ЭКОНОМИКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Оқу бағдарламаға сәйкес тақырыптың бағыты:
Қазақстан Республикасының экономикасы

Тақырып: XXI ғасырдағы Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы
(2560 сөз)

Орындаған: Мукатова Дильназ
(аты-жөні, қолы)

Жетекші: Калиева З.С.
(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор_________________________
(аты-жөні, қолы)

Көкшетау, 2020

Мазмұны:

1.КІРІСПЕ
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 ЖАҢА ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ ДИНАМИКАСЫ
2.2 ЭКОНОМИКА БАҒДАРЛАМАЛАРЫ МЕН РЕФОРМАЛАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
2.3 СҰХБАТ НӘТИЖЕЛЕРІ
2.4 САУАЛНАМА НӘТИЖЕЛЕРІ
2.5 SWOT АНАЛИЗІ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
5. ҚОСЫМШАЛАР

1. Кіріспе:
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдаған жолдауларының барлығы дерлік экономикалық тәуелсіз мемлекетті қалыптастыруға бағытталды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты жолдауында да Елбасымыз индустриалды-инновациялық дамуды баса назарға алды.
Әлемдік даму үрдісі қазіргі ғылыми-техникалық серпілісті түбегейлі жаңа даму деңгейіне шығаруға себепші болып отыр. 90-шы жылдардың басында экономикалық даму парадигмасы өзгереді де, батыстың алдыңғы қатарлы шаруашылық іс-әрекеттің материалдық емес саласын жеделдетіп дамуымен ерекшеленетін Жаңа экономикасына көшеді. Жаңа экономика аясында экономикалық өркендеудің жаңа сапалық түрін қамтамасыз етуші жаңартулар мен инновацияға негізделген нарықтың жаңа шаруашылық субъектілері құрылады.
Қазіргі уақытта технология, құрал-жабдықтар, кадр даярлау, өндірісті ұйымдастыру сипатында іске асқан жаңа экономика үлесіне экономикасы дамыған елдерде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімінің 70-тен 84 пайызға дейін жетеді. Жаңадан қалыптасқан жағдайда кәсіпорын акционерлеріне негізгі құнды қарайтын дәл осы зияткерлік капитал, ал оның маңызды құраушылары нарықтық бағалау мен беделге ие болып отыр. Сондықтан, кәсіпорындардың өз статегиясын түбегейлі өзгерту, жаңа бәсекелестік ортада және тіршілік етудің негізі ретінде зияткерлік түрде арттыру үшін Қазақстан экономикасының инновациялық белсенділігінің даму динамикасын арттыруымыз керек.
Зерттеуді жүргізу барысында Қазақстанның бүгінгі таңдағы экономикасының жалпы жағдайын зерттеп, экономикалық даму мақсатында үдеріске енгізілген жаңа стратегиялар мен бағдарламалардың жүзеге асырылуын талдау арқылы еліміздің бүгінгі экономикасының бағыты мен даму динамикасының перспективаларын анықтауды мақсат еттім.
Қазақстан экономикасына жаңа технологиялар мен инновациялардың енгізілу деңгейін бағалау мақсатын орындау үшін тақырыпқа байланысты мақалалар мен реформалар, ғаламтор ресурстары мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып ақпарат зерттедім, фактілер мен аргументтерге шолу жасадым. Қазастанның жаңа экономикасына қатысты контент талдаудан басқа әлеуметтік зерттеу өткізілді. Зерттеу жобасы сапалы және нақты нәтижелер алу үшін бірнеше түрлі әдістерді қамтыды. Экономикалық даму мен жаңа технологиялдарды енгізу туралы реформаларға жергілікті халықтың көз-қарасын, пікірін талдау үшін сауалнама сияқты әлеуметтік зерттеу әдісі қолданылды. Осыдан кейін Қазақстан Республикасының экономикасының дамуы үшін мемлекет тарапынан жасалған іс-әрекеттерді талдау мақсатында экономика сарапшымен сұхбат жүргізіліп, нәтижелері талданды. Тақырыптың жағымды жақтарын, жағымсыз жақтарын, мүмкіндіктерін және қауіп - қатерлерін айқындау үшін SWOT - талдау жасалынды.
Қазақстанның жаңа экономикасының даму динамикасын зерттеу барысында қойылған сұрақтар:
1. Қазақстанның экономикасы үшін цифрландыру үдерісі маңызды ма? Неліктен?
2. Қазақстанның бүгінгі экономиканың даму динамикасынақазіргі күні енгізілетін инновациялық технологиялартигізен оң және теріс әсерлері мен мысалдары кандай?
3. Төртінші өнеркәсіптік революция аясында экономикаға бағытталған қандай реформалар және жаңа бағдарламалар жүргізілуде?
4. Қазақстанның жаңа экономикасының дамуының динамикасы қаншалықты прогрессивті?

2. Негізгі бөлім:
2.1 Қазақстан Республикасының жаңа экономикасының даму динамикасы:
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін еліміздің экономикасы көптеген қиындықтарға тап болды. Алайда, дағдарысқа қарсы саясаттың арқасында экономикамыз 1997-1998 жылдардағы Азия қаржы дағдарысы мен 2008-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстан шыға алды. Кейін, елімізде гиперинфляциямен және өндірістің құлдырауымен байланысты экономиканы тұрақтандыруда қиындықтар болды. [1] Осы мәселелерді шешу мақсатымен нарықтық экономикаға көшу, сонымен қатар елімізде 1998 жылға дейiн қарқынды түрде жүргiзiлген кәсiпорындар мен экономикалық құрылымдарды жаппай жекешелендiрудің орнына кәсіпкерлік пен жеке меншікті дамыту сияқты шешімдер қабылданды.
Қазір жаһандық прогресс біздің экономикамызға жаңа сын-қатерлер туғызуда. Бүгінде әлемдік қауымдастық төр - тінші өнеркәсіптік революция туын - датқан қарқынды технологиялық және эко - но - микалық өзгеріс - терге қадам басты. Жаһандық заттар өнеркәсіптік желілері мен қызметке бірігу келешегі негізі - ндегі толықтай автоматтандырылған цифрлық өндіріске өту дамыған және дамушы мемлекеттердің қазіргі басты мақсаттарының бірі. Сондықтан дамудың осы кезеңінде біз үшін экономиканың жаңа моделіне көшу маңызды. Сол себептен еліміз экономиканы реформалау тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету үшiн кәсiпкерлiк дамуына қолайлы орта жасау, отандық кәсiпорындардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, кәсiпкерлiктiң өнеркәсiп саласындағы үлес салмағының артуына жағдай жасау, кәсiпкерлiктi инновациялық қолдау, кәсiпкерлiк қызметте кластерлiк жүйенi дамыту сияқты басты мiндеттердi шешуде. Оның бiрден-бiр мысалы Индустриялды-инновациялы даму стратегиясы мысал бола алады. Ол стратегияның негiзгi мақсаты отандық өндiрiстiң шикiзат бағытынан қол үзiп, экономикалық өсудiң тиiмдi жолы болып табылатын дамудың индустриялы сатысына өтiп, сервистiк-технологиялық қызметтi дамыту болып табылады. Оған қоса, әлемдік тенденциялармен қатар жүру үшін мемлекетіміз экономиканың бағытына айналған Қазақстан-2050 [2] стратегиясын әзірлеуді ұйғарды. Осы стратегияның арқасында біздің экономика Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) стандарттарына сәйкес жұмыс орындай бастайды [1]. Цифрлық Қазақстан (2018-2022) - елдің цифрлы экономикасы бағдарламасы да қазіргі күні жүзеге асырылуда. Бағдарламаның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының экономикасының дәстүрлі салаларында озық технологияларды қолдану [11]. Бұған капиталдандыруды арттыру және еңбек өнімділігін арттыру арқылы қол жеткізіледі. Сондай-ақ, бұл бағдарлама елге төртінші өнеркәсіптік революцияға көшу үшін қажет, [12] себебі барлық процестерді автоматтандыруды және парасаттандыруды қажет етеді, нәтижесінде нарықта жаңа өнімдерді шығару уақыты қысқарады, бұл Қазақстанға өзінің нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндік береді.

2.2 Жаңа экономиканың дамуына бағытталған бағдарламалар мен реформалар нәтижелері:
Қазақстан-2050 стратегиясы мен Цифры Қазақстан бағдарламсының біз уақтылы қол жеткізуге тиіс экономикамыздың негізгі бағыттары:

Технологиялық жаңарту және цифрландыру. Атап айтқанда, ғылымды қажетсінетін экономиканы құру. [3] Яғни, ғылым мен инновацияның жедел дамуын, сондай-ақ зияткерлік меншікті қаржыландыру мен қорғауды қамтиды. [4]
Бәсекеге қабілетті бизнес, яғни жеке секторды жандандыру. Мұның бәрі жаңа жұмыс орындарының пайда болуына, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің өнімділігі мен сапасын арттыруға әкеледі. [5] Экспорттық стратегияны жүзеге асыру маңызды рөл атқарады.
Сыбайлас жемқорлықсыз заңдылық. Сыбайлас жемқорлық біздің экономикамыз үшін басты қауіптердің бірі болғандықтан, бұл проблемаға назар аудару қажет. Мұны сот жүйесін халықаралық стандарттарға жақындату және заңды тұрақтандыру арқылы жасауға болады. Сондай-ақ, мемлекеттік басқару процестерін оңтайландыру және цифрландыру арқылы Цифрлық Қазақстан бағдарламасын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін шектеуге болады. Бұл мәселенің шешімі Ұлт жоспарына енгізілген. [2]
Жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу арқылы мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру. [6]

Жоғарыда ұсынылған бағыттардың аясында берілген бағдарламалар экономиканың барлық саласында іске асырыла бастады. Мәселен, Жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар арқасында Қазақстанда пайдалануға берілген тұрғын үйлердің көлемі жылына 10 миллион шаршы метрден асты. Тұрғын үйді көпшілікке қолжетімді еткен тұрғын үй жинақтау жүйесі тиімді жұмыс істеуде. Баспанамен қамту көрсеткіші соңғы 10 жылда бір тұрғынға шаққанда 30 процентке өсіп, бүгінде 21,6 шаршы метрді құрады. Қазақстанда 2018 жылы IT саласында 40 мың жаңа жұмыс орны құрылды [15], 47 стартап іске қосылды. Бұл 180 миллион теңгені сыртқы инвестиция ретінде тартуға мүмкіндік берді. ҚР-ның инвестициялық саясатын талдау арқылы мемлекеттің басты мақсаты болып, елдегі қолайлы инвестициялық ахуалды одан əрі қолжеткізу жəне экономикаға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту болып табылатынын айта кеткен жөн. Осыған байланысты мен контент талдау зерттеу әдісінің көмегімен жаңа экономиканы құрудың еліміздің инвестиция саласына деген әсерін зерттеген болатынмын. Зерттеу барысында Қазақстанға құйылатын шетелдік тікелей инвестициялар графигін тұрғыздым. График 2013-2018 жылдар арасындағы 6 жылдық көрсеткіштерді қамтиды. Графиктің құны - млрд $ жылына. Тұрғызылған графикке сүйенетін болсақ, онда 2013 және 2018 жылдардағы шетелдік инвестициялар көрсеткіштері сәйкес екендігін көруге болады (24,1-24,3 млрд $ жылына). Алайда, ең төмен көрсеткіш 2015 жылы орын алған, яғни Қазақстанның шетелдік тікелей инвестициялар мөлшері сол жылы небәрі 15,4 млрд $ жылына құрады. Тек келесі жылдары, өсіп, қалпына келіп, қайда 21,4 млрд $ жылына көрсетті[12]. Бұл төмендеу көрсеткішіне 2015 жылы мұнай бағасаның халықаралық нарықта күрт төмендеуінен елімізде орын алған дағдарыс себеп болды деп ойлаймын. Жалпы, Қазақстанның инвестициялық əлеуеті жеткілікті өсуде деп айта аламыз. Тек экономиканың бəсекеге қабілеттілігінің өсуі мен тікелей шетелдік инвестициялардың жылдық ағыны неғұрлым тиімді пайдалануы $10 млрд долл. ұлғаюы мүмкін [9]. Бұл мүмкіндікті іске асыру мақсатында да арнайы экономикалық аймақтар мен экспортты дамытуға, инвестицияны тартуға министрлікпен ұлттық инвестициялық жоспар қарастырылған.

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Сондықтан соңғы екі жыл ішінде, 752 мемлекеттік қызметтің 506-сы қазір автоматтандырылған болды. Құрылыс индустриясында құрылыстың барлық кезеңдері мен процестерін бақылауға мүмкіндік беретін E-Qurylys жүйесі құрылды. Оған қоса, жаңа зауыттардың ашылуына келсек, онда Шымкентте Альянс Сауда-Өнеркәсіп Компаниясы ЖШС-нің Қазақстанның инвестициялық қоры АҚ және Альянс Тоқыма өзбек жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарының қауымдастығы бірлескен кәсіпорнының иіру фабрикасы ашылды [8]. Бірінші кезеңде компания 120 жаңа жұмыс орнын құрды, мақта талшығын өңдеу көлемі жылына 6 мың тоннаны құрайды. Жобаға өзбек тарапының инвестициялары шамамен 4,6 млрд. теңгеге жетті. Осыған қарамастан, экономиканың технологиялық құрылымдағы өзгерістер мен жаңартулар тұрғысынан қарастырғанда, республикамыздағы индустрияландыру және цифрландырі процестері іс жүзінде аяқталмай отыр. Мәселен, елімізде қызметін қалпына келтіру жоспарланған [11] мұздатылған кәсіпорындар саны да көбейюде. Мұздатылған кәсіпорындар деп автоматтандырылыған, жаңадан салынған немесе толығымен жаңа инновациялық құралдармен жабдықталған зауыт-фабрикаларды атайды. Осындай фабрикалар қазіргі күні Қазақстанның сегіз аймағында орналасқан. Қостанай облысы бос жұмыс орындарының саны бойынша рекордшы болды. Осындай төрт зауыт мұнда бройлер еті, күнбағыс майы, Nomad Ssang Yong автомобильдері, полиэтилен құбырлары мен фитингтер шығаруға арналған.

2.3 Сұхбат нәтижелері:
Курстық жұмысты жазу барысында маған экономика саласындағы сарапшымен сұхбаттасу қажет болды. Сұхбат алудын басты мақсаты ретінде Қазақстанның экономикасындағы технологиялардың енгізілу үдерісін профессионалды тұрғыдан зерттеуді қарастырдым. Сұхбат Көкшетау қаласының экономика және бюджетінің жоспарлау бөлімінің басшысының орынбасары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Британдық неоконсервативтік әлеуметтік модельдің қалыптасуы мен дамуы. М. Тэтчердің консервативтік үкіметі және жүргізген реформалары
Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жүйесін дамытудағы аналитикалық талдау (ОҚО мысалында)
Словакия және Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі: айырмашылықтары мен ұқсастықтары
Қазақстан Республикасының ұлттық білім беру жүйесі: ерекшеліктері, жетілдіру бағыттары
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Мәдени революцияның міндеттері
Білім беру мақсаттары жайлы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы трансферттік төлемдер теориясы және практикасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыс
Пәндер