Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Шешедік өнер
13 марта 2014 22975
Жоспар
КІРІСПЕ 4
1 ШЕШЕНДІК ӨНЕР ҰЛТТЫҚ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ БАСТАУЫ 4
1.1 Шешендік өнер туралы түсінік 9
1.2 Шешендік өнердің тарихы, қазақ халқының шешендік өнері 13
1.3 Шешендік дағдылар мен біліктіліктер 21
1.4 Сөздік қатынас дағдыларын дамыту және жетілдіру 25
2 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕЛІК МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 30
2.1 Қазақ билерінің шешендік сөздеріндегі дидактикалық мәселелері 30
2.2 Шешендік сөз өнерінің тәрбиелік маңыздылығы 38 2.3 Шешендік өнердегі мақал- мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақ айтысы, жаңылтпаш мәселелері 43
3 ШЕШЕНДІК ӨНЕРДІҢ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 48
3.1 Шешендік өнердің психологиялық аспектісі 48
3.2 Шешеннің жалпы мәдениетінің қалыптасуы 49
3.3 Сөйлеу техникасы және шешеннің көпшілік алдында сөз
сөйлеуге психологиялық дайындық 52
3.4 Оқушының танымдық ерекшелігін жетілдірудегі шешендік өнер
рөлін анықтап,дамыту жолдары 70
ҚОРЫТЫНДЫ 85
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 87
ҚОСЫМШАЛАР 89
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Елімізде шешендік өнер демей Қазақ шешендік өнері деп айшықтап, меншіктеп атауымыздың мәні бар. Шешендік өнер Еуропа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, арнайы зерттеліп келеді.
Шешендік-сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнердің саласы.Шешен сөзінің дәлелдігін-оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады-деп Квинтилиан айтқан екен.
Шешендік өнер- адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі. Сондықтан шешендік өнер мен оның тарихы-адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.
Көне дәуірде б.з.д. Ү-ІҮ-ғасырларда Грециядан басталып, Римде б.з.д. бірінші ғасырда - Цицерон заманында өркендей түскен шешендік өнерінің гүлдену кезеңдерінің тарихы әлемге әйгілі. Өйткені, сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнері өркендеп қана қойған жоқ, шешендік өнері туралы ғылымның - риториканың да негізі қаланды. Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені, саяси қайраткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.
Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып, жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.
Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Шешендік дәстүр, шешендік мектеп бізде бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек, артық айтқандық емес.
Халықтың өмірі, тарихы, елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегінен жыр-дастан, өлең-ән, ертегі-аңыз, күмбірлеген күй болып төгілді. Табиғатынан көзі ашық, көкірегі ояу, өзінің кең жазира туған даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазананы киелі дүниедей қастерлеп, ұрпақ санасына сіңістіріп, болашаққа мәңгі өлмейтін мұра етіп қалдырды. Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.
Халқымыздың мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан-ұрпаққа тарап, ел зердесінде мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған заман ағымына қарай қайта жасарып, айрықша көпшілік ілтифатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер, тағылымдар. Қазақ-табиғатынан ділмар, шешен халық. Қазақ тарихында елдің елдігін, халқының бірлігін, бүтіндігін көксеген, елді адалдыққа, адамгершілікке, жақсылыққа үндеп, халқының мұң-мұқтажын, мүддесін көздеп ғұмыр кешкен ділмарлар көптеп саналады. Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке билер-заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар, қара қылды қақ жарған әділ шешендер. Барша ғаламға ортақ аспан әлемінде Шолпан жұлдызы біреу-ақ. Ал қазақ деген ұлы халықтың ұлы көшін бастаған билер керуенінде мәңгі өшпейтін, өшпек өз алдына елдік көшіміз керуенін жалғастырып, ұзаған сайын қарсы алдынан жарқырай түсетін үш Шолпан жұлдызы бар. Олар-Төле, Қазыбек, Әйтеке.
Ел аузында Әйтеке жарып айтады, Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтадыдеген ұлағатты сөз бар [1.,15б].
Бұлар-қазақтың әлем алдында ортақ тұтар, қайталанбас дара тұлғалар. Бұл үшеуі тұрғыдан, жақсыны жаман жараламайды, елімізді дау араламады. Өйткені, үшеуі жер бөліспеді, дау бөліспеді, жау бөліспеді, бәрін қазаққа ортақ санап, енші бөліспеді.
Шешендік өнердің қалаптасуында билердің орны айрықша. Билік жүйенің қалыптасуы, дамуы және тоқырауы халқымыздың әлеуметтік өмірмен тікелей байланысты екені мәлім. Билік жүйе жойылды. Бірақ шешендік өнер жойылған жоқ.
Қазақ шешендік өнерде сөз ойға тәуелді болады. Егер керісінше болса, айтайын деген ойдың мәні солғындайды. Ұлы Абайдың Көңілдегі көрікті ой, ауыздан өңі қашады, - деуі содан. Демек, ұтқыр ой мен көркем сөз тең түсіп отырса ғана сөз әсерлі де тартымды, әрі қуатты болады, тыңдаушыны баурап алып, еріксіз мойындатады [1.,27б].
Қазақ шешендері сөздің осы екі жағын тең ұстаған. Би-шешендер ойдың логикалық қисынының бұлтармас тиянақтылығына баса назар аударған. Қаз дауысты Қазыбек, Төле би сияқты хас шешендер, ой байламын заттық қатынастардан емес, ойды оймен қудалау арқылы тудырған. Ойды ой қозғайды; Сөз сөзден туады, сөйлемесе қайдан туады,-дейді халық. Бұл диалектикалық логикаға тән байлам [2]. Қазақ шешені өзінің ой тұжырымын көркем сөзбен көркейіп, қарсыласын өз ойын мойындауға көндіреді немесе қарсыласының ойы ақиқатқа сәйкес болса, оны мойындайды: алғашқысы-жеңіс, соңғысы-жеңіліс. Сонда шешендік сөздің екі жағы бар екен: қисынды ой, көркем сөз. Қазақ би-шешендерінің шешендік сөздері мен тағылымдары жасөспірім тәрбиесінде алатын орны зор.
Атадан бала тусайшы, ата жолын қусайшы деген дей, атадан балаға мұра болып келе жатқан жақсы қасиеттерді келер ұрпақтың бойына сіңіріп, ізгілікке тәрбиелеуді арман етіп, шыншыл, әділетті иманды болу сонау ата-бабамыздан келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ билерінің тәлім-тәрбиелік көзқарастары
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
ҚАЗАҚТЫҢ ШЕШЕНДІК ӨНЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫНДАҒЫ ОРНЫ
ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Бөлтірік шешен сөздерінің тәрбиелік мәні
Шешендік сөздердің мазмұны мен құрылысы
Шешендік сөздер түрлері
Ауыз әдебиетінің түрлері
Шешендік сөздер қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі ерекше жанр
Пәндер