Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

Наскенова Сауле Сайрановна

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері

5В020800 - «Археология және этнология» мамандығы

Қарағанды 2020

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Академик Е. А. Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қарқаралы өңіріндегі қола дәуірінің қоныстары және ежелгі кен орындары»

5В020800 - «Археология және этнология» мамандығы

Орындады: Наскенова Сауле Сайрановна

Ғылыми жетекшісі

т. ғ. к., профессор С. У. Жауымбаев

Қарағанды 2020

Мазмұны

Кіріспе . . . 6

  1. Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия

ескерткіштерін зерттеу тарихы . . . 10

  1. Ежелгі кең орындары . . . 27
  2. Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургтер қоныс орындары . . . 42.

Қорытынды . . . 70

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 73

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының орталық бөлігін орналасқан - Қарқаралы территориясында оның көне ескерткіштерін зерттеуі - Қазақстанның археологиясы мен Еуразия даласында маңызды рөлге ие болады. Ең алдымен, бұл - Қазақстан аумағындағы өндіруші экономикасы бар мәдениет дами бастаған кездегі ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеуге қатысы бар [2, 3] .

Орталық Қазақстан аумағындағы қола дәуіріне жататын көптеген ескерткіштердің зерттелуіне - Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ мен Ә. Х. Марғұлан Сарыарқа археология институты ғалымдарының тигізген үлес салмағы- орасан зор. Орталық Қазақстан өзінің мысты кен ресурстар қорымен, бай мал жайылымдықтары - Еуразияның қола ғасырындағы бірегей мәдениет ошақтарының бірі ретінде көріністі берген [4, 3] . Қола дәуірі-Қазақстанның тарихындағы айрықша кезең. Ежелгі қоғам өмірінің көптеген бөлігінде- түбегейлі өзгерістер мезгілі. Бұл кезеңде-өндіруші түріндегі экономикасымен бірге болған мәдениеттер кеңінен тараған және этнолингвистикалық қауымдастықтар қалыптасқан. Кейінірек, олардың негізінде жалпы әлемдік тарихта салмақты үлес қосқан этностар қалыптасқан. Кейінгі қола дәуірінде-қола құю өндірісі өзінің ең жоғарғы даму шыңына жеткен. Спорадикалық темірді балқытуға көшіп, адамның алдына металлдарды игеруде жаңа мүмкіндіктер ашылады. Ерте темір дәуірінің қарсаңында, бұл фактор жиынтықтарының барлығы-аталмыш аумақтағы көптеген ғасырларға халықтың шаруашылық тұрмысын айқындап берген көшпенді мал шаруашылығының пайда болуына әкелді. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан далаларында бір-андронов мәдениетін бөліп көрсеткен [5, 6] .

Зерттеу тақырыбының мақсаты - Орталық Қазақстан аймағында болған қола дәуіріндегі мәдениеттің тарихи сабақтастығын тану негізі Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері зерттеуге жататын археологиялық кешендерінің кезеңдестіруін, хронологиясын және мәдени тиістілігін анықтап білу болып табылады.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

- Орталық Қазақстандағы Қарқаралы аймағындағы қола дәуіріне жататын археологиялық зерттелу тарихын сипаттау дәрежесін талдау;

- Андронов мәдени қауымдастығының жалпы бұл аймақтағы шығу тегі, хронологиясы мен кезеңдестірілуінің мәселелерін қарастыру;

- Орталық Қазақстанның Қарқаралы қола дәуірі мәдениетінің қоныстары мен жерлеу ескерткіштері, осы аумақтағы андрондық мәдениеттердің даму дәйектілігін көрсететін материалдарды жан-жақты зерттеу;

- Зерттелетін кешендерді құрған ежелгі халықтың шаруашылық қызметінің, дінінің және өнерінің кейбір аспектілерін қарастыру;

- Жаңа материалдарға жалпы сүйене отырып, Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерінің орны мен маңызын анықтау.

Ғылыми жаңалық. Дипломдық жұмыста бұрын белгілі болған және жаңа материалдар талданып, қорытылады. Зерттелетін өңір мен іргелес аумақтардың хронологиялық жақын кешендерімен Қарқаралы материалдарын салыстырмалы талдау негізінде олардың кезеңдестірілуі мен хронологиясы нақтыланады, олардың шығу тегі мен мәдени қатыстылығы айқындалады.

Дереккөздің базасы. Жұмыстың барысында түрлі академиялық басылымдарда жарияланған Орталық Қазақстан қола дәуірінің Қарқаралы өңіріндегі археологиялық артефактілер мен басқа да материалдар зерттелді.

Теоретикалы-методологиялық негізі. Зерттеудің теориялық бөлігінің негізін тарихи-мәдени көзқарас құрайды. Археологиялық кешендер бірқатар сыртқы факторларға негізделген адам қызметінің қорытындысы ретінде қарастырылады. Зерттеудің негізгі әдісі-салыстырмалы анқтау болып табылады.

Хронологиялық мерзімі. Зерттеудің хронологиялық мерзімі - б. з. д. ІІ мыңж 2-і жартысы - VIII ғғ. аралығы Қарқаралы өңірін қамтиды.

Дипломдық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері тарих факультетінің студенттері үшін жоғарғы оқу орындарында, ғылыми-көпшілік басылымдарда және мұражайлық жұмыста арнайы курстарды дайындау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Оларды іс жүзінде пайдалану - экскурсияларда, археологиялық-тарихи мұражайда экспозициялық және көрме жұмыстарын құру кезінде мүмкін болады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері (ежелгі кен орындары, қоныстар, қорымдар) бойынша мерзімді басылымдар бірталай мөлшерде ғылыми әдебиетте жинақталған. Мұнда көптеген ондаған қоныстар мен қорымдар, кен қазбалары, табыну-салттық объектілер бар, олардың зерттеу материалдары ғылыми айналымға бұрыннан берік енген, жыл сайын жаңа жаңалықтар мен фактілермен, жаңа ғылыми гипотезалармен, пікірлермен толықтырылады [6, 3] .

Дипломдық жұмыстың пәні- Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштері болып табылады.

Дипломдық жұмыстың объектісі Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу барысындағы табылған заттай деректер.

Дипломдық жұмыстың негізгі деректері. Археолог-ғалымдардың осы тақырыптың көлемі бойынша - еңбектері, мақалалары, арнайы сызба-кестесі мен карталар, жалпы жоспар сұлбасы, оқу құралдары мен құжаттары саналады.

Тақырып бойынша ең алғашқы дереккөзіне- Ә. Х. Марғұланның өзіндік «14 томдық шығармалар жинағы» (1998) болып есептеледі [7] . Диплодық жұмысты жазу кезінде- А. Х. Маргулан, К. А. Акишев, М. К. Кадырбаев, А. М. Оразбаевтың «Древняя культура Центрального Казахстана» (1966), «Сарыарқа. Қола дәуіріндегі тау-кен ісі және металлургиясы. Жезқазған көне және ортағаырлық металлургия орталығы (милы құдық қалашығы) » (2001) атты еңбектері қолданылды.

Бетпақ даланың солтүстігінен Ақсай, Сартабан қорымдары, Атасу аңғарынан Қараөзек қорымы, сондай-ақ кен орындары зерттелінді. Қарқаралы және Баянауыл тауларының аудандарынан көптеген андроновтық ескерткіштер табылып, зерттелді. 1966 жылы Орталық Қазақстан археологиясына арналған Ә. Х. Марғұлан, К. А. Ақышев, М. Қ. Қадырбаев, Ә. М. Оразбаев дайындаған іргелі зерттеу жұмысы жарыққа шықты. Кейінірек, 1979 жылы Ә. Х. Марғұлан 50-60 жылдары шоғырланған материалдарды пайдалана отырып Сарыарқаның жарқын феномені болып табылатын беғазы-дәндібай мәдениетіне арналған монографиясын жариялайды.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырып көкейкестілігі негізделіп, зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталып, оның теориялық және іс-тәжірибелік маңызы көрсетілген.

1-тарау 1. Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихына, атап айтқанда осы аймақтың археологиялық зерттеу тарихына, андронов мәдени ортақтығының шығу тегі, кезеңдеу, хронологиясы мәселелеріне арналған. Дипломдық жұмысының бірінші тарауында - жалпы Қарқаралы ауданын зерттеу тарихнамасы баяндалған. Соғысқа дейінгі кезеңдегі зерттеушілердің басын салған негізгі нәтижелері қарастырылады. Өңірдегі Беғазы - Дәндібай кешендері бойынша зерттеу жұмыстарының ең жоғарғы шыңы ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына сәйкес келеді.

Өзінің зерделенуінің деңгейіне байланысты тарихты 3 кезеңге: революцияға дейінгі, кеңестік кезеңдегі және Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы зерттеу мәселесіне бөліп көрсеткен жөн. Аймақтың территориясындағы жекелеген ескерткіштер мен нысандар жайлы мағлұматтар революцияға дейінгі дәуірге тән жағдай - ескерткіштерді дәл географиялық сипатпен белгілеудің жоқ болуы. Осы кезең аралығында Орталық Қазақстан аумағындағы, оның ішінде Қарқаралы өңіріне байланысты қызықты тарихи - археологиялық ескерткіштер жайлы қызықты мәліметтер жинақтала бастаған. Осы уақыт межесінде - мақсатты зерттеулер нәтижені алудан гөрі, басым түрде көзге ұшырасқан, жолдың арасында жиналған мағлұматтардың тұңғыш жинай бастау (қорлану) фактісін ескермей кетуге болмайды. Қазба жұмысының жағдайы туралы қандай да бір салмақты ой қорытуға болмайды. Бірқатар зерттеушілер қорымдарды қазуға әрекеттенді, бірақ қазбаның әдістемесін үйренбегендіктен, бағыттарына мақсат-міндетті қоюды міндетсінбей, табылған бұйымдарды жинаумен-ақ шектелді [8] .

Дегенмен, ескерткіштерді тіркеу, олардың картасын жасау, белгілеу фактілерінің атқарылғандығы белгілі, олар істеген жұмыстың құндылығы да міне осында. Осы сала бойынша сол кезде атқарылған жұмыстардың көпшілік бөлігі осы күнге дейін өзінің маңызын жоғалтпады. Қазақстан археологиясындағы бұл мерзімді алғашқы кезең ретінде сипаттап айтуға болады. Археология ғылымының екінші даму кезеңі - 1917 жылда болған төңкерістен кейінгі кезде археологиялық зерттеулер жалғастырылды, бірақ олар мемлекеттік негізде жүргізілді. Және де сондай-ақ, бұл дәуірде ескерткішті картографияландыру, онда табылған заттарды тіркеу де жетілдірілді. Өңірдегі Беғазы-Дәндібай кешендері бойынша зерттеу жұмыстарының ең жоғарғы шыңы ХХ ғасырдың 50-60 жылдарына сәйкес келеді. Жұмыстың үлкен көлемін Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің археологиялық экспедициясы орындады. .

Археология ғылымындағы дамудың үшінші кезеңі - Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған 1991 жылдан бастауға болады. Осы кездері ғылымға бір топ зерттеуші - ғалымдар келді. Олар: М. К. Хабдуллина, К. М. Қарабаспақова, В. В. Варфоломеев, И. А. Кукушкин, Ж. Е. Смаилов, А. З. Бейсенов, М. С. Қасенов, Д. А. Талеев, М. Қожа, А. М. Досымбаева, З. Ш. Шарденова, Г. А. Терновая, Т. Мәмиев еді. ҚР Президентінің Жарлығымен 2002 жыл Мәдениетті қолдау жылы болып жарияланды. Ал 2004 жылы Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданды. Бағдарламаның 2007-2009 жылдардағы екінші кезеңінде де бірқатар ескерткіштерде қазба жүргізілді. Ендігі кезекте беғазы-дәндібай мәдениетінің ескерткіштеріне, солтүстік өңірдегі Кеңөткел археологиялық нысандарына назар аударылды.

Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде - Қарқаралыда орналасқан қола дәуіріне кіретін археологиялық ескерткіштері жайлы сөз болады. Бұл жақта орналасқан: Қарқаралы - І, Қарқаралы - ІІ, Қарқаралы - ІІІ, Тоғай - Бұлақ қоныстары шоғырланған. Бұл қоныстар - кейінгі қола дәуіріне, атап айтқан кезде Беғазы -Дәндібай мәдениетіне жатады. Сонымен қатар, осында Әкімбек, Байшұра, Нарбас, Найза, Алат, Алат - І, Алат - ІІ, Қызылтас,
Қызылтас -І, Домалақтас қоныстары жайлы да бірер мағлұмат келтіріледі. Бір ескерте кететін жөн бар, қазіргі кезде Қарқаралы өңірінде 65 археологиялық нысан табылып, зерттелген еді.

Дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде - бұл жақта бір топ шоғырланған кен орындары туралы мәлімет кеңінен беріледі. Алат - металлургиялық өндіріс алаңы, Кентөбе мен Тоғай - темір кен орындары туралы мәлімет көрсетіледі.

  1. Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы.

Қазақстан аумағын мекендейтін ежелгі халықтардың бірегей және жұмбақ ескерткіштері туралы алғашқы мәліметтер ортағасырлық ғалымдардың Ибн-Фадланның, Аль-Бируни, Аль-Идриси, Махмуд Кашгари, В. Рубрук еңбектерінде және жол жазбаларында, итальяндық ғалымдар Франциско мен Доминико Пициганидің карталарында, Каталон әлем картасында, Фра-Мауро картасында кездеседі. Сібір жерлерін басып алу дәуірінде бірінші саяхатшылар жасаған Сібір жылнамалары мен 16-17ғғ. басқа да тарихи көздерінде де айтарлықтай материал бар. Кейін, 18-19ғғ. аралығында Сібір мен Қазақстан территориясының Ресейге қосылуымен Сарыарқаға арнайы бірнеше академиялық экспедициялар ұйымдастырылып, жаңа жерлер туралы мәліметтер жинау мақсатында әскери топографтар, тарихшылар, этнографтар және т. б. түрлі кәсіптердің көптеген өкілдері жіберілді. Петр І Сібірдің және Қазақстанның ежелгі дәуіріне үлкен қызығушылық танытты. Ол 1716 және 1718 жж. ежелгі ескерткіштерді жинау, алу және қазу туралы екі жарлық шығарды. Осы уақытта ғылыми зерттеулермен қатар жергілікті көпестер мен кәсіпкерлер ескерткіштердің тонаушы қазбалары кеңінен тарайды. Қазақстан ежелгі туралы мәліметтер Г. Ф. Миллердің басшылығымен бірінші академиялық экспедицияға қатысушылардың жұмыстарында, сондай-ақ екінші экспедиция материалдарында да бар. Екі экспедицияға қатысушылар арасында сол кездегі ірі ғалымдар: И. Гмелин, И. Фишер, П. С. Паллас, И. П. Фальк, И. Г. Георги, П. И. Рычков, X. Барданес және т. б. болды [9, 8-9б] .

Ескерткіштерді тіркеу мен сипаттауды тау инженерлері, геологтар Б. Ф. Герман, Г. Гене, И. П. Шангин, шығыстанушы-ғалымдар Г. И. Спасский, А. И. Шренк, ғалым-офицерлер С. Б. Броневский, Н. П. Рычков және т. б. жалғастырды.

Орталық Қазақстанның бай археологиялық ескерткіштері саяхатшылардың назарын өзіне аударды. Олар туралы 1701 жылғы С. Ремезовтың "сызба кітабында" айтылады [9] . Орталық Қазақстан далаларының қорғандық қазыналары туралы алғаш рет поляк қоғам қайраткері - Ю. Крижанич (XVII ғ. ) хабарлады. Оның айтуынша, бұл уақытта мұнда ежелгі халықтардың беймәлім қабірлерін қазып алған көмбе іздеушілер белсенді жұмыс істеді, ал алынған қазыналарды Тобольскіде сатқан. Г. Ф. Миллер Орталық Қазақстанның ескерткіштеріне зор қызығушылық танытты. Әсіресе оны ежелгі қазбалар, балқыту пештерінің қалдықтары, сол кезде толық сақталған ежелгі тас құрылыстары қызықтырды. Ол тек Ертіс бойында орналасқан шекаралық аудандарға саяхат жасауға мүмкіндік алды. Қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеудің бастапқы кезеңіне XVIIIғ екінші жартысына жатады. Ежелгі ескерткіштерді зерттеудің осы кезеңі- Г, Ф. Миллер, И. Г. Гмелин, Н. П. Рычков, Г. И. Спасский, Н. М. Мартьянов, Д. А. Клеменц, В. В. Радлов, И. П. Кузнецов, А. Гейкель, Н. К. Минко, В. Я. Толмачев және т. б. осындай зерттеушілердің есімдерімен байланысты [10, 12] .

XVIII ғасырдың аяғынан бастап Орталық, Солтүстік-Шығыс және Шығыс Қазақстан аймағына көне кеніштерді іздеу мақсатында Алтайлық металлургиялық зауыттардың тау-кен инженерлері тұрақты түрде келе бастады. Олардың қатарында: Снегирев (1790), В. Г. Чулков (1786), А. Литвинов (1786-1788жж), Сивере (1793), Безносиков (1794-1796жж), Стрижков (1798), инженерлер: Поспелов пен Бурнашев (1800) болды. Олар кең-байтақ аумақты өте отырып, бұл өңірде мысқа, қалайыға, алтынға көне өндірісінің бар екендігін атап өтті. 1786 жылы Алексей Литвинов ( қазақ тілін жалғыз білген) Колывано-Воскресенск зауыты басшыларының бірі-В. С. Чулковты түрлі-түсті тастарды іздеу үшін Бесқарағай Ертісіне бастап барды. А. Зариповты білген И. П. Шангин де- Қазақстанның географиясын жақсы білгендігінен оны «бухар» деп атады. Ашир Литвиновты- назар аударуға тұрарлық Қарқаралы даласының тастарға бай екендігіне хабардар етті және Локтевтік зауытқа баруын, Қарқаралы даласының тастары туралы толыққанды айтуын талабын білдірді. Осымен шақыру басталды және Ашир Қарқаралы және Баянауыл далаларындағы онымен табылған көне кеніштің орындарындағы тастардың үлгілерімен Колыванскте 1786 жылы қарашада пайда болды [10, 12б] .

Колыван зауытының басшылығы Аширмен тұрақты байланысты орнатып, оған түсті және қымбат тастарды анықтау мен жеткізу тапсырмасын берді. 1788 жылы Ашир Литвиновтың барлау жұмыстарына қатысты, соның нәтижесінде Локтевский зауытына агата, сердолик пен трепеланың әжептәуір мөлшері түсті. Қарқаралы мен Баянауыл далаларының шығыс бөлігіндегі көне заман өндіріс орындарын зерттеуіне-1798 жылы Локтевский мен Колывандық зауыттармен ұйымдастырылған тау-кен инженері Стрижковтың экспедициясы елеулі үлесті қосты. Экспедицияға қазақ кенбілушілері: мыс рудасының ежелгі өндірісімен байланысты Айғыржал, Ақбота мен Дегелен тауларындағы бірқатар жерлерді көрсеткен Ашир Зарипов пен Арғынбай Бердіқұлов қатысты [10, 12б] .

Стрижков өзінің далалық күнделігінде: «Бұл аймақта жан-жақты және бұл тауларда да кездесетін неғұрлым чудтық бүгірлер (көне өндірісінің қалдықтары) мен шыршалы орман өседі»-деп жазған. 1796 жылы Қарқаралы даласында болып қайтқан сол зауыттың инженер-металлургі Безносиков күнделікте келесідей жазбаларды: «Қарқаралы тауының бойындағы жер орнында мысқа бай кеніші бар. Көлден екі верстке қарай (Ботақара, Қарағанды маңындағы Ульяновское ауылында) солтүстік-шығысқа қарай чудтық өндіріс орнындағы, шағын бүгірде мыс кен алабы көрініп тұр. Белгіленген таудың оң жағында Кіші Нұра өзені ағып жатыр»-деп жазған[10, 12б] .

1816 жылы Шангинмен көне өндіріс орындарының едәуір бөлігі-қазақ кеншілерінің көмегімен қаралған, олардың арасындағы ең ірілері-Имантау, Алтынсу, Бесшоқы, Қаражал болды. Зерттеу әдістері мен қамту көлемі-ғалымға әжептәуір нәтижелер алуға мүмкіндік берді. Шангин Сарыарқа ның көптеген жерлерінен, оның ішінде Есіл, Нұра мен Тоқырауын өзенінің алаптарынан ескі кен қалдықтарын тапты. Имантау тауында ол-«ұлан-ғайыр сазбалшықты сланцтік тауында қазылған чудтік кеніш қалдықтарын» зерттеген. Көптеген алуан түрлі мыс пен күміс кеніштерін сыйдырған алып қалдықтар-«оны өндірумен айналысқан өндірістің бай көзін құраған екендігіне» куәлік етеді- деп Шангин жазды. Жантелісу көзінен жақын жерде, Терісаққан өзенінің жоғарғы ағысында, Жантели қыстағынан 3 верстте, Әулиетас шатқалында Шангин оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылып жатқан ұзындығы-120 саженьмен (шамамен-250м), ені-15 саженьге дейін (шамамен-32см) ірі көлемді кеніш бөлігін зерттеді.

Күнделікке қарағанда, Қарқаралы даласында Шангинге тағы кен өндірісі орындарының қатарын, оның ішінде Жаман-Сарысу, Қайрақты өзеннің жоғарғы ағысындағы, Ұста, Тектұрмас, Бұғұлы, Қызылтау (Алабұға), Қаражал, Көрпетай (Мыңшүкір, Қорғантас), Бесшоқы, Қушоқы-«Қызылтас тауларындағы байырғы өндіріс орындарын» қарап шыға алды. Бесшоқы кенішінде-ол цеолиттер мен көне жуындының қалдықтарын тапты. Шангиннің айтуынша, бұл кеніштердің барлығы-кен қалдықтарындағы кендік бөліктері мыс, күміс пен қорғасынды құрап, полиметалдық сипатқа ие болды. Нұра өзенінің алабында Шангин Алтынтөбе көне кенішінің қалдықтары мен Алтынсу өзенінің ізбестерінде (диоптаза) аширит минералының кен орнын қарады [10, 13б] .

Б. Герман мен И. П. Шангиннің мәліметтері мен жеке кәсіпкерлерінің өтініштері- кенді алап орындарының барлауында шешуші мәнге ие болды. Олармен басшылық еткен геологтер мыс, қалайы, алтын, күміс, қорғасынға бай көне кен мен қазба қазыналарының көбісін ашты. Бұл жайлы тіпті, Гельмерсеннің, А. Е. Влангали мен И. Ковригиннің алғашқы геобарлау жұмыстары да өте сенімді түрде айтады. Өтініштер мен жеке байқаулардың негізінде Баянауыл мен Қарқаралы округтерінің аймағында орналасқан ежелгі өндірісі туралы алғашқы қызғылықты шолу аты-жөні белгісіз автормен 1845 жылы жасалған[10, 13б] . Бірнеше жылдан кейін Белоусов: «Осындағы чудтік қоры атауымен белгілі болған, бұл тауларда байырғы өндіріс орындарының болғандығы нақты дәлелдері мен өтініштердің барлығына жуығы бұл жердегі ежелгі қазбалар жанында жасалған»-деп жазған. Басқа геолог-К. И. Гривнак Орталық Қазақстанның кендік алап орындарымен жақсы танығанынан кейін-«ежелгі чудтық өндірістер қоршаған тау жыныстарының түйіршіктерінен мысты жасыл мен мысты көк түстен тұратын ұсақтау кен бөліктері белгілерінен құралатын едәуір мөлшердегі қалдықтарымен (қоқыстармен) сипатталады. Қырғыз даласындағы әлі күнге дейін әжептәуір көлемдегі- мысты және күмісті-қорғасынды кен орындарының көпшілігі бұл белгілері бойынша ашылған»-деп атап кетті.

XVIII және XIX ғ. бірінші жартысындағы ғалымдардың жұмыстары тек қана жиналмалы сипатқа ие және археологиялық ескерткіштерді есепке алу мен бекітуге негізделгенін атап өткен жөн. XVIII ғасырдың соңынан бастап саяхатшылар Орталық Қазақстанға жиі бара бастады. Тау-кен шенеуніктері: М. Поспелов пен Т. С. Бурнашевтің (1800), Ф. Назаровтың (1813), Н. И. Потаниннің (1829), капитан-И. Г. Андреевтің және т. б. жол бағыттары белгілі. Өз жазбаларында олар Қазақстан археологиясының мәселелерін белгілі бір деңгейде қозғаған. Осы уақытта аудан археологиясы бойынша ең қызықты деректерді Гавердовский, Г. Гене, Б. Ф. Герман, И. П. Шангин, Г. И. Спасский және т. б. қалдырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
Жезқазған - Ұлытау өңірінің металлургия орталықтары
Сақ ескерткіштері
Шығыс Қазақстандағы қола дәуірінің тарихнамасы
Қарағанды облысындағы музей ісінің қалыптасуы
Жетісу өңіріндегі сақ ескерткіштерінің зерттелуі
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Қола дәуірінің тарихнамасы
Ертедегі және орта ғасырлардағы Қазақстан тарихнамасы
Әуелгі қола мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz