Экономиканың өрлеуі


Көкшетау қаласындағы
физика-математика бағытындағы
«Назарбаев Зияткерлік мектебі»
Қазіргі Әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Бағыты: Қазақстан Республикасының экономикасы
Тақырып : Қазақстан Республикасының «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» стратегияларының мақсаттары
(2929 сөз)
Орындаған: Шаханова Асель, 12В
(аты-жөні, қолы)
Жетекші: Калиева З. С
(аты-жөні, қолы)
Ішкі модератор:
(аты-жөні, қолы)
Көкшетау, 2020
МазмұныКіріспе бөлімі3Негізгі бөлім3«Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының қабылдау алғышарттары3«Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мақсаттары мен басымдылықтары4«Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының ерекшеліктері мен сабақтастығы5Зерттеу әдістері6Зерттеу нәтижелері6Сауаланама нәтижесі6Сұхбат әдебиет11Қосымшалар12
Кіріспе бөліміӘрбір елдің дамуы және әлемдік аренадағы орнын қалыптастыруы мемлекеттің алдына қойған мақсаттарына байланысты. Қазіргі таңда жүзеге асырылып отырған қысқа, орта, ұзақ жоспар нәтижесінде Қазақстан өз мақсаттарына жететіні айдан анық. Қазақстан Республикасының Елбасының бастамасымен 1997 жылы «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы қабылданды. Ал «Қазақстан - 2050» даму стратегиясы 2012 жылы Н. Ә. Назарбаевтың ел халқына арналған жолдауында таныстырылды. Мемлекет «Қазақстан-2030» стратегиясы бойынша белгіленген мақсаттарға қол жеткізіп, ұзақ мерзімді қамтитын «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша жұмыс атқаруда. Алайда әрбір азаматтың осы стратегиялармен және оның басымдылықтары мен мақсаттарымен таныс екендігіне көз жеткізу қиын. Сол себепті мен осы тақырыпты алуды жөн көрдім.
Зерттеу жұмысына қатысты негізгі мақсатты айқындадым, яғни Қазақстанның негізгі «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» стратегияларын зерттеп, соның ішінде басты мақсаттары мен бағыттарын анықтай отыра, екі стратегияны салыстырып, жеткен нәтижелерді танып білу. Зерттеу жұмысын бастамас бұрын «Қазақстан - 2050» стратегиясының мақсаттары «Қазақстан - 2030» стратегиясының мақсаттарына қатысты құралды, және 1997 жылы қабылданған даму стратегиясының мақсаттарының көп бөлігі орындалды деген болжау жасауға болады. XXI ғасырда орындалып жатқан бастамалар даму стратегияларына қатысты жүргізіледі. Мемлекет үшін осы стратегиялардың маңызы зор және ерекше болуы осы зерттеу жұмысының өзектілігін арттыра түседі.
Осы курстық жұмыста мен келесі зерттеу сұрақтарына жауап беремін:
- «Қазақстан - 2030», «Қазақстан-2050» стратегияларының мақсаттары қандай?
- «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының басымдылықтары қандай?
- «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңыздылығы қаншылықты?
- Стратегиялардың ерекшеліктері мен сабақтастығы неде?
- Қазақстан даму стратегиялары арқылы қандай нәтижелерге қол жеткізді?
Зерттеу жұмысы «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мақсаттары, бағыттары, нәтижелері туралы ақпарат қамтиды. Осы стратегиялардың айырмашылығы зерттеліп, Қазақстанның экономикалық, саяси, әлеуметтік жағдайының қалай өзгергені сипатталады. Соңында, SWOT талдау жасап, «Қазақстан - 2050» стратегиясының мақсаттарының қазіргі жағдайы мен болашағына қатысты жалпылай қорытынды жасалынады.
Негізгі бөлім «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының қабылдау алғышарттары1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан егемен даму жолына түсті және өмірдің барлық саласында терең реформалар жүргізе бастады. Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму мақсатымен нарықтық экономикаға көшу туралы шешім қабылдады. Осы бойда нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Жас мемлекеттің қалыптасуының алғашқы жылдары қиыншылықтарға толы болды. Болашақтың белгілері әрдайым көрінбеді, қоғамда келіспеушіліктер жиі туындады. Жаңа мемлекет құру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізе отырып, Елбасы жаңа, тіпті одан да биік белестерді атап өтті. Соған қарамастан, елге ұзақ мерзімді бағдарлар мен мақсаттарды қамтитын және осы мақсаттарға жетудің жолдарын көрсететін ұзақ мерзімді бағдарламалық құжат қажет болды. Мұндай құжат 1997 жылы пайда болды және ол «Қазақстан - 2030» стратегиясы деп аталды. Мемлекет үштік жаңғырту жүргізуі керек болды: мемлекет құру және нарықтық экономикаға серпіліс жасау, әлеуметтік мемлекеттің негіздерін қалау, қоғамдық сананы қайта құру. Бұл құжат бізге стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді айқындады, маңызды дүниетанымдық серпіліске айналды. 1997 жылы 1 қазанда Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында осы стратегияны бірінші рет жариялаған кезде, көптеген қазақстандықтар бұл жоспарды мүмкін емес деп санай бастады. Бірақ 2012 жылдың желтоқсанында кезекті Жолдауында сөйлеген сөзінде Н. Назарбаев «Қазақстан - 2030» стратегиясы бірқатар бағыттар бойынша мерзімінен бұрын аяқталғанын мәлімдеді. [1] Сондықтан экономиканы одан әрі және жаңа заманға сай етіп дамыту үшін жаңа жоспар қажет болды, оған қол жеткізу үшін жаңа мақсат қажет болды. Ол бірден жаңа стратегия - «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты » әзірленгенін жариялады. [2] Осы стратегия мақсаттары ХХІ ғасырдың жаһандық он сын-қатерлерін есепке алып жасалынды.
«Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мақсаттары мен басымдылықтары1997 жылдың 1 қазанында «Қазақстан - 2030» ұзақ мерзімді даму стратегиясы қабылданып, Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған арнауында баяндалды. Стратегияда көзделген негізгі мақсат - ұлттық бірлікке, әлеуметтік әділеттілікке, бүкіл жұртшылықтың экономикалық әл-ауқатын жақсартуға қол жеткізу үшін тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстан мемлекетін орнату. [3] Мемлекет айқындаған мақсаттар мен перспективаларға қол жеткізуі үшін келесі 7 басымдылық қарастырылды:
- Аумақтық тұтастығын толық сақтай отырып, Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету мақсатымен ұлттық қаіпсіздікті қадағалау.
- Қазақстанға қазіргі және кейінгі онжылдықтар ішінде өзінің ұлттық стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ішкі саяси тұрақтылық пен ұлттық бірлікті сақтау және нығайту.
- Шетелдік инвестициялар мен ішкі жинақтардың үлкен тартуымен ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
- Барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын, денсаулығын, білімін және мүмкіндіктерін үнемі жақсарту, экологиялық жағдайды жақсарту.
- Тұрақты экономикалық өсуге және адамдардың өмірін жақсартуға ықпал ететін табыс алу үшін мұнай мен газ өндірісі мен экспортын жедел ұлғайту арқылы Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану.
- Инфрақұрылым, әсіресе көлік және баланыс секторларды ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеуге жәрдемдесетіндей етіп дамыту.
- Біздің мақсаттарымызға жету жолында халық өкілдері ретінде әрекет етуге қабілетті Қазақстанның мемлекеттік қызметшілерінің тиімді және заманауи корпусын құру. [4]
2012 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жолдауында Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы ел халқына ұсынылды. Оның басты мақсаты - қуатты мемлекетке, дамыған экономикаға және жалпыға бірдей еңбек ету мүмкіндігіне негізделген гүлденген қоғам құру және Қазақстанның әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіруі. [5] Осы мақсатқа жету үшін «Қазақстан - 2050» стратегиясы ұзақ мерзімді 7 басымдықты іске асыруды қарастырады:
- Жаңа бағыттың экономикалық саясаты - тиімділік, инвестициялардың қайтарымы мен бәсекеге қабілеттілік қағидаттарына негізделген жан-жақты экономикалық прагматизм.
- Ұлттық экономиканың жетекші күші - кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау.
- Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері - жеке жауапкершілік және әлеуметтік кепілдіктер.
- Білім мен кәсіби дағдылар қазіргі білім беру, кадрларды даярлау және қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдары.
- Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияның дамуы.
- Тұрақты және болжамды сыртқы саясат - ұлттық мүдделерді ілгерілету және аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.
- Жаңа қазақстандық патриотизм - біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыздың табысының негізі. [6]
Екі стратегияның басты айырмашылығы - «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіз мемлекет тарихындағы экономикалық даму бағытын көрсететін алғашқы осындай стратегия болып табылады. Ал «Қазақстан - 2050» стратегиясы «Қазақстан - 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылады. Екі стратегия да 7 негізгі басымдылықтан тұрады.
Стратегиялар әртүрлі уақыт мерзімінде қабылданғандықтан, сол уақытқа сәйкес анықталған мақсаттар мен міндеттер әртүрлі болып табылады. Төменде көрсетілген 1-кестеде контент талдаудың, яғни негізгі және жиі қолданылатын сөздер қорытындысы көрсетілген[7] . Сол талдауға сәйкес, «Қазақстан - 2030» стратегиясында экономика, саясат салаларына көп көңіл бөлінді. Осыны мен сол уақытпен байланыстыра аламын. Себебі, сол кезеңде жаңа қалыптасқан ел ретінде Қазақстанға экономика қалыптастыру және ел саясатын әзірлеу қажет болды. Ал «Қазақстан - 2050» стратегиясында ұлт дамуы, білім, бизнес дамуына жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан өзінің экономикалық және саяси моделін құрғаннан кейін жаңа заманға сай етіп басқа салаларды дамытуға кірісті. Сол себепті «Қазақстан - 2050» стратегиясында осы бағыттар басым болып келеді деген ойдамын. Әлеуметтік жағдай және қауіпсіздік екі стратегияда бір дәрежеде қарастырылды деуге болады. Қауіпсіздік екі стратегияда әрқашан басымдыққа ие болады, өйткені егер қауіпсіздік болмаса, онда ешқандай даму болмайды. «Қазақстан-2030» және «Қазақстан-2050» стратегиялары сыртқы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен бірге ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, яғни этникалық қақтығыстарға жол бермеуге үлкен мән береді. [8] Әлеметтік жағдай да тиісті дәрежеде болуы шарт, себебі бұл халықтың өмір сүру сапасын көрсетіп, халықты мемлекетке жұмыс атқаруға ынталандырады.
1-кесте
Зерттеу әдістеріЗерттеу сұрақтарына жауап іздеу үшін мен келесі зерттеу әдустерін қолдандым: контент талдау, сауалнама, сұхбат, SWOT талдау, әдебиетке шолу және ғаламтордағы ресми құжаттарға анализ жасау. Сауалнама сұрақтарына Қазақстанның солтүстік, оңтүстік және шығыс өңірлерінің әртүрлі жас категориясындағы адамдар жауап берді. Сауалнама Survey Monkey сайтынын көмегімен жүргізіліп, жеті сұрақ қойылды [9] . Респонденттердің ойлары мен олардың ұсыныстарын көрсету үшін ашық сұрақтар, ал жабық сұрақтар статистикалық ақпарат анық көріну үшін пайдаланылды. Контент талдау үшін «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегиялары құжаттары алынып, зерттеліп, берілген осы стратегиялар айырмашылықтары талданады. Экономикалық реформаларды түсініп, бағалауға әр адамның шамасы келмегендіктен, экономика саласындағы эксперттің ойы стратегиялардың маңыздылығын айқындауда құнды болып табылады.
Мен «Қазақстан - 2030» «Қазақстан - 2050» стартегияларының басымдылықтары мен мақсаттарын негізге ала отырып, стратегияларының ерекшеліктері мен сабақтастығы және де өзектілігін контент талдауда айқындадым.
Сонымен қатар, зерттеу жұмысын жетілдіру үшін эксперттен интервью алынды. Осы курстық жұмыста Көкшетау қаласы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Мәлгаждарұлы Дүзелбаевпен интервью жүргізілді.
Қанат Дүзелбаевқа қойылған сұрақтар:
- Сіздің ойынызша, біздің мемелекетке бұл стратегиялар не үшін қажет? Маңыздылығы неде?
- «Қазақстан - 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының басты айырмашылығы қандай?
- Сіз 2050 жылға қарай Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіре алады деп ойлайсыз ба?
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ел дамуына, әсіресе экономикаға ерекше назар аударуда. Елбасы еліміздегі әр салаға анализ жасау арқылы, саланы дамыту дамыту мақсатымен стратегияларды іске асырды. Қаншалықты осы стратегиялар адамдарға белгілі екендігі Қазақстан халқы арасында сауалнама жүргізу арқылы айқындалды., Сауалнама қатысушылардың шамамен 48% «Қазақстан - 2050» стратегиясымен таныс, 32% «Қазақстан - 2030» стратегиясымен таныс, ал екеуімен де 20%. Яғни, респонденттердің «Қазақстан - 2050» стратегиясы жайлы көп білуі бұқаралық ақпарат құралдарына байланысты болуы мүмкін. Себебі, бірінші ұзақ мерзімді стратагиямен салыстырғанда «Қазақстан - 2050» жаңа заманда, елімізде интернет жүйесі қалыптастасқан уақытта іске асырылды. Стратегиялардың маңыздылығын талдайтын болсақ, респонденттің 12% стратегияларды маңызды деп таппаса, көпшілігі, дәл 88% стратегиялар Қазақстан үшін өте маңызды деп атады (диаграмма №3) . Осыдан, халықтың көп бөлігі осы стратегияларды қолдайды деген қорытынды жасауға болады. Респонденттердің пікірінше, стратегияның маңыздылығы экономикалық өсу болып табылады - 34%, оған инвестициялар ағыны, шағын және орта бизнесті дамыту және ІЖӨ-нің үлесін арттыру кіреді. Екінші орында стратегиялардың әлеуметтік құрамдас бөлігі - 22%. Бұл салада білім беруді жақсарту, медицина мен жалпы әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі бар. Сондай-ақ, бұл салада мәдени құндылықтарды көтеру, мысалы, қазақ тілінің ықпалын арттыру, көптеген дәстүрлердің қайта жаңғыруы мен сақталуы, әдебиеттің дамуы бар. Үшіншіден, респонденттер стратегиялардың саяси факторларын атап өтті, атап айтқанда ұлттық қауіпсіздікті сақтау және Қазақстанның халықаралық ұйымдарға белсенді қатысуы. Соңғысы - стратегиялардың технологиялық маңыздылығы. Менің ойымша, респонденттердің ең аз саны(19%) осы саланы қолдау себебі - технологиялармен жабдықтау және оны белсенді қолдану Қазақстанда жоғары деңгейде дамымаған(диаграмма №5) . «Қазақстан - 2030» және «Қазақстан - 2050» стратегиясының негізгі мақсаты жайлы сұрағында респонденттердің жартыдан көп бөлігі стратегиялардың негізгі мақсаты экономикалық өсу мен дамуды қамтамасыз ету деп атап өтті. Олар сондай-ақ ЖІӨ деңгейін көтеру туралы жазды(диаграмма №4) . Респонденттер бұл стратегияларда бизнесті дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсарту маңызды орын алады деп жауап берді. Әрине, көптеген респонденттер басты мақсат - әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру, сонымен қатар халықтың бәсекеге қабілеттілігін арттыру деп жазды. Жалпы айтқанда, адамдардың көп бөлігі стратегиялардың қай бағытта іске асырылып жатқаның біледі. Алайда, «Қазақстан 2030», «Қазақстан - 2050» стратегияларының мақсаттарында өзіндік ерекшелік пен айырмашылық бар, сол туралы респонденттердің көбі біле қоймайды. Сондықтан, келесі сұрақта респонденттерге екі стратегияны салыстыру және олардың ерекшеліктерін жазу міндеті тұрды. «Қазақстан - 2030» стратегиясының басты белгілері, респонденттердің пікірі бойынша, бұл нарықтық экономиканы құруға бағытталған және тәуелсіз мемлекеттің пайда болу кезеңінде қажет болған. «Қазақстан - 2050» стратегиясы жаңа технологияларды дамытуға бағытталғандығымен ерекшеленеді, яғни ол қазіргі заманның талаптарына сай келеді. Сондай-ақ, жаңа стратегия прагматизмді дамытуға бағытталған. Респонденттер арасында екі стратегия ұқсас және тек «Қазақстан - 2050» стратегиясы әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіруге бағытталғандығымен ерекшеленеді деп жауап бергендер болды(диаграмма №6) . Соңғы сұрақта респонденттер «Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіре ала ма?» деген сұраққа жауап бере отырып, болашаққа болжам жасады. Жалпы, болжам жағымды болды, өйткені респонденттің 79% «иә» деп жауап берген, ал 6% ғана «жоқ» деп жауап берген. Қалған респонденттер «білмеймін» деп жауап берді, бұл осы адамдардың «Қазақстан - 2050» стратегиясына деген сенімнің аз екенін көрсетеді(диаграмма №7) .
Сұхбат нәтижесіСұхбат жүргізу нәтижесінде, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, бұл стратегиялардың маңыздылығы өте жоғары. «Қазақстан - 2030» стратегиясы тұтастай осындай алғашқы құжат болып табылады. Ұзақ мерзімді стратегиялар маңыздылығын олардың негізінде барлық басқа бағдарламалар, стратегиялар мен жобалар жасалуымен байланыстырды. Яғни, дәл осы стратегиялар біздің еліміз қай бағытта дамыту керектігін әрдайым көрсетуде. Олар ел экономикасын ғана емес, сонымен бірге прагматизмді, тұрақтылықты дамытып, барлығымызды әлемдік стандарттарға жетелейді. Егер біз осы жоспарды нақты ұстанатын болсақ, біздің ұлттық арманымыз орындалады - «Мәңгілік Ел» болу». Сарапшының айтуынша, стратегиялардың айырмашылығы: «Қазақстан - 2030» стратегиясы тәуелсіздік құрудың жол картасы болды, бұл құжат ережелерінде айқын көрінеді. Яғни, бұл құжат нарықтық экономика мен қауіпсіз мемлекет құрудың жоспарын ұсынды. «Қазақстан - 2050» стратегиясы халықтың одан әрі дамуы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру перспективаларын қарастырады және жаңа заманға сай талаптарды қанағаттандырады. 15 жыл ішінде «Қазақстан - 2030 » стратегиясының мақсаттарына қол жеткізе алатындығымызға қарап, «Қазақстан - 2050» стратегиясының міндеттерін саналы және жоспарлы түрде орындау арқылы Қазақстан әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына кіре алады деген ойда Қанат Дүзелбаев. Яғни алғашқы ұзақ мерзімді стратегияның аяқталуы және нәтижелі болуы болашақ стратегияларға деген сенімді арттырады.
Бағалау«Қазақстан - 2030» стратегиясы көп бағыттар бойынша мақсаттарына жеткендіктен, әлі орындалып келе жатқан «Қазақстан - 2050» стратегиясының мақсаттарына SWOT талдау жасадым. Яғни, осы талдауда мен стратегияның айқындалған мақсаттарының тез орындалуына қатысты күшті жақстарын, орындылуына кедергі келтіретін әлсіз жақстарын немесе мүлде орындалмауына шек қоятын кедергілерді айқындадым. Сонымен қатар, осы стратегиялардың орындалуымен ел дамуына қатысты мүмкіндітерді жаздым:
- Көпвекторлы саясат
- Салыстырмалы түрде экономиканың тез дамуы
- Орта және кіші бизнесті дамытуда субсидиялардың берілуі
- Банк жүйесі тұрақтандырылып, жаңдануы
- Мектепке дейінгі білім беру ұйымдар саны артуы
- Орта және кіші бизнесті дамытуда субсидиялардың берілуі
- Кадрлар дайындау мақсатымен «Болашақ», «Серпін» программаларының болуы
- Статистика бойынша жоғары білім алу бойынша ҚР орташа деңгейде
- Коррупцияға қарсы жұмыстардың тиімділігі аз болуы
- «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында барлық жобалар іске асырылмады
- Қазақстанның ыстық нүктелер ошағына көршілес болуы
- Мұнай бағасына тәуелділік
- Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру
- Ішкі және кіші бизнесті одан сайын дамыту
- Экономиканың өрлеуі
- Қазақстан демократиясы дамуы
- Аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті нығайту
- Коррупция
- Алпауыт мемлекеттерга саяси, экономикалық тұрғыда тәуелді болу
- Көпұлтты мемлекет болғандықтан ұлтаралық шиеліністер орын алуы
- Дайындаған кадрладың шет елде қалуы
- Инфляцияның өсуіне жол бермеу үшін ақша-кредит саясатын қатаңдатылуы
2-кесте
Қазақстан Республикасы «Қазақстан - 2030» стратегиясында әр бағыт бойынша көзделген мақсаттарына қол жеткізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz