САЕНТОЛОГИЯ ШІРКЕУІ ДОКТРИНАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
I САЕНТОЛОГИЯ ШІРКЕУІ ДОКТРИНАЛАРЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
8
1.1 Саентологияның пайда болуының қоғамдық-тарихи жағдайлары мен идеялық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8
1.2 Саентология шіркеуінің ұйымдық құрылымы мен дәстүрлі және
дәстүрлі емес практикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
20
II САЕНТОЛОГИЯ ШІРКЕУІНІҢ ӘЛЕМНІҢ ӘРТҮРЛІ
ЕЛДЕРІНДЕГІ ЛЕГИТИМДІЛІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ...
37
2.1 АҚШ пен Европадағы саентологияның легитимділік проблемалары ... ... .
37
2.2 Қазақстандағы діни жағдай және "Саентология шіркеуінің" хал-ахуалы ... .
52
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...
59

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыста Саентологияның пайда болуының қоғамдық-тарихи жағдайлары мен идеялық алғышарттарын, саентология шіркеуінің әлемнің әртүрлі елдеріндегі легетимділік проблемалары Қазақстан тұрғындарында саентология шіркеуі туралы қандай көзқарас қалыптасқаның білу. Саентология шіркеуінің Қазақстанның саяси-әлеуметтік тұрақтылығына қаншалықты әсері барын қарастырып; халық ұғымында дін мен секта ұғымын, оның қаншалықты тұрмысына кері әсері бары екені көрсетілді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. ХХ ғасырдың соңында Қазақстандағы қоғамдық -саяси қайта құрулар елде конфессионалдық жағдай туғызып, мемлекет пен діни бірлестіктердің қарым-қатынасына ықпал етті. Қоғамның демокартиялануы мемлекет пен діни білімнің қарым- қатынастарына әсер етіп, дәстүрлі дін мен культтік тәжірибелерінде өзгеріс әкелді.
Қарастылып отырған мәселенің қажеттілігі Қазақстандағы және Батыс Еуропа елдеріндегі соңғы жылдары жаңа діни қозғалыстардағы әлеуметтік ұстанымның қоғамға, мемлекеттің қауіпсіздігіне және адамның денсаулығына байланысты пікір-таластар нәтижесінде туындап отыр. Мұндай жағдайда нақты діни жаңа білімді кешенді түрде қоғам немесе мемлекет тарапынан түсіну қажеттілігі туындайды.
Тәуелсіз Қазақстанның Діни наным-сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңы 1992 жылы 15-қаңтарда қабылданды.Аталмыш заңға бүгінге дейін жеті мәрте өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Проблема туындатып отырған жағдай мынада: әрбір адамға ар-ұждан бостандығы мен дінге сенуге бостандықты қамтамасыз етуді міндетіне алып отырған Қазақстан республикасы қалайша қоғам мен оның азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады?
Қазақстандағы казіргі діни қал-ахуал күрделі, әрі сан-салалы. Кейбір деректер бойынша, 1989 жылғы 1- қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлестіктер болса, 2003 жылдың 1- қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істейді. Дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер енеді: 5- буддистік қауым, 24- индуистік, 12- кришнаиттік, 23- бахаи, 2- трансценденталдық медитация қауымы, ұлы бауырластықтың 2 қауымы,
6 - саентология шіркеуі қауымы, және т.б [1, 3 б.].
Казіргі кезде ресми деректерге сүйенсек, елімізде 46- конфессияға тиесілі 4000- ға жуық діни бірлестіктер легі төмендегідей: ислам-2369; православие-286; католиктік-83; иудейлік-28 ; протестанттық-1208; дәстүрлі емес және басқалары - 87. Ел аумағында шетел миссионерлерінің саны 370-ке жеткен. Діни бірлестіктер 40-қа жуық діни басылымдар шығарады [2, 104 б.].
Халықаралық саентология шіркеуі (ХСШ) өзінің 50 жылдан астам тарихында 129 елде 1811 ұйым құрды. ХСШ мәліметтері бойынша ХХ соңында 8 миллион адам саентологтар қатарына енді [3, 10 б.].
Германияда саентологтар шіркеуі психокультті және секталар қатарына жатқызылды . Ал Испания [4, 92-94 бб.] мен Францияда діни секта, Грецияда тоталитарлық ұйым [5, 16 б.] бұл мемлекетте жұмыс істеуіне тыйым салынған,ал Англияда коммерциялық ұйым қатарына еніп отыр [6, 153 б.].
Сонымен қатар АҚШ, Швеция, Австралия елдеріндегі саентология шіркеулері діни ұйым ретінде танылып, заңды түрде салық мәселесінде жеңілдіктерге ие.
Қазақстан және Батыс Еуропа елдеріндегі саентология шіркеудің культтік немесе культтік емес қызметі мемлекеттік ұйымдар, қоғамдық орындар, теологтар, ғалымдар мен құқықтанушылардың еңбектерінде бірнеше рет бағалануы кездесіп отыр. Әртүрлі пікірлерге сәйкес оның деструктивтік және тоталитарлық сипаты байқалады. Саентологтарға алдап-арбау, коммерциялық сипат, психикалық ауытқушылық, қаржылық заң бұзушылық, бұрынғы шіркеу адептерінің ізіне түсу және қоғам мен мемлекетке қауіп төндіреді деп айып тағылады.
Қазіргі күнде күрделі, әркелкі жаңа діни қозғалыстардың кешеніне бағыт алмас бұрын, жан - жақты ғылыми тұрғыда объективті талдауларды қолданып, адамдардың санасы мен қоғамға тигізетін кері ықпалын болжау қажет.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Діни білім, культтік және культтік емес саентология шіркеуі тәжірибесі пайда болғаннан бері қарай, әртүрлі саладағы ғалымдардың қызығушылығын тудырып отыр. Оларға Қазақстандағы, Ресейдегі және шет елдегі дінтанушы, философ, тарихшы, әлеуметтанушы, психологтар, заңгерлерді жатқызуға болады.
Саентология шіркеуі көбінесе әдебиеттерде тоталитарлық діни ұйым, секта, культтік немесе культтік емес тәжірибесі бар жаңа діни қозғалыс ретінде қарастырылады. Жоғарыда аталған діни жағдайды кейбір авторлар теріс бағаласа, ал кейбіреулері халықаралық құқық негізінде түсіндіруге тырысады.
Саентология тәжірибесіндегі культтік және культтік емес діни жүйені зерттеуде А.Л.Дворкиннің талдау жасауы барысында саентология шіркеуінің қызметі - ең бір мықты ұйымдардың бірі екендігі, қаржылық құрылысы бар өзінің идеологиялық қарсыластарына күш көрсете алатын үлкен тәжірибесі бар екені анықталды.Яғни,Дворкин бойынша Олар (саентологтар) ештеңені кешірмейді, ұмытпайды және қарсы сындардың үнін басуға қауқары бар. А.Л.Дворкин саентологтарды тоталитарлық, деструктивтік секталардың біріне жатқызып, оны секталар ішіндегі ең қорқыныштысы, - деп атап көрсетеді
Ресей Православ Шіркеуі бұл тоталитарлық сектаның христиан атын жамылған жалған дін екендігін айтады. Ресей Православ шіркеуінің Архиерейлік соборының Псевдохристиандық секталар, тәңіршілдік емес және оккультизм туралы (1994 ж.) атты анықтамасында саентология шіркеуінің халықтың тұрмыс салты мен ұлттық сана сезімге және мәдени бірлікке кері әсер ететіндігі туралы айтылады.
Тоталитарные секты - угроза ХХІ века атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның қорытынды құжаттары және Ириней Лионскийдің ақпараттық-сауалнамалық орталықтары саентология шіркеуін қазіргі замандағы ең бір қауіпті деструктивтік культке жатқызып отыр. [7, 10 б.].
Екатеринбург епархиясының Орыс православтық шіркеуінде жарық көретін "Православтық газетінде" жарияланған Что такое саентология? атты мақалада саентологияға жаңа тәсілдер арқылы алдап-арбау нәтижесінде тотальдық тәртіпке бағындыратын ірі финанстық корпорация ретінде анықтама беріліп отыр. Осы мақаланың авторлары Л.Рон Хаббарда діни оқулардың адамдардың санасын жаулап алуда оның жеке өміріне араласып, тұлғалық қасиеттерін басып тастауға мүмкіндігі барын жазды.
Простестант, теологтар Фредерик Р.Харм, Э.Грасс еңбектерінде саентология шіркеуі этникалық нормаларға жат, психологиялық, әлеуметтік, физиологиялық және рухани қауіпті культ болып қарастырылған. Г.Чернер, Г-Х.Дидрих, Г.Штриккер саентология шіркеуін психологиялық тұрығыда әдеп кері әсер етіп, уақыт өте келе сол ұйымға қаржылай мұқтаж ететінін көрсетіп терапивті-әлемдік көзқарас тобына сыныптайды. Ал Дж.Макдауэлл және Д.Стюарттардың еңбектерінде саентология - индуизм, буддизм және қазіргі заманғы психотехнологияның синкретизмінен туындаған, қолдан жасалған дін деп қорытынды жасалынады.
Ресейдің зайырлы зерттеушілері А.Алексеев, Н.В.Крывельский, С.А.Лукьянова, А.И.Хвылю-Олинтер, А.Тимошиндер саентология шіркеуін сыни тұрғыдан қарастырады. Бұл авторлардың еңбектерінде саентология Шіркеуі өз адептілерін адамдардың санасына бақылау арқылы енгізіп, әлемдік басқаруға ұмтылып отырған тоталитарлық, деструктивтік секта деп көрсетіледі.
Белгілі дәстүрлі емес діни қозғалыстарды зерттеуші Е.Г.Балагущкин саентологияның түгелдей құрылысын жалған ғылыми фантастиканың негізінде пайда болған фрейдтік психоанализ көрінісі ретінде баға береді. Оның пікірінше, саентология тұлғаның рухани-психологиясына әртүрлі тәсілдер мен техникалар арқылы мистикалық психотерпияның енгізілуі.
Америка философы, психолог және әлеуметтанушы Э.Фроммның Дианетика: искателям сфабрикованного счастья атты еңбегінде дианетикаға кері сипат берді. Э.Фроммның ойынша, Хаббардтың көзқарасынан фрейдизм мен гипнотизм кезеңіндегі регрессияның араласуының құр сөздерінен оригианалды нәрсе, белгілі шындық, жартылай шындық және белгілі өтіріктен өзге ешнәрсе табылмайды.
Саентологияның діни тұрғыда оқытылуы, ұйымдық құрылысын қарастыруда А.Баркер, А.Блэк, Д.Бекфорд атты зерттеушілер өзіндік және келесі публикацияларды діни оқуларды зерттейтін Л.Рон Хаббардтың дәстүрлі конфессиялар доктринасы негізінде салыстырмалы түрде қарайтын тобын құрайды. Олар: К.Флинн, Б.Уилсон, Р.Дерикбург, Д.Брайент, А.Фригерио, Ф.Савада. Бұл ғалымдар саентология Шіркеуінің дәстүрлі дінмен жалпы ортақ белгілері кездесетінін айтып отыр. Олардың пікірінше, саентология жаңа кезеңнің діні ретінде еніп, одан ертедегі діндерден өзіне қажетін алып, қоғамның эволюциялық түрде өзгеруіне әсерін тигізуде.
Қазақстан ғалымдары, оның ішінде А.И.Артемов: Саентология- не нәрсе болсада соқыр сенімге сүйеніп қабылдай салатын, қатаң қағидаға негізделген дін емес. Бұл- қолданбалы философия - деп атап көрсетеді. Бегілі саясаттанушы Ә.Ғали: Әлемдегі бірде-бір демократиялық ел өз аумағында бұлардың қызметіне рұқсат беріп отырған жоқ. Көршіміз Ресейде де заң арқылы олардың жолына тосқауыл қойылды. Олардың басты мақсаттары - мемлекетке саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан ықпал жасау. Қандай да бір қаржыға да қол жеткізу- басты ұстанымдарының бірі.-деп көрсетеді. Жоғарыда көрсетілген сипаттамаларға сүене келе аталмыш ағымның қоғаммыызға,келер ұрпаққа тигізер қауып қатері орасан.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Ғылыми еңбектің негізгі мақсаты:
● Қазақстан халқына Саентология шіркеуі туралы қандай көзқарас қалыптасқаның білу үшін саентология туралы барлық материалдарға толық шолу жасау;осы материалдар негізінде қорытындылар жасап, нақтылы мақалалардан үзінділер келтіру. Саентология шіркеуінің Қазақстанның саяси-әлеуметтік тұрақтылығына қаншалықты әсері барын қарастыру. Сынның негізінде халық ұғымында дін мен секта ұғымын, оның қаншалықты тұрмысына кері немесе оң әсері барын көрсету. Кез-келген жаңадан тәуелсіздік алып, аяғынан тұрып келе жатқан мемлекеттің болашаққа байыппен қарауы үшін әлеуметтік күш болып табылатын жастар мәдениетіне ықпалы қаншалықты деген сауалдарға жауап іздестіру. Алдыма қойған мақсатқа жету үшін келесі тұрған мәселелерді шешуге міндеттімін. Олар;
● Саентологияның пайда болуының қоғамдық-тарихи жағдайлары мен идеялық алғышарттарын білу;
● Саентология шіркеуінің ұйымдық құрылымы мен дәстүрлі және дәстүрлі емес практикасын анықтау;
● АҚШ пен Европадағы саентологияның легитимділік проблемалары;
● Қазақстандағы діни жағдай және "Саентология шіркеуінің" хал-ахуалы анықтау;
Зерттеудің нысаны мен пәні. Диплом жұмысының негізгі нысаны - саентология шіркеуінің тарихы және діни ілімінің ерекшеліктері. Солардың бірі - негізін ХХ ғ. 50-ші жылдардың ортасында американдық жазушы Лафейт Рон Хаббард қалаған діни ұйым.
Диплом жұмысының пәні - қоғамдағы болып жатқан Батыс және Шығыс мәдениеттерінің шатасып кетуі әсерлерінен халықтың діні мен діліне де мешеуліктің енгені қарастырылды.
Зерттеу жұмысының теориалық және практиқалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы саентология шіркеуінің тарихы мен іліміне ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зертеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында заңдылықтарға негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды. Саентология шіркеуінің ұйымдық құрылымы мен дәстүрлі және дәстүрлі емес практикасы жұмыстың қарастыратын негізгі мәселесі екендігін көрсетілді. Дәстүрлі емес діндердің пайда болу процесі, соның ішінде саентология шіркеуі қоғамның саяси және әлеуметтік саласындағы дағдарыстық құбылысы нәтижесінде пайда болғандығы ашып қөрсетілген.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттеріне сәйкес бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 60 б.
I САЕНТОЛОГИЯ ШІРКЕУІ ДОКТРИНАЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Саентологияның пайда болуының қоғамдық-тарихи жағдайлары мен идеялық алғышарттары.
Жаңа діни қозғалыстың пайда болуы мен таралуы Қазақстанға ғана тән құбылыс емес, ол жалпы әлемдік үрдіс болып отыр. Мұнда тарихи қалыптасқан діни жүйедегі идеялық дағдарыс, екінші жағынан қазіргі кездегі діни жүйеге үңдеу болып табылады.
Есептеу бойынша ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстандағы жаңа діни қозғалыстардың кең түрде таралу уақыты. Осы кезді зерттеушілер шығармашылық интеллигенция мен жастардың дін мен қоғамға біртіндеп көзқарасының өзгеруін көрсетіп отыр.
Анықтамалық әдебиетте Халықаралық Саентология Шіркеуінің (ХСШ) ізбасарларының саны 8 миллионға жетіп отыр. Бұл көрсеткішпен ХСШ сәйкес келгенмен, шіркеу берген ақпараттарда әлемнің жеке мемлекеттеріндегі ізбасарлардың саны көрсетілмейді.Анықтамалық әдебиеттерде ХСШ мәліметтері таралған мемлекеттері мен шіркеулерінің саны, өкілдіктері және әртүрлі ұйымдары, Л.Рон Хаббардтың қолдану технологиясы және миссияларымен ғана шектеліп келеді.
АҚШ үшін соғысқа дейінгі және кейінгі кезең (XX ғ. 30-50ж.ж.) ғылыми техникалық жағынан дамуда күшті қарқын алды. Ғылымның жетістігінің нәтижесінде автоматтандыру белең алып, қол жұмыстары машиналармен алмастырылды. АҚШ өндіріс орындары техникамен қаруланғаннан соң елде жұмыссыздықтың саны өсті. 1945 жылдан 1960 жылдар аралығында АҚШ бірнеше экономикалық дағдарыстан өтті: 1948-1949 жж., 1953-1954 жж., 1957-1958 жж. Мұндай дағдарыстар елдің ішінде әлеуметтік теке тірестерге алып келді. 1947 жылдан 1960 жыл аралығында жұмыссыздардың саны 2311 мың адамнан 3852 мың адамға дейін өсті. Кей жылдары (1945,1946,1949,1952 және т.б.) жұмысшы таптардың ереуілдері жиіледі.Осындай дағдарыс жылдарында американдықтар болашақтан қорқып, одан шығудын жолдарын діннен, діни ағымдардан іздей бастады.
Америкада жаңа діни құрылыстардың пайда болуына сол кездегі елдің ішкі саясаты да ықпал еткен еді. 60 жылдардағы қара нәсілділердің көтерілісіның ықпалынан жастардың қарсылығы және экстремизм, Вьетнамдағы эскалация (1964-1965 жж.), Демократиялық партиядан Президенттікке үміткер Роберт Кеннедидің (1925-1968 жж.) және қара нәсілділердің белгілі ұйымның көшбасшысы Нобел сыйлығының лауреаты Мартин Лютер Кингтің (1929-1968ж.ж.) өлтірілуі жаңа солшыл жастар ұйымының тууына алып келді. Жас экстремистер өздерінің революцияшылдығына қарамастан бұрынғыдан жақсы идеология құра алмады. Дәл осы жылдары жастар мен интеллигенция белсенді қоғамнан бас тартып, жалғыздық пен апатиядан құтқаруға уәде берген жаңа діндердің доктриналарынан одан шығу жолдарын іздейді. Халықтың соның ішінде жастардың бұрынғы дәстүрлі шіркеулерден бас тартуы, институттардың қатып қалған білімдері мен діни формалармен түсіндірілді. Консерватизм және дәстүрлі конфессиялар адамдардың рухани ізденісін қанағаттандыра алмады. Белгілі американ дін әлеуметтанушысы Дж.Милтон Ингер келесі қосымша пікір білдірді: Дін - қоғамның экономикалық және саяси процестерімен, отбасы типтерімен, техникамен, табиғатпен бірігіп әрекет ететін жүйенің бір бөлігі. Егер де бір бөлік өзгеріске ұшыраса, онда ол жүйенің басқа әлементтеріне түрліше әсер етеді.
Бұрыннан белгілі қорқыныш, жалғыздық дінге психологиялық жақсы қуат береді. Тез қарқынмен өскен психологиялық ауырлық қоғамның жаңа діндерге қарай бас сауғалауына жағдай қалыптастырды. 1957 жылы 30% американдықтарда 21 мен 39 жас арасындағы нервтік қорқынышысының дейгейі көтерілсе, ал 1978 жылы олардың саны 49% дан асып отыр.
Діни плюрализм, секулиризация және американ қоғамының дағдарысы тұлғаның рухани құтқарылуына кепілдік береміз деген діни-мистикалық қозғалыстар, дәстүрлі емес культтер, секталар, жаңа ғасырдың діндері кең етек алды.
Зерттеушілердің пікірі бойынша, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ-та жаңа діни топтардың саны 500-ден 600-ге дейін көбейген. Олардың көпшілігінде дәстүрлі діндердің нормасына ұқсас діни білім және салттық тәжірибесі орын алды. Р.Старк және В.Бейнбридждердің зерттеулерінде 1985 жылы АҚШ та шамамен 417 секта және 501 культтік қозғалыстар орын алған. Орта есеппен 7 миллион американдықтар немесе елдің 3% жаңа діндерге қарай тартылған. 60 жылдары АҚШ-та пайда болған дәстүрлі емес діни қозғалыстардың ішінде Саентология Шіркеулеріде болды.
Сонымен АҚШ-та 40-70 жылдары пайда болған жаңа діни жүйелер мен саентология шіркеулері американ қоғамының саяси және әлеуметтік жағдайымен тікелей байланысты болып отыр. Осы процестің негізінде екі бағыт өз қызығушылығын қанағаттандырды. Біріншісі - конституциялық және заңдық құқықтардың негізінде мемлекет қоғамда жалпы діни жағдай туғызу арқылы азаматтардың әлеуметтік сұраныстарын басып тастауды көздесе, екіншісі - дәстүрлі діндерден көңілдері қалған және жаңа дін арқылы өздерінің жер бетіндегі мәселелеріне көмек бере алатын дін іздеген американ азаматтары болды.
ХХ ғасырдың ортасында американдықтардың діни сауалдарына жауапты және өмірде сәтті болудың формуласын саентологиядан іздестірді. ХХ ғасырдағы американ прагматизмі мен рационализмы саентология жұмысында орын алды.
Жарық көрген ақпараттарда келесі мәліметтер беріледі. Саентологиялық ұйымдары бар мемлекеттер саны: 1950 ж. - 1; 1960 ж. - 8; 1980 ж. - 52; 1990 ж. - 70; 1997 ж. - 129. Шіркеулердің саны мен шіркеумен байланысы бар ұжымдар 1950 ж. - 5 жетсе, 1960 ж. - 11, 1970 ж. - 118, 1980 ж. - 328, 1990 ж. - 832, 1997 ж. - 1811 жетіп отыр. Ақпарат бойынша тек 54 мемлекетте ғана саентологиялық ұйымдар жөнінде нақты мәлімет келтіріледі. Арифметикалық есептеу арқылы осы елдерде 370 шіркеу мен әртүрлі ұйымдардың миссиялары орын алуда. Соның нәтижесінде аталған елдерде саентологиялық ұйымдардың саны 60%-тен асса, ал миссиялар мен шіркеулердің саны 80%-дан өсіп отыр. Зерттеулерден ең көп саентологтар шоғырланған ұйымдар елдері АҚШ пен Ресей алынып отыр. Олардың саны АҚШ пен Ресей Федерациясында 1997 жылы - 116 және 41 ұйымға жетіп отыр.
Көптеген саентолог зерттеушілері өз жұмыстарында шіркеулерге келетіндердің саны туралы мәлімет бермейді және ұйымдардың санын әлемдік байланыста ғана жалпы сипаттама береді. Бұл зерттеушілердің саентологтармен берілген ақпараттың дұрыстығына сене бермейтіндігін көрсетеді. П.И.Пучков және О.Е.Казьмина Религии современного мира атты еңбектерінде саентолгтардың саны асыра сілтелген деген мәлімет береді. Жастарды жалған діннен құтқару Комитетінде осындай пікірді ұстануда. Кейбір деректер әлемдік қауымдастықта саентология Шіркеуіне келушілердің саны 270 біріккен шіркеулер мен миссияларда 100-400 мың адамнан аспайды.
Германиядағы саентологтардың саны 30 мың адамды құрап отыр [8, 56 б.].Ұлыбританияда саентология Шіркеуінің жолындағы адамдардың саны 1970 жылы 10 мың адамды құраса, ал 1999 жылы - 50 мың [9, 177 б.] Францияда 2 ден 10 мың адамға дейін жетсе, Австрияда 8 мың Ресейде - 100 мың адамға дейін жетті. Егерде орта есеппен саентология жолындағы адамдардың саны бір елде 38 мың адам болса, жалпы әлемде 2 миллион адамға жетеді.
Халықаралық Саентология Шіркеуінің ақпаратына сүйенетін болсақ, шіркеулер мен діни ұйымдардың саны 1811, ал әлемде саентологтардың саны 2,9 миллионға жетеді. Жалпы әлемдегі саенттологтардың саны күрт көбейіп отыр.
Саентологтардың көшбасшыларының сенімі бойынша, қазіргі күндегі даму қарқынымен алдағы он жылда саентологи Шіркеуі әрбір елде ашық түрде өз тәжірибесін жүргізеді. Сонымен қатар қазіргі қалыптасқан діни жағдай американ ХСШ -ның көңілінен шығып отырған жоқ. 2001 жылғы Орталық діни технологиялардың төрағасы Д.Мацкевичтің басқаруымен Арнайы саентологтар үшін жолдауда саентологтардың қызметіне бағыт беріп: Қазіргі танда бізде шынымен үлкен ұйымдар бар.Дегенмен біз оларды кеңейту керекпіз.Бізге дамыған кезде ғана үлкен шіркеулерді салып, олардың қызметкерлердің саны ұлғаяды.10000 мисссия мен 1000 ұйымды V- дәрежелі ...
Қазақстанда және ТМД елдерінде алдағы жыдары екі жүздей дианетика Шіркеуілерін ашу мақсаты тұр. Шіркеу қызметкерлерінен белсенді саентологтарға алдыңғы қатарлы саентология Шіркеулерінде (Данияда) оқуға мүмкіндік және ақшалай қолдаулар жасалған.
Р.Старк және В.Бейнбридждің жарық көрген еңбектерінде 1985 жылы батыс еуропалық мемлекеттердің территориясында 14 саентология Шіркеуі жұмыс атқарды [10, 14 б.]. 1998 жылы тек Шіркеулердің саны ғана АҚШ - та 40; Канадада -8; Германияда -8; Данияда -3; Ұлыбританияда -7; Испанияда -2; Италияда -11; Австрияда -6; Францияда -5; Швецияда -5; Швейцарияда -5; Бельгияда -1 және Нидерландыда - 1 жетті.
ХСШ ның мәліметтері бойынша, 1970 жылдан 1997 жыл аралығында шіркеулер мен миссия орындаушылардың штатты қызметкерлерінің саны 2,5 мыңнан 11,3 мыңға дейін өсіп отыр. Ал 1997 жылдың соңына қарай алғашқы саентологтардың көмегін адамдардың саны жарты миллионға таяды. Соңғы үш оңжылдықта одитингтердің келушілерге беретін сағаттарының саны төрт есеге дейін өсті [11, 453 б.].
ХСШ өз ықпалын тарату барысында миссионерлік, үгіттеушілік қызметтерді, байланыс технологияларды, бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен қолдануда. Бұл ақпараттар төмендегі мәліметтермен анықталып отыр. ХСШ ның соңғы 5 жылдағы Интернет мәліметтерін қолдану көлемі 5 есеге дейін өсіп отыр. 1997 жылы Л.Рон Хабарданың сатылған еңбектерінің саны 62 миллион дананы құрады. Auditor журналының тиражы 2 миллион 210 мың дана, Source журналы 394,2, International Scientology News, Freewinds, Cause мерзімді басылымдары -6 миллион 630 мың данаға жетті [12, 14 б.].Халықаралық саентология шіркеуінде екі баспахана, киностудия және дыбысжазу студиясы бар.
Ресей Федерациясында Свобода(330мың.дана), Хорошие новости(100мың.дана), Права на свободу(100мың.дана), Будущее России, Добровольный священник,Халықаралық Саентологияның Отитор атты газеттері жарық көреді.
Саентология Шіркеуінің пайда болу тарихын, оның негізін салушы Лафайет Рон Хаббардамен бөліп алып қарауға болмайды. Саентологтарды көбіне Рон деп атап, негізін салушы есімінің бас әріптерімен ЛРХ деп атау орын алған. Саентологтармен жарық көретін мақала, кітаптарда Л.Рон Хаббарданың суреті салынып, өз кезегінде белгілі философ, жазушы, саяхаттанушы, режиссер және гуманист ретінде бейнелейді. Саентологтармен Л.Рон Хабарданы ұлықтауы оны шексіз мүмкіндігі бар абсолют ретінде қарастырып, оның жолы рухани жаңару мен шығармашылық жол деп нақтылай түседі.
Лафайет Рон Хаббарда 13 наурыз 1911 жылы Небраска штаты Тильден қаласы, Ледор Мэй Хаббарда мен теңіз офицері Гарри Россаның отбасында дүниеге келді. Л.Рон Хаббарданың биографиясына арналған кітаптар жарық көріп, көптеген саентологтармен мойындалады.
Саентологтар Хаббардаға керемет қабілеттер береді. Мысалы, саентологтардың жазбаларында жолаушылар әуежолдары пайда болғанына дейін Л.Рон Хаббарда төрт миллион мильдан аса ауқымды территориядан өту мәселесі орын алады [13, 32 б.]. Жиырма екі жасынан бастап ол әдебиеттегі мансабын бастайды. Саентологтармен шыққан еңбектерде Л.Рон Хаббарданың туындыларында әдебиеттің барлық жанрлары орын алған. 1934 жылдан 1950 жыл аралығында ол 200 ден аса романдар, әңгімелер мен фильмдерге сценарийлерге жазып қалдырған. 76 ғылыми фантастикалық романдардың он бірі бестселлер қатарында саналады. Оның өмірбаянын оқи отырып, Хаббарданың жастайынан қызығушылығы адамның ой санасын зерттеу болып табылады. Өз зерттеулерін Хаббарда ядролық физика курсымен айналысқан Дж.Вашингтон атындағы университетте айналысады. Сонымен қатар Екінші дүниежүзілік соғыста Л.Рон Хаббарда корветтер тобымен басқарып, көптеген әскери марапаттауларға ие болған. 1945 жылы ол жарақат алып, көзінен айырылады, алайда емделуде өзінің технологиясын қолданып, денсаулығын қайтарып алады.
Сонымен бірге Л.Рон Хаббардтың өмірінен саентологтар енгізген өзге мәліметтерді кездестіруге болады. Мысалы, Лондон Жоғары сотының үкімі бойынша, саентологтар берген биографиялық мәліметтер жалған. Атап айтар болсақ Екінші дүниежүзілік соғыс барысындағы марапаттаулар, Дж.Вашингтон атындағы университеттің философия ғылымдарының докторы атағының берілуі сияқты мәліметтердің келтірілуі. Осы Лондон Жоғары соты Л.Рон Хаббардтты шарлатан деп атады. Хаббардттың ұлының өзі де осындай жағымсыз мәліметтер берген. Оның айтуынша Л.Рон Хаббард өзінің ғылыми ашуларын есірткінің ықпалымен жазған және басқа еңбектері ХХ ғасырдағы белгілі сатанист Алистер Кроулидің жазбаларының көшірмесі болып табылады, [14, 42 б.].
Сонымен қатар Л.Рон Хаббардтың дін қалыптастыруы арнайы бір жоспарланған іс шара болып табылады. Бұл төмендегі оймен нақтыланады. Яғни, Times атты журналда 1949 жылы Нью-Джерси қаласында өткен фантаст жазушыларының сьезінде Л.Рон Хаббард: Бір пенс алу үшін жазумен шұғылдану дегеніміз күлкілі нәрсе. Егер де адам шын мәнінде миллион доллар тапқысы келсе, онда оның жолы- жаңа дін ойлап тап - деп айтқан болатын, [15, 12 б].
Саентология Шіркеуінің арқасында төрт жыл ішінде Л.Рон Хаббард өте бай адамға айналды. 1959 жылы ол Англиядан үлкен үй сатып алып, өзінің штаб пәтеріне айналдырды. 1977 жылы Голливудтағы алты ғимарат үшін Хаббард 5,5 млн. доллар төлеген болатын. Кейін ол қонақ үй және Клиуотереде (Флорида) алты ғимаратқа ие болды. 1983 жылы саентология Шіркеуінің жеке меншігі 280 млн. Долларға дейін жетті.
Зерттеу барысында Л.Рон Хаббард адамнан тыс қабілеті бар культтік көшбасшы ретінде танылды. Өзімен бір сенімдегі адамдарының арасында жоғары беделге ие болды. Л.Рон Хаббардтпен жасалынған дәстүр өте жоғары құрметтеледі. Оның өміріндегі маңызды күндер шіркеу мейрамдарымен тығыз байланысты: 13-наурыз - Л.Рон Хаббарданың туылған күні, 9 -мамыр - Дианетика кітабының жарық көрген күні, 7- қазан - одитор және Халықаралық саентологтар ассоциациясының құрылған күні.
Л.Рон Хаббардтың зерттеу және діни қызметінің соңы ХХ ғасырдың 90-шы жылдарымен тұспа-тұс келеді. 24- қаңтар 1986 жылы дианетика мен саентологияның негізін салушы өмірден өтсе де, саентологтардың пікірінше, оның өмірі о дүниеде де өз орын табады деп есептейді.
Сонымен дәстүрлі емес діндердің пайда болу процесі, соның ішінде саентология Шіркеуі қоғамның саяси және әлеуметтік саласындағы дағдарыстық құбылысымен тікелей байланысты. Саентология Шіркеуі дер кезінде азаматтардың рухани көңіл- күйін меңгеріп, жаңа діни доктриналар жасауға жол таба білді. Л.Рон Хаббардтың діни оқулары адамның санасы мен сезіміне ықпал етіп, әлеуметтік психологиялық жағымсыз құбылыстарды жоюға үміт береді. Өмірде жетістікке жетуге ұмтылған адамдар саентологияның мифтік дамуына барынша сенім білдіреді. Л.Рон Хаббардт қазіргі заманның менталитетін өзінің діни мифологиясымен байланыстыра білді.
Л.Рон Хаббардтың доктринасы адамдардың назарын аударуда өте жоғары бағаланады. Ол жұмыссыздарға - жұмыс, студенттерге - жұмыс пен сабақта табыс, өндіріс басшыларына - қаржылық табыс, ауруларға - денсаулық, сенушілерге - рухани қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үміт береді. Л.Рон Хаббардтың менеджерлік қабілеттері оған үлкен діни және діни емес торабын қалыптастыруға мүмкіндік беріп, саентология Шіркеуін әлемдегі ең бір ірі, бай діни ұйымға айналдыра білді.
Саентологияның әйгілі ізбасарларының қатарында Боб Адамс, Анн Арчер, Дженнифер Аспен, Линдси Бартилсон, Карен Блэк, Кэтрин Белл, Нэнси Картрайт, Кейт Цебирано (үшінші ұрпақ), Чика Корея, Том Круз, Марисол Николс, Джон Травольта және оның әйелі Келли Престон, Кирсти Элли, Джейсон Ли, Исаак Хейс [, Присцилла Пресли, Джен Элфман, күйеуі Дене Элфман және қайын атасы Ричард Элфман. Сонымен қатар атақты адамдар арасында бұрынғы мүшелер де бар - Пол Хаггис - ол 2009 жылы Сайентологтарды қолдауда келіспеушілікке байланысты ұйымнан кетті, Калифорнияда гейлерге үйленуге тыйым салу туралы 8 ереже шығарды және Саентология шіркеуінің сыншысы болды. Кэти Холмс - американдық кино және теледидар актрисасы, Том Круздың әйелі. 2012 жылы Круздан ажырасқаннан кейін, Холмс католик шіркеуіне оралды. Шэрон Стоун Spark журналына берген сұхбатында: Олардың біз туралы жазғандарына керісінше, біз саентологтар емеспіз. Мен өзім буддистпін. Сайентология бізге саентологтар есірткі мен алкогольді қолданбайды деген мағынада өте жақын. Бірақ олар қазіргі медицинаны қабылдамайды, бірақ мен қабылдаймын [45].
Саентологияның эсхатологиясы адамның рухани мәні (тетан) қайтадан өмір сүру үшін қайтыс болғаннан кейін қайтады деген идеямен байланысты. Саентологияда өлім дененің байламынан құтылу әдісі ретінде қарастырылмайды немесе алға тартылмайды; догмадағы орталық орын - бұл өлімнен кейінгі құтқару емес, бірақ барлық сегіз спикерді құшақтап, заттың тираниясынан құтылу, сонымен қатар қазіргі ағзадағы жақсы өмірге апаратын жол. Алайда өлімнен тым қорқу ұсынылмайды. Өлім - бұл уақытша жағымсыз жағдай, онда ұмтылуға тұрарлық ештеңе жоқ.
Саентологияның өлімді түсіндіруі адамның бөліктері туралы түсінікке негізделген. Ер адам - бұл, сөзбен айтқанда, ақылға оралған рух, және ол өз кезегінде денеде болады - бұл адам, хомо Сапиенс.
Хаббард адамның өліміне байланысты өлім мынандай көрінеді: дене өледі; ақыл жартылай өледі; рухани тұлға (тетан) ұмытады, ес жоғалтады (амнезия сияқты нәрсе) және денеден бөлінеді. Әрі қарай, тетан жаңа денені ала алады. Егер тетан өзін денемен сәйкестендірсе, онда ол өлім кезінде ол өледі деп қателеседі. Тетанның ұмытқан естеліктері (оның ішінде өліммен бірге болған ауырсынуды еске алу) әлі де жаңа денеде қалады. Тексеру кезінде оларды есте сақтауға болады, содан кейін олар қазіргі өмірге теріс әсер етуді тоқтатады.
Дінтанушы Мэри Фаррелл Беднаровский саентологияның аспан мен тозақ туралы түсініктері жоқ дейді [16]. Алайда, дінтанушы Марко Францисковский Хаббардтың бұл сөзін аспан патшалығы идеясын саентологияның тіліне аудару әрекеті деп атайды: Мәсіх ... аспан патшалығы жақындап қалды деп айтты, ал оның аудармашылары жақындады деген сөз үш футты білдіретінін білдірмейді басыңды .
Франчковский түсіндіргендей, аспанға көтерілу экстерьеризациямен теңестіріледі - тетанты денесінен тыс жерде қалу, бұл саентологияның негізгі бағыттарының бірі; ол Хаббардтың астарында христиан дін қызметшілерін бұл түсінікке сендіруге тырыспау керектігін, бірақ оларға құрметпен қарауды және олардың территориясына кірмеу керектігін айтқан [17].
Саентологияның эсхатологиясы қырғи қабақ соғыс кезінде қалыптасты, сондықтан Хаббард әлем өзін-өзі құрту жағында деп мәлімдеді. Мысалы, саентология пайда болғаннан кейін көп ұзамай 1952 жылғы дәрісінде Хаббард: Қазіргі заманда бізде қандай драма бар, қайшылық? Атом бомбасы - бұл материя, энергия, кеңістік және уақыт тұрғысынан - гуманитарлық ғылымдарға қайшы келетін жоғары деңгейдегі өнім. Сондықтан, кез-келген терең ойлы адам мұнда және қазір адамды тез ізгілендіруге жол жоқ деп алаңдайды.
Осы және соған ұқсас мәлімдемелерге сүйене отырып, саентологияда апокалипсис, егер ол орын алса, адамзаттың өзін-өзі бұзатын үрдістерді жеңе алмайтындығының нәтижесі болады, оны рационалды ойлауды басатын реактивті ақыл ынталандырады. Атом түймесінің ғасырында бұл күштер тоқтатылмаса, ядролық жойқын жағдайға әкелуі мүмкін; Осы көзқарасқа байланысты, дінтанушы Дональд Уэстбрук атап өткендей, ол сұхбаттасқан барлық саентологтар жеке рухани прогрестің маңыздылығын және бұл планетада мүмкіндігінше тезірек жақсылық жасау керектігін атап өтті.
Саентология сотериологиялық жүйесі Толық еркіндікке арналған көпір деп аталады. Көпір рухани кемелдену жолын айқындау үшін метафора ретінде қызмет етеді, олар біртіндеп азаптан, қиындықтардан, бейсаналықтан екінші жаққа - нағыз Мен санасын, физикалық ғаламнан рух еркіндігін алады. Көпір бойымен қозғалыс Саентология үшін өте маңызды сотериологиялық әрекет болып табылады; көп жағдайда бұл оның мәні.
Көпір қабырғадағы карта ретінде әр саентология шіркеуінде бар. Көпірдің ортасында тігінен 52 хабардарлық деңгейі көрсетілген; Хаббард жазғандай, белгілі бір деңгейде болу, адам тек осы деңгейден төмен деңгейге қатысты нәрсені ғана түсінеді, ал Көпірді көтерген кезде адам одан да жоғары деңгейге жете бастайды. Орталықтың оң жағында оқудың сол жағында, тексеру кезеңдері орналасқан. Көпір қозғалысы - сотериологиялық кезеңдердің сериясы, мұнда әр қадам аудиттің белгілі бір түрінен (негізгі діни қызмет) немесе жаттығудан (шын мәнінде саентологияның қағидалары мен тәжірибелерін діни оқыту) тұрады. Сонымен бірге, әр адамның өзіндік ерекше социологиялық жолы бар және ол өткізетін барлық аудит сессиялары ерекше. Саентологияда оқытуға Габбард сипаттаған өмір заңдылықтары кіреді және аудитті толықтырады. Көпірдің төменгі жағында көптеген кіріспе қадамдар бар: әдетте, диетика, коммуникация, мотивация және басқа тақырыптар бойынша қысқа семинарлар; олар саентологияның сотериологиялық жүйесіне кіріспе ретінде қызмет етеді. Көпірге көтерілу кезең-кезеңмен жүретін процесс ретінде қарастырылады, бұл барлық сегіз динамикада өнімділіктің жақсаруына әкелетін терең хабардарлық пен түсінуге алып келеді; басқаша айтқанда, жеке тұлға, отбасы, топ және түр ретінде өмір сүру қабілеті жақсарады, сонымен қатар басқа тіршілік формалары мен физикалық ғаламның сақталуы - шексіз өмір сүру бағытында. Саентология ұйымдарының негізгі міндеті - саентологтарды көпірге жылжыту. Көпірде екі негізгі жетістік бар: дінбасылар мен жұмыс істеп тұрған театр.
Таза (ағылш. Таза - таза) - сондықтан саентологияда өмірдің зиянды әсерінен босатылған адамның жағдайы немесе мәртебесі аталады. Саентология дінбасыларды бұдан былай өзінің реактивті ақыл-ойы жоқ, сондықтан реактивті ақыл тудыруы мүмкін жағымсыз салдардан зардап шекпейтін адам деп анықтайды. Реактивті ақыл-ойдан арылу арқылы рухани сананың жаңа деңгейіне жетуге болады. 2018 жылы саентология шіркеуінде шамамен 70 мың клерк болды [49]. Діншілдер күйіне көшкен, бірақ оған әлі жетпегендерді алдын-алу деп атайды. Сайентологияда алдын-алу адалдық пен этика үлгісі болып табылатын мінез-құлықты күтеді. Сайентологтарға басқалардың психикалық және физикалық саулығына зиян келтіруге тыйым салынады, сонымен қатар олардың рухани, моральдық және физикалық саулығына - мысалы, есірткіні қолдануға тыйым салынады. Бастапқыда дінбасылар Дианетиканың басты мақсаты болды, бірақ саентология дамыған сайын бұл мақсатқа жету тәсілдері өзгерді. Қазіргі көпірде діни қызметкерлердің жағдайы бірнеше дайындық кезеңдерінен тұрады. Өз кезегінде дін қызметкерлерінің жағдайы Операн Тетан мемлекетінің жартысына жуық. Адам дін қызметкері болғаннан кейін, ол өзінің алғашқы шығармашылық қабілеттерін тетан ретінде жандандыруға дайын деп сенеді. Саентологиядағы рухани дамудың екінші, жоғары деңгейі Операциялық Тетан (қысқартылған ОТ) деңгейі деп аталады. Ғалымдардың пікірінше, операциялық Тетанның күйі - рухани тіршіліктің қалпына келтірілген, ерекше, табиғи күйі. Бұл жағдайда сіз ойлана және ұтымды әрекет жасай аласыз және күнделікті өміріңіздегі оқиғалар мен қатынастардың себебі бола аласыз.
Әрекет етуші деп өмірдің, ойдың, материяның, энергияның, кеңістіктің және уақыттың себепшісі болып табылатын рухани болмыс деп сипатталған. Ол сондай-ақ өзінің денесімен, денесімен немесе онсыз толықтай әрекет ете алатын жеке тұлға ретінде сипатталған. Операциялық Тетанның 15 кезеңі бар, олардың біріншісі 2017 жылы қол жетімді. ОТ деңгейлері - саентологияның құтқарылу идеясының шексіз өмір сүру, немесе шексіздік және жеке тұлғаның әлеуетін толық ашып көрсету идеясы болып табылады. Көпір жаман күйден жақсы күйге ауысудың белгісі ретінде алғаш рет 1950 жылы Дианетика: қазіргі заманғы психикалық денсаулық туралы кітабында айтылған. 1952 жылдың соңында иерархиялық және аса жауапты сотериологиялық тәсіл пайда болды. 1965 жылы Хаббард алғаш рет көпірді карта немесе кесте түрінде ұсынды, оның толық атауы деңгейлер мен сертификаттардың жіктелуі, үлгерімі және хабардарлық картасы болып табылады. Көпірдің негізгі теориясы 1960 жылдардан бері өзгеріссіз қалды. Дінтанушы Дональд Уэстбрук көпірдің қадамдары идеясын гностикалық, эзотерикалық және буддистік сотериологиямен салыстырады. Ол Хаббардты басқаларды өзінен кейінгі рухани жолмен жүруге шақыратын бодхататтвалардың біріне теңейді [16]. Дінтанушы Джеймс Льюис ежелгі гностицизмді адамдар туралы саентологияның идеяларына физикалық ғаламның астына түскен рухтармен салыстырады. Соңғы сотериологиялық мақсат - бұл физикалық ғаламның әсер етуіне себеп болатын толық еркіндік жағдайы. Гностицизмнен айырмашылығы, саентологияда мұндай толық еркіндікке қол жеткізу күнделікті өмірден қашықтықты қажет етпейді, керісінше, адам қаншалықты рухани еркін болса, соғұрлым ол өмірде табысты болады [18].
Дінтанушы Хью Урбан Буддистердің мақсатына - ағартушылыққа - Дианетика және Саентология ұсынған діни қызметкерлердің жағдайына жету үшін; айырмашылық мынада: буддизмде бұл мақсат бірнеше құлшынысты монахтарға қол жетімді болды, және Хаббардтың айтуы бойынша бұл барлығына қол жетімді [. Саентология этикасы кез-келген мәселенің көп шешуші үшін ең жақсы пайда принципіне негізделген оңтайлы шешім табуға ұмтылады. Жақсы деп саналады, бұл сөйлеушілердің көпшілігінің өмірін сақтайды, ал жамандық - тірі қалуға кедергі келтіреді; жалпы алғанда, саентологияның этикалық нормалары он өсиет сияқты негізгі әлемдік діндердің стандарттарына ұқсас. Толық еркіндік көпірі арқылы рухани прогреске жету үшін саентологияға этика қажет: этикалық емес, өнегесіз адам оған шыға алмайды. Саентология этика қағидаттары ең алдымен аудит пен мінсіздікті жасауға бағытталған деп мәлімдейді. Хаббард өзінің Таза дене, айқын ақыл кітабында өмір бойы адам ағзасына зиянды химиялық заттар жиналып, одан әрі рухани жетілуге мүмкіндік бермейтінін айтқан. Олардың ішінде ол дәрі-дәрмектер, дәрі-дәрмектер, пестицидтер, бояғыштар, консерванттар және басқа химиялық заттар болды. Хаббард өзінің денесін детоксикациялау процедурасын ұсынды, оны Тазарту бағдарламасы деп атады. Ол шамамен үш-төрт апта ішінде қарқынды түрде жүреді және жүгіруді, диеталық қоспаларды қабылдауды және саунада ұзақ тұруды қамтиды. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - ниацинді қабылдау, ол Хаббардтың пікірінше, жасушалар мен дене тіндерінен токсиндер мен препараттарды алып тастай алады, сонымен қатар өткен күн мен радиацияның әсерін жояды. Саентологияның ізбасарлары Тазарту бағдарламасы денені детоксикациялаудың ең тиімді бағдарламасы деп санайды. Бағдарлама саентологияға кіріспе қызметтердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, детоксикация деген атпен нарконон және криминон саентологиялық ұйымдары есірткі немесе қылмыстық тарихы бар адамдарды қалпына келтіру үшін қолданылады.
Сайентологияны қалай жіктеуге қатысты сарапшылар арасында консенсус жоқ. Атап айтқанда, дінтанушы Мэри Фаррелл Беднаровский саентология өзін ғылым, дін, психология және философиядан бастайды деп сипаттайды, бірақ бұл салалардың бірде-біреуі бұл туралы мәлімдеген жоқ, және тұтастай алғанда, олар мұны жоққа шығарды. Француз әлеуметтанушысы Реджис Дерикбур (ағылшын) орыс. Сайентологияны дін мен психологияның тоғысында деп сипаттайды, мұнда космология да, психологиялық теория да бар, содан кейін саентология практикалық дін сияқты деген тұжырымға келеді.
2017 жылғы саентология туралы анықтамалықтың кіріспесінде оның редакторлары, дінтанушы ғалымдар Олаф Хаммер мен Джеймс Льюис былай деп жазды: Көпшілік үшін саентология шіркеуі - байып кетуді ұйғарған ғылыми фантаст жазушы негізін салған миды жуудың ең жаман әдісі, жалған дін ойлап табады . Олар бұл пікірді жалпыға ортақ діни стереотип ретінде сипаттайды, бұл қоғамның хабардар еместігін көрсетеді, ал саентология барлық жаңа діни ағымдардың ішіндегі ең қатал пікірталас тақырыбы деп аталады. Әлеуметтік мәдениетте саентологияны құрастырған әлеуметтанушылар Стивен Кент пен Сюзан Рейн танымал мәдениетке бір өлшемді стереотиптердің енгізілуін құрастырды. Нюанс талқылауын алмастыратын саентология; олар Сайентологияны түсіну, оны анықтау немесе оны кез-келген санатқа бөлу кәсіпқойлар үшін де, қарапайым адамдар үшін де қиын деп санайды. Саентологияның дін болып табыла ма деген сұрақтың жауабы, ең алдымен, қазіргі діни зерттеулерде діннің ондаған анықтамалары болғандықтан, бір мәнді емес. Атап айтқанда, бірқатар анықтамалар Авраамиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz