Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖАЗБА ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
0.1 Жазба жұмыстарының құрылымдық ерекшеліктері
0.2 Жазба жұмыстарын бағалау тәсілдері
1 3-4 СЫНЫП ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
0.1 3-4 сынып дәптерге қойылатын талаптар
0.2 Мұғалімнің жазба жұмыстарын тексеру тәртібі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Методиканы зерттеудің алғашқы жылдарынан бастап жазба жұмыстарына ерекше көңіл бөлініп келді. Себебі сауаттылықтың негізі жазба жұмыстарында жатқандықтан оған көңіл бөлмеу мүмкін де емес еді.
Жазу дағдысының психологиялық негізі мидың үлкен жарты шар қабығындағы анализатор ұштарының бір-бірімен күрделі байланысқа түсуі, екінші сигнал систамасының жинақталып, бір арнаға бағытталуы болып табылады. Жазу тілі көзбен қабылданады, қолмен іске асады. Ал ауызша сөйлеу, есіту- кинестезиялық нерв байланыстары арқылы өтеді.
Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.
Зерттеу өзектілігі. Жазба жұмысының барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.
Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті.
Оқушыларға сапалы білім беруде мұғалім олардың білім, білік және дағдыларын міндеттік деңгейге жеткізуі тиіс. Ал оны іске асыруда әрине бақылау жазба жұмыстары жүргізіледі.Бұл оқушылардың қаншама қандай деңгейде білім нәтижелерінің бар екенін айқындайды. Жүргізілетін жазба жұмыстары арқылы оқушылардың каллиграфиялық дағдыларын жетілдіруге және оқу бағдарламасында берілген тақырыптарды қаншалықты меңгергендіктері анықталады.
Зерттеу мақсаты: 3-4 сынып оқушыларына жазба жұмыстары бойынша қойылатын талаптарға сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Жазба жұмыстарының түрлерін сипаттау;
oo Олардың құрылымдық ерекшеліктерін анықтау;
oo Дәптерге қойылатын талаптарға сипаттама беру.
Зерттеу нысаны: жазба жұмыстары
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАЗБА ЖҰМЫСТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Оқушылардың жазба жұмыстары - мұғалімнің тапсырысы бойынша және мұғалімнің жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстың бір түрі.
Оқушының жазбаша тілін дамыту бастауыш сыныптан-ақ басталады.
Тілдік жаттығуларды жазбаша түрде орындау оқушының жазбаша тілін дамытудың алғашқы басқышы деуге болады.
Диктант түрлері жазбаша тілдің негізгі шартты белгісінің бірі болып саналады. Дегенмен оқушының тілін жазбаша түрде дамытуда мазмұндама мен шығарманың орны ерекше. Мазмұндама жаздыру- балаға білім беру ісінің ең күрделі, маңызды жұмыстарының бірі. Әдетте мазмұндама оқыған мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуден басталады да жазбаша мазмұндауға ауысады. Бұл оқушының сөйлеу тілі мен жазбаша тілін дамытады.
Мазмұндама арқылы балының өз ойын жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі арқылы көрінеді. Ол берілген мәтінге байланысты, оның негізінде орындалады.
Мазмұндама жүргізу мақсатына қарай:
1 Үйрету
2 бақылау
Мазмұндау тәсілі бойынша:
1 ауызша
2 жазбаша
Мәтінді жеткізу тәсілі бойынша:
1 қысқа мазмұндама
2 мәтінге жақын мазмұндама
3 шығармаға жақын мазмұндама болып түрленеді.
Қазақ тілі сабақтарында көбінесе ауызша мазмұндау жұмыстары басымырақ. Мәселен: берілген мәтіннің мазмұнын айтыңдар, сұрақтар бойынша мәтінді әңгімелеңдер.
Бақылау мазмұндама жылына 2-3 рет болуы мүмкін. Дайындық бірнеше сабақ бұрын немесе бір сабақ бұрын басталуы мүмкін. Мазмұндама жазбас бұрын бірнеше жұмыс жүргізіледі. Мысал үшін модуль бойынша жазылатын болса, модуль басталған күннен-ақ дайындық жұмыстар басталуы керек. Ал бақылау мазмұндаманы дайындықсыз, 2-3 рет оқылған соң оқушылар жаза бастайды. Мәтінге жақын мазмұндама - оқушы мәтін мазмұнын мәтіндегі ретімен жүйелі түрде толық жазады. Мәтіндегі оқиғалар мазмұндамада түгел қамтылады.
Бұл мазмұндаманы жазуда оқушы мәтіннің мазмұнын ауызша әңгімелеуде алған тәжірибесіне сүйенеді. Бұл мазмұндама түрін жинақтағы Бай баласы мен жарлы баласы мәтіні бойынша 7- сыныпта өткізуге болады.
Қысқа мазмұндама - мәтіннің негізгі мазмұны ғана жазылады, мазмұнды толықтыратын, кейбір мәселелерін түсіндіретін, анықтайтын бөліктері қысқа мазмұндамада жазылмайды. Қысқа мазмұндамада оқушының ой қорытындысы өз сөзімен жазылады. Қысқа мазмұндамамәтінге жақын мазмұндамаға қарағанда, ауырырақ болып саналады. Бұл мазмұндаманы жазу үшін, оқушының өз ойын қазақша білдіре алатын тәжірибесі болуы керек. Мәтіннің бір мәселесі бойынша мазмұндама жазудағы мұғалім оқушының назарын мәтіндегі негізгі мәселеге аударуды көздейді.
Мұнда мәтіндегі негізгі мәселені жақсы түсініп, ал ол туралы толық баяндау көзделеді. Мазмұндама мәтіндегі бір мәселенің мазмұнына байланысты түрде жүйелі баяндауды талап етеді. Жинақтағы Есеннің кірпісі мәтіні бойынша 8-сыныпта жазғызуға болады. Шығармаға жақын мазмұндама ішінара екіге бөлінеді: 1. Тапсырмасы бар мазмұндама- әр түрлі тапсырмалармен күрделенген мазмұндама түрі. Мәтінге жақын мазмұндаманың негізінде алынған, оқушылар мазмұндама жазуда портрет жазуға, оған мінездеме беруге, қорытынды жасауға, мазмұндаманы аяқтауға үйренеді. Қосымша тапсырма дегеніміз- мәтіннің қисынды басталуы, жалғасуы, аяқталуы, толықтырылуы. Бұл оқушыларды шығарма жазуға үйретеді.Мысалы, Тұмар патша мәтіні бойынша 9-сыныпта жүргізуге болады.2. Таңдамалы мазмұндама мақсаты мәтіннің бір бағытын, тақырыбын ашу. Мәтіннен керекті бір материалды алу, бұл мазмұндама мәтіннің қысқартылуын, өңдеуін қажет етеді.
Сондықтан да бұл шығармаға жақын мазмұндау түріне жатады.
Мазмұндама жазудың мақсаттары қандай?
1. бала білімін бақылау, білім деңгейін тексеру;
2. жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық білімдерін практикалық жұмыстарда қолдану;
3. ойлау еңбегіне, өз беттерімен ойларын жүйелі түрде жеткізуге, қорытынды жасай білуге дағдыландыру;
4. мәтінді оқығанда ынтамен тыңдауға, есте сақтауға бағыттау;
5. оқушының зейінін, ойын дамыту, оқушыны іс-әрекетке ұйымдастыру;
6. оқушыны есту арқылы өз ойларын жеткізуге дағдыландыру.
Мазмұндама жаздыруда мұғалім нені ескеру керек?
1. оқушының білім деңгейін;
2. дағдысын;
3. жас ерекшелігін;
4. оқушыны неге үйрету керектігін;
5. мазмұндама түрлерін;
6.қазақ тілді мектептер мен орыс мектептерінде мазмұндама талаптары екі түрлі екенін ескеру, айырмашылығы неде екенін айқындау.
Қандай дайындық жұмыстарын жүргізу керек?
1. тақырыпты дұрыс таңдау;
2. дайындық жұмыстарының түрін таңдау;
3. өткізу;
4. талдау, мониторинг жасау.
1. Тақырыпты таңдауда басты талап алынған мәтіннің оқушылар үшін білімдік, тәрбиелік мәні болу керек.
2. Сабаққа дайындық. Бұл жерде мұғалімге тақырып бойынша сұрақ-жауап жүргізуге болады. Мысалы Ана тілі тақырыбына 11- сынпта мазмұндама жазғызғанда, сабақтың барысында Ана тілі әнін тыңдатуға болады. Содан кейін Ән не туралы? деген сауалға оқушыларыңыз бірден Ана тілі туралы деп жауап береді. Үлкен сыныптарда оқушылардың өздері сабақтың мақсатын белгілеген жөн.
Тақырыптың тәрбиелік мәні туралы, авторы туралы сөз болады. Мұғалім оқушының назарын ұйымдастыру үшін мәтін туралы оларға қысқаша түсінік береді, мәтіннің мазмұнын түсінуге дайындайды. Кіріспе әңгіменің мазмұндама сапасына әсері үлкен.
Оқушылар мәтіннің ең басты сөздерін теріп жазады, екінші бағанаға етістіктерді жазғызасыздар. Содан кейін оқушыларыңыз екінші бағанадағы сөздермен және сөз тіркестерімен, сөйлем құрастырады.
Мұғалім сөздердің синонимдерін, антонимдерін, омонимдерін тауып, оны орынды қолдануға болатыны оқушыларға ескертеді.
Оқушыларға мазмұндаманың жоспарын жасату керек. Төменгі сыныптарда жоспарды мұғалім өзі ұсынады, кейін мұғалім көмегімен оқушы жоспарды жасайды, одан соң оқушылардың өздеріне жасату дұрыс. Оқушыларды жоспар жасауға үйретудің мәні өте зор, ол тақырыпты толық ашуға көмектеседі. Қазақ тілі мен әдебиетінің майталман маманы Құсаиын Айтқалиевтың жазба жұмыстарын жүргізу тәжірибесі
1.Қазақ тілінде ауызша тіл мен жазбаша тілде кейбір сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей бола бермейтінін оқушылардың есіне түсіру.
2. Үндестік заңын ескерту.
Тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, өлең шумақтарын қолдануға болады. Бұл мазмұндаманы бастауға немесе өз ойларын қорытуға, дәлелдеуге, жалпы тақырыпты ашуға қолдануға болады.
1.1 Жазба жұмыстарының құрылымдық ерекшеліктері
Қазақ тіл білімінің атасы - Ахмет Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: "Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады", - дейді. А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты.
Қ.Жұбановтың еңбектерінде қазіргі тіл біліміндегі терминдік атаулармен берілмесе де, мәтін мәселесіне қатысты пікірлердің болғандығы анық байқалады. Мәселен, Қ.Жұбанов мәтінді сөз деп атайды. Ғалымның мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданыстағы қызметіндегі ерекшеліктерінен туындаған болса керек. Мәтін қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсінген ғалым мәтіннің ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетіп, олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Бұл жөнінде Қ.Жұбанов: "Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін
де оның жасалу жолын білу - жазылатын сөзге ала-бөле қарау. Өйткені ауызекі сөйленетін сөздің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар, - деп, паралингвистикалық зерттеу нысанасы ым-ишара секілді кинестикалық амал-тәсілдерді т.б. атап көрсетеді де, ойын былайша сабақтайды:" - Жазулы сөзде бұл кеңшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады; қалай оқылса, солай түсініледі, немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. Сондықтан, әсіресе, жазылатын сөздің қалай құру тетігін білу өте қажет".
Бұдан біздер ғалымның мәтінді жүйелілік сипаты бар құбылыс деп түсінгендігін көреміз. Бұл көтерілген мәселелер сол кезде мәтін лингвистикасының ауқымында қарастырылмаса да, қазірдің өзінде тіл білімінің осы саласы үшін өзекті, әрі құнды.
Қазақ тіл білімінде мәтіннің тұлға-бірлігінен саналатын күрделі синтаксистік тұтастық туралы алғашқы пікір білдірген ғалымдар қатарында Т.Қордабаев пен Р.Сыздықоваларды атай аламыз. 60-70-жылдардың өзінде-ақ ғалымдарымыздың еңбектерінде күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды. Алайда, ғалымдардың пікірі бойынша, өздерінің екбектерінде бұл категория жан-жақты арнайы қарастырылмады. Әйтсе де, Р.Сыздықова "Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы" (1970) деген еңбегінде қазақ поэзиясында сөйлемдерді бір-бірімен байлан
ыстырып, топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс тіліндегімен сәйкесетінін және бірсыпырасы өзгеше, яғни қазақ тілі табиғатына сай келетіндігін айта келіп, олардың басты-бастыларын тізіп көрсетеді.
Ал 1974 жылы жарық көрген "Қазақ тілінің стилистикасы" оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: "Сонымен жазу - ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар)
әр жай, күйді білдіріп хабарлайды ".
Бұл ойдан жалпы лингвистика ғылымының зерттеу нысанынан саналатын мәтін - тіл жүйесін пайдалану арқылы қағаз бетіне түскен сөйлеудің бір түрі, яғни ол сөйлеудің хатқа түскен бейнесі түрінде анықталып отырғаны анық байқалады.
Н.Ж.Құрманова мен К.Мухлистің мәтіннің теориясы мен оны оқыту әдістемесіне арналған және теория мен әдістеменің синтездік түрі болып шығарылған оқу-әдістемелік құралы "Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі",- деген атпен 2000 жылы жарық көрді.
Мұнда авторлар 1-бөлімінде мәтіннің теориялық болмысын сипаттаса, 2-бөлімінде мәтіннің түрлі қырдан оқушыларға танылу әдістемесін сипаттайды. Оқушыларға лингвистикалық мазмұндағы мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын, танымдық мәтіндер мен жұмыс жасауды, ұлттық ойлауды қалыптастырудың жолдарын, шешендік мәтіндерді талдау жолдарын, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытуды, ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты, тіл ұстарту мақсатында мәтінді қолдану, жекелеген тіл бірліктерін оқыта отырып мәтінмен жұмыс жасау әдістерін, мәтіннің құрамындағы сөз, сөз тіркесі, сөйлемдердің өзара байланысу жолдарын таныту әдістерін, мәтінді жоспарлау, тақырып және мәтіннің байланысын таныту жолдарын кең көлемде сипаттаған, бұл еңбек - қазақ тілін оқыту әдістемесінде мәтінді танытуға арналған алғашқы туындылардың бірі деп санаймыз.
Мәтін өте күрделі табиғаты оған түрлі қырдан танылған түрлі анықтама берілуінен байқалады. З.Я.Тураева, Н.И.Жинкиннің тұжырымдамасы негізінде А.И.Новиковтың, М.М.Бахтиннің, И.Р.Гальпериннің, Б.Шалабаевтың, қырғыз мәтіндерінің қатысымдық құрылымын зерттеген С.Ж.Мусаевтың. Мәтінге берген анықтамаларын салыстыра талдай отырып, әр анықтамада мәтіннің бір қыры танылып жататынын көре аламыз.
Мәтін теориясын кең көлемде зерттеген И.Р.Гальперин өзара байланысып жататын мәтіннің мазмұндық (содержательные) және тұлғалық-құрылымдық категорияларын анықтап, олардың әрқайсысына сипаттама береді: хабар беру, мүшелену, мәтінішілік байланыс (когезия), континуум, диссконтинуум, ретроспекция (мезгілге, кеңістіке қатысты ұғымдар),модальділік, дербес мағыналық, тұтастық, аяқталғандық. Ғалым оларға нақты шек қоюды қажет деп есептемейді, өйткені "тұлғалық - құрылымдық категориясына мазмұндық сипат тән болса, ал мазмұндық категориясы құрылымдық тұлғалар арқылы көрініп отырады".
Мәтінді зерттеушілер оның тұлға - бірлігі ретінде бірнеше сөйлемдерден тұратын ірі тұтастықтарды көрсетеді. Түркологияда мәтін лингвистикасы мәселелері ішінен осы бағыттағы жұмыстарға көбірек көңіл бөлінді. Мәселен, Т.Қордабаев "Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі" оқу құралында: "Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің нысанасын құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады", - деген пікір білдіреді.
Ғалым бұл жерде күрделі синтаксистік бірлік пен құрмалас сөйлемдердің бірнеше сөйлемдерден тұрып күрделі ойды білдіруін басшылыққа алып отырса керек. Әрине, екеуі де бірнеше сөйлемдерден тұратынына ешкім де талас туғызбайды, бірақ олар тең дәрежедегі ұғымдар емес. Себебі бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемдердің қай түрі де күрделі синтаксистік бірліктің бір ғана құрамдас бөлшегі болып саналады.
Мәтіннің көлемі қандай, қанша сөйлемнен түзілуі тиіс деген сұраулар төңірегінде де зерттеушілер арасында бірізді пікір жоқ. Сол себепті де, мәтін атауы әр түрлі құрылымдық-мағыналық бірліктерге - дара сөйлемге де, мағыналық, интонациялық жағынан аяқталған сөйлемдердің тізбегіне де, тұтас шығармаға да (макромәтін), шығарма бөліктері мен үзінділеріне де (микромәтін), яғни "бір сөйлемнен бастап бірнеше томдық шығармаға дейін"(Л.Г.Фридман) қолданыла береді.
Әр түрлі тұлға-бірліктердің мәтін деп аталуы, зерттеушінің тұлға-бірлікті өзіндік байланысу жолдары мен тәсілдері бар, салыстырмалы түрде тұтас бір аяқталған мазмұнды білдіретін құбылыс ретінде қарастырудан туындауы да мүмкін. Сондай-ақ бір-екі немесе үш-төрт сөйлемдерден тұратын, өз алдына аяқталған дербес тұтас мәтін ретінде танылатын да сөйлеу туындылары бар. Олар: мақалдар, мәтелдер, жұмбақтар, жарнама мәтіндері т.б.
Тұжырымдай келгенде, оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқыту үшін, ең алдымен, олардың мәтін туралы білімін, түсінігін, мәтіннің құрылымдық ерекшелігі туралы біліктілігін қалыптастыру қажет.
Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда ғалымдардың пікірлері түрліше. Біреулер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп атаса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеу нәтижесін мәтінге жатқызады. Алайда, мәтіннің мүшеленуі (бөлшектенуі), мағыналық тұтастық және құрылымдық байланыс сияқты белгілерін барлық зерттеушілер мақұлдайды. Мәселен, Г.Смағұлова мәтіннің белгілі бір құрамнан тұратынын айта келіп: Мәтін - тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық - құрылымдық күрделі тұлға. Ол - логикалық, грамматикалық, байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі, - деп анықтайды.
Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар - мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік жағынан жан-жақты зерттеу әлі де кенжелеп келе жатқан өте маңызды мәселелердің бірі екенін мойындамасқа болмайды.
Мәтін - қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен істелетін жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту - оқушыға тіл бірліктерін функциональдық тұрғыдан танып-білуге, сол арқылы оқушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені, мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтін стильге қатысты да танылады. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеу әдістемесіне стилистикалық бағыттағы жаттығу жұмыстары да енеді.
Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лигвистикалық тұрғыдан танылуы қажет. Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді.
Сонда мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функциональдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6) сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі. Бұл аталғандарды таратып қарастырайық. Біріншісінде сөйлеудің ауызша және жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер - синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы нақпа-нақ келіңкіремейтін экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.
Жазбаша мәтінде оны құраушы бірліктердің арасындағы байланыстырушы элементтер айқын білініп, формалды көрсеткіштері мүмкіндігінше, толыққанды болуға, логикалық ой желісі үзілмей, сақталып отыруға, лексикалық құнарлылығы терең болып, басқа да тілдік формалардың мол болуына мүмкіндік беретіндей күйде жасалады.
Екінші белгіні қарастырайық. Қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.
Үшінші белгіні талдайық. Мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функциональды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіндік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек.
Төртінші белгі бойынша. Мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функциональдық стильдермен тығыз астасып жатады. Ондай байланыстылықты мынадай сызба арқылы көруге болады:
Функционалдық стильдер мен жанрлардың қатысы: Ғылыми стиль Оқу материалы мәтіндер; мақалалар, монографиялар (үзінділер), баяндамалар, хабарламалар, рефераттар, шолулар, аннотациялар
Ресми стиль Өтініш, мінездеме, түсініктеме қағаз, ресми құттықтау, хабарландыру, анкета (сауалнама), автобиография, ұсыныстар
Публицистикалық стиль Хроника, ақпарат хабар, мақалалар, комментарийлер, очерк, фельетон
Көркем стиль өлең, поэмалар, ертегі, әңгіме, повесть, роман (үзінді)
1.2 Жазба жұмыстарын бағалау тәсілдері
Бағалауды мұғалім ұйымдастырғанда, ол үрдіске оқушылар да қатысуы керек. Аталған жұмыстарды жазуды бастағанда оқушылар өзі үшін үш табыс критерийін жасайды. Осы бойынша оқушылар жұмысының қорытындысы жасалады. Оқушы өзін-өзі бағалайды, жұмыстың төменгі жағына смайликтер қойылады. Әлі де жақсарту үшін жұлдызша белгісі қойылады. Сөйтіп өзінінің жеткен жетістігін бағалауға мүмкіндік алады.
Бұл жұмыстың нәтижелігін эссе жазуда оқушылардың қолданған сөз орамдарынан, эсседегі ой қисынынан аңғаруға болады.
Оқыту мақсатына сәйкес оқушы өзінің табыс критерийлерін белгілей алады. Оқушылар табыс критерийлері арқылы өзін бағалайды.
Мысалы: сабақтың мақсаты - мәтіннің тақырыбы мен идеясын түсінуі; оқиғаны сипаттай алуы болса, оқушы үшін табыс критерийлері: 1. Мәтіннің тақырыбы мен идеясы туралы білемін; 2. Мәтін бойынша ашық сұрақтарды құрастыра аламын. Бұл - қарапайым үлгі.
Абай отыз сегізінші қара сөзінде: Ғылым-білімді, әуелі, бала өзі іздеп таппайды, басында зорлықпен яки алдаумен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша, бір бала ғылым-білімді қашан махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады деген ұлағатты пікір айтқан екен. Осылайша, эссе жазуға дайындық барысын біртіндеп ұйымдастыруға болады деген ойдамыз.
Диктантты бағалау төмендегі өлшемдерге негізделеді:
5 деген баға еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (10) немесе тыныс белгісінен жеңіл 1 қатесі бар (01) диктанттарға қойылады.
4 деген баға емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (15) диктанттарға қойылады.
3 деген баға емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (65) немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате бар (56) немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі бар (38) диктанттарға қойылады.
2 баға емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі бар (89) диктанттарға қойылады.
1 деген баға қате саны 2 деген бағаға көрсетілген мөлшерден асып кеткен диктантқа қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер бір қате бір қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, бір қатеге саналады. Бір ережеге жататын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz