Девиантты мінез - құлықтың пайда болу себептері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе4

1 Жасөспірімді дұрыс әлеуметтендіру

1. 1 Әлеуметтендіру процесіндегі жеке адам және оның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлары7

1. 2 Отбасы - әлеуметтендіру процесінің жетекші институты 11

1. 3 Мектеп - әлеуметтендіру институты және әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде 14

2 Әлеуметтік ауытқулар, олардың себептері және түзету жолдары

2. 1 Әлеуметтік ауытқушылық және девиантты мінез-құлық ұғымдарына түсінік19

2. 2 Девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері 27

2. 3 Қиын балаларды тәрбиелеудің мәні, себептері, мәселелері 44

Қорытынды 55

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 57

Кіріспе

Тәуелсіз Қазақстанның өсіп келе жатқан ұрпақтарын тәрбиелеу мен оларға білім берудегі маңызды бағыт - балалар және жасөспірімдермен жүргізілетін психологиялық және педагогикалық жұмыс. Жасөспірімдердің қылмыстық істерінің өршуі, әлеуметтік жетімдік пен жасөспірімдердің назардан тыс қалуының етек алуы барлық азаматтық институттарға бірнеше міндеттер жүктейді: кәмелетке жетпеген азаматтардың құқықтық әлеуметтенуі мен мемлекетімізде болып жатқан өзгерістерге бейімделуін жетілдіру мақсатында кешендік және кәсіби шаралар даярлау [1] .

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде қоғам мүддесіне сай лайықты жан-жақты жетілген ертеңгі қоғам иегері боларлық азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, мектептің, барша адамзаттың міндеті болып отыр. Мектептегі және отбасындағы баланың, жасөспірімнің мінез-құлқын, адамгершілік қасиетін, рухани құндылықтарын және тәрбиесінің дұрыс қалыптасуына мектептегі педагогтар, әлеуметтік педагогтар мен психологтар қауымы, бала өмірінің жаңа бастауы ретінде оның әлеуметтік ортаға бейімделу деп қарастырды. Еліміздің нарықтық қатынастар кезеңінде болашақта бүкіл әлемдік өркениет аренасында өз орны бар мемлекет деңгейінде дамуы халқымыздың ұлттық менталитетінің болмысына, әсіресе, жас ұрпақтың сындарлы тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты. Дегенмен, бүгінгі таңда болмысымызға кереғар, келеңсіз құбылыстардың жастар арасында кең етек алуы жас ұрпаққа қажетті заман талабына сай тәлім-тәрбие жүйесін жаңартуға, ұстаздардың сонымен қатар ата-аналардың алдына аса маңызды міндеттер қояды.

Бұл міндетке халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақ өсірудегі ұлттық тәрбие дәстүрлі тәжірибесі негізінде адамгершілік қадір-қасиеттері тағылымды, рухани дүниесі бай, мінез-құлық мәдениеті еліміздің болашағы үшін қызмет етуге дайын азаматты қалыптастыру арқылы жетуге болады. Бұл мәселеге байланысты Елбасымыз Н. Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: «Жаңа жағдайға сай біздің бәрімізді алаңдататын мәселе - білімді, кәсіби даярлығы бар адам тәрбиелеу ғана емес, қоғамдық өмірдің барлық саласында ұлттық және дүниежүзілік құндылықтарды қабылдауға қабілетті рухани және әлеуметтік адамгершілік мүмкіндігі мол тұлғаны қалыптастыру болып табылады», - деп атап көрсетті. Осыған байланысты бұл күндері жалпы білім беретін мектептердегі тәрбие ісінің мазмұны Отандық және әлемдік өркениетті елдердегі психология, педагогика және физиология ғылымдарының жетістіктерін пайдалана отырып жетілдірудің қажеттігі туындауда.

Соңғы жылдары елдегі әлеуметтік қайшылықтардың асқынуы кәмелетке толмаған жасөспірімдердің арасында қылмыстық істер жасауына жағдай туғызуда. Дөрекілік күйдегі бейресми жастар құрамдары саны өсуде, олардың өзгермелі теріс пиғылдары сана-сезімдері қаталдыққа, озбырлыққа, өтірікшілдікке, жеке басын ойлау бағдарламаларын мінездейді. Мектептер мен отбасы жағдайларында кейбір жасөспірімдердің талап-тілектерімен келіспеу, ой-пікірлерімен санаспау, жеке дара ерекшеліктері мен бейім қабілеттерін ескермеулеріне бұлар тарапынан қарсылық туғызса, оларға ұсынылған идеялар мұраттардың күйреуі, табиғи түрде шиеленіске апарады. Жасөспірімдердің тәрбиесіндегі теріс мінез-құлқы, маскүнемдікке, нашақорлыққа, дөрекілік және т. б. мәселелерге байланысты педагогика саласында көптеген қазақстандық ғалымдардың еңбектерін білеміз. Алайда жасөспірімдерді тәрбиелеу үрдісіндегі мектеп пен отбасының бірлескен әлеуметтік-педагогикалық ерекшеліктеріне байланысты зерттеулердің жоқтығы, қажетті зерттеу деңгейі арасындағы қайшылықтар біздің зерттеуіміздің өзектілігін айқындайды.

Зерттеу пәні. Девиантты мінез-құлыққа бейім жасөспірім балалармен алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында әлеуметтік- педагогикалық жағдай жасау.

Зерттеу нысаны. Зерттеудің объектісі болып жасөспірімнің әлеуметтенуі, девиантты мінез-құлық және оның түрлері, қиын балалардың шығу себептері, сондай-ақ олардың алдын алу әдіс-тәсілдері табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты - қазіргі замандағы мектеп пен отбасы ынтымақтастығы нәтижесінде жасөспірімдерді тәрбиелеу жүйесін қалыптастырудың әлеуметтік-педагогикалық тиімді жолдарын анықтау. Ол үшін келесідей міндеттер орындау көзделді:

  • жасөспірімдерді тәрбиелеу туралы мәселенің ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;
  • жасөспірімдердің әлеуметтенуіне отбасының, балабақшаның мектептің, құрдастарының және көптеген факторлардың қаншалықты әсер тигізетінін айқындау;
  • девиантты мінез-құлықтың түсінігін, пайда болу себебін, негізгі белгілерін, түрлерін, ерекшеліктерін, сондай-ақ түзету жолдарын айқындау.

Зерттеу әдісі. Жұмыс жасөспірімдердің дұрыс әлеуметтенуіне арналған болғандықтан, жеткіншектерді әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан қарастыру үшін негізге алынған талдау, түзету, алдын алу, сондай-ақ сауықтыру шаралары қолданылады.

Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы. Дипломдық жұмысты зерттеу аясында төмендегідей ғылыми нәтижелер алынды:

  • бұл жұмыс білім беру саласындағы девиантты мінез-құлықты балаларды түзету және алдын алу әдістерін қамтиды;
  • зерттеу барысында баланың девиантты тәртібінің себебі анықталды;
  • «қиын баланың» пайда болу себебін әлеуметтік-педагогикалық тұрғыдан анықтап алынды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмысты зерттеу барысында жасөспірімдерді тәрбиелеу үрдісіндегі мектеп пен отбасына байланысты педагогика және әлеуметтану саласының тарихы мен теориясын, педагогикалық қырларын ашып, жасөспірімдерді дұрыс әлеуметтендірудің ғылыми негіздерін өз деңгейінде толықтырады.

Жасөспірімдерді тәрбиелеу үрдісіндегі мектеп пен отбасы

ынтымақтастығын нығайтатын әлеуметтік педагогика рөлінің маңыздылығы анықталады. Зерттеудің нәтижелерін девиантты мінез-құлықтың пайда болу себептері мен факторлары, қиын бала түсінігі және оның алдын алу, түзету секілді мәселелері бойынша семинарлар өткізуде, арнаулы курстар өткізуде, қоғамдық практикада және мақала жазған кезде пайдалануға болады.

1 Жасөспірімді дұрыс әлеуметтендіру 1. 1 Әлеуметтендіру процесіндегі жеке адам және оның әлеуметтенуіне әсер етуші факторлары

Қазақстан Республикасы 1995 жылғы Конституциясы бойынша өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Соның ішіне жасөспірімдерді де жатқызуға болады.

Әлеуметтендіру дегеніміз - сана-сезімі, психикасы, мінез-құлқына нұқсан келген не болмаса басқаларға ұқсамайтын ерекше қабілетті жасөспірімдерді қоғамдық ортада толыққанды өмір сүруіне қайтару үшін істелетін жұмыс жүйесі. Адам туған сәттен бастап әлеуметтендіру ықпалына түседі. Отбасы тәрбиесі, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барлығы да оқушыларды әлеуметтендіруге арналған деуге болады. Себебі сол арқылы балалар болашақта қоғамдық ортада қатарынан қалмай өмір сүруге үйренеді, қажетті білік, дағдыларды бойына сіңіреді. Бұл әрекеттерді меңгере алмаған, оқу-тәрбиеге көнбеген балалар арнайы әлеуметтендіру шаралары арқылы әлеуметтендіріледі.

Жасөспірімдерді әлеуметтік өзгерістерге бейімдеу, олардың қажеттіліктерінің негізінде жоспарланып, мынадай негізгі бөлімдерден құралады:

  • дәстүрлі мектепшілік іс-шараларға, ұжымдық шығармашылық істерге жалпы мектептік мерекелерге қатыстыру;
  • сынып ұжымының қызығушылықтарына және сұраныстарына сәйкес өткізілетін іс-шараларға қатыстыру;
  • оқушылармен даралап жұмыс жүргізу.

Оқушыларға үнемі жетістік ситуацияны жасау арқылы біз оған өзінің шығармашылық қабілеттілік, даралық мүмкіндіктерін ашуға, өзін-өзі түсінуге көмектесеміз. Жұмыс барысында олардың кішкентай жетістіктерін көріп, айтып, оларды ұжымның шығармашылық істерінен шетте қалдырмауға тырысып, марапаттап, қолдап отыруымыз керек. Cонда ғана олар мұғалімнің, өзінен үлкен адамның өздеріне деген ізгі қатынастарына сенеді [2] .

Я. А. Коменский мен Ж. Ж. Руссо сияқты ұлы педагогтар тәрбие беру кезінде бала табиғатын, оның қабылдау, ойлау ерекшеліктерін есепке алып отыруды ұсынған.

Жасөспірімдік кезең және оның ерекшеліктеріне тоқталып өтер болсақ, 11 жастан бастап бала организмінің жетілу процесінің басталуына сәйкес оның бойында физиологиялық, психологиялық және педагогикалық, әлеуметтік өзгерістер пайда болады. Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жасөспірімдік шағы 10-15 жас аралығына сәйкес келеді. Бұл кезде баланың бойы тез өседі. Балалардың сабақ үлгерімі төмендеп, тәртібі нашарлайды. Бұл кезеңде балаға ерекше тәрбиелік қамқорлық қажет. Өйткені, осы кезеңнен бастап бала дамуының өтпелі кезеңі басталады. Ол алғашқы кезеңі болғандықтан елеусіз, байқалмай өтеді.

Жасөспірімдік шақ пен жастық шақтың арасында ап-айқын көрініп тұрған аралық шек жоқ, ол шартты түрде ғана алынады, тіпті, көп жағдайда бірімен-бірі үйлесімді болып кетеді. 14-15 жас пен 16-17 жас аралығы кей жағдайларда ерте жастық шақ болып есептеледі, ал кейбір жағдайларда жасөспірімдік шақтың соңы болып есептеледі. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша, жасөспірімдік шақ олардың білім, жұмыс және отбасын құрған кезінде аяқталады. Осы кезеңнен ісі еркін болады, бірақ соған жауап бере алатын болуы тиіс. Әрине, ересектер де қателік жіберіп, кейбір нәрселерге жауапкершіліксіз қарайды, бірақ олар соған жауап береді, ал жасөспірімдердің ісі үшін көбінесе ата-анасы жауап береді [43] .

Тұлғаның әлеуметтенуі - күрделі және қарама-қайшы үдеріс, онда көптеген кедергілер мен қиындықтарды үнемі бағындыруға тура келеді. Бірақ бұл балалар мен жасөспірімдерге әлдеқайда қиын келеді. Олардың жолдарында кездесетін қиындықтар мен қайшылықтар әлеуметтенудің үдерісін баяулайды. Олардың арасында «кеш есею», «әлеуметтік енжарлық», «шағын әлеуметтік жас», «кеш әлеуметтік есею» және т. б [46] .

Әрбір адам, әсіресе, балалық шағында және ерте жастық шағының қарсаңында әлеуметтендіру процесінің негізгі объектісі болады. Оған дәлел жастардың осы қоғамға сай тәрбиеленуі, заңға мойынсынуы, берік отбасын құруға біртіндеп дағдылануы және т. б. әрекеттерге қызығушылық танытып, ынтамен дағдылануға талпынуы бола алады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде аурушаңдық, рухани соққы алу, отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтік ауытқуға алып келеді. Бастауыш мектеп жасында ата-анасының ішімдікке салынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлықтың болмауы баланың тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады. Сондай-ақ ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-қатынасы бала дамуында, яғни әлеуметтенуінде үлкен рөл ойнайды.

Қоғамның қай кезеңінде болсын тұлғаны өзі өмір сүріп отырған қоғамына лайықты азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның адам тәрбиесіне қоятын талаптарын қанағаттандыру мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Осы мақсатта біз ерте кездердегі бабаларымыздың тәрбие тәжірибелерінде әлеуметтендіру мәселесінің қалай қойылып келгендігіне назар аударып көрейік.

Қарама-қарсы негіздердің күресі - дамудың қайнар көзі. Жеке адамның, әсіресе, балалық және жасөспірімдік шақтарында дамып жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Тәрбие халықтық дәстүрлер мен ізгі қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыруды көздейді. Баланың дамуы күрделі қайшылықтары бар процесс болып табылады. Бұған негізгі педагогикалық үш фактор әсер етеді:

  1. Тұқымқуалаушылық;
  2. Орта;
  3. Тәрбие.

Ұрпақтарда ата-аналарға тән биологиялық ұқсастықтың болуы тұқымқуалаушылық деп аталады. Мысалы: балаға ата-анадан дене қалыптасуы, шаштың түсі, көздерінің, терілерінің түсі ауыса алады. Осының бәрі туа біткен дене ерекшеліктері деп аталады.

И. П. Павловтың іліміне сәйкес адам туылған кезде толып жатқан туа біткен қасиеттерімен туылады. Олар: тамақтану, қорғану, бағдарлау, тілдің дамуы, тік жүру және т. б. Бұл қасиеттер адамдармен араласу барысында қалыптасады. Егер бала адаммен қарым-қатынаста болмаса, ол жүре де, сөйлей де алмайды.

Адамның дамуына орта ықпал етеді. Олар: географиялық орта, үй-іші ортасы, әлеуметтік орта және ұжымдық орта болып бөлінеді. Мысалы солтүстік аймақта өмір сүретін адамдар мен оңтүстікте өмір сүретін адамдардың мінез-құлқы мен әрекетінде өзгешеліктер кездеседі. Өйткені олар өмір сүретін ортаның температурасы мен табиғаты олардың болмысына өз ықпалын тигізеді.

Тәрбие - баланың дамуына ықпал ететін негізгі әрі шешуші фактор болып табылады. Тәрбиенің басқа факторлардан айырмашылығы - ол адамның дамуына әрқашан да мақсат көздеп ықпал етуі. Сондықтан тәрбие адам дамуы үшін басқарушы рөл атқарады. Жеке адамның, әсіресе, балалық және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбиенің сипаты мен дамудың арасында екіжақты байланыс болады.

Әлеуметтену процесіне бірнеше негізгі факторлар әсер етеді. Олар: мегафакторлар, макрофакторлар, мезофакторлар және микрофакторлар.

Мегафакторларға (мего - өте үлкен, жалпы деген мағынаны білдіреді) космос, планета, әлем және т. б. жатқызуға болады. Космостың Жер планетасындағы адамдар өміріне тигізетін әсері ертеден-ақ көптеген ойшылдарды ойландырып келген.

Макрофактор (макро - үлкен деген мағынаны білдіреді), оған ел, қоғамдық этнос, мемлекеттің әлеуметтенуге әсерін түсінеміз. Ел - мәдени-географиялық феномен. Бұл географиялық жағдайы мен табиғи ерекшеліктері арқылы айқын ерекшеленетін, белгілі шекарасы бар территория. Ол мемлекеттік егемен немесе басқа елдің билігінде болуы мүмкін.

Мезофактор (мезо - орта, аралық деген мағынаны білдіреді) - бұлар үлкен адамдар тобының әлеуметтенуге тигізетін әсері. Әлеуметтенудің мезофакторларына этнос, аймақ, халық жатады.

Мезофакторлардың жекелеген адамдарға әсері арқылы төртінші топ факторы анықталады. Оны микрофактор деп атаймыз (микро - кіші деген мағынаны білдіреді) . Әлеуметтендірудің микрофакторларына отбасы, тәрбие институттары, құрдастар тобы, микроорта, ұйымдар (соның ішінде діни ұйымдар да) жатады.

Тәрбие институттары - нақтылы әлеуметтік-кәсіби құрылымға немесе

нақтылы жас аралығындағы адамдардың дамуы үшін мақсатты да жоспарлы ұйымдастыру мақсатында қоғам мен мемлекет тарапынан арнайы ұйымдастырылған ұйым. Мұндай ұйымдардың басым бөлігі өскелең ұрпақты тәрбиелеу мақсатында құрылады. Олар: қоғамдық-мемлекеттік, мемлекеттік, діни және әр түрлі типтегі жеке меншік оқу-тәрбие мекемелері (мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы білім беретін орта және профильдік мектептер, лицейлер мен гимназиялар, колледждер мен курстар, жоғары оқу орындары және т. б. ) ; балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық-саяси және клубтық ұйымдары (тұрақты, маусымды және уақытша) ; өскелең ұрпақтың әлеуметтік-мәдени және басқа да сауықтыру жұмыстарының басқа да типтерімен шұғылданатын ұйымдар, балаларды, жасөспірімдер мен жастарды қамқорлыққа алудың жеке даралық және топтық ұйымдары, бойында әлеуметтік ауытқуы бар балалармен жұмыс істейтін және оның алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру, балалар мінез-құлқындағы ауытқуларды профилактика жасау мен қайта тәрбиелеу және реабилитациялау мекемелері. Адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие институттары екі жақты рөл атқарады. Біріншіден, әлеуметтендірудің бір бөлігі әлеуметтік бақылаушы ретінде әлеуметтік-тәрбие берушілік рөлді атқарса, екіншіден, кез келген қоғамның мүшесі ретінде тәрбиеленушілер оларға стихиялы түрде ықпал етеді. Кез келген тәрбие институындағы адамдардың қарым-қатынас процесі кезінде өзара ықпал болады, ол өзінің сипаты жағынан әлеуметтендіру институтындағы ұйымдастырушылардың көзқарасы мен тәрбиелік іс-шараның мақсатына сәйкес келмеуі мүмкін.

Құрдастар тобы да әлеуметтендірудің маңызды факторы болып табылады. Адам кез келген жаста өз құрдастарымен қарым-қатынас жасауға мұқтаж болады. Кішкентай балалар да бір-бірімен ойыншықтарын алмасу арқылы, бір-біріне қарап күлу арқылы қарым-қатынас жасайды, мектепке дейінгі жастағы балаларда қарым-қатынас жасау маңызды. Қарым-қатынастан шектелген бала өзінің коммуникативтік дамуында өз құрдастарынан кешеуілдеп қалады. Әйтсе де балалардың тілі ересектермен қарым-қатынас арқылы дамиды, ал интуитивтік-коммуникативтік қабілеттері өз құрадастарымен қарым-қатынас негізінде дамиды. Балалардың қарым-қатынасқа деген мұқтаждығы жоғары болғанымен, шын мәніндегі достық пен бейресми бірлестіктер жасөспірімдік жаста пайда болады. Бұл жаста бала өзін тұлға ретінде сезіне бастайды, оның төңірегінде ойлана бастайды. Өзіндік «Мен» концепциясы күрделене түседі. Өзіндік «Менін» басқалар көзімен көргісі келетін балада еліктеу басым болады. Өзі сол топқа жатпайтын, бірақ сол бейнеге ұқсауға талпынатын әрекеттер жасай бастайды. Жасөспірімнің бейресми топ мүшелеріне еліктеуіне қажеттілігінің себебі мынада болуы мүмкін:

  • ақпараттың қызығуы. Отбасында, мектепте айтылмайтын ақпараттар жасөспірімдер тобы арасында айтылуы мүмкін. Нақты айтқанда, бұл мәселе қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынастарға қатысты болуы мүмкін. Мұндай ақпараттардың жасөспірімдер арасында қарастырылмауы немесе тым кеш қарастырылуы олардың жыныстық жетілуінің кешеуілдеуіне әкеліп

соқтыруы мүмкін;

  • қарым-қатынастың, эмоционалдық байланыстың қызықтыруы;
  • лидерлік немесе керісінше арнайы топ мүшесі ретінде қарым-қатынасқа енуге деген жеке қызығушылығын жүзеге асыру мақсатының болуы [3] .
1. 2 Отбасы - әлеуметтендіру процесінің жетекші институты

Әрбір адамның жетіліп дамуында отбасы маңызды рөл ойнайды. Сондықтан қоғамның қай кезеңінде болмасын отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері ең өзекті мәселе ретінде көптеген ойшылдар мен ғалымдарды ойландырып келген.

Бүгінге дейін Шығыстың Ұлы ойшылдары әл-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашғари, М. Хайдари және т. б. классик педагогтар Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, А. Дистервег және т. б., қазақ ағартушылары Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, кеңес педагогары А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский, Н. Д. Крупская және т. б., қазақ зиялылары М. Әуезов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, С. Көбеев және т. б. отбасы тәрбиесі мәселелерін жан-жақты қарастырып, зерттеген.

Бүгінгі таңда отбасы тәрбиесі мәселелерінің ғылыми негіздері Ресей ғалымдары Ю. Азаров, А. Пинт, И. Гребенников, Л. Белова және т. б. тарапынан зерттелді. Ал Қазақстанда Ж. Қоянбаев, Р. Қоянбаев, Ж. Әбиев, Р. Төлеубекова, Г. Байдельдинова, Б. Айтмамбетова, С. Қоңырбаева және т. б. ғалымдар тарапынан кеңінен зерттеліп келеді. Отбасындағы тәрбие көптеген ғылым саласында (социология, педагогика, психология, экономика, демография, құқықтану және т. б. ) кеңінен зерттеліп, бүгінгі қоғам талаптарына сай отбасы тәрбиесін ұйымдастыру мәселелері көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр. Отбасындағы адамдардың бір-бірімен өзара қарым-қатынасының сипатына қарай М. Галагузова оларды авторитарлы, демократиялық және эгалитарлық деп бөлді. Авторитарлық отбасы өзінің қарым-қатынастағы қаталдығымен сипатталады. Мұндай отбасыларында әйелдің еріне бағынышты немесе ері әйелінен аса алмайды және балаларды ата-аналарының дегенінен шыға алмайды. Демократиялық отбасыларындағы қарым-қатынас толық өзара түсіністік пен сыйластыққа негізделеді. Ал эгалитарлық отбасылары ондағы ересектердің тең құқылығымен ерекшеленеді. Мұндай отбасыларындағы адамдар үшін отбасы мәселелеріне қарағанда жеке басының мәселелері бірінші орында тұрады.

Отбасының атқарар қызметіне де ғалымдар көзқарасы әр түрлі. Г. М. Свердлов пен В. А. Рясенцев отбасының негізгі қызметі ұрпақ жалғастырудан, тәрбие беруден, шаруашылық жүргізуден және өзара көмек көрсетуден тұрады деп түсіндіреді.

С. Д. Лаптенюк: «тұрмыстық-шаруашылық, ұрпақ жалғастырушылық, тәрбие берушілік, отбасы мүшелерінің бос уақытын ұйымдастырушылық», - десе, Н. Г. Юркевич: «рухани қарым-қатынас, сексуалдық қызмет, баланың туылуы, тәрбиедегі ынтымақтастық, бос уақытты ұйымдастырушылық, отбасы шаруашылығын жүргізуге қажетті құрал-жабдықтарды жинақтау, бос уақытты ұйымдастыру, өзара моральдық және материалдық көмек беру» деп түсіндіреді.

Қазақстандық әлеуметтанушылар М. Тәжин мен Б. Аяғанов өз зерттеулерінде: «Қазіргі қоғамдағы отбасының негізгі қызметі: дүниеге адам әкелу; әлеуметтендіру, яғни балаларды осы қоғамда өмір сүруге әзірлеу; экономикалық, яғни балалардың есею геніне дейін көмек беру; сексуалдық қызмет, яғни қоғамда жыныстық қатынастарды реттеу» деп көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Девиантты мінез - құлық әлеуметтік проблема ретінде
Жеткіншектердің девиантты мінез- құлқындағы гендерлік айырмашылықтарды зерттеудің теориялық негіздері
Жастардың девиантты мінез құлықтары
Мінез-құлықтың ауытқуы күнделікті өмірдің психопатологиясы ретінде
«Девиантты мінез – құлқы бар балаларды анықтау және оқыту проблемаларын шешудің болашақ даму жолдары»
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Девиантты мінез - құлықты жасөспірімдерді зерттеудің ғылыми теориялық негіздері
Девиантты мінез - құлықтың теориялық негіздері
Девианттық-мінез құлықтың салдарының виктимдішлігі
Жасөспірімдердің ауытқушы мінез-құлық мәселесінің теориялық аспектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz