Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері кафедрасы
Қорғауға жіберілді________
_______Кафедра меңгерушісі Мадиева Г.Б.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДЕРДІҢ БЕРІЛУІ атты тақырыбында
5B010900 - ШЕТЕЛ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІ мамандығы бойынша
Орындаған Ш.К. Байзакова
Ғылыми жетекшісі
филол.ғ.д. доцент П.Т. Медетбекова
Норма бақылаушы
Алматы, 2020
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының көлемі: бет.
Диплом жұмысының нысаны: қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер.
Диплом жұмыстың мақсаты: қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдердің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасау. Мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер ұсынылады:
- зерттеу тақырыбына қатысты теориялық мәліметтерді жинақтап, саралау;
- сан есімдердің қазақ, ағылшын және қытай тіл біліміндегі ерекшеліктерін анықтау;
- грамматикалық тұрғыда қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдердің қолданылу айырмашылықтарына талдау жасау;
- қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдерді қамтитын мақал-мәтелдер мен фразеологиялық тіркестерді өзара салыстыру;
- аталмыш үш тілдегі сандарға берілетін мағыналардың өзгешеліктерін көрсету.
Жұмысты зерттеудің әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмысы барысында тілдік бірліктерді жинақтау, сұрыптау, жүйелеу және салыстыру әдістері қолданылды.
Объем дипломной работы: страниц.
Объект дипломной работы: Числительные в казахском, английском и китайском языках.
Цель дипломной работы: проанализировать особенности употребления числительных в казахском, английском и китайском языках. Для достижения цели предлагаются следующие задачи:
oo собрать и проанализировать теоретические данные по теме исследования;
oo определение особенностей числительных в казахском, английском и китайском языках;
oo проанализировать грамматические различия в употреблении числительных на казахском, английском и китайском языках;
oo сравнение пословиц и фразеологических оборотов, содержащих количественные имена на казахском, английском и китайском языках;
oo показать различия в значении чисел на этих трех языках.
Методы и приемы исследования: в ходе исследования использовались методы сбора, сортировки, систематизации и сравнения языковых единиц.
The volume of diploma work: pages
The object of diploma work: Numerals in Kazakh, English and Chinese languages.
The purpose of diploma work: to analyze the features of the usage of numerals in Kazakh, English and Chinese. To achieve the goal, the following tasks are proposed:
oo collect and analyze theoretical data on the research topic;
oo define the peculiarities of numerals in Kazakh, English and Chinese languages;
oo analyze the grammatical differences in the use of numerals in Kazakh, English and Chinese;
oo compare the proverbs and phraseological units containing numbers in Kazakh, English and Chinese;
oo demonstrate the differences of meaning of numbers in these three languages.
Research methods: During the study collecting, sorting, comparison of language units and systematizing methods were used.
МАЗМҰНЫ
АНЫҚТАМАЛАР
54
6
КІРІСПЕ
5
1
ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДЕРДІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
7
1.1
Қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдердің топтастырылу ерекшеліктері
77
1.2
Әр тілдегі сан есімдердің құрылымдық өзгешеліктері
13
1.3
Сан есімдердің зат есімдермен байланысқа түсуі
21
2
ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
31
2.1
Сан есімді қамтитын фразеологиялық тіркестердің қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде көрініс табуы
31
2.2
Үш тілдегі сандардың білдіретін мағыналары
40
2.3
Тілдегі мақалдардың өзге тілдегі баламаларының сан есімдерді қамту мәселесі
51
ҚОРЫТЫНДЫ
60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
62
ҚОСЫМШАЛАР
64
АНЫҚТАМАЛАР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдердің грамматикалық және лексикалық тұрғыда қолданылу ерекшеліктерін сипаттауға бағытталған. Сан есімдердің қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі семантика-морфологиялық топтарына, лексика-семантикалық өзгешеліктері мен морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударылады. Тілдегі сандардың денотаттық мағынасы, сан есімдермен қолданылатын фразеологиялық тіркестер мен мақал-мәтелдерге жалпы сипаттама беріледі.
Зерттеу жұмысы негізгі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде осыған дейінгі жасалынған зерттеу жұмыстарына шолу жасалынып, қажетті материал жинақталады. Нәтижесінде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері нақтыланып, екінші кезеңде жинақталған мәліметтерге салыстыру арқылы анализ жасалынады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда жастар арасында шетел тілдерін меңгеру үдерісі кең етек жаюда. Тілді меңгерушілер жағынан үлкен сұранысқа ие тілдер ретінде ағылшын және қытай тілдерін атауға болады. Оның себебін осы тілде сөйлеушілердің саны өзге тілдермен салыстырғанда айтарлықтай жоғары екендігімен және аталмыш тілдердің дүние жүзінің көптеген бөліктерінде мемлекеттік немесе ана тілі ретінде қолданылуымен түсіндіруге болады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ретінде сан есімдердің таңдалуының бірнеше себептері бар. Біріншіден, кез келген тілді үйрену барысында алғашқы әрі негізгі тақырыптардың бірі ретінде сан есімдерді қарастыруға болады. Бастапқы деңгейдегі меңгерушілерге арналған тақырып болумен шектелмей, деңгейдің жоғарылуына байланысты қолданылу ерекшеліктері де түрлене түсетін сөз табы болып табылады. Екіншіден, сан есімдер - сөз таптарының ішіндегі өзге сөздермен сипаттауға келмейтін нақты сөздер тобы, яғни сан есімдердің синонимдік қатарын беру мүмкін емес. Үшіншіден, заттың сандық мөлшерін, көлемін көрсете отырып анықтауыштық қызмет атқаратын маңызды сөз табы.
Сан есімдердің қолданылу аясы тек лингвистикалық маңыздылықпен шектелмейді. Қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде сан есімдердің қолданылу ерекшеліктері аталмыш халықтардың мәдениеті, тұрмыс-тіршілігі және наным-сенімдерімен тікелей байланысты. Ал меңгерілетін тілде сөйлейтін халықтың мәдени ерекшеліктері жайлы хабардар болу, өз кезегінде, кез келген тілді меңгеру процесін жеңілдететін маңызды компонент ретінде саналады.
Жұмыстың нысаны - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер.
Жұмыстың мақсаты - қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдердің қолданылу ерекшеліктеріне талдау жасау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:

Жұмысты зерттеудің әдіс-тәсілдері. Зерттеу жұмысы барысында тілдік бірліктерді жинақтау, сұрыптау, жүйелеумен қатар синхрондық және салыстырмалы-салғастырмалы әдістер қолданылды.
Зерттеу жұмысының материалы: Зерттеу нәтижесінде қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдер жайлы ақпарат жинақтап, оларды өзара салыстыру арқылы фразеологиялық сөз тіркестері мен мақал-мәтелдерді қамтитын 10000000 тілдік бірлік жиналды.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: Сан есімдер жайлы ақпаратты қамтитын еңбектер, қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі фразеологиялық сөздіктер, ғаламтор желісіндегі сайттар, сандардың қолданысы жайлы артикльдер және т.б.
Жұмыстың нәтижелері:
үш тілдегі сан есімдердің қолданысын анықтау мақсатында сан есімдерді қамтитын тілдік бірліктер зерттелінді;
жинақталған мәліметтер ағылшын және қытай тілін екінші шет тілі ретінде оқыту кезінде пайдалы ақпарат ретінде қызмет атқара алады;
қазақ, ағылшын және қытай тіліндегі мақал-мәтелдердің мағынасы, шығу тарихы мен қалған екі тілдегі мүмкін аналогтарын қамтитын мақал-мәтелдер сөздігі ұсынылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тарауды қамтитын негізгі бөлімнен, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
1 ҚАЗАҚ, АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ САН ЕСІМДЕРДІҢ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ
1.1 Қазақ, ағылшын және қытай тілдеріндегі сан есімдердің топтастырылу ерекшеліктері
Белгілі бір тілдің өзге тілдерден өзіне ғана тән лексикасы, грамматикалық құрылымы мен фонетикасының болуымен немесе туыстас тілдері мен шығу тегіне байланысты ерекшеленеді. Тілдегі сөз таптарының саны, сөзжасам түрлері, сөздерге аффикстердің жалғануы, сөдердің жіктелу немесе септелу мәселелері және т.б.тұстарының өзге тілдердегі ережелерге бағынбайтындығы аталмыш өзгешеліктерге байланысты туындайтын құбылыстар. Белгілі бір сөз табының өзара жіктелуі мен түрленуі де әр тілде әр түрлі көрініс табады. Мысалы, сан есім қазақ, ағылшын және қытай тілдерінде әр түрлі семантика-морфологиялық топтарға бөлінеді.
Тілдегі заттың көлемін, мөлшерін, ретін білдіретін сөздер сан есім деп аталатын сөздер тобына біріктіріледі.Сан есім заттың санын не ретін айқындап тұрады да сөйлемде анықтауыштық қызмет атқарады. Заттың ғана емес, кейде туынды сын есім мен етістіктің (зат есімнен жасалған) де сандық мөлшерін білдіре отырып, пысықтауыш ретінде де қолданылады. Демек, сөйлемдегі мағынасына байланысты сан есім барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқара алады.
Сан есімдер басқа сөздермен тіркестірілмей жеке тұрғанда, абстарт сандық ұғымды білдіреді. Сан есімнің нақты мағынасы өзге сөздермен тіркестіріліп айтылғанда ғана айқындалатындығына қарамастан, олар синтаксистік, семантикалық және морфологиялық жағынан іштей алды-алдына жеке катергориялар ретінде танырлықтай бірнеше топқа бөлінеді [1; 197]. Сан есімдер қосымшаның жалғануына байланысты негізгі және туынды сан есім болып бөлінеді. Негізгі сан есімдерге тек есептік сан есімдер жатады, өзге түрлері туынды сан есімдерге біріктіріледі.
Қазақ тілінде білдіретін мағыналық ерекшеліктеріне қарай сан есім алты топқа жіктеледі. Олар: есептік, реттік, жинақтық, топтық, бөлшектік және болжалдық сан есімдер. Аталмыш топтардың әр қайсысының өзіндік қызметі бар.
Есептік сан есімдер - заттың мөлшерін білдіретін сан есімдер. Мысалы, төрт орындық, он үш оқушы, жүз елу жеті үй тіркестеріндегі сан есімдер заттың санын білдіреді. Басқа сан есім түрлері есептік сан есімнің негізінде құралады, демек есептік сан есім - санның ешқандай жалғау немесе жұрнақ жалғанбаған дара түрі. Сан есімдер өзге сөз таптарынан жасалмайды[10]. Есептік сан есімдердің қосарлануы, тіркесуі немесе оларға әртүрлі жұрнақтардың қосылуы арқылы өзге сөз табы немесе сан есімнің басқа бір түрі пайда болады [2;57]. Елудей, алпыстай сөздері елу және алпыс есептік сан есімдеріне -дей, -тай қосымшаларының жалғануы арқылы болжалдық сан есімдер ретінде қолданылса, -ден, -тан (елуден, алпыстан) қосымшалары топтық сан есім жасайды.
Бес сөзіне -тік қосымшасын жалғау арқылы морфологиялық тәсіл бойынша есептік сан есімнен (бестік) зат есім, яғни басқа сөз табы туындайды. Қазақ тілінде келесі қосымшалардың есептік сан есімге жалғануы арқылы өзге сөз таптары пайда болады [1; 201]:
1. -дық, -дік, -лік, -тық, -тік қосымшаларының көмегімен сан есімнен зат есім жасалады: бірлік, екілік, ондық, жүздік сөздері сөйлемде зат есімнің қызметін атқарады.
2. -ті (бесті), -кіл (үшкіл, төрткіл) қосымшалары сан есімдерден сын есім жасайды.
3. -ла, -ле қосымшаларының сан есімдерге жалғануы арқылы туынды етістік формалары жасалады: үшеуле, алтаула, т.б.
Реттік сан есімдер - заттың немесе құбылыстың ретін білдіретін сан есімдер. Есептік сан есімдерге -ншы, -нші, -ыншы, -інші жұрнақтарының жалғануы арқылы реттік сан есімдер жасалады: бірінші, алтыншы, он екінші, т.б. Жұрнақтың белгілі бір түрінің қосылуы қазақ тіліне тән үндестік заңына байланысты. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, жалғанатын аффикстегі дауыстылар соған бағынады [3] . Жүзінші, алпысыншы: жүз сөзіндегі ү әріпі жіңішке дауысты болғандықтан, жіңішке дауыстылардан тұратын -інші жұрнағы жалғанады және сейкесінше алпыс сөзіне жуан дауыстылардан құралған -ыншы жұрнағы жалғанады. Күрделі реттік сан есімдердегі тек соңғы санға ғана жұрнақ жалғанады: жетпіс екінші, қырық тоғызыншы, т.б. Реттік сан есімдер субстантивтенген кезде септік, көптік немесе тәуелдік жалғаулары қосыла алады. Біреулері қара қоңыр бешпенттерін, екіншілері жамаулы, сұр шекпендерін киген (С. Сейфуллин). Реттік сан есімдер сыртқы формасы бойынша сын есімдерге ұқсас; семантикасы тұрғысынан мезгіл, уақыт мағынасында да қолданыла алады; шығыс септігінің жалғауы қосылса, қыстырма сөздің де қызметін атқарады [7] .
Жинақтық сан есімдер - заттың санын жинақтап көрсететін сан есімдер. Жинақтық сан есімдердің морфологиялық көрсеткіші ретінде -ау, -еу жұрнақтары алынады. Бұл топқа жататын сан есімдердің саны жеті: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау және жетеу. Өзге есептік сан есімдерден жинақтық сан есім жасау мүмкін емес. Екі, алты және жеті сөздері дауысты дыбысқа аяқталатындықтан және жалғанатын қосымшалар да дауысты дыбыстан басталатындықтан сөздердің соңындағы -ы, -і дыбыстары түсіп қалады.
Жинақтық сан есімдерге көптік жалғаулары қосылмайды; біреу сөзіне қосылғанымен, біреулер болып өзгеріп, белгісіздік есімдік ретінде ғана қолданылады. Жинақтық сан есімдер сөйлемде баяндауыштың қызметін атқару үшін жіктіктің І және ІІ жағының қосымшалары жалғанады: біз жетеуміз, сендер төртеусіңдер. Жіктіктің ІІІ жағында қолданылатын болса, ешқандай аффикс қосылмайды: олар екеу (бесеу). Септік және тәуелдік жалғаулары жинақтық сан есімдеріне жалғана береді: үшеуінің, бесеуі, т.б.
Топтық сан есімдер - заттар мен құбылыстарды топтап көрсететін сан есімдер. Есептік сан есімнен топтық сан есім жасау үшін -дан, -ден, -тан, -тен қосымшалары жалғанады. Топтық сан есімдер дара әрі күрделі бола алады: екіден, сегізден, он үштен, жүз-жүзден. Аталмыш топтағы сан есімдерге грамматикалық формалардың бірі де жалғанбайды, яғни олар жіктелмейді де, септелмейді де, көптік не тәуелдік жалғаулары да қосылмайды, сөзжасамға қатыспайды [11] .
Болжалдық сан есімдер - заттың не құбылыстың нақты санын емес, болжалдық мөлшерін тұспалдап көрсететін сан есімдер. Болжалдық мәнді сан есімдер бірнеше жолмен жасалады:
1. Морфологиялық тәсіл: әр түрлі қосымшалардың есептік сан есімдерге жалғануы арқылы жасалынады. Болжалдық сан есімдер жасау үшін келесі жұрнақтар қолданылады:
-даған, -деген, -таған, -теген, -лаған, -леген: ондаған, жүздеген.
-дап, -деп, -тап, -теп, -лап, -леп: жүздеп, мыңдап, ондап.
-дай, -дей, -тай, -тей: екі жүздей, отыздай, қырықтай. Берілген жұрнақтар тек сан есімге ғана емес, сонымен қатар мезгілді не көлемді білдіретін мағыналы есімдерге де жалғану арқылы болжалдық мағына тудыра алады: он минуттай, екі ғасырдай, он бес күндей.
Болжалдық мағынадағы сан есімді есептік сан есімге көптік жалғауынан кейін барыс немесе жатыс септіктерінің жалғауларын қосу арқылы алуға болады: Ол қырықтарға келген әйел кісі.
2. Синтаксистік тәсіл: есептік сан есімдердің өздігінен немесе жинақтық сан есімдермен қосарлануы нәтижесінде пайда болады: үш-төрт алма, төрт-бесеу кітап, жиырма бес-отыз проценті.
3. Аналитикалық тәсіл: есептік сан есімдерге болжалдық мәнді шақты, қаралы, шамалы сөздерінің қосылуы арқылы болжалдық сан есім алынады: он бес шақты, жүз қаралы, т.б. Тарта, жуық, таяу және таман шылау сөздері арқылы да болжалдық сан есім жасауға болады. Ол үшін есептік сан есім барыс септік тұлғалы түрімен тіркесуі қажет: Отызға тарта, қырық беске жуық, жүзге таяу, сегізге таман.
Болжалдық сан есімдер субстантивтенген жағдайда көптік, септік, тәуелдік жалғауларын қабылдайды. Дегенмен, көптік жалғаулары көптік мағынаны білдіру үшін емес, жалғанған сөзге болжалдау және тұспалдау мағынасын беру үшін қолданылады да, жұрнақтық қасиетке ие болады[2; 61].
Бөлшектік сан есімдер - бүтін заттың белгілі бір бөлігін атау, көрсету үшін қолданылатын сан есімдер. Бөлшектік сан есімдер күрделі сан есімдерге жатады. Көп жағдайда есептік сан есімдердің тіркесуі арқылы жасалынады:
1. Сан есімдердің бірінші бөлігіне ілік септігінің жалғауы және екінші бөлігіне тәуелдік жалғауының қосылуы арқылы бөлшектік сан есім жасалынады: үштің екісі, жүздің отызы.
2. Бірінші компоненті шығыс септігінің формасында, ал екінші компоненті тәуелдік жалғаулы болып келеді: оннан бесі, жүзден оны
3. Бөлшектік сан есім құрамындағы сөздердің алғашқысына шығыс септігінің жалғауы жалғанса, екіншісі атау септік формасында қолданылады да, бөлігі сөзі қосарланып айтылады: төрттен үш бөлігі, оннан бес бөлігі.
Соңғы екі жағдайда бөлшектік сан есім мен зат есім тіркескен кезде, зат есімге ілік септігінің жалғауы жалғанады: азық-түліктің төрттен бір бөлігі, оқушылардың отыздан сегізі [1; 206].
Ағылшын тілінде де сан есімдердің атқаратын қызметі қазақ тіліндегі сан есімдердің қызметіне ұқсас. Ағылшын тіліндегі сан есімдер үш топқа ажыратылады:
Cardinal numbers - есептік сан есімдер: one, eight, ten, twenty six. Ағылшын тілінде сандарды, парақтарды, тарауларды, кітаптардың бөліктерін, сынып бөлмелерін, үйлерді, трамвайларды және т.б. белгілеу кезінде, олар зат не құбылыстың ретін білдіретіндіген қарамастан, есептік сан есімдер қолданылады. Берілген жағдайларда зат есім сан есімнің алдында қолданылады және артикльдің қолданысын қажет етпейді: chapter two - екінші бөлім, lesson five - бесінші сабақ.
Ordinal numbers - реттік сан есімдер: first, fourth, thirty seventh. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге - th аффиксінің қосылуы арқылы жасалынады: seven-seventh, ninety eight-ninety eighth, nine-ninth, five-fifth. Мысалда көрсетілгендей сөз дауысты е әріпімен аяқталса, - th қосымшасы жалғанған кезде, ол әріп түсіп қалады және -е әріпінің алдындағы - v әріпі - f әріпіне айналады. Бірақ ережеге бағынбайтын бұрыс сан есімдер де бар: one-first, two-second, three-third. Ағылшын тілінде де, қазақ тіліндегі сияқты, күрделі реттік сан есімнің соңғы бөлігіне ғана реттік сан есім жасаушы жұрнақ жалғанады: twenty nine-twenty ninth.
Ағылшын тіліндегі реттік сан есімдердің алдына көп жағдайда белгілілік the артикльі қойылады. Себебі реттік сан есім өзі тіркесіп тұрған зат есімді нақтылай түседі: the ninth question is incomprehensible - тоғызыншы сұрақ түсініксіз (нақты қай сұрақтың қиындық тудыратындығын айқындайды).
Fractions decimal numbers - бөлшектік сан есімдер: one-ninth, seven twenty-sixth. Бөлшектік сан есімнің бірінші сыңары есептік сан есім және екінші сыңары реттік сан есімнен тұрады. Ағылшын тіліндегі бөлшектік санды атаудың келесі жолы out of сөзін екі есептік сан есімдердің ортасына жалғау болып табылады. 310 ұғымын білдірудің екі жолы бар: three-tenth және three out of ten. Бөлшектік сан есімдер күрделі сан есімдер болғандықтан, арасына сызықша қойылу арқылы жазылады. Егер сан есімнің екінші компоненті өз алдына күрделі сан есім болатын болса, екінші сыңарындағы сандардың ортасына сызықша қойылады да, бөлшектік мағына беретін бірінші сыңарынан кейін сызықша қойылмайды.
Кейбір деректерде сан есімнің төртінші түрі ретінде multiple numbers көрсетіледі: single, double, triple.etc [4]. Қазақ тіліне аударғанда еселік мағынасын береді де, сөздер сәйкесінше жалғыз (бір), қос (екі), үш есе деп аударылады. She is a triple Olympic champion - ол үш дүркін олимпиада чемпионы. Еселік сан есімдер зат есімдермен де, заттанған сан есімдермен де қолданыла алады: double four - 44.
Ағылшын тіліндегі сан есімдер ешқандай морфологиялық өзгеріске ұшырамайды, яғни грамматикалық формалары болмайды. Дегенмен, ағылшын тіліндегі көптік мағына жасау үшін қолданылатын - s суффиксі сан есімдерге қосылуы мүмкін, бірақ көптік мағынаны емес, болжалдық мағынаны білдіреді: in fifties - елуінші жылдары.
Қытай тілінде сандар екі түрлі әдіспен жазылуы мүмкін: қытай иероглифтерімен немесе араб цифрларын қолдану арқылы. Вертикалды жазу кезінде, жоғарыдан төмен қарай жазғанда, әдетте иероглифтер қолданылса; горизонтальды жазу кезінде араб цифрлары қолданылады. Араб цифрлары іскерлік келісім-шарт түзу кезінде қолданылады, бұл үрдіс цифрлардың иероглифтерге қарағанда өзгешелігімен, тезірек айқындалатындығымен түсіндіріледі. Күнделікті тұрмыста, ғылыми мақсатта сандар қытай иероглифтері арқылы бейнеленеді. (Қосымша 1ді қараңыз)
Қытай тілінде диалектілердің көп болуына байланысты сандардың атауы да географиялық аумақ бойынша өзгеріске түседі. Қытай тілінің аумақтық өзгерісі өте айқын болғандықтан, дилектілерді негізгі 10 топқа бөліп қарастырады: солтүстік, гань, сян, у, минь, юэ, хакка, цзинь, пинхуа және аньхой [5]. Мысалы, 10 сөзі мемлекеттік қытай тілі болып саналатын путунхуа бойынша 十(shí) болып оқылатын болса, Гуанчжоу қаласында және Қытайдың оңтүстік-шығысында 10 санын білдіру үшін 呀 иероглифі қолданылады да, yà болып оқылады. Қытайдың солтүстік-шығысында 仨 иероглифі sā деп оқылады және путунхуа бойынша 三(sān), яғни үш санын білдіреді. (Қосымша 2ні қараңыз)
Қолданылу саласына байланысты да сан есімдерінің атаулары әр түрлі болып келеді. Әскери саладағы сандардың кейбірі әдеттегі қытай сандарынан өзгеше: күнделікті тұрмыста ілгек деген мағынаға ие勾 (gōu) сөзі әскери шендегі адамдардың қолданысында 9 (九- jiǔ) санын білдіреді. 7 санын жазылуы бқрылысқа ұқсайтындықтан拐 (guǎi) ретінде қолданады (мемлекеттік қытай тілі бойынша 7 - 七 qī). Әскери саламен ғана шектелмей, коммерциялық немесе қаржылық контекстте қолдануға арналған банк қызметкерлерінің цифрлары деп те аталатын сандар жиынтығы бар (№1 кесте). Аталмыш салада сандар әр түрлі иероглифтермен белгілетіндігіне қарамастан бірдей айтылады.
1-кесте - Сандардың қолдану айырмашылықтары
Араб цифралары
Қытай иероглифтері
Қаржы саласында қолданылатын иероглифтер
0
零〇(líng)
零
1
一(yī)
壹
2
二(èr)
贰
3
三(sān)
叁
4
四(sì)
肆
5
五(wǔ)
伍
6
六(liù)
陆
7
七(qī)
柒
8
八(bā)
捌
9
九(jiǔ)
玖
10
十(shí)
拾
100
百(bǎi)
佰
1000
千(qiān)
仟
Қытай тіліндегі сан есімдер де өзге тілдердегі тәрізді бірнеше топқа бөлінеді. Олар:
基數(Jīshù) - негіз сан есімдер деп аударылғанымен, қолданысы жағынан ағылшын тіліндегі cardinal number және қазақ тіліндегі есептік сан есімдерге келеді.
序數(Xùshù) - реттік сан есімдер. Қытай тілінде берілетін анықтамасы: 序数词 -- -- 表示次序... (реттік сан есімдер - рет пен реттілікті білдіретін сан есімдер), яғни қазақ және ағылшын тілдеріндегіге біршама жақын [15]. Қытай тілінде реттік сан есім генетикалық тұрғыда рет, кезек зат есімдеріне біршама жақын 第 (dì) префиксі арқылы жасалынады [16; 193]: 第 二(dì-èr) - екінші, 第 九(dì-jiǔ) - тоғызыншы, т.б. Қабат сөзін білдіретін楼 (lóu) сөзі сан есіммен тіркесе қолданылған жағдайда 第префиксінің көмегінсіз де есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыратын қасиетке ие: 四楼 - төртінші қабат. Санымен қатар, 二 (èr) сөзі 第 (dì) көмегінсіз де екінші ұғымын бере алады, өз кезегінде两 (liǎng) сөзін реттік сан есім ретінде қызмет атқара алмайды.
Қытай тілінде кейбір жағдайларда есептік сан есімдер префикс не қосымша сөздің көмегінсіз де реттілікті білдіре алады:
- Жыл және ай атауларында: 二零一五年 èr líng yīwǔ nián - екі мың он бесінші жыл; Ағылшын тілінде де жыл атаулары реттік сан есім бойынша емес, есептік сан есім арқылы жасалынады: two thousand fifteen.
- Туыстардың атауы: 二叔èr shū аға (әкесінің үшінші кіші бауыры)
- Монархтардың реттілік бойынша атауы: 亨利五世 Hēnglì wǔshì Генрих V(бесінші);
А.А. Драгунов реттік сан есімдердің префикспен не префикссіз қолданылуы зат есімге байланысты екендігін атап көрсеткен [16; 194].
約數(Yuēshù) - болжалдық сан есімдер. Бұл т топқа жататын сан есімдер бірнеше әдіспен жасалады:
1. Белгілі бір санға сол саннан 1 бірлікке үлкен санды тізіп айту арқылы: 四五 - төрт-бес. 50-60 санын болжалдап айту үшін五六十 сөздері қолданылады, қазақ тіліне сөзбе-сөз аударғанда бес алты он деп аударылады. Берілген мысалға сүйене отырып, ондықтар жайлы айтылғанда бірінші тұрған санның тек бірінші цифрасы (мұнда 5) ғана айтылады да ондық екінш санға жалғанады.
2. 上下, 左右, 幾, 上, 開外等 шылау сөздерінің сан есімдерден кейін жалғануы арқылы: 三十上下 - отыздар шамасында, 五百左右 - бес жүзге жуық, 上千 - мыңдаған.
Егер сандарға 来- about, 多- over, 余- more сөздері тіркесіп айтылса, берілген тіркестер санның болжалдық шамасын көрсетеді. 四十来岁 - шамамен қырық жастағы (about forty years old), 八十多个 (over eighties) - сексеннен астам, 七千余名 (more than seven thousand people) - жеті мыңнан астам адам. Берілген сөз тіркестерісде来- about, 多- over, 余- more сөздері көмекші сөздердің қызметін атқарады [12].
Уақытты болжап айтқан кезде多(көп) немесе几(қос) сөздері қолданылады. Бұл сөздерді сан есімнен кейін келетін мөлшер сөзінің алдына не артына жалғауына байланысты сөйлемнің мағынасы да өзгеріске ұшырайды:
* Егер мөлшер сөзге дейін келетін болса: 二多个小时 - екі сағаттан аса (үш не төрт сағат болуы мүмкін) ; 五多天 - бес күннен астам (алты немесе одан да көп болуы мүмкін).
* Егер мөлшер сөзден кейін келетін болса: 二个多小时 - екі сағаттан көбірек ( екі сағаттан 10 минутқа көбірек); 五天多 - бес күннен аса ( бес күн және екі-үш сағат болуы мүмкін).
倍數(Bèishù) - еселік сандар. Белгілі бір құбылыстың не заттардың неше рет қайталанатындығын көрсететін сан есімдер. 倍等 сөзінің сан есімге қосылуы арқылы беріледі, ал сан есімнің өзі өзгеріске тұспейді. Қазақ тілінде рет, ағылшын тілінде times сөздері арқылы беріледі: 五倍等 - бес рет - five times.
分數(Fēnshù) - бөлшек сандар. Бүтін санның белгілі бір бөлшегін көрсететін сандар қытай тілінде分之 (fēn zhī) көмекші сөзі арқылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz