Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Берденбекқызы Ақерке
Азаматтық журналистиканың бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В050400 - Журналистика мамандығы бойынша
Нұр-Сұлтан 2020

Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі:
...
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Азаматтық журналистиканың бүгінгі ақпараттық коммуникациядағы орны мен маңызы

Орындаған: Берденбекқызы Ақерке
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы Сабыр Әбдіқадыр Біләлұлы
Нұр-Сұлтан 2020
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 Азаматтық журналистиканың қалыптасуы мен дамуы
1.1 Азаматтық журналистиканың шығу тарихы мен даму тенденциялары
1.2 Азаматтық журналистиканың кешегі көрінісі мен бүгінгі нұсқасы
2 Азаматтық журналистиканың маңызы: блогтық журналистика
2.1 Шетелдегі, Ресейдегі азаматтық журналистика мен блогосферасы: салыстырмалы түрде
2.2 Қазақстандағы блогосфераның даму қарқыны мен қоғамдағы маңызы
3 Азаматтық журналистика төңірегіндегі құқықтық мәселелер
3.1 Фактчекинг, дата журналистиканың азаматтық журналистикадағы маңыздылығы
3.2 Азаматтық журналистика дәстүрлі журналистиканың орнын баса ала ма?
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы: Азаматтық журналистика -- қазақ журналистикасына енді ғана дендеп, қалыптасып келе жатқан салалардың бірі. Азаматтық журналистика бүгінде дәстүрлі журналистиканы толықтырып отыратын деңгейге жетті. Сонымен бірге, кері байланыс пен халықтың қоғамдық мәселелерге қызығушылығын оятатын үлкен күшке ие. Тіпті, әлемдегі түрлі оқиғалар, әлеуметтік маңызы зор ахуалдар дәл осы азаматтық журналистиканың арқасында тез баяндалып, мәселенің алдын-алуға жақсы құрал болып отыр.
Диплом жұмысының өзектілігі : журналистикадағы осы саланың елімізде лайықты түрде дамымай жатқандығына назар аударған жөн. Бүгінгі технология дамыған, ақпараттық соғыс заманында қоғамның сұранысы да күн санап көбейіп келеді. Әлеуметтік мәселелерді бақылауда ұстап отыру үшін бірден-бір керек сала. Сол себепті де үлкен күш пен маңызға ие.
Диплом жұмысының мақсаты -- осы салаға қатысты шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, қазақ журналистикасындағы даму тарихына үлес қосу. Қазақ медиасындағы азаматтық журналистиканың түйткілді мәселелерін анықтай отырып, себеп-салдарын табу. Зерттеу нәтижесінде бұл саланың шетелде пайда болғанын, даму тарихын саралай келе қазақ журналистикасындағы бастауын табу.
Диплом жұмысының міндеті -- азаматтық журналистика саласын толық зерттеу. Оның атауына дейін үңіліп, әлемдік тәжірибеден үлгі ала отыра бүгінгі бағытын зерделеу. Осы арқылы, азаматтық журналистика туралы алғашқы қазақ зерттеулерінің тобына қосылып, қазақ журналистикасының салалық дамуына үлес қосу. Азаматтық журналистика инернетпен бірге пайда болды дейді. Бірақ, бұл азаматтық журналистиканың қазақ қоғамында бұрын болмағанын білдірмейді. Қазақ баспасөзінің алғашқы газеттерінен-ақ қоғамдық мәселелер жаппай көтеріліп, журналистика қоғам белсенділері жаппай араласа бастаған. Дәл осы айырмашылықты зерттеу арқылы ақиқатқа жету.
Зерттеу объектісі -- масс-медиа, қазақстандық және шетелдік ғылыми зерттеулер, БАҚ-тың әр түрі (баспасөз, телеарна, сайт, әлеуметтік желілер және т.б.)
Бүгінде азаматтық журналистикаға синоним ретінде бұқаралық журналистика, әлеуметтік журналистика секілді атаулар көбейіп кетті. Бірақ, олардың тегі ұқсас болғанымен, заты әртүрлі.
Зерттеу әдісі - -- салыстыра отырып сараптама жасау, ақпараттың барлығын жинап, ой елегінен өткізіп, бір қорытындыға келу, мамандардың пікіріне жүгіну, түрлі ғылыми мақалалар мен кітаптағы ақпаратты зерттеу.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы ретінде зерттеу жұмысының ауымдылығын, шетелдегі азаматтық журналистикасының даму бағытын зерделей келе, алғашқы қазақ баспасөзі мен Қазақстандағы азаматтық журналистиканы бір арнаға біріктірілуін ерекше атап өтуге болады. Бұрын соңды түгел зерттелмеген бұл саланың өзекті мәселелері де көтерілген. Бұл бағыттың дәстүрлі журналистикадан айырмашылығын біліп, мақсатын айқындап, бағытын білмей жатып ары қарай дамыту қиын. Ал, азаматтық қоғам қалыптастырып, сөз бостандығына жетіп, журналистиканың принциптерін шегелей түсу үшін бұл саланың дамуына мен ғана емес мемлекет те үлес қосу керек.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлім мен қорытындыдан, сондай-ақ пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бет саны -- .
1. Азаматтық журналистиканың қалыптасуы мен дамуы

Азаматтық журналистика дегеніміз не? Алдымен, азаматтық журналистика мен дәстүрлі журналистиканың ара-жігін ашып алғанымыз дұрыс болар. Кейін оның түрлері мен бүгінгі даму қарқынына жекелей тоқталамыз.
Азаматтық журналистика дегеніміз -- азаматтардың
ақпарат таратуда қоғамдағы белсенді рөліне байланысты журналистиканың бір саласы.
Нью-Йорк университетінің журналистика профессоры Джей Розеннің мәліметіне сүйенсек, қарапайым тілмен айтқанда азаматтық журналистика бұрын көрермен ретінде есептеліп келген адамдардың бір-біріне ақпарат тарату үшін бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалануын айтады. Азаматтық журналистиканы профессионал журналистер айналысып жүрген әлеуметтік журналистикамен не азаматтық журналистикамен шатастыруға болмайды. Одан бөлек, оқырман хаты немесе штаттан тыс корреспондент мамандардан азаматтық журналистикамен айналысатын адамдардың ара-жігін ажыратып алғанымыз дұрыс. Азаматтық журналистикамен жекелеген тұлғалар, өзінің азаматтық көзқарасы бар кез-келген азамат айналыса алады.
Азаматтық журналистика -- азаматтық БАҚ пен желі қолданушылары қалыптастыратын контенттің ерекше формасы. Заманауи журналистиканың жаңа бір ағымы. Қоғамда әлеуметтік, сондай-ақ азаматтық жауапкершілігі артылған азамат ұғымы мен журналистика терминін біріктіре отырып, Кортни Радш азаматтық журналистика түсінігін онлайн және Цифрлы журналистиканың жекелеген түрі ретінде түсіндіреді.
Заман ағымына сай технологияның қарыштап дамуы азаматтық журналистиканың одан әрі, тереңірек белең алуына септігін тигізді. Өзара ақпарат алмасуға қолжетімді сайттар, әлеуметтік желілер, ұялы телефонның небір мүмкіндіктері әлемнің түкпір-түкпіріндегі адамзат үшін қолжетімді болып отыр. Осының арқасында бүгінде кәдуілгі халық ақпаратты, жаңалықтарды журналистерден бұрын айтып, жеткізе алатын болды. Оған бүкіл әлемге аян болған көптеген оқиғалар куә. 10 жыл бұрынғы Араб көктемі, Гаитидегі жер сілкісінісі, одан бергі (соңғы уақыттағы жаңа мысалдарды қарастыру!) ... . секілді тағы басқа тарихта қалған қаншама жағдайлардың алдын алуға азаматтар ат салысқан азаматтық журналистиканың септігі мол болды.
Алайда, сыншылар мен нағыз маман саналатын журналист-практиктердің пікіріне де қайшы келе алмаймыз. Азаматтық журналистика -- қызығушылықтан туындаған, субъективті көзқарастан тұратын, ешқандай түзетулер мен қағидаға бағынбайтын, ақпарат тарату мен сапасы жағынан жауапкершілік көтере бермейтін бағыт. https:en.wikipedia.orgwikiCitiz en_journalism
Десе де, бұл бағыттың өзіндік ерекшеліктері де жоқ емес. Беларусь мемелекеттік университетінің профессоры Владимир Степановтың зерттеуіне сүйенсек, азаматтық журналистиканың дәстүрлі журналистикадан басым тұстары:
Жоспардан тыс, аяқ-асты, тосыннан ақпарат беру
Азаматтардың қызығушылығы іспетті, қаражат көзіне тәуелді болмауы
Тақырыптың анықтығы, нақты бір ғана проблеманың көтерілуі
Жаппай талқыға салу, нәтижесінде өзге желі қолданушыларының бір мәселе аясында бірігуі.
Азаматтық журналистиканың мақсаты да осы болса керек: ол қоғамдық мәселелерге халықтың араласа бастауын, қоғамдық белсенділікті арттыруды көздейді. Яғни, оның мақсаты өнім шығару емес (шығарылым, нөмір, мәтін), оның мақсаты ақпарат берудегі процесстің өзі (тақырыптың талқылануы, кері байланыс, пікірталас). Осы себепті де, ғалымдар азаматтық журналистерді журналистиканың ізгі құндылықтарын жаңартуда маңызды рөл атқаратынын, шынайы ақпаратпен толықтырып отыратынын растай келе, дәстүрлі журналистикамен азаматтық журналистиканың біріге жұмыс істеуін қолдайды. Мысалы, қарапайым халықтан күніне 200-ге жуық материал қабылдап алатын ОһМуNews кәріс ақпараттық ресурсы күнделікті шығарылымдарына жоғарыда аталған материалдан қосады.
Социология журналистики журналынан: https:www.researchgate.netpublic ation291829520_Grazdanskaa_zurnali stika_nasestvie_diletantov_ili_budu see_professii
Ондай әдіс біздің арналарда да қолданыла бастады. Мәселен, Қазақстан ұлттық арнасында Елден хабар атты бағдарлама 2017 жылдың күзінен бастап көрерменге жол тартты. Оның мақсаты да ақпаратты көрермен көзімен тарату. Бұл әдістің тағы бір басым тұсы: шынайылықты көрсету арқылы халықтың сенімін толық иелену.
Міне, азаматтық журналистика ұғымы осы мысалдардан анық түсінікті бола түседі. Оның бүгінгі заманауи медиакоммуникациядағы маңызы мен форматы да жыл санап түрленіп келеді. Оның түрлері мен даму тенденцияларын келесі бөлімде ширата айтамыз.
Ал, азаматтық журналистиканың не екенін түсініп алсақ, енді оның шығу тарихын бір шолып шығайық. Әсілі, өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ. Бүгінгі ғылым болып қалыптасып бара жатқан журналистиканың бұл саласының шығу тегі мен тарихына үңілмесек, зерттеу жұмысымыздың шала-шарпы болып қалатыны сөзсіз.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz