Жеткізілім шартының міндеттемесі


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университиті
Экономика және құқық институты
Азаматтық құқық пен іс жүргізу кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Жеткізілім шартының міндеттемесі»
пән: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы
Мамандығы:5В030100 - Құқықтану
Орындаған: Жұмаханов Т., 2 курс студенті
18-400-13
Ғылыми жетекшісі: Ахмединова К. К. аға оқытушы
Курстық жұмыс қорғалды
2020 ж.
Бағасы
Қостанай, 2020
Мазмұны
Жеткізілім шартының міндеттемесі . . .
2. 1 Жеткізілімі шартынын элементтері . . . 2. 2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері . . .
3
6
6
9
17
18
22
24
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткізілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келгсн салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді.
Жиынтықталмаған тауарлар жеткізілген жағдайда сатып алушы оны толымды жиынтықтауға міндетті. Сатып алушыдан талаптарды алған күннен бастап тауарды толымды жиынтықтауды немесе тауарды жиынтық тиісті тауарға ауыстыру жиырма күн ішінде жасалу керек.
Қазақстан Республикасында республика аумағында орналасқан тауарлар шығарылатын жердің атауларына құқықтық қорғау берiледi. Басқа мемлекеттегi тауар шығарылатын жердiң атауын құқықтық қорғау, егер осы атау тауар шығарылатын елде, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тіркелген болса, Қазақстан Республикасына берiледi.
Тауар шығарылатын жердiң атауын заңсыз пайдалану үшiн жауапкершiлiктің жалпы ережелері АК-ң 1037-бабында белгіленген [1] . Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалануға құқығын иеленушi тұлға, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұйымдар бұл атауды заңсыз пайдаланушыдан оны пайдалануды тоқтатуды, тауардан, оның қорабынан, бланкiлерден және басқа да құжаттамадан заңсыз пайдаланылған атауды немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiнi алып тастауды, атаудың немесе олармен араласу дәрежесiне дейiн ұқсас белгiнiң дайындалған бейнелерiн жоюды, ал егер бұл мүмкiн болмаса, тауарды және (немесе) оның қораптарын алып тастау мен жоюды талап ете алады. Тауар шығарылатын жердiң атауын пайдалану құқығын иеленушi тұлға осы құқықты бұзушыдан Азаматтық кодексінің 9-бабына сәйкес келтiрiлген залалдарды өтеудi талап етуге құқылы.
Тауар жеткізілімінің он күндік, тәуліктік, сағаттық және басқа да кестелері бекітілуі мүмкін. Шарттың міндеттемелердің орындау күні болып өнімді тауар беруші көлік органына берген, немесе тауар берушінің қоймасында тауарларды алғаны туралы сатып алушының тауарларды қабылдаған қолхатында белгіленген күні есептеледі. Тауар жеткізілімі мерзімінен бұрын жасауға сатып алушының келісімі болғанда жол беріледі. Мерзімінен бұрын жеткізілген жәнс оларды сатып алушы қабылдап алған тауарлар келесі кезеңде жеткізілетін тауарлардың санына есептеледі. Тауар жеткізілімі шартында сатушы сатып алушыға тауарды беру тәртібі өзгешелік болып табылады. Егер тауар жеткізілімі шартта өзгеше көзделмесе, сатушы тауарды (өнімді) сатып алу-шыға, немесе шартта алушы ретінде белгіленген өзге тұлғаға те-міржол арқылы немесе өнімді автомобиль көлігімен тиеп жіберуге міндетті. Яғни, жалпы тәртіп бойынша сатушы тауарды сатып алушыға жеткізуге міндетті. Егер шартта жеткізіп беру көліктің қандай түрімен және қандай жағдайларда жүзеге асырылатыны белгіленбесе, онда заң актілерінен, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, көліктің тандау құқығы немесе тауарларды жеткізу жағдайын белгілеуі тауар берушіге жатады.
Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі [2] . Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға нсмесе барынша ұзак мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісшше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.
Тауар жеткізілімі шартында шарттың затымен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын, бағасын анықтайтын, жекткізілетін өнімнің спасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері: тауар жеткізілім шартыны міндеттемелерін, заңдылығын, талапқа сай орындалу құқықтарын зерттеу.
Курстық жұмыс міндеттері. Қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі міндеттер бар:
- жеткізілім шартының мәселелері жайлы көзқарастарды қарастыру,
- жеткізілім шартының міндеттемесін зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық тәртіп түсінігін қарастыру,
- азаматтық құқықтың негізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын анықтау,
- жеткізілім шартының міндеттемесінің қызметін және оның қағидаларын анықтамалау,
- құқықтық тәртіп, заңдылығындағы тәртіптің арақатынасын анықтау,
- заңдылықтың сақталмау түрлерін қарастыру,
- азаматтық құқықтың даму тенденциясын зерделеу,
Курыстық жұмыстың құрылымы: жұмысы екі тарау, кіріспе және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Тауар жеткізілім шарты
1. 1 Жеткізілімі шартының негізгі ұғымы
Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде) .
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақ мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен) тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.
Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға нсмесе барынша ұзак мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісшше бір жылға немесе шарт талаптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.
Тауар жеткізілімі шартында шарттың затымен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын, бағасын анықтайтын, жекткізілетін өнімнің спасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар к-зделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан, және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақты мерзімді деп аталады. Оны тауар беруші бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Шарттың жағдайларының бәрін оның жүргізу кезеңдерінде келісіп алуға болады. Кейбір жағдайларда, ұзақ мерзімді шарттарда олар күнтізбелік жылға немесе одан да ұзақ, бірақ шарттар жасалған жалпы мерзімнен аз мерзімге келісіледі. Егер ұзақ мерзімді шартта берілуге тиіс тауардың саны немесе өзге де шарт талаптары бір жылға немесе барынша ұзақ мерзімге белгіленсе, шарттың қолданылу мерзімі біткенге дейін кейінгі кезеңдерге жағдайлар бойынша тараптардың келісу тәртібі белгіленуге тиіс. Шартта келісу тәртібі болмаған жағдайда шарт тиісінше бір жылға немесе шарт тараптары келісілген ұзақ мерзімге жасалған болып табылады.
Тауар жеткізілімі шартының таратары болып кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын субъектілер табылады. Азаматтық айналымнан алынбаған заттар тауар жеткізілімі шартының пәні болады. Тауар жеткізілімі шарты кейбір жағдайларда азаматтық айналымда шектелген мүлікті өтеулі түрде өткізуді көздейді. Қару-жарақ және айналымнан алынған басқа мүліктердің жеткізілуі азаматтық-құқықтық нормаларымен емес, басқа құқықтық тетігімен реттеледі. Тауар жеткізілімінің пәні болып табылатын заттар тектік белгілерімен айқындалуы мүмкін, бірақ шарт орындалған кезінде олар басқа тауарлық массадан бөлініп жеке сипаттар арқылы анықталатын мүлікке теңестіріледі. Шарт пәні заты алғашқы шарт жасасқан кезде де жеке сипаттарымен айқындалатын зат бола алады.
Азаматтық құқықтық нормалары тауар жеткізілімін қатынастардың белгіленген кезінде, жалпы емес, ал арнайы сипаттарына жатады, тауар жеткізілімін мәнігне қарай айтуға болады, тауар жеткізілімі шартының пәні заттан басқа, мүліктік құқық және азаматтық құқықтың объектілері бола алмайды.
Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшіліктерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу Тауарлардың, жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң кемшіліктерi салдарынан келтiрiлген зиянды өтеу негiздерi АҚ-нің 947-бабында көзделген. Яғни, тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) конструкциялық, рецептуралық немесе өзгедей жеткiлiксiздiгi салдарынан, сондай-ақ тауар (жұмыс, қызмет көрсету) туралы анық емес немесе жеткiлiксiз ақпараттың салдарынан азаматтың өмiрiне, денсаулығына немесе мүлкiне не заңды тұлғаның мүлкiне келтiрiлген зиян, олардың кiнәсiне және жәбiрленушiнiң олармен шарттық қатынастарда болғандығына немесе болмағандығына қарамастан, сатушының немесе дайындаушының (орындаушының) өтеуiне жатады. Осы ереже тек тауарды (жұмысты, қызмет көрсетудi) тұтынушылық мақсаттарда сатып алған жағдайларда ғана қолданылады. Тауардың кемшiлiгi салдарынан келтірілген зиянды жәбiрленушiнiң таңдауы бойынша тауарды сатушы немесе дайындаушы өтеуге тиiс. Жұмыстың немесе қызмет көрсетулердiң кемшiлiгi салдарынан келтiрiлген зиянды орындаушы өтеуге тиiс.
Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) қасиеттерi мен оларды пайдалану ережелерi туралы толық немесе анық ақпарат бермеудiң салдарынан келтiрiлген зиян жоғарыда келтірілген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.
Тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) кемшiлiгiнен туындаған зиян, егер ол тауардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) жарамдылығының (қызметтiң) белгiленген мерзiмдерi iшiнде келтiрiлсе өтелуге, ал жарамдылық (қызмет) мерзiмi белгiленбесе - тауар (жұмыс, қызмет көрсету) өндiрiлген күннен бастап он жыл iшiнде өтелуге тиiс.
Егер заң актiлерiнiң талаптары бұзыла отырып жарамдылық (қызмет) мерзiмi белгiленбесе немесе егер сатып алушы (тұтынушы) жарамдылық (қызмет) мерзiмi өткеннен кейiн қажеттi iс-әрекеттер туралы және аталған iсәрекеттердi орындамаған жағдайда мүмкiн болатын зардаптар туралы ескертiлмесе, онда зиян аталған мерзiмдер шегiнен тыс өтелуге тиiс (949-бап) .
Тауар сатушы немесе дайындаушы, жұмысты немесе қызмет көрсетудi орындаушы зиян дүлей күштiң немесе тұтынушының тауарды (жұмыстың, қызмет көрсетудiң нәтижелерiн) пайдалану немесе оларды сақтау ережелерiн бұзуы салдарынан пайда болғанын дәлелдеген жағдайларда ғана жауапкершiлiктен босатылады.
2 Жеткізілім шартының міндеттемесі
Тауар жеткізілімі шарты бойынша кәсіпкер болып табылатын сатушы (тауар беруші) сатып алушыға өзі өндіретін немесе сатып алатын тауарларды кәсіпкерлік қызметке немесе жеке өзіне, отбасына, үй ішіне және сол сияқты өзге де пайдалануға байланысты емес өзге мақсаттарға пайдалану үшін келісілген мерзімде немесе мерзімдерде беруге міндеттенеді.
Тауар жеткізілімі шартының бөлшектеп сатып алу-сату шарттарынан және қарапайым тұрмыстық сатып алу-сату шарттарынан түбегейлі айырмашылығы бар. Тауар жеткі-зілімі шарты тауарлы-материалдық құндылықтарды экономиканың кез келгсн салаларында үлестіруге (қайта үлестіруге) мүмкіншілік береді. Бұрын бұл шартқа жасанды түрде әкімшілік-жоспарлау мінез берілетін. Жеке заңнамалық шешімдер оны сатып алу-сату шартының бөлек түрі ретінде қарастыруға әкелді.
Алайда, оның функциялары сол күйінде қалады. Өндірістің жекелеген салаларын орталықтандырудың күшеюіне байланысты оның басқа сатып алу-сату шарттарынан айырмашылығы өсе түседі. Тауар жеткізілімі шарты нарық субъектілеріне өндірілген, импортталған, экспортталған өнімдерді кез-келген бағытта тарату мүмкіндігіне ие болады. Оның көмегі арқылы өндіріс құралдары, өндіріске, қажет басқа тауар алынады, тауарлардың жекелеген топтары өндірушіден бөлшектеп сатушыларға дейін жүйеленген нарық инфраструктурасына ауысады.
Тауар жеткізілімі шартының елеулі айырмашылыктарының бірі одан туындайтын құқықтық қатынастар ұзаққа созылатын болып келеді. Осыған байланысты ұзақ мерзімдер бойы шарт тараптары өнімді тиеп жіберіп, алып тұрады, тауар жеткізілімін жүзеге асыру үшін қажетті көптеген ұйымдық құқықтық шараларды қолданады.
Тауар жеткізілімі шартының жасау тәртібі оның өзгешелігі болып табылады. Шарттың жобасын алған тарап 20 күннің ішінде оны қарап, шарттың бір данасын екінші тарапқа береді. Тараптар арасында шарттың жекелеген жағдайлары бойынша келіспеушіліктер пайда болған жағдайда шарт жасауды ұсынған және басқа тараптан осы жағдайлар бойынша келісу туралы ұсыныс (келіспеушіліктер хаттамасын) алған тарап осы ұсынысты алған күннен бастап отыз күн ішінде, егер өзге мерзім тараптармен келісілмеген болса, шарттың тиісті талаптарын келісу жөнінде шаралар қолдануға не басқа тарапты оны жасаудан бас тарту туралы жазбаша түрде хабарландыруға тиіс.
Сонымен, акцентантпен қойылған ұсыныстарға жауап беру мерзімі көбею жағынан қарастырылады. Өнім тапсыру туралы ереже бойынша ол 10 күнді құрайды. Алғашқы оферентті шарт жасауға еріксіз көндіруге жол берілмейді өнім тапсыру туралы ереже бойынша сатушының (өндірушінің) шарт жасаудан басын тартқан немесе келіспеген жағдайларға байланысты сұрақтарды және келіспеушіліктерді шешу үшін сот тәртібі қарастырылған еді. Заңнамадағы осы шешім де азаматтық құқықтағы шарттың еркідігі кағидасының күшеюіне мүмкіншілік береді деп айтуға болады.
Тауар жеткізілімі шартының нысаны-жазбаша. Шартты жасау, өзгерту, бұзу немесе оның мерзімін ұзарту тараптары қол қойған келісім немесе хаттар, факстар, телеграммалар, телетайпрограммалар, радиограммалар арқылы жасалады.
Тауар жеткізілімі шартында шарттың заты мен берілетін тауарлардың санын анықтайтын жағдайларынан басқа, жеткізілетін тауарлардың номенклатурасын (түр-түрін) бағасын анықтайтын, жеткізілетін өнімнің сапасының жағдайлары да бекітілуі керек. Егер шартта осындай жағдайлар көзделмесе, екі тараптың біреуінің талабы бойынша шарт жасалмаған деп есептелінуі мүмкін. Осыған байланысты осы айтылған барлық жағдайлар тауар жеткізілімі шартының міндетті жағдайларына жатқызылған.
Шарттың қосымша жағдайлары болып өнімнің жеткізу тәртібі мен мерзімдері, есеп айырысу тәртібі, шарттың қолданылу мерзімі, жыл сайынғы спецификациялар туралы келісу тәртібі (ұзақ мерзімді шарттар жасалған кезде) .
Тауар жеткізілімі шарты әрбір мерзімге жасалады: ай, тоқсан және басқа да ұзақ мерзімге. Егер шартта оның қолданылу мерзімі белгіленбесе және ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, шарт бір жылға жасалған деп танылады. Бір жылдан астам мерзімге жасалған шарт ұзақ мерзімді деп аталады. Ұзақ мерзімді және бірқатар қысқа мерзімді шарттар бір субъектілер арасында жасалса, олар маңызы жоғары нәтижелерге әкеп соғады. Үзіліссіз екі жыл көлемінде және одан да көп жылдарда күші бар шаруашылық байланыстар ұзақ мерзімді деп аталады және оны тауар беруші (өндіруші) бір жақты тәртіппен бұзуға құқығы жоқ. Осы тәртіп Қазақстан Республикасында орналасқан өндірушілермен (тауар берушілермен) тура және ұзақ түрде орнатылған шаруашылық байланыстарға қолданылады.
Тауар белгiсi субъектінің дараландыру құралы ретінде Тауар белгісі - ол бір кәсіпкердің (заңды немесе жеке тұлғаның) тауарларын немесе көрсететін қызметтерін екінші бір кәсіпкердің (заңды немесе жеке тұлғалардың) осы тектес тауарларын немесе көрсететін қызметтерінен ажыратуға мүмкіндік беретін таңба. Тауар белгісі бойынша қоғамдық қатынастар ҚР Азаматтық кодексімен қоса, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңымен реттеледі.
Тауар таңбасы ретiнде кез келген бояулы түсте немесе бояулы түстер үйлесiмiнде орындалған бейнелеу, сөз, әрiп, цифр, көлем белгiлерi және өзге де белгiлер немесе бiр тұлғалардың тауарлары мен қызметтерiн басқа тұлғалардың бiртектес тауарларынан немесе қызметтерiнен ажыратуға мүмкiндiк беретiн олардың аралас үлгiлерi тiркелуi мүмкiн. Тауар таңбасын тiркеуге келесі жағдайларда жол берілмейді: 1) тауарлардың белгiлi бiр түрiн белгiлеу үшiн жалпыға ортақ қолданысқа енген тауар таңбалары; 2) жалпыға ортақ қабылданған рәмiздер мен терминдер болып табылатын тауар таңбалары; 3) тауарлардың түрiн, сапасын, санын, қасиетiн, мақсатын, құндылығын, сондай-ақ олардың шығарылған немесе өткiзілген жерi мен уақытын көрсететiн; 194 4) тауарларды немесе көрсетiлген қызметтердi белгiлеу үшiн пайдаланылатын олармен тiкелей сипаттық және (немесе) ұқсастық байланысы бар тауар таңбалары.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz