Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е. А. БӨКЕТОВ атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Химия факультеті

Реферат

(Оқушылардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы)

Орындаған: ХО-11 тобының студенті Қамза М. Т.

Тексерген: Физиология кафедрасының аға оқытушысы Сарсембаева А. Ш.

Қарағанды-2020жыл

Жыныстық қабілеттің жетілу жылдары жасөспірім психикасы үшін өте ауыр кезең. Бұл кезде жастарда жаңа түйсік, жаңа тілектер пайда болады, намыс сезімі өсе түседі. Аңғармай айтылған немесе ретсіз айтылған бір ауыз сөзбен жасөспірімнің ойында тұрған арманы мен қуанышын оп- оңай бұзып жіберуге болады. Жыныс күтімі бала тәрбиесінің бір бөлігі болғандықтан, жыныстық қабілет жетіліп келе жатқан кезде жасөспіріммен айрықша әңгіме өткізу қажет. Мұндай әңгімені баланың көңіл-күйі жақсы кезде бастап, ата-анасына өнегелі түрде сөйлесу керек. Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн. Оған айтайын деген ақылыңызды бір әңгіме арасында, ыңғайын келтіріп айтуды күні бұрын жоспарлаған дұрыс. Баламен әңгімелескенде өсиет айтудың да, беталды ескертудің де, алдын-ала қорқытудың да қажеті жоқ. Мұндай кеңес жасы үлкен апасының сіңлісіне, ағасының інісіне айтқан ақылы тәрізді болуы тиіс.

Балаңызбен сырласу үшін оның да бір ыңғайлы жолын таба білгеніңіз жөн.
13-14 жасқа келген жасөспірім махаббат мәні, ер мен әйел арасындағы қарым-қатынас сияқты бірқатар мәселелерді байқайды. Жыныстық ұстамдылықтың көздейтін мақсаты - ерлі-зайыптылар арасындағы адалдық туралы түсінікті қалыптастыру. Отбасылы болудың түпкілікті екі мақсаты бар, ол бақытты өмір сүріп, бала тәрбиелеу! Сонымен, сайып келгенде, жыныстық ұстамдылықтың мәні де махаббат пен өзара құрметке бөленген бақытты отбасын құру боп шығады.

Өздері үлгі көрсетпесе, ата-ананың бос сөзі мен әңгімесінен еш пайда жоқ. Бала тәрбиесіндегі ең әсерлі фактор - ата-ананың бір-бірін сыйлауы, ынтымағы, сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қамқорлығы және кішіпейілдігі. Жас баланың ерік-күші мен ұялшақтық сезімі, яғни, ары - оның адамгершілігінің сенімді сақтаушысы. Ұялу балиғатқа толмаған жасөспірімнің жабайы түйсіктен тартынып, өзінің мінез құлқына дұрыс бағдар беруіне көмектеседі. Сондықтан, «ұят болады» деген ұғымды адамның жеке басының қадір-қасиеті ретінде баланың бойында сәби кезінен бастап мықтап қалыптастыру қажет. Қазақ «қызға қырық үйден тыйым, қала берді қара күңнен тыйым» дегенді бекер айтпаған.

Жастар арасындағы бір-бірін жақсы көрушілікті келемеж, қалжыңға айналдыруға, әсіресе алғашқы сезімді құбыжық етуге болмайды. Балаңызбен жай әңгімелесіп отырғанда қыз бен жігіт арасындағы қатынастың физиологиялық емес, моральдық жағына көбірек көңіл бөліңіз.

«Нағыз адал және жарасымды махаббат адамды парасатты етіп, оның рухын көтереді, күш-жігерін арттырып, қайратты, мейірімді, әсем етеді. Өнердің сирек кездесетін шығармалары, толып жатқан жаңалықтар мен ерліктер махаббат жолында жасалған. Махаббат уақыт сынағынан өтеді. Көбіне жас кездегі алғашқы сезім махаббат ретінде қабылданып кетеді. Ал, асығыстық танытып әбден жақындасып кетудің ақыры қатты өкінішке, оның аяғы ауыр қайғыға әкеп соғады». Балаңызға осыны айтыңыз. Баянды махаббаттың үлгісі ретінде өздеріңіз, оның ата-анасы қалай танысқаны, қалай отбасын құрғаны жөнінде әңгімелеп беріңіз.

Бейбастақтық, жеңіл жүріс фактілері жасөспірімдердің кездейсоқ кездесуінен, сандалып бос жүруінен, зерігуінен, бақылаусыздықтан, уақытты қалай болса солай текке өткізуден және арақ-шарап ішкен кездерінде болады.
Баланың кіммен кездесіп, кіммен достасып жүргенін біліп отырған жөн. Жасөспірім шақта бала ата-анасынан психологиялық тұрғыда ажырап, көп уақытын достарымен бірге өткізеді. Және бұл кезде онда еліктеу сезімі өте күшті. Ол қандай ортада болады, алкогольді ішімдік ішіп жүрген жоқ па? Қандай кітаптар оқиды, қандай сайттарда отырады, қандай телебағдарламалар көреді? Қандай фильмдерге барып жүр? Компьютер ойындарына, ойын автоматтарына әуес емес пе? Мұның бәрін бақылаудан тыс қалдырмаңыз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасөспірімдердің дамуындағы қарым-қатынастың алатын орны
Жасөспірімдерде психологиялық білімдерді қалып-тастыру мәселесі
ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ –ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің психологиялық дамуының теориялық сипаттары
Жасөспірімдердің акцентуациялық және психопатиялық мінез-құлықтарын диагностикалау
Жеткіншек жастағы балалардың психологиялық даму ерекшеліктері
Жасөспірімдердің мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болуы себептері
Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері
Жасөспірім кезеңіне психологиялық сипатама
Жасөспірімдер мен ересектердің қарым - қатынас психологиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz