Кедендік тасымалдаушының міндеттері


Мазмұны:
Кіріспе 3-6I тарау. Таурлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы
арқылы өткізүдің қүқықтық механизмі және оның қағидалары 7-281. 1. Қазақстан Республикасы кеден шекарасынан тауарлар мен көлік
құралдарын өткізудің жалпы жағдайы және оның негізгі
қағидалары 7-17
1. 2. Тауарлар мен көлік кұралдарын Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына өткізу кезінде алдын ала операцияларды ұйымдастыру
тәртібі 18-28
II тарау. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы өтетін тауарлар
мен көлік құралдардың мәртебесін анықтаудағы құқықтық реттеу 29-73II. 1. Негізгі сыртқы сауда операцияларында тауарлар мен көлік құралдарын
өткізуді құқықтық реттеу 29-4611. 2. Кеден органдарының кеден ісіндегі заңды тұлғалар мен жеке
түлғалардың мүддесіне орай белгілі қызмет көрсету тәртібі 47-5511. 3. Өзге елдерде өңделуіне байланысты шекара арқылы тасымалданатын
тауарларға қатысты құқықтық реттеу 56-6211. 4. Сыртқы экономикалық операцияларды тоқтатқанда колданылатын
кедендік реттеудің үйымдастырылу тәртібі 63-73III. тарау. ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік күралдар откізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумем мен бакылаудың міндеттілігі . . . 74-84
III. 1. Кедендік ІІІекарасынан таурлар мсн колік күралдарын откпудегі
кедендік рәсімдеу мен бакылауды гагайындау срежелері 74-7ІІІ. 2. Кеден шекарасы аркылы гаурлар мен көлік күралдарын откізудегі
кедендік рәсімдеу мен бакылауды үыймдастыру тәртібі 79-84
Қоры гынды 85-87
Пайдаланған әлебиетгср 88-89
КІРІСПЕ
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа қүкықтық
инфрақұрылымдардың қүрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келді. Қазақстан өзінің 2030 стратегиясын әлем қауымдастығында өз орнын алу мақсатында мемлекеттің күшті және әлсіз жақтарын сонымен қатар проблемаларын жасырмастан ашық жария етті. Оларды шешу үшін үзақ мерзімді басымдықтар анықталған, оның ішінде гүлденіп даму, кауіпсіздік және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдамасында айтылғандай, барша қоғамның жағдайын жақсарту да бар, ал демократиялық бастамалар мемлекет мақсатына сай позитивті түрде даму жолында. Жаңа нарықтық қоғамда Қазақстан экономикасы ашык, ал мемлекеттік шекара «мөлдір» болды. Яғни, басқа елдермен арада ешқандай тосқауыл болған жоқ еді. Қазақстан өзге елдермен - 12760 шақырым, Қытаймен - 1560 шақырым жері шекаралас. Бүрын бүл экономикалык қауіпсіздікті сақтауда үлкен келелі мәселенің бірі болды. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және шекарада бақылауды күшейту мақсатында 1991 жылы 12 желтоқсанда Елбасы «Қазақстанда кеден органын кайта қүру туралы» бүйрыққа қол қойды. Қазақстан тәуелсіздік алуына байланысты бүрынғы Кеңестік басқару тізгінінен босады. Енді ол өз саясатын жаңаша жаңғырту керек еді. Он бес одақтас елдерден бөліну деген сөз олармен байланысты үзу керек дегенді білдірмейді. Тек солардың ішінен өзіміздің ішкі экономикалык ахуалымзға тиімді байланысты таңдау тұр. Президентіміздің «Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды үйымдастыру туралы» Жарлыгыпда жонс ҚазақстанҮкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Шекарасында кедендік бақылауды күшейту туралы» каулысына сәйкес өз алдына төмендегідей міндеттерді койды:
- кедсн кызметі алдында түрган тапсырмаларды ІІІешуге кабілетті ксден күрылымдарын күру;
- экономикалык негізді қалыптастыра отырып, Қазакстан мен халқының мүддесін қорғау;
- мемлекеттік бюджетті әртүрлі салықтар мен алымдар жинау аркылытолықтыру;
- тауарлар мен көлік қүралдарын Қазақстан Республикасы кедендікшекарасы арқылы өткізуде кедендік бақылауды жүзеге асыру;
- кедендік банктік-валюталық бақылауға қатысу;
- Қазакстан Республикасы сыртқы саудасының статистикалык санағынқалыптастыру;
- кеден кызметін камтамасыз ететін қүкықтық база күру.
Соңғы бес жыл ішінде кеден заңдылығына өзгерістер енгізуге мүмкіндік туды. Соның ішінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1-мамырда кабылданған Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі және «Кедендік тариф туралы» Заңының кеден ісінде маңызы зор. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік қүралдарын өткізу, әкелу мен әкету қүқығын бекіту келесі басты кағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдарына билік ету; шартты түрде шығарылған тауарлар мсн көлік күралдарын пайдалану жонс баскару. Осы институттыц мазмүнын Іо. Іықтыра түсу үпіін кедсн Іпекарасы арқылы тауарлар мен көлік күра. Ідарып оікпуді жүзеге асырудыц күкыкгык Ісигі жоне кеден режимдсрініи жиыІІІык мәселелерін карастыру огс мацы иы оо. Іып кс. Ісді деп сссптсймін. Япш мүидаіі процестерді реттеуде мемлексггіц кедендік шекарасынан тауарлар жоне гранспорттык кұралдарын откһудіц негізгі кагидаларын қарастыру ксрек; Сонымен қаіар тауарлар мсн колік күралдарын ксдсн Іпскарасынан огкі 5\ орны мсн уақытыиың практикалык маңызы зор, мүнда откну орны кодсн оргаиымен белгіленеді, ал уакыіты олардың жүмыс уакытымсн аныкталады. Ал баска жерлерде және кеден органдарының жүмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен туарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасы 2003 ж 1 мамырда қабылданған Кеден Кодедексінің 8-бабы әрбір тұлғаға тауарлар мен көлік құралдарын еркін кіргізуге және шығаруға бірдей қүқық береді. Егер заңда тікелей көрсетілмесе, ешкімді де Қазақстан Республикасы аймағына тауарлары мен көлік құралдарын еркін кіргізу немесе шығару құқығының айыруға немесе оны шектеуге болмайды . Жумыстың лшксаты мен міндеттері
Диплом жұмысының мақсаты тауарлар мен көлік құралдарды Қазахстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізүдің қүқықтық реттелуі мен оның механизмін неғүрлым жан-жақты және толык түрде зерттеу болып табылады. Бүл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау кажет.
Біріншіден, тауарлар мен көлік қүралдардың кеден шекарасы арқылы өткізудің жалпы жағдайы мен негізгі қағидаларын анықтап және кедендік аумағына өткізу кезінде алдын ала операциялардың үйымдастыру тәртібін баяндау. Екіншіден, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік қүралдардың мәртебесін анықтаудағы қүқықтық реттелу мәселесін талдау және оның қолданылуын зерттеу.
Үшіншіден, ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік қүралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігін аныктау.
Жүмыста койылган мақсаттар мсн міидсі гср дшиом жүмысының күрылымын ішыктайды. О. І кіріспеден, скі болімнен жеті тараудан жоне корытындыдан гүрады. Кіріспеде жүмыстың өзектілігі негізделіп. мақсаты және міндеттері днықталып, бөлімнің кысқаша мазмүнына сипаттама берілген. Ьірінші тарауда Таурлар мен көлік қүралдарын Қазахстан Республикасы кеден пекарасы аркылы өткізүдің қүқықтык механизмі және оныц қапідалары голыктай баянлалған .
Екінші тарауда Қазахстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік күралдардың мәртебесін анықтаудағы кұқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Үшінші тарауда ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік қүралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігі
көрсетілген.
Баяндау және талдау әдістерін қолдана келе Қазақстан ғалымдардың енбектерінің теориялық пікірлерін салыстыра отырып ҚР Конституциясы Кеден кодексі және т б заңдар дипломдық жұмысымның методолгиялық негізі болып табылады.
I тарау Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізудің құқықтық механизмі және оның қағидалары .
I. 1. Қ. Р. Кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің жалпы жағдайы және оның негізгі қағидалары.
Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық құқығы бар қатынасушы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүие іргетасының - тұтастай өзгеруін қажет етеді. Бұл процесті талдаудың бірінші буынына әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы деңгейімен сипатталып бағаланады.
Екінші буын . Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттің сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.
Үшінші буын . Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы жүзеге асады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына мақсаттарын ұстайды; қазақстандық нарықты және қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан кейінгі экономикалық құрылымдық жағынан қайта құруына көмектесу; бәсекелестікті нығайту; дайын өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру; шетел инвистицияларын тарту және т. б. Осыған сәйкес 2003 ж. 1- мамырда «Қазақстан Республикасындағы Кеден кодексі » қабылданды. Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі экономиканың ең маңызды салаларымен бірқатарда тұр. Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен кедендік одақ, және еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық бірігуді одан әрі дамыту мен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде келісімді жасау дегенді білдіреді. Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республика кедені шекарасында және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау, кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану мен басқару. Осы мәселенің мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқтық механизмі және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді. Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлар және транспорттық құралдарын өткізудің негізгі қағтдаларын қарастыру керек;
Бірінші қағида . Республиканың кедендік территориясына тауарлар мен транспорттық құралдарды еркін әкелу және оларды территориядан шығару жатады. мұнда кедендік территорияға жататындар: еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, территориялық сулар, ішкі сулар және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі.
Екінші қағида . Республика тауарлар, транспорттық құралдарды енгізу мен оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы принципті ескере отырып, мұндай қарама- қайшылық тәжірибеде болатын тауарлар мен транспорттық құралдарды енгізу, шығаруға шек қоюға қажеттілікпен түсіндіріледі. Оның мынадай себептері бар:
- ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуі ( стратегиялық маңызды салалар өнімдерін шығару, тауарлы - материалдық құндылықтарды, есірткі заттарын, бактериалогиялық қару, жаппай жою қаруларын контрабандалық жолмен шекарадан өткізу, сапа стандарттарына сәйкес емес тауарларды кіргізу және т. б.
- азаматтардың заңды және тұлғалардың денсаулығына қауіп, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
- Қазақстан Республикасының шығармашылық, тарихи және архиологиалық мұрасына қауіп;
- Меншік құқығына оның ішінде интелектуалды меншік құқығына қауіп;
- әкелінетін және шығарылатын тауарлар, транспортты құралдар сатушылар мен тұтынушылардың мүдделеріне қауіп.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден тыс көп болып кеткенінде ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек. Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген тауарлар және транспорттық құралдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискацияланып, соттың шешімімен мемлекеттің меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылу мумкін.
Үшінші қағида. Тауарлар және транспортты құралдарды әкелу мен шығаруға лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер- заңды акты түрінде отыз күннен кейін күшіне енеді.
Төртінші қағида . Тауарлар мен транспорттық құралдардың кедендік шекара арқылы өту принципі - кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл принцип бұрынғы принциптің салдары және құрамдас бөлігі болып келеді. Оның мағнасы мынада: шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлемі байланысты болады. Мұнда тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес17 кедендік режим белгіленген. Шекарадан өтпес бұрын тауарлар және транспорттық құралдар кедендік құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік территория периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі. Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.
Кеденді бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдары мен, кеден заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады. Процестің көп векторлығын ескере отырып, тауар және транспорттық құралдардың кеден шекарасынан белгілі уақытта және белгілі жерде өту тәртібі кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
Бесінші қағида . Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар мен транспорттық құралдарды тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы экспортқа арналған тауарлар кедендік территориялардан тыс жерлерде өңделе алмайды.
Соңғы қағида. Шартты шығарылған тауарлар мен транспорттық құралдарды пайдалану мен қолдану принципі. Бұларға кедендік төлемдер мен салықтар бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі берілген мақсаттар мен кеден органдары белгілеген түрлі шарттарды орындауға міндетті. Кеден режимдерін қолдану тәжірибесі оларды құқтық реттеудің ерекшелігін айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап етуі мүмкін. Сондықтанда Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне жалпы және тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Ресейдің кеден Кодексінің 24-бабы заңды заңды актілерді қабылдағанына дейін бұл мәселелерді шешу құқығын атқарушы органдарға жүктеген. Ал Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 8- бабында тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге, теңдей негізінде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқтан айырылмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи, архиологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интелектуальды меншікті, тұтынушыларын және басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді. Ресейдің кеден Кодексі Ресей Федерациясының халықаралық шарттары мен заңдары негізінде анықтаған басқа мүдделерді шектеуді дұрыс деп санады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі оларға мәлімдеген кеден режиміне, сондай-ақ кеден рәсімдері мен кеден бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады. Тұлғаның кез келген уақытта тауар мен көлік құрамының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар. Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уақыты олардың жұмыс уақытымен белгіленеді. Ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Қазақстан Заңы «мемлекеттік шекара» мен «кеден шекарасы» ұғымын ажырата түсті. Бұл мәселелер заңда бұрын басқаша қарастырылды, «кеден шекарасы» ұғымы мемлекеттік шекара ретінде қабылданды. Қазақстанда кеден тарифі іс жүзінде кеден төлемдерінің бекітетін қаулыларда қабылданған. Қазақстан Республикасының Кедендік тариф және төлем туралы заңына сай Президент қаулысымен бекітілуі тиіс. Қазақстан Республикасының уақытша импорттық кеден тарифі кеден кодексінің 7- тарауында жауап беретіндей кеден тарифі моделін ұсынып отыр. Кеден тарифі кеден төлемі алынатын тауарлар жүйесінен, төлемдер ( олардың түрі бойынша) алынатын тауарлар атауларынан, нақты кеден төлемі мөлшерінен, пайдалануға және алып келуіне, шығаруға немесе транзиттеуге тыйым салынған тауарлардан тұратындықтан оны бар актімен бекіту қиындық туғызады. Халықаралық тәжірибеден кеден тарифінің екі түрі қарастырылады: қарапайым және күрделі. Қарапайым кеден тарифі тауардың шыққан еліне қарамастан әрбір тауарға тиіс бір мөлшерде кеден бажын бекітеді, мұнда кеден жеңілдіктері мен кеден преференциялары қолданылмайды. Күрделі кеден тарифі тауардың шыққан еліне кеден бажының екі немесе одан да көп мөлшерін қарастырады.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМД мемлекеттері тағайындаған елдер қағида бойынша өзара саудада қосымша салық салудың бірыңғай жүйесін қолданатын болады. Заң бойынша кеден режимі Қазақстан кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін анықтайтын ережелер жиынтығын білдіреді және бұл Кеден Кодексінің 116 бабында мазмұндалған. Бұл айқындама ТМД қатысушы мемлекеттердің Кедендік заңдылықтарының негізінде және Ресейдің Кеден Кодексінде аталып кеткен тұжырымға ұқсас. Соңғысынан айырмашылығы 15 кеден режимі анықталған еді сол кезде - ақ 17 режим бекітілген; тауарларды еркін айналысқа шығару; тауарларды кері импорттау; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда жасайтын дүкен; кеден аумағында тауарларды ұқсату, кеден бақылауымен тауарларды ұқсату, тауарларды уақытша әкелу мен әкету, еркін кеден аймағы; еркін қойма; тауарларды кеден аймағынан тысқары жерде ұстау, тауарлар экспорты, тауарларды жою, мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту және арнайы кедендік режим.
Тауарларды еркін айналысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден аумағында қалуы немесе тұтынылуы үшін белгіленеді. Мұнда оларды әкету үшін ешқандай міндеттеме берілмейді. Осы көрсетілген режим бойынша тауарлар өткізу үшін кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық саясат шараларын және басқа шектеулерді сақтау, кеден рәсімдерін аяқтау қажет.
Тауарларды еркін айналысқа шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады; кеден төлемдері мен салығын төлеу; тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бақылау аймағындағы талаптарды сақтау: заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау; кеден рәсімдеуін аяқтау барысында.
Тауарлардың кері импорты кедендік режим ретінде экспорттық кедендік режиміне сәйкес кеден бажы мен салығы алынбай, тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетілген тауарларды кері әкелу мүмкіндігі үшін арналған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz