ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Математика, физика және информатика институты
Информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

6М012000- Кәсіптік оқыту

ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДА БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ

Орындаған:
6М012000 - Кәсіптік оқыту мамандығының
1 курс магистранты Ильясова Г.

Ғылыми жетекшісі:
п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры
Қазақбаева Д.М.

Кафедра меңгерушісі, ф.-м.ғ.д., профессор _________ Бидайбеков Е.Ы.
Ғылыми-әдістемелік семинар төрайымы,
п.ғ.д., профессор _________ Сағымбаева А.Е.

Алматы 2019ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білімді бақылаудың дәстүрлі және дәстүрден тыс түрлері
Педагогика ғылымы саласында білім, білік, дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған. Мысалы, ғалым-педагогтар Ю.К. Бабанский, Н.А. Сорокин бақылауды күнделікті, оқтын-оқтын, қорытынды деген пікірлер айтады. Ал Г.И. Щукина - күнделікті, тақырыптық, оқтын-оқтын, қорытынды және емтихан деген көзқарастарын білдіреді. Е. А. Дмитриев - күнделікті, тақырыптық және қорытынды, нәтижесі деген тұжырымға келген. Профессорлар Ж.Б. Қоянбаев, P.M. Қоянбаевтың "Педагогика" оқулыгында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын-оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында еткізіледі. Бақылау процесінде тақырыптык және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады.
Окушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме. жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
- жазбаша бақылау (диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру).
- практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
- машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
- өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
- Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдык, топтық және дербес формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі - мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрактар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымактастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-біріне сұрактар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды өзара тексеріп, іске асырады.
Бақылау әдістері. Бағыныштылардың іс-қимылын бақылайтын әдістердің көптеген түрлері бар. Соның ішінде көп кездесетіндер: 1) есеп беруді тексеру; 2) үлгі; 3) тіркеу және есеп беру; 4) шектеуді орнату (шектелген мерзімдер); 5) ережелер мен процедураларды орнату; 6) бюджеттер (қаржылык сметалар); 7) ұялту: 8) тәртіптік шаралар.
Оқушылардың сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012 - 2016 жж. арналған ұлттық іс-қимыл жоспарын енгізу жағдайында әрбір педагог оқушылардың нәтижелерін бағалау жүйесіне қатысты өзінің көзқарастарын қайта қарастыруы тиіс, себебі оқу үдерісінде бағалауға ерекше көңіл бөлінеді - ол бір уақытта оқыту нәтижесі әрі құралы рөлін атқарады. Бағалау жүйесі оқыту және оқу үдерісі туралы интегралдық және сараланған ақпарат алуға, жоспарланған нәтижеге жетудегі оқушылардың жеке ілгерілеушіліктерін; білім бағдарламасының тиімділігін бақылауға, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналарға арналған кері байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 12 жылдық білім беруге көшу білім беру жүйесін модернизациялауға әкеледі, бұл ретте әр ұстаз педагогикалық құндылықтар жүйесін өзгертуі тиіс, және, ең алдымен, бұл бағалау жүйесіне қатысты болуы тиіс. Тек аспаптардың әртүрлілігі, шкалалардың икемділігі мен сезімталдығы, өлшемдік және жинақтаушы бағалау құралдарын қолдану заманауи мұғалімнің пәндік, сонымен қатар тұлғалық нәтижелерді әділ бағалауына мүмкіндік береді. Оқу нәтижелерін бағалау оқу үдерісінің бір жақты сипаты болып табылады: баға қоюда қолданылатын меже; баға қою мерзімділігі; білім беру үдерісі субъектілері арасындағы байланыс механизмі; оқушылардың қаншалықты табысты оқитындығын өз бетімен анықтау механизмі. Бағалау жүйесі - бұл білім беру үдерісін өз бетімен реттеудің табиғи ішкі механизмі; субъектілік оқу үдерісінің сәттілігіне барынша кері әсерін тигізеді. Мұғалім оқушылар жұмысына баға қоюда нені бағалайды? Мектеп оқушыға ересек өмірде қажеттілерді үйретеді. Осы уақытқа дейін біздің балаларымызға өмірде теоретикалық білім қажет деп саналды, сондықтан біз олардың пәндік білімдерін, машықтарын, дағдыларын қалыптастырдық, осыдан кейін дұрыс және бұрыс жауаптарды салыстыра, шешілген есептер мен жіберілген қателер санын ескере отырып олардың жұмыстарын бағаладық - міне, 5 және 2 бағалары да дайын. Бағалаудың осындай жүйесі оқытудың дәстүрлі жүйесіне бейімделген, бұл ретте мұғалім оқу материалын түсінікті етіп жеткізуі, ал оқушы - оны жақсы меңгеруі және есте сақтауы тиіс. Ал егер бағаланатын жұмыс - шығармашылық, ізденушілік, зерттеушілік болса? Оқушының өзі үшін маңызды мәселеге қатысты стандартты емес көзқарасы бар жұмыс (үнемі мұғалімнің пікіріне сай келмейді), жеке ішкі логикаға тәуелді жұмыс, мысалы, жоба. Мектеп мыналарға да баулуы тиіс: мәселені көруге, мақсатын қоюға, жоспар әзірлеуге, оны жүзеге асыруға, өз жұмысын талдауға, тұжырымдар жасауға, басқа сөзбен айтқанда, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға.
Бағалаудың жаңа жүйесі білім беру үдерісінің барлық қатысушыларының сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған: оқушының, жоба білім беру үдерісінің маңызды компоненті болып табылатын өзін өзі бағалауды жүзеге асыруға бағытталған, себебі рефлексия оқушылардың өз қызметінен тәжірибе жинақтауына, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ішкі ресурстарды белсендіруге, өзін өзі жақсы түсінуіне мүмкіндік береді; ата-аналардың, баланың дамуына және жайлы психологиялық ортада сапалы білім алуына, қабілеттіліктері әртүрлі оқушылардың: дарынды балалармен бірге даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың гимназияда білім алуын жалғастыруына қызығушылық танытушы; оқу үдерісінде ұстаз, оқушы және ата-аналар арасында кері байланыс орнату, ол оқушылардың өткен материалды меңгеру деңгейін нақты түсіндіреді; білім беру үдерісінің қатысушылары ретінде ата-аналардың қызметін белсендендіру; ұстаздар, білім беру нәтижелерін бағалаудың баламалы жүйесімен танысу мүмкіндігіне ие; нәтижелерді сыни бағалау саласындағы теоретикалық білім деңгейін көтеруге қызығушылық танытушы; ОӘК, оқу үдерісінде қолданылатын білім беру жүйелеріне сәйкес білім беру нәтижелерін бағалау технологияларын меңгеру машықтарын қалыптастыру; нәтижелерді бағалаудың кешенді тәсілін қамтамасыз ету.
Негізгі принциптері: өлшемділік - мазмұнды бақылау және бағалау оқушылармен бірге әзірленген негізде құрылады, критерийлері барынша нақты болуы тиіс; өзіндік бағалау артықшылығы - оқушының өзіндік бағалауы мұғалімнің бағасының алдында жүзеге асырылуы тиіс, оқушылардың екі өзіндік бағалауын салыстыру қолданылады, олар: болжамалы (алдағы жұмысты бағалау) және ретроспективті (орындалған жұмысты бағалау); икемділігі және вариативтілігі - мазмұнды бақылау және бағалау оқу нәтижелілігін зерттеудің әртүрлі рәсімдері мен әдістерін қолдануды болжайды; оқу қызметінің жеке, сонымен қатар топтық, ұжымдық нәтижелерін зерттеу; бақылау және бағалау үдерісінің шынайылығы - оқушылар үшін шынайы, күйзеліс пен жүктемені төмендететін жағдайда өткіщіледі; оқушылардың оқу-танымдық қызметінің сипаттамасына қарапайым жағдайдағы олардың оқу қызметін бақылау нәтижелері енгізіледі.
Оқыту формалары мен әдістерін жаңарту ұстаздар мен оқушылар арасында серіктестік және тату қарым-қатынас орнатуға; оқытудың инновациялық әдістерін, заманауи білім берушілік және ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданатын мұғалімдерді қолдауға; сынып ұжымын жаппай оқыту формасынан әр оқушының жеке білім беру траекториясын жүзеге асыруға интербелсенді, инновациялық, жобалық-зерттеу технологияларын, сандық инфрақұрылымды қолдана отырып көшуді қамтамасыз етуге; оқушылардың артық дерексіз-теоретикалық біліммен және тапсырмалармен жүктеудің алдын алуға септігін тигізеді, бұл оқу үдерісін барынша икемді әрі іс-тәжірибелік-бағдарланған етуге мүмкіндік береді.
Біздің мектебімізде өлшемдік бағалауды меңгеру және енгізу 2012 ж. басталды. Бастапқы кезеңде НЗМ тәжірибесінің негізінде өлшемдік бағалаудың теоретикалық негіздері меңгеріледі. Пән бойынша бағалау өлшемдері әзірленеді және талқыланады, енгізу бойынша таныстыру жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін мынадай жағдайлар жасалады: ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету; оқу-әдістемелік қамтамасыз ету; оқушылардың білім сапасын бағалау және қадағалау жүйесі; материалдық-техникалық базасы. Өлшемдік бағалауды енгіщу оқушылар мен ата-аналар; ұстаздар мен мектеп басшылығы тарапынан үздіксіз еңбек етуді талап етеді.
1.2 Білімді бақылау мен бағалаудың заманауи әдістерін пайдаланудың білім сапасын арттырудағы ролі мен маңызы
1.3 Критериалды бағалау жүйесінің теориялық негіздері мен қағидаттары
Критериалды бағалау - оқу мақсаттарына сәйкес күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге және дербес оқытуды түзету мен оқушылардың дағдыларын дамыту деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін алдын ала белгілі болған өлшемдерге сәйкес оқушылардың оқудағы жетістіктерін бағалау.
Критериалды бағалау формативті, ішкі жиынтық және сыртқы жиынтық бағалау арқылы іске асырылады.
Формативті бағалау - бұл оқудың қандай сатыда екенін, оқушының нәтижесі жоғары болу үшін не істеу керектігін, тоқсан бойы оқыту мен оқу үдерісінде үздіксіз кері байланысты қамтамасыз ету үшін оны қалай жасау керектігін белгілеу мақсатында оқушы мен оқытушы қолданатын дәлелдерді іздестіру және көрсету.
Оқушылардың формативті бағалау нәтижелері қол жеткізді (оқыту мақсаттары) немесе ұмтылуда айқындамалары түрінде тіркеледі. Әрбір сабақта баға қоймау нашар баға алудан қорқатын оқушылардың беймаза күй кешуін болдырмауға, оқудағы мақсаттарға қол жеткізуде деңгейінің өсуі үшін үнемі жұмыс жасауына, ал оқытушының оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, сабақты жоспарлауды түзетуіне мүмкіндік береді.
Ішкі жиынтық бағалауды ұйымдастыру үшін Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ-ның Педагогикалық өлшемдер орталығының мамандары бағалау құралдарын әзірлеуде: тапсырмалардың тестілік ерекшеліктері мен жиынтығы. Тестілік ерекшеліктер мұғалімдердердің кәсіби қоғамдастығына қызмет көрсету және оқушыларды дайындау үшін мектептерге алдын ала берілетін пәндер мен сыныптар үлгілерінің сипаттамасын қамтиды. Ішкі жиынтық бағалау тапсырмалары оны өткізер алдында мектептерге жіберіледі.
Оқушылардың нормативтік және ішкі жиынтық бағалау үдерісінде оқыту мақсаттарына қол жеткізу нәтижелері 30:70 пайыздық ара-қатынаста тоқсандағы және оқу жылындағы қорытынды бағаларды айқындау үшін пайдаланылады.
Сыртқы жиынтық бағалау оқыту сатысындағы оқу ақпараты блогын зерделеуді аяқтау кезінде білімді, икемділікті және дағдыларды қолдану деңгейін айқындайды және оны бастауыш, негізгі және жоғары мектептерден кейін Тәуелсіз бағалау органы жүргізеді. Сыртқы жиынтық бағалау нәтижелері 30% (формативті), 40% (ішкі жиынтық) және 30% (сыртқы жиынтық бағалау) пайыздық ара-қатынаста бір жылдағы қорытынды бағаны айқындау үшін қолданылады. Қорытынды бағадағы сыртқы жиынтық бағалау үлгісі ұлғайып отырады және оқушылар мектепті бітірген кезде ол 100%-ға жетеді.
Бағалау үшін нені болмасын ұсынылатын талаптарға шешімдер қабылдау негіздері, қағидалар секілді критерийлер қолданылады. Критерийлер дескрипторлармен сипатталады, оларға (әрбір нақты жұмыс үшін) оқу тапсырмаларын орындау нәтижелері іс жүзінде қалай болуы керектігі туралы нақты түсінік беріледі, ал дискрипторға сәйкес бағалау - бұл оқушының осы мақсатқа жақындау деңгейін айқындайды.
Бағалау келесі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады. Тілдік емес пәндер бойынша Білу, Түсіну, Қолдану, Талдау, Жүйелеу, Бағалау өлшемдері қолданылады. Тілдік пәндер бойынша Оқылым, Тыңдалым, Айтылым, Жазылым өлшемдері қолданылады.
Табыс критерийі - бұл мұғалімдер мен оқушылардың оқыту мақсатына қол жеткізу дәлелдерін иеленулеріне мүмкіндік беретін нұсқаулар.
Емтихан жұмыстарындағы бағалау критерийлері балл шығару дескрипторлары мен схемасын қамтиды. Дескрипторларда - оқушыдан белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін күтілетін қызмет түрін қысқаша сипаттау, балл қою схемасы - нұсқаулық, әрбір сұрақ үшін балл саны мен балл беруді сипаттау нақты көрсетіледі. Бағалау критерийлерін пайдалану емтихан жұмысының қайдай мектепте орындалғанына қарамастан барлық оқушылардың жетістіктерін бағалау тәсілдерін стандарттауға мүмкіндік береді, бұл объективті және ашық бақылауға қол жеткізеді.
Формативті және жиынтық бағалауды жүргізу кезінде мектеп мұғалімдері модерация үдерісін жүргізеді - бұл біріңғай стандартталған тәсілді жасау мақсаттарында бір пән және сынып бойынша оқушының нәтижелерін талқылау.
Модерация курстық, практикалық жұмыстарды бағалау, сыртқы жиынтық бағалауда тілдік пәндер бойынша сөйлеу дағдысын бағалау нәтижелері кезінде пайдаланылады.
Оқушыларды формативті және жиынтық бағалау нәтижелерін жинақтау үшін оқыту мақсатында қол жеткізілген дәлел ретінде оқушының портфолиосы пайдаланылады. Онда оқушының жұмысы, оны бағалау критерийлері, өзін-өзі бағалау қорытындылары, мұғалімнің пікірлері мен ұсыныстары болады.
Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
:: Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
:: Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру:
- нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды;
- бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді; - тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
:: Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
:: Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
:: Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді.
Өзін - өзі бағалау.
Оқушылар өзінің жеке жұмысына немесе бір-бірінің жұмысына жай ғана баға қойғаннан гөрі, өзара бағалаудың (және өзін - өзі бағалаудың) маңызы зор. Ондағы мақсат - оқушыларға өз жұмысының сапасын көтеруге қызықтыру және оларға оны жақсартудың мүмкіндігін талдауға көмектесу. Нәтижесінде, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетпек, себебі оқушылар оқыту үдерісі үшін тек мұғалім ғана жауапты емес екендігін түсінеді.

Топтық бағалау.
Оқушылар топтарда бірлесіп жұмыс атқарған жағдайда әр топтың жекелеген мүшелері өз үлестерін қосуда үлкен жауапкершілік сезініп, сабақ барысындағы білімді игеруде айтарлықтай жетістіктер жасайды. Оқушылардың таразылау, қорытындылау, шешім қабылдау сияқты маңызды дағдыларын қалыптастырудың ең оңтайлы әдісі. Бұл әдісте барлық 3 топтың да оқушылары бағаланады. Сабақтың жоспарланған іс - әрекеттер барысында ұсынылатын тапсырмаларды ретімен жауап берген немесе өз тобы үшін үлес қосқан, жұмыстарын сәтті қорғаған оқушылар өз тобының тұсынан есімдері жазылған стикерлердің ілінуі арқылы бағаланады. Нәтижесінде әр топ мүшелері батыл белсенділікпен жылдам ойлауға, дұрыс анықтамалар мен деректер келтіруге, өз тобындағы үлгерімі төмендеу оқушылардың жауап беруіне топ белсенділерінің араласуына, бір - біріне жан аямай көмек көрсетеді. Сондай - ақ бұл бағалау түрінде барлық сынып оқушылары сабаққа түгел қатысады, әрі түгел бағаланып, ынтымақтастықпен өз жауапкершіліктерін сезінеді.
Критериалды бағалау.
Оқушылардың өзін - өзі бағалау және өзара бағалау үдерістерінің дамуына ықпал ету мақсатында сабақта критериалды бағалауды табысты қолдану. Топ бағалаушысы өз тобының мүшелерін парақшаға толық түсіреді. Содан сабақ барысындағы берген жауаптарын 4 түрлі критерийлер арқылы 5 балдық жүйемен белгілейді. Төменде көрсетілген критериалды бағалаудың критерийлері:
- топтық жұмыстағы белсенділігі;
- оқушының ізденісі;
- сұраймыз - жауап береміз;
- өз жұмысын қорғауы.
Осы критерийлердің жалпы балын есептеп, жиынтық бағаны белгілеу - топ ішіндегі жұмыстың жан - жақты өрбуіне, ізденуіне және әрқайсысының жеке пікірін тыңдағанда бір - біріне құрметпен қарағандықтары байқалды.

1.4 Жаңартылған білім беру жағдайында критериалды бағалау жүйесін пайладану тәжірибесі

2 БІЛІМДІ БАҚЫЛАУ МЕН БАҒАЛАУДЫҢ ЗАМАНАУИ ӘДІСТЕРІН ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Жаңартылған білім беру жағдайында білімді бақылау мен бағалаудың заманауи әдістерін пайдаланудың мүмкіндіктері
2.2 Білімді бақылау мен бағалауда ақпараттық технологияны пайдалану
2.3 Оқыту сапасын арттыру мақсатында білімді бақылау мен бағалаудың заманауи әдістерін пайдалану бойынша әдістемелік ұсыныстар
2.4 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда Қазақстанда білім берудің деңгейі мен сапасына жаңа талаптар қойылып отыр. Қазақстан Республикасында соңғы жылдары білім беру саласындағы жүргізіліп жатқан реформалар еліміздегі білім беру сапасының әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа жауап бере алатын мамандарды даярлау және бәсекеге қабілетті білім беру болып табылады. Еліміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев қазақстандық мұғалімдердің кәсіби даму саласындағы жаңа көзқарасы олардың педагогикалық өміріндегі қосымша оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік беруде.
Сапалы білім беру - оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз үдерісі. Қазіргі кезде білім берудегі мақсат жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім өзіндік ой- талғамы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі кезде еліміздегі білім беру жүйесінің аса маңызды бағыттарының ішінде оқыту сапасын арттыруға баса назар қойылуда. Осыған орай, оқыту сапасын арттыру мақсатында және оны дамытуда, білімді бақылау мен бағалаудың жаңа заманауи әдістерін пайдалану өзекті мәселе болып табылады.
Зерттеудiң жұмысының мақсаты - Бақылау мен бағалаудың жаңа заманауи әдістерін ойлап тауып, оның білім берудегі оқыту сапасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оку нәтижелерін бағалау және бакылау
Тестілеуге арналған ақпараттық жүйелер
Тест тапсырмаларын жасау және таңдау
Сурдотифло педагогика Олигофрено педагогика
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Белсенді оқыту әдіс - тәсілдерін физика сабақтарында қолдану
Оқушылардың білім, білік дағдыларын бағалау және тексеру
Оқыту заңдылықтары
Бидай селекциясында заманауи биотехнологиялық әдістерді қолдану арқылы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттырудың ғылыми теориялық негіздері
Пәндер