Жеті атаға толмай қыз алып, қыз беріспеу салты


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Тарих-филология факультеті
Қазақстан тарихы кафедрасы
« Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
Қуаныш С. О.
«» 2015__ ж.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТАҚЫРЫБЫ : ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ТӘРБИЕСІ: ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ ЫРЫМ-САЛТТАР
Орындаған: Орынбаева Әсемгүл
Ғылыми жетекші: Ермағамбетова Ә. Ү
т. ғ. к., доцент
Норма бақылаушы: Жұматова Г. Г
Атырау, 2015
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ОТБАСЫ ТӘРБИЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР . . . 12
2 ҚОРШАҒАН ОРТА ЖӘНЕ ТҰРМЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР . . . 37
3 ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР . . . 60
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 73
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі . Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойлы-пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор. Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделікті тұрмыста үнемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқалармен қарым-қатынасы атаулының барлығы - салт-дәстүрлерден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасын қалыптастыратын тәрбие мектебі. Өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.
Әсіресе, «Өнер алды - қызыл тіл», «Жер астында жатқанды - қазбай қарап тіл табар» деп саналы сөзді сары алтыннан артық бағалаған халқымыз тілді тәрбиенің пәрменді құралы, ақыл-ойдың асыл қоймасы деп таныды. Қазақтың айтыс өлеңдерінде, терме-толғауларында, бесік жырларында, ертегі, аңыз-әңгімелерінде, мақал-мәтел, нақыл сөздерінде ел тағдыры, келер ұрпақ қамы, бас босиандығы, адамгершілік, ар-ождан мәселелері жан-жақты сөз болып, дидактикалық ақыл-өсиет, насихат түрінде айтылып, ол халықтың қыз ұзату, келін түсіру, шілдехана, баланы бесікке салу, өлікті жөнелту сияқты дәстүрлі жиындарында марапатталып келді. Сол арқылы көпшілік қауымға, әсіресе жастарға өнеге айту, тәлім-тәрбие беру көзделді.
Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр.
Өкінішке орай, ұзақ жалдар ұлттық салт-дәстүр атаулыны аяқ асты ету, ана тілі мен ұлт мәдениетіне менсінбей қарайтын мәңгүрттердің көбеюі, қала берді өлтіріп, тонап, бас еркінен айырылып, еңбек түзеу колонияларында отырғандардың көпшілігінің жастар арасынан шығуы ұлттық тәлім-тәрбиенің мектептер мен арнайы оқу орындарында пәрменді түрде жүргізілмеуінен туындаған сорақы, жат көріністер еді.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, жастарды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес.
Ұлт дегеніміз - адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады.
Ұлттың жан-күйі мен ұлттық мәдениет арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық мінез-құлық ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Ол жөнінде атақты композитор Н. А. Римский-Корсаков: «Музыка ұлттан тысқары өмір сүрмейді. Қандай да болмасын музыка мәдениетінің мазмұны жалпы адамзаттық болып келгенімен шығарған ән-күй музыкасы бүкіл адамзат мәдениетінің қорына қосылған, идеясы барлық ұлтқа ортақ интернационалдық мұра болғанымен, оның ұлттық жан-күйінің өзгешелігі сақталады» - дейді. Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, қызуқандылық ерекшелігі сол елдің музыка мәдениетінен қалай сезілсе, би өнерінен, қол өнерінен де сондай ашық, айқын сезіліп, көрініп тұрады. Біз ән, күйлерді тыңдай отырып немесе билерді, ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін көп қиналмай ажыратамыз.
Ұлттық жан-күй үйлесімі үш бөліктен тұрады: ол - ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез. Осы үш бірлік ұлттық мәдени ерешеліктің шартты белгілері болып табылады.
Ұлттық сезім дегеніміз - адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін білдіруі. Ұлттық сезім - адамды қоршаған ортаның (әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының) сол ұлт өкіліне тартқан ерекше сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты, адамның жеке басының қанағаттануына байланысты ой-қиял, әсер, түйсігінің сыртқа шыққан көрінісі, ол өзгелерге тіл арқылы жеткізіледі. Мысалы, «Елім-ай» әнін ести отырып, елінің басына түскен ауыртпалықты, шапқыншылықты елестетіп мұңаюы, немесе «Саржайлау», «Сарыарқа» күйлерін ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімінің оянуы табиғи заңды құбылыс. Сондай-ақ «Туған жер Волга өзеніне» арнаған орыс әнін, Кавказдың асау Терек өзеніне арнаған әні мен «Асся» биін тыңдап, көріп отырған ұлт өкілінің туған өлкесіне, өз ұлтының мәдениетіне деген асқақ сүйініш сезімінің ерекше бір түрі. Мысалы, ұзақ уақыт туған елден жырақ, жат жұртта жүріп, көпшілік ішінен өз ұлты өкілінің ана тілінде тіл қатуына елең етпейтін, іш тартпайтын азамат болмайды. Өйткені ана тілі - адамның ішкі сезімін басқаға жеткізуде көкейге тез оралатын, сезімнің сыртқа шығар көрінісін басқаға білдірудің күшті құралы. Ұлттық сезімнің әсерлі бояуы, нақышты ой айшықтары көркем сөз өнері, оның ең асылы - ауыз әдебиетінің өлең түрі арқылы сыртқа шығып, тыңдаушыға әсер етеді. Айталық, баланың тілі шыққаннан бастап, оның ой-сезімі бесік жыры арқылы қалыптасып, ойын өлеңдері арқылы қанына сіңген. Өйткені, ол жастайынан ауыз әдебиетінің асылдары: мақал-мәтел, өлең-жырларды, аңыз-ертегілерді жаттап, жадында сақтап азамат болып өскен. Ұлттық сезім ұлттық эстетика, әдеп, парасаттылық және күнделікті өмірдегі талғам мен сезімнің жиынтығы - көркем шығармалар арқылы көрініс береді. Ол - ұлттық сезімді оятуға әсер ететін күшті құрал. Жиын-тойда «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» жыры немесе ақындардың насихат термелері айтылып жатса, елең етпес - қазақ, немесе «Манас» жыры жырланып жатса, қаны қызбас қырғыз болмаса керек. Көркем сөз айшығына жан сезімімен елікпес адам болмайды. Табиғаттың нелер тамаша көріністері, адамның іс-әрекеті, бет-бейнесі көркем сөз өрнегі арқылы өріліп беріледі. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер де ұлттық сезімді оятуға себепші болады. Мысалы, домбыра тартып, өлең айтып, айтысып жатқан ақындардың өлең-жырларына, белдесіп жатқан балуандардың күресіне селқос қарайтын қазақ болмайды. Себебі домбырамен өлең айтып, жыр төгу - ұлттық дәстүр және ол сол ұлттың мақтанышы. Сондықтан да өлең-жыр әуені, домбыра сазы - ұлттық сезімді оятатын тәрбие құралы.
Халқымыздың ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан өте бай мәдениет және өнер салт-дәстүрлері көшпелі өмір салтына сай қалыптасты. Рухани мәдениет қай халықтың болмасын саналы өмір болмысының мәйегі, сан ғасырлық нәтижесі. Көшпелі өркениеттің өркен жайғанын білдіретін бірден-бір құбылыс. Қазақтардың рухани мәдениеті көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтына байланысты дәстүрлі ерекшеліктерді сақтап қалды. Осы орайда қазақ салт-дәстүрлері де халқымыздың қайталанбас болмыс-бітімін, ой-дүниетанымын білдіреді. Материалдық мәдениеттің дамуында, халқымыздың бай тарихи дәстүрі мен жергілікті салт-дәстүрі, эстетикалық талғамы мен әсемдік ерекшеліктері бой көтерді. Қазақтардың рухани мәдениетінің қалыптасуы қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық жан-күйімен де байланысты.
Жалпы, «дәстүрлі әдет-ғұрып мәдениеті», «күнделікті отбасылық әдет-ғұрыптар» тақырыбының қазіргі қазақстандық болмыста алатын орны ерекше. Кеңес жүйесінің ыдырауынан кейін соңғы 10-15 жыл ішінде пайда болған және бүгінгі күні де сақталып келетін белгілі бір идеологиялық тапшылық кезеңінде бұл тақырыпқа қызығушылық едәуір күшейді. «Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар» тақырыбы Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында өзекті және өмірлік маңызы бар мәселеге айналды, өйткені біздің күрделі және сан қилы заманымызда көптеген ауыл мен кала тұрғындары дәл осы «халық салт-дәстүрлерінен» рухани тірек тауып, өзінің тарихқа, негізгі қайнар көздерге қатысты екендігін сезіп отыр. Сонымен бірге біздің отандастарымыз түрлі әдет-ғұрыптардың мәні мен шығу төркінін ғана біліп қойғысы келмейді, олар үшін салт-дәстүрлердің прагматикалық мазмұны (өткізу барысы) да маңызды. Әсіресе бұл отбасылық әдет-ғұрыптарға, өмір кезеңдерінің салттарына - ең алдымен, нәрестенің дүниеге келуі, адамның үйленуі және өлікті жерлеу сияқты салт-дәстүрлерге байланысты. Бұл шараларды өткізген кезде жөн-жоралғыны білмей, салтты дәлме-дәл емес, «қысқартылған түрде», эклектикалық күйде орындаса, көптеген түсініксіз жайттар, даулы жағдайлар, шытырман оқиғалар, тіпті қақтығыстар да болып қалатыны көпшілікке мәлім. Осы түста этнограф мамандар халыққа салт-дәстүрлерді қолдану жөнінде нұскауларды берумен қатар (кеңес дәуірінде негізінен солай болған), олардың мәні мен терең мазмұны жөнінде материалдар ұсынып отырғаны жөн болар еді. Осындай жалпытанымдық бағдар беру - диплом жұмысыны маңызды міндеттерінің бірі.
Тақырыптың тарихнамасы жөнінде . XVIII ғ. ІІ-ші жартысы - XX ғ. басында түрлі ресейлік басылымдарда, баспасөзде казақтар туралы жарияланған көптеген этнографиялық, жалпы мәдени материалдардың еліміздегі бірқатар гуманитарлық ғылымдар үшін, әсіресе этнография - этнология үшін ғылыми-танымдық маңызы өте зор. Кейбір казіргі зерттеушілер бодандық кезең жарияланымдарының мән-маңызын бұрмаланған, үстірт, дәл емес, казақ болмысына сай келмейді деп төмендеткісі келеді. Мұнымен толықтай келісуге болмайды, өйткені аталған жарияланымдардағы Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша ақпараттың көлемі аса зор және өзіндік ерекшелігі бар. Әсіресе мамандардың арасында көбіне «әдеби дереккөз» деп аталатын осы материалдар ақпарат берушілердің (информаторлардың) мәліметтері - «далалық материалдармен» бірге Қазақстанның этнология ғылымы үшін өте маңызды. Олар бір-бірін толықтырады және көбіне-көп біріктірілген түрде сапалы, нағыз тарихи-этнографиялық зерттеуге негіз бола алады. Өз кезінде мұны төңкеріске дейінгі дереккөздер мен далалық материалдарды жақсы меңгеріп, ұлттың тарихи этнографиясы бойынша іргелі еңбекте жазған «соғыстан кейінгі кезеңнің қазақ этнографиялық мектебінің» өкілдері X. Арғынбаев, В. Востров, И. Захарова, Е. Масанов, М. Мұқанов [1] жақсы көрсете білді. Осы барынша қисынды әдістемені «екінші толқын этнографтары» да іліп алып, қолданды.
Алайда уақыт өте келе бұл әдістеме бұрынғыдай тиімді бола бермеді, өйткені ақпарат берушілердің, «этнофорлардың» саны едәуір азайды, этнографиялық болмыс» та елеулі өзгерістерге ұшырады. Сондықтан бүгінгі таңда этнограф, этнолог және мәдениеттанушылар үшін кең көлемдегі «төңкеріске дейінгі кезең» жарияланымдарының мәні сақталады, ал далалық зерттеулердің мүмкіндіктері, атап айтқанда, XX ғ. аяғы - XXI ғ. басындағы ақпарат берушілермен (информаторлармен) жұмыстың танымдық мүмкіндіктері едәуір шектелді, сонымен катар ауылдық жерде дәстүрлі мәдениет бойынша жиналған тарихи-этнографиялық материалдар жаппай ақпараттылығын біршама жоғалтты . Зерттеушінің белгілі бір кәсіби дайындығы болып, кешенді тұрғыда ізденіс жүргізілсе ғана, бұл бағытта елеулі нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан кейбір қазіргі қазақ этнографтарының көбіне шағын аумақтардан жиналған далалық материалдармен әуестенуі (көп жағдайда бұл зерттеушілер негізінен ресейлік авторлардың революцияға дейінгі жарияланымдарынан тұратын ертеректегі материалдарды елемей, олар туралы күні бұрын кесіп-пішілген теріс түсінікті ұстанады) ақпараттық өрісті тарылтып, ықшамдалған, «ауыл-аудандық этнографияның» дамуына әкеледі де жалпыэтникалық материалдың негізінде тиісті этнологиялық деңгейде кажетті жалпылама корытындылар жасауға мүмкіндік бермейді. Осы тұста бұрынғыша кол жетіңкіремейтін ертеректегі еңбектердің, соның ішінде қазақ тіліндегі аудармаларының да жариялануы ғылыми түрғыдан өте маңызды.
Қазақтар және қазақ даласы туралы түрлі деректер ресейлік басылымдар мен баспасөзде XVIII ғасырдың өзінде-ак, әсіресе 1768-74 жылдардағы Академиялық экспедициялардан бері П. С. Паллас, И. И. Лепехин, И. П. Фальк, Н. П. Рычков [2] біршама жүйелі тұрде басып шығарыла бастады. Біртіндеп Ресейдегі осы тақырыпқа жазылған жарияланымдар саны өсіп, әсіресе ХХ ғасырдың 2-ші жартысында казақтардың мәдениеті мен тұрмысының түрлі тұстарына байланысты «зерттеу» бағытындағы материалдар мен мақалалар саны көбейді. «Қырғыздар» мен «Қырғыз даласы» туралы сансыз көп және шашыранды материалдардың қарқынды түрде жинақталуы бірқатар зерттеушілерді А. Н. Харузин, А. Е. Алекторов, З. М. Пенкина, Фр. Шперк [3] осы тақырыпқа қатысты әдебиеттің библиографиялык, кей жағынан мазмұндалған көрсеткіштерін құрастыруға мәжбүр етті. Бұл тақырыптағы жұмыс Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында да жалғасын тапты Е. А. Вознесенская мен А. Б. Пиотровский, Н. Я. Виткинд, Г. Н. Дроздов [4] еңбектері соған дәлел. Сол басылымдардың кейбіреуін, мысалы, атап айтқанда, А. Е. Алекторовтың көптеген көлемді аннотациялары бар «Қазақтар туралы кітап, журнал және газет мақалаларының көрсеткішін» («Указатель книг, журнальных и газетных статей и заметок о киргазах») этнографиялық жарияланымдар «антологиясының» алтын тәжірибесі деп бағалауға болады.
Бұрынғы этнографиялық жарияланымдарды мақсатты түрде зерттеуде және оны ғылыми жұртшылыққа таныстыруда жоғарыда аталған соғыстан кейінгі кезеңдегі алғашқы қазақстандық кәсіби этнографтар тобы, соның ішінде Е. А. Масанов [5] зор рөл атқарды. Оның «КСРО-да қазақ халқы этнографиясын зерттеу тарихының очеркі» («Очерк истории этнографического изучения казахского народа в СССР». Алматы, 1966) деп аталатын тамаша еңбегінде этнографиялық материалдарды жинақтаудан басталып, белсенді жарияланымдық іс-әрекетке ұласқан және арнайы зерттеулердің пайда болуымен жалғасқан революцияға дейінгі Ресейде қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін зерттеудің даму тарихы аса тыңғылықты баяндалған. Дәл осы уақыттан (1950 -60 жж. ) қазақтар туралы революцияға дейінгі шыққан сан алуан жарияланымдардың ерекше құндылығы анықтала бастады. Алайда, өкінішке орай, оларға көпшілік жағдайда қол жеткізу қиын болғандықтан, олардың мазмұны, негізінен, шағын ғана зерттеушілер ортасына мәлім еді. Шынын айтсақ, бұл жағдай бүгінгі күнге дейін біршама сақталған, аталмыш материалдарды ғылыми түрде қайта басып шығару өзекті мәселесі әлі күнге дейін шешімін таба алмай отыр. Дегенмен, бұл бағытта істелініп жатқан жұмыстарды да жоққа шығаруға болмайды - кезінде Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсариннің көптомды еңбектері басылып шығарылды [6], ал 1990 жылдары төңкеріске дейінгі бірқатар маңызды еңбектерді қайта басып шығару ісі қолға алынды: мысалы, А. И. Левшин мен капитан И. Г. Андреевтың (тарихшы И. Ерофееваның бастамасы бойынша), И. Сиверс пен И. Фальктың [7] кітаптары жарық көрді. Жоғары оқу орындарының тарихшылары ескі этнографиялық жарияланымдарды қайта басып шығаруға талпыныс білдірді, алайда академиялық талаптар ескерілмей, көбіне жарияланған мате-риалдар үздік-создық, хрестоматия түрінде болды.
Қазақтар мен Қазақстан туралы төңкеріске дейінгі жарияланымдардың маңыздылырына және оларды қазақ тіліне аудару қажеттілігіне өз кезінде әдебиетшілердің де, фольклоршылардың да, тіл мамандарының да назар аударғанын атап өткен жөн. Бұл тұста К. Кереева-Қанафиеваның «Қазақстан туралы төңкеріске дейінгі орыс баспасөзі. Орыс-қазақ әдеби байланыстарының тарихынан» («Дореволюционная русская печать о Казахстане. Из истории русско-казахских литературных связей»), Ү. Субханбердинаның «Әдеби мұра. Революциядан бұрынғы мерзімді баспасез бетінде жарияланган көркем шығармалар» [8] атты еңбектері маңызды рөл атқарды. Кеңес дәуіріне дейінгі қазақ мерзімді баспасөз материалдарын жүйелі зерттеу, аудару және қайта басып шығаруда соңғы зерттеушінің сіңірген еңбегі айрықша: атап айтсақ, қазақ және орыс тілдеріндегі жарияланымдар қатар берілген «Дала уалаятының газетінен» алынған «әдеби үлгілердің» бірнеше томы басылып шығарылды. Бұл жиынтық жарияланымдардың этнографиялық маңызы аз емес екендігі даусыз, өйткені «Дала уалаятының газетінде», сондай-ақ басқа да төңкеріске дейінгі басылымдарда (мысалы, «Айқап», «Қазақ», т. б. ) [9] қазақтардың тұрмысы мен мәдениеті туралы біраз мақалалар басылған. Субханбердина мен басқа зерттеушілердің қазақ тілінде басып шығарған отбасылық әдет-ғұрыптар жөніндегі кейбір материалдары бұл жинаққа енгізілмеді.
«Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жарыққа шыққан «Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» деп аталатын жинақта көпшілікке белгісіз, тек мамандарға ғана таныс, кей жағдайда олардың да қол жеткізе алмайтын мысалы, А. Брем, Н. Калмаков, Ф. Лазаревский, Н. Сорокин, Д. Мухинның мақалалары мен материалдары жарияланған [10] . Әрине, жинаққа енген барлық мақалалар мен үзінділердің құндылығы бірдей емес, бірақ олардың барлығының, негізінде, өзіндік ерекшелігі бар, әрқайсысы белгілі бір ақпаратты қамтиды және тұтасымен алғанда XIX ғ. - XX ғ. басында өмір сүрген адамдардың өз көзімен көрген қазақ әдет-ғұрыптарының жиынтық көрінісін береді.
Н. Мамышевтың қарапайым емес, салтанатты қонақ күтуді сипаттаған «Қазақтардың қонақ күтуі» («Прием и угощение у киргизов») атты мақаласы, А. Влангалидың жерлеу салты мен бейіттер туралы жазған «1849 және 1851 жылдардагы қазақ даласының шығыс бөлігіне ұйымдастырылған геогностикалық сапар» («Геогностическая поездка в Восточную часть Киргизской степи в 1849 и 1851 годах») атты еңбегіндегі қызықты материал; «Енисей» және «Семей губерниясының ведомостерінде» («Енисейские . . . » және «Семипалатинские губернские ведомости») жарияланған шағын, бірақ өзіндік ерекшелігі бар «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» («Народные киргизские обычаи») деген материал, И. В. Аничковтың «1892 жылғы қазақ даласына сапар» («Поездка на киргизские поминки в 1892 году») деген танымал маңызды мақаласы, семинария оқушысы Ишмухамед Букиннің «Қазақтардың ақыл-ой және дене тәрбиесі» («Физическое и умственное воспитание у киргиз») [11] атты мақаласы енген.
Атап айтқанда, К. Воронцовтың «Шығыс Россияның қазіргі және ежелгі халықтарындағы жерлеу рәсімінің түрлері» («Формы погребения у совре-менных и древних народов Восточной России») немесе Жозеф Кастаньенің «Қазақ даласындары қабірүсті кұрылыстары» («Надгробные сооружения киргазских степей») [12] кітабындағы казақтардың жерлеу салты туралы мақалаларын айта кету қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz