Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы


М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГКАСЫН ДАМЫТУДУДАҒЫ ҮЛЕСІ.
1. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТТЕРДЕГІ М. ЖҰМАБАЕВТЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.
М. Жұмабаев өзінің қысқа өмірінде нағыз поэзия биігіне самғаған, оның асқар асуларынан өлшеусіз нәр алған біртуар, әмбебап зиялы қайраткер болды. Сонымен бірге оның тәлім-тәрбие ғылымының теориялық жағына төңкерістен кейін тұңғыш терең үңілушілердің бірі болуы Мағжан дарынының тағы бір қырын көрсетеді. Осы тұрғыдан, Мағжан 1922 жылы « Пелагогика» атты ғылыми еңбек жазды. Сол кездегі көрнекті қазақ зиялылардың бірі - белгілі ғалым - педагог, публицист М. Жолдыбаев осы кітаптың беташарына былай деп жазыпты: « заманға дәл жаңа кітап шыққанша малданып», одан кейін оқып, салыстыра қарап, бұрынғы жазғандардың адасқан жерін тауып отыруға Мағжан педагогикасы іздесе таптырмайтын пайдалы тарихи материал . . . ». Өз кітабы жөнінде автор былай дейді: «Бұл кітап 2-3 жыл бұрын қысқа уақыттық мұғалімдер курсында оқытылған дәрістерден түзілген еді. Бұл күнге дейін басылып шығып, жарық көре алмады». Біз бұдан кітаптың басылуы оған оңай болмағанын, көпшілік талқысына түсіп, тәжірибелі мұғалімдердің сынынан өткен еңбек екенін байқаймыз.
М. Жұмабаев тағы да былай дейді: « Тәрбие ғалымдарының пікірлерін таңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым . . . Бізде бұрын пән тілі болмағандықтан, түрлі терминдерге таңдап тап басқанда қазақша сөз табу көп күшке тиді. Қалайда, курстардарда оқыған мұғалімдердің жәрдемімен таза орысшадан қазақшаға айналдырылды. Ал енді жаһан тілі болып кеткен сөздерді қазақшаға аударам деп азаптануды тиіс таппадым». Автор өз еңбегін төрт аяғын тең басқан дүние демейді. Сөйтіп тұрса да, бұл еңбектің ғылыми әлемді елең еткізген керемет туынды екені хақ.
Оқу құралының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше, тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі сұлулық пен әдеп құлық тәрбиесі. Әрине, тәрбиенің бұдан басқа да бірнеше түрлері бар, ол мұның басты-бастыларын ғана айтқысы келген болуы керек. Автор олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын . . . » баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қып шығару», - деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Оның туған халқының тәлім-тәрбиелік бай мұрасын игеру жөніндегі бағыт-бағдары да құптарлық. « ұлт тәрбиесі, - деп жазды ол, - баяғыда сыналып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті». М. Жұмабаев халық тәрбиесін қастерлей отырып, оны да жұрт талқысынан өткізіп қабылдаудың қажеттігін ескертеді. « талай нашар, зиянды әдеттер әрбәр ұлт тәрбиесі ішінде толып жатыр», -дей келіп, автор тәрбиешінің педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне ден қояды.
Мағжанның көшпелі қазақ тұрмысындағы тәлім-тәрбиеге байланысты көзқарасында ұлттық бояу ерекше байқалады. « Киіз үйдің зиянды жағы болғаны сияқты, - деп жазды ол, - пайдалы жағы да бар. Әңгіме сол киіз үйдің ішінде баланы ұстай білуде. Шын таза ауа сол киіз үйде болмағанда қайда болады? Тегінде жаратылыспен бауырласып, құшақтасқан, алдындағы малымен бірге жүріп, бірге өскен қазақ баласын аса нәзік қылып, үлбіретіп тәрбие қылмағаны дұрыс болар еді . . . қазақ баласының тәрбиесі қазақ тұрмысына қабысуы мақұл». Оның ойлары адамның табиғатпен кіндіктестігін ескере келіп, оқу-тәрбие жұмысының жаратылыспен астарластығын меңзейді. Табиғат - анадан алшақтап, оған немқұрайды салқындықпен сырт айналудың зардабын ұрпақ көріп отырғаны белгілі.
Мағжан өз еңбегінде психология пәніне өте кең орын беріп, оны барынша зер сала қарастырады және ғылымның бұл саласында өз білімдарлығын байқатады. Оның жан қуаттары жайындағы пікірлерінде дала өмірі мен өзінен бұрынғы және өз заманындағы қазақ зиялыларының туындыларын, ұлттық психологиялық бояу, нақышын шеберлікпен пайдалана білу тәсілі де құптарлық.
Әрине, М. Жұмабаев сөз етіп отырған психология ғылымының мәселелері 20-жылдар деңгейінде, әсіресе, оның терминдерінің өзі еуропа, орыс тілдерінде де белгілі бір жүйеге түсіп, топтаса қоймаған кезінде төл тілімізде ғылыми жағынан сөз болған. Сондықтан да бұл еңбекке қазіргі күн тұрғысынан қарап баға беру әділдік болмас еді. Ал, бұл еңбек қазақтың ұлттық ғылыми терминдерінің ілкі бастауы төрінен орын алатыны даусыз.
М. Жұмабаев орыс педагогикасының білгір классигі К. Д. Ушинскийше, педагогиканы жан сырының заңдылығын зерттейтін психология ғылымымен байланыстыра қарастырған тұңғыш қазақ ойшылы.
М. Жұмабаевтың - осы кітабындағы педагогикалық ой-түйіндерінің негізгі арқауы « . . . адам баласын, әсіресе, жанын тәрбие қылу керек деп ұғу керек . . . Дүниеде теңіз терең емес, адамның жаны терең . . . Адам тілі арқасында ғана жан сырын сыртқа шығарып, басқалардың жан сырын ұға алады. Ата-ана қатал болса, бала да қатал, ата-ана жұмсақ болса, бала да жұмсақ . . . Сондықтан баланың маңындағы адам дұрыс мінезді болуы керек . . . Адамның өзін - өзі тексеруі оның жан тұрмысының өркендеуіне, түзу жолға түсуіне қажетті бірінші шарт . . . » деген сияқты ұлағатты ойлар көптеп кездеседі.
Оның қазақ мектептеріне оқу құралдарын қандай етіп жазу керектігі, сондай-ақ, «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жолы», «Сауатты бол», «Әліппе», т. б. газет журналдарда жарияланған ғылыми -әдістемелік мақалалары өз алдына әңгіме етуді қажет ететін тақырып.
Мағжан Жұмабаев "Педагогика" атты еңбегiнде былай баяндайды: "Бала тәрбиесi - бiр өнер, өнер болғанда, ауыр өнер, жеке бiр ғылым иесi болуды тiлейтiн өнер. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшiн өз тәжiрибесi жетпейдi. Басқа адамдардың тәжiрибесiмен танысу керек. Бала зағип болса, баладан емес, тәрбиешiден, бала тар ойлы ақымақ болса, бала кiнәлi емес, тәрбиешi кiнәлi, бала сұлулықтан ләззат ала бiлмейтiн мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиешi жазалы. Қысқасын айтқанда, тәрбиеден мақсұт - адам деген атты құр жала қылып жапсырмай, шын мағынасымен адам қылып шығару"
Сондай -ақ Қазақстанда педагогика заңдылықтарының жүзеге асып, жетілуіне сол кезеңде өмір сүрген ағартушылардың еңбегі зор. Мысалы: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлихановтармен қатар оқытып білім ісіндегі әлемдік деңгейдегі жол-жосыққа зейін аудара отырып, қазақ халқының тарихи даму жағдайына үйлесімді педагогикалық, психологиялық еңбектер жазған зиялылар қауымы үлкен үлес қосты. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов т. б. педагог-ұстаздар білім беріп оқытуды ұйымдастырудың тиімді жолдарын, оқушылармен жұмыс істеудің әдістемелерін жан-жақты талдауға ат салысты.
Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек Оған дәлел оның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. ”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын -мұғалімдікі”-дейді ұстаз . Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты. Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Қазақ балаларына тән білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық, қасиеттеріне мән берген ол: “… мені өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш айдың ішінде ғана орысша, татарша оқуды, тіпті жазуды да үйренді, ” - деп шәкірттердің зейінділігі мен іждағаттылығына ризалықпен қарады. Ал, ұстаз-психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”, ”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл”) т. б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлелоның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. ”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын -мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды. Патша өкіметі қазақ жерін отарлау саясатын жүзеге асырып, әкімшілік басқару жүйесін енгізіп, қазақ жерінің байлығын өз мақсаттарына пайдалану үшін жанталасып жатты . Мұжықтарын лек-легімен әкеп төгіп, қазақтың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөлге, құмға, тау-тасқа қарай тықсырды. Шекараны нығайта түсу үшін бекіністер салды. Патша өкіметі осы әрекеттерімен ғана шектеліп қалған жоқ, іле-шала жергілікті халықтың тіліне, діліне, дініне шабуылын күшейтті. Халықты бірден үркітіп жібермеу үшін " бұл саясатын " аса сақтықпен жүргізді. Патша өкіметі ең бастысы халықтың ауқатты тобын өз жағына шығарып алуға тырысты . Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек "Болыстарға тілмаштар даярлау мектебін" ашып, болыстардың, атқамінерлердің балаларын оқытып, билік сүйгіштерді өзіне жақындатып алды. " Ислам дініне бой ұрады" деген ниетпен татарларды қазақтарға жолатпауға тырысады. Ал, ұстаз-психолог Жүсіпбек Аймауытовтың ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбына арналған еңбектері (“Тәрбиеге жетекші”, ”Психология”, “Комплекспен оқыту жолдары”, “Жаңа ауыл”) т. б. психология, педагогика саласының түйінді тұстарын арқау еткен мақала, ізденістері бүгінде маңызды мәнге ие болып отыр. Аталмыш кезеңнің белгілі тұлғаларының бірі Мағжан Жұмабаев тек ұлы ақын ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогтарының бірі. Оған дәлел оның педагогика саласында жазған ғылыми дәрістері мен мақалалары айғақ. Мысалы ретінде ”Педагогика ” еңбегі жайлы: “Шамам келгенше қазақ жанына қабыстыруға тырыстым деп жазады. Мағжан Жұмабаев тек қана қазақ педагогикасымен шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, Ресей, ертедегі Рим, грек ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болғаны белгілі. Әсіресе, Мағжан мұғалімге аса қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. ”Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын -мұғалімдікі”-дейді ұстаз. Қазақстанның Россияға қосылуы 1731 жылдан басталғанымен, патшалықтың отарлық саясатының күшейген кезі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында болғандықтан қазақ даласы осы кезеңде тарихи оқиғаларға толы болды.
М. ЖҰМАБАЕВ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ.
Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық қызметіне тоқталғанда оның ұстаздық шеберлігін айтпай қоя алмаймыз. Ол туралы 1922 жылы Мәскеу - Күншығыс еңбекшілерінің коммунистік университетінде оқыған Бейсенбай Кенжебаев мыналарды есіне түсіреді: «Қазақ тілі, қазақ әдебиетін М. Жұмабаев оқытқан еді… Ол ғалым, тәжірибелі шебер оқытушы, асқан методист педагог еді». Мысалы, ол шәкірттеріне «Өздерің білген бір ертекті жазып келіңдер, соны класта оқып, бәріміз бірге талдаймыз - деп тапсырма береді. Сөйтіп ол бізге әрі әдебиетті, әрі дұрыс жазуды, әрі шығарма жазуды үйретеді», - деп жазады оның бір шәкірті. Мағжан сабақ өтіп жатқанда ешқандай қағаз пайдаланбай суырып салма әдісімен өз ойын ортаға салып, оны өлеңдер, мақалдар, шығармалардан үзінділерді жатқа оқып дәлелдеп отырған.
Ш. Елеукенов М. Жұмабаевтың ақталып, халқына оралғандығы жайлы былай дейді: «Елінің қамын жеген, қаршадайынан қазақ халқы қайтсе қатарға қосылады деп армандаған аяулы ақын енді міне ел-жұртының арасына қайтып оралды. Ол үшін біз мына революциялық жаңалану дәуіріне борыштымыз. Мың мәртебе соған бағыштаймыз» .
Ж. Аймауытов өзінің «Мағжанның ақындығы туралы» атты мақалысында: «Мағжанның ақындығын сынауға біліміміз, күшіміз кәміл жетеді деп айта алмаймыз; толық сынау үшін оның алды, артын орап, еркін арылып шығарлық сегіз қырлы, негізді білім керек», - деп айтқан болатын. Әрине, Мағжанның сан қырлы еңбектеріне талдау жүргізу көп ізденісті қажет ететін күрделі процесс, ол болашақтың ісі.
Сәбит Мұқанов 1932 жылы: «Мағжан, әрине, қазақтың күшті ақындарынан саналады. Қазақтың тілін байыту ретінде, әдебиеттеріне жаңа түрлер енгізу ретінде Мағжанның еңбегі көп. Абайдан кейінгі тіл өнегесіне Мағжаннан асқан ақын қазақта жоқ», - дегенін ешкім жоққа шығарған емес.
«Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін… бұдан соң Мағжанды сүйемін. Европалығын, жарқыраған әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Европадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып, жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп, мезінгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда бұл бір заманның шегінен асқандай. Сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай. Бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген - ақын болмайды. Заманынан баса озып, ілгерілеп кеткен - ақын болады. Әдебиет үшін деген таңба айқын болмай нәрлі әдебиет болуға жол жоқ. Сондықтан, бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге алып қалатын сөз - Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін», - деп жазыпты Мұхтар Әуезов.
«Мағжан - алдымен сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей «тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін» үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрыңғы ақындарда болған емес. Ол жүректің қобызын шерте біледі. Оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса да сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер ете алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмаймыз. Ол табиғатты суреттей ме, әйелді жаза ма, тарихи адамдарды ала ма, ертегі айта ма, ұран сала ма - бәрінде де ақынның ойлағаны, сезгені, жүрегінің қайғыруы, жанының күйзелуі, көңілінің кірбеңі көрініп тұрады. Олай болса, ақындық жүзінде Абайдан соңғы әдебиетке жаңа түр кіргізіп, соңына шәкірт ерткен, мектеп ашқан күшті ақын Мағжан екенінде дау жоқ. Абайдан соң өлең өлшеулерін түрлендірген тағы да Мағжан», -депті Жүсіпбек Аймауытов .
«Мағжан романтизмнің болмыс-бітімі, сыр-сипаты - өз алдына бөлек және ұзақ әңгіменің тақырыбы. Бұл арада біз қазақ топырағына баяғы бағзы заманнан тамыр тартқан сөз өнерін дамытудағы әйгілі екі даңғылдың бірі реализм болса, бірі романтизм екенін тәптіштеп түсіндіріп жатпай-ақ, дәл осы көркемдік әдістің Мағжан ақындығына парлаған пафос, самғаған қанат бітіргенін, соның арқасында осынау білімді, өнегелі, мәдениетті ақынның өз кезіндегі бүкіл әлемдік әдеби ағымдардың шым-шытырық тылсым құпиясын игеруге дейін қалай шырқап көтерілгенін атап өтпек едік. Сонымен қатар осындай творчестволық әрекет үстінде Мағжан ақынның тілі қалай ұстарып, шеберлігі қалай шыңдалғанын айта кету де артық емес», - Зейнолла Қабдолов.
Мағжан Жұмабаевтың өмір жолын жақсы білетін Сайфи Құдаш бір сөзінде былай дейді: «Қиын да азапты жолының барлық кезеңінде М. Жұмабаев үнемі жұмыс үстінде болды. Рас, бұл оның бар мүмкіндігінен аздай болған да шығар, таланттың өз күшіне сай да болмас, бірақ жұмыс істей білді, ал бастан өткен бұрылыс-қалтарыстарға ол жалғыз өзі кінәлі емес. Совет үкіметі алғаш орнағаннан кейін, белгілі бір шешімге келе алмай толқыған сәттері болды, бірақ бұл ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Москваның орталық басылымдарының бірінде редакторлық қызмет атқарды. Кейін жоғары әдебиет-көркемөнер институтында оқыды, сол кезде профессорлардың бірі Мағжан «Қырғыздың Пушкині» деуші еді. Сол жылдары қазақ мектептерінің оқулықтарын даярлау ісімен айналысты, орыс жазушыларының В. И. Ленин шығармаларын аудару ісіне де атсалысты. Бұның бәрі де М. Жұмабаевтың қарама-қайшы пікірден біртіндеп арылуына, көзқарастар солқылдақтығынан құтылуға, маркстік-лениндік көзқарастың жолына бір дола бет қойып, тереңдей түсуіне ықпал жасап, жол ашты» .
Қазақтың әрбір ұлағатты ғалымдары, ақындары Мағжанды ерекше құрметтегенін, осы айтылған сан алуан пікірлер мен жақсы сөздерден көреміз. Оның еңбегінің бір тамшысын да баға бермей жерге тастамаған. Мағжан - елдің патриоты, қазақ баласы.
2. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКА ТУРАЛЫ ОЙ-ПІКІРЛЕРІНДЕГІ ТӘРБИЕЛІК
ИДЕСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕДЕ ҚОЛДАНУ МАҢЫЗЫ.
2. 1 МАҒЖАННЫҢ ТӘРБИЕЛІК ИДЕЯЛАРЫ - ТӘУЕЛСІЗ ЕЛ МЕКТЕБІНІҢ НЕГІЗІ.
Бүгінгі және болашақтың ұрпағын қалай тәрбиелеп, оқытып шығару керек? Егеменді еліміздің ұрпақтарын ұлылыққа баулу - бүгінгі мектептің парызы.
Президент Н. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» жолдауында: «…Оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажетті, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» - деген болатын. Президентіміздің бұл сөзі мұғалімдер үшін негізгі бағыт, бағдарлама болуға тиісті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz