Футбол ережелері
Шахмардан Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар мен инжиниринг университеті
Реферат
Тақырыбы: Ойыншылардың қозғалысы мен әдіс-тәсілдері
Орындаған: Зулхарнаина Жадыра ИЯ-18-1
Тексерген: Кенжегалиев Нурбек
Жоспары:
I.Кіріспе:
Әлемді бағындырған спорттық ойын - футбол
II.Негізгі бөлім:
а) Футбол ережелері
б) Ойыншылардың қозғалысы мен әдіс-тәсілдері
в) Футбол ойнаудағы дене дайындығы
III.Қорытынды
Кіріспе: Әлемді бағындырған спорттық ойын - футбол
Футболдың шығу тегі өте ерте кезеңге жатады. Ежелгі гректер доппен ойнауды аса үлкен құрмет тұтқаны соншалық, оны дене шынықтыру жаттығуларының жоспарына енгізген. Қазіргі заманғы футболдың ерте замандардағы ойындардың дәл қайсысынан шыққандығын дөп басып айтуға дәлел жоқ.
Футбол тарихы XII ғасырдан басталады. Алғаш рет Англияда дамыды. Саяхатшы Гастон де Фуа өз заманында футболды бар ынтасымен бақылап,Ағылшындар футболды ойын деп есептесе, онда төбелесті не дейді? деп жазып кеткен екен. Футболға қарсылық көрсеткендер болды. Мысалы, шіркеудегі діндарлар, феодалдар футболға тыйым салынуын талап еткен екен. Өйткені, бүгінгі күнге дейін футбол өте қауіпті ойын саналып келеді.1313 жылы белгілі феодал Эдуард II қала ішінде футбол ойнауға шектеу қойған. Тіпті, 1314 жылдың 13 ақпанында король Лондон қаласында футболға қарсы шаралар қолданған деседі. Футболдың алғаш 1863 ж. Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі. Бірақ Футболға ұқсас аяқдоп ойынының түрлері ежелгі Мысыр, Қытай, Грекия, Римде, ал онан кейінірек Франция мен Италияда дамыған. Кейін бұл спорт түрі біраз өзгерістерге ұшырап, футбол деген атаумен бізге жетті.
Футбол ағылшын тілінен аударғанда football. Foot - табан, ball - доп деген мағынаны береді. Футбол - командалық спорттық доп ойыны. Ойын ұзындығы 100-110 метр, ені 64-75 метр болатын алаңда өткізіледі. Биіктігі 2 метр 44 сантиметр, аралығы 7 метр 32 сантимерт қақпа жасалады. Қақпаның сыртына тор керіледі. Футбол добының салмағы 396-453 грамм, шеңбері 68-71 сантиметр. Ойынға әрқайсысында 11 ойыншыдан екі команда қатысады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойынның 10-15 минут үзілісі болады, бір ойын матч деп аталады. Бір ойын 45 минутқа созылып, екі кезеңде өтеді. Өз алаңында қақпашыдан басқа ойыншыларға допты қолмен ұстауға болмайды. Әр команданың қолданатын айла тәсілі әр түрлі болады. Футбол командасы жаттығуы кезінде әр түрлі әдічтерге машықтанады. Қазақстанда футбол сексиясы халықаралық футбол федерациясына мүше. Қазақстанда футюолдан әртүрлі кубок және біріншіліктер үшін жарыстар өткізіліп тұрады. Олимпиада ойындарына, турнирлерге қатысып келеді. Республикадағы Қайрат командасы жоғарғы орында. Қазақстанға футбол 1909-1910 жылдары келді.Әуелі Орал, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Семей, Петропавл қалалары жастарының ермегіне айналған өнер, бара-бара бұқаралық сипат алды.Қолда бар деректер бойынша алғаш команда құру 1911 жылдан басталған. Семейде М.Сайдашев, А.Кәрімов, Ю.Нығматулин, т.б. жергілікті қазақ және татар жастарынан тұратын "Жарыс" командасын құрып, көптеген өнерпаздар мен спортшылардың елге танылуына себепкер болды. Сол команданың құрамында ұлы жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезов жартылай қорғаушы болып ойнаған.1914 жылы семейліктер алғаш рет Томск қаласының политехникалық институты студенттерімен жолдастық кездесу өткізді.Бұл Қазақстан футболының кіндігі кесілген жыл болып есептеледі.
Негізгі бөлім: Футбол ережелері
Футбол ережелері -- футбол ойынының бекітілген ережелері. Бұл ережелер Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесі (ағылшынша IFAB -- International Football Association Board) тарапынан жазылып, ФИФАтарапынан жарияланады. Ережелер топтағы ойыншылар санын, ойын ұзақтығын, алаң мен доп өлшемдерін және басқа да көптеген ойын қырларын қамтиды. Алғаш рет ойын ережелерін Англия Футбол Федерациясы 1863 жылдың 7-ші желтоқсанында еңгізген болатын. Бұндағы ережелер өз негізін Кембридж университетінен алады. Қазіргі таңда, Халықаралық Футбол Федерацияларының Кеңесінде (IFAB) ойын ережелерін бекітерде Англия, Шотландия, Уелс және Солтүстік Ирландия футбол федерациялары бір-бір дауысқа иелік етсе, ФИФА 4 дауысқа ие. Ағымдағы ережелердің өзегі 1997 жылы қабылданып, содан бері тек мардымсыз өзгертулерге ұшыраған. Ережелердің соңғы редакциясы (2008 жылдың 1-шілдесі) 17 тармақтан тұрады.
1-ші ереже: Ойын алаңы
2-ші ереже: Доп
3-ші ереже: Ойыншылар саны
4-ші ереже: Ойыншылар киім-кешегі
5-ші ереже: Төреші
6-ші ереже: Төреші көмекшілері
7-ші ереже: Ойын ұзақтығы
8-ші ереже: Ойынның басталуы мен қайта жалғасуы
9-ші ереже: Ойындағы және ойыннан тыс-қы доп
10-ші ереже: Ойындағы есеп анықтамасы
11-ші ереже: Ойыннан тыс күйі
12-ші ереже: Ойыншылардың ереже бұзушылығы және тәртіпсіздігі
13-ші ереже: Айып және еркін соққы
14-ші ереже: 11-метрлік соққы
15-ші ереже: Допты лақтырып ойынға қосу
16-ші ереже: Қақпадан тебу
17-ші ереже: Бұрыштама добы
Футбол ойынының мақсаты - команданың допты қарсылас команданың қақпасына салу, соғу (гол) және өз қақпасына соққызбау негізгі міндеті. Ойын барысында көбірек доп салған команда ұтады. Егер де ойынның нәтижесінде екі команда да бірдей гол соқса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (15 минуттан екі тайм) беріліу мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса- ойыннан кейінгі пенальти жұптары өткізіледі. Пенальти - бұл қақпашы ғана қорғайтын, қарсыластың қақпасы бойынша 11 метр қашықтықтан тебу. Барлық бұзушылықтар - аяқпен шалу, қолмен ойнау және т,б еркін соққымен жазаланады, яғни қақпадан соққыны орындау алдында доп басқа ойыншыға пас етілу тиіс.
Футбол ойынының қауіпсіздік ережелері
- Ойын барысында даурығып айқайлауға болмайды
Ойыншы әріптесіне белгі беруіне болады
- Допты алып бара жатқан қарсыласты қуып жеткен жағдайда оның аяғын емес, допты тебу арқылы тартып алуға болады
- Жүгіріп бара жатқан қарсыласты артынан келіп итеріп жіберуге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, допты алып келе жатқан қарсыласпен бетпе-бет келгенде, тек допты ғана тебу керек
- Жоғарыдағы допқа таласқанда қапрсылас ойыншыны итеруге болмайды
- Қандай жағдайда болмасын, қақпашыға тиісуге болмайды
- Ойынға төрелік етушінің ескертпесін ойыншы мүлтіксіз орындауға тиісті
- Төрешінің берген белгісін (ысқырықты) естіген бетте ойынды тоқтату керек
- Футбол ойнайтын ойыншылардың саны алаңның кең тар екендігіне байланысты болады
- Ойынға киетін спорт киімдері ауа райына қарай өзгереді
Қазіргі таңда футболға деген жастардың қызығушылығы басым. Сондықтан мектептен бастап футбол ойынының қыр-сырын, ондағы ережелерін үйрету және жаттығу жұмыстарына баланы жан-жақты дайындау керектігі кез-келген дене тәрбиесі мұғалімдерінің көздеген мақсатының бірі екенін айта өткім келеді.
Ойыншылардың қозғалысы мен әдіс-тәсілдері
Өмір көрсеткендей ешқандай ойын, егерде жақсы ойыншылары болмаса нәтиже бермейді. Футболшы көптеген қажетті қасиеттерге ие болуы керек. Футболдағы әр ойыншы доп алып жүру, дәл пас, қақпаға допты тура бағыттай білуі керек. Осылармен бірге ол бүкіл ойын бойы түсетін ауыртпалыққа шыдай білуі керек. Футболда басты, маңызды ол ойыншылардың өз денесі мен допты игеруі.Міне осыларға байланысты ойыншы, егерде жарыстарда жақсы жетістіктерге жеткісі келсе, өзінің дайындығына басты назар аударуы керек. Ал осындай дайындық өзіне жоғары физикалық дайындықты, әр түрлі техникалық ойды қажет етеді. Осындай дайындықтың әр бір бөлігі бір бүтіндей болуы керек.Физикалық дайындық ол физикалық жұмыс жасау қабілеті немесе футболшының физикалық жағдайы немесе күш, ептілік, икемділік, жылдамдық және шыдамдылық секілді физикалық қасиеттердің жиынтығы.
Техника - дегеніміз ол ойын кезінде футболшының допқа және өз денесіне ие болуы.
Тактика - дегеніміз ол ойланылған, әр бір ойыншының және бүкіл команданың қозғалысы.
Егерде жас футболшы допқа ие болуды, тез жүгіруді және жоғары секіруді үйреніп алса, ол ойынды өзінің бес саусағындай біліп алады деп айтуға болмайды. Егерде футболшы алаңға есеппен қозғалса, өзінің қозғалысын, күшін және техникалық әдісін ойынның жағдайымен салыстыратын болса, онда оны жақсы ойыншы деп санауға болады. Сондықтан әр бір жас футболшы өзінің техникалық әдістерін үйрене бермей және физикалық қасиеттерін жақсарта бермеу керек, сонымен қатар ол ойынның тактикалық сырларын түсіну керек. Яғни дұрыс орын таңдап алу, мезгілінде әріптестеріне допты беру, қақпаға жақсылап доп соғу керек. Ең бастысы әр бір ойыншы ойынды жақсы оқу білу керек. Яғни ойын барысында әріптестерін және қарсыластарының ойларын байқап жүру керек. Футбол - ол ұжымдық ойын. Сондықтан әр бір ойыншы өзінің индивидуалдық қадамын ұжымдық және командалық тактикаға келістіре білуі керек. Тактика команданың доп жүргізу мәнін және әр бір ойыншының нақты міндетін белгілейді. Сол үшін әр бір ойыншы әр түрлі футбол жүйесі туралы білуі қажет және ол ойынның басты принциптарын қорғауда және шабуылда білуі керек. Футболшы алдағы және арттағы қатардағы ойыншылардың міндеттерін білуі керек. Қарсыласқа жүргізілетін күрестің әр бір әдісін тактика деп атауға болады. Мақсатпен құрылған тактика ойлаған нәтижеге жеткізеді, ал мақсатсыз тактика оған жеткізбейді.
Сонымен тактика дегеніміз - қарсыласпен күресе білу. Футбол ойынының тактикасы ол өте үлкен жетістікпен ойнау. Футбол тактикасының негізінде жатқан білім жиынтығы үлкен емес, әр ойыншыға қол жетерліктей. Басты мәселе осы білімді ойында жүзеге асыру. Футбол ойынының тактикасы ол команданың ойын мүмкіндігін толығымен пайдалану және ойынды қарсыластың жағдайына қарап келтіру. Бұл ойында нақты шабуылдау жүйесінде допты беру, ойыншылардың доппен, допсыз қозғалысында, қақпаға доп бағыттауында және қорғаныста да көрінеді, қозғалыстардың гол соғуынан айыру. Осыған байланысты команда қандай да тактикалық жүйеде ойнаса да олардың ойын жүйесі көп гол соғу және қарсыластарына гол соққызбау. Осыған орай команда ұйымдасқан түрде өзінің шабуылдаушыларына қарсыластар қақпасына гол соғуына мүмкіндік туғызуы керек. Ал қорғаныс тактикасы қарсыластарға гол соққызбау. Қақпаға гол соғу үшін шабуылдаушы әр түрлі ұрымтал тұстан табыла білуі керек. Бұндай кезде ойыншының ұрымтал тұсты таңдай білуі тұрақты емес, ол ондай кезеңде пас алғанда таба біледі. Ал қорғаушылар ондай оңаша, ашық тұрған ойыншыларды жабуға, олардың доп алып жүруіне мүмкіндік бермейді. Қарсыластар қақпасына доп жақындату техникасы ол соққы және доп алып жүру. Бір ойыншыдан екінші ойыншыға доп беру ол - пас, ал допты ашық алаңда алып жүру ол - доп қуу, ал допты қарсылас жанынан алып өту - алдау деп аталады. Футболдың қарапайым тактикасы соққы және жүгір деген бұрығы допты өз бетімен теуіп, ешкімге арналмаған пас беру келмеске кеткен футбол басынан өткерген дәуір. Қазіргі жаңа тактика негізінен пас беруде, ойыншылардың алаңда дұрыс қозғалысы, доп ала жүру және алдауына құрылған. Комбинацияда қолданылған шаблон нәтижеге жеткізбейді. Бір команданы жеңіске жеткізген тактика екінші бір командаға кері нәтиже береді. Бір командамен ойындағы тактика жеңіс әкелсе осы тактика келесі командамен ойында жеңіс әкелуі керек. Футбол - ойын, ал ойында өнер. Тактикалық комбинация ол жеке ойыншыдан да ұжымдық қасиеттерден және футболшылардың күш жұмсауынан құрылады. Комбинациялар ойынның өзінде оның қарсыластар командасына қарамастан құрылады. Осы ойын барысын бағдарламай комбинацияларды алдын ала ойлап алу мүмкін емес. Алайда осы жағдайларға қарап алдын ала ойланған тактикалық комбинациялар жүзеге аспайды деуге болмайды. Футбол жарысында ойыншы әр түрлі тактикалық әдістер мен шешуші комбинацияларды қолдана білу керек. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz