Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 СӨЗ ТІРКЕСІ ҰҒЫМЫ
0.1 Сөз тіркесінің түрлері
0.2 Байланысу тәсілдері
1 ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
0.1 Жасалу жолдары
0.2 Меңгеріле байланысқан есімді сөз тіркестері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын -- грамматикалық единицалар - тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем. Бұлардың әрқайсысы әр алуан бөлшек -- бөлімдерден құралғанмен, бәріне тән, бәріне ортақ белгілеріне қарап, оларды тұтасқан, тұтасып ұласқан бөлшектер тобы деп танимыз. Мысалы, сөздін, дыбыс құрылысы, лексикалық, грамматикалық мағыналары болады, сөз тіркесінің құрамына еніп адамнын, ойын, сана-сезімін білдірудің бөлшектері қызметін атқарады. Балықтың өмірі суда болатынындай, сөздін, өмірі сөз тіркесінің, сөйлемнін, құрамында болады. Әлемдегі жан-жануарлардың күнелту табиғи айналасы болатынындай сөздің, сөз тіркесінің де "табиғи" жұмсалу "айналасы", өмір сүру жағдайы болады. Бұлардың сондай шоғырланған ұясы да, өмір сүру қызметі де сөйлем ішінде жұмсалуы болады.
Осындай қарым-қатынасының нәтижесінде әрбір грамматикалық единицалар тілдің қарым-қатынас жасау қызметіне ортақтасады. Сол үшін сөз сөз тіркесінің құрамына, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой, пікір тұтастығын құрастыруға қатысады.
Зерттеу өзектілігі. Сөйлегенде, жазғанда тіл құралдарын яғни, сөз сөз тіркесі дұрыс қолданып, сауаттылықтың айқын ойлылық пен ізеттіліктің өнегесін көрсету.
Сөйтіп, сөз тіркесі дегеніміз сөз бен сөйлемнің арақатынасынан шығатын басты синтаксистік единицаның, бірі деп есептеледі, оның жұмсалу заңдылықтарын айқындаудан бүрын синтаксистік басқа единицалардан айрылатын қандай ерекшеліктері, жақын үқсастықтары болады.
Ұласқан бөлшектері қаншама өзара тығыз байланыста болатындықтан ол бөлшектер бірінің қызметін басқа біреуі де (кейде, орайы келгенде) атқаруы мүмкін емес пе? Көркем әдебиетте -- Түн. Мидай дала. Қараңғы түн. Келді ме? Келмеді -- сияқты сөздер мен сөз тіркестері сөйлем қызметінде жұмсалады. Соған қарап сөзді, сөз тіркесін сөйлемнен айырып танудын, керегі жоқ деуге бола ма? Соны дәл солай айтпаса да тіл білімінің көрнекті ғалымдары олардын, арасына "сына қағып" екі айырып тастау керек екенін уағыздады.
Зерттеу мақсаты. Есімді сөз тіркестеріне, олардың жасалу жолдарына сипаттама беру.
Зерттеу міндеттері:
oo Сөз тіркесі ұғымына анықтама беру;
oo Олардың түрі және байланысу тәсілдерін анықтау;
oo Есімді сөз тіркестеріне сипаттама беру.
Зерттеу нысаны: Есімді сөз тіркестері
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СӨЗ ТІРКЕСІ ҰҒЫМЫ

Сөз тіркесі жөнінде жүйелі зерттеулердің қалыптасып дамығанына көп болған жоқ. Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін, олардың байланысын, орын тәртібін көбірек сөз қылды да, ал сөз тіркесіне байланысты мәселелер онша ауызға алынбады. Түркі тілдерінің сөз тіркестері тек кеңес дәуірінде ғана зерттеліне басталды. Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виноградов сөз тіркестерінің түрлері, байланыс формалары және олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.[1]
И.П. Мелиоранский Краткая грамматика казах-киргизского языка деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағанымен, Простое предложение деген бөлімінде бастауыштың баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен - деп тұжырым жасайды зерттеуші Түймебаева Н. [5, 10.] Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда әрбір етістіктің мағыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу, бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу т.б. етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дәлелдеген. Ал қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автордың Определение деген бөліміндегі мынадай мысалдар: ақ тас - белый камень; жақсы кісі - хороший человек; үшінші жыл - третий год дегенде сөздердің қатар келіп, орналасатынын сөз етеді. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ойлауға болады.
Сонымен қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерге сөз тіркесі, оның байланысы формалары жалпы болса да айқын жіктелмей келді.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек ұлы қазаң төңкерісінен кейін, онда да 1930 жылдан бастап сөз бола бастады деп тұжырымдайды.
Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов сияқты ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ.Басымовтың Сөйлем мүшелері туралы,Пысықтауыш т.б. мақалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы тоқталмаған.
Сөз тіркесі туралы мағлұмат мектеп грамматикаларында тек 1939 жылы беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов, С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев т.б. еңбектерін атауға болады.[2]
Әрине онда дәл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен, әркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің байланысы деп көп уақытқа дейін әртүрлі айтып келгені белгілі.

Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды. 1940 жылы Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы белгілі. Онда автор Сөйлем мүшелелерінің өзара қарым-қатынастары деп оларды беске бөліп қарастырады: қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру - меңгерілу және бесінші етіп сөйлем мүшелерінің орын тәртібін де осыған енгізеді. Автордың алғашқы төрт түрін қостағанмен бесіншіні, яғни сөйлем мүшелерінің орындары дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда арнайы түрде сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-қатынасы, меңгерілу, қабысу және жанасу деп төртке бөліп дәлелдейді:
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1930 жылы Т. Сауранбаев, С. Аманжолов бірігіп жазған Қазақ тілі грамматикасы еңбегінде біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін синтаксистік қатынастар деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық, объектілік атрибуттық және сипаттауыштық қатынас деп бірнеше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъекті предикаттық деп атаса, ал пысықтауыш сөздердің етістікпен байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүшелерінің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып, оның өзіндік жасалу жолын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі шыққан Қазақ тілі еңбегінде сөз тіркестерін қиыса меңгеріле, қабыса және жанаса байланысатынын айтады. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-бірімен өздерінің орын тәртібі, интонация, қосымшалар, шылаулар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
С. Жиенбаев Синтаксис мәселелері деген еңбегінде сөйлем мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпейді. Онда автор жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі - деп сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарастырмайды. Алайда ол еңбектің синтаксистік кейбір мәселелері туралы деген бөлімінде Қиысу туралы арнайы тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі авторлардың бұл мәселеге аз да болса көңіл аударғандығын аңғартады. Ал сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы деген бөлімінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына назар аударғысы келеді.
Тіл білімі жайындағы әдебиеттерде сөйлемді бір бөлек, сөз тіркесін бір бөлек категориялар деп тану үшін олардың құрамы еш уақытта бірдей болмауға тиіс деген пікір бар. Сондай көзқарасты қолдаушы тюркологтың бірі Н.А. Баскаков атқа мініп, атқа мінген дегендерді сөз тіркесі деп қарайды да, атқа мінді дегенді сөз тіркесі емес, сөйлем деп таниды. Мұндағы тұлғалық айырмашылық басыңқы сөздің (мін) тиянақты, (мінді) не тиянақсыз (мініп мінген) болуында.[3]
Егер ол критерияны негізгі шарт деп танысақ (ол тұлғалардың сөз тіркесін құрауға қатысы жоқ, сондықтан шарт емес). Атқа мін дегенді не дейміз? Сөйлем бе, сөз тіркесі ме? Бұған жауапты мынадан іздейміз. Егер тіркескен сөздер тобы пайымдауды білдірсе - сөйлем, ал білдірмесе - сөз тіркесі. Осы пікірді Н.К. Дмитриев те қолдайды.
Біріншіден пайымдау (суждения) логикалық ұғым, оны сөйлемді танудың белгісі етуге болмайды. Екіншіден сөйлемнің құрамына еніп, оның бөлшегі болуға тиісті сөз тіркесінде сөйлем білдіретіндей ұғымның бар-жоқтығын меже етудің жөні жоқ. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесін мағынасына қарап айыру да мүмкін емес. Егер сөз тіркесі тиянақты ойды білдіретіндіктен сөз тіркесі болудан қалады десек, онда әрі сөз тіркесі, әрі сөйлемдік қасиеттері бар сөздер тобының кейбір синтаксистік заңдылықтарын ескермегендік болады. Желсіз түн, кең жайлау. Таудан аққан үлкен өзен сияқтыларды біреулер сөйлем етіп жұмсаса, сөз тіркесі қасиетін жойды деу шындық болмайды. Сондықтан ондай сөздер тобын сөйлемдік қасиеттеріне қарай сөйлем деп танып, сөз тіркесімділік белгілеріне қарай әрі сөз тіркесі деп тани беруге тиіспіз. Тілдің табиғаты солай етуді тілейді.
Сөйлемде сөздердің бір-бірімен байланысуы негізінде сөз тіркесі жасалады. Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атайды. Тіркестегі бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұратын сөз бағыныңқы деп аталады.
Мысалы: самал жел, оқыған жігіт дегенде самал, оқыған -- бағыныңқы сыңарлар, жел, жігіт -- басыңкы сыңарлар. Мысалы, ағаш үй, алтын сағат, темір күрек, ойлап сөйлеу, ақырын жүру дегендер -- жай тіркес те, ақ боз ат, ойға беріліп кетпеу, жүз шақты кісі, теңіз жағасында жүру, сары ала тон дегендер -- күрделі тіркестер. Өйткені бұл тіркестер сөз бен күрделі сөздердің өзара бірі екіншісіне бағына байланысуы арқылы жасалған. Сөздер бір-бірімен тіркескенде, кейбірі есім сөздің, кейбірі етістіктің айналасына топталады.[4]
Сөз тіркесінің негізгі белгілері:
● сөздердің байланысуы сөйлем ішінде анықталатындықтан, сөз тіркесі сөйлем ішінде танылады;
● кем дегенде екі толық мағыналы сөзден тұрады;
● сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бір-бірімен белгілі бір грамматикалық тәсілдер арқылы байланысады;
● сөз тіркесі қандай да бір синтаксистік қатынасты білдіреді.

1.1 Сөз тіркесінің түрлері

Сөйлем ішіндегі сөздердің әртүрлі байланысуына қарай сөз тіркесі еркін сөз тіркесі және тұрақты сөз тіркесі болып бөлінеді. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздерді өзгертіп айтуға болады.
Мысалы, көрікті деген сөзді бірнеше сөзбен тіркестіруге болады: көрікті адам, көрікті жігіт, көрікті қыз, көрікті табиғат, т.б. Еркін сөз тіркесінің құрамындағы сөздер бағыныңқы және басыңқы сыңарға бөлінеді.[5]
Бағыныңқы сыңары Басыңқы сыңары
Жиырма оқушы
Тосыннан келген хабар
Кеше хабарласты
Саны он үш
Сөз тіркесі құрамына қарай екіге жіктеледі:
1) жай сөз тіркесі;
2) күрделі сөз тіркесі

Синтаксистік жай тіркес
Синтаксистік күрделі тіркес
Үйде қалды, әдемі қыз, гүлді суару, үйдің есігі, қызыл түлкі, орындалған арман, ақ көйлек, гүрілдеген трактор, кенеттен тоқтау, сөйленген сөз, сарғыш гүл, өнерлі бала, қуанышты хабар, сыпайы мінез.
Телефон арқылы сөйлестім, ит өлген жерден келді, асығып-үсігіп шыға жөнелу, көпір арқылы өтті, сары ала қаз, үйден кетіп қалды, кешке қарай келді, жиырма екі үй, күлімсірей қараған баланың күлкісі

Жай сөз тіркесінің құрамы екі сөзден ғана құралады. Мысалы, орманды өлке, әдепті оқушы, асыққан жолаушы, екеуі кездесті, түсі қара, таулы өңір, тастақ жер, көпірден өту, әңгімелескен адам, т.б.
Күрделі сөз тіркесі үш немесе одан да көп сөзден құралады. Мысалы: әдепті оқушының мінезі, орманды өлкені аралау, асыққан жолаушыға жол көрсету, кездейсоқ кездескен екі достың әңгімесі, қара түсті ат мінген жолаушы, гүлге оранған өлке, тасыр-тұсыр шапқан ат, т.б.

Тұрақты сөз тіркесі - екі немесе одан да көп сөздің бастапқы мағынасы ескерілмей, бір ұғым ретінде қолданылып, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы.
Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы әкесіне тіл тигізу - не істеу? деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.[6]
Тұрақты сөз тіркесі
Білдіретін мағынасы
Ағаш атқа мінгізді (қайтті?) Ағаштан түйін түйген (қандай?)
Әліпті таяқ деп білмейді (қайтпейді?)
Басқан ізін білдірмеді (қайтпеді?)
Беті бүлк етпеді (қайтпеді?)
Гүлдей солды (қайтті?)
Дамыл таппады (қайтпеді?)
Екі аяғын бір етікке тықты (қайтті?)
Жаны ашыды (қайтті?)
Зәресі зәр түбіне кетті (қайтті?)
Иманын ұшырды (қайтті?)
Сөз қылды, келеке қылды.
Аса шебер, өте өнерлі
Хат танымайды, сауатсыз (қандай?)
Істегенін сездірмеді (не істеді?)
Ұялмады, қысылмады
Сары уайымға салынды
Тыныштық көрмеді, демалмады
Састырды
Аяды, есіркеді, мүсіркеді
Қатты қорықты, үрейі ұшты
Қорқытты, үрейін алды
Тұрақты тіркестер өз алдына сөз тіркесі бола алмайды, тек сөз тіркесінің бір сыңары болады Мысалы, әкесіне тіл тигізу - не істеу? деген бір сұраққа жауап береді, бір ғана ұғым атауы болады.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.
Есімді сөз тіркесі
Етістікті сөз тіркесі
Тұрғын үй, орындалған арман, балаға мейірімді, көп қабатты үй, жүгіріп келген бала, өнегелі өмір.
Үйге келу, жиналысқа қатысу, телефон арқылы сөйлесу, ерінбей еңбектену, ауланы тазалау, т.б.
Сөз тіркесінің құрамындағы сөздің екінші басыңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік болса, ол есімді сөз тіркесі деп аталады, басыңқы сыңары етістік болса, етістікті сөз тіркесі болады.
Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады: 1) жалғау арқылы; 2) шылау арқылы; 3) орын тәртібі арқылы; 4) интонация арқылы.[7]
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.
Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты,ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.
Сөздер интонация арқылы да байланысады.
Мысалы, Абай - ақын, Сәбит - жазушы, мектеп - кеме, білім - теңіз, т.б.[8]

1.2 Байланысу тәсілдері

Сөз тіркесі болу үшін сөздер белгілі заңдылықпен байланысады. Сөздер бір-бірімен төрт тәсіл арқылы байланысады:
1) жалғау арқылы;
2) шылау арқылы;
3) орын тәртібі арқылы;
4) интонация арқылы.
Сөздердің септік, жіктік, тәуелдік жалғаулары арқылы байланысуы жалғау арқылы байланысу деп аталады. Мысалы, достардың кеңесі, мектепке келу, ата-ананы құрметтеу, кітапта жазылған, апасынан сұрау, үлкендермен ақылдасу, біз дайындаламыз.
Сөздер шылау арқылы да байланысады. Мысалы, досым үшін ұялдым, күн сайын жаттықты, ата-анасымен бірге барды, сабақтан кейін дайындалды, гүл мен жапырақ, қалам және қарындаш, т.б.
Сөздер бір-бірімен орын тәртібі арқылы байланысады. Мысалы, ашық мінез, жапырақты ағаш, өнегелі өмір, берілген тапсырма, жылы жаңбыр, биік мақсат, аталы сөз, кәсіби шеберлік, т.б.
Сөздер интонация арқылы да байланысады. Мысалы, Абай - ақын, Сәбит - жазушы, мектеп - кеме, білім - теңіз, т.б.
Қазақ тіліндегі сөздердің байланысуының бес түрі бар:
1) қиысу;
2) матасу;
3) меңгеру;
4) қабысу;
5) жанасу.[9]
Қиысу - сөз бен сөздің жіктік жалғауы арқылы немесе жіктелу ретімен бастауыштық және баяндауыштық қатынаста жақ жағынан үйлесе байланысқан түрі. Мысалы, Мен оқимын (І ж.), сен оқисың (ІІ ж.), олар келеді (ІІІ ж.), біз дайындаламыз (І ж.).
Матасу - сөз бен сөздің ілік септік жалғауы мен тәуелдік жалғауы арқылы байланысуы. Мысалы, Алматтың үйі, ағаштың бұтағы, менің жолдасым, т.б.
Меңгеру - сөз бен сөздің барыс, табыс, жатыс, шығыс және көмектес септік жалғаулары арқылы байланысқан түрі. Мысалы, балаға мейірімді, үзілісті күту, тауда жолығу, мектептен келу, еңбекпен табу, т.б.
Қабысу - сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы іргелес байланысқан түрі. Мысалы, кең бөлме, орындалған арман, тоғызыншы сынып, үйдегі қызық оқиға, т.б.
Жанасу - сөз бен сөздің ешбір жалғаусыз, кейде алшақ кейде іргелес тұрып байланысуы. Мысалы, телефон арқылы сөйлесу, үйге дейін бару, әдейі келу.
Сөз тіркесіндегі бағыныңқы сөз басыңқы сөзбен қарым-қатынасқа түскенде, бір жағынан, сол тіркеске тән лексика-грамматикалық мағына да пайда болады. Сөз тіркесіндегі грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің арасындағы үш қатынастан пайда болады. Олар: анықтауыштық қатынас, толықтауыштық қатынас және пысықтауыштық қатынас.
1. Анықтауыштық қатынас матаса, қабыса байланысқан есімді тіркестерге тән. Бесінші сынып, алтын сақина, менің інім, біздің қала, орындалған арман. Анықтауыштық қатынас басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге қандай? қай? кімнің? ненің? қандай? қанша? неше? нешінші? деген сұраулар қою арқылы анықталады.
Анықтауыштық қатынастағы лексика-грамматикалық мағына бағыныңқы сөз бен басыңқы сөздің лексикалық ерекшеліктеріне сәйкес даралық, нақтылық сипат алады. Матасу байланысындағы сөз тіркесі мынадай лексика-грамматикалық мағыналарға ие. Менің киімім - затқа меншіктілік, Тілектің әпкесі - туыстық, үйдің терезесі - бүтіннің бөлшекке қатынасы.[10]
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің беретін лексика-грамматикалық мағыналары: салқын жел - табиғи күй, ақ қар, көк шөп, қызыл гүл - заттың түсі, тәтті тамақ, ащы сорпа - тамақтың дәмі.
Бұл тіркестегі сөздердің бәрі сын есім болып, заттың әртүрлі сынын білдіруі олардың грамматикалық мағынасы болса, әр сөздің өзіне тән мағынасы лексикалық мағына болады. Сол лексикалық мағыналары арқылы бағыныңқы сөз басыңқы сөздің белгілерін, қасиеттерін даралайды, нақты сипат береді.
2. Толықтауыштық қатынас меңгеру байланысындағы есімді және етістікті тіркестерге тән. Басыңқы сөзден бағыныңқы сөзге кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? немен? деген сұрау қою арқылы анықталады, бағыныңқы сыңары басыңқы сыңардың тура я жанама объектісін, я сол объектіге қатысын білдіріп тұрады. Мысалы, тазалықты сүю, ойларын білдіру, жиналысты басқару, сөзге жауап қату.
3. Пысықтауыштық қатынас меңгеру, қабысу және жанасу байланысындағы етістікті тіркестерге тән. Сұрақтары: қайда? қайдан? қашан? қайтіп? қалай? не мақсатпен? не үшін?
Пысықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері мынадай лексика-грамматикалық мағынада жұмсалады: істің мезгілі, мекені, қимыл-сыны, мақсаты, себебі. Мысалы, оқу үшін келді, әдейі барды, жалтақтап қарау, биыл ашылмақшы, жалп етіп құлау.[11]

Синтаксистік қатынастың түрлері
Байланысу түрлері
Сұрақтары
Мысалдар
Анықтауыштық қатынас
Матасу,
қабысу
Кімнің? Ненің?
Қандай? Қай? Қанша? Неше? Нешінші?
Адамның өмірі, екінші мамандық, уылжыған жүзім, шеткі үй.
Толықтауыштық қатынас
Меңгеру
Кімге? Неге?
Кімді? Нені?
Кімде? Неде?
Кімнен? Неден?
Кіммен? Немен?
Балаға мейірімді, жұмысты жандандыру, үзілісті күту, адамды сыйлау, ата-анасымен ақылдасу.
Пысықтауыштық қатынас
Меңгеру, қабысу,
жанасу
Қашан? Қайдан? Қайда? Қалай? Не үшін? Не себепті? Не мақсатпен?
Кештете келді, бүгін келді, былтыр ғана жеңіп ем, қасақана кешікті, оқу үшін келді, т.б.

2 ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Есімді сөз тіркестері -- сөз тіркесінің басыңқы сыңары есім сөз болып келетін түрі. Мұндай сөз тіркесінің ұйытқы сөздері (басыңқылары), негізінен, зат есім және сын есім, сан есім сияқты есім сөздер болады да, бағыныңқы сыңарлардың қызметін есім сөздердің бірі немесе етістіктің есімше түрі атқарады: "қалың тоғай", "жақсының сөзі", "екінің бірі", "оқылған кітап".
Есімді сөз тіркестерінің сыңарлары қабыса, матаса, меңгеріле байланысады. Байланысу формаларының бір-бірінен елеулі айырмашылықтары болуымен бірге, байланысудың бір формасының да өз ішінде ерекшеліктері болады.[12]
Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері, зат есім мен зат есімнің тіркестері түрінде ("алтын сақина", "темір пеш", "бір үйір жылқы", "бір үзім нан", "қалта сағат"), сын есім мен зат есімнің тіркесі түрінде ("жақсы дос", "сұлу әйел", "ақ қағаз", "аласа бойлы азамат", "ат жақты жігіт"), сан есім мен зат есімнің тіркесі түрінде ("оныншы сынып", "отыз студент", "он шақты қой", "бес-алты дәптер"), есімше мен зат есімнің тіркесі түрінде ("көрінген тау", "сөйлейтін адам", "орылған шөп"), есімдік пен зат есімнің тіркесі түрінде ("мына үй", "ана жол", "нешінші пәтер?", "барлық халық", "өз еңбегі"), үстеу мен зат есімдердің тіркесі түрінде ("қазір осында", "бүгін көңілді", "әлі тып-тыныш") кездеседі.
Матаса байланысқан есімді сөз тіркестері байланысудың табиғатына сай ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің тіркесі болып шығады ("қораның шатыры", "құстың сұлуы", "отыздың екеуі", "менің әкем").
Меңгеріле байланысқанда басыңқы мен бағыныңқы сыңарлардың септік (іліктен басқа) жалғаулары арқылы тіркеске түсетіні белгілі ("жанға бай", "жақсылыққа үйір", "сенімен тұстас", "сайлауға әзірлік"). Осының барлығынан да сын, сапа, меншіктілік сияқты синтаксистік мағыналар туындап отырады.
Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері -- сілтеу, сұрау және жинақтау-есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, мына кітап, ана тау, осы қала, қай аудан?, қандай мәселе?
Есімдіктердің сөз тіркесінің құрамындағы анықтауыштық мағыналары бірдей емес.[13]
С і л т е у есімдіктері заттың айтушыға алыс-жақындық бағдарын нұқсап көрсетіп анықтайды:
Ол осы өзенді жағалап Кремль жаңтасы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау! (Ә. Әбішев) Бұл -- сонау Ұлытаудын, қазағы Олжай дейтін (Ә. Әбішев) Бұл сөзді Сырбай қашан да кеудесін кере алған деммен айттып келеді (С. Мұқанов).
Сұрау есімдіктері ол құрамда заттын, сұраулық сапа қатынасын білдіреді, мысалы, қай қала? неше мектеп?, қандай адам, қанша саулық?
Мұндай құрамда айтылатын сұрау есімдіктері -- қабыса байланысатын анықтауыштарға (сын есім, зат есім, сан есім, есімше және сілтеу есімдіктерінен болған анықтауыштарға) қойылатын сұрақтар.
Басқалары қабыса байланысатын анықтауыштардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ, ОЛАРДЫҢ СЫҢАРЛАРЫНЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Ә. КЕКІЛБАЕВТІҢ АҢЫЗДЫҢ АҚЫРЫ РОМАНЫНДАҒЫ ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ЖАСАЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Түркі тілдерінде қалыптасқан изафет
Сөз және күрделі сөз тіркестері
Сөз тіркесінің синтаксисі
ҚАБЫСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСІ
Үстеулердің үстеулер тіркесі
Сөз тіркестері туралы
Есімді сөз тіркесі етістікті тіркес
Сөздердің тіркесу тәсілдерінің байланысу формалары
Пәндер