Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру

Орындаған: Жақсыбай.М.Д
Қабылдаған: Батырбекқызы.Г

Шымкент, 2020 ж
Жоспар:
1 Әлеуметтік бағдарламалар түсінігі
2.Елбасының 2007.2008 жылғы халыққа жолдауларының әлеуметтік аспектісі
3.Әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру туралы
4. Әлеуметтік саясат пен жалпы әлеуметтік дамудың түпкі мақсаты
5 Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясатын орнықтырудағы мемлекеттің қызмет істеу бағыттары.
6. Әлеуметтік саясаттың мәні, мақсаты және міндеті

1. Қазіргі кезде әлеуметтік сала мемлекет үшін ең маңызды мәселесі болып отыр. Елдегі экономика әлеуметтік жағдайға үлкен әсер тигізеді. Әлеуметтік жағдайды көтеру үшін көптеген мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар қабылданды.
Бағдарламалардың маңыздылығы- елдегі әлеуметтік жағдайды жақсарту, білім беру, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларының сапаларын жақсарту болып табылады. Қазіргі таңда әлеуметтік аймақтық бағдарламалар барлық елдерде ең маңызды шара. Әлеуметтік аймақтық бағдарламалар арқылы елде жәрдемақылар, әлеуметтік көмектер, кедейшілік мәселелері шешіледі. Сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік салалардың орындалу жүйелерімен сапасы жоғарлайды, әлеуметтік бағдарламалар бүкіл әлемде әрқашан жаңданып тұрады.
2.Еліміз тәуелсіздік алған сәттен бастап тың идеялар мен серпінді бағдарламаларды қабылдап, дамудың жаңа сатысына қадам басты. Елбасы Н.Назарбаев ұсынған Бес әлеуметтік бастама бойынша жұмыстар легі де қарқынды басталып кетті. Оның ішінде, бірінші кезекте қазақстандықтардың баспана мәселесін шешу тұр. Ұлттық Банктың таратқан ресми ақпаратында үстіміздегі жылдың екінші жартысынан бастап банктер 7-20-25 бағдарламасы негізінде несиелер бере бастайтынын мәлімдеген болатын. Бүгінде 7-20-25 бағдарламасы шеңберінде 63 несие мақұлданды. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бастамасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкі 7-20-25 жаңа ипотекалық бағдарламасын бекітіп, бағдарламаның операторы болып табылатын Баспана арнайы ұйымы құрылды. Несиелер ең төменгі 7 пайыздық мөлшерлеме, кредиттелетін тұрғын үйдің құнынан 20 пайыз мөлшеріндегі бастапқы жарнамен, сондай-ақ 25 жылға дейінгі мерзімге беріледі. Несиенің теңгемен берілетінінің маңызы зор, ал қарызды бергенде және оған қызмет көрсеткенде кез келген комиссия алуға тыйым салынған. Сондай-ақ, 7-20-25 бағдарламасын іске қосу қазақстандықтар арасында үлкен резонанс туғызды. Бағдарлама іске қосылған алғашқы екі күнде әлеуетті қарыз алушылардан 4 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Халық тарапынан жоғары сұранысты ескере отырып, Ұлттық Банк, Баспана және әріптес банктер бағдарламаның талаптары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндірме жұмысын жүргізуде.
2014 жылы елімізде Серпін - 2050: Мәңгілік ел жастары - индустрияға әлеуметтік жобалары бастау алды. Серпін бағдарламасы шеңберінде Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының мектеп бітіруші түлектеріне солтүстік аймақтардағы оқу орындарында тегін жоғары және арнаулы білім алуға үлкен мүмкіндік жасалды. Бастапқыда оған 2000-нан аса грант бөлінсе, кейін келе теріскейге білім іздеп келген жастардың саны еселеп арта бастады. Бүгінде Серпін - 2050 бағдарламасымен көптеген жас білім алуда. Осы орайда, облыс әкімінің грантымен Ресей Федерациясынан бітіріп келетін әрбір жасына Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып жұмыс орындары әзірленуде.
Жастармен тікелей жұмыс жүргізетін орталық идеяларды жүзеге асырып, жас таланттарды қолдаудан кенде емес. Олардың тіркеу журналына сәйкес түрлі мәселе бойынша 375 жас қоғамдық қабылдауда болған. Кеңес берудің басым бөлігі кәсіпкерлікті дамыту, жұмысқа орналастыру, мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды, оның ішінде Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, Серпін - 2050, Дипломмен - ауылға, Жасыл ел, Жас құрылысшылар жайында кеңірек түсіндірме жүргізеді.
Атамекен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Қармақшы аудандық филиалы Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында Бизнес-кеңесші жобасы бойынша жыл басынан бері 107 азамат оқу-семинар курсынан өтті, оның 35-і жастар. Қазіргі таңда, 9 жас несие алып өз кәсібін дөңгелетуде. 4 жастың құжатын дайындап, несие алу үшін сұраныс берілген.
Жазғы маусым кезінде туған жерді көркейту-көгалдандыру мақсатында Жасыл ел жастар еңбек жасағында студент және жұмыссыз 105 жас жұмыспен қамтылған. Алғашқы маусым айында 26 жас, шілде айында 43 жас жұмыс істесе 31 жас тамыз айында Жосалы кентіндегі ықшам ауданында егілген ағаштарды күтіп баптау жұмыстарын жүргізді.
Өз кәсібін дөңгелеткендердің дені жастар. Себебі, қазір білімді жастардың уақыты. Тың идея болса болғаны. Жоба арқылы берілген мүмкіндіктер, оның жүзеге асуына септігін тигізеді. Сондай жастарға арналған бірегей бағдарлама - ZhasProjeсt әлеуметтік жобасы. Бүгінде жоба жұмысы қарқынды жүргізілуде. Биыл жоба шеңберінде шамамен 3 500 адам қамтылған. Облыс бойынша 269 грантты жас касіпкерлер ұтып алса, оның ішінде аудан жастарының үлесіне 16 грант тиесілі болған.
3. Қазақстан Президенті өзінің әрбір жолдауында біздің мемлекетіміздің азаматтарына ерекше қамқорлық көрсетеді.
Барлық азаматтардың өмір сүру сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылықпен қорғауды нығайту уақыттың аса маңызды міндеті болып қала береді.
Халықтың осал топтарының өмір сүру деңгейін көтеру жәнеәлеуметтік қолдау бойынша қойылған міндеттерді шешу үшін 2018 жылғы Балқаш қаласының бюджетінде 406,6 млн.теңге сомасында қаражат қарастырылды, бұл өткен жылға қарағанда 9 пайыз артық.
Біздің қаламыздың халқы 78,8 мың адамды құрайды, бұл жерде Қарағанды облысы халқының 5,7 пайызы тұрады.
Біздің қаламыздың дерек қоры бойынша табысы кедейлiк шегiнен төмен 128 адам тіркелген. Бүгінгі күнге Балқаш қаласы бойынша 849 адам әлеуметтік көмек алды: атаулы әлеуметтік көмекті -128 адам, тұрғын үй көмегін - 595 адам, мүгедек балалардың үйде оқытуға жұмсалған шығындарының өтелуіне әлеуметтік көмекті - 32 өтініш беруші. Өмірлік қиын жағдай туындағанда біржолғы әлеуметтік көмек - 93 азаматқа көрсетілді, оның ішінде: 18 адам амбулаторлық емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар туберкулез ауруымен, 68 адам операциядан кейінгі емделу кезінде, әлеуметтік мәні бар қатерлі ісік ауруымен, 7 адам иммунитет тапшылығы вирусы барлар. Бір отбасыға өрттiң салдарынан оның мүлкіне жартылай зиян келтірілуіне байланысты 45 айлық есептік көрсеткіш немесе 108,2 мың теңге әлеуметтік көмек көрсетілді.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап орташа айлық табысы жан басына шаққандағы кедейлiк шегiнен төмен адамдарға (отбасыларға) ұсынылатын шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек енгізілді. Әлеуметтік көмек көрсету шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінен 40 пайыздан 50 пайызға дейін артты.
Атаулы әлеуметтік көмек 31 аз қамтылған отбасының ішінен 128 алушыға, орташа мөлшері 3180 теңге көлемінде, жалпы сомасы 4884,0 мың.теңгеге көрсетілді.Масылдықты болдырмау мақсатымен, шартты ақшалай көмек еңбекке қабілетті аз қамтылған азаматтар жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда ғана көрсетіледі.
4. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты - оның қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын реттеу жөніндегі қызметінің басты багыттарының бірі. Әлеуметтік саясаттың мәні қоғамның әлеуметтәк топтары мен тараптарының арасындағы қатынастарды қолдау, әл-ауқатын жақсарту, қоғам мүшелерінің тұрмыс деңгейін көтеру үшін олардың қоғамдық өндіріске қатысуына қажетті экономикалық ынталануын қалыптастыратын әлеуметтік кепілдіктер жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасын саяси жағынан жетілдіру өз кезегінде мемлекеттің әлеуметтік саясатының мазмұнын сыйпаттайды. Мұның өзі - әлеуметтік үндерістерді бір арнаға түсіруге және ойлаган тиімділікке қол жеткізу мақсатындағы іс-қимылды реттеп отыруға жәрдемдесу деген сөз. Сондықтан, Қазақстанның әлеуметтік саясатын зерттеу айтарлықтай ынта - ықылас туғызады. Өйткені, бұл мәселе саясатқа ғана емес, қоғам дамуының экономика, тарих, заңнама сияқты басқа да салаларының бір қыдыру мәселерін қамтиды.
Әлеуметтік саясат пен жалпы әлеуметтік дамудың түпкі мақсаты - қай елде болсын, қоғамның әл-ауқатын барынша жақсартуға қол жеткізу. Қазақстан мемлекеті әлеуметтік саясатының арналы мақсаты халықтың өмір самасы және әлеуметтік қорғалуы тәрізді ұғымдарды білдіреді. Халық өмірі сапасының жоғары стандартына қол жеткізу және тиімді әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету әлеуметтік саясаттының мақсаты ғана емес, сонымен бірге оның тиімділігін шешуші шара да. Өмір сапасы деген мәселенің ауқымында басты орында жалпы азықтанудың тиімділігі, айналадағы ортаның жағдайы, денсаулықты, білім мен мәдениет - тұтас алғанда, адам қарекетінің күллі мәнін айқындайтын экономикалық компоненттер тұрады.
Әлемдік ауқымда салыстырар болсақ, Қазақстан әлеуметтік құрылымының өзгеруі ойлаған деңгейге көтерілді деуге келмейді. Нашар дамыған елдер сияқты, мұнда да аса байлар, байлар және тым кедейлер бар. Соған қарамастан, дамыған елдермен салыстырғанда, республикамыз шапшаң қарқынмен өркендеп келеді.
Қазақстан қоғамын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Сандық және символдық ақпараттарды компьютерлік модельдеу
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Мемлекеттік қаржы, оның мәні және қызметтері
Экология құқығының дәрістері
Модельдер құру технологиясы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Аналитикалық модельдеу. имитациялық модельдеу. кластерлық анализ
Қаржы жүйесіне жататындар
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Пәндер