Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер технологиясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті
Рысдаулетова Айнаш Болатовна
Заманауи сәндік бұйымдарды жасауда жүн өңдеудің дәстүрлі әдіс- тәсілдерінің технологияларын пайдаланудың маңызы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В012000- мамандығы - Кәсіптік оқыту
Шымкент, 2020

Қорғауға жіберілді
Көркем еңбек және бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі__________Л. Ахмет
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Заманауи сәндік бұйымдарды жасауда жүн өңдеудің дәстүрлі әдіс- тәсілдерінің технологияларын пайдаланудың маңызы
5В012000- мамандығы бойынша - Кәсіптік оқыту
Орындаған Рысдаулетова А. Б.
Ғылыми жетекшісі Дуйсеманова Ж.А.
аға оқытушы
Норма бақылаушы Ережепова М.
магистр
Шымкент, 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1. Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер
технологиясы
1.2 Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың қол өнер бұйымдарын
жасауда бейнелі ойлау қабілетін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Мектептегі көркем еңбек сабақтарындағы қолөнер
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2. Заманауи сәндік бұйымдарды жасауда жүн өңдеудің дәстүрлі әдіс-
тәсілдерінің технологияларын пайдаланудың маңызы
2.1 Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізінде оқушылардың
шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.2 Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізінде оқушылардың
шығармашылығын дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
Кіріспе
Тaқырыптың өзeктiлiгi. Әрбір қоғамның әлеуметтік - экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз Қазақстанда шығармашылық жеке адамды дайындау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік сұранысын қамтамасыз ету мақсатында творчестволық тұрғыда ойлаушы, тәуелсіз жеке адамды, дербес шешім қабылдауға бейім ұрпақты тәрбиелеу - бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр. Шығармашылық жеке адамды қалыптастыру педагогикалық психология ғылымының кейбір жақтарын жаңаша қарауды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында білім беру жүйесінің жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған ролі атап көрсетілсе, осы заңның 41-бабында: педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандартында көздеген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің көрінісін, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті, - делінген. Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептердің дамуында жағымды өзгерістер және оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен, оқушылардың жеке басының шығармашылық жақтарына терең үңіле бермейміз.Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту - өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекеттің субъектісінің творчестволық сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс кездерінде диагностикалық және творчестволық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор. Қазіргі кезде мектептердегі білімдер жүйесінен бір дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні - оқыту әдіс-тәсілдерінің жеткіліксіздігі емес немесе мектеп өмірін басқаша ұйымдастыру емес. Бүгінгі күннің негізгі талабы - білімді адамды әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасай алатын жаңаша ойлай алатын шығармашылық адамға айналдыру.
Балаларға әлемнің көп бейнелі жақтарын шығармашылық таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті (творчестволық қабілетті) ұрпақты тәрбиелеп оқыту, педагогикалық психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз. Педагогикалық психология тұрғысынан шығармашылық іс-әрекетті зерттеу, соның бір тарауы шығармашылық қабілет мәселесі аса маңызды сұрақтардың бірі.
Әрбір жеке адамның шығармашылық қабілетінің дамуының жоғары жетістігі, тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткіші емес, бұл қоғам дамуында да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.
Жұмыcтың мaқcaты: осы бір күрделі жұмысты еңбекке баулу пәні мұғалімдеріне және жас мамандарға жәрдемдесу, оларды кәсіптік бағдардың негізгі принциптерімен, ұжымдық формаларымен және тәсілдерімен, еңбекке баулуды жүзеге асырудың орнымен және жолдарымен, бастауыш мектептегі еңбек іс-әрекетінің тиімділігін арттыру мүмкіндіктерімен, еңбек пәнін жүргізуші мұғалімнің оқу - тәрбие ісі мен таныстыруға арнадық.
Қoйылғaн мaқcaтқa бaйлaныcты кeлeci мiндeттeр шeшiлдi:
- оқушыларды еңбекке баулуға байланысты қоғамның әлеуметтік тапсырысы мен мектептегі (сыныптағы және сыныптан тыс оқушылар үйірмелерінде) еңбекке дайындау шеңберінде оларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық шарттарының нақтыланбауы арасында;
- оқушыларды еңбекке баулу барысында этностық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен дәстүрлі мәдениет құндылықтарының "Технология" пәні мазмұнында жеткілікті деңгейде қамтылмауы арасында.
Зeрттeу бoлжaмы: Сондай-ақ қабілетті балалардың шығармашылық потенциялын дамытуда оқыту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу, оқыту үрдісін біршама жаңаша ұйымдастыруды да негізге алу қажет.
Жeтeкшi идeя: Қазақ халқының ғасырлар қойнауынан жеткен ұлттық құндылықтарды мектептің еңбекке дайындау бағытындағы оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану.
Зeрттeу әдicтeрi: Философиялық, әлеуметтік, этнографиялық, фольклорлық, психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, этнопсихологиялық әдебиет-терді тақырып бойынша зерделеу, теориялық тұрғыда талдау;
Зeрттeу пәнi: еңбекке дайындау бағытында 5-9 - сынып оқушыларының этностық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары.
Зeрттeу жaңaлығы: ұлттық мәдениеттің құрылымы мен тәрбиелік әлеуетін зерделеу;
- сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қолөнер технологиясы зерделеу;
- 5-9- сынып оқушыларының этностық мәдениетін еңбекке дайындау бағытында қалыптастырудың теориялық моделін жасау;
- оқушыларының этностық мәдениетін мектептің еңбекке дайындау бағытында қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;
Зeрттeудiң тeoриялық жәнe әдicтeмeлiк мaңызы
қоғам, табиғат пен ой-пікірдің даму заңдылықтары, халықтың рухани мәдениеті, этномәдени білім және адамзаттық құндылықтар, іс-әрекет теориясы, еңбекке және кәсіпке баулу теориясы, этнопедагогикалық білім беру жайлы тұжырымдамалар, жеке тұлғаның еңбектегі даму заңдылықтары туралы философиялық, психологиялық, педагогикалық қағидалары алынады.
Жұмыcтың құpылымы жәнe көлeмi: Диплoм жұмыcы кiрicпeдeн, eкi тaрaудaн, қoрытындыдaн, әдeбиeттeр тiзiмiнeн жәнe қocымшaдaн тұрaды.
1 Сәндік қолданбалы өнер элементтерінің негізіндегі көркем қол өнер
технологиясы
1.1 Көркем еңбек сабақтарында оқушылардың қол өнер бұйымдарын
жасауда бейнелі ойлау қабілетін арттыру
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізііп, халқымыздың рухани мұрасын зерттеп-зерделеуге көңіл бөлініп, тәлімдік, тағылымдық әдет-ғұрыптарымыз, салт-дәстүрлеріміз ұлттық өнеріміз педагогика ғылымы тұрғысынан қарастырылып, этнопедагогика өз алдына дербес сала ретінде қалыптаса бастағаны баршамызға мәлім. Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат мұраттарының ең бастысы - өз халқының, өз ұлтының тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері жайлы И.Г.Песталоцци, Д. Дидро, А.Дистерверг, Я.А. Коменский, К.Д. Ушинский, Н.К. Крупская, А.В. Луначарский, С.Т. Шацкий, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский, сондай-ақ Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, А.П.Сейтешев, Н.Д.Хмель Н.Н.Хан, М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева, Қ.К.Жампейісова Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық ой-пікірлер қалдырды.
Халықтың қалыптасқан тәрбие тәжірибесін оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы Г.Н. Волков, Я.И. Ханбиков, М. Сейфуллаева, А.Ш. Гашимов, Т.Г.Тимошина, М.И. Стельмакович, Н.Сафаров, С.Қ.Қалиев, М.Х. Балтабаев, Қ.Б. Жарықбаев, Ә.Табылдиев, С.А. Ұзақбаева, Р.К.Толеубекова, К.К.Қожахметова, Ж.Ж. Наурызбай, Р.К.Дүйсенбінова, Қ.Қ.Шалғынбаева, С.Қ.Әбілдиналар өз еңбектерінде тұжырымдады.
Бүгінгі күні де бала тәрбиесі айырықша мәнге ие. ХХІ ғасырдағы тасқындаған толассыз ақпараттар, қоғамдағы күрделі өзгерістер аясында өмір сүріп жатқан жас ұрпақты тәрбиелеудің күрмеуі қиын күрделі мәселелері жеткілікті. Ғаламдану өріс алған қазіргі заманның тәрбие жүйесіне ұлттық тәрбиені дарыту одан да өзекті болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтап, уақыт тезінен өткен тәрбие тәжірибесінің ауқымды бір саласын ұлттық дәстүрлер жүйесі құрайды.Қазіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық жағдайы білікті мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты болып отыр. Саяси-әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге асыруда бәсекелестік басты орынға шықты[1,5-10б.].
Қазақстанның әлемдік білім кешеніне енуі, елімізде демократиялық қоғамның құрылуы, студенттерді жоғары сапалық деңгейде оқытуды, осы арқылы жаңа нарықтық жағдайларда болашақ мамандандарды даярлауды талап етеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасы мен 2005-2010 жылдары білімді дамыту бағдарламасы жеке тұлға даярлауды күн тәртібіне қойып отыр. Осыған орай, егеменді еліміздің білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терең, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.
Бірқатар қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде оқушылардың тәжірибесін (еңбек, эстетикалық, адамгершілік т.б.) жетілдіру мақсатында өнер түрлерін пайдалану жолдары қарастырылып, педагогикалық мүмкіндіктері ашылып көрсетілген. Мәселен М.Х.Балтабаев, Т.А.Қышқашпаев, К.Ә.Дүйсенбаев, т.б. зерттеулерінде сызу және сурет сабақтарында қолөнер арқылы тәрбие беру мәселелері сипатталады.
Адамның жалпы және жеке ерекшеліктер психологиясын, іс-әрекет психологиясын, өнерді қабылдау психологиясын, шығармашылық қиял, эстетикалық сезім, көркем ойлау салаларына байланысты ой-пікірлерді Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, М.Жұмабаев, Қ.Ералин, Ұ.М.Әбдіғапарова, Ж.Аймауытов, С.Т.Шацкий, М.Х.Балтабаев, Ф.Жұмабекова, К.Ибраева, Т.И.Жұмасаитова, Ә.Табылдиев, Қ.Б.Бержанов, Д.Кішібеков, Ш.Таубаева, Г.К.Ахметова, Г.Д.Лихачев, Э.А.Верб, Л.Ф.Балашкина, Н.А.Ветрова, Д.Б.Кабалевский, Н.В.Кузьмина, т.б. еңбектерінен көре аламыз.
Бұл зерттеулерде қоғамның даму деңгейі мен әлеуметтік сұраныс талаптарына үндес жүйеленген білім көлемі оқыту мен тәрбиелеудің басты ұстанымдарына сәйкес іріктеліп, оны меңгерту процесі педагогикалық психологияның жаңа бағыттарын басшылыққа ала отырып ұйымдастырылған жағдайда көздеген мақсатқа қол жететіні айтылады.
Д.И.Үркінбаева сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы студенттердің эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері технология пәні мұғалімдерінің кәсіби қасиеті ретінде эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың қазіргі жағдайына талдау жасаған және эстетикалық мәдениет, эстетикалық қызығушылық ұғымдарына түсінік беруге талпынған; болашақ мұғалімдердің эстетикалық мәдениетін сәндік-қолданбалы қолөнер арқылы қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталып, оларды іске асырудың әдістемесін жасаған[2,15-20бб.].
Б.Байжігітовтың Қазақ өнерінің эстетикалық табиғаты (1994) еңбегінің мазмұны бейнелеу өнерінің, қазақ халқының дәстүрлі өнері мен көркем шығармашылығының эстетикалық табиғатын, ұлттық мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдеген; Ә.Қамақовтың 4 - 6 класс оқушыларына сәндік-қолданбалы өнер арқылы эстетикалық тәрбие беру (1982) атты ғылыми-зерттеу еңбегінде қолданбалы қолөнер сабақтарында оқушылардың өнер туындыларын қабылдай білу және бейнелі ойлау қабілетін, эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздерін анықтай отырып, тәлім-тәрбие моделіндегі сәндік-қолданбалы өнердің мәнін, маңызын көрсеткен, бұл өнерге жас ұрпақты баулудың бүгіні мен болашағы жайында ғылыми болжамдар жасаған; Б.Ө.Құлахметов өндірістік оқытудағы жас шеберлердің (мастер) кәсіби бағдарын ұйымдастырудың педагогикалық мәселелерін қарастырып, ғылыми-әдістемелік нұсқаулар берген; С.А.Жолдасбекова жоғары оқу орындарында еңбек пәні мұғалімдерін даярлаудың жолдарын, олардың теориясы мен практикасын зерттеу жұмысының нысаны ретінде қарастырған.
Біздің зерттеуімізге арқау болған зерттеулердің дені жоғары оқу орындағы оқу-тәрбие процесінде болашақ маманның кәсіби дайындығына арналған. Ал мектеп оқушыларының қолөнер бұйымдарын жасату арқылы олардың шеберлігін қалыптастыру мәселелері жеткілікті түрде толығымен зерттелмегені анықталды. Осыған орай, аса маңызды міндетінің бірі - қолдан қолөнер бұйымдарын жасату арқылы олардың шеберлігін қалыптастыру болғандықтан, аталмыш мәселе төңірегінде зерттеу жүргізу қажеттігін ғылыми түрде айқындауға тырыстық.
Қазақстанның халықтық қолданбалы өнері, ұзақ уақыт бойы тарихи даму жолдардан өткен мәдени салада ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар ол жалпы адамзат баласының рухани мәдениетінде де танымдық және тәрбиелік қырынан қызығушылығын арттыруда. Соңғы кезде елімізде әр түрлі этностардың халықтық педагогикалық мұраларын зерттеу қарқынды жүргізілуде. Әсіресе, бұл ғылыми ізденістер танымал ғалым-педагог Г.Н.Волковтың этнопедагогика терминін енгізгеннен кейін ғана кең ауқымда қарастырылуда. Этнопедагогика термині аталмыш ілімнің ру, тайпа, халық пен ұлттың педагогикалық мәдениетін арттырудағы орнын ерекшелеуде мазмұны мен мәні жағынан дәл берілген. Ғалым өз ойын мына пікірмен қорытындылайды:Адамзаттың педагогикалық мәдениеті дегеніміз барша еңбекшілер педагогикасы, еңбек және еңбекке тәрбиелеу педагогикасы, өте әділ ескерілгендей, еңбек пен еңбекке оқыту мен тәрбиелеу барысында халықтық педагогика мәдениетінде тығыз ұқсастық бар[3,22б.].
Ғалымның бұл пікірі ата-бабаларымыздың шеберлерді өнерге - ісмерлікке баулудағы қалыптасқан дәстүрлерді өскелең ұрпақтың қарастыруында айқындала түседі. Қазақ халқының атақты ақыны А.Құнанбаев ісмерлерді тек іскерлігі мен шеберлігіне ғана емес, сонымен қатар, шеберлерді дайындайтын тәрбиелеуші болғандықтан сыйлайтын болған деген пікір қосады.
Көптеген ұлттық бұйымдар жасау орталықтарында кәсіби шеберліктің екі түрін мирас етіп қалдыру қарастырылған. Біріншісі, көршілес елді мекендердегі іс-тәжірибеге сүйене машықтанып, тәжірибелі тоқмашылардан үйреніп білу. Мысалы, қазірге дейін кей ауылдық жерлердің тұрғындары өз балаларын үйрету мақсатында туған - туысқандары мен таныстарына жіберіп отырған. Олар тәжірибелі шеберлердің жетекшілігімен түкті және түксіз кілем тоқу амалдарын жетік меңгерген.
Жас тоқымашының шеберлігін анықтау барысында қоғамдық пікірдің орны ерекше болды. Арнайы оқыту аяқталғаннан кейін әрбір шәкірт - өзі тоқыған кілемді көрсетуі тиіс.
Сәнді бұйымдар жасап, үйрену үрдісі 7-8 жастан бастап, 11-14 жасқа дейін созылған. Негізгі назарға алынғаны: оларды ең күрделі саналатын бұйымдар сызбасын салу, оны жасау шыдамдылық пен бір орында ұзақ отыру машықтарын қалыптастыру көзделді. Аталмыш машықтар шебердің жетекшілігімен қажырлы еңбектің арқасында күн сайын жетіле түсті. Нәтижесінде оқушылар бұйымның жасау,барлық күрделі технологияларымен машықтанды. Осылай ұрпақтан - ұрпаққа дәстүрлі ұлттық бұйымдарды жасау шеберлігі, тәжірибесі мен көркем және техникалық амалдары жетіп жатты.
Осы кезеңдерде балаларда ыждаһаттылық, шыдамдылық, көркемдік талғам, өзбетінше жұмыс істеу, нақтылық, ұқыптылық сияқты қасиеттер қалыптасып отырды.Төңкеріске дейінгі көшпенділік, өмір өзі діттегеніндей, отбасында балаларды кішкентай жасынан бастап қолөнермен айналысуға итермеледі. Әрбір отбасының әл-аухаты кез келген жұмысшы қолдарының есепте болып, жеке шаруашылық ұяшық құруымен байланысты болды. Сондықтан да балаларына еңбек және эстетикалық тәрбие беруде негізгі орынды отбасына жүктеді. Әдетте, отбасы көпбалалы болатын. Осындай отбасының құрылымы еңбек тәрбиесінің тиімділігіне ықпал жасады. Ата- аналарының жетекшілігімен аға-қарындастарының бірлесе істелген еңбектері отбасындағы кішкентайлардың іске машықтанып, еңбекке психологиялық дайындығы оң ықпалын беріп отырды.
Отбасы ыңғайы, қыздардың аталмыш кәсіпке қабілеттілігі, технологияның қолжетімділігі - осының тұтастай барлығы көркемөнер және әлеуметтік - адамгершілік тәжірибенің анадан қыз балаға берілуіне әсері болды. Халықтың ұлттық қолөнеріне әдеп-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал - жабдықтарда кіреді. Осы құрал-жабдықтардың шығу тарихының өзінің келешек ұрпаққа берер тәлім - тәрбиесі мол. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, сырмақ кілем, аяққап, ши, кілем, түрлі бау, арқан жіп ескен, көннен және илеулі теріден қайыс таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс аяқ, адалбақан, бесік және тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері өнерпаздар өз қалауымен жасап түрлі нақышына келтіре әшекейлеп ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп, тәрбиелеп жеткізген. Халықтың қолөнері адамдардың көркемдік талғамының қалыптасуына ерекше әсер етеді, жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие беруге қызмет етіп, оларды халықымыздың материалдық рухани мұраларын терең түсініп, оны бағалай білуге тәрбиелейді[3,22б.].
Орта мектептегі оқытудың негізгі міндеттері - білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы баланың өмірге, еңбекке, адамдарға, айналадағы ортаға, дұрыс қарым - қатынасын қалыптастыру. Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты процесс, бір нәрсенің екі жағы сияқты. Тәрбиелік сабақтың мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу және тәрбие міндеттерін шешеді. Көркем еңбек сабағында ұлттық тәрбие берудің міндеті жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болғандықтан, жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөлігі ұлттық қолданбалы қолөнерді технология сабағында қолдана білу болып табылады. Мұны орындау үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1.Оқушыларға көркем еңбек сабағында ұлттық тәрбие беруге шығармашылық іс-әрекеттерді меңгеру талап етіледі. Өйткені, көркем шығармашылық іс-әрекеттердің күнделікті пайдаланып жүрген оқыту әдістерінен айырмашылығы бар. Яғни, жаңа жағдайдагы оқыту технологиясы деп отырғанымыз - халық мұрасындағы қолданбалы қолөнері арқылы ұлттық тәрбие беру ұстанымының өзара тығыз байланыстыгы. Демек, бұнда ұлттық тәрбие беруде бірінші орында оқушы тұрады және оның білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Көркем еңбек сабағында ұлттық тәрбие берудің негізгі түрлері -тәрбие берудің дербес және топтау түрлері. Бұл жерде алға қойған басты мақсат оқушыға деген сенім, ұлттық қолданбалы қолөнерге қызығу мүмкіндіктеріне сүйеніп, ұлттық қадір - қасиет сезімін дамыту. Ал, оқытудың фронтальды түрлері, көбінесе бағыт беру, талқылау және түзету енгізуге ғана пайдаланылады[4,225-226бб.].
3.Жаңа технологияның мақсаты бойына технологиялық білімін жетілдіру үшін пайдаланылатын әдістемелік құралдар оқушылардың танымдылық іс-әрекеттерін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан, оқушылардың технологиялық білімін жетілдіру үшін жаңа типтегі оқулықтар қажет-ақ.
Қазақ халқының қол өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, аудиокөрнекілік, практикалық, салыстыру, теңестіру, ақпараттық, эвристикалық, қорытындылау, іздестіру және т.б.) пайдаланамыз
Оқушының шеберлігін қалыптастыру мақсатында қазақ халқының қол өнерін оқытуды ұйымдастыру: мұғалімді оқушылардың ақыл-ойы мен практикалық іс-әрекетін белсендендіретін және олардың жүзеге асуын қамтамасыздандыратын оқыту формаларына, әдістеріне бағдарлауға; оқушылардың қазақ халқының қол өнерін үйрену барысындағы іс-әрекетін ұйымдастыруда орындаушылық іс-әрекетінің шығармашылық ізденіспен ұласуына; қазақ халқының қол өнерін үйрету процесінде технологиялық мәдениеттің барлық компоненттерін дамытуға; оқушыларды қазақ халқының қол өнер түрлерімен жұмыс жасауда мақсат қоя білуге, ақпарат алып, оған талдау бере білуге, жұмыс сапасының өлшемдерін анықтауға, техникалық құжаттарды жасауға қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды сұрыптауға, жоспарды құра білуге, технологиялық тапсырмаларды ұйымдастыруға және орындауға, іс-әрекет нәтижелерін бағыттап, бақылауға, өзіндік талдау мен өзіндік баға бере білуге үйретуде; қазақ халқының қол өнер түрлерін жасау процесінде оқушылардың оған деген қызығушылығын, сұранысын арттыруға, онымен әсерленуіне; қазақ халқының қол өнер түрлерін меңгеру барысындағы іскерлігі мен дағдысын мақсатты бірізділікте, кезеңдеп қалыптастыруға; мұғалім, оқушылар мен ата-аналардың ынтымақтастық қарым-қатынаста, ынтымақтастық шығармашылыққа жұмыс жасауына; мұғалімнің оқу материалдары мен қазақ халқының қол өнер түрлерін оқыту әдістемесін ұдайы жаңартып, жетілдіріп отыруына ықпал етті[5,76-78бб.].
Анықтау экспериментінің нәтижесі оқушылардың қазақ халқының қол өнері түрлерінен білімінің төмендігін, Көркем еңбек пәні сабағында қол өнер түрлерінің технологиясын жан-жақты меңгеруге, технологиялық шеберлікті қалыптастыруға байланысты жұмыс формалары мұғалімдердің бұл саладан арнайы даярлықтарының жоқтығына байланысты ішінара қарастырылатынын көрсетеді.
Бұны мұғалімдердің сауалнамаларға берген жауаптары дәлелдейді. Мысалы, Көркем еңбек пәні бағдарламасында берілген қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері технологиялық мәдениет проблемасын толығымен шеше алады деп ойлайсыз ба? деген сауалға: 15% - иә, 52% - жоқ, 20% - ойламаппын деп жауапсыз берсе, 10% - сұрақты жауап қалдырды. Мұндай көрініс мұғалімдердің бағдарламаға енгізілген тақырыптармен ғана шектелетінін, оқушылардың технологиялық шеберлігін қалыптастыру мәселесінің шешімін өздігімен дербес іздестірмейтіндігінен туындап отыр. Сынып жетекшілерінің тәрбие жұмыстарына жасаған талдау да қарастырылып отырған мәселеге аса мән бермейтінін айғақтайды.
Біз осының бәрін ескере отырып оқушылардың технологиялық шеберлігін қалыптастыру мақсатында бүгінгі негізге алынып жүрген 8-ші сыныпқа арналған Көркем еңбек пәні бағдарламасының Қол өнер элементтері. Тігін бұйымдарының сән үлгілері, Түксіз кілем тоқу бөлімдеріне педагогикалық талаптарды, оқушылардың меңгеретін білім, іскерлік, дағдысын, шеберлігін ескере отырып қосымшалар жасадық. Бұл бөлімдерге не бәрі 16-20 сағат көлемінде уақыт бөлінетіндіктен (бұл әрине аз) біз қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін оқушыларға меңгертуді үйірме сабағы арқылы жүзеге асыруды жөн көрдік. 5-9 сыныптармен кезеңдеп өтетін үйірме жұмысының жылдық жоспарын жасадық[6,107-113бб.].
Бағдарламаларға ендірілетін қол өнер түрлері тақырыптарының мазмұнын нақты өлшемдер арқылы (қарастырылатын мәселенің баланың жасына қарай түсінікті болуы, көркемдік құндылығы, орындалу технологиясының жеңілдігі) сұрыптадық.
Қалыптастыру эксперименттің бірінші кезеңінде Технология пәні бағдарламасының бөлімдеріне арнап жасаған қосымшалар жүзеге асты. Оқушылардың анықтау эксперименті кезінде берген жауаптарының нәтижесі, ұсыныстары ескерілді, сабақты меңгеру барысында киім тігу, кілем тоқу технологиясына, аса назар аударылды. Оқушылардың техникалық-технологиялық білімі мен іскерлігін дамытуға байланысты жұмыстар жүргізілді. Қол өнер технологиясы іс-әрекеттің нақты нәтижесін, оқушылардың танымдық және әлеуметтік қызығушылық бағдарын болжайтын практикалық-бағдарлық тәсілге негізделеді[7,121-127бб.].
Жұмыс барысында халықтың тәрбие құралдары, әдіс-тәсілдері кең көлемде пайдаланылды. Халықтың ауызекі шығармашылығындағы (ертегілер, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, әндер және т.б.) көріністер, мысалы, Ақылды қыз, Жігіт пен өнерлі қыз ертегілеріндегі тігін, кесте өнерін жетік меңгерген зерек қыздардың іскерлігі, жасаған заттарының әсерлілігі, өрнектілігі, бояуының қанықтылығы мен үйлесімділігі оқушыны өзінің жоғары эстетикалық талғамымен қызықтырып, эмоционалдық сезіміне әсер етсе, Ермек ертегісіндегі Ермек есімді кісі қызының шеберден тігін өнерін үйреніп, өздігімен жіп, мата сатып алып, кестелеп-өрнектеп, киім тігуі еңбектің арқасында үлкен жетістікке жетіп, шебер атануы оқушының еңбекке деген көзқарасының, дұрыс қалыптасуына, адами қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерінің дамуына үлкен септігін тигізді. Өнеріне қарай өрнегі, Өнерлінің өрісі кең, Өнер - ағып жатқан бұлақ, білім - жанып жатқан шырақ, Өнерлі қол - бақытқа жол, Өнерлінің қолы алтын, өлеңшінің сөзі алтын деген мақал-мәтелдер оқушыларды өнерді, қолөнерді бағалауға, оған құрметпен қарауға үйретті.
Оны оқушылардың үйріме жұмысы барысында меңгерген білім мазмұны айғақтайды. Мәселен, егер Ынталылар тобы (5-6 сынып) үйірме жұмысында: құрақ құрау, кестелеу, бастырмалау технологиясын меңгерсе, Іскерлер тобы (7-8 сынып) ши тоқу, сырмақ сыру, киіз, текемет басу технологиясының қыр-сырын меңгеріп, оны өздері дербес жасауға талпынды, ал Шеберлер тобы (9 сынып) кілем (түкті, тақыр) тоқу, ұлттық бас киімдер жасау технологиясын меңгерді, оларды жасауда шығармашылық ізденіске бағдарлады. Оқушылардың меңгерген білім, іскерлік деңгейі кішігірім (естелікке ұсынатындай) құрақ көрпе жасау, ши тоқу, тақыр кілем тоқу, Қазақтың дәстүрлі қолөнері тақырыбына шығарма жаздыру арқылы айқындалды. Тапсырмалар бойынша жасалған бұйымдардың мазмұны оқушылардың қазақ халқының қол қызығушылығын арттырып, оларды жасау технологиясынан іскерлігін шыңдаса, шығармалардың мазмұны қол өнер, ою-өрнек, сәндік өнер ұғымы саласынан теориялық, технологиялық білімінің тұрақтала түскенін, оларды күнделікті өмірде еркін пайдалана алатынын көрсетті. Алынған нәтиже оқушылардың Көркем еңбек пәнінен алған білім, іскерлігін міндетті түрде үйірме жұмыстарында логикалық бірізділікте жетілдіріп отыру қажеттігін дәлелдейді[8,64-66 бб.].
Қалыптастыру экспериментінің 3-ші кезеңінде оқушылардың сәндік-қолданбалы өнер түрлерінен меңгерген білім, іскерлік, дағдысы, технологиялық мәдениеті олардың, көрмелерге қойған шығармашылық туындылары арқылы, көрме барысында жүргізілген сауалнамалар арқылы бағаланды. Шығармашылық туындылар да, сауалнамаға берген жауаптар да оқушылардың қазақ халқының қол өнер түрлерін, соның ішінде ою-өрнек түрлерін бір-бірінен жақсы ажырата алатынын, оларға деген қызығушылығының жоғары екенін, олардың символикалық, семантикалық мәнін, дүниетанымды, адами қасиеттерді, рухани-мәдениетті дамытудағы мүмкіндігін жақсы түсінетіндігін көрсетті. Мысалы, Қазақ халқының қол өнері саған несімен ұнайды? деген сауалнамаға оқушылар: Өзінің көркемдік көрінісімен, Өзінің көпжақтылығымен, ол ши тоқуды, кілем тоқуды, зергерлік заттарды жасауды қарастырады, Ою-өрнектерінің әдемілігімен, Сезімге әсер етуімен, Оларды күнделікті өмірде пайдалануға болады, Халықтың ой-арманы мен тілек-мүддесін жеткізіп тұрғандай болады, Жоғары эстетикалық талғамымен және т.б. жауап берген.
8-9 сынып оқушыларының шығармашылық зерттеу жұмыстарына қатысып (семинар, конференция, олимпиада және т.б.), жүлделі орындарға ие болуы да олардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнеріне қызығушылығының артып, аялы көзқарасының қалыптасқанын, білім деңгейлерінің жоғарылағанын, айғақтайды. Нақты тақырыптар бойынша жазылған рефераттар мен баяндамалардың мазмұны да (Қазақтың ұлттық киімдерінің өзіндік ерекшеліктері, Өнер түрлерінің ертегідегі көрінісі, Қазақтың дәстүрлі тері өңдеу өнері, Сәндік-қолданбалы өнер - әдеміліктің символы және т.б.) оқушылардың танымдық санасының өсуінен, рухани-мәдениетінің, эстетикалық талғамының жетілгенін, мәдени мұраның қажеттілігін түсінгенін дәлелдейді[9,122б].
Оқушылардың қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері бойынша технологиялық мәдениетінің жоғары деңгейге көтерілгендігін дәлелдейді. Оқушыларымен еңбек сабақтарында тақырыпта байланысты мақал - мәтелдерді жұмбақ,өлең тақырыптар жинаған қолданған. Мұның өзі оқушыларды берілген тапсырманы орындаған деген қызығушылығын артырып, отырады деп ойлаймын. Соынмен қатар оқушылардың танымдық қасиеттерін дамытады. Оқушыларға көрнекілік көрсеткен уақытта заттардың тағы басқа тек схемасын сурет бейнесін таблицаларды жиі - жиі қолданудың қажеттілігі жоқ деп танимын. Мүмкіндігінше өнер туындыларында өзін көрсеткен дұрыс деп ойлаймын. (сандық, бесік, аяққан, тақия зергерлік бұйымдар) себебі әрбір оқушы затты қолымен ұстап көрсетеді. Олар қандай материалдан жасалғанын көреді[10,84-87бб.].
Ою - өрнектердің түр - түсін аңшлық көреді. Оқушыларға сабақ үстіне қазақтың қолданбалы өнері туралы әңгімелер (сандық, қобыз, домбыра, сыбызғы, сырнай т.б.) жүргізіліп оларды қорытынды жасап отырамын.
Сабақты жоспарлған кезде олардың психологиялық ерекшеліктеріне іс - тәжірибелеріне сүйеніп отырамын. Заттар мен бұйымдарды ртүрлі материалдардан жасалған уақытта оқушылар қазақ халқының ою өрнектері мен йшекелейді. Еңбек сабақта оқушылар қарапайым құралдармен, тиімсді әдістерді қолдана отырып жұмыс істеуге үйренеді.
Бұл оқушылардың қиялын, шығармашлықбелсенділігін арттырады. Оқушы алдындағы қиындықты жеңіп шығудың жаңаа жолдарын ойлап табуға тырысқан. Бұның өзі оқушылардың жеке басының қасиеттерінің дамуына өзінің әскерін тигзеді.Олар табандылық, еңбек сүгіштік, мейірімділік, имандылық, шыншылдық т.б.
Оқушылардың еңбек сабағында әртүрлі матриалдармен жұмыс істеуге мүмкіндігі болады. Оқушының отырып түрегеліп т.б. жағдайда жұмыс істеуге мүмкіншілік болады. Оқушы берілген тапсырманы орындаса болғаны. Мысалы еңбек сабағында колаж түкпен матамен тағы басқа сол сияқты жұмыс істеу оқушыларды өте қызықтырады[12,37-40бб].
Олар өз берінше материалдарды таңдап алады. Мысалы еңбек сабағында Әсем көбелектер деген тақырыпта оқушлар түсті қағаздарды қатырма қағазға жапсыру арқылы. Коллаж түрін пайдалану арқылы Әсем көбелектер жасады.
Ою - өрнектерді өз қалаушыларынша орналастырып, зор қуанышқа бөлінеді. Бұндай әдістер, оқушыларды жұмыс істеуге пікір алысуға, шеберлігін дамытуға көмектеседі. Өзінің халқының сәндік - қолданбалы өнеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Оқушылар қағазбен, матамен т.б. сол сияқты жұмыс істеу үнемі жалықтырып жібереді. Жаңа әдісті шебер, ұтымды пайдалан білудің оқушының шығармашлық қабілетін белсенділігін дамтуға маңызды зор деп ойлаймын[13,521-515бб.].
Қазақ халқның қолөнері сонау екі заман тарпихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ол тек қазақ халқының тарихы, басқа халықтардікі сияқты өндірістік қатынастар дамуының шежіре. Сондықтан да қазақ халқында қолөнердің қалыптасуы кезеңдерін қазақстан тарихымен байланыстыра сөз еткен дұрыс сияқты. Жалпы архивке үнілесек, ерте кездегі адамдар үнемі жоқшылықта, кемтарлықта, қиыншлықта болғанын байқаймыз. Олар табиғатқа тәуелді болды: күннің көзіне жылд, аң етін, шөп - шөгені қорек тау үнгілерін баспана, ағаш - тасты қару жарық етті.
Адамдар мыңдаған жылдар бойы үздіксіз күрес танымсыз еңбек үстінде өздерінің қару - жарақ, мекен - жайларын жетілдіре берді. Сөйтіп күрес пен еңбек адам баласының сана - сезімін оятып, тәрбиелеп өсірді, еңбекті бірлесіп істеуге үйретті. Осыдан келіп адамдардан жанасу құралы сөз пайда болды. Адамның еңбекке бейімділігі де бірте-бірте арта түсті.
Арада мыңдаған жылдар өткенде адам сүйек, мүйіз, ағаштан құрал-жабдықтар, қанжар, жебе ұштары, түйреуіш, біз, шанышқы, ине т.с.с. жасауды үйренді. Сүйек, мүйіз сияқты затттарды әшекейлеп, өрнектеу де нақ осы шамада шықты. Ас пісіру, азық-түлік запастарын сақтау үшін балшықтан тұрпайы құмыра ыдыстар жасалды. Ыдыс жарылмау үшін балшыққа уатылған әр түрлі қабыршықтар немесе құм қосылып, сыртына көп реттерді тұрпайы геометриялық өрнектер салынып, отқа күйдірілді. Аң аулау үшін садақ пен жебе жасалды, әр түрлі хайуандарды қолға үйретумен шұғлданды.

Осы уақытқа дейін мақсатты қазақ жерінде алғаш жүзеге асыру үшін көп еңбек еткен ғлым педагогы.Бүгінгі таңда Ы. Алтынсариннің бастамасы қолға алынып, балаларды ұлттық қолөнерге баулу біршама жаңдана бастады. Осы уақытқа дейін қазақтың ұлттық қолданбалы бұйымдары мен ұлттық киім- кешектерін жасауға толығымен берілмейді[16,288б].
Ұлттық бұйымдарды оқушыларға жасатқызып байқағанымыздағы кейбір баллар тапсырманы орфндай алмады. Себебі ондай бұймдарды олар бұрын көрмеген. Бұйымдарды жасау үшін сол затты әуелі баллар, көп алдына елестетіп есіне түсіреді, не үшін пайдаланады, пішіні түсі қандай материалдардан жасалған, қанша бөліктерден тұрады, не арқылы біліктірілген.
Оқушылар бұйымдарды сабақта жасайтын, ал сабақтар жеке тақырыптар түрінде белгіленіп күнтізбелік жоспар бойынша құралады. Бастауыш мектептерде еңбек пәніне оқу бағдарламасы бойынша екі сағат бөлінген.
Осыны басшылыққа ала отырып, жасалған алдарыңыздағы әдістемелік оқу қаралдарында өткізілетін еңбек түріне қарай әр сбақ жеке тоқталып, олардың тақырыптары, алдына қойған мақсаттары,сол мақсаттарға жету жолдары көрсетілген. Оқу құралдарында жеке тақытыптар бойынша жұмыс істейтін ұтаздар берілген тапсырма алсын, кеңейтіп даматып алып кетсе нұр үстіне нұр. Еңбек сабғының ойдағыдай өтуі ұғалымның оқушылармен қолданылтын әдіс - тәсілдеріне байланысты. Мұғалім осы әдістерді шебер қолдана алсы соғұрлым оқушылардың жұмыстары өте мазмұны жағынан бай әсем болады. ХХ ғасыр - ғылым мен техниканың даму шыңына жеткен ғасыры десек, ХХІ ғасырдың адам баласына қоятын талабы одан да асып жатыр. Ғылым мен техника небір шыңдарға жеткен сайын, кәсіби салада әр түрлі техникалық мамандықтар пайда болып, қазіргі жастардың мамандық таңдау мүмкіндігі де кеңейіп барады. Бүгінгі білікті маман - жұмыскер өз саласындағы өндірістік міндеттерді жақсы атқарып қана қоймай, оған қоса жобалай білу, дұрыс шешім қабылдап, шығармашылық жұмыстарды да орындай алуы қажет.
Ғылымның қарқынды дамуына және жаңа технологиялардың енуіне байланысты кез келген кәсіптік мамандыққа қойылатын талаптар үнемі өзгеріп отырады. Осыдан келіп әр адамға өмірде 2 - 3 мамандықтан игеру қажеттілігі туындайды. Ал мамандықты дұрыс таңдай білу, өз мүмкіндіктерін бағалай білуде мектепте берілген білімнің мәні зор. Егер бала техника жағына икемді болып келсе, ол міндетті түрде болашақта техника саласындағы мамандықты таңдайды. Оған - мұғалімнің технология сабақтарын ойдағыдай жүргізуі, сабақта қазіргі заманда тұрмыста, күнделікті өмірде қолданылатын бұйым-жабдықтардың жасалу әдістерін дұрыс түсіндіре алуы, сабақ барысында баланың шеберлігін арттыруы, сабақты қызықты өткізе білу арқылы баланың қол өнеріне деген қызығушылығын оята алуы себеп болады. Қазақ халқы Баланы жастан деп айтқанындай, балаға жас кезінде қандай бағыт берілсе, ол өсе келе сол бағытты өзі-ақ алып кетеді.
Одан да басқа көптеген бұйымдарды оқушылардың фантазиясына қарай ұсынуға болады. Мысалы, түрлі түсті қағаздан машина жасайтын сабақта бір түрлі машина жасау шарт емес. Оқушыларға сабақтың тақырыбын хабарлап, әр оқушыға өз қалауына байланысты машина жасату - өте тиімді. Себебі, қазіргі заманда машиналардың алуан түрі шығып жатыр. Мұндай ұсыныс алған оқушылар өздеріне ұнаған машинаның моделін жасауға кіріседі. Оқушылардың идеясы, фантазиясы іске асып қана қоймай, ол жұмысқа қызыға жұмылады. Бірақ, мұндағы ескеретін аса маңызды жай, мұғалім сабақ барысында барлық оқушыларды назарынан тыс қалдырмауы керек. Себебі, тақырып бір болғанымен, сыныпта қанша оқушы болса, сонша адамның фантазиясы іске асады. Мұғалімнің міндеті - әр оқушыға жеке-жеке кеңес, бағыт-бағдар беріп отыру [ 23. 245 б.].
Елдің экономикалық мүдделерінің дұрыс шешілуі үшін де алыс-жақындағы мемлекеттердің бізді танығаны, мойындағаны керек. Ал, осынау дүбірлі дүниеде өзіңді мойындатудың сенімді жолы-тағылымды тарихын, озық ғылымның, мәдениетің,- деп сөйлей келе, ...Біз өз тарихымызды өзгелер тұрмақ өзімізге де толық таныта алмай келе жатқан халықпыз... Бұл- әрбір азамат туған елінің, туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз. Бұл әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата-бабалары қалдырған осындай кең-байтақ өңірдің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз... Түптеп келгенде біз осыны мақсат етеміз,- деп зиялы қауымның, әсіресе педагогтардың назарын аударды. Осыған орай бүгінгі күні педагогика ғылымында ұлттық жетістіктер арқылы тәрбиелеудің жалпы айтқанда қазіргі жарық көріп жатқан материалдардағы өткен ұрпақтардың бай тарихы мен мәдениетіне тереңірек жан-жақты көз жіберсек, байқалатыны - ақиқат-ұлттық дүниетаным ізгілікті мүдделерді қажеттіліктер мен мақсаттарды қалыптастыруға барынша ықпал етіп, әлеуметтік өркениетке жету мен халықтың материалдық және рухани құндылық қатынастарын жасауда қозғаушы күш болатындығы. Ең маңыздысы, жаңа қоғамдық қатынастарды, жаңа сана-сезімді қалыптастырудың күрделі кезеңінде ұлттық дүниетанымдық көзқарасты ар-намыс тұрғысында қайратты жігермен, қажырлы еңбекпен іс жүзінде пайдалана білген жөн. Мұның ұлттық сана-сезім мен идеологияны қалыптастыруға, халықтың тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын, өнерін, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға және жастардың бойына отаншылдық сезіммен ұлттық ар-намысты қоюға ықпалы айрықша. Солардың қатарында біз қарастырып отырған қазақтың халық өнер құралдары. Бұл салада жарық көрген еңбектердің ішінде ең алдымен көңіл аударатын Ыбырай Алтынсариннің қалдырған мұрасы [27,43б.].
Педагог ағартушы қазақ халқының өнерін балалардың тәлім-тәрбиесімен тікелей ұштастырып, тұңғыш рет өнер мектептерін ашқан. Алтынсарин ашқан мектептерде ер балалар үшін ағаш ұсталығын, былғары илеу, қыш құмыра жасау өнерлері, ал қыздарға қарапайым халықтың тұрмысына керекті киім тігу, киім пішу, шәлі тоқу, жіп шалу және қазақтардың қолында көп болатын жүн, қыл секілді материалдардан өрмек тоқу, киіз басу, бау және тақыр кілемдер тоқу сияқты әйелдер істейтін жұмыстар үйретілді. Сонымен бірге Ыбырай Алтынсарин халықтың өнеріндегі әдемілікті, әсемдікті, өзі ғана түсініп, қызықтаумен шектелмей, сол кездің өзінде-ақ өнерге балаларды да ынталандыруға ат салысқан. Сөйтіп онсыз да ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптарды тезірек меңгертіп, оның құнды, пайдалы деген жағын эстетикалық, танымдық талғаммен қабылдатып, өмір қажеттігінен шығара білуге шақыруы заман талабымен ұштастырды.Балалардың дүниетанымын қалыптастыруда Ыбырай Алтынсаринның мұрасынан бастап, әсіресе ΧΧ ғасырдың басында белгілі педагогтар ат салысты. Ең бірінші қолға үйретілген хайуандардың бірі ит еді бертін келе қой сиыр, жылқы, түйе, қолға үйретілді. Әрине мал өсірумен қатар аңшылық та дамыды. Мұның өзі бұрынғы палеолит заманына қарағанда өмсір сүруді әлдеқайда жеңілдетті.
Халық шеберлері байлыққа байлық қосып, молшлқ жасаумен қатар солбаршылықты байыпт етуге, тұрмыстық жиъаз мүліктерді сәндендіре түсуге үлкен үлес қосты қолөнердің әсем туындылары құрылысшыларна рухани азық болатын, эстетикалық талғамын қанағаттандыратын, сұлу да әсем, тиімді де ұнасымды ұлттық киімдер мен жасау - жабдықтарды жасады.
Ондай әсем затттардың көптеген түрлеріне бауырлас республикалар мен бірсыпыра шетелдік саяхатшылар да таң қалып тамашалай қарауда. Біз бұл еңбегіміздің негізгі тақырыбы этнография тұрғысынан қарап, көбінесе қолөнер ісінің ежелгі мұраларын еске түсцруге арнадық, қолөнер мол дейді халық. Қазіргі жас шеберіміз өздерінің ою - өрнектерінде жаңа түр жаңа ұнасым тауып, олардың идеясын мазмұндарын байта түсуде. Олар кесте де басып, кілем тоқу мен алаша құрауда болсын немесе ағаш, мүйіз, сүйек, те тас сияқты заттарды әшекейлеуде болсын, суретшілік өнеріне жақын ою жетті өрнектермен түрлі заттардың кейбір күрделі оқиғалар бейнесін бере алатын дәрежеге өз білімдерін молайтып, дүние тану қабілетін үнемі дамыта беру керек. Олар әсіресе облыс республика орталықтарындағы тарихи, әдебиеттік, этнографиялқ, музейлермен тығыз байланыста болу тиіс.
2 Заманауи сәндік бұйымдарды жасауда жүн өңдеудің дәстүрлі әдіс-

2.1 Сәндік бұйымдарды жасауда балалардың шығармашылық
қабілеттерін дамыту жолдары
Текемет қай заманда да тұтынушылардың қажеттіліктерін өтеп келгендігі даусыз. Дегенмен, қоғам дамуы мен тұрмыс мәдениетінің өсіп-өркендеуіне қарай бұл бұйымдардың осы күйінде кейде тазалыққа, тұтынуға тиімсіздігі байқала бастаған. Осыған орай адамдардың тұрмыс деңгейінің, талап-талғамының өсуінің әсерінен қолдануға ыңғайлы, жеңіл әрі көркем, көлемі шағын төсеніштер пайда болды.. Айталық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz