардың

5

біразы ғана мынадай аса дарынды аудармашылардың есімін біледі, мысалы Райт-Ковалева немесе Кашкина. Олардың орыс мәдениетіне сіңірген еңбектері ұшан-теңіз.

Сонымен, жақсы аудармашы көрінбейді, білінбейді. Кәдімгі, орта деңгейдегі аудармашы - бұл кәсіби маман емес, бұдан да төмен аудармашыдар бар екендігін айтпауға болмайды.

Ана тілінде дұрыс сөйлеу ана сүтімен берілмейді, оған қазіргі заманға сай мектептер мен институттарда үйретпейді. Сондықтан ана тілі мен риторика аудармашыларды дайындайтын арнайы бағдарламада шетел тілі сияқты аса маңызды орын алуға тиісті.

Дұрыс аударма жасау үшін сол аударылатын құбылыс туралы мәлімет маңызды екендігін ұмытпау керек. Бұл біліктілік аса терең болмаса да өте қажетті. Сондықтан жан-жақты дамыған білікті, кең ауқымды білімпаз - осы қасиеттерсіз жақсы аудармашыны елестетуге болмайды.

Сондықтан студенттің шетел тілін жақсы меңгеру дағдысын дамыту үшін не істеу керек деген заңды сұрақ туындайды. Бұған бір ғана жауап бар - ол студентті өз тілін меңгеріп жатқан мемлекетке саяхатқа жіберу керек, ол ү ттт ін судентке жылы қонақжай жағдай туғызу міндетті емес. Ол нағыз тілдік ортаға түсуге тиісті, яғни кәсіби емес жұмыс істейтін орындарға түсіп, қара жұмыс, алып кел-шауып кел, санитарлық жұмыстар атқаруы керек. Ондай жұмыстар бүкіл әлемде атқарылады. Тағы бір ұтымды тәсіл бар - ол мүмкіндігінше көп мөлшерде өзі оқитын тілде түсірілген кинофильмдерді көбірек көру. Қорыта келгенде, нашар оқытудың салдарынан нашар көңіл толмайтын аудармашылар пайда болады, ал жақсы аудармашыға сұраныс аз, бірақ басты себеп осында ғана ма? Жоқ, басты себеп аударма адамның интеллектуалдық іс-әрекетінің өте күрделі түрі екендігінде жатыр.

Тағы бір жалпы қорытынды: аударма интеллектуалды іс-әрекетінің жанды көрінісіндей өте күрделі, оның күрделілігі мынадай жағдайларға тіреледі:

  • экстремальді, стресс алатын жағдаяттардың болуынан қашу мүмкіндігінің жоқтығы;
  • аударма ісінің теория мен әдістемесінің жетіспеулігінің салдарынан сенімді бірлігінің жоқтығы;
  • жинақталған аудармашылық тәжірибенің және есепке алу механизмінің жоқтығы.

Аудармашы мамандығының күрделілігі - оның таза интеллектуалды болуында. Көрермендер залында - өзінің шеберлігін көрсететін әртіс сияқты, аудармашы да өзінің біліктілігі мен шеберлігіне ғана кәміл сенеді. Өзінің қажеттіліктерін ол басқа ұжым мүшелеріне итере сала алмайды. Басқа мамандық иелері мұндай әдісті «бригадалық тәсілмен» өте жақсы орындайды.

Қысқасы, аудармашы - өте күрделі, шаршайтын адамды күйзеліске ұшырататын мамандық. Сонымен қатар аудармашы мамандығы жақсы да, өте қызықты мамандық екенін жасыруға тағы да болмайды. Басқа ешқандай мамандық сенің алдыңа минут сайын күрделі шешілмейтін мәселелерді қоя алмайды. Басқа ешбір мамандық сенің ол мәселелерді жақсы болсын, жаман болсын шешуіңді міндеттемейді. Басқа ешбір мамандық сенің әртүрлі

6

деңгейдегі адамдарды әртүрлі өмірлік жағдаяттарда ерекше бақылауға алуға мүмкіндік жасамайды. Басқа ешбір мамандық сенің бөтен мемлекеттерді аралап, басқа салт-дәстүрлермен танысуынды қамтамасыз етпейді. Бірақ аудармашы мамандығы адамның тәніне де өте салмақты ауырлық түсіретін мамандық. Сен тек өмірлік интеллектуалдық жағдаяттарды ғана шешіп қоймайсың, сен үнемі жүйкеңді тоздырып, қажып, шаршап жүресің. Салыстырайықшы, аударма ісінің қиындығы соншалық төрт сағаттық аударма ісімен айналысу, тура сол көлемдегі төрт сағат бойы он адаммен жалғыз өзін бетпе-бет пікірталас, сөз жарысқа түскеннен де қиынырақ екен.

Аударма өте қиын іс-әрекет екендігі сөзсіз. Алайда, бұл істі жеңілдетудің өзіндік жолдары да бар. Ол үшін аударма ісі үшін керекті әдіс-тәсілдерді меңгерсек болғаны. Сол әдіс-тәсілдерді қолдану аударма ісінің алдына қоятын мақсаттарын орындап, көздеген нәтижеге жетуге нақты мүмкіндіктер туғызады. Әлемнің ең озық та тәжірибелі деген аудармашылары сол керекті әдіс - тәсілдерге сүйенеді де аударма ісі барысында соларды қолданады.

Сұрақнама:

  1. Адамдар арасындағы қарым-қатынас негіздері қандай?
  2. Қарым-қатынастың жеке факторларына (контактілік, қарым-қатынастағы бірігушілік, бейімделушілік, өзін-өзі ұстай білу, өзін жеке тұлға ретінде сезіну, қарым-қатынас стилі) тоқталыңыз.
  3. Қарым-қатынастың жағдайлық факторларын (қарым-қатынас контексті, тұйықтық, тәртіптің, араласудың нормалары, қағидаттары, дәстүрлері) атаңыз.
  4. Аудармашы - әлеуметтің бір бөлігі ретінде қандай болуы керек?Аударма түрлері

Негізінде аударма екі топқа бөлінеді: бірінші топ түпнұсқаның жанр және стилистика ерекшеліктерімен, ал екінші топ - жазбаша және ауызекі тіл дамытудың психолингвистикалық ерекшеліктерімен байланысты.

Бірінші топтық аударманың екі түрі бар: көркем-суретті аударма және ақпараттық (арнайы) аударма.

Әдеби шығарманың аудармасы көркем аудармаға жатады. Көркем шығармалардың мақсаты - адамға шығарма не поэма арқылы эсер ету. Ал аударатын шығарма не шығарманың үзіндісі негізгі нұсқадан алынғаннан кейін, оның өзара өзіндік қасиеттері мол.

Көркем аудармаға түпнұсқа шығарманы оқырманға эсер ететін деңгейде басқа тілге аудару жатады.

Көркем аударманың жанрмен байланысты бірнеше түрі: поэзия, пьеса, сатирика шығармаларының аудармасы, проза (қарасөз), өлеңдер аудармасы.

Ақпараты бар мәтіндер аудармасы ақпараттық аудармаға жатады. Бұл аударманың негізгі мақсаты оқырманға эстетикалық эсер ету емес, тек информация, ақпаратты жеткізу. Аталмыш аудармаға ғылыми мәтіндер, іскерлік, саяси-қоғамдық, тұрмыс саласымен байланысты мәтіндер аудармасы жатады. Бірақ бір мәтінде осы екі аударманың түрі жиі кездеседі.

7

Психолингвистикалық аударма тобы екіге бөлінеді: жазбаша және ауызша.

Ауызша аудармаға дәл сөйлесіп жатқан сәтте аударылып жатқан аударма жатады. Аудармашы қайтадан тіл арқылы айтылған ақпаратқа келе алмайды. Ол мәтінді, ақпаратты не үзіндіні бір рет қана тыңдап аударады. Қате тауып, оны түзетуге уақыты болмайды.

Ауызша аударма - бұл түпнұсқа мен оның аудармасы аударма барысында жазбаша емес нысанда болатын аударма түрі, ол аудармашының түпнұсқаның үзінділерін біркелкі қабылдауын жэне кейіннен сэйкестіндіруге немесе оны орындағаннан кейін түзетуге мүмкіндік жоқтығын білдіреді. Ауызша аударманың классикалық мысалы ретінде аудармашы түпнұсқаны аккустикалық нысанда («естілуі бойынша») қабылдауын жэне өзінің аудармасын ауызша нысанда орындауын айтамыз. Ауызша аудармада аударма мәтінін құрау түпнұсқаны қабылдаумен параллелльді түрде, не түпнұсқаны қабылдау біткеннен кейін жүзеге асырылады. Соған сәйкес ауызша аударманың екі түрі болады: синхрондық және ілеспелі аударма.

Синхрондық аударма - бұл аудармашы оратордың сөзін тыңдай отырып, тура сол сәтте (2-3 секундқа ғана қалып отырады) аудармасын айтып отыратын ауызша аударманың тәсілі. Синхрондық аударма оратор микрофон арқылы сөйлеп, оның сөзі аудармашыға құлаққа киетін аппарат арқылы естілетін, арнайы кабинада техникалық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылады, сол жерден аударма рецепторларға жеткізіліп отырылады. Осындай құралдың арқасында аудармашының дауысы оның түпнұсқаны тыңдауына кедергі келтірмейді. Синхрондық аударманың бір түрі болып аудармашы кабинада емес, рецептордың қасында орналасып, құлаққа киетін аппарат пен микрофон арқылы немесе оларсыз аударманы оған сыбырлап айтып отыруы түріндегі «сыбырлау» табылады. Синхрондық аударма - ауызша аударманың қиын түрі, өйткені ол аудармашыдан бір уақытта бірнеше қимылдарды қатар аудара білуді талап етеді: бір тілде тыңдау, оны басқа тілге аудару және оратордың сөйлеу темпінен қалмай сол тілде сөйлеу. Осы үш эрекеттің барлығын синхронизациялау жадының үлкен жұмысымен, жоғары қадағалаулықпен, сөйлеу компрессиясын жүзеге асырудың қажеттілігімен, түпнұсқаның келесі бөлімдерін бағдарлаумен, тез арада шешімдер қабылдаумен және т. б. байланысты.

Ілеспелі аударма - бұл ауызшы аударманың аудармашы оратор өз сөзін бітіргеннен соң немесе оның бір бөлігін айтып болғаннан соң оны аудара бастау тәсілі. Аударылып жатқан сөздің бөлігінің көлемі әртүрлі болуы мүмкін: оратор 20-30 немесе одан көп минутта айтқан жеке сөздерден үлкен көлемдегі мәтінге дейін. Аударманың бұл түрі аудармашының жадында түпнұсқаның маңызды сегменттерінің мазмұнын аударма басталғанға дейін ұзақ уақыт бойында сақтауын талап ететін түрі. Егер түпнұсқаның көлемі үлкендеу болса, аудармашы түпнұсқаны қабылдау барысында оның мазмұнының маңызды жерлерін жазып отырады, ол оның жадында тыңдалған мәліметті есіне түсіруіне көмек көрсетеді.

Синхронды аудармада аудармашы сөйлеп тұрған адамның сөзін бірер секундтан кейін аудара бастайды. Аудармашы бөлек керекті техникамен

8

жабдықталған кабинада отырады. Аудармашы ораторды құлаққап арқылы тыңдап, микрофонға, рецепторларға оның аудармасын жолдайды. Бұл аударманың ең қиыны: аудармашы бір уақытта шет тіліндегі ақпаратты, не өз тіліндегі ақпаратты қабылдап, түсініп, басқа тілге аударып үлгеріп отыруы керек. Сондай-ақ, ол оратор ілгері қарай не айтады деп болжап отырып, көп сөздердің синонимын тауып, негізгі сөздерді дайындап үлгеріп отыру керек.

Ілеспелі аударма - ауызша аударманың екінші түрі. Аудармашы оратор ойын айтып тоқтағанша дейін күтуде. Кейбір үзінділер 20-30 минутқа дейін созылуы мүмкін. Бір ақпаратты есте сақтау қиын, сондықтан аудармашы өзіне түсініктеме жазып отыруы қажет.

Синхронды аударма арнайы жабдықталған кабинада, не кабинадан тыс жерде өткізіледі. Жақсы білікті аудармашаның интонациясы, мимикасы оратордың сөйлеуімен сәйкес келеді.

Сұрақнама:

  1. Ауызша аударманың түрлері қандай?
  2. Синхронды және іліспелі аудармалардың айырмашылығын

түсіндіріңіздер.

  1. Іліспелі және синхронды аудармаларды сипаттаңыздар.
  2. Синхронды аударманың психофизиологиялық ерекшеліктеріне

тоқталыңыздар.

  1. Жазбаша аудару

Жазбаша аударма деп аударманың тіларалық сөйлесу барысында (түпнұсқа және аударма мәтіні), аударма барысында жазылған мәтіндерге аудармашы бірнеше мәрте қарап, тексеріп, түзете алатын аударма түрі аталады. Бұл аудармашыға аударылып отырылған мәтіннің үзінділерін қайталап қарауына, оларды аударманың сәйкес үзінділерімен салыстыруына, аударманы Рецепторға бергенге дейін, яғни аудару үрдісінің аяқталуына дейін аударма мәтініне қажетті өзгерістер енгізуіне мүмкіндік береді. Жазбаша аударманың классикалық мысалы болып аудармашы түпнұсқаны жазба мәтін түрінде қабылдап, аударма мәтінін жазба мәтін ретінде жүзеге асыруы табылады. (Осы жерден жазбаша аударма деген атау шыққан) .

Аударма түрлерінің екі негізгі сараланушы түрлері бар: аударылатын мәтіндердің сипатына байланысты және аударма барысында аудармашының тілдік әрекеттерінің сипатына байланысты.

Аударманың жанрлық-стилистикалық саралануы түпнұсқаның жанрлық- стилистикалық ерекшеліктеріне байланысты екі функционалды аударманың түрін ерекшелейді: көркем аударма және ақпараттық аударма.

Көркем аударма деп көркем әдебиет шығармаларын аударуды айтады. Қалған тілдік шығармалар түрлеріне қарағанда, көркем әдебиет шығармаларының негізгі функциясы болып көркем-эстетикалық немесе поэтикалық функцияның есептелуімен көзге түседі. Осы мінездегі барлық шығармалардың негізгі міндеті болып қандайда бір эстетикалық эсер беру, яғни

9

бір көркем-әдеби образ жасау болып есептеледі. Бұндай эстетикалық бағыт көркем-әдеби тілді ақпараттық мазмұны негізгі болып саналатын информативті тілдік қарым-қатынас түрлерінен ерекшелейді.

Көркем аудармада түпнұсқаның көркем әдебиеттің белгілі бір жанрына жататындығына байланысты аударманың түр ішіндегі бөлімдері болады. Бұндай аударманың түр ішіндегі бөлімдері қатарына поэзия, пьесса, сатирикалық шығармалардың, әдеби прозаның, ән сөздерінің аудармалары жатады. Шығарма аудармасының мына немесе ана жанр санатына жатқызылуы шартты сипатта және бұл жанрдың өзіндік ерекшелігі аударманың нәтижесіне қаншалықты эсер ететініне байланысты болады.

«Ақпараттық аударма» деп оқырманға шығармашылық-эстетикалық эсер ету емес, негізгі функциясы қандай да бір мэліметтерді хабарлау болып табылатын мэтіндерді аудару аталады. Мұндай мэтіндерге ғылыми, іскерлік, қоғамдық-саяси, тұрмыстық жэне басқа сипаттағы барлық материалдар жатады. Бұған көптеген детективтік эңгімелерді аударуды да, саяхаттарды суреттеуді де, очерктерді жэне таза ақпараттық хабарлауы көбірек болатын басқа да шығармаларды жатқызуға болады. Аудармаларды көркем жэне ақпараттық деп бөлу аудармада көрсетілуге тиіс түпнұсқаның негізгі қызметіне байланысты (эстетикалық эсер етуі немесе жай ақпарат беруіне) . Негізінде, жалпы алғанда, көркемдік аударманы талап ететін түпнұсқада тек ақпараттық қызметтерді орындайтын жекелеген бөлімдері, ал керісінше, ақпараттық мэтінді аударуда көркемдік аударманың кей элементтері (бөлшектері) болуы мүмкін.

Көркем жэне ақпаратты аудармалар көбінесе жазбаша аудармаға жатады. Көркем шығармалар мен аударумен бірге ол ғылыми-техникалық материалдарды аудару, ресми-іскерлік материалдарды аудару, саяси- публицистикалық материалдарды аудару, газет-ақпараттық материалдарды аудару, патенттік материалдарды жэне т. б. аудару болып бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайтанушы ғалымдар Абай Құнанбаевтың шығармашылығы туралы
Мағжан - қазақтың ұлттық ақыны
М.Жұмабаев қазақ педагогикасының негізін қалаушы
Жұмабаев Мағжан Бекенұлы
Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі
Жолайырық
Мағжан Жұмабайұлы
Онегиннің мінездемесі
Мағжан Жұмабаев - педагог ретінде
Мағжан Жұмабаев Анама өлеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz