Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
Мазмұны
Кіріспе
Кедендік режимнің әдістемелік және теоретикалық мазмұны
Кедендік режимдердің түсінігі мен маңызы
1.2. Кедендік режим жағдайында тауарлар мен көлік құралдарының жылжу ерекшеліктері
1.3. Кедендік режимнің шарттары мен талаптарын сақтамағандығы үшін жауапкершілік
2. Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезіндегі кедендік режимдері
2.1. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің ерекшеліктері
2.2 Тауарлар мен көлік құралдарын өткізілетін кедендік режимін тағайындаудың ережелері
2.3 ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарын өткізу рәсімдеулері кедендік бақылауды қадағалау
2.4 Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік режимінің аяқталуы
3 ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігі
3.1 Кедендік шекарасынан таурлар мен көлік құралдарын өткізу
3.2 Кеден шекарасы арқылы таурлар мен көлік құралдарын өткізудегі
кедендік рәсімдеу мен бақылауды ұыймдастыру тәртібі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі әлемдік шаруашылықтағы интерұлттандырудың объективті процесі жан-жақты экономикалық өзара қарым - қатынастың жаңа деңгейін талап етеді, сондықтан әртүрлі аспектілер мен Қазақстан Республикасы кәсіпорын ұйымдары үшін сыртқы экономикалық қызметті зерделеу улкен практикалық қызығушылық танытады. 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді "Қазақстан стратегиясы - 2050": қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты". Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы, сыртқы сауда ағындарының өсуі, шекараны бойлай орналасқан кеден шекара арқылы өткізілетін жүктерді кедендік ресімдеуді жүзеге асыра алмайтын болды. Көп жағдайда бұл іспен кедендік аумақтың түкпірінде орналасқан ішкі кеден айналыса бастады.
Қазақстанның тәуелсіздік алып, егемендікке ие болуы жаңа құкықтық инфрақұрылымдардың құрылуы жаңа басты бағыттар мен заң шараларының қабылдануына алып келді. Қазақстан өзінің 2030 стратегиясын әлем қауымдастығында өз орнын алу мақсатында мемлекеттің күшті және әлсіз жақтарын сонымен қатар проблемаларын жасырмастан ашық жария етті. Оларды шешу үшін үзақ мерзімді басымдықтар анықталған, оның ішінде гүлденіп даму, кауіпсіздік және Қазақстан Республикасы Президентінің жолдамасында айтылғандай, барша қоғамның жағдайын жақсарту да бар, ал демократиялық бастамалар мемлекет мақсатына сай позитивті түрде даму жолында. Жаңа нарықтық қоғамда Қазақстан экономикасы ашык, ал мемлекеттік шекара мөлдір болды. Яғни, басқа елдермен арада ешқандай тосқауыл болған жоқ еді. Қазақстан өзге елдермен - 12760 шақырым, Қытаймен - 1560 шақырым жері шекаралас. Бұрын бүл экономикалык қауіпсіздікті сақтауда үлкен келелі мәселенің бірі болды. Еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде және шекарада бақылауды күшейту мақсатында 1991 жылы 12 желтоқсанда Елбасы Қазақстанда кеден органын кайта қүру туралы бұйрыққа қол қойды. Қазақстан тәуелсіздік алуына байланысты бұрынғы Кеңестік басқару тізгінінен босады. Енді ол өз саясатын жаңаша жаңғырту керек еді. Он бес одақтас елдерден бөліну деген сөз олармен байланысты үзу керек дегенді білдірмейді. Тек солардың ішінен өзіміздің ішкі экономикалык ахуалымзға тиімді байланысты таңдау тұр. Президентіміздің Қазақстан Республикасында кедендік бақылауды үйымдастыру туралы Жарлыгыпда және Қазақстан Үкіметінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік Шекарасында кедендік бақылауды күшейту туралы қаулысына сәйкес өз алдына төмендегідей міндеттерді койды:
- кеден кызметі алдында тұрған тапсырмаларды шешуге қабілетті кеден құрылымдарын күру;
экономикалық негізді қалыптастыра отырып, Қазакстан Республикасы
қауіпсіздігі мен халқының мүддесін қорғау;
мемлекеттік бюджетті әртүрлі салықтар мен алымдар жинау арқылы
толықтыру;
тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кедендік
шекарасы арқылы өткізуде кедендік бақылауды жүзеге асыру;
кедендік банктік-валюталық бақылауға қатысу;
Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының статистикалык санағын
қалыптастыру;
- кеден кызметін камтамасыз ететін құкықтық база құру.
Соңғы бес жыл ішінде кеден заңдылығына өзгерістер енгізуге мүмкіндік туды. Соның ішінде Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1-мамырда кабылданған Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі және Кедендік тариф туралы Заңының кеден ісінде маңызы зор. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі басты кағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау; кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету; шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және басқару. Осы институттың мазмұның толық түсіну үшін кедсн шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық жағдайы және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру. Яғни мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлар және транспорттық кұралдарын өткізудің негізгі қағидаларын қарастыру керек.
Сонымен қатар тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда откну орны кеден органымен белгіленеді, ал уакытты олардың жұмыс уакытымен анықталады. Ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен туарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Қазақстан Республикасы 2003 ж 1 мамырда қабылданған Кеден Кодедексінің 8-бабы әрбір тұлғаға тауарлар мен көлік құралдарын еркін кіргізуге және шығаруға бірдей құқық береді. Егер заңда тікелей көрсетілмесе,ешкімді де Қазақстан Республикасы аймағына тауарлары мен көлік құралдарын еркін кіргізу немесе шығару құқығының айыруға немесе оны шектеуге болмайды.
Тақырыптың өзектілігі: Кеден ісі мәселесінде кедендік режимдердік латын орны ерекше. Ел дамыған сайын, ол елдің, яғни Қаазақстан Республикасының да экономикасы дамып, шет елдермен, көрші ТМД, елдерімен әр келісім-шарттарға, құжаттарға қол қоюда. Ал еліміздің экономикасын алға жылжытуда, дамытуда кеден бақылау департаменттерінің, кеден бақылау департаментінің, кедендік режимдерінің қосар үлесі мол, Осы мәселелердің барлығы кедендік режимдерді зерттеу өзектілігін дәлелдейді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
Диплом жұмысының мақсаты тауарлар мен көлік құралдарды Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізудің кедендік режимдері мен оның механизмін неғұрлым жан-жақты және толық түрде зерттеу болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді орындау кажет.
Біріншіден, тауарлар мен көлік құралдардың кеден шекарасы арқылы өткізудің жалпы жағдайы мен негізгі қағидаларын анықтап және кедендік аумағына өткізу кезінде алдын ала операциялардың үйымдастыру тәртібін баяндау.
Екіншіден, кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдардың мәртебесін анықтаудағы құқықтық реттелу мәселесін талдау және оның қолданылуын зерттеу.
Үшіншіден, ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігін анықтау.
Жұмыста қойылған мақсаттар мен міндеттері дипломдық жұмысының құрылымын анықтайды.
Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасының тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезіндегі кедендік режимдері.
Зерттеу пәні: Тауарлар мен көлік құралдарын өткізілетін кедендік режимдері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жағалығы.
Диплом жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі негізделіп, мақсаты және міндеттері анықталып, бөлімнің кысқаша мазмұнына сипаттама берілген. Бірінші бөлімде таурлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасы кеден шекарасы арқылы өткізудің құқықтық механизмі және оның қағидалары толықтай баяндалған.
Екінші тарауда Қазахстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдардың мәртебесін анықтаудағы кұқықтық реттеу мәселесі қарастырылған.
Үшінші тарауда ҚР кеден шекарасынан тауарлар мен көлік құралдар өткізу процедурасындағы кедендік рәсімдеумен мен бақылаудың міндеттілігі
көрсетілген.
Баяндау және талдау әдістерін қолдана келе Қазақстан ғалымдардың енбектерінің теориялық пікірлерін салыстыра отырып ҚР Конституциясы Кеден кодексі және т. б заңдар дипломдық жұмысымның әдістемелік негізі болып табылады.

1.1 Кедендік режимдердің түсінігі мен маңызы
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында немесе одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлармен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын нормалардың жиынтығы.
Кеден шекарасы арқылы тауарлармен көлік құралдарын өтккізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді тандау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орынмен уақытын анықтау, кеден шекарасынаң өткізілетін тауарлармен көлік құралдарынабилік ету, шартты түрде шығарылған тауарлармен көлік құралдарын пайдалану және басқару. Осы институттың мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлармен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден режимдедің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді.
Кеден режимдердін қолдану тәрірибесі оларды құқықтық реттеудің ерекшелігін айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап етуі мүмкін. Міне, сондықтанда Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне жалпыжәне тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Бір жағынан мемлекет тауарлармен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық-имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлармен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуальды меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді.
Тауарлармен көлік құралдарын әкелу мен әкетуді шектеу қағидасы Үкіметтің, Президенттің заң актілерінде және халықаралық шарттарға негізделген. " Қазақстан Республикасы Кеден ісі туралы " Заңының 21- бабы бойыншашектеулер қолданылатын тауарлармен көлік құралдарын сыртқа шығаруды кеден органдары тек Республика заңдарымен белгілеген талаптарды сақтаған жағдайда ғана жүзеге асады.
Кеден шекарасы арқылы тауарлармен көлік құралдарын өткізу тәртібі оларға мәлімдеген кеден режиміне, сондай-ақ кеден рәсімдеуі мен кеден бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады.
Тұлғаның кез- келген уақытта тауар мен көлік құрамының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар.
Тауарлармен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уақыты олардын жұмыс уақытымен анықталады. Ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады.
Мемлекет қоғамдық өмірдің барлық салаларында (әлеуметтік, мәдени) макро деңгейде, ал қазіргі өндірістік кәсіпорындар мен шаруашылықтарды дамыту ісінде микро деңгейде ашық экономикалық саясат бағытын ұстанатын болады. Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 ж 1-қаңтарындаға Жарлығында, барлық заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге және әкетуге құқығы бар делінген. Қазіргі кезде ұлттық экономиканың ашықтығы және мемлекетаралық байланыстың одан әрі дамуы кедендік заңдылық дамуымен қатар кедендік істе нақты тәртіптің орнауын қажет етеді. Тиісінше, мемлекет протекционализммен айналыса отырып, шет елдермен тауар айналымын арттырып отыр.
Кедендік режимде - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарының өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік құжаттау бойынша жоғарғы білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі кедендік аламдар жинау.
Тауарлардың пайдаланылуына байланысты кедендік режимді таңдаудың маңызды және анықтаушы шарты ретінде 17 режимнің біреуі таңдалады. Тауар иесі келісім-шарттың өзгеруіне немесе басқа бір жағдайларға байланысты режимді өзгерте алады. Ал бұл өзгеріс кедендік режимді дұрыс таңдау тым көп қаржылық шығындарды азайтады.
Сонымен, кедендік режимдер екі жақты міндетті орындайды. Бір жағынан, тауарлар мен көлік құралдарының өтуін регламенттесе, екінші жағынан, кедендік режимдердің ынталандырушы рөлі әсіресе тауар иесінің коммерциялық операциялардан табыс және пайда алуында. Оған мысал: кедендік қойма режимі бола алады, ол әкелінген тауарларды бажсыз сақтауды мақсат етеді. Көптеген елдер үшін сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда тауарлар экспорты мен импорты басым рөл атқарады. Экспорт-валюта түсімдерінің негізгі көзі ретінде, ал импорт дамыған салаларды өтемін жасайтын қызмет ретінде. Алайда, тауар елден шикізат немесе өнім түрінде өңдеу мақсатымен шығарылып, қайтадан дайын өнім түрінде қайтып келуі мүмкін. Негізгі 17 режимді атап өтейік:
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
Тауарлардың кері импорты;
Кеден қоймасы;
Бажсыз сауда дүкені;
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
Тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
Тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
Тауарлар экспорты;
Тауарлар кері экспорты;
Тауарлар транзиті;
Тауарларды жою;
Мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
Еркін кеден аймағы;
Еркін қойма;
Арнайы кедендік режим.
Сондай-ақ тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және орналастыру дегеніміз-кеден органы кеден декларациясын тірекген күн тауарларды белгілі бір кедендік режимде мәлімдеген күн болып есептеледі. ҚР-ның кеден кодексінде белгіленген тәртіппен кеден органы тауарларды шығарған күні тауарларды кедендік режимге орналастырылған күн болып есептеледі.

Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың толық құқығы бар қатынасушы ретінде аталуы бұдан бұрынғы жүйе ірге тасының - тұтастай өзгеруін қажет етеді.
Бұл процесті талдаудын бірінші буынында әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы денгейімен сипатталып бағаланады.
Екінші буын. Бұл мақсатты жүзеге асыру және күтілетін нәтиже алу бүкіл мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттін сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.
Үшінші буын. Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс арқылы жүзеге асырылады. Кедендік іс Қазақстан Республикасы кеден саясатының мына мақсаттарын ұстайды: Қазақстандық нарықты және Қазақстандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау; мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету; одан кейінгі экономиканыңқұрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу; бәсекелестікті нығайту; дайын өнім экспорты мен импорты алмастырушы өңдірісті ынталандыру; шетел инвестицияларын тарту және т.б.
Осыған сәйкес 995 жылы 20 шілдеде "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы " Қазақстан Республикасының Президентінің заңы қабылданды.
1991 жылы Қазақстан Республикасындағы кеден ісі экономиканың ең маңызды салаларымен бір қатарда тұр.
Қазақстан Республикасы ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен кедендік одақ, еркін сауда аймақтарын құруды, халықаралық экономикалық бірігуді одан әрі дамытумен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде келісімдер жасау дегенді білдіреді.
Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республиканың кеден шекарасына және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы .
Мұндай процестерді реттеуде мемлекеттің кедендік шекарасынан тауарлармен көлік құралдарын өткізудін негізгі қағидаларын қарастыру керек; олар " кеден ісі туралы " 1998 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығында қабылданған.
Бірінші қағида. Республиканың кеден аумағына тауарлармен көлік құралдарын еркін әкелу және оларды аумақтан шығару жатады. Мұнда кедендік аумаққа жататындар: еркін кедендік аймақтармен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, аумақтық сулар, ішкі сулар және Қазақмстан Республикасының әуе кеністігі.
Екінші қағида. Республикаға тауарлармен көлік құралдарын енгізу мен оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы қағиданы ескере отырып, мұндай қарама қайшашы тәжірбиеде болатын тауарлар мен көлік құралдарын еңгізу, шығаруға шек қойуға қажеттілікпен түсіндіріледі.
Оның мынандай себептері бар:
ұлттық қауіпсіздіке қауіп төну;
азаматтардын занды және жеке тұлғалардын денсаулығына қауіп. өсімдіктермен жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
Қазақстан Республикасының шығармашылық тарихи және археологиялық мұрасына қауіп;
Меншік құқығына, оның ішінде интелектуалды меншік құқығына қауіп;
әкелінетін және шығарылатын тауарлар, көлік құралдары сатушылар мен тұтынушылардың мүдделеріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден тыс көп болып кеткенінде ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және ыңғайсыз болып келеді, сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан Республикасының заңына сәйкес иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискациялау, соттың шешімімен мемлекет меншігіне ауысып, аукционға шығарылып, сатылуы мүмкін.
Үшінші қағида. Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен шығаруға лимит қою. Жаңадан қойылған шектеулер-заңды акті түрінде 30-күннен кейін күшіне енеді.
Төртінші қағида. Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік шекара арқылы өту қағидасы-кедендік режиммен сәйкес жүзеге асырылады. Бұл қағида бірінші қағиданың салдары және құрамдас бөлігі болып келеді.
Оның мағынасы мынада: Шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес кедендік режим таңдауға мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс кедендік режим таңдап алу керек, өйткені дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлеміне байланысты болады. Мұндай тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді өзгерте алады. Кедендік заңға сәйкес 17-кедендік режим белгіленген.
Шекарадан өтпес бұрын тауарлар мен көлік құралдары кедендік құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына жататындар: кедендік аумақ периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі.
Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим анықталады және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.
Кедендік бақылау Қазақстан Республикасының кеден органдарымен, кеден заңын орындау және осы заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады.
Процестің көп векторлығын ескере отырып, тауарлар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан белгілі уақытта және белгілі жерде өту тәртібі кеден органдарының жұмыс уақытына сәйкес келуі керек.
Бесінші қағида. Кедендік режимдерге сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы: экспортқа арналған тауарлар кедендік аумақтан тыс жерлерде өңделе алмайды.
Соңғы қағида- Шартты шығарылған тауарлар мен көлік құралдарын пайдалану және қолдану бойынша жеңілдіктер беріледі. Тауарлар иесі белгіленген мақсаттармен кеден органдары белгілеген түрлі шарттарды орындауға міндеттеледі.

Деклорант кедендік режимнің Қазақстан Республикасының кеден кодексінде белгіленген шарттары мен талаптарын сақтамағандығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Тұлғалар кедендік режимнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлардың олар екрін айналысқа шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге іс-жүзінде әкетілгенге дейін апатты не ырық бермес күштің әсері салдаранан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмайтын, сондай-ақ тауарлардың саны немесе жай күйі тасымалдаулардың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда жауапты болмайды.
Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкелінген тауарларға немесе олардын қайта өңделген өнімдеріне қатысты мынадай мән- жайларда жауаптылықта болмайды.
Тауарлардын немесе олардың қайта өңделген өнімдеріне апатының немесе ырық бермес күштін әрекеті салдарынаң жоғалуы немесе жоылуы себепті қайтарылмалауы.
Тауарлардың немесе олардын қайта өңделген өнімдерінің санының тасмалдаудын, сақтаудың және пайдаланудың ( қолданылуы) қалыпты жағдайлары кезінде олардын табиғи тозуы мен немесе табиғи кемуінің салдарынаң өзгеруі.
Тауарлардын немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің шетел мемлекеті мемлекеттік органдардын немесе лауазымды адамдардың іс -әрекеті салдарынаң иеліктен шығуы.
Тауарлардын бір жола жоғалуына, немесе жойылуына, олардың саны мен жай - күйінің өзгеруіне әкеп соқтырған мән - жайларды растау міндеті осы бөлімде айқындалған тұлоғаларға жүктеледі. Шет мемлекеттердің аумағында болған мән-жайларды Қазақстан Республикасының шетелдеріндегі консуалдық мекемелері немесе жоғарыда аталған мән-жайлар болған мемлекеттін құзіретті органдары растайды.
Тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынаөткізу кезіндегі алдын ала операциялар мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы кеден органдарына хабарлау; Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктіне алдын ала кедендік рәсімдеу: Тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден органына жеткізу; Тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау операциялары болып табылады. Осы тауардың ережесі құбыр тасымалын пайдалану арқылы электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларға қолданылмайды. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту бұл- тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту болып табылады. Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаға тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды өткізу пунктінде орналасқан кеден органына мүмкіндігінше қысқа мерзімде жеткізу міндетін жүктейді. Өткізу пунктін анықтауға мыналар жатады: Әуе көлігімен өткізілетін тауарлар үшін,- межелі әуежай немесе тауарлар тасымалдаушы әіуе кемесінің Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы қонатын және туарларды түсіретін алғашқы әуежайы; Теңіз көлігімен өткізілетін тауарлар үшін ,- Қазақстан Республикасының кедендік аумағындағы алғашқы түсіру порты немесе қайта тиеу порты; Көліктің басқа түрлерімен өткізілетін тауарлар үшін - жүру жолындағы бірінші кеден органы; Құбыр тасымалымен және электр беру желілері бойынша өткізілетін тауарларүшін,- кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген коммерциялық есептеу аспаптары орнатылған жерлер тауарлармен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткзу пункті болып табылады. Кеден органдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы хабардар ету міндетіне келетін болсақ бұларға негізінен. Тасымалдаушы не тауарларды өткізуші тұлға өткізу пунктінде орналасқан кеден органының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы хабардар ету міндеті. Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өту туралы хабардар ету - бұл ҚР-ң кедендік шекарасының өткәізу пунктінде орналасқан кеден органына шекарадан өту фактісі туралы хабарлау. ҚР-ң кедендік шекарасынан өту кезінде кеден органының хабардар ету тауарларды, көлік құралдарын және оларға арналған тауарлардың ілеспе құжаттарды ҚР-ң кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде орналасқан кеден органына табыс ету арқылы жүргізіледі. Кеден органының лауазымды адамдары осы баптың үшінші тармағында көзделген құжаттардан бас тартуға құқылы емес Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік рәсімдеу операциялар: Негізгі кедендік рәсімдеу алдындағы және тыйым салынған тауарларды ҚР-ң кедендік аумағында өткізуге жол бермеу үшін жүзеге асырылатын іс әрекеттер ҚР-ң кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік рәсімдеу болып табылады. ҚР-ң кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде алдын ала кедендік рәсімдеу кедендік рәсімдеу кезінде орналасу кеден органдарымен келісілген тиеу-түсіру операцияларын жүргізу үшін арнайы бөлінген және жабдықталған орындауда тауарлармен және көлік құралдарымен тиеу - түсіру операцияларын жүзеге асыруда; тауарлармен және көлік құралдарымен тиеу - түсіру операцияларын жүзеге асырушы тұлғаның сұрауы бойынша тауарлар тиеу түсіру операцияларын жүзеге асыруға қажетті мерзім ішінде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай операцияларды жүргізу орындарында болуын жол беріледі. Бұл тауарларды сақтаудың жалпы мерзімі тауарларды уақытша сақтаудың осы Кодексте белгіленген мерзімінен аспауы керек. Бұл ретте тауарлар жоғалған не олар кеден органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берілген жағдайда , аталған тұлғалар кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жауапты болады. Тауарларды кедендік рәсімдеу үшін қажетті жағдайлар болған кезде ҚР-ң кедендік шекарасы арқылы өткізу пунктінде не осы Кодекске сәйкес басқа да кеден органдарында жүргізілуі мүмкін. Тауарларды , көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелі кеден орнына жеткізу. Тауарларды , көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды жеткізу Кеден Кодексінің 12- тарауында көзделген ішкі кедендік транзит рәсіміне сәйкес жүзеге асырылады. Тасымалдаушы тауарлады, көлік құралдарын және оларға арналған құжаттарды ,тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі табиғи тозуы немесе табиғи кемуі салдарынан өзгеруін қоспағанда, өзгермеген күйінде кеден органы белгілеген орынға және мерзімінде жеткізуге міндетті. Тауарлар мен көлік құралдарының межелі кеден органына жеткізілгендігі туралы хабардар ету. Тауарлар мен көлік құралдарының межелі кеден органына жеткізілген кезде тасымалдаушы немесе тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлға яғни оларға : жеткізуді бақылау құжаттарын ; көлік және коммерциялық құжаттарын: әкелінген тауарлар мен көлік құралдарын табыс ету арқылы тауарлардың жеткізілгендігі туралы хабардар етеді. Авария немесе ырық бермес күштің әсері кезінде қолданатын шараларды қолдану тәртібі авария немесе ырық бермес күштің әсері жағдайларына , сондай-ақ теңіз, ішкі су не әуе кемесі Қазақстан Республикасы аумағындағы мәжбүрлі түрде аялдама жасаса немесе қонса , тасымалдаушы тауарлар мен көлік құралдарының сақталуын қамтамасыз е,ту үшін барлық шараларды қролдануға және ең жақын кеден органына осы мән жайлар мен тауарлардың тұрған жері туралы дереу хабарлауға міндетті Оқиға туралы хабарлама алған кеден органы оқиғаның сипатына, тауар сапасын жоғалту дәрежесіне және көлік құралдарының техникалық жай-күйіне қарай кедендік бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды белгілейді. Тасымалдаушыларда кеден кодексінің талаптарын сақтауға байланысты туындаған шығыстарды кеден органдары өтемейді. Кеден тасымалдаушы меншік құқығымен немесе өзге де негіздерде көлік құралын иеленуші, ақы алып немесе жалдану арқылы тауарларды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсететін, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы бар және қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыруға кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын алған қазақстандық тұлға тасымалдаушы бола алады. Кедендік тасымалдаушының қызметі кедендік бақылаудағы тауарларды Кеден Кодексінде көзделген нормаларды сақтай отырып тасымалдау болып табылады. Кедендік тасымалдаушының тауарларды өткізуші тұлғамен қаиынастары шартпен реттеледі. Кедендік тасымалдаушының қызметіне қойылатын біліктілік талаптары. Қызметін кедендік тасымалдаушы ретінде жүзеге асыру үшінҚазақстандық тұлға мынадай біліктілік талаптарына сәйкес келуі керек: тауарларды тасымалдауға арнап тиісті уәкілетті орган тағайындаған тәртіппен берген лицензиясы болуға; Кеден Кодексінің 43- тарауында көзделген тәртіппен тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сомаға кедендік төлемдер және салықтар төлеуді қамтамасыз етуге, сонымен қатар 81- бабында белгіленген талаптарға сәйкес жабдықталған көлік құралдары болуға, кедендік бақылаудағы тасымалданатын тауарлардың есебін жүргізуді және олар бойынша есептілікті қамтамасыз етуге тиіс. Қызметіне кедендік тасымалдаушы ретінде лицензия беру тәртібі. Лицензия алу үшін көрсетілген талаптарды орындау қажет тұлғаның белгіленген нысан бойынша лицензия алуға өтініші тіркеу құжаттарының нотариаттықкуәландырылған көшірмелері;- лицензия беру үшін алым төленгендігін растайтын құжаттар; Кеден Кодексінің 63- бабында белгіленген талаптарға сәйкес қызмет аймағында өтініш беруші тіркелген кеден органының қорытындысы қажет. Өтінішті кеден іс мәселелері жөніндегі уәкілетті орган ол тіркелген күннен бастап он жұмыс күн ішінде қарайды. Тауарларды тасымалдауға арналған лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған, қайтарып алынған немесе тоқтатылған жағдайда тиісті уәкілетті мемлекеттік орган бұл туралы күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде кеден ісі мәселелері жөнінде уәкілетті органды хабардар етеді. Кеден ісі мәселелері жөнінде уәкілетті орган кедендік тасымалдаушылардың тізімін жүргізеді және оны баспасөз басылымдарына жариялауды жүзеге асырады.
2. ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезіндегі кедендік режимдері

Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салу; әкелу мен әкетуді шектеу; өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау, кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және басқару. Осы институттың мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді. Кеден режимдерін қолдану тәжірибесі оларды құқықтық реттеудің ерекшелігін айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап етуі мүмкін. Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне жалпы және тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Ресейдің кеден Кодексінің 24-бабы заңды актілердің қабылданғанына дейін бұл мәселелерді шешу құқығын атқарушы органдарға жүктеген. Кеден Кодексінің 8-бабында тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге, теңдей негізде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқықтан айырылмауына және әкелу мен әкету құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық-имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазақстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интелектуальды меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді. Ресейдің Кеден Кодексі Ресей Федерациясының халықаралық шарттары мен заңдары негізінде анықтаған басқа мүдделерді шектеуді дұрыс деп санады. Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі оларға мәлімделген кеден режиміне, сондай-ақ кеден рәсімдері мен кеден бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады. Тұлғаның кез-келген уақытта тауар мен көлік құрамының сипатына, санына, шыққан еліне қарамастан кез келген кеден режимін таңдауға немесе өзгертуге құқығы бар. Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден органымен белгіленеді, ал уақытты олардың жұмыс уақытымен анықталады. Ал басқа жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік құралдары мен туарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының келісімі арқылы жүзеге асады. Қазақстан Заңы мемлекеттік шекара мен кеден шекарасы ұғымыны ажырата түсті. Бұл мәселелер заңда бұрын басқаша қарастырылды, кеден шекарасы ұғымын мемлекеттік шекара ретінде қабылданды. Қазақстанда кеден тарифі іс жүзінде кеден төлемдерінің мөлшерін бекітетін қаулыларда қабылданған. Қазақстан Республикасының Кедендік тариф және төлем туралы Заңына сай Президент қаулысымен бекітілуі тиіс. Қазақстан Республикасының уақытша импорттық кеден тарифі кеден кодексінің 7-таруында жауап беретіндей кеден тарифі моделін ұсынып отыр. Кеден тарифі кеден төлемі алынатын тауарлар жүйесінен, төлемдер (олардың түрі бойынша) алынатын тауарлар атауларынан, нақты кеден төлемі мөлшерінен, пайдалануға және алып келуіне, шығаруға немесе транзиттеуге тыйым салынған тауарлардан тұратындықтан оны бір актімен бекіту қиындық туғызады. Халықаралық тәжірибеден кеден тарифінің екі түрі қарастырылады: қарапайым және күрделі. Қарапайым кеден тарифі тауардың шыққан еліне қарамастан әрбір тауарға тиіс бір мөлшерде кеден бажын бекітеді, мұнда кеден жеңілдіктері мен преференциялары қолданылмайды. Күрделі кеден тарифі тауардың шыққан еліне байланысты кеден бажының екі немесе одан да көп мөлшерін қарастырады. Соңғысынан айырмашылығы 17 кеден режимі анықталған еді сол кезде - ақ 15 режим бекітілген: тауарларды еркін айналысқа шығару; тауарларды кері импорттау; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда жасайтын дүкен; кеден аумағында тауарларды ұқсату, кеден бақылауымен тауарларды ұқсату; тауарларды уақытша әкелу және әкету; еркін кеден аймағы; еркін қойма; тауарларды кеден аймағынан тысқары жерде ұстау, тауарлар экспорты, тауарларды кері экспорты, тауарларды жою, мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту, еркін қойма,және арнайы кедендік режим.
Тауарларды еркін айналысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден аумағында қалуы немесе тұтынылуы үшін белгіленеді. Мұнда оларды әкету үшін ешқандай міндеттеме берімлейді. Осы көрсетілген режим бойынша тауарлар өткізу үшін кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық саясат шараларын және басқа шектеулерді сақтау, кеден рәсімдерін аяқтау қажет.
Тауарларды еркін айналысқа шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
- кеден төлемдері мен салығын төлеу;
- тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бақылау аймағындағы талаптарды сақтау;
- заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау;
- кеден рәсімдеуін аяқтау барысында.
Тауарлардың кері импорты кедендік режим ретінде экспорттық кедендік режиміне сәйкес кеден бажы мен салығы алынбай, сондай-ақ, тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетілген тауарды кері әкету мүмкіндігі үшін арналған.Заң бойынша кері импортталатын тауар әкетілген кезден бастап үш жыл ішінде кеден аумағына табиғи тозу мен кемуіне байланысты болған өзгерістерден басқа уақытта тауар әкетілген кездегі күйінде қайтарылуы тиіс. Ресей заңдылығы және Кеден заңдарының негізгі 10 жылдық мерзімді белгілеген. Кеден органдары кері импортты тұлғаға бұрын төлеген кеден төлемін қайтарып береді. Өз кезегінде тауарларды өткізуші тұлға экспортқа шығару кезінде төлемдер ретінде немесе өзге жеңілдіктер нәтижесінде алған сомаларын қайтарады. Осыф сомалардан басқа олардан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ресми пайыздық мөлшер бойынша үш жыл ішінде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарларды;
- дұрыс тасымалдау және сақтау жағдайларындағы табиғи тозуы мен шығынның болуы табиғи күштің немесе апаттың салдарынан тауарлардың бұзылуы, сапасының төмендеуі, сондай-ақ бұл тауарларға сақтап қалу мақсатында оның құнын өзгермейтіндей сол қалпында сақталған тауарларды; Табиғи тозу не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі тозуды анықтау сол тауарға қатысты стандартпен анықталады. Табиғи немесе апаттық күштер салдарынан өзгеріске ұшырау жағдайы, фактісі Қазақстан Республикасының шет елдегі консулдық мекемесімен құжаттай куәландырылып бекітілуге тиіс.
Әкету уақыты кедендік декларацияны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
Тауарлар транзитінде жауапкершілік тасымалдаушыға жүктеледі. Тауарлар жоғалған болса, кеден органдарының рұқсатынсыз берілген болса және заңда қарастырылған басқа да жағдайда кеден бажы мен салықтарын төлеуге тиісті. Мына жағдайларда тауарлар транзитіне рұқсат беріледі:
- көлік құралдарына қатысты жабдықтау талаптарын сақтаса;
- кедендік баж және салықтың төленуін қамтамасыз ететін өкілетті банктің кепілдігін алғанда немесе Қазақстан Республикасы кеденорнанының депозитіне қажетті ақыны төлеген жағдайда;
- кеденді алып жүру барысында. Қаулы бойынша Қазастан Республикасының халықаралық автомобильдік тасымалдау одағына сәйкес кепілдік ұсынды. Кеден қоймасының режимі әкелінген тауарларды кеден бажын, салығын алмай және экономикалық саясат шараларын қолданбай кеден бақылауы негізінде сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, салығын, экономикалық саясат шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанда дейін кеден бақылауы негізінде сақтау үшін арналған. Кеден қоймасы режиміне әкелу мен әкетуге тыйым салынбаған тауарлардың кез келгенін жатқызуға болады. Кеден қоймасы режиміне сәйкес тауарды сақтауға арналған кез келген арнайы белгіленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орынды анықтау операциясы жүргізіледі. 2003 жылғы 16 қазанда кеден комитетінің бұйрығымен кеден қоймасы туралы ереже бекітілді. Кеден қоймасы арқылы өтетін тауарларға байланысты декларантқа жүктеледі. Кеден қоймасына сақтауға тауарларды қойған тұлғаға декларантпен ортақ (солидарлы) жауапкершілік жүктеледі. Кедендік режимін өзгертпей тауарларды бір кедендік қоймадан екінші қоймаға тасу барысында, сақтау мерзімі тауарды кеден қоймасына алғашқы орналастырылған күнінен бастап есепке алынады. Отандық және шетелдік тұлғалардың өндірістік мүмкіндіктері кеден заңы рұқсат ететін тауарларды қайта өңдеу операцияларымен айтарлықтай толықтырылады. Оған мыналар жатады:
- сәйкестендіру өңдеудің басты шарты болған жағдайында;
- өңдеу өнімдерін әкелінген тауарларға сәйкестендіруге мүмкіндік беретін шетел тауарларының сөз белгілерін өңделген өнімдерінде сақтап қалатындай, бірақ өзіндік ерекшелігін жоғалтпайтындай тауарларды қайта өңдеуді қарастырады;
- әкелінген тауарлардың басты белгілерін сақтап отырып, құрастыру, жинақтау, лайықтауды қоса алғандағы тауарды қайта жасау, өңдеу;
- тауарды қалпына келтіру, жөндеу;
- өнімдерді өңдеу өндірісін жеңілдетуге көзделген, өңдеу процесінде толық немесе жартылай қолданылатын кейбір тауарларды пайдалану. Заң төлемдерден босататын жағдайды да қарастырады. Қажетті өңдеуден өткен тауарлардың еркін айналымға шығаруға болатындығын мәлімдеген жағдайда әкелінетін тауарға қойылатын кеден төлемі жүзеге асуы мүмкін, немесе тауар иесі бұл төлемнен ішінара босатылуы мүмкін. Заңда әкетілген тауар кеден төлемінен толық босатылған жағдайда, оны қалпына келтіру тегін жүргізілетіні және төлемнен тек жартылай босатылса ақыға жөнделетіні туралы айтылып кеткен (бұл жағдайда кеден төлемінің сомасы ұқсатылытын тауар құны мен оны жөндеуге кеткен шығын екеуінің жиынтығынан тұрады).
Тауарды уақытша әкету немесе әкелу режимі кеден аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе ішінара босата отырып және экономикалық саяса шекараларын қолданбай оларды пайдалану үшін арналған. Тауарды уақытша енгізу, әкелу және уақытша шығару, - әкелу (әкету) міндеттемені болған жағдайда; тауарларды идентификациялауды қамтамасыз еткен жағдайда; кеден төлемдерін, салығын төлеген жағдайда уақытша енгізген немесе шығарылған тауарларды кәсіпткерлік мақсатта қолданбаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін (Бұл талап кедендік төлем, салықтан толық босатылған, уақыттша енгізілген немесе уақытша шығарылған тауарларға байланысты қолданылмайды). Үкіметтің шешімі бойынша жүзеге асатын кеден төлемінен ішінара немесе толық босату жағдайы біршама қиындық туғызады. 2000 жылғы 22 шілдеде қабылдаған №827 Үкімет қаулысында ережесі бекітілген мемлекет шекарасынан тыс шикізатты өңдеу деп аталатын операцияларды өткізген уақытта көптеген заң бұзушылықтар кездесетін. Келесі кедендік режимдерге еркін кеден аймағы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz