Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

\\10.24.29.221\Desktops\Ibrayeva_a.hbsh\Desktop\44618_html_m5bd2ed93.jpg Көкшетау қаласындағы

физика-математика бағытындағы

«Назарбаев Зияткерлік мектебі»

Қазіргі әлемдегі Қазақстан

Курстық жұмыс

Оқу бағдарламасына сәйкес тақырыптың бағыты: Қазақстан Республикасының мәдениеті

Тақырып :

Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері

(2857 сөз)

Орындаған : Абишева Алем, 12B

(аты-жөні, қолы)

Жетекші : .

(аты-жөні, қолы)

Ішкі модератор :

(аты-жөні, қолы)

Көкшетау, 2020

Мазмұны

I. Кіріспе3

II. Негізгі бөлім3

1. Теориялық зерттеу3

1. 1. Қазақ халқының мәдениеті3

1. 2. Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері5

1. 3. Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымсыз әсері6

1. 4. Мемлекет Жаһандану мәдениетімізге әкелетін жағымсыз әсерлермен қалай күресуде7

2. Практикалық зерттеу8

2. 1. Сұхбат алу нәтижесі8

2. 2. Сауалнама нәтижесі9

2. 3. SWOT - талдау10

III. Қорытынды11

3. 1. Зерттеу нәтижесі11

Пайдаланған әдебиеттер12

Кіріспе

Өткен ғасырдың аяғынан бастап әлемде жаһандану үрдісі кең етек алуда, және оның ықпалы күннен күнге артып келеді. Бұл үрдіс әртүрлі мемлекеттердің экономикасын, саясатын, мәдениетін және тағы басқа салаларын бірдей шаблонға келтіру нәтижесінде, айтарлықтай өзгерістер енгізеді. Дегенмен жаһандану үрдісінің әкелетін өзгерістері халықтардың мәдениеттерінде ең айқын көрініс табады. Тарих бетін парақтасақ, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері, әдет-ғүрыптары, өнер мен ұстанымдары да уақыт өте келе батыс мемлекеттерінің ықпалына түсіп, қалай өзгергенін байқауға болады. Бүгінгі таңда жаһанданудың ықпалына түскен қазақ халқының дәстүрлі болмысының маңыздылығы мен ерекшелігі ақырын-ақырын жойылып бара жатқандықтан, ұлттық мәдениетіміздің болашағы бұлыңғыр. Ұлттық кодымыздың жоғалу мәселесі көтерілетіндіктен, жаһандану ықпалын тез арада төмендету керек деп санаймын.

Мен бала кезімде ауылда өскендіктен, әрі ата-әжелердің жастық шақтарында бастан кешірген қызық оқиғалары туралы жиі тындап жүргендіктен жастайымнан қазақ халқының мәдениетіне деген қызығушылым пайда болды. Қазақ әдебиеті мен Қазақстан тарихы пәндерінің арқасында мен қазақ халқының ұстанымдарын, әдет-ғұрыптарын сезіне алдым, ал әдебиет пәнінде оқыған «Абай жолы» сияқты роман-эпопеяларда көрініс табатын салт-дәстүрлер мен үшін өте қызықты, және осындай шығармаларды оқыған сайын ұлттық дәстүрлердің маңыздылығын аңғарамын. Сол себепті, мен «Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсері» тақырыбын таңдап, мәдениетіміздің қазіргі жағдайын зерттегім келді. Жоба жазу барысында мен қазақ мәдениетіенің Батыс елдерінің ықпалына түскені болашақта халық ерекшелігінің жойылуна әкеледі деген тұжырым жасадым. Сондықтан бұл жұмыс қазақ халқының жаһандану үрдісінің ықпалына қаншалықты түскенін зерттеп, оның жағымды және жағымсыз әсерлерін талдап, болашақта пайда болатын қауіп-қатерлерді болдырмау үшін мәселенің бірнеше шешу жолдарын ұсынады. Зерттеу жұмысымның мақсаты жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды және жағымсыз әсерлерін зерттеп, талдау, сонымен қатар негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің жолдарын ұсыну. Осы мақсатқа жету үшін мен Интернет ресурстары мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, керекті ақпаратты табатын боламын, сауалнаманы және сарапшымен сұхбат жүргіземін.

Негізгі бөлім Теориялық зерттеу Қазақ халқының мәдениеті

Жаһандану термині барша әлем мемлекеттер экономикасын, әлеуметін, мәдениетін, саясатын және тағы басқа сфераларын біріңғай шаблонға келтіріп, стандарттау үрдісімен түсіндіріледі. Соңғы бірнеше он жылдықтарда бұл үрдістің әсері технология мен байланыс салаларының қарқынды дамуына байланысты күшейіп барады. Ірі өмір салаларының бірі - мәдениетте жаһанданудың пайдалы да, зиянды да жақтары көрініс табады.

Қазақтың дәстүрлі мәдениеті өзінің рухани және материалдық байлылығымен ерекшеленеді. Мысалы, жазба өнері, 800 бет кұраған «Алпамыс батыр» сияқты эпостарымыз - тәңір тектес асқақ, сөз өнеріміздің ұлы құдіретті сипаты. Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың барлығы дерлік тарнихи оқиғаларға негізделген. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс батыр, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар. Бұл шығармалар жас буынның тәрбиесіне, санасына, іс-әрекеттеріне жағымды әсер етіп рух көтереді. Қазақтың әлеуметік дастандары да («Қыз Жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу», «Қалқаман-Мамыр», т. б. ) феодалдық-рулық қоғамның өмірін асқан шеберлікпен көрсетеді. [1] Заман көрінісін, өмірдің қат-қабат шынайы көірінісін суреттеген, жазған еңбектерімен халықтың рухын көтере алған халқымыздың бір туар жазушылары, Сәкен Сейфуллин, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов сияқты қаламгерлер қазақ әдебиетінде өшпес із қалдырған. Олардың туындыларынан көп нәрсені үйренуге, бойға сіңіруге болады. [2]

Қазақ халқы - салт-дәстүрге өте бай ел. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы келешек ұрпақтарға, жас буындарға ұлтымыздың ерекше қасиеттерін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осылай дарыған. Асты «Бісміллә!» деп бастайтын қазақ тамақтанып болған соң, оны батамен қайыратын әдеті бүгінгі күнге дейін сақталынып келеді. Бұл ас қайыру деп аталады және тілек, батамен айтылады. Оны қара сөзбен ғана емес, өлеңмен де, тақпақтап та жеткізуге болады. Қазақтар асты дәм деп атайды. Әр қазақ өздерінің жақындары мен қандас бауырларына ғана емес, ел болып сыйлаған құрметті отандастарына, қадірлі ақсақалдарына өз үйінен дәм татыруды үлкен мұрат, парыз деп санаған. Біздің бұл қасиетіміз жолдан күні бүгінге дейін танған жоқ. Тек таныстар емес, үй табалдырығын аттаған кез-келген жолаушы, бейтаныс кісіге де дәм татырмай жібермеген, себебі ұлт ұғымында дәмде кие, қадір-қасиет, ырыс, береке-бірлік, тірлік бар деген терең түсінік тым ертеден-ақ қалыптасқан. [3]

Музыкалық мәдениетіміздің көркі болған күйлер мен жырлар халқымыздың рухани мәдениетінің айқын бейнесі. Қазақтың суырып-салма күйшілері мен жыршылары домбыра, жетіген, қобыз сияқты ұлттық аспаптарда ойнап жаңа өнер туындыларын жарыққа шығарған еді. Кез-келген күй, не жыр, адамның тыңдарманмен бөліскісі келген әңгімесінен туындайды, астарлы мағыналары адамды рухани байытады. Азаттықты аңсап, бостандықты жырлаған күй атасы - Құрманғазы Сағырбайұлының өзінің туындыларымен тарих бетінде өшпес із қалдырды. Оның заман көрініс суреттеу қабілеті кез-келген ұрпаққа әсер ететіні сөзсіз. [4]

Терең тәрбиелік, әскери-спорттық, салт-дәстүрлік, өзара қарым-қатынастық және көркем-эстетикалық сипаты бар ұлттық ойындар (алтыбақан тебу, асық ойнау, жамбы aтy, қыз қуу, жілік сындыру) дене шынықтыру, жастардың ақыл-ой қабілетін арттыру сияқты міндеттер атқарған. Бозбалалар мен жігіттердің ойыны аударыспақ кезінде олар екі-екіден ортадағы алаңға шығып, бірін-бірі ат үстінен аударып түсіру үшін күш сынасады. Әбжілдік пен төзімділікке тәрбиелейтін ойынның бірі ат үстінде шауып келе жатып жерден күміс алу болатын. Ер адамдардың кеңінен тараған ойыны - көкпар тарту. Бәйгеге ондаған, кейде тіпті жүздеген бас мал, әсемдік әшекей бұйымдар, күміс және алтын тайтұяқтар тігілетін. Халық арасында кеңінен таралған спорт жарыстарының бірі - қазақша күрес. Ол барлық салтанатты жиындарда өткізіледі. Күрестің бұл түрінде балуандардың жасмөлшеріне де, салмағына да шек қойылмайды. Халық өзінің балуандарын төбесіне көтеріп, құрмет тұтқан. Қазақ тарихында Қажымұқан Мұңайтпасұлы, Балуан Шолақ сияқты басқа да балуандар ұмытылмастай болып есте қалды. Үлкен мерекелерде, жиын-тойларда әр ру өз балуандарын күреске шығаратын [2] .

Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері

Жаһандану үрдісі халқымыздың музыка өнеріне бостандық сыйлады. Өткен ғасырдың 30-40 жылдарында қазақ опера өнерінің классикалық туындылары, Е. Брусиловскийдін “Қыз Жібек”, А. Жубанов пен Л. Хамидидің “Абай”, М. Тулебаевтін “Біржан мен Сара” жарық көрді. Олардың музыкалық және драматургиялық ірге тастары - қазақ фольклорының сарқылмас байлығы мен дәстүрлі музыкамыздың асқан профессионалдылығы. Опера өнері мен техниканың дамуы ән өнерінің ары қарай дамуына септігін тигізді. Жиырмасыншы жылдың 60-70 жылдарынан бастап елімізде еуропа елдерінің ең қиын аспапты музыка жанрларының бірі - симфониялық музыка дами бастады. Осының арқасында ұлтымыздың дәстүрлі күй өнері жаңа жанрлармен қатарласып, оркестрлер мен хорлар, симфониялық күй сияқты интерпретациялар пайда болды. Оркестрлердің шебер өнері тыңдармандарға кең байтақ даламыздың келбетін елестетуге, ереулі атқа ер салған қаһарман батырларымыздың мызғымаз рухын, салтанатты мерекелеріміздің қызығын барынша сезінуге мүмкіндік береді. Қазіргі күні де атап өтілген жанрлар қарқынды дамуда. Мысалы, еліміздің астанасында Орталық Азиядағы ең ірі опера театры “Астана Опера театры” салынды; Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық музкалық аспатарының оркестрі, хордық акапелла, Мемлекеттік квартет, эстрада ансамбльдері, джаз оркестрі және тағы сол сияқты түрлі коллективтер жұмыс атқаруда. Қазақстан - Е. Серкебаева, Б. Тулегенова, Г. Есимова, А. Днишева, Г. Кадырбекова, А. Мусаходжаева, Ж. Аубакирова сияқты әлемдік деңгейге шыққан танымал классика жанрындағы музыканттардың мекені. [5] Республикамызда еуропалық классика жанрынан басқа, жаппай әлемдік музыка жанрлары да, рок, рэп, поп, джаз және тағы басқа, танымал болып бара жатыр. Осылайша, мемлекетіміздің абыройы музыка өнерінің арқасында да айтарлықтай артуда. Мысалы, Димаш Құдайбергенов атты эстрада жұлдызы талай шетел нәзік жандыалрдың жүрегін жаулап алды: Қазақстанға келген шетелдік туристтердің көбісі - Димаштың жанкүйерлері. [6]

Көнпенді қазақ халқы өмір сүру салтына байланысты киіз үйлерде өмір сүрді, бірақ заман талаптары өзгеріп, отырқшы халық болып күн кеше бастаған кезден бастап, киіз үйлердің орнына тастан қаланған үйлер келді. Халқымыздың КСРО қатарына қосылған кезінен бастап, еліміздің құрылыс мәдениетіне европалық архитектура ене бастады. Европалық архитектураның негізі - христиан діні: Орал қаласында Спаса-Преображения шіркеуі (1887), Храм Христа Спасителя (1891-1899) және тағы сол сияқты сан алуан кешендер қаланды. 19-ғасырдың басында Қазақстанда аты шыққан инженер-архитектор А. П. Зенков түрлісейсмикалық қауіп-қатерлерге байланысты өзінің жаңа, апатты жағдайға төтеп бере алатын ғимараттардың модельдерін құрды. Осылай, Қазақстанда көптеген бұрын соңды таныс болмаған, жаңа қоғамдық құрылыстар пайда болды: әкімшілік-басқарушылық, мәдени-ағарту, сауықтыру орталықтары, ойын-сауық мекемелері, асханалар мен ресторандар, қонақ үйлер, көлік-өндірістік кешендер. Ал 19-ғасырдың соңында елде пайда болған модерн стилі келесі ғасырдағы көпқабатты үйлердің қалануына әкелді. 1960-1980 жылдарындағы қарқынды құрылыс жұмыстары, Алматы қаласының бұрынғы КСРО-ның ең әдемі қалаларының бірі атағын қалыптастырды. Алматыдағы құрылыс мәселелеріне Қазақстанның бірінші хатшысы Д. А. Қонаев (1912-1996) үнемі көп көңіл бөлді. Сол жылдары салынған қызықты ғимараттардың ішінде "Целинный" және "Арман" кинотеатрларын, Спорт сарайын, "Алма-Ата" қонақ үйін, Ленин (қазір Достық) даңғылындағы тұрғын үйлер кешенін, В. И. Ленин атындағы сарай (Қазіргі Республика сарайы) (1968-70), селден қорғау бөгеті мен "Медеу" спорт кешені (1970-72), Мемцирк (1969-71), Достық үйі 1970-73), Алматы-1 вокзалы, аэровокзал, (2005) "Қазақстан" қонақ үйі (1975-77), Республика алаңындағы ғимараттар кешені, театр. [7] "Арасан" моншасы, республикалық оқушылар сарайы, "Сайран" орталық автовокзалы. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің бас корпусы, Көктөбе тауындағы телебашня, Орталық мешітін (1997-1999жж. ) атап өткен жөн. Заманауи архитектурамыздың басты ерекшілігі Европа мен Азия елдерінің стилдерін араластырып өзіндік Еуразиялық стиліміздің пайда болуы. Қазіргі тәуелсіз Қазақстанның елордасында - Нұрсұлтан қаласында, ғимараттардың құрылысында еуропалық архитекторлар ат салысты. Мысалы, қаланың ғана емес, еліміздің басты көрікті орындарының бірі, биіктігі 200 метрге жететін «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешені - Великобритания елінің танымал архитекторы Норман Фостердің еңбегі, ал «Қазақстан» орталық концерт залының ерекше сыртқы түрі мен жабдықталуына Еуропаның жетекші сәулетшілерінің бірі болып табылатын итальяндық сәулетші Манфреди Николетти міндетті. «Хан Шатыр» батыс елдерінде елестету қиынға соғатын прогрессивті технологиялар мен жарқын ұлттық шешімдердің бірегей үйлесімін көрсете отырып, бейбітшілік және келісім сарайымен бірыңғай ансамбльді құрайды. Қазір ТМД-ның бірде-бір мемлекетінде «Қазақстан» ОКЗ сияқты бірегей құрылыс жоқ және ол, әрине, қазіргі Қазақстан аумағындағы ең маңызды мәдени нысандардың бірі болып саналады. [8]

Сондықтан, жаһандану Қазақстан мәдениетін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады, дәлірек айтсақ, оған әлемдік қауымдастықтың назарын аударады. Яғни, қарапайым сөзбен айтқанда, әлемді еліміздің мәдени құндылықтарымен таныстыруға мүмкіндік бар. Әлемдік прогресстің кейбір егжей-тегжейін ескере отырып, біз музыка, кино және сәулет өнерін дамыта аламыз.

Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымсыз әсері

“Қазақтың кең алқапқа қоныс тепкен, сан жағынан көп өзіндік этномәдени мұрасы бар. Бірегей антропологиялық тұрпаты, ұлттық мінез-құлқы бар екенін де естен шығаруға болмайды. Бір ғажабы - аса зор кеңістігі мекендегеніне қарамастан, оның кезенде өз рухына қуат берелік нәр таба алады да, рухани дүние байлығы адамзатқа ортақ болғанымен, әр ел оны түсінуге өз тіршілігі тұрғысынан келеді”

- деп жазады Қазақстан философтары І. Ерғалиев пен Е. Телібаев.

Қазақ халқында қонақжайлылық; үлкенге - кұрмет, кішіге - ізет; әйелді жесір, баланы жетім қалдырмау; үлкеннен бата алу сияқты этика мен моральдар қалыптасқан. Қонақжайлық - қазақтардың ежелгі қасиеті. Қазақ халқының бойындағы кеңдік пен дархандық, жомарттық қасиеттер елден ерекше қонақжайлық дәстүрінен айқын көрінеді. Қонаққа лайықты құрмет көрсету, қабақ шытпай қарсы алып, үйіндегі барын дастарқанға қойып күту - ежелден қалыптасқан дәстүр. Бұл тұрғыда «Қонақты құдайындай күту» әр шаңырақтың парызы саналады. [9] Дегенмен, Батыс мемлекеттерінің әсерінен мемлекеттегі зорлық пен зомбылық, қылмыс деңгейлерінің өсуінен халықта қорқыныш сезімі арта түсті. Нәтижесінде, адамдар үйлеріне бейтаныс адамды кіргізбей, темір есіктің екі жағынан бір-бірімен сөз алмасады. Сонымен қатар, жұмысбастылық пен технологиялардың әсерінен қазақстандықтардың айтарлықтай бөлігі өздерінің көршілерін танымайды, ал танығанның өзінде, араларындағы қарым-қатынас жақсы емес. [10]

Жаһанданудың нәтижесінде, балаларын далада қалдыратын, қарт ата-анасын қарттар үйінде тастайтын қазақстандықтар пайда болды. 2017 жылдың статистикасына сүйенер болсақ, сол жылы елдегі 7236 бүлдіршін балалар үйінде тұруға мәжбүр болды. Алайда, қуанышымызға орай, бұл көрсеткіш жыл сайын 10-12%-ға түсіп келеді. Бірақ, бұл тенденция қарттар үйлері мәселесінде байқалмайды. 2019 жылдың 1-қаңтарында қарттар үйінде тұратын кәрі кісілер саны 12754 деп табылды, және бұл көрсеткіш әлі де артып келеді. Осылайша, үлкенді құрметтеу сияқты ұстанымдарымыз Батыс мемлекеттерінің ықпалына түсіп, өкінішті салдарға алып келді. [11]

Жаһандану үрдісі мемлекеттік тіліміз - қазақ тілімізге де зардап әкелді. Орыстандыру саясатының ықпалына түсіп, онсыз да қиын жағдайға қалған тіліміз, заманның өзгеруіне байланысты да оның қолданыс аясы тарылды. Бүгінгі таңда «әлемдік тіл» мәртебесіне ие болған ағылшын тілінің қолданылмайтын саласы жоқ: технологиялар, ақпарат, байланыс, оқу бағдарламалары. Қазақстанның жаһандану процесіне интеграциясының күшеюі қазақ тілінің толыққанды мемлекеттік тілге айналу мүмкіндігін азайтады, өйткені бұл оның маңыздылығын төмендетеді. [12]

Мемлекет Жаһандану мәдениетімізге әкелетін жағымсыз әсерлермен қалай күресуде

Қазақстанда осы мәселеге орай көптеген бағдарламалар мен стратегиялар іске асып отыр. Мысалы, жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізетін кері әсері мәселесін шешу үшін «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылуда. 2017 жылғы 12 сәуірде Мемлекет басшысы «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласын жасады, онда қоғамдық сананы жаңғыртудың нақты контурлары көрсетілген. [13] Қазақ тілін дамытуда «Рухани Жангыру» бағдарламасы үлкен рөл атқарады. Бұл ұлттық деңгейдегі шынымен ауқымды жоба. Бұл қоғамның барлық салаларына әсер ететін ерекше. Оны қазіргі кезеңдегі және ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық қоғамның дамуы үшін өзіндік идеологиялық алаң деп атауға болады. [9] Бұл бағдарламаның бірінші бағыты - қазақ алфавитінің латын графикасына көшуі. Латын қарпіне көшу процессі күрделі болғандықтан, жүйелі стратегия мен нақты жоспар болуы күн тәртібінен түмпегені абзал. Осы үшін мамандарды даярлауға, халықтың әртүрлі топтарын оқытуға және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге бағытталған кезең-кезеңдік іс-шараларды ұйымдастыру қажет. Екінші бағыт - «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының ғалымдары, қоғам қайраткерлері және жетекші саясаттанушылар арасынан қазақ тіліне аударылатын оқулықтарды іріктеу бойынша жұмыс тобы құрылды. «Жаңа гуманитарлық білім: 100 жаңа оқулық» жобасы аясында оқулықтарды таңдау бойынша іс-шаралар жоспары жасалды. Оқулықтардың бастапқы тізімі университеттердің ұсыныстары негізінде 800 дана көлемінде құрастырылды. Жұмыс тобы оқулықтарды әзірленген өлшемдерге сәйкес іріктей бастады. Қазақ тіліне аударманы жүзеге асыру, оқулықтарды басып шығару және тарату үшін «Ұлттық аударма бюросы» коммерциялық емес қоры құрылды. [14] Қазір «Рухани Жанғыру» бағдарламасы аясындағы ең үздік 100 кітаптың 48-і қазақ тіліне аударылды. Бұл осы бағдарламаның дамып келе жатқандығын және барлық жағынан жүзеге асырылып жатқандығын білдіреді. [15] Үшінші бағыт - "Туған жер". Бұл жобаның ерекшелігі - аймақтардың белсенді қатысуы, сонымен қатар кәсіпкерлерді, меценаттар мен мүдделі азаматтарды тарту. Туған жерге, оның мәдениетіне, салт-дәстүріне деген сүйіспеншілікпен берілген патриотизм мәдени-генетикалық кодтың негізі болып табылады. Жоба аясында 700-ден астам нақты жоба жүзеге асырылды, 320-дан астам жоба жүзеге асырылуда, 150-ден астам жоба бүкіл ел бойынша басталды. Төртінші бағыт - "Қазақстанның қасиетті географиясы". Бұл жоба қоғамдағы ең танымал жобалардың бірі болды. Жыл бойы әр аймақ өзінің ерекше орындары туралы айтты. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің негізінде "Қасиетті Қазақстан" орталығы құрылды. Ұлттық және жергілікті киелі жерлерді таңдау және жүйелеу жөніндегі 40 ғалым мен қоғам қайраткерлерінен тұратын ғылыми-сараптамалық кеңес бар. [16]

Практикалық зерттеу
Сұхбат алу нәтижесі

Ғылыми жобаның мақсаттарын орындау және сұрақтарына жауап беру үшін зерттеу әдістерінің бірнеше түрі қолданылды. Солардың бірнішісі - сұхбат. Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне әсерін сарапшының көзқарасы тұрғысынан талдау мақсатында мен мәдениеттанушы Жанар Досқожинадан сұхбат алдым. Ол бұл үрдістің мәдениетке деген жағымды да жағымсыз әсерлерлерін атап өткен болатын. Жағымды жақтарын қарастырғанда, ол жаңа перспективаларды атап өткен болатын. Мәселен, жаһандану процесінде біздің мәдениетіміздің өзіндік ерекшелігін басқа елдермен бөлісудің ерекше мүмкіндігі бар. Бұл біздің еліміздің оң имиджін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Болашақта бұл елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Ал бұрыс әсері туралы талқылағанда, «негізгі қауіп біздің бірегейлігімізде» деп атап өтті. Басқаша айтқанда, біздің мәдениетіміз кейбір дәстүрлеріміз бен құндылықтарымызды жоятын өзгерістерге ұшырайды. Ағылшын тілінің қарқынды дамуы жағдайында қазақ тіліне қауіп төніп тұр. Себебі оның маңыздылығы мен беделі түсіп кетуі мүмкін. Жанар Досқожинаның айтуы бойынша, жаһанданудың мәдениетке әсері табиғи процесс, сондықтан біз бұл үрдісті дұрыс қабылдауымыз керек. Адамзат бір орында тұрып дами алмайды, сондықтан, ең бастысы - дәстүрлі құндылықтарымызды нығайту және жаңа заман талаптарына сай мәдени трендтерді енгізу керек.

Сауалнама нәтижесі

Зерттеу жұмысына шынайлылық қосу мақсатында, және халықтың(жасөспірімдердің, жастардың, орта жастағы және қарт адамдардың) жаһандануға деген көзқарастарын білу үшін мен Survey Monkey сайтында 6 сұрақтан тұратын онлайн сауалнама жүргіздім. [17] Көбінесе сауалнамаға 25-35 жастағы респонденттер (24%), 18-24 (21%) және 36-45 (20%) категориясындағы адамдар қатысты. 46+ және 14-17 жастағы қатысушылардың саны аз, нақтырақ айтсақ 16 және 19. Солардың ішінен 49ы ер адам, ал қалғандары әйел адам. Сауалнама нәтижесі бойынша, респонденттердің 88%ы, яғни көпшілігі «Жаһандану» ұғымымен таныс,

Диаграмма №1

Респонденттер, «Жаһандану» экономиканы стандарттаумен және біріктірумен, яғни оны бірдей әлемдік стандарттарға жақындатумен байланыстырады. Олар сонымен бірге бұл жаңа технологияны енгізу және білім алмасу сияқты мәдениеттің ықпалдастығы деп жазды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне жағымды әсері
Жаһандану үрдісінің Қазақстан мәдениетіне әсері
Жаһанданудың Қазақстан мәдениетіне тигізер әсері қандай?
Қазақ халқының мәдениетініде болған өзгерістерді талдау
Жаһандану мен ұлттық мәдениет
Саяси жағына
Жаһандану мен жергілікті мәдениет
Жаһандану және аймақтану үрдістері: Жаңа аймақтану
Мәдени жаһандану ұғымымен танысу
Жаһандану трендтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz