Қолданылатын матаға қойылатын талаптар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өмірзақ Айдана Жұбатқанқызы

Жоғарғы мектеп жасындаы қыз балалардың жадағайын дайындаудың технологиялық процесін жобалау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В072600 - Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және құрастырылуы

Алматы, 2020

Аннотация

Диплoм жoбacының мaқcaты:

Диплoмдық жoбaның тaқыpыбы бoйыншa жоғарғы мектеп жасындаы қыз балалардың жадағайын дайындаудың технологиялық процесін жобалау болып табылады.

Диплoм жoбacының мiндeтi:

Жұмыc cәннiң бaғыты бoйыншa көpкeмдiк бөлiмдe бұйымның cәннiң бaғытынa мoдeлiн тaңдaп, тexнoлoгиялық бөлiмдe киiм тoптaмacын жaңa жaбдықпeн өңдeп, тiгy, aл бaғacын тиiмдiлiгi жaйлы экoнoмикaлық бөлiмдepдe eceптey. Әpбip бөлiм бoйыншa apнaйы тaпcыpмaлap opындay қaжeт.

Диплoм жoбacының жaңaлығы:

Диплoм жoбacының бacты жaңaлығы күндeлiктi өмipдe қoлдaнyғa ыңғaйлы aдaмдapдың yaқытқa жәнe қoғaмдық жaғдaйлapғa caй, cтиль тypaлы бeлгiлi бip ұғымын бeлгiлeйтiн cәнмeн тығыз бaйлaныcтa бoлaтынын ecкepiп, тұтынyшылapдың тaлғaмынa caй зaмaнayи cтилiндe мaycымapaлық жадағай киім үлгілерінің жaңaшa бaғыттaрын үйлecтipy.

КІРІСПЕ

АЛДЫН АЛА ТАЛДАУ

1. 1 Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма

1. 2 Маркетингтік талдау

1. 3 Техникалық ұсыныс

1. 3. 1Сән бағыты

1. 3. 2 Жобаланатын киім ассортиментіне қойылатын талаптар

1. 3. 3 Модель эскизі

1. 3. 4 Модельдің техникалық сипаттамасы

2. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі

2. 1. 1 Қолданылатын матаға қойылатын талаптар

2. 1. 2 Қолданылатын мата ассортименті мен сипаттамасы

2. 2 Модельді өндіріске жіберуге технологиялық дайындау

2. 2. 1 Өңдеу әдісі мен құрал-жабдық таңдау

2. 2. 2 Түйінді өңдеу тәртібі

2. 3 Бұйымды дайындаудың технологиялық операцияларының бірізділігі

3 АҒЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАСЫН ЖӘНЕ ЖҰМЫС ТӘРТІБІН ТАҢДАУ

3. 1 Ағын типін таңдау

3. 2 Модельді жіберу әдісін таңдау

3. 3 Ағынды ұймдастыру және негізгі келісім шарт есебі

3. 4 Ағынның технологиялық схемасы

3. 5 Ағынның технологиялық схемасын талдау

3. 5. 1 Үйлесім коэффициенті бойынша талдау

3. 6 Ағынның техника-экономикалық сипаттамасы

3. 6. 1 Жұмыс күші мәліметі

3. 6. 2 Ағынның техника-экономикалық көрсеткішін есептеу және талдау

3. 6. 3 Технологиялық ағында жұмысшы орнын жоспарлау және тігін цехында технологиялық ағынды жобалау

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Жеңіл өнеркәсп - бұл экономиканың аса маңызды және инновациялық тартымды секторы. Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық - түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді.

Бизнесті дамыту - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үнемі назарындағы маңызды мәселенің бірі, «Қазақстан - 2050» Стратегиясындағы жеті басымдықтың бірі ретінде «Ұлттық экономиканың басты күші - кәсіпкерлікке жан - жақты қолдау көрсетуге» үлкен мән беріліп отыр. Президент «әрбір қазақстандықты, мәселесін мемлекет шешуін күтпей, өз - өзін бизнесте байқап көруге» шақырады. Осы ретте Елбасы адамдардың қауіпсіздігіне әсер етпейтін барлық рұхсат берулер мен лицензияларды қысқарту және ұсынылатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің сапасын бақылау мәселесін, бизнестің өзін реттейтін шарттарға заңнамалық негізде жағдай жасалуы қажеттігін атап көрсетеді.

Алдаға кезеңде саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) қайта өңдеу бойынша өндірісті жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандыру жасаумен байланысты. Нарықтық экономикамен алға басқан қоғамымызда тігінші, әмбебап тігінші, пішуші, сәнгер мамандықтары сұранысқа ие. Республикамызда шағын кәсіпкерлікке жол ашып, отандық өнімдерді өндіру мәселесі күн тәртібіне қойылып отыр.

Жеңіл өнеркәсіп халыққа арналған әртүрлі тауарларды өндіріп, бір уақытта еңбек ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Ертеде тігін өндірісі жеңіл өнеркәсіптің ең үлкен салаларының бірі болып саналды. Тігін өндірісінің ең басты мақсаты тұтынушылардың сұранысына сәйкесті қазіргі заман талабына сай, болашақ сән бағытын ескере отырып, сапалы, дизайны ерекше кең түржиынды бұйымдарды шығару болып табылады. Бұл мәселенің шешімін табу үшін келесі іс шараларды іске асыру керек: шағын және орта бизнес кәсіпорындарының экономикалық түрде қолдау және кеңейту бойыша мемлекеттік саясатын іске асыру; жаңа инновациялық технологияларды тігін өндірісіне енгізу арқылы кәсіпорындардың тиімділігін арттыру; маркетинг әдістемесі негізінде тігін бұйымдарын нарық конъюктурасын зерттеу және талдау, сол нәтижелер бойынша өндіру түржиындарының құрамын жетілдіру. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа Жолдауында жоғарғы оқу орындарында сапалы білім беру еліміздің индустрияландырыуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы қажеттігін атап айтты. Осыған байланысты жеңіл өнеркәсіп мамандарын даярлайтын жоғарғы оқу орындарында аталған бағытта ғылыми әдістемелік бағдарламалар әзірленіп, жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының заман талабына сай дамуына үлес қосады.

Еліміздің жеңіл өнеркәсібінің негізгі міндеттерінің бірі ­ бұл инновациялық технологиялық үдерістерді, жаңа жоғары технологиялық құрал ­ жабдықтарды, аса тиімді өңдеу әдістерін, компьютерлік графика, техникалар мен технологияларды және АЖО «Конструктор», АЖО «Жайма», АЖО «Суретші­модельер», АЖО «Сурет салу», АЖО «Технолог», сонымен қатар, материалдарды пішудің автоматтандырылған үдерісі сияқты озық техникалық жетістіктерді пайдаланып, тұтынушылар талғамына сай тігін бұйымдарын дайындау үдерісін жетілдіру.

Қазіргі нарық жағдайында аталған міндеттерді шешуде тігін кәсіпорындары тұтынушылардың нақты бұйым түріне сұраныстары туралы мәліметтерге сүйенеді. Бұл сұраныстың және сән бағытының өзгерістерін үнемі басты назарда ұстауға мүмкіндік береді, сондықтан тігін кәсіпорындары тез сатылатын өнімдерді шығарады. Осыған байланысты, отандық өнімдердің сапасы және бәсекеге қабілеттілектері артады.

  1. Киімнің жобаланатын моделіне техникалық тапсырма

1. Жобалау объектісі - жоғарғы мектеп жасындағы қыз балалардың жадағайын дайындаудың технологиялық процесін жобалау

2. Тапсырма беруші: АТУ, «ТБТҚ» кафедрасы

3. Жетекшісі - техника ғылымдарының кандидаты ассоциациялық профессор: Кучарбаева Қалдыгүл Жұмабаевна

4. Орындаушы - ЖӨБТҚ мамандығының бакалавр аты-жөні:Өмірзақ Айдана Жұбатқанқызы

5. Орындауға арналған негіздеме -оқу жоспары.

6. Жұмыс түрі-дипломдық жұмыс.

7. Орындау мерзімі . 2019 2020ж

8. Бұйымның аталуы, тағайындалуы - Жоғарғы мектеп жасындаы қыз балалардың жадағайын дайындаудың технологиялық процесін жобалау

9. Жұмыстың барысы: Техникалық тапсырма, ұсыныс,

10. Жұмыс процесінің сипаттамасы -модел ьэскизі, техникалық ұсыныс, технологиялық бірізділік, мата таңдау және оны өңдеу тәртібі, ағын ұйымдастыру формасын және жұмыс тәртібін таңдау

Негізгі және анықтама материалдары - Конструирование одежды с элементами САПР/Е. Б. Коблякова, Г. С. Ивлева, В. Е. Романов и др. - М. : Легпромбыт, 1988, журнал «Ателье», Конструктивное моделирование одежды/А. И. Мартынова, Е. Г. Андреева-М. : Мос. гос. академия лег. пром, 2002.

11. Жобаланатын бұйымға қойылатын талаптар - технологиялық, эстетикалық, гигиеналық, экономикалық.

Материалдарға қойылатын талаптар - тұтынушылық және өндірістік талаптар

Тапсырыс берушінің қолы 2020 ж

Орындаушының қолы 2020 ж

  1. Маркетингтік талдау

Маркетингтік зерттеу кәсіпорындар кездестірген, нарықтағы белгілі жағдайларды қозғайтын ақпараттарды ұсыну, жинау, талдау, жүйелі іздену болып табылады. Нарықты маркетингтік зерттеу мақсаты - маркетингтік шешімдерді қабылдауға арналған ақпаратты-аналитикалық базаны құру, сонымен қатар осыған байланысты анықталмаушылықты төмендету.
Сатып алушы нарықтық экономиканың бөлінбес маркетинг құрушылары. Өнімнің маркетингтік зерттеулері қаншалықты тұтынушылар сұранымы техникалық және экономикалық көрсеткіштерге сай келетінін тексеру үшін, өз алдына мақсат етіп қояды. Маркетингті зерттеу келесі ақпараттарды алуға мүмкіндік береді: тауар қандай тұтынушылық қасиеттерді иеленеді, дизайны жайлы білу, түсі, формасы, эргономикалығы, функционалдығы. Маркетингті зерттеулерге және алынған мәліметтерге сүйеніп, өнімнің бәсекелестік сапасын көтеру, компания жұмысында алғашқы бағытын көрсету, тауар ассортиментін шығару ыңғайлы. Маркетингтік талдауға сәйкес сауалнама жүргізілді. Оның көпшілігі арнайы сауда орындарында және студенттер арасында жүргізілді.

Сауалнама нәтижсін сараптай келе сауалнама алуға 20-23 адам көлемінде қатысты. Ең алдымен киім таңдарда сауалнама толтырушылар қандай талаптарға мән беретіні жайлы ақпаратпен танысты. Киім таңдарда (25 %) бағасына, (5 %) қойылатын талабына, (20%) сапсына және (50%) өз талғамына сай таңдалатыны белгілі болды. Бұл көрсеткіш адамдардың көбінесе өз талғамы мен бағасына мән беретіні анықталды.

Диаграмма 1- Киім таңдау талабы туралы көрсеткіші

Сауалнама нәтижсін сараптай келе сауалнама алуға 20-23 адам көлемінде қатысты. Ең алдымен киім таңдарда сауалнама толтырушылар қандай талаптарға мән беретіні жайлы ақпаратпен танысты. Киім таңдарда (25 %) бағасына, (5 %) қойылатын талабына, (20%) сапсына және (50%) өз талғамына сай таңдалатыны белгілі болды. Бұл көрсеткіш адамдардың көбінесе өз талғамы мен бағасына мән беретіні анықталды.

Диаграмма 2 - Стильдік шешім бойынша көрсеткіш

Стильдік шешімі бойынша 2-диаграммада, сауалнама жауаптарын талдап өтсек, қыз балалардың жоғарғы сұранысына ие болған классикалық (45%) және спорттық (25%) стильдер, өз талғамына сай(25%), романтикалық (5%) құрады. Бұл көрсеткіштер қыз балалардың классикалық және де спорттық стиль де өздерін еркін сезінетінімен түсіндірілді.

Диаграмма 3- Силуэттік шешім бойынша көрсеткіш

Мектеп жасындағы қыз балалардың жадағайын таңдауда 3-диаграммада, бірінші орында жартылай қынамалы (40%) силуэт, тік (35%), қынамалы(10%) және трапеция (10%) силуэт таңдалған, себебі жастар киімнің денеде қазіргі қоғамға сай сәнді және ыңғайлы тұруын жөн санайды.

Диаграмма 4- Киім таңдарды қойлатын талаптар көрсеткіші

Сауалнама жүргізу нәтижесінде 4- диаграммада киім таңдар алдында қандай талапқа көп көңіл беретіні туралы білік, оның 50%-ы эксплутациялық талапқа, 15%-ы экономикалық, ал 10%-ы конструкциялық, 25- гигиеналық талапқа көңіл бөлетіні түсіндірілді. Бұл нәтиже бойынша тұтынушылар ең алдымен қазіргі заманға сәнге сай келуіне және де гигиеналық талаптарға көп мән беретіні туралы нәтиже болды.

Диаграмма 5-Бұым ұзындығы туралы көрсеткіш

Киімнің ұзындығы оның жас белгісі мен киілу стильіне қарай таңдалады. Сауалнама көрсеткіші бойынша 5- диаграммада 40 % бөкседен төмен деңгей, 25% тізе деңгейінде, 25%бөксе деңгейінде, 10% тобық деңгейінде ұзындықтарды таңдалды. Сауалнама нәтижиелерін талдай отырып, қыз балалар жадағайын таңдауда көбіне бөкседен төмен деңгейде және тізе деңгейіндегі жадағайлар таңдалды, себебі ыңғайлы және сәнді.

Сән бағыты

Әр заманда бір уақытта бірнеше стиль өмір сүреді және дамып отырады. арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі болып қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда киімнің осындай түрлілігі арасында әр адам өзіне тән стиль таңдайды

Жадағай мегаполистің нәзіктігі мен нақтылығын, әсемдігі мен стилін тамаша үйлестіреді. Алдағы маусымда көптеген атақты дизайнерлер осы стильді және әрқашан өзекті сыртқы киімнің данасын өз коллекциясына қосты. Алдағы маусымда әйелдер жадағайының түрлі стильдік шешімдері өзекті-бұл, ең алдымен, уақыт сынынан өткен классика стильі. (Дереккөз: http://5fan. ru/wievjob. php?id=39560)

2019-2020 жылдардағы күз-қыс мезгіліндегі қыз балалар сәнінде бірқатар трендтердің пайда болуына тән, олардың ішінде: ірі дөңгелек түймелер; плащтар-жейделер; халаттар; кең ерлер иықтары мен иықтары; бір жақты ұшулар; қысқа жеңдер шынтақтан сәл төмен; жапсырма қалталар.

Мектеп жасындағы қыздарға арналған плащтың кең ассортименті ең ұнаған және қолайлы модельді таңдауға мүмкіндік береді. Балалар плащын сатып алу кезінде бірнеше маңызды факторларды ескеру керек: бұйым жасалған материалдар мен фурнитура; орындалған жұмыстың сапасы; түсі; өмір сүру аймағының климаттық жағдайлары.

Сондай-ақ мектеп жасындағы қыз балалар үшін жадағай таңдау кезінде тиісті түс туралы жақсы ойлану керек. Шын мәнінде, оқушылар үшін классикалық стильде қарапайым түсті реңктердегі жадағайлар орынды үйлеседі.

https://www.solidrop.net/photo-2/2016-autumn-winter-coat-european-style-brand-casual-for-women-double-breasted-long-slim-windbreaker-jackets-outerwear.jpg

Сурет 1-Классикалық стильдегі жадағай

Сафари стилі - әрбір жанның гардеробында болу керек стиль. Барлық пішіндегі, сондай-ақ барлық жастағы адамдар кие алады. Тіпті дресс-код қатаң сақталатын жұмыс орындарында да оның элементтерін қолдануға болады. Бұл жағдайда тек қабылан стилі ғана келе бермейді. Бұл стиль тек әйелдер қауымына емес, ерлер гардеробынан да табылады. Сонымен қатар бұл батыл әрі ыңғайлы стиль нағыз ер адамдарға лайық деп саналады. Cуретте көріп тұрғаныңыздай, сафари стиліндегі жеңіл пиджак классикалық жейдемен тамаша үйлесім тауып тұр. Ал ақшылдау түстегі балағы қайырылған сәнді шалбар мен дезерт аяқ киімі образды толықтырып, өте сәнді етіп көрсетіп тұр.

https://cdn.pricearchive.org/images/aliexpress.com/32794270525/2017-New-Spring-Autumn-Women-Clothing-Tops-Coats-Trench-Army-Green-Double-Breasted-Slim-Top-Quality.jpg https://i.pinimg.com/originals/b2/ef/9f/b2ef9f5a53f40db626ef3d75c0e765fd.jpg

Сурет 2- Сафари стильіндегі жадағай

Қыздар үшін спорттық стиль 2019-2020 маусымының негізгі трендтерінің бірі болып табылады. Өте ыңғайлы киім, жайлы аяқ киім адам денесіне ыңғайлыжағдай туғызады. Ақпарат көзі: <url> https://voguemoda. ru/sportivnyy-stil

https://massaget.kz/userdata/uploads/u65244/1458116496_l.jpg

Сурет 3- Спорттық стиль

Бүгінгі таңда үлкен танымалдылыққа ие болып отырған көптеген стиль түрлері бар. Солардың бірі «кэжуал» деп аталады. Алайда, күнде киіп жүрген барлық киімдерді бұл стильге жатқыза алмаймыз. Бұл стильдің де өз талабы бар.
Кэжуал- гламурдың қандай түрін болса да шектейтін бағыт. Джинсыда болатын стразалар немесе тым көп жылтыр бижутериялар бұл стильге мүлдем сәйкес келмейді. Сонымен қатар, биік өкшелі аяқ киімге де шектеу бар.

Бұл стиль түрі сәйкес келмейтін элементтер қолануға, акцент қоюға рұқсат етеді, бірақ ол ретсіз көрінбеуі тиіс. Бұл стильде киінетін қыздардың сырт бейнесі әр түрлі жағдайда әр түрлі болуы керек.

http://massaget.kz/userdata/uploads/u63732/1415614633_l.jpg

Сурет 4- Кэжуал стильі

Қыздарға арналған плащтың танымалдығы олардың практикалық, тозуға төзімділігіне, су өткізбеуіне байланысты. Сән маусымы 2016-2017 әр түрлі сән үлгілерінің плащтарының назарына ұсынады: сәнді макинтош, ұзартылған тренчкот, қысқа тренч, бір қаусырмалы немесе екі қаусырмалы плащ, тік плащ.

https://i.pinimg.com/736x/34/6f/25/346f25a0260a746c870d2ea6a18f8328.jpg https://shophelp.ru/uploads/images/topic/2018/04/01/57b1611ba0_1000.jpg

Сурет 5-сәнді тренчкоттар

2019-2020 жылдардағы күз-қыс мезгіліндегі әйелдер сәнінде бірқатар трендтердің пайда болуына тән, олардың ішінде: ірі дөңгелек түймелер; плащтар-жейделер; халаттар; кең иық көтермелері; бір жақты кокеткалар; қысқа жеңдер шынтақтан сәл төмен; жапсырма қалталар. https://2020-god. com/modnye-plashhi-2019-2020-goda/ Суық күзге арналған стильді нұсқасы - мойынтірек, жеңдеріндегі белбеу, бел тұсындағы белбеу және әскерилендірілген стильдің басқа элементтері бар сәнді милитари стильіндегі киім. Бұл стильде көбінесе хаки яғни қанық жасыл түсті рең кеңінен қолданылады.

Сурет 6-Милитари стильіндегі сәнді жадағай

1. 3. 2Жобаланған киім ассортиментіне қойылатын талаптар

Қыз балаларға арналған жадағай қазіргі таңда киімнің талабы мен заманның сәніне сәйкес келуі қажет. Киімге қойылатын талаптар ең алдымен киімнің дұрыс таңдалуына және де сапасына жауап береді . Киімнің дамуымен бірге оған қойылатын талаптар да өсті. Қазіргі кездегі сән бағытындағы өндірілген тігін бұйымдары әр түрлі мағыналығымен қатар, көп функционалды болып келеді. Осыған байланысты тұрмыстық киімге қойылатын талаптар екі топқа бөлінеді:

- тұтынушылық;

- өндірістік талаптары.

Киімдердің бұл көрсеткіштерге сай келуі маңызды болып саналады. Тігін бұйымдарын таңдауға байланысты, тұтынушы талаптарына эстетикалық, гигиеналық, экплуатациялық талаптар кіреді.

Эстетикалық талаптар модельді жобалау, бұйымның заманға сай стильдік талапқа жауап беруімен қатар, тұтынушының эстетикалық талғамына сәйкес келуімен түсіндіріледі. Киім адамның сыртқы пішімін қалыптастыруда маңызды роль атқаратындықтан, ол әдемі сыртқы бейнесімен қатар сән бағытына да жауап беруі керек. Сонымен қатар, материалдың сыртқы түр- түсіне, өңделуі мен безендірілуіне байланысты қойылады.

Гигиеналық талаптар бұйымның зияндылығы мен қауіпсіздігі, санитарлық - гигиеналық нормаларға сай адамды қорғау, демалу мен қан айналымын бір қалыпты сақтау мақсатында қойылады. Сондықтан әр түрлі ауа райы кезінде бұйымның ауа өткізгіштігі, жылу алмасу, ылғал сіңіру қасиеттері жақсы болуы керек. Киімнің гигиеналық қасиеті киімді тігу үшін қолданған матасының қасиетіне ғана емес, сонымен қатар конструкциясына және киімнің қалыңдық мөлшеріне, яғни киімнің пакетіне байланысты.

Киім тұтынушылардың белгілі бір сұраныстарын қанағаттандырып, негізгі функционалдық тағайындалуына сәйкес келуі керек. Тағайындалған негізгі функционалдық талапқа сәйкес келуі бұйымның номенклатурасын, моделін, конструкциясын, матасын, түрін дұрыс таңдауға көмектеседі. Формасының сақталуын қамтамасыз ету үшін, аз қыртыстанатын матаны қолданып, киімнің кейбір жеке бөлшектерінің қаттылық дәрежесін арттырады. Киімнің функционалдық ерекшелігі оның эстетикалық көрсеткіштерімен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

Эксплуатациялық талаптарға киімнің шыдамдылығы, тозуға төзімділігі жатады. Киім кию кезінде әр түрлі деформацияға ұшырайды. Қозғалыс кезінде киім бөлшектері созылады, үйкеледі, қыртыстанады, бүгіледі және ауа райы жағдайына байланысты тозады. Тозуға төзімділігі эксплуатациялық талаптардың бірі болып табылады. Бұйымның қозғалысқа ыңғайлы, сондай-ақ адамның жүріп-тұруына, қозғалысына ешбір кедергісін тигізбейтін және жеңіл киіліп, киімді кию кезінде ыңғайлы болуы керек.

Өндірістік талаптарға технологиялық, конструкциялық және экономикалық талаптар кіреді.

Технологиялық талаптарды орындау сапасы жоғары бұйымды өңдеуді қамтамасыз етеді. Әрбір жаңа бұйымның технологиясы бұған дейінгі өңделген технологиялық әдістерге қарағанда арзан және озық болуы керек. Бұл саланы жетілдіру үшін көптеген тәжірибелерде қол жұмыстарын азайтып, жоғары жылдамдықтағы құрал-жабдықтарды және жаңа материалдарды қолдану абзал. Бөлшектерді жинау мен түйіндерді өңдеуде жоғары технология негізінде сапаны, тұрақтылықты мен жоғары дәлдікті талап ететін өңдеу әдістерін, кеңінен қолдану талап етіледі.

Экономикалық талаптарға: материалдың құны, оның ені, қызмет ету мерзімі, пішу кезіндегі, киімдердітазалаудағы жеңілдігі жатады. Тігін бұйымдарын дайындаудағы тиімділігі өңдеу уақытын, модельдің конструкциясы мен технологиясында мата шығынын және өндіріс шығынын азайту болып табылады. Өндірісте экономикалық талаптарға әдетте тұтынушылық көзқараспен қарағанда, бұйым бағасының қолайлылығы және арзандығы, ұзақ эксплуатациялануы жатады.

1. 3. 3 Модель эскизі

А-моделі

Б-моделі

1. 3. 4 Модельдің техникалық сипаттамасы

Модель А:

Мектеп жасындағы қыз балаларға арналған жартылай қынамалы силуэтті маусымаралық жадағай;

Алдыңғы бой:екі өңірлі, иінішті және иініш аузы түймемен безендірілген, сегіз түймелік және сегіз түймемен өңделген, бөксе деңгейінде оң және сол жақ тұында жармалы жапырақшалы қалта орналасқан. Бел тұсында белдік және белдік ұстағышпен сәнделген. Иық тұсында погон орналасқан.

Артқы бой: Орта тігісті, қолтық деңгейінен етекке дейін бедер тгісімен қыналған, иінішті

Жағасы: қайырмалы тік жаға

Жең: екі тігісті қондырмалы жең, жең аузы белдік және белдік ұстағышпен сәнделген.

Ұсынылатын өлшем 164-88-92

Модель Б:

Мектеп жасындағы қыз балаларға арналған жартылай қынамалы су өтпейтін матадан дайындалған маусымаралық жадағай.

Алдыңғы бой : екі өңірлі, алты түймемен алты түймелікпен әсемделген, иық тұсынан етек деңгейіне дейін бедер тігісмен қыналған. иінішті иініш шеті сәндік тігіспен бастыра тігілген. Бел тұсында белдік және белдікұстағышпен сәнделген. бедер тігісінің шеткі қиығында жапсырмалы жапырақшалы қалта орналасқан. Қалта жиегі сәндік тігіспен бастыра тігілген.

Артқы бой:орта тігісті, иықтан етек деңгейіне дейін бедер тігісімен қыналған. иінішті иініш жиегі сәндік тігіспен бастыра тігілген және бір түймемен сәнделген.

Жең: біртігісті қондырмалы жең, жең аузы қаттамамен өңделген. Белдік және белдік ұстағышпен сәнделген.

Жағасы: қондырмалы қайырмалы тік жаға

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

2. 1 Мата таңдау және оны өңдеу тәртібі

А-моделі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киіз басу технологиясының жетістіктері
Синтетикалық тоқыма талшықтары
Бұйымды таңдау және негіздеу
Сәндік қолданбалы өнер және дизайн
Текстиль матасына бояуды басудың теориялық негіздері
Мақта маталарын өңдеу
Батик өнерінде табиғат көрінісін бейнелеу
Бұйымға арналған маталарды таңдау
Киімдер тігу технологиясы
Тігін өнеркәсібі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz