Ішкі қауіпсіздік мәселелері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Тақырып: Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Саясаты

Орындаған: Мухамадиева Камила

Көкшетау, 2020

Мазмұны

КІРІСПЕ БӨЛІМІ 2
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 3
Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік саясатының ахуалы 3
Ішкі қауіпсіздік мәселелері 5
Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету тиімділігі 7
Зерттеу әдістері 7
Зерттеу нәтижелері 8
Бағалау 9
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ 10
Қорытынды 10
Рефлексия 11
Пайдалынған әдебиет тізімі 12

КІРІСПЕ БӨЛІМІ

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі

Қауіпсіздік мәселесі жаңадан пайда болған ұғым емес. Әр уақытта да адамның еркін өмір сүруінде, өзін-өзі жетілдіруінде, лайықты да бақытты өмір сүруінде қауіпсіздіктің алар орны ерекше екендігі анық. Әсіресе, бүгінгі таңдағы жаһандану үрдісінің қарқынды жүруімен, геосаяси ахуалдың күрделенуімен, тарихи-саяси қайшылықтармен, экономикалық дағдарыстармен, терроризм мен экстремизмнің кең таралуы сияқты қауіп-қатерлердің көбеюімен байланысты елдің ұлттың қауіпсіздігіне бөлінетін көңіл жаңа дәрежеге шықты. Қазақстанның жаңа дәуірдегі тұрақты дамуы, ұзақ мерзімді мемлекеттік стратегияларын жүзеге асыруы тек сенімді ұлттық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілу шартымен ғана іске асатыны сөзсіз. Ұлттық қауіпсіздік- елдің дамуына аса қажет стратегиялық шарт. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты қазақ халқына арнаған жолдауында еліміздің ұлттық қауіпсіздігі мен бүкіләлемдік өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық түрде қатысуы барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтардың бірі деп тұжырымдады. Сондай-ақ Елбасы Біз адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күшті, заманауи, қорғанысқа қабілетті әскерді, пәрменді құқық қорғау жүйесін құрдық деп, сенімді ой жеткізеді. Сондықтан, еліміздегі ұлттық қауіпсіздік жағдайын зерттеу қызығушылықты арттырады. Ұлттық қауіпсіздік саясаты қаншалықты тиімді іске асып жатқанын айқындау, Қазақстанның жарқын болашағына сенімділікпен қарауды қамтамасыз етеді. Негізі, ұлттық қауіпсіздік сыртқы және ішкі болып бөлінетіні белгілі. Бұл курстық жұмыс Қазақстанның ішкі ұлттық қауіпсіздігіне аударылатын назарды зерттеуге бағытталмақ. Атап өткенде, Конституцияда белгіленген төнетін қауіп-қатерлердің ішінде әлеуметтік маңызы бар : өндiрістің қысқаруы, ұлтаралық қақтығыстар мен табиғи апаттар сипатындағы төтенше жағдайлар мәселелеріне талдау жасалынады.

Бұл жұмыстың мақсаты Қазақстанның ішкі ұлттық қауіпсіздік мәселелерін айқындап, төнетін қауіп-қатерлерді анықтау мен қауіпсіздікті сақтауға бағытталған саясатқа зерттеу жүргізу және Ұлттық қауіпсіздік құрылымына тоқталып, оның мәселелерді шешуде тиімділігін талдау.

Зерттеу сұрақтары:

Қазақстанның ішкі ұлттық қауіпсіздігіне төнетін қауіптер қандай?
Қазақстанның ішкі ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қалай жүргізіліп жатыр?
Ұлттық қауіпсіздік органдарының мәселелерді шешудегі рөлі қандай?

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік саясатының ахуалы
Ұлттық қауіпсіздік адамның, қоғамның және мемлекет мүдделерінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде іске асатын көп деңгейлі, функционалды жүйе. Мүдделерді қанағаттандыру адамның, қоғамның және жалпы мемлекеттің үдемелі дамуының негізі. Өкінішке орай, посткеңестік кеңістіктегі елдерде ұзақ уақыт бойы ұлттық мүдделер ескерілмей келіп, ұлттық қауіпсіздікке, қоғамның экономикалық және саяси дамуына теріс әсер етті.Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы демократиялық саяси жүйеге көшуді және мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігін қалыптастырудың заңнамалық базасын құрды.Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін заңнамалық қамтамасыз ету Қазақстан Републикасының Конституциясы, Елбасының Қазақстан - 2030 халқына жолдауы мен басқа да нормативтік құқықтық актілер негізінде құрылады. Қазақстан 2030 стратегиясында Н. Назарбаев ұлттық қауіпсіздікті бірінші басымдық ретінде айқындады. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі ұғымы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық мүдделерді нақты және ықтимал қауіптерден қорғаудың жай-күйі деп түсіндіріледі. Ұлттық қауіпсіздік келесі негізгі түсініктерден тұрады: сыртқы қауіпсіздік, әскери қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік, қоғамдық қауіпсіздік, экологиялық және экономикалық қауіпсіздік. Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігінің негізі ұлттық мүдделер болып табылады.Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінің негізгі аспектілерін айқындайық: 1) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; 2) елдегі қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты сақтау; 3) бүкіл Қазақстан халқының игілігі үшін экономикалық даму; 4) қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу және Қазақстан халқының бірлігін нығайту; 5) қазақстандық қоғамның материалдық және рухани құндылықтарын сақтау және арттыру; 6) Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысына, оның ішінде мемлекеттік тәуелсіздікке, унитарлық құрылымға және президенттік басқару нысанына, тұтастығына, мемлекеттік шекараның қол сұғылмаушылығына және ел аумағының бөлінбейтіндігіне қол сұғылмауы; 7) мемлекеттік институттардың тұрақты жұмыс істеуі, олардың қызметінің тиімділігін арттыру ; 8) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери бөлімдерінің жабдықталуы мен жауынгерлік даярлығын қамтамасыз ету; 9) заңдардың сөзсіз орындалуы және заңдылықтың сақталуы; 10) серіктестік арқылы халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Кез келген мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі белгілі бір ішкі және сыртқы қауіп қатерлері болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік туралы Заңында ұлттық қауіпсіздікке негізгі қауіптер анықталған. Олар:
1) құқық тәртібінің әлсіреуі, оның ішінде қылмыстың, оның ұйымдасқан нысандарының өсуі, мемлекеттік органдардың қылмыстық құрылымдармен бірігуі, шенеуніктердің капиталдың заңсыз ағымынан, сыбайлас жемқорлықтан, қару мен есірткінің заңсыз айналымынан, адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейін төмендетуге көмектесетін адамдар және азамат;
2) конституциялық құрылысты мәжбүрлеп өзгертуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде Қазақстан Республикасының біртұтас құрылымына, тұтастығына, қол сұғылмаушылығына, оның аумағының қол сұғылмауына қол сұғатын әрекеттер;
3) елдің қорғанысының әлсіреуі, мемлекеттік шекараның қол сұғылмау қаупі және Қазақстан Республикасына қарсы күш қолдану, оған қарсы агрессия;
4) барлау, террористік, диверсиялық және Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне, шет мемлекеттердің арнайы қызметтері мен ұйымдарының қызметіне, сондай-ақ жеке тұлғалардың қызметіне бағытталған басқа да әрекеттер;
5) мемлекеттік органдардың қызметін қайта құру, олардың үздіксіз жұмыс істеуін бұзу, елдегі бақылау деңгейінің төмендеуі;
6) кез келген нысандағы саяси экстремизм, соның ішінде нәсілдік, ұлттық, діни, діни, діни, тайпалық араздықты немесе жеккөрушілікті тудыру;
7) этникалық және діни қақтығыстарда, тәртіпсіздіктерде, рұқсат етілмеген жиналыстарда, митингілерде, шерулер мен демонстрацияларда, заңсыз пикеттер мен ереуілдерде көрінетін қоғамдық-саяси жағдайдың нашарлауы;
8) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделмеген әскерилендірілген жасақтар құру;
9) экологиялық жағдайдың, табиғи апаттардың және табиғи және техногендік сипаттағы басқа да төтенше жағдайлардың, эпидемиялар мен эпизоотиялардың күрт нашарлауы;
10) инвестициялық белсенділіктің өсуіне, оның ішінде Қазақстан Республикасына шетелдік инвестициялардың ағынына кедергі келтіретін, капиталдың елден тыс бақылаусыз әкетілуіне кедергі келтіретін, елдің мүдделеріне қайшы келетін стратегиялық ресурстарды пайдалануды қоса алғанда, мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне зиян келтіру;
11) демографиялық ахуалдың нашарлауы, оның ішінде туу коэффициентінің күрт төмендеуі, өлім-жітімнің көбеюі, бақылаусыз көші-қон процестерінің пайда болуы;
12) білім сапасы мен елдің зияткерлік әлеуетінің нашарлауы;
13) елдің ұлттық мүдделерін қорғау үшін нормативтік құқықтық актілердің жетілмегендігі немесе болмауы.
Сондай ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету күштері де Конституцияда белгіленген. Олардың қатарында 1) барлау, қарсы барлау қызметін, сондай-ақ күзетілетін тұлғалар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар;2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдары;3) ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары, экономикалық тергеу қызметі және авариялық-құтқару қызметтері жатады.

Ішкі қауіпсіздік мәселелері

Бұл тақырыпты ашу үшін ең алдымен әлеуметтік ерекше маңызы бар нақты үш қауіп қатерді талдау қажеттілігін анықтадым. Бұл ретте олар :

1. Өндiрістің қысқаруы, өнімдер мен тауарлар сапасының, бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң, экспорттық, транзиттік әлеуетінің және қолжетiмдiлiгiнiң төмендеуi, Қазақстан Республикасында өндiрiлмейтiн өнімдер мен тауарларды басқа мемлекеттерден әкелудің қысқаруы;
2. Ұлтаралық және конфессияаралық қақтығыстардан, жаппай тәртiпсiздiктерден көрінетін әлеуметтік және саяси жағдайдың ушығуы;
3. Экологиялық жағдайдың, оның ішінде ауыз су сапасының күрт нашарлауы, дүлей зілзалалар мен табиғи және техногендiк сипаттағы өзге де төтенше жағдайлар
Себебі, соңғы уақытта бұл қауіп қатерлерге қатысты мәселелер күнделікті өмірде жиі көрініс табады.

1. Дүниежүзілік банк соңғы 20 жыл ішінде елдегі өнімділіктің өсуі тұрақты түрде төмендеп келе жатқанын атап өтті - 2000 ж. Басында ЖІӨ-нің өсу қарқыны 6% болған кезде өнімділік айтарлықтай жоғары болды. 2010 жылдардың басында өнімділіктің орташа жылдық өсу қарқыны 2% -дан аз төмендеді, ал 2014 ж. және бүгінгі күнге дейін республикада өнімділіктің өсуі теріс болып, жылына 2-3% -ға төмендейді. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша, өнімділіктің төмендеуінің ең үлкен әсері ауылшаруашылығы, өнеркәсіп және қызмет көрсету салаларына тиді. Салыстырмалы түрде экономикалық күрделілік индексінің көрсеткіші бойынша (ECI) Қазақстан экпорттық базасының технологиялық күрделілігін арттырған жоқ. Қазақстан экономикасының күрделілік индексі 2009 жылдан бастап 2016 жылға дейін 38-ші процентильден 25-ке дейін төмендеді.
2. Ұлтаралық және кофессияаралық қақтығыстар мәселесі де соңғы уақытта айрықша өзекті. Жақындағы Жамбыл обл. Қордай қаласы (2020ж. Ақпан) Дүнгендер мен қазақтар арасында шиеленістің салдарынан он адам қаза тауып, ондаған адам жараланып, мыңдаған дүнген шекара арқылы көрші Қырғызстанға қашқан. Бұл жалғыз жағдай емес, 2015 жылы ақпанда Түркістан облысындағы негізінен тәжіктер тұратын Бостандық ауылында елдегі басым ұлт саналатын қазақтар мен этникалық тәжіктер арасында қақтығыс болды. Осының салдарынан пышақталған қазақ жігіті көз жұмған.Марқұмды жерлеу рәсімінен кейін қазақ азаматтары Бостандық ауылына барып, үйлер мен көліктерді өртеген. Сондай ақ қазақтар мен түріктер арасындағы ұлтаралық қақтығыс 2016 жылдың ақпанында Жамбыл облысының Бурыл ауылында түрік ұлтының 17 жасар жасөспірімі тонау үшін үйге кіріп, ол жерде 5 жастағы қазақ ұлын өлтіріп, 11 пышақ жарақатын алды. Ауылдағы түріктердің үйлері таспен ұрылды. Бұл мысалдар көпұлтты Қазақстанда ынтымақтастық мәселесі әлі де толық шешілмегеннің айғағы бола алады. Бұл жағдайдың орын алуы тікелей әлеуметтік мәселелер себебінен туындағаны сөзсіз: кедейшілік, жұмыссыздық адамдардың тәртіп бұзуына түрткі болып, шиеленістерге әкелді.
3. Экологиялық тұрғыдан да елімізде бірқатар мәселелер бар екендігін мойындау қажет. Әсіресе Қазақстанның әр аймағында жыл сайын орын алатын су тасқыны қоғамда наразылық туындатып, жағымсыз салдарға жетелейтіні мәлім. Осылайша, 2010 жылы наурызда Алматы облысының Ақсу ауданы Қызылағаш ауылында Қазақстан тарихында ең жойқын су тасқыны 43 адамның өмірін әкетіп, 300 адам жарақат алып, 1000 адам эвакуацияланды, 146 үй толығымен қирап 251 үй зақымдалды. Мұндай салдар қардың қарқынды еруі, нөсер жаңбырлар мен жергілікті биліктің жауапкершіліксіздігінен дамба эрозиясы мен Қызылағаш су қоймасы жарылу себептерінен туындағанын зерттедім. Мемлекет тарапынан 53 млн тг қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2014 жылдың сәуірінде Ақмола облысының Атбасар қаласында 120 үй су астында қалды, 150 тұрғын эвакуацияланды. Тасқын Жабай өзені деңгейінің күрт көтерілуіне байланысты орын алды. Құм дорбаларынан 500 метрден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның экономикалық қауіпсіздігі
БІРІККЕН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫНЫҢ МЕХАНИЗМІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘМБЕБАП ҚҰРЫЛЫМДАРЫ
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздік мәселелері
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Аймақтық қауіпсіздік және орталық азия мемлекеттері халықаралық қатынастар жүйесінде
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Пәндер