КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТ


Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы
«Назарбаев Зияткерлік мектебі»
Қазіргі Әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Тақырып :
Қазақстан Республикасының «Қазақстан 2030» және «Қазақстан 2050»
стратегияларының мақсаттары
( сөз)
Орындаған: Шаханова Асель, 12В
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Калиева З. С
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:
(аты-жөні, қолы)
Көкшетау, 2020
МазмұныКіріспе бөлімі3Негізгі бөлім3«Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының қабылдау алғышарттары3«Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының мақсаттары мен басымдылықтары4«Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының ерекшеліктері мен сабақтастығы5Зерттеу әдістері6Зерттеу нәтижелері6Сауаланама нәтижесі6Интервью әдебиет10
Кіріспе бөліміӘрбір елдің дамуы және әлемдік аренадағы орнын қалыптастыруы мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына байланысты. Қазіргі таңда жүзеге асырылып отырған қысқа, орта, ұзақ жоспар нәтижесінде Қазақстан өз мақсаттарына жететіні айдан анық. Қазақстан Республикасының Елбасының бастамасымен 1997 жылы «Қазақстан 2030» даму стратегиясы қабылданды. Ал «Қазақстан 2050» даму стратегиясы 2012 жылы Н. Ә. Назарбаевтың ел халқына арналған жолдауында таныстырылды. Мемлекет «Қазақстан 2030» стратегиясы бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізіп, ұзақ мерзімді қамтитын «Қазақстан 2050» стратегиясы бойынша жұмыс атқаруда. Алайда әрбір азаматтың осы стратегиялармен және оның басымдылықтары мен мақсаттарымен таныс екендігіне көз жеткізу қиын. Сол себепті мен осы тақырыпты алуды жөн көрдім.
Зерттеу жұмысына қатысты негізгі мақсатты айқындадым, яғни Қазақстанның негізгі «Қазақстан 2030» және «Қазақстан 2050» стратегияларын зерттеп, соның ішінде басты мақсаттары мен бағыттарын анықтай отыра, екі стратегияны салыстырып, жеткен нәтижелерді танып білу. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын «Қазақстан 2050» стратегиясының мақсаттары «Қазақстан 2030» стратегиясының мақсаттарына қатысты құралды, және 1997 жылы қабылданған даму стратегиясының мақсаттарының көп бөлігі орындалды деген болжау жасауға болады. XXI ғасырда орындалып жатқан бастамалар даму стратегияларына қатысты жүргізіледі. Мемлекет үшін осы стратегиялардың маңызы зор және ерекше болуы осы зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түседі.
Осы курстық жұмыста мен келесі зерттеу сұрақтарына жауап беремін:
- «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының мақсаттары қандай?
- «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының басымдылықтары қандай? (ең өзектісі не)
- «Қазақстан 2050» стратегиясының маңыздылығы қаншылықты?
- Стратегиялардың ерекшеліктері мен сабақтастығы неде?
- Қазақстан даму стратегиялары арқылы қандай нәтижелерге қол жеткізді?
Зерттеу жұмысы «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының мақсаттары, бағыттары, нәтижелері туралы ақпарат қамтиды. Осы стратегиялардың айырмашылығы зерттеліп, Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайының қалай өзгергені сипатталады. Соңында, SWOT талдау жасап, стратегиялардың қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты жалпылай қорытынды жасалынады.
Негізгі бөлім «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының қабылдау алғышарттары1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан егемен даму жолына түсті және өмірдің барлық саласында терең реформалар жүргізе бастады. Жас мемлекеттің қалыптасуының алғашқы жылдары қиыншылықтарға толы болды. Болашақтың белгілері әрдайым көрінбеді, қоғамда келіспеушіліктер жиі туындады. Жаңа мемлекет құру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе отырып, Елбасы жаңа, тіпті одан да биік белестерді атап өтті. Соған қарамастан, елге ұзақ мерзімді бағдарлар мен мақсаттарды қамтитын және осы мақсаттарға жетудің жолдарын көрсететін ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат қажет болды. Мұндай құжат 1997 жылы пайда болды және ол «Қазақстан-2030 Стратегиясы» деп аталды. Мемлекет үштік жаңғырту жүргізуі керек болды: мемлекет құру және нарықтық экономикаға серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта құру. Бұл құжат бізге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындады, маңызды дүниетанымдық серпіліске айналды. 1997 жылы 1 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осы стратегияны бірінші рет жариялаған кезде, көптеген қазақстандықтар бұл жоспарды мүмкін емес деп санай бастады. Бірақ 2012 жылдың желтоқсанында кезекті Жолдауында сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясы бірқатар бағыттар бойынша мерзімінен бұрын аяқталғанын мәлімдеді. Сондықтан экономиканы одан әрі дамыту үшін жаңа жоспар қажет болды, оған қол жеткізу үшін жаңа мақсат қажет болды. Ол бірден жаңа стратегия - «Қазақстан-2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » әзірленгенін жариялады.
«Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының мақсаттары мен басымдылықтары1997 жылдың 1 қазанында «Қазақстан 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы қабылданып, Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалды.
Стратегияда көзделген негізгі мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. Мемлекет айқындаған мақсаттар мен перспективаларға қол жеткізуі үшін мынадай ұзақ мерзімді жеті басымдық қарастырылды:
- Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету мақсатымен ұлттық қаіпсіздікті қадағалау.
- Қазақстанға қазіргі және кейінгі онжылдықтар ішінде өзінің ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтау және нығайту.
- Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың үлкен тартуымен ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
- Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, білімін және мүмкіндіктерін үнемі жақсарту, экологиялық жағдайды жақсарту.
- Тұрақты экономикалық өсуге және адамдардың өмірін жақсартуға ықпал ететін табыс алу үшін мұнай мен газ өндірісі мен экспортын жедел ұлғайту арқылы Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
- Инфрақұрылым, әсіресе көлік және баланыс секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
- Біздің мақсаттарымызға жету жолында халық өкілдері ретінде әрекет етуге қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің тиімді және заманауи корпусын құру.
2012 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы ел халқына ұсынылды. Оның басты мақсаты - қуатты мемлекетке, дамыған экономикаға және жалпыға бірдей еңбек ету мүмкіндігіне негізделген гүлденген қоғам құру және Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі. Осы мақсатқа жету үшін «Қазақстан-2050» стратегиясы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыруды қарастырады:
- Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - тиімділік, инвестициялардың қайтарымы мен бәсекеге қабілеттілік қағидаттарына негізделген жан-жақты экономикалық прагматизм.
- Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау.
- Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - әлеуметтік кепілдіктер және жеке жауапкершілік.
- Білімдер мен кәсіби дағдылар қазіргі білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің негізгі бағыттары болып табылады.
- Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияның дамуы.
- Тұрақты және болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету және аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
- Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.
Екі стратегияның басты айырмашылығы - «Қазақстан 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекет тарихындағы экономикалық даму бағытын көрсететін алғашқы осындай стратегия болып табылады. Ал «Қазақстан - 2050» стратегиясы «Қазақстан - 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылады. Екі стратегия да 7 негізгі басымдылықтан тұрады.
Стратегиялар әртүрлі уақыт мерзімінде қабылданғандықтан, сол уақытқа сәйкес анықталған мақсаттар мен міндеттер әртүрлі болып табылады. Төменде көрсетілген 1-кестеде контент талдаудың, яғни негізгі және жиі қолданылатын сөздер қорытындысы көрсетілген. Сол талдауға сәйкес, «Қазақстан 2030» стратегиясында экономика саясат салаларына көп бөлінді. «Қазақстан 2050» стратегиясында ұлт дамуы, білім, бизнес дамуына жұмістар жүргізілуде. Әлеуметтің жағдай екі стратегияда бір дәрежеде қарастырылды.
1-кесте
Зерттеу әдістеріЗерттеу сұрақтарына жауап іздеу үшін мен контент талдау, сауалнама және сұхбат зерттеу әдістерін қолдандым. Сауалнама сұрақтарына Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерінің әртүрлі жас категориясындағы адамдар жауап берді. Сауалнама Survey Monkey сайтынын көмегімен жүргізіліп, жеті сұрақ қойылды. Респонденттердің ойлары мен олардың ұсыныстарын көрсету үшін ашық сұрақтар, ал жабық сұрақтар статистикалық ақпарат анық көріну үшін пайдаланылды. Контент талдау арқылы «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының айырмашылықтары талданады. Экономикалық реформаларды түсініп, бағалауға әр адамның шамасы келмегендіктен, экономика саласындағы эксперттің ойы стратегиялардың маңыздылығын айқындауда құнды болып табылады.
Мен «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стартегияларының басымдылықтары мен мақсаттарын негізге ала отырып, стратегияларының ерекшеліктері мен сабақтастығы және де өзектілігін контент талдауда айқындадым.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысын жетілдіру үшін эксперттен интервью алынды. Осы курстық жұмыста Көкшетау қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Мәлгаждарұлы Дүзелбаевпен интервью жүргізілді.
Қанат Дүзелбаевқа қойылған сұрақтар:
- Сіздің ойынызша, біздің мемелекетке бұл стратегиялар не үшін қажет? Маңыздылығы неде?
- «Қазақстан 2030», «Қазақстан 2050» стратегияларының басты айырмашылығы қандай?
- Сіз 2050 жылға қарай Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіре алады деп ойлайсыз ба?
Диаграмма 1
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz