Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І.
Инклюзивті білім берудің педагогикалық негіздері

1.1
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың теориялық моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

1.2
Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ІІ.
Мектепте инклюзивті білім берудің әдістемесі

2.1
Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін тузете-дамытудың жолдары...

2.2
Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түрлі әдіс - тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІІ.
ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

3.1
Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыстың маңызы бар ма? атты сауалнама

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының болжамы: Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамыту 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада жалпы білім беретін мектептерде инклюзивті оқыту, білім беруді дамытудың негізгі міндеттері қатарына қойылған. Соңғы жылдары мүмкіндігі шектеулі балаларға деген көзқарас өзгеріп, оларды дамытуға ерекше мән беріліп отыр. Жалпы білім беретін мектептерде қалыпты дамыған оқушылармен қатар мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналды [1,8 б.].
Әлемнің дамыған елдерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен қосып оқытуға көп көңіл бөлінеді және бұл салада елеулі тәжірибелер жинақталған. Біздің отандық жалпы білім беретін мектептің іс - тәжірибесі үшін инклюзивті оқыту педагогикалық жаңашылдық деп бағалануы мүмкін. Себебі мәселенің жаңалығы қазақстандық жалпы білім беретін мектептердің іс - тәжірибесінде инклюзивті оқыту жан - жақты зерттеуді талап етеді.
Зерттеудің мақсаты: инклюзивті білім берудің мектепте дамытудың маңыздылығы.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылды:
1. Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың теориялық моделін сипаттау;
2. Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттарын анықтау;
3. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін тузете-дамытудың жолдарын атау;
4. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түрлі әдіс - тәсілдерді зерттеу;
5. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыстың маңызы бар ма? атта сауалнама өткізіп, қорытынды шығару.
Зерттеу обьектісі: педагогикалық процесте инклюзивті білім берудің тиімділігі
Зерттеу пәні: инклюзивті білім берудің негіздері
Зерттеу жұмысының негізгі идеясы: даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істеудің жолдары мен тәсілдерін зерттеу. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін жұмыстың маңызы бар ма? атты сауалнама құрып,өткізіп, қорытынды шығару.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: жұмысты жaзу бaрысындa оқулықтaр, гaзет бaспaлaры, зерттеу нысaнынa қaтысты бaспa бетiн көрген негiзгi ғылыми әдебиеттер, Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Мищенко А.И., Шиянов Е.Н., Андреев В.И., Әбенбаев С. т.б. зерттеулерi, сондaй-aқ ғaлымның пiкiрлерiне тaлдaу жaсaп, теориялық тұжырымдaрын дaмытқaн еңбектерiне теориялық және методологиялық негiз ретiнде пaйдaлaнылды.
Зерттеу жұмысының теориялық мәні: өзін - өзі тану негізінде оқушының жеке тұлғасын дамыту жолдарын сипаттау.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:
Курстық жұмыстың зерттеу әдiстерi: зерттеу жұмысындa жинaқтaу, сипaттaу, жүйелеу, логикaлық тaлдaу әдістері aрқылы қaлыптaстырудың әдістемелік негізі жaсaлды.
Зерттеу жұмысының бaзaсы:
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кiрiспеден, екi негiзгi бөлiмнен, тәжiрибелiк бөлiмнен, қорытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тiзiмiнен тұрaды.
Кiрiспеде зерттеу жұмысының болжaмы, мaқсaты, көкейкестiлiгi, жaңaшылдығы, нысaны, мiндеттерi, негiзгi идеясы, зерттеу объектiсi, әдiстемелiк бaзaсы, теориялық және тәжiрибелiк құндылығы aнықтaлaды.
Бiрiншi бөлiмде мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың теориялық моделі сипатталды. Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары анықталды.
Екiншi бөлiмде мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін тузете-дамытудың жолдары аталды. Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түрлі әдіс - тәсілдерді зерттелді.
Тәжiрибелiк бөлiмде

І. Инклюзивті білім берудің педагогикалық негіздері
1.1 Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың теориялық моделі
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, ...мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады - деген болатын [2,3 б.].
2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын жақсы білім беру қорлары мен технологияларына тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып отыр.
Мемлекеттік саясаттың басты міндеттерінің бірі - мүмкіндіктері шектеулі балалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес білім алу құқықтарын жүзеге асыруын қамтамасыз ету болып табылады.
Білім беру саласындағы халықаралық құжаттар негізінде құралған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүмкіндігі шектеулі баланың білім алудағы тең құқықтар қағидалары қарастырылады.
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алу құқығына кепілдіктер Қазақтсан Республикасының Ата Заңы - Конституцияда, Қазақстан Республикасында бала құқықтары, Білім, Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау, Арнайы әлеуметтік қызметтер, Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік - медициналық - педагогикалық және психологиялық түзете қолдау туралы Қазақстан Республикасының заңдарында бекітілген.
Мүмкіндігі шектеулі баланың білім алуға құқықтарын жүзеге асырудың басты мақсаты ретінде оның дене және психологиялық ерекшеліктерін ескере отыра балалардың білім алуы үшін қажетті жағдайларды жасау қарастырылған.
Инклюзивті білім беру дегеніміз - жынысы, жасы, тегі, діни көзқарасы, дамуында артта қалушылығы немесе тұрмыстық жағдайына қарамастан, барлық балаларды жалпы білім беру үдерісіне толықтай енгізу және әлеуметтік бейімдеу барысында кездесетін кедергілірді жоюға бағытталған мемлекеттік саясат. Демек, бұл үдерістің нәтижесінде білім беру жүйесін толықтай өзгеріске ұшырататын тұжырымдама (концепция) жасалынады. Жалпы білім беретін мектеп мүмкіндігі шектеулі балаларды қабылдап, оқытуға және тәрбиелеуге дайын болуы қажет.
Жалпы білім беру жағдайларында инклюзияны дамыту үдерістерін мақсатқа сай жобалау үшін мүмкіндігі шектеулі балалардың инклюзивті білім алуға деген қажеттілігі туралы ақпараттық мәліметтер болуы қажет [3,23 б.].
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын іске асыруға және қоғамда сәтті әлеуметтенуіне бағдарланған білім беру жүйесіндегі өзгерістерді жобалаумен байланысты басқарушылық міндеттерді қамтамасыз етеді.
Республиканың білім беру жүйесінде әртүрлі дәрежедегі мүмкіндігі шектеулі балаларға толыққанды білім беру бағытында қажетті өзгерістерді жоспарлауға, мүмкіндігі шектеулі балалардың білім беру ортасында әлеуметтік бейімделуі мақсатында қамсыздандыруды бағалауға, отбасының білім беру қызметтеріне және білім беру шарттарына деген қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Егер таяу арада жалпы білім беру мектептеріне баратын мүмкіндіктері шектеулі балалардың және олардың ата-аналарының білім алу қажеттіліктерінің қандай екендігі және мұндай қажеттіліктерді қаншалықты қанағаттандыруға бағытталғаны анықталса, онда мүмкіндіктері шектеулі балаларды қоғамға ықпалдастыру үдерісі табысты болар еді.
Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды (мүгедектерді) қоғамға ықпалдастыру үдерістерін зерттеу, әлеуметтік ғылым міндеттері құрылымында аса маңызды міндеттер қатарына жатады. Бұл үдерістің өзектілігі мен мәнділігі, ықпалдаудың әлеуметтік дамуда алатын орнымен қатар, мүгедектердің әлеуметтік жағдаяты ерекшелігімен де анықталады.
Мүгедектердің шығу тегі, әлеуметтік жағдайы, физикалық немесе зияткерлік ресурстарына қарамастан, барлық құқықтарының теңдігі қоғамның, адамдар арасындағы, қауымдастықтар ішіндегі және қауымдастықтар арасындағы қарым-қатынастар мен өзара әрекеттерді заманауи ұйымдастырудың базистік принципі болып табылады.
Адам басқа жеке тұлғалармен бірдей тең құқықтарға ие болады және осы аталған эгалитаризм мемлекеттің барлық заңнамалық құрылымдары негізінде қорғалып, осы қоғам мүшелерінің қоғамдық сана-сезімі арқылы қолдау көрсетіледі.
Олардың әлеуметтік шынайы өмірде әлеуметтік тіршілік етуіне қатты әсер ететін теңсіздіктер басым сезілетін болғандықтан, жеке тұлғалардың тең құқығын айрықша қорғау қажет болады.
Қоғамға түрлі әлеуметтік топтарды ықпалдау бойынша мақсатты бағытталған іс-әрекеттердің қажеттілігі де, осы топтардың бірқатар себептер бойынша қоғамда әлеуметтік шығарып тастау, эксклюзия, яғни қандай да бір тәсілмен шектеледі, әлеуметтік өмір жиегіне ығыстырылады, кемсіту мен оқшаулауға ұшырауымен анықталады.
Мұндай топтар қатарына денсаулығының мүмкіндігінің шектеулі болуы, осы қоғамға тән іс-әрекет түрлерін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейтін мүгедектер жатады.
Қалыпты өмір сүру, қалыпты әлеуметтік тіршілік ету мазмұны мен құрылымы түсінігі тарихи құбылмалы. Тиісінше, жеке тұлғаға оның физикалық, психикалық және интеллектуалдық денсаулығы жағдайының ерекшеліктерімен таңылатын шектеулер туралы түсінік пен денсаулықтың шектеулі болуымен шартты болатын әлеуметтік-құқықтық ахуал ретіндегі мүгедектік туралы түсінік те әрбір тарихи формацияда түрліше болады [4,53 б.].
Осының салдарынан, мүгедектердің дезинтеграциясына және интеграциясына байланысты түсініктер аясы да, осы аталған зерттеуге - заманауи ресей социумына қатысты қолдануда әрбір қоғамның нақтылы-тарихи жағдайларына негізделген. Мүгедектерді қоғамға толыққанды ықпалдастыру, оларды барлық басқа индивидтермен теңдей құқықтармен және мүмкіндіктермен қамтамасыз ету қажеттілігі, тек гуманистік идеялар кешенімен, заманауи қоғамның демократиялық сипаты туралы түсінікпен (жағымды әлеуметтік мотивация) анықталып қоймайды, сонымен қатар, керағар әлеуметтік мотивация факторларымен де анықталады, себебі, қазіргі әлеуметтік орын алып отырған диспаритеттердің (мүгедектер үшін олардың формальдық тең құқықтарын іске асыру мүмкін еместігін де қоса алғанда) заманауи тәртібін сақтау мен жаңғырту, әлеуметтік орта құлдырауының, халық өмірінің деңгейі мен сапасының төмендеуінің басты себептері болып табылады. Сонымен, әлеуметтік процестер ретіндегі әлеуметтену және бейімделу биологиялық (физиологиялық), психикалық және әлеуметтік мүмкіндіктерден тұратын адам әлеуетіне және сыртқы жағдайларға, олардың қабылдаудың толықтығына байланысты. Қабылдау мен әлеуметтік ықпал етудің шектелуіне әкеліп соғатын, жеке тұлғаның әлеуетті мүмкіндіктері бұзылған жағдайында әлеуметтену мен бейімделуде ауытқулар байқалады. Әлеуметтік оңалту - әлеуметтік қызмет ету (әлеуметтену) және әлеуметтік бейімделу мүмкіндіктерін жасауға (қалпына келтіруге) бағытталған іс-шаралар қажеттілігі пайда болады.
Мүгедектерді ықпалдау тек әлеуметтік тиімділік (шиеленістерді тиімді шешу, трансакцияларды азайту, оңтайлы басқару) механизмдеріне негізделіп қоймайды, сондай-ақ қауымдастықтың құндылықты нормалары мен қағидаларын мойындауына, кейбір маңызды негіздемелері бойынша ықпалдастырылған әлеуметтік субъектілердің сәйкестілігін ұғынуға негізделеді.
Мүгедектерді толыққанды әлеуметтік ықпалдау бүкіл қоғаммен алдын ала жасалатын жалпы әлеуметтік шаралар мен күштерге байланысты болумен қатар, мүгедектерге тиісті кәсіби және қоғамдық институттармен ұсынылатын әлеуметтік шаралар мен оңалту көмектеріне, сондай-ақ әлеуметтендіру және ықпалдау ресурстарын меңгеруде белсенділік танытатын мүгедектердің күш-жігеріне байланысты болады.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде интеграция ұғымын және мүгедектерді қоғамға ықпалдау процестерін зерттеудің заманауи жағдайын теориялық қарастыру нәтижесінде осы аталған феномендерді социологияның түрлі бағыттарында түсінудің арнайы ерекшеліктері анықталған. Жүргізілген талдау осы проблеманы тексерудегі біздің зерттеу көзқарасымызды белгіледі [5,15 б.].
Мүгедектердің өзін-өзі сезінуіне баға беруге негізделген, мүгедектерді ықпалдастырудың микро және мезотоптық артықшылығы бойынша түсініктемесі осы ауқымдағы әлеуметтік процесс мәніне жауап бермейді. Барлық күрделі құрамды әлеуметтік нысандар, соның ішінде, қоғам, жалпы төмен дәрежедегі қауымдастықтар жататын, әлеуметтік организмдер үздіксіз интеграция - дезинтеграция процесінде болады және де әлеуметтік дамуды құрайтын осы бөліктер мерзімімен бір-бірімен ауысуы мүмкін, не болмаса бір мезгілде жүргізіліп, жүйенің әр түрлі элементтеріне қатысты болуы ықтимал. Ықпалдастық, оның аяқталуы бойынша әлеуметтік жүйе қайшылықсыз үйлесімде тоқтап қалатын, бір бағытты, телеологиялық тренд болуы мүмкін емес. Әлеуметтік даму барысында дифференциация мен дезинтеграция процестері қайтадан өзгеріп, жанданады, сондықтан да тірі әлеуметтік ағза үшін қайта жаңару мен тереңдеу бірлігі де үздіксіз болады [6,69 б.].
Мүгедектерді ықпалдау тарихи өзгергіш және қоғамдық ілгерілеудің әрбір сатысында қайта туындайтын бөліну, оқшаулау, эксклюзия процестерін еңсеруге бағытталған. Сондықтан осы әлеуметтік бірліктен объективті және субъективті табиғаттың бүлдіргіш элементтері бөлетін, денсаулығында мүмкіндіктері шектелген адамдардың енгізілуімен жүйелі жіне аяқталған болуы мүмкін, әлеуметтік ағза бүтіндігінің орнын толтыру процесі ретінде қарастырылуы тиіс, мүгедектерді ықпалдау ұғымының мәнін нақтылау, қоғам мен оның жалғыз элементі арасындағы өзара қайшы қатынастардың аяқталуын, әлеуметтік тұтастық барлық бөлігінің абсолютті және толық ықпалдастырылуына қол жеткізу мүмкіндіктерін білдірмейді.
Ықпалдастықты тұтас түсіну мүгедектерді ықпалдастыруды қамтамасыз етуге және өзекті түсініктер аясында оларға лайықты өмірді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайтын, әлеуметтік саясат дайындаудың негізін қалыптастырады.

1.2 Мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытудың педагогикалық және психологиялық шарттары
Барлық адам білім алуға құқылы. Еліміздің 2002 жылғы Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық - педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы заңында даму мүмкіндігі шектелген барлық балалар психолого - медицина-педагогикалық кеңестің қорытындысына сәйкес арнайы түзету мекемелерінде және мемлекеттік жалпы білім беретін мектептерде тегін оқуға құқылы делінген.
Елімізде мүмкіндігі шектелген балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мәселесі төңірегінде бірқатар заң мен тұжырымдама қабылданған.
Атап айтсақ, мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру мақсатында 2009 жылы Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленген. Сонымен қатар, 2010 жылдың 1 ақпанында бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын атауға болады. Бұл бағдараламаның басты міндеттерінің бірі - еліміздегі инклюзивті оқытуды дамыту болып саналады. Мұндай білім мүмкіндігі шектеулі балаларды өзге оқушылармен тең дәрежеде жалпы білім беру процесіне қатыстыруға жол ашады [7,70 б.].
Инклюзивтің басты мақсаты-мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпы білім беретін ортаға кіріктіру ғана емес, ол барлығы үшін бір мектеп мақсатын көздейді.
Инклюзивті оқыту мүмкіндігі шектеулі баланың жалпы білім беретін ортада әлеуметтенуі мен оның дамуына және оқыту процесінде баланың жетістіктерге жетуіне мүмкіндік туғызады.
Инклюзивті білім беру оқыту процесінде балаға жеке көмек көрсету мен психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивті білім беру жайлы айтқанда жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға кедергісіз аймақ құру ғана емес, баланың психофизикалық мүмкіндіктерін ескере отырып құрылатын оқу-тәрбие процесінің ерекшелігін де ескерген жөн. Ал бұл процесті жүзеге асыру үшін мектепте баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметі ұйымдастырылуы қажет, сонымен қатар, баланың дамуына жағдай тудыратын балаға көмек қолын созуға дайын, кездескен мәселені дұрыс түсінуге негізделген педагогикалық және балалар ұжымында моральды-психологиялық климат орнауы қажет [8,31 б.].
Психикалық дамуы тежелген балалар - оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар.
Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін инклюзивті мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмыс атқару қажет. Мүғалім-дефектологтың психикалық дамуы тежелген балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуі мынадай бағыттарда іске асырылады:
I. Диагностикалық бағыт:
- баланы алғашқы дефектологиялық тексеру;
-баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау;
-баланың даму деңгейіне әсер еткен әдіс-тәсілдер мен таңдалған бағдарламаның тиімділігін анықтау;
-оқушының жеке ерекшіліктерін, танымдық қызметін, ерік-жігер саласын, отбасындағы тәрбиелік жағдайдың даму ерекшеліктерін зерттеу;
- жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын меңгерудің деңгейін анықтау
-компенсаторлық мүмкіндіктерді іздеп табу;
-баламен жұмыстың бағыттарын айқындау мен бала дамуындағы ауытқулардың алдын алу.
Сонымен диагностика мынадай міндеттерді шешуге бағытталады:
Баланы алғашқы тексеру. Оның мақсаты: баланың жақын даму аймағы мен актуалды даму аймағын, оқу барысындағы қиыншылықтардың себептері мен механизмдерін анықтау.
Диагностикалық зерттеу жұмысы қыркүйек айы бойы жүргізілді. Бұл диагностиканың қорытындысы дефектологиялық тексеру хаттамасында, балаға дефектологиялық анықтама бергенде тіркеледі.
Баланы динамикалық тексеру -оқыту процесінде оқушының даму деңгейіне таңдалған оқытудың түрі, әдістері мен тәсілдердің сәйкестігін анықтау, баланың даму динамикасын бақылап отыру мақсатында жүргізіледі. Динамикалық тексеру жылына екі рет жүргізіледі. Сонымен бiрге баланы динамикалық зерттеу баланың пән бойынша жеткен жетістіктерімен баланың даму нәтижесін салыстыруды көздейді. Баланың оқу дағдыларының қалыптасқандығын (ақпаратты қабылдауы, оқу қызметін ұйымдастыра алу, өзін-өзі бақылау) тексереді.
Кезеңдік диагностика- бұл диагностиканың түрі баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқутанымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.
Ағымдық диагностика - бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.
Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі - бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары: жанжақтылық, кешенділік, жүйелілік, тұтастық. Аталған қағидаларды ескере отырып әр қызметінің маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Мұғалім-дефектолог, психолог, логопед диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізеді:
- Сенсорлы-перцептивті жағдай;
- Зейіні;
- Есте сақтауы;
- Ойлауы;
- Сөйлеу ерекшеліктері;
- Өзін-өзі бағалауы;
- Ерік-жігері;
- Психомоторлық жағдайы;
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы;
- Оқу біліктілігі;
- Еңбек біліктілігі;
- Коммуникативтілігі;
Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль толтырылады. Профиль - баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.
Диагностика қорытындысы мектепішілік консилиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың дамуының мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол- жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады. Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша дефектолог диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете-дамыту бағдарламасын құрады.
II. Түзете-дамыту бағыты бойынша:
Ақаудың құрылымымен оның айқындылық дәрежесіне байланысты түзету жұмысының мазмұны анықталады.
Баламен жүргізілген диагностиканың қорытындысы түзете-дамыту жұмысы бойынша мынадай бағыттарды айқындап берді:
- сенсорлық және сенсомоторлық дамуын қалыптастыру;
- кеңістік-уақыт түсініктерін қалыптастыру;
- пішін мен көлем, түсті қабылдауын қалыптастыру;
-салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жалпы ойлау операцияларын қалыптастыру;
- зейіннің тұрақтылығын, зейін шоғырлануын дамыту;
- көру, есту арқылы есте сақтауын дамыту;
- психомоторлық дамуды жүзеге асыру мен сөйлеу тілін, сөздік қорын арттыру.
Айқындалған бағыттар негізінде балаға түзете- дамыту бағдарламасы құрылады. Түзете - дамыту бағдарламасы баланың танымдық қабілеттерін дамытуға, баланың дамуындағы бос орынды толтыруға бағытталады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін баланың жеке жас ерекшеліктері, қабылдау деңгейі ескеріліп, әр тақырыпқа тапсырмалар тізбегі даярланады. Баламен жеке жұмыс сабақтан тыс уақыттарда өтеді.
III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:
- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере оты- рып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс:
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі. В. А. Сухомлинский ата - анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: Тек ата - аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін, - дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата - аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше [9,41 б.].
Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.
IV. Әлеуметтік-бейімдеу бағыты
- баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау;
- баланы шығармашылыққа тарту;
- баланы мектепішілік, мектеп аралық мереке, ісшараларға қатыстыру;
-баланы әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлауға үйрету;
-мектепте өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
Сонымен қатар баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда әлеуметтік-бейімдеу бағыты оқушылардың, қоғамның толеранттылығын қалыптастыруды жүзеге асырады.
V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:
Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, ісшараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады:
-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау.
-оқушыға портфолио құрастыру
Портфолио - бала жеткен жетістіктердің, баланың білім- білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.
Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс.
Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау - инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.
Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау қызметіндегі мұғалім-дефектолог баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. Баланың танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт - мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады. Яғни, ол сыпайылық, педагогикалық әдеп, оқу процесінде балаға көмек қолын созу, сәтсiздiктердiң себептерi мен жетістіктерді ұғыну мен өз мамандығын сүю. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды.
Жүсіпбек Аймауытов Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың бағытқа бағыттары сөзсіз.
Қорыта келгенде баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары төмендегідей:
- Психологиялық -педагогикалық қолдау қолдауының мақсаттылығы;
- Психологиялық -педагогикалық қолдау қолдаудың үздіксіздігі;
- Психологиялық -педагогикалық қолдау қолдаудың бірізділігі;
- Психологиялық -педагогикалық қолдау ұйымдасқан қызметі мамандарының біріккен жұмысы)
- Психологиялық -педагогикалық қолдау қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) - баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі.

ІІ. Мектепте инклюзивті білім берудің әдістемесі
2.1 Мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін тузете-дамытудың жолдары
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат,бір мүдде, бір болашақ атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі.
Атап көрсетсек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес,ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады - деген болатын [10,36 б.].
Бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сол азаматты болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының, яғни біздің міндетіміз болып табылады.
Әр адам қайталанбас тұлға болып есептеледі, сондықтан адам, адамгершілік тұрғылық қарым-қатынасқа құқылы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік ортаға енгізудің негізгі бір факторы, ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау.
Мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізудің екі жолы бар.
Бірінші жолы, баланы қоршаған ортаға бейімдеу.
Бұл жолдың кемшілігі - біржақтылығы. Бұл жолмен керекті нәтижеге жету мүмкін емес, әлеуметтену процесі екі жақтылы болуы керек. Бұл дайындық процесінде интеграцияның объектісі ғана емес, сонымен қатар белсенді субъектісі болу керек. Екінші жолы мүмкіндігі шектеулі баланы әлеуметтік ортаға енгізу дайындығымен бірге, әлеуметтік ортаны мүмкіндігі шектеулі баланы қабылдауға дайындау. Негізгі факторы да осы.
Лев Семенович Выготский: Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі - бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі - кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері - деп атап көрсетеді.
Сондай-ақ, ол бала бойындағы кемістікті әлеуметтік жолмен толықтыруға болады деді, ол үшін кемтар балаларға үнемі қамқорлық көрсетіп, оқыту мен тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізіп отыру керектігіне ерекше мән берген. Дегенмен, ерекше балаларды оқыту мен тәрбиелеу және әлеуметтендіру күрделі мәселе екені бізге анық.
Психофизиологиялық ауытқушылықтары бар балалармен психологиялық- педагогикалық оқытудың тәрбиелік сипаты, көрнекілік, жеке ықпал ету сияқты жалпы дидактика принциптерімен қатар арнаулы педагогикадағы түзете-дамыта оқыту және практикалық бағытта оқыту принциптерін басшылыққа алады. Дегенмен, осы балалармен жүргізілген жұмыстардың нәтижелілігі қосымша факторларға да байланысты. Ең алдымен, оқу сабақтарының балаларды қоғамдық тәртіп ережелеріне, белсенділіктерін дамытуға, коммуникабельдік дәрежесіне сәйкес келуі үлкен орын алады. Сонымен қатар, барлық ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері арасындағы байланыс, яғни бір тақырыптың түрлі пәндерде қаралып, түсіндірулермен қатар, жағымды тұлға қасиеттерін қалыптастыруда еңбекке оқыту, еңбекке баулу ерекше маңызды. Практика барысында балаларда болашақ әлеуметтік бейімделуіне өте маңызды ұжымда бірлесе жұмыс істеу, еңбек етуге деген икем, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Жеке тұлғаны әлеуметтік бейімдеу сабақта және сабақтан тыс уақыттардағы ұйымдастырылған сабақтар мен экскурсияларда өткізіледі.
Сабақ барысында арнайы құрылған жағдаяттар бойынша балалар қажетті тұрмыстық икемдерді, қоғамдық тәртіп ережелерін игереді. Ол үшін сабақтан тыс уақыттарда Дүкенде, Шаштаразда, Автобуста т.б. сияқты сюжетті-рольді ойындар өткізіледі. Балаларға белгілі бір жағдайда қалай жасау керектігін бірнеше рет қайтара көрсету керек. Бірнеше қайтара жаттығу, жүйелі қойылатын талаптар балаларда қоршаған ортаға икемделуге көмектесетін жағымды әдеттерді шыңдайды. Ал, танымдық әрекеттерін дамыту олардың жеке бас қасиеттеріне әсер етеді.
Жас ерекшеліктеріне сай балалар еңбек әрекетін сәйкес бағалай алады, орындаған жұмысының сапасына да жәй қарамайды. Тапсырманы жаман орындаса қынжылып, ал жақсы бұйым жасаса жолдасына, тәрбиешісіне көрсетіп, мадақтауды ұнатады. Балалар осылайша еңбек әрекетіне қатысудың маңыздылығын түсіне бастайды. Бұның бәрі балалардың тұлғалық қалыптасуы туралы айта отырып, олардың өмірлеріндегі еңбектің рөлі мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді.
Тәрбиеленушілерді әлеуметтік оқыту барысында көрнекі құралдар негізгі тиімді әдіс болып табылады. Бұл жерде көрнекілік шынайылық деген мағынаны білдіреді.
Педагог балаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инклюзивті білім берудің ерекшеліктері
Бастауыш сыныпта инклюзивті білім беруді ұйымдастыру ерекшеліктері
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Америка Құрама Штаттарында мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту
Сенсорлық бұзылыстары бар балаларды оқыту ерекшеліктері
Инклюзивті білім берудің ерекшелігі
Инклюзивті білім берудің халықаралық тәжірибесі
Мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқыту
Жалпы білім беру мектептерінде білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытудың негізгі шарттары
Инклюзивті білім беруде колледж студенттерін оқытудың педагогикалық шарттары ның теориялық негіздері
Пәндер