Педагогикалық қолдау этикасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
0.1 Оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы
0.2 Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету
1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ
0.1 Педагогикалық қолдау этикасы
0.2 Педагогикалық қолдау көрсетудің негізгі қағидалары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының даму перспективалары халықтың тұрмысының жоғары деңгейіне қол жеткізіп, оның әлемдік қауымдастықтағы мәртебесін арттыру болып табылады. Жоғарғы технологиялар дәуірінде білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтайды, мемлекеттің тұрақты дамуы мен зияткерлік қуатын қамтамасыз етеді.
Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім, білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.
Зерттеу өзектілігі. Қазіргі әлемде әрбір педагогтің басты қызметі , міндеті - оқушының өзінің оның өзін-өзі танып, қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетін жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануының және өзінөзі дамытуының ұйтқысы болу.
Мұғалімнің оқушыға ықпалы тұлғалық қасиеттермен, өмірлік ұстанымдарымен, педагогикалық қызметтің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қойылатын талаптарды сезіну және қабылдау дәрежесімен анықталады.
Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары оқушыларға өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлем мен адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.
Оқытушы даярлығының жеке тұлғаға бағытталған сипаты жоғары оқу орнында білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін түсініп, қабылдауға қабілетті толық тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.
Зерттеу мақсаты. Өзін-өзі тануды және өзін-өзі дамытуды педагогикалық қолдау этикасына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығын сипаттау;
oo Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсетуге сипаттама беру;
oo Педагогикалық қолдау көрсетудің негізгі қағидаларын анықтау.
Зерттеу нысаны: Педагогикалық қолдау
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Педагогикалық қолдау деп балалардың дене және психикалық денсаулығына, қарым-қатынасына, оқуда табысты алға жылжуына, сондай-ақ өмірлік және кәсіби болашағын таңдап ала білуге байланысты жеке басының проблемаларын шешуде кәсіби педагогтардың бірінші болып жедел көмек көрсету әрекетін айтамыз.
Педагогигалық қолдау көрсетудің мәні: басқа біреуге сенімділік дарыту; оның бойында бар оң қасиеттерді бекіте түсу; дамуына кедергі келтіретін, ауырлық, жүк болып жүргендерінен арылуға жәрдемдесу.
Педагогигалық қолдау әсіресе қорғансыз әрі жараланғыш балаға қиын-қыстау жағдайда көмекке келу үшін қажет. Бұл қолайсыз әлеуметтік жағдайлар мен психологиялық күйзелістен ашық түрде және моральдық қорғау, жамандыққа өз бетімен қарсы тұра білуіне жағдай жасау. Бұл баланың денсаулығына, оқуда алға жылжуына, қарым-қатынастары мен өмірде өзін-өзі таба білуіне байланысты жеке басының проблемаларын шешуге бағытталған алдын алушылық және жедел көмектер. Педагогикалық әрекеттің мәні оқушыға басындағы кедергілерді жоюға ғана көмектесіп қоймай, сонымен қатар оны өзінің проблемаларын тани білуге және оны шеше білу әдістерін меңгеруіне көмектесу. Педагогигалық қолдауды жүзеге асыруда өсіп келе жатқан адам бұл қолдауды қабылдауы үшін оны неге үйрету қажеттігін нақты білу өте маңызды. Проблемалық жағдайда балаға қолдау көрсетудің педагогикалық шарттары Сынып жетекшісі өз тәрбиеленушісімен арасында көмек көрсетушілік қатынас орнаған жағдайда ғана оның жеке басына байланысты проблемаларын шешуге шынайы көмек көрсете алады.[1]
Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясы бойынша қызмет ұйымдастырудың өзіндік әдістері мен ерекше тәсілдері бар. Олар:
oo баланың жеке қабілеттерін дамыту - өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.
oo өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптастыру - кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.
oo алдымызға келген бала қабілеттерін дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің табыстылығы анықталады.
Педагогикалық қолдау - педагогтың қазіргі педагогиканың гуманистік парадигмасын көрсететін миссиясы.
Гуманистік парадигма
Тәрбиенің гуманистік парадигмасының негізгі идеяларының бірі - педагогтың тәрбиелік позициясының негізі тәрбиеленушілірді психологиялық-педагогикалық қолдау позициясы туралы идея болып табылады.
- анықталған проблема бойынша жұпта немесе шағын топта әңгімелесу, ойтолғау;
- Сенің ойың - әр оқушының проблеманы өз көзқарасы, түсінігі бойынша талқылауы;
- Менің ойым - көзқарастың, түсініктің әралуандылығы, бұл жерде проблема бойынша мұғалімнің көзқарасының да маңызы өте зор;
- Белсенді тыңдау әдісі: анықталған проблема бойынша тиімді жұмысқа қатысу, мұғалімнің ақылын, түзетулерін тыңдау.
Феноменологиялық (тұлғалық амал) - мәдениет құбылысы, білім беру субъектісі ретінде адамға деген ізгілікті қарым-қатынас.[2]

1.1 Оқушыларға өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту бойынша педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асыруға дайындығы

Білім берудегі баланы педагогикалық қорғау, көмектесу және қолдау әдістері оқушының өзін-өзі дамытуы үшін баланың өзін-өзі қорғау тәсілдерін меңгеруге және жағдай жасауға бағытталған педагогикалық міндеттерді шешу тәсілдерінің жиынтығын көрсетеді. Педагогикалық қорғау әдістерін баланың өз өміріне және денсаулығына қауіп төніп тұрғанын, онымен қалай күресуді білмеген жағдайда пайдалануға болады.
Қоршаған ортадан қорғау табиғат құбылыстары мен қоғамның материалдық обьектілерінен физиологиялық-педагогикалық қорғау әдістерінен тұрады:
Табиғат құбылыстары мен материалдық-техникалық обьектілердің қауіптілігінен қорғау әдістері (бұзылған электр құралдарын пайдалануға рұқсат бермеу, жер сілкінісі, өрт және т.б.апат жағдайларында қамқорлық көрсету).
Әлеуметтік-педагогикалық қорғау әдістері (адамдардан педагогикалық қорғау-ересектер, ата-аналар, мұғалімдер, оқушылар және замандастар):
- кикілжіңге ашық қарсы тұру ( төбелесті тоқтату және т.б.);
- әігімелесу (туындаған кикілжіңнің себептерін және одан шығу жолдарын бірлесіп іздестіру);
- бірге әрекет ету (кикілжіңді шешуге белсенді оқушыларды қатыстыру);
- ереже-тәртіп және заң бойынша шешу әдісі ( ұжымда олардың құқығы мен абырой-беделін қорғау құралы ретінде заңға сәйкес оқушының ұстанымының маңызын арттыру мәселесін қолдау; бұл заңдарды және оларды сақтауды бірлесе отырып дайындау);
- тежеу әдісі (тыйым салмау, жағымсыз іс-әрекетті, қылықты тоқтату немесе қысқарту);
- мажор әдісі (адамдардан туындаған қауып-қатерді жеңуде болашақтағы қуанышты жағдайларды дамыту) және т.б.
Баланың өзінен-өзін қорғау әдісі:
- уайымдауды төмендету, ұмыттыру (баланың өзін-өзі сыйлауын сақтау үшін іренішті жағдаятты ұтымды әңгіме арқылы басқаға көңілін аудару; вервальды емес құралдарды пайдалану: қол алысу, құшақтау, басынан сыйпау, еркелету, көңілді музыка қою, ән тыңдату);
- тікелей әрекет ету әдісі (баланы өзіне қарсы бағытталған қылық жасаудан тоқтату);
- рефлексивті талдау әдісі (өзінің өмірі мен денсаулығы үшін туындағалы тұрған қауіп-қатерді, эмоционалдық жағдайды, әрекетті баланың саналы түсінуі);
- жұмылдыру - переключение әдісі - баланы табысты болу үшін ісәрекеттің басқа түріне қатыстыру (оның агрессиялық күйін басқа объектіге аудару, мысалы спорт залда жастықты тебу және т.б.), сублимации (шығармашылық әрекетке қатыстыру, мысалы сурет салу, жапсыру, т.б.), катарсиса - (жалпы адамзаттық жаһандық мәселелермен салыстырғанда (кітап оқы, кино көр, т.б.) өз қайғысының, уайымының мәнінің жоғалуы); - оптимистік көзқарасын тудыру әдісі (қиын жағдаяттан шығудың болашағын және тұлғаның болашақтағы даму жолдарын ашу).[3]
Педагогикалық қолдау әдістері біріншіден, бала туындаған кедергілер мен проблемаларды саналы түсініп, бірақ шеше алмаған жағдайда; екіншіден, балаға проблеманы тудырмау немесе оны шеше білу, алдын-ала сақтандыру шаралары ретінде ықпал етуде қолданылады.
Баланың денсаулығын қолдау әдісі арқылы тұлғаның қабілеттерін дамытудың базалық компоненттері ретінде физикалық және психикалық денсаулығын, эмоционалды-еріктік, рухани-адамгершілік, азаматтық сезімдерін дамыту және нығайту:
- оптималды күн тәртібі әдісі;
- рекреация - организмнің тыныштық демалысын қамтамасыз ету;
- массаж, және т.б.;
Психологиялық денсаулығын қолдау әдістері - жаман дағдыларды жою, жағымды мінез-құлық пен дағдыларды үйрену, релаксация - организмді тыныштандыру ішкі қолайлы жағдайды тудыру мақсатында босаңсу тәсілі;
Тұлғаның дербестігін, оның жалпы және арнайы қабілеттерін, іс әрекеттерін, қуаныш сезімі, жағымды эмоция, өз күшіне сену әдістері:
- көңіл-күйін көтеру әдісі - сықақ әзіл, оптимизм және т.б.;
- мадақтау және мақтау (мимика, жест, көзқарас, сөз);
- қайырымды іс жасау әдісі;
- батырлыққа қызығу әдісі;
- сенім әдісі;
-өтініш әдісі;
-күдік тудыру әдісі;
-өз-өзімен келісімге жету әдісі;
-қоршаған ортамен үйлесімділік әдісі (саногенді ойлау әдісі);
- өзінің эмоциясын өзін-өзі байқау әдісі;
- өзін-өзі диагностикалау әдісі (өзінің ерекшеліктерін, қажеттіліктерін, мүмкіндіктерін, қылықтарын талдауға үйрету);
- өзін-өзі бағалау әдісі (өзін адекватты бағалауды үйрету);
- өзін-өзі ұйымдастыру әдісі (өз бетімен физикалық және интеллектуалдық жүктемесін, күн тәртібін, т.б. жоспарлауды үйрету);
- өзін-өзі ақтау әдісі (физикалық және психикалық күштерін қайта қалпына келтірудің дербес тәсілі);
- өзін-өзі айқындау әдісі (өзіндік таңдау жасау);
- өзін -өзі іс жүзінде көрсету әдісі (қойылған міндетке сай жеке жұмысты орындау үшін жағдай жасау);
-өзін-өзі бақылау әдісі;
-өзін-өзі жоспарлау әдісі (өзін ары қарай дамыту үшін өзінің ісәрекетінің болашақ жоспарын, өзін-өзі дамыту стратегиясы мен тактикасын құру).
Оқушылардың өзін-өзі тану және оны дамыту әрекетіне педагогикалық қолдау көрсетуде өзін өзі тану пәнінен сабақ беретін оқытушының басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдістерін дұрыс таңдай алуы, өйткені сабақтың нәтижелі жүргізілуі ең алдымен педагог пен оқушының өзара қарым-қатынасының қандай жолдар арқылы жүзеге асуына тәуелді болары сөзсіз.[4]
Оқушылардың өзін-өзі тану және оны дамыту әрекетіне педагогикалық қолдау көрсетуде дәстүрлі әдістердің мүмкіндіктерін кең қолдану қажет болғанымен, бірінші кезекте белсенді және интерактивті әдістерді пайдалануға басымдылық берілуі керек. Себебі, бұл әдістерді әдебиеттің, өнердің, арт-терапияның элементтерімен жан-жақты ұштастыруға болады.
Өзін-өзі тануда негізінен оқушыларды оқу үрдісіне тартуға, олардың инерттілігін, енжарлығын, немқұрайдылығын жоюға, әуестігін, танымдық қызығушылығын оятуға мүмкіндік беретін интербелсенді әдістемелер қолданылады. Қазіргі кезде интербелсенді әдістемелер көптеген оқу бағдарламаларында қолданылады, себебі олар баланың дербес, сыни ойлауының қалыптасуына, өз пікірін дәлелдеу барысында затқа түрлі көзқараспен, алуан ұстаным тұғырынан қарауға, басқалардың таңдауы мен шешім қабылдау құқығын сақтау, өзгеше болу, сәйкеспейтін бағалау құқығын мойындауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Зияткерлік (интеллектілік) құндылықтар қазіргі плюралды, көпполярлы әлемде неғұрлым жоғары сұранысқа ие әлеуметтік және адамгершілік сапаларына айналады: ол лайықты адамдық қатынастардың ең азы ретіндегі толеранттылық қана емес, сондай-ақ сенімділік, басқаның көзқарасын, мәдени дәстүрлерін, әлемнің ұлттық бейнесін, әйелдердің құндылықтар жүйесін мойындау болып табылады.
Интербелсенді әдістер тек зияткерлік, танымдық қабілеттердің белсенділігін арттырып қана қоймайды. Олардың көмегімен оқушылардың бірлескен іс-әрекетіне мән беруге және қарым-қатынас мүмкіндіктерінде ашықтықты, әлеуметтік белсенділікті дамытатын, өзара байланысты өзара сәйкестіктегі әлеуметтік әлеммен байланыс жасауға дайындайтын - жұппен, топпен, сыныппен бірлесіп жұмыс жасау қажеттілігі мен дағдыларының дамуына жағдай жасалады.
Әйтсе де Өзін-өзі тануда интербелсенді әдістемелер айрықша мақсатты орындайды: бір-бірімен рухани байланыс орнату және сол арқылы Жаратушының дауысын есту, рухани бұлақтан сусындау, жан-дүниесін нұрға, қуанышқа, шексіз ризашылыққа толтыру, қоршаған ортаға, өзіне және басқа адамдарға жаңа көзқараспен қарау, күнделікті ұсақ тіршілік, реніштер, мәселелер жүгінен арылу, Құдіретті күштен тараған махаббат жылуын сезіну. Өзін-өзі танудың интербелсенді әдістемелерінің негізі тереңдетілген диалог деп айтуға болады.[5]
Еуропалық дәстүрде шындықты зияттық тұрғыдан зерттеуді мақсат ететін сократтық диалог болғаны белгілі. Мен ештеңе білмейтінімді білемін - өзінің білмейтінің түйсінудің өзі білім игердім деп санайтын, пәлсапалық емес қарапайым сана деңгейінен, диалог үрдісінде шындықты іздеуден басталады.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы білім беруде нәтижеге бағдарлану, оқытуды оқушының жеке тұлғасына бағытталу, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық жаңалық" ашуы шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс.
Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек. Бiздiң ел дамудың демократиялық жолын таңдауына байланысты, бүгiнгi таңда қоғамды шешiм қабылдауға тартудың маңызы арта түстi. Осы бағытта оқушылардың белсендiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн әдiстемелiк тәсiлдер и н т е р - а к т и в т i деп аталып жүр. Бұл әдiстердi қолдану сырттай өте жеңiл көрiнгенімен, өзіндік ерекшеліктері мен қиындықтары да бар.
Интерактив - ағылшынның өзара әрекет" деген сөзі. Демек, интерактивті оқыту әдістері тұлғааралық қарым - қатынасқа негізделе отырып, жеке тұдлғаны дамытуға бағытталатын" қазіргі білім беру парадигмасын қанағаттандырады. Сонымен бірге, сапалы білім алудың алғышарттары болып табылатын таным белсенділігі мен ізденіс дербестігін қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамытады. Интерактивті оқыту әдістері дәстүрлі оқыту әдістерінен оқу үрдісінде оқушылардың өзінің өмірлік тәжірибелерін пайдалану арқылы есте берік сақтауымен, мәліметтерді талдап, жинақтау арқылы жеке және кәсіптік қабілеттерін аша алуымен ерекшеленеді.[6]
Дегенмен, интерактивті оқыту қажетті ақпаратты игеруге уақытты көбірек бөлуді, бағалауда жаңа, күрделі өлшемдерді қолдануды қажет етеді және оқушылардың танымдық іс - әрекетін басқаруда тәжірибесі аз мұғалімдерге көптеген қиындықтар туғызады.


1.2 Оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына педагогикалық қолдау көрсету

Педагогтің ізгілікті ұстанымы - оқушылардың өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуына табысты педагогикалық қолдау көрсетуді жүзеге асырудың негізі. Өзара қарым-қатынас тұлғаны қалыптастырудың құралы ғана емес, оның адамдық болмысын да шыңдайды. Ізгіліктің негізін ұжымдық әрекеттердегі қатынастар қалай алады, тұлғаның белсенділігі, өзінөзі үнемі дамытып отыруға ұмтылуы өзгелерден бөлек жағдайларда емес, өзге адамдармен диалогтік қатынастарға түсу кезінде жүзеге асырылады.
Бұл - білімді ізгілендіру болып табылады, яғни білім беруде баланы ең жоғары құндылық деп тану, оның еркіндігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету, оқу-тәрбие процесінде оқушының танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру, оқу, ойын, еңбек, қоғамдық істерде оқушының субъект деп қарастыру.
Әлеуметтену - бұл баланың тұлғалық дамуындағы табиғи үдеріс, ал қолдау - бұл үдерісті демейтін психологиялық жағдайларды қолдан ұйымдастыру жүйесі. Осыған қарамастан, әлеуметтенудің басты негіздері (теңесу, интериоризация, еліктеу, аккомодация, фасилитация, көз жеткізу, конформизм) соңғы дамудың табиғи заңдылықтарына негізделген, ұстаздың қолдау алатын баламен өзара әрекетінің негізгі тетіктері ретінде қарастыруға болады. Қажетті психологиялық жағдай сияқты кешенді қолдаудың теориясы мен тәжірибесін қалыптастыруға арналған негізгі жағдай жүйелі - бағыттау тәсілі болады. Мұның астарында, дамуды субъектінің сол немесе басқа да инновацияларды дамытуды таңдауы мен меңгеруі деп түсіну жатыр. Жүйелі бағыттау тәсілінің негізі ретінде, субъекті дамуының ішкі қорында, яғни, субъектінің өз бетінше таңдау жасау және ол үшін жауап беру құқығын иелену басымдылығы алға шығады.
Осылайша, тәрбиеленушілердің әлеуметтенуі, олардың қазіргі қоғамға сіңісуі, оларға:
а) жалпы қоғамдық ықпалдастық пен әлеуметтік-психологиялық жағдаяттардың баланың жеке тұлғасының дамуына әсер ету;
ә) бұл үдерістегі істерге баланың өзінің белсене ат салысуы;
б) қоғамдағы әлеуметтік қатынастар жүйесін жетілдіру үдерістері жатады. Бұл міндеттер әлеуметтік-психологиялық қолдаудың алуан түрлі технологияларын жүзеге асыру контексінде шешімін табуы мүмкін.[7]
Педагогикалық қолдау - бұл:
а) тәрбиеленуші сенімінен шығу;
б) көбіне педагогикалық қолдау қажеттігін өзі сезбейді, бірақ оған мұқтаж болған тәрбиеленушілерге қол ұшын, жәрдемін беріп, қолдап-қуаттау.
Педагогикалық қолдау мәні: қолайлы (жайма-шуақ) психологиялық жағдай жасау; тұлғаның өз бойындағы мүмкіндіктерін өзінше іске асыруына өзара келісімдік шарт-жағдайлар түзу; өз қадір-қасиеті мен ар-намысын сақтап қалуға және ұтымды нәтижеге жету жолындағы кедергілерді бірлесіп жеңіп бару; жәрдем бер деп алақанын ашық жайып отырғанға ғана емес, достық ықылас-ниетке мұқтаж болғанның бәріне көмек көрсету; әрқандай тәрбиешінің өмірдегі өз орнын табуға құштарлық білдірген тәрбиеленуші проблемаларын өз назарында ұстай білуі; тәрбиешінің кәсіби деңгейінің жоғары болуы. Педагогикалық қолдаудың көрініс формалары - жылы лебіз; құлақ сала білу, қажет болса - кеңес беру; тәрбиеленушіге сенім; оның құқығын қорғау; тәрбиешінің балаға болған қамқорлық қатынасы; шәкірттің қандай да табысын көре танып, оған ұнамды баға беруден жалықпау және т.б.
Педагогикалық қолдау
1) тәрбиеленушілердің баршасына бағытталып, оларға деген қамқорлық пен сенім қатынасында көрінумен өзара сыйластық, түсіністік, қызметтестік көңіл-күй жағдайын түзуге көмегін тигізеді;
2) жеке тұлғаға бағытталып, оның дамуына, білім игеруіне, тәрбиелілігіне, өз басы проблемаларын шешуге жәрдем көрсетіп, азаматтың өзгерістерін диагностикалап баруға мүмкіндік береді.[8]

2 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫ ӨЗІН-ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ

Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында, Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасында, Білім Мемлекеттік бағдарламасында және басқа да мемлекеттік құжаттарға негізделген.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалатынын, осыған орай білім жүйесін реформалаудың нәтижелерінің бірі жаңа сатыдағы педагогтың өмірге келуі тиіс екенін айырықша атап өтті.
Оқытудың мәні - әлем туралы білім, тәрбие мәні - әлеуметті және мәдениетті құндылықтар, адамгершілік нормалар мен қатынас екенін біз білеміз. Педагогикалық қолдаудың мәні - тұлғалық таңдау, өзін - өзі табу. Жеке тұлғаға арналған педагогикалық қолдаудың мазмұны - адамды алда көздеген нəтижелерден алшақтататын кедергілерді жеңу жолдарын қамтиды.
Бала жақсы оқу үшін, оның оқу үлгерімі жақсы болу тиіс. Бірақ бұл парадокста педагогикалық істің маңыздылығы бар. Оқуға деген қызығушылық тек табыстан туған шабыт бар жерде ғана болады, - деген ұлы педагог В.А.Сухомлинский. Табыс - оқытудың ең маңызды және әсерлі дәлелі. Әр оқушы табысты, делелді, мұғалімдермен және ата - аналармен қолдаулы болу тиіс. Тек ынтымақтастық пен әсерлі қолайлық табысқа сенімділік береді.[9]
Соңғы кезде қолдау атты сөз заманауи қоғамдағы балалардың білім мәселелеріне байланысты ескеріледі:
1. Мектептің тәрбие институты ретінде мәртебесі түседі, бұл жоспарда ол ата - аналармен балалардың әлеуметтік күтімді ақтамайды, осыдан білімге бағытталған мектептің талаптары мен қабілетінің қайшылығы пайда болады;
2. Балалардың интеллектуалды қабаттануы, жеке балалардың қолайсыздығы және өзін - өзі бекіту, өзін - өзі білдіру, өзін - өзі дамыту барлық балалар үшін қалыптастырудың қажеттілігі;
3. Педагогтардың балалар оқу жетістіктерінің және интеллектуалды еңбек адамдар жағдайының талаптар арасында;
4. Отбасының тәрбие әуелетінің оқу маңыздылығы және отбасы жабуының күшейуі арасында, оның мектеппен ынтымақтастықта болмауы;
5. Отбасындағы білім және педагогтар мен ата - аналарға арналған жаңа тәрбиелік мәселелер арасында.
Педагогикалық қолдау әр жағдайатта, оқушы өзінің дағдыларын жанжалда, қиын жағдайатта жаттықтыру, өз қабілетін дамыту үшін қажет, яғни өзінің айқындамасын табу, анықтау және құрастыру үшін.
Педагогикалық қолдау - оқушымен бірлесіп оның қызығушылықтарын, мақсаттарын, мүмкіндіктерін және оған адамгершілік қасиетті сақтауға, өзін - өзі ұйымдастыруда позитивті нәтиже қол жеткізуге кедергі жасайтын мәселелерді жеңу жолдарын анықтау.
Бала мен ересектің әрекет мәні бала мәселесін туындыратын шарттар болады. Олардың мақсаттары:
Осы шарттарды айқындау;
Талдау және дифференциялау;
Мәселені шешу үшін тірек болатындарын ғана ресурс ретінде қолдану;
Мәселені шешуге кедергі жасайтын жағдайларды жою бойынша қызметті жобалату.[10]
Оларды жүзеге асыру тек келесі бағдарлау принциптері болса ғана мүмкін: тәрбие табиғат бейнелігі - балаға, табиғат бөлшегінедей қатынас, экологиялық таза даму орта жөнінде қамқорлықта және табиғатпен бірлікпен келісімде тәрбиелеу. Тәрбие тірі организм дамуының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады, физикалық дамудың ерекшеліктерін, денсаулық жағдайын ескереді, оның доминантты қажеттілігі қанағаттандыру үшін жағдай жасайды: қозғалыста, танымда, қарым - қатынаста, шығармашылықта.
Тәрбие мәдениет бейнелігі - білім беру және мәдениет тұлғаны өсіріп тамақтандыратын орта ретінде.
Бұл принцип білімділік кеңістікте әр түрлі орталарды құрастыруды нұсқаландырады, олар жиынтықта даму, тәжірибе жүзеге асырылатын мектептің, сыныптың бір мәдениетті - білімділік кеңістігін құрастырады, шығармашылық тұлға ретінде өзін - өзі дамыту құндылықтырының идеяларына негізделетін мәдениетті өзін - өзі идентификациялауда көмек көрсетеді.
Тұлғалық тәсіл - бұл принцип білімділік үрдісінде оқушылардың жағдайын анықтайтын принцип, оны оқу - тәрбие ұрдісінің белсенді субъект ретінде танытады. Әр тұлға ерекше, сондықтан басты міндет оның ерекшелігін қалыптастыру, оның шығармашылық әуелетін дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
Құндылықты - мәнді бағдарлау принципі - әр оқушымен өзінің оқу мен өмірінің мәнін табу үшін жағдай жасау.[11]
Білімділік кеңістікте оқушылардың өмірәрекетінің әр түрлі орталарын құрастыру аясында келесі жұмыс бағыттары қолданылады. Сынып имиджін құрастыру: сынып бөлмесін безендіру, мектеп рәміздерін, киімнің пішінді элементтерін енгізу, білімдердің қоғамдық сайысы.
Сыныпта танымды қолайлықтың атмосферасын құрастыру: диагностика және оқушылардың ақпаратты қажеттілігін, олардың танымдық әрекетке деген дайындығының өзекті деңгейін есепке алу, әр оқушының интеллектуалды қабілетінің және қоршаған ортадан ақпаратты алудың басымды тәсілдерінің диагностикасы (есте сақтау, зейін, өз ойын еркін түрде жеткізу).[12]
Оқушылардың оқуға деген қажеттілігін қалыптастыру, табысты танымды әрекетінің тәжірибесі үшін жағдай жасау, ақыл еңбегінің нәтижесіне құрмет сезімдерін арттыру: сабақтардың сапалық мазмұны, оқыту сағаттары, викториналар, оқыған кітаптарды талдау, танымды ойындар, әңгімелер.
Білім берудің тұлға - бағдарлау мазмұнын құрастыру, яғни әр оқушыға ақпараттың жеке - тұлғалық мәніне қарай орын табылады: құралдарды, дидактикалық материалдарды құрастыруда оқушылар мен ата - аналардың қатысуы, оқу сабақтарды жүргізуде ата - аналардың қатысуы, пәндер бойынша тапсырмаларды әзірлеу, ұжымдық шығармашылық істер.
Баланың оқушы ретінде табысты қалыптасуының белгілері: білімдерде қажеттілік, адамгершілік мәдениеттің анықталған саласына деген қызығушылық, оны терең түрде зерттеуге дайындық, әлеммен ақпаратты қарым - қатынастың мәдениеті;
- өз білім мекемесі, өз сыныбы, өз мұғалімі үшін мақтаныш: мектеп Жарғысында белгіленген құқықтар мен міндеттерді білу, оларды сақтау;
- оқушының сыныпта, білім беру мекемесінде қолайлы сезімі, өзінің қорғаушылық сезімі;
- өз сыныбының дәстүрлеріне берілгендігі, сынып жөнінде қамқорлық;
- ересектердің тәжірибесі мен білімін құрметтейтін оқушы болуы.
Осы әдістеме үш блок арқылы жүзеге асырылады:
- оқу ырғағын қалпына келтіру. Жазғы демалыстан кейін оқушылар нашар оқиды. Оқу ырғағының қалпына келуі оқу жылының басында басты міндет болып есептеледі.
- ұзақ және күрделі мәтіндерді мазмұндау кезде әр түрлі тіректерді қолдану дағдыларын жетілдіру, тіректерді құрастыру технологиясымен таныстыру, сонымен қатар ғылыми және әдебиетті мәтіндерді мазмұндауға үйрету.
- ақпаратты өзгерту. Бұл блокта түсінудің шектелуімен және оқушылардың ақпаратты өзгертуімен байланысқан аспект белгіленеді.
Бұл әдістеменің негізіне Ян Амос Каменскийдің оқытудың ұш деңгейі туралы ұсынысы енгізілген: бірінші ой жұмыс істеу тиіс, сосын есте сақтау, соңында ғана - қолдау.
Бұл үлгінің негізгі идеясы - білім деңгейін жоғарлату оқу құралдарына және өнімді әрекет тәсілдеріне бағыттауға байланысты. Ертедегі сөз Білім барлық өмірге қазір Білім өмір бойы деген сөздерге айналды. Ғасыр бойы өмір сүр - ғасыр бойы оқы! мақалын еске алуға болады.[13]

2.1 Педагогикалық қолдау этикасы
Қолдаудың этикасы (әдебі) - қолдаудың педагогикалық және адамгершілік нормаларының бірлігі:
- педагогикалық мақсатқа жетуде бала құрал болмауы тиіс;
- баланың шығармашылығын іске асыруында педагогтың өзін-өзі іс жүзінде көрсетуі;
- педагогтың баланы қандай болса, сол күйінде оның үнемі өзгеруі тұрғысынан қабылдауы;
- баланың және өзіңнің беделінді еш уақытта түсірмеу;
- бала - мәдениетті алып жүруші, мұрагер, тәрбие - мәдениет диалогы;
- адамды бірі-бірімен іс-әрекет нәтижесі бойынша салыстыру;
- сенім арта отырып, тексермеу;
- өзіңнің кемшілігінді мойындай білу;
- баланы қорғай отырып, өзін-өзі қорғауды үйрету;
- өзіңе ұнамайтын нәрсені өзгеге жасама.
Педагогтың негізгі ұстанымы - күрес емес, көмектесу. Тәрбие процесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды тәрбиелеудегі ата-аналардың ролін арттыру жөніндегі ұсынымдамасы
Басқарушылық этика мен мәдениет
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби қызметіндегі орны
Заңгердің кəсіби психологиялық қабілеттерінің бағасы мен кəсіби сапасының психологиялық құрылымы
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамытудың негізі ретінде
Инновациялық технология мұғалімнің кәсіби шеберлігін дамыту құралы
Мұғалімнің жеке тұлғасы-оның кәсіби қызметінің негізгі өзегі жайлы
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Педагогикалық мамандықтың ерекшелігі
Пәндер