Абай өлеңдерідегі плеоназмдар мен оксюморондар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Оқу практикасы
Тақырыбы: Абай өлеңдерідегі плеоназмдар мен оксюморондар

Қарағанды 2020

Жоспар:
1) Кіріспе
2) І бөлім
3) Плеоназм, оксюморон жайлы жалпы түсінік
4) ІІ бөлім
5) Абай өлеңдеріндегі плеоназмдар мен оксюморондарды талдау
6) Қорытынды
7) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Абай поэзиясы - қазақ халқының ұлттық мақтанышы. Тек қана Абай өлеңдерінен қазақ даласының табиғаты, қазақ өмірінің шындығы, қазақ халқының сезім-сыры, арман-тілегі, ұлттық ерекшелік қасиеттері түгел көрініп, сезіледі. Ұлы ақын "Абайдың қазақ әдебиетіне XIX ғасырда және XX ғасырда еткен әсері аса мол. Абайдың өзін көрмей, сөзін оқу арқылы, естіп ұғыну арқылы, сол Абайдың өлеңдерінің үлгісінде әлеуметтік мәселеге, адамгершілік жайға, ағартушылық турасына арнап көп-көп өлеңдер жазған талай ақындар бар. Әсіресе, бұлардың саны, Абай шығармалары қазақ сахарасына жайыла бастаған сайын молая түскен", - дейді Мұхтар Әуезов.
Абайдың қазақ әдебиеті алдындағы ұлы қызметі оның ұлттық әдебиетте шындық дегеннің не екеніне бірнеше рет көңіл аударып, оны тұңғыш аша білуі деуге болады. Ол - қазақ әдебиетінде әйелдердің тағдырына бірінші көңіл бөлген ақын. Оның кіршіксіз, таза, терең сезіміне үңілді, ананы, даналықты, достыққа берік адал сезімді жырлады. Абай кедей ақындардың күнкөріс кәсібіне айналып, бағасы түскен өлең сөзді өз биігіне қойып, оқырманның, тыңдаушының талғамын тәрбиелеуге белсенді араласты. Ақынның бұл саладағы ұлы қызметі орыстың классикалық әдебиеті эстетикасымен, Белинский, Чернышевский көзқарастарымен ұштасып жататыны ғылымда әлдеқашан дәлелденген.

Абай нағыз адам мұратын қалыптастырып қана қойған жоқ, сонымен бірге ол мақсатқа жетудің шынайы жолын көрсетіп берді. Абай шығармашылығындағы сондай-ақ адам бойындағы қайырымдылық, қанағат секілді адамның қалыптасуына себепші иманды қасиеттер де талданған. Кант, Достоевский тәрізді ұлы гуманистер "қайырымдылық", "қарапайымдылық" секілді ұғымдарды тұлғаны қалыптастыратын басты белгі деп қарастырған. Нағыз адамды білімділік, ақылдылық, біліктілік, ғылымсүйгіштік қасиеттер анықтайды деп тұжырымдайды. Дана ақынның пайымынша, адамшылықтың мұратына жетудің негізгі құралы - шығармашылық ойлау. Абайдың айтуында, ой кісіге табиғат құбылыстарын ғана емес, адам өмірін талдау, қорыту, салыстыру үшін берілген. Нағыз адам мұратына жетудің екінші шартын Абай еңбек, қызмет деп есептейді. Ақын еңбек туралы да жаңа сөз айта алды. Ол қазақ қоғамында еңбек туралы жаңа түсінік қалыптастырды. Абайдың айтуынша, еңбек - жай ғана қызмет емес, адам болмысының айнасы. Еңбектің өмір сүру құралы екендігін баршаға насихаттайды. Ғылымды игеру, тану, білімді болу - табан ақы маңдай тердің, еңбектің мәні. Сондықтан ақын еңбек пен мақсатты өлеңдерінде асқақтата жырлады.
Абай қазақ әдебиеті тарихында тұңғыш рет өз заманында халықты толғандырған қоғамдық және саяси өмір проблемаларын күн тәртібіне қойды. Ол қазақ қоғамының қайшылықты жақтарын, замандастарының алауыз берекесіздігін, патшаның отаршылдық саясаты қоздырып отырған рулық тартыстардың елдің бірлігіне келтірген зиянын қатты сынай отырып, еңбекші елге іш тартты, халықты озық мәдениетке сүйреді. Ол халықтардың оңашаланып өмір сүретін дәурені өткенін, ендігі жерде ел болудың кепілі - дамыған көрші елдермен қарым-қатынас жасауда екенін айтты. Елді сол жолда бірігуге, ынтымақтастыққа шақырды. Уақыт талабын заманынан оза шауып түсіну - Абай даналығының белгісі. Ол шындықтың ақыны болып туды, солай өмір сүрді. Оның өлеңдерін оқи отырып, одан жалғандық табу қиын. Өлеңдерінен қазақтың ұлттық табиғатына тән шындық мөлдіреп көз алдыңа келеді. Ұлы суреткер есебінде Абай оны көркем бейнелеудің жаңа жолын тапты. Оның өлеңдері өзінің қарапайымдылығымен, табиғилығымен құйылып, ойға, сезімге ұялайды. Сондықтан ол қазақ әдебиетіндегі тұңғыш ұлы суреткер саналады. Абай ақын боп сөз жазып қана отырмаған, өз өлеңіне өзі ән шығарып таратқан. Оның композиторлық шығармашылығы біздің халықта ерекше бағаланады. Қазақ даласында бірінші шырқалған Татьяна тек Пушкинді ғана насихаттап, халыққа таратып қана қойған жоқ, сүйгеніне қосыла алмаған мұңды орыс қызын қазақпен байланыстырды. Абайдың жастайынан көргені, естігені - халық әдебиеті, бай фольклор, жеке ақындар творчествосы болды. Жасынан әке ырқымен ел ісіне араласқан Абай сөз сырын жақсы білді, дау ұстағандардың талай сынынан өтті, шешен атанды, төбе билікке де сайланды.
Абай өлеңі-ақындықтың алуан құбылған мінезі . Сырғыған нұрдан сыр аулап кеудеге қуаныш жайылған сәт . Тылсымға қамалып , тығырыққа тіреліп , болымсызға болдырып отырған шарасыз күй . Жан жанып , жанарда күн ойнап қайтадан тірілген құштарлық ... Абай жырының өлмейтін өлең мәніндегі құпиясының бірі оның құрылымында . Сол негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу қашан да мәнді . Кейінгі кезеңде Абай ақындығы , Абай дүниетанымы , Абайдың өмірбаяны , Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы тұрғысында елеулі жаңа ғылыми бағыттар айқындала түсіп отыр . Өскен , озған жұрттардың өнегесінде Абайдың ақындық әлеміне біз де түбегейлі бас қою мүмкіндігіне ие болдық . Тарих қазақтың тағдырын сан мәрте талқыға салған тұстарда тұтас танымға тарту мүмкін болмаған Абай ақындығы айналасына барып тірелетін тарихи - әлеуметтік негіздер , көркемдік заңдылықтардың дәстүрлі , жаңашылдық бағыттар аясындағы өрісі қазіргі кезеңде тағы бір саралаудан өтіп , тың пайымдаулармен тұғырлана түсуі - абайтанудың қазіргі кезеңдегі ғылыми нәтижелері әрі келешек зерттеу бағдарлары . Абай ақындығын осы тұрғыда ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің түрі мен тегі туралы тұғырлы тұтас таным аясында жүйелі ғылыми негізде бағалап , саралаудың өзіндік мәні бар . Абай ақындығының айналасын айқындай түсуде , ұлттық арқау , шығыстық , батыстық негіздерін игеруге ұмтылуда Абаймен тұстас , Абайдан ілгерідегі өлең түрлері мен поэтикалық тәсілдерді тұтастай нысанаға алып отырып қазақ өлең тарихы мен теориясының ғылыми нәтижелері ауқымындағы жинақтау мәнді нақтылы пайымдаулар қажет .

1 бөлім

Жалпы адамзат тілі қоғам тарихымен тығыз байланысты. Қай халықты алсақ та, оның басынан өткен қилы-қилы кезеңдері сол халықтың тіліне ізін қалдырмай тұрмайды. Себебі: сөз тарихы тіл тарихымен тығыз байланысты. Осы қатынастық сырын ашу - тілшілер алдында тұрған үлкен міндет. Қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бір қатары терең зерттелгенімен, зерттеуді әрі қажет ететін мәселелер де бар. Соның бірі - плеоназм құбылысы.
Плеоназм тек қана тілдік құбылыс емес. Ол проза тілі мен поэзияда да белгілі көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады. Сөйтіп көркемдегіш құрал ретінде жұмсалады. Жазушының айтқысы келген сыры, танытқысы келгеншындығын әсерлі суретке айналдырып, айтылмақшы ойды нақты, дәл, қаз-қалпында беруде бірден-бір таптырмайтын әдіс
Плеоназм (грек. Pleonasmos - артықшылық) - лексикалық не рамматикалық мағынаны жеткізу үшін қолданылатын құралдырдың молдығы.Плеоназм текст қасиеті ретінде элипске қарсы қойылады. Плеоназм лексемалардың қайталануынан (лексикалық плеоназм) және рамматикалық тұлғаларыдың қайталануынан өз көрінісін табады. Табиғатына қарай плеоназм түрлері мынадай болуы мүмкін:
1) міндетті плеоназм тілдік жүйеге немесе нормаға сай болу қажеттілігінен туындайды;
2) факультативті, стилистикалық плеоназм сөйлемнің эксперессивтік мақсатына байланысты жасалады [2,164].
Плеоназм заттың лингвистикалық қабаттасыпқатар қолдану нәтижесніде бір мағынаны білдіріп қалыптасып кеткенн екі сөз. Өзара мағыналас екі сөз плеоназм әдісімен ұдайы қатар айтыла келе бір сөз есебінде қолданылады .Қазіргі таңда бұл термин жөнінде әр жерде әр түрлі түсінік беріліп жүр. Осы мәселе жайлы әрбір автордың ой-пікірі немесе түсідірме сөздіктеріндегі аталмыш термин былайша берілуде.
Плеоназм - (грек. Pleonasmos - артық,керексіз) - керексіз, орынсыз, басы артық сөз. Мағыналық жағынан сәйкесіп, үйлесіп, тіркескен, алайда логикалық тұрғыдан қисынсыз, шұбарлық тудыратын сөз орамы.Осы терминге байлаысты О.С.Ахманова: Лингвистикалық терминдер сөздігінде былай деп екі анықтама береді:
1.Ойды жеткізудегі сөздің артық қолданысы бұл тіл бірлігінің үйреншікті қасиеті.
2.Синонимдік сөздердің жиынтығы ретіндегі сөйлеудің түрі - дейді.

Плеоназмның тек-тамыры байырғы халық ауыз әдебиетінде жатыр. Халықтың осынау рухани-мәдени ескерткіштерінде өрнекілік, мәнерлік, көркемдік-эстетикалық қызмет атқарады
Периссология - плеоназм (анг. Pleonasmos, Abundanz, фр. Pleonasme, Pleonasmos - артықтық). Адам ойын анық, айқын беруде кездесетін артық сөз. Плеоназмның бірнеше атауы бар (перифраза, диттология) [5,48].
Плеоназм немесе плеонастикалық сөздер дегеніміз бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданысы. Яғни плеоназмда екі мәндес сөз қатар келіп, алдыңғысы соңғысын анықтап, мағынасын күшейтеді. Мұндай сөз қолданысын тіл білімінде басы артық сөз немесе плеонастикалық сөз тізбегі деп атайды .Мысалы, көне сөзі тоз сөзімен қосылып, көнетоз түрінде, ежелгі мен ескі сөзі қабаттасып ежелгі ескі дос түрінде айтылады. Сол сияқт ақр аяғында дейтін деген екі сөзі тіркесіп плеоназм жолымен жасалған. Осы тәріздес өзара мәндес сөздер тізбегінің құрамындағы алдыңғы сыңар соңғысын айқындап, дәлелдей түседі де,бүтіндей сөз тізбегі көбінесе күшейтіп айту қызметін атқарады.
Ескі дүние есігін теуіп ашып,
Кіріа келді ол жүзінен жалын шашып.
Босағада тұрмады, төрге ұмтылды.
Бұзып, жарып, еңсеріп, еркін басып.
(Қ.Аманжолов)
Соңғы жол - түп-түгел плеоназм. Бір топ синоним бір-ақ жолға сыйып, түйдектей тұтасқанда өлең өзгеше екпінмен, леппен ойнап шыға келген [.
Фигураның (айшықтаудың) бір түрі - қайталау - сөз әсерін күшейте отырып, оқырман назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте қайталап, айтар ойды, ұқтырар сырды ұғымға мұқият сіңіре түсу
Плеоназм (грек. Pleonasmos - артықшылық, шамадан тыс), қабаттасып қатар қолдану нәтижесінде бір мағынаны білдіріп, қалыптасып кеткен екі сөз плеоназм .
Бұл тілімізде бар құбылыс. Сол сияқты синонимдес сөздердің мағыналық және айырықша стильдік мақсатта жұмсалған түрі - плеонастикалық тіркестер туралы әр түрлі көзқарас-пікірлер бар.
С.Негимов: Мағыналық жағынан сәйкесіп, үйлесіп тіркескен, алайда логикалық тұрғыдан қисынсыз щұбарлық тудыратын сөз орамы плеоназм - көпсөзділік, сөйлем жүйесіндеі кінәратты құбылыс. Мысалы, ессіз ақымақ, тұтас та толық, айқын да айғақ. Кей ретте плеоназм шет сөздердің мән-мағынасын түсінбегендіктен туады.Мысалы: бос вакансия, - дейді.
Ал ғалым Р.Сыздықова болса плеоназм құбылысының тілде ерекше орын алатынын айта келіп былай дейді: Плеоназм немесе плеонастикалық сөздер дегеніміз бір мағынадағы екі сөздің қатар қолданысы. Ол қатарды екі тілдің сөздері, не көне - жаңа сөздер, не қызметі бірдейекі морфологиялық тұлға құрайды. Әдетте, тіл білімінде плеоназм да (ол периссология деп те атайды) құбылысын басы артықтық деп таниды. Бірақ бұл жердеі басы артықтық абсолюттік емес, яғни плеоназм белгілі бір стильдік не мағыналық қызмет атқарғанда ғана тілде орын алады. Мұндай қызмет атқармаса, тіл нағыз (абсолюттік) басы артық дүниені көтермейтіндіктен плеонастикалық қатарлар түзілмейді. Мысалы, соқыр мағынасындағы парсының көр сөзі мен қазақ тілінің осы ұғымдағы соқыр деген сөзімен қатар келіп, көр соқыр болып айтылады, соқыр сөзіне мүлдем көрмейтін, тас қараңғы соқыр деген қосымша реңке үстеп тұр. Сол сияқты құдды (құтты)өзі деген тіркесте кұдды деген парсы сөзі - қазақша өз ідеген сөздің тұп-тура баламасы, бірақ екеуі қатар келгенде, тап өзі, айнымайтын өзі, нағыз өзі деген сияқты үстеме мағына береді. Сары уайым деп жүргеніміздің дұрысы сар-уайым болуы керек, өйткені Сар сөзі парсы тілінде уайым дегенді білдіреді. Сонда Сар-уайым уайым уайым деген тіркес түрінде пайда болып, жай уайым емес, қатты уайым, таусылмас уайым дегендей үстеме мағына алып тұр
Енді бірқатар плеонастық тіркестерде екі сөз тек бірін-бірі түсіндіру қызметін атқарып, нағыз басы артықты көрсетеді. Мысалы, топ зеңбірек дегенде, екеуі де түйеге артып алып жүретін кішкене зеңбірек дегенді білдіретін сөздер болғандықтан, бұл тіркес топ дегеніміз зеңбірек, зеңбірек дегеніміз топ деген сияқты бірін-бірі түсіндіретін қолданысболып шығады.
Плеонастық қатарлардың ішінде көне түркі мен жаңа түркілік немесе оғыздық пен қыпшақтық тұлғалар қатар келіп, я болмаса бірінің орнына бірі жұмсалып, көбінесе стильдік қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тіліндегі периссология мәселесі
Синтаксистік стилистика
Сөздің ауыспалы мағынасы
АНТОНИМДЕРДІҢ КӨРКЕМ ШЫҒАРМАДАҒЫ ҚЫЗМЕТІ
Сөз мәдениеті туралы
Тілдегі үнемдеу заңдылығының теориялық негіздері
М. Шаханов поэзиясының әлемі
Сөйлеу жанрлары мен мәтін жанрлары
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Эмоционалды - экспрессивті лексиканың зерттелу тарихы
Пәндер