Тест тапсырмаларын жасау және таңдау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ЖАЛПЫ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
Шардан Мөлдір Серікбайқызы
ТЕСТТЕРДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ МЕН ҚҰРАСТЫРУ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ РЕТІНДЕ
Магистрлік диссертация
Ғылыми жетекші: п. ғ. к., профессор м. а. Бұлақбаева М. К.
Магистрант: Шардан М. С.
Алматы, 2019
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Қазіргі уақытта білім беру саласында педагогикалық тесттерді кең қолдануға бағытталған оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау мен бағалаудың жаңа жүйесі жасалуда. Тестілеу әдістерін әзірлеудің өзектілігі мен маңыздылығы олардың технологиялық мүмкіндіктерімен анықталады, бұл студенттерді оқыту сапасы туралы обьективті ақпарат алуға мүмкіндік береді және Қазақстан білім сапасының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ықпал етеді.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тесттік жүйе оқушылардың білім, білік, дағды деңгейін обьективті бағалауға, оқушыларды даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығын жоғарылату жайлы мәселелерді анықтауға жол ашады.
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [1] . Бүгінгі таңда жалпы орта білім беретін мектептердегі білім беруді жаңашаландырудың ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы көрініс табатын оң алғы шарттары қалыптасып келеді.
Соңғы жылдары оқушы білімін тексерудің тиімді бір жолы, тест әдісі кеңінен қолданылып жүр. Тест оқушы білімінің деңгейін ғана анықтап қоймайды, оның ойын жүйелеп, жылдам есептеуіне, логикалық ойлау, есептеу дағдыларының қалыптасуына, тез шешім қабылдау қасиетінің дамуына тиімді әсер етеді.
Қай пәннен болмасын оқушы білімін тексерудің, бағалаудың бір түрі - тестік бақылау болып табылады. Тест оқушының білім дәрежесі қандай екендігін анықтайтын және ол білімді түрлі жағдайларда қолдана білуін тексеруге мүмкіндік беретін тиімді жол.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері - өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан -жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы - өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Кейінгі жылдарда студенттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару мәселелеріне қызығушылық арта түсті. Елімізде білімді бақылау мәселелерін С. А. Абдыманапов [2], Т. О. Балықбаев [3], Е. Ы. Бидайбеков [4] және т. б. ғалымдардың жұмыстарында қарастырылған.
Тестті құрастыру алғаш ХХ ғасырдың 20 жылдарында пайда бола бастады. Бүгінгі таңда педагогикалық өлшемдер теориясын ашып беруде көптеген ғалымдар еңбектері жарық көрді. Мысалы, Ресейде В. С. Аванесов[5], В. И. Звонников [6], М. Б. Челышкова[], В. А. Хлебников[7], , В. М. Полонский[8], Л. И. Рувинский[9], т. б. көптеген ғалымдар болды.
Қазіргі уақытта студенттерді аттестациялық сынақтан өткізуде бақылаудың тесттік түрлері неғұрлым обьективті әдіс ретінде кеңірек қолданыла түсуде. Сонымен қоса, тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары іздестірілуде. Сондай зерттеулердің қатарына И. Б. Бекбоев[10], В. Г. Болтянский[11], Н. Я. Виленкин[12], Д. Г. Глейзер[13], Б. В. Гнеденко[14], В. А. Далингер[15], А. А. Столяр[16], Л. Т. Искакова[17] және т. ю. еңбектерін қосуға болады.
Қазақстандық ғалымдар еңбектерінде соңғы жылдары білім беру саласын басқарудағы нәтижелер мен зерттеулер жүргізгені байқалады. Бүгінгі күні біздің біздің елімізде педагогикалық зерттеу мәселелерімен шұғылданып жүрген ғалымдардың еңбектері (С. Ж. Прәлиев, Ш. Т. Таубаева, А. Қ. Құсайынов, А. Қ. Рысбаева, М. К. Бұлақбаева) білім беру сапасын бағалау, мониторингпен байланысты зерттеу жұмыстары бар.
Жоғарыда айтылған ғалымдардың еңбектерін зерделей келе, заманауи білім беруде тесттерді технологияландыр мен құрастырудың әдістері қаралмағандығы анықталды. Осы мақсатта тесттерді технологияландыру мен құрастыруда негіз болатын әдістемелік жүйесін жасау қажеттілігін анықтадық.
Оқу жетістіктерін тесттік тапсырмалардың көмегімен білім сапасын бағалауды қамтамасыз етудің обьективті қажеттілігі мен тесттердің технологияландырылуы, оқыту теориясы мен практикасында білімді тесттік әдіспен бағалаудың жеткілікті деңгейде қаралмағандығы арасында қарама-қайшылық туындауды. Осы аталған қайшылықтардың тиімді шешімін іздестіру зерттеу проблемасын және зерттеу тақырыбын «Тесттерді технологияландыру мен құрастыру заманауи білім беруді дамытудың объективті тенденциялары ретінде» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Заманауи білім беруде тесттерді құрастыруды теориялық тұрғыда негіздеу және обьективті тенденцияларымен қамтамасыз ету.
Зерттеудің объектісі: жалпы білім беру үрдерісі.
Зерттеу пәні: Тесттерді технологияландыру мен құрастыру заманауи білім беруді дамыту.
Зерттеудің болжамы: егер заманауи білім беруді дамытудың теориялық негізі ретінде тесттерді технологияландырудың теориялық негіздерін айқындаса, тесттерді құрастырудың технологияларына сипаттама берілсе, онда оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жолдары арта түседі, өйткені тесттік тапсырмаларда кездесетін олқылықтарды дер кезінде анықталып, оларды жоюға мүмкіндік береді және білім мазмұнының сапасын көтеруге ықпал етеді.
Қойылған мақсатқа жету және ғылыми болжамды дәлелдеу үшін төмендегідей зерттеудің міндеттері анықталды:
- заманауи білім беруді дамытудың теориялық негізі ретінде тесттерді технологияландырудың теориялық негіздерін айқындау;
- «тесттерді технологияландыру», «білім берудегі обьективті тенденциялар» ұғымдарын нақтылау;
- заманауи білім беруді дамытудың обьективті тенденциялары ретінде тесттерді құрастырудың технологияларына сипаттама беру;
- тесттерді технологияландыру мен құрастырудың әдістемесін дайындау.
- Зерттеудің теориялық негіздері:
- - педагогикалық өлшемдер теориясы (В. С. Лванесов, И. И. Лего-стаев, Н. Ф. Ефремова, А. С. Масленников, Е. А. Михайлычев, В. Г. Наводнов, Ю. М. Нейман, М. Б. Челышкова, Е. А. Берк, Ф. М. Лорд ) ;
- Тұлғаға бағдарланған білім берудің педагогикалық тұжырымдамалары (М. К. Акимова, Е. В. Бондаревская, И. П. Волков, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Е. Н. Ильина, И. С. Якиманская, Е. А. Ямбург) ;
- педагогикалық жүйелерді басқарудың жалпы теориясы (В. П. Беспалько, Дж. Борк, У. Букович, А. В. Вебер, А. Д. Данилов, П. Джексон) ;
- білім беру сапасы саласындағы іргелі және қолданбалы теориялық зерттеулер (А. В. Вроейстийн, М. Б. Гузаиров, Н. И. Максимов, Н. А. Селезнева) .
Зерттеу әдістері: магистрлік жұмыста педагогикалық зерттеулерге бағытталған теориялық және практикалық зерттеулердің жалпы ғылыми әдістері және зерртеу нәтижелерінің статискалық негіздемелері қолданылды.
Теориялық зерттеулер әдістеріне жіктеме, салыстыру, түсіндіру, ғылыми дәлелдеме, т. б. енді.
Зерттеудің теориялық жаңалығы мен практикалық маңыздылығы:
- заманауи білім беруді дамытудың теориялық негізі ретінде тесттерді технологияландырудың теориялық негіздерін айқындалды;
- «тесттерді технологияландыру», «білім берудегі обьективті тенденциялар» ұғымдарын нақтыланды;
- заманауи білім беруді дамытудың обьективті тенденциялары ретінде тесттерді құрастырудың технологияларына сипаттама берілді;
- тесттерді технологияландыру мен құрастырудың әдістемесі дайындалды.
Зерттеу жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі бөлімнен, жалпы қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, әдіснамалық негіздері, жетекші пікір, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні анықталып, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтуі көрсетілді.
Қорытындыда ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері негізінде қорытындылар шығарылып, ұсыныстар әзірленіп, осы мәселені зерттеудің басымдылықтары көрсетілді.
1 ТЕСТТЕРДІ ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ МЕН ҚҰРАСТЫРУДЫ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДА ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Заманауи білім беруді дамытуда тесттерді технологияландыру мен құрастырудың зерттелу жағдайы
Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық интеграциялық процестерге белсене араласуын бірыңғай әлемдік білім беру кеңістігіне қосуына бағытталу білім беру ұжымдарына жаңа талаптарды жүктейді. Қазақстан Республикасында әлемдік қауымдастыққа қабылданған жалпыға бірдей білім беруді енгізудегі басты міндет - мемлекеттік білім беру жүйесін әлемдік үлгіге сәйкес деңгейге шығару, бәсекеге қабілетті оқушыларды дайындау қажет. Бұл жағдайда жалпы білім берудің мақсаты көп міндетті құзырлармен, шығармашылық әрекет тәжірибесімен қаруланған, бүгінгі өзгермелі жағдайларға бейім тұлғаны дамыту көзделіп отыр. Білім беру кеңістігінде оқытудың мазмұнын өзгертуде оқушыны білім, білік дағдыларын, өсу динамикасын арнайы бағалау өлшемдерімен анықтау тиімді. Түрлі педагогикалық технологияларды тиімді қолданудың нәтижесі сабақ үрдісінің өсуі мен оқушылар құзіреттілігінің (ақпараттық, мәселені шеше білу, қарым-қатынас) дамуына үлкен үлес тигізетіні анық. Білім сапасы баланың әртүрлі іс-әрекеттерінде білім қолдану мен көп қырлы талдауды меңгеру нәтижесінде көрінеді. Мектеп оқушыларының жеке тұлғасын, қалыптастырудағы оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынтасын, жігерін арттыру, жеке дарындылығын дамыту - бүгінгі күннің мәселесі. Жоғарыда айтып өткендей қазіргі таңда еліміздегі білім беру жүйесінің ең басты міндеті - білім берудің ұлттық моделіне өту арқылы жас ұрпақтың білім деңгейін халықаралық деңгейге жеткізу. Осы бағытта мұғалімдер алдында оқытудың және тәрбиелеудің жаңа технологияларын қолдана отырып, жеке тұлғаның дамуына қолайлы жағдай туғызу қажеттілігі тұр.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында «Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту». Бірінші, ең алдымен, білім беру жүйесінің рөлі өзгеруге тиіс. Біздің міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» делінген [18] . Жаңартылған мазмұн дегеніміз - халықаралық стандарттарға сай келетін және зияткерлік мектептерде бейімделуден өткен заманауи оқу бағдарламалары. Бұлар біздің балаларымызға қажетті сыни тұрғыдан ойлау қабілетін қалыптастырады.
Оқушының жан-жақты дамуына, қазіргі заман талабына сай оқытудың жаңа технологиялар пайдалануды керек етеді. Осы мақсатта сын тұрғысынан ойлау технологиясының ролі өте зор екендігін оқу үрдісіндегі іс-тәжірибе көрсетіп отыр.
XXI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда, сондай-ақ бүкіл әлемде, білім беру сапасын жоғарылатудағы проблемалардың өзектілігін арттыруға, білім беру жүйесін басқаруды жетілдірудің жаңа тәсілдерін іздестіруге әкелген саяси және әлеуметтік үрдістер пайда болды. Осы үрдістердің бірі, ең алдымен, білім берудің барлық деңгейлерін қамтитын және білім беру сапасының өзгеру тенденцияларын жүйелі талдауды талап ететін қарқынды реформа қосу қажет.
Екіншіден, білім беруді әртараптандыру, XXI ғасырдың басындағы ғылыми-техникалық революция жағдайында оның мазмұнын едәуір кеңейту, білім берудің барлық деңгейлерінде оқытудың және ақпараттандырудың жаңа әдістерін енгізудің көрінісі. Білім беру сапасын басқаруда әртараптандыру басқару тетіктерін қарқынды дамыту қажеттілігіне және білім беру жүйелерінің тұрақтылығын басқаруға және әсер етуіне назар аудару қажет факторлардың санының өсуіне алып келеді. Дегенмен бүгінгі күні көптеген сарапшылар диверсификацияның оптимистік бағалауын жасайды, мұндай болжамдарға сақ болу керек, өйткені оның көптеген салдарларын ескере отырып, оның даму салдарын болжау мүмкін емес.
Үшіншіден, білім беру сапасындағы проблемаларды дамытуды өзектейтін заманауи білім беру үрдістері саны дамыған теориялық негізге ие дараландыруды қамтуы керек, бірақ нақты білім беру үрдісіне түсу қиын. Ішкі дидактика бойынша әзірленген студенттік орталықты дамытудың теориялық негіздері әлі де тиісті практикалық іске асырылған жоқ, оқу үрдісінің нәтижесі бойынша оқытуды ұсынған әдістер мен әдістердің әсері зерттелмеген.
Төртіншіден, әлем елдерінің саяси және экономикалық жақындастыруымен туындаған білім беруді және ресейлік білім беру мекемелерінің оң ұлттық дәстүрлерін сақтай отырып, жалпы білім беру кеңістігін ұсынуды талап етуге тиіспіз. салдары Қазақстанның Баллон үрдісіне қосылуы болды, оның принциптері әртүрлі деңгейдегі ұлттық білім заңдарын қажет етеді. Жоғары білім беру жүйесінде жаңалау үдерісі, бірінші кезекте, жоғары кәсіби білім берудің екі деңгейлі жүйесін енгізу және білім берудің нәтижелерін сапалы түсіндіруге құзыреттілік көзқарасты енгізу болып табылады, ол үшінші буынды оқыту стандарттарын әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Аралбаева Рысхамал Қадырқызының «Қазақстанның әлеуметтік мекемесі ретінде жоғары білім беруді жаңғырту үдерістері» атты жұмысында оқу үрдісіне және жоғары оқу орнына әсер ететін әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени факторлар анықталды [19] . Батыс Еуропа елдерінің кейбір елдерінде жоғары білім беру ұйымының негізгі сипаттамалары кросс-ұлттық социологиялық талдау негізінде сипатталған. Ұлттық-аймақтық контекстте жоғары оқу орындарын дамыту ерекшеліктері анықталды. Жаһанданудың әсері тек әлемдік өркениеттің оң өзгерістеріне ғана емес, сондай-ақ стандарттау мен техникалық тұрғыдан әртүрлі елдердің мәдениетінің ұлттық және әлеуметтік түпнұсқалылығын жоятын жағымсыз құбылыстардың пайда болуына әкеліп соқтырады, демек, ұлттық білім беру мектептерінің жүйелік дағдарысына алып келеді. Жоғары білімді әлеуметтік жүйе ретінде талдау. Қазақстандағы жоғары білім беруді реформалау кезеңдері бөлінді. Педагогикалық кадрларды даярлау, қайта даярлау және сертификаттаудың әлеуметтік мәселелері анықталды. Жоғары оқу орындарында оқу процесін қайта құрылымдаудың мағынасы мен сипатын ашты. Болон стандарттарына негізделген жоғары білім беруді аккредиттеу саласындағы халықаралық тәжірибені енгізуді бағалау. Жоғары білімнің әлеуметтанулық талдау әдіснамасы әзірленді. Бұл жұмыстан білім берудің өзгерістерін, жаңа білім беру технологиялары жайлы мәліметтерін алуға болады. Менің тақырыбыма сәйкес ақпараттар заманауи білім беру жүйесі жайлы. Осы мәліметтермен толықтырып, тест құруды жоспарлау керек.
Құнафина Гүлжан Тоқтарғазынқызының «ҚР ЖОО-дағы инновациялық үдерістер: теория және практика» атты жұмысында Қазақстан Республикасының білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге талдау жасалды. Жоғары білім берудегі инновациялардың нысандары мен әдістерін оңтайландыру бойынша ұсыныстар берілген [20] . Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің инновациялық даму жолына көшуін ынталандыру мақсатында теориялық және тәжірибелік ұсыныстар әзірленді: «инновациялар» санаты және оның жоғары білім саласындағы көрсеткіштері. Бұл жұмыста білім беру үдерісіне инновациялық технологияларды енгізуге талдау жасалған. Осы мәлеметтерді талдай отырып, заманауи білім беруді дамытудың обьективті тенденциялары қолдансақ болады.
Кузембекова Жанна Жалайқызының «Қазақ тіліндегі оқылымды тестілеу: теориялық-әзірлеу-тестілеу» жұмысында қолданылған ILR сынау жүйесі [21] . Шетелдіктер үшін қазақ тілінде оқуға арналған тест тапсырмалары әзірленді, жасау және сынау процесінің толық сипаттамасы жасалды. Оқуға арналған ұсынылған сынақ тапсырмаларының жарамдылығын анықтады. Бұл жұмыстан жалпы тестілеу жайлы теориялық мліметтер алуға болады.
Көп функциялы адаптивті онлайн-тестілеу жүйесін кейіннен тестілеу жүйелерін құру үшін адаптивті әдістерді зерттеуде тестілеу саласындағы әртүрлі зерттеушілердің жұмыстарын зерттеді. Салыстыру жүйелерін жобалау теориясы бойынша бірқатар салыстыру жүргізілді. Математикалық модельдеуді талдау және есептеу және болашақ алгоритмдерді таңдау негіздемесі. Міндеттерді іріктеу және ұсыну үшін өз алгоритмдерін әзірледі. Адаптивті онлайн тестілеу жүйесін әзірлеуге арналған техникалық тапсырма әзірленді және құрылды. Сынақ процесін бақылау мен бақылау алгоритмдері әзірленді. Сынақ конструкторының бағдарламалық жасақтамасын енгізу ұсынылады. Бұл тақырыптан тесттерді технологияландыру мен құрастыру әдісін құруға ұмтылу болады. Еңбекпен толықтай танысып, құнды мәліметтермен диссертацияны толықтыруға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды өз мақсаттары үшін қолдануда университет студенттерінің біліктілігін арттыруда студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиясына (АКТ) жету деңгейін бағалаудың қалыптасу принциптері және осы мазмұнға қажетті ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқыту принциптері анықталды. Студенттердің АКТ-ның құзыреттілігін бағалау үшін қолданыстағы шетелдік зерттеулерді, әзірлемелерді және қолданыстағы құралдарды талдау. Құралдың құрылымдық сипаттамасы, өлшеу және бақылау материалдарын (CMM) әзірлеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ аспаптық қабықшаға қойылатын талаптар жасалды. Тестілеудің мақсаттары мен алынған бағалауларды, мазмұнды, тест тапсырмаларының қиындық деңгейін және пайдаланылатын бағалау шкалаларын, тестілеу тапсырмасының шынайылығын бағалауға арналған зерттеулердің тәртібі мен шарттарын, тестілік бақылаудың когнитивті күрделілігін бағалаудың мақсаттары анықталды. Бұл жұмыста тестілеудің мақсатына, тестілік бақылаудың күрделігіне тоқталған. Бірнеше мәліметтер алуға болады. Салыстыра отырып біздің жұмысымыздың ерекшелігін көрсетуге болады.
Оқу орындарын жобалаудың ғылыми-әдістемелік негіздері оқушылардың білім сапасын бағалау құралы ретінде Студенттердің функционалдық сауаттылығын бағалау үшін тест тапсырмалары жүйесі зерттелді. Тест тапсырмаларындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар тоқталсақ, функционалдық сауаттылықты бағалау үшін сынақ пункттерін құру әдістемесін жетілдіру жолдары анықталды. Білім беру сапасын бағалаудың құралы ретінде тапсырмалар жүйесін құру үлгісі жасалды. Әдістемелік талаптарды түсіндіру барысында жұмыстан тест тапсырмаларындағы ұқсастық пен айырмашылықтары жайлы мәліметтер ала аламыз. Сол мәліметтерге сүйене отырып тест құру технологияларын алуға болады.
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау құралдарын жетілдіру бағыттары: SAED және PISA шеңберінде тестілеудің нәтижелерін салыстырмалы талдау жүргізілді. AUD және PISA міндеттерінің жүйелерін жобалау тәсілдеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар анықталды. Тест құру, технологияландыру жайлы талдау жүргізілген. Тест құру жайлы, тесттің тиімдігі туралы мәліметтерді жұмысымызға қоса аламыз деп ойдамыз.
Технология ұғым ретінде екі деңгейді қамтиды - теория мен тәжірибе. А. А. Плигин атап өткендей, " білім беру технологиясы " салыстырмалы түрде жақында ғылыми ұғым ретінде қолданыла бастады және кепілді нәтиже алу арқылы білім беру процесін жүзеге асырудың құралдары мен тәсілдерінің жиынтығы болып табылады [22] . Сонымен қатар А. С. Макаренко технологиялық дәлдікті педагогикаға көшіру қажеттігілігін көрсетті, біздің педагогикалық өндіріс технологиялық логика бойынша ешқашан құрылмағанын, моральдық уағыз логикасы бойынша құрылғанын атап өтті [23] . Осылайша, білім беру технологиясы барынша нақты, мақсатты, жоспарлы, алдын ала берілген өлшемдерге сәйкес оқытудың кепілді нәтижесіне қол жеткізуге арналған. Білім беру нәтижелерінің дәлдігі мен кепілділігі технологияның оқу іс-әрекеттері мен операцияларын басқарудың неғұрлым егжей-тегжейлі деңгейіне шығуына байланысты. Е. М. Смирнова білім берудегі жаңа технологияларды пайдалануды студенттерді білім беру процесінің негізгі элементтері ретінде қарастыруға және олардың субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу стилін өзгертуге мүмкіндік береді деп есептейді [24] . Бұл жағдайда мұғалім ақпараттың негізгі көзі болып қалады және оның қызметін ұйымдастыратын және басқаратын адамның ұстанымын алады. Оның негізгі міндеті білім беру міндеттерін табысты шешу үшін қажетті жағдайларды ұйымдастыру болып табылады. Осылайша, студент оқиды, мұғалім оқуға жағдай жасайды.
Г. К. Селевко жаңа педагогикалық технологияларды мынадай компоненттер арқылы сипаттады:
- психикалық даму процесі ретінде;
- тәлімгерлік жаттығу ретінде;
-таза статистикалық модельден бастап, психикалық белсенділіктің динамикалық құрылымдалған жүйесі ретінде сипаттады. [25] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz