Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым министрлігі
Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Университеті
Кафедра: Гуманитария ғылымдарының жоғары мектебі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:

Мамандық: 5В011400​Тарих
Пəн: Тарихнама
Топ: ​МТ-31
Студенттің аты-жөні:​ Альшинбеков Азат
Тексерген: Сыздыкова А.М.

2020ж
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
Жоспар:
1. Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығы
1.1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
1.2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет
2. Шу дастаны.
2.1 Оғыз қаған дастаны
Қорытынды
Пайдаланылған əдебиеттердің тізімі

Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әдебиет қашаннан өмір оқулығы деп танылған. Әдебиет арқылы оқушы өмірді, қоршаған ортаны, адамды танып біледі. Әдебиет даму үстіндегі құбылыс, ол өзгереді, күрделенеді, жаңа сапаға ие болады. Әдебиет - жекелеген ақын, қаламгерлердің шығармашылық жігерімен жасалады. Әдебиет саласының бірі - ежелгі және ортағасыр әдебиеті болып табылады. Ежелгі дәуір әдебиеті - әдебиеттің ең негізгі және ең күрделі бөлімдерінің бірі. Курстық жұмыстың өзекті мәселесі болып табылатын ежелгі дәуір мен ортағасыр әдебиеті меңгертудің тиімді жолдарын ұсыну ғана жұмыстың басты мақсаты емес, сондай - ақ, бұл дәуірдің әдебиеттері балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы зор. Екі дәуірдің әдебиет үлгілері оқушылардың ой - өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді.
Курстық жұмысының мақсаты: Ежелгі мен ортағасыр дәуір әдебиеті шығармаларын оқыту барысында түрлі әдістерді пайдаланып, оқушылардың екі дәуір әдебиетіне жататын шығармаларды оқыту тиімділіктерін айқындау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Ежелгі дәуір әдебиетінің қазақ әдебиетінде алатын орнын анықтау;
Ежелгі дәуір мен ортағасыр әдебиеті шығармаларының зерттеушілеріне шолу жүргізу;
Жоғарыда айтылған дәуір әдебиеттеріне байланысты шығармалардың оқытудың тиімділіктерін іздестіру
Курстық жұмыстың әдістері: зерттеу, жинақтау, талдау
Курстық жұмыстың хронологиялық шеңбері: Ежелгі дәуір әдебиетіне б.з.д. VІІ - б.з. ІХ ғасырды және Х - ХІІ ғасырды қамтитын түрлі әдеби мұралар мен жазба ескерткіштер жатады.Ал ортағасыр әдебиетінің хронологиялық шеңбері XII - XIV ғасырлар болып табылады.
Курстық жұмыстың территориялық шеңбері: Әдебиеттің қарқынды дамуына байланысты, Қазақстан жерінде ғана емес, сонымен қоса бүкіл Орта Азия аумағына тез тарала бастады.

1.Ежелгі дәуір әдебиет үлгілерінің қазақ әдебиетінде алатын орны мен маңыздылығы
Ежелгі дәуір әдебиет (XII - XIV ғғ.) деп аталатын жеті ғасырды қамтыған әдебиетіміздің, ұзақ тарихына қатысты ерекшеліктер, шығармалар аз емес. Олардың алғашқылары деп түркі ру - тайпаларына ортақ Орхон ескерткіштерін (VIIғ.), Қорқыт (VIIIғ.) және Оғыз - наманы (IXғ.) атаймыз. Ежелгі дәуір әдебиетін Мқхаммед Хорезми, Әбу Насыр әл - Фараби, Әбу Райхан әл - Бируни, Махмұд Қашқари, Қожа Ахмет Йасауи, Сулеймен Бақырғани, Жүсіп Баласағұни тәрізді түркі халықтарының біразына ортақ ойшылдары, ғалымдары, ақындары жалғастырды. Аталған ғұламалар түркі халықтарынан щыға тұра кезіңде араб әдебиетін, араб ғылымын, сонымен бірге дүние жүзі ғылымын дамытуға үлкен үлес қосты. Ежелгі дәуір әдебиетінің негізіне қыпшақ тілінде дамыған кезеңінде (XII - XVI ғғ.) Кодекс куманикус, Махаббатнама, Жүсіп - Зылиха, Гүлстан, Домбауыл т.б. қиссалар, дастандар, шежірелер, тарихи мұралар енеді. Кез келген халық, ру, тайпа, ұлт болу үшін оның басынан кешірген тарихы болады. Сол секілды түркі халқынын да өзіндік тарихы бар. Түркі халқының дүние жүзіне халық болып танылуы VI ғасыр ортасында басталды. Сол себепті де ежелгі дәуір әдебиеті VI - XV ғасырлар аралығын қамтиды деп жорамалдайды. Бұл кейінірек қазақ халқының құрамына енген қазақ ру, тайпаларының ежелгі ру, ұлыс дәуіріндегі әдебиеті. Бұл ерте кездегі түрік, ру - тайпаларымен бірге жасалған ортақ әдебиеттің өзін 3 кезеңге бөліп қарастырамыз.
VI - IX ғ. көне түркі әдебиеті ескерткіштері. Бұған орхон жазба ескерткіштері яғни Күлтегін, Білге - қаған, Тоныкөк туралы құлпытастарға қашап жазылған жырлар, сондай - ақ, Оғыз - наме дастаны мен Қорқыт ата кітабы, Әбу - Насыр Әл - Фарабидің әдебиет саласындағы еңбектері енеді.
X - XII ғ. әдебиет. Бұл караханид түріктердің тілінде жазылған әдеби ескерткіштер. Ж.Баласағұнның Құтты білік, М.Қашғарилдің Түрік тілінің сөздігі, А.Яссауидің Даналық кітабы, А.Иүгінекидің Ақиқат сыйы, С.Бақырғанидың Хакім ата, Жұбан ана, Әулие Мария туындылары X - XII ғ. өмірге келген әдебиет нұсқалары.
XIII - XIV ғ. әдебиеті. Бұл кезең Алтын орда не Хорезм дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдегі туындылар түркі әдеби тілінің шағатай, қыпшақ диалектісі негізінде жазылған. Олар: Кодекс куманикус, Хорезмидің Мухаббат наме, Н.Рабғузидің Қисса сул Әнбия, Дүрбектің Жүсіп - Зылиха, С.Сарайдың Гүлстан бит түрк, Құтыбтың Хұсрау - Шырын дастандары, сонымен Х.Дулатидің Тарихи Рашиди, Ұ.Жалайырдың Жамиғ ат тауарих, З.Бабырдың Бабыр наме шығармалары осы кезеңнің үлгілері.
Географиялық, тілдік және графикалық ерекшеліктеріне қарай көне түркі ескерткіштері 3 топқа бөлінеді.
Енисей ескерткіштері
Талас ескерткіштері
Орхон ескерткіштері
Енисей ескерткіштеріне Енисей өзені, Тува республикасы, Алтай, Хакас облысымен, Краснояр өлкесі территориясынан табылған ескерткіштер жатады. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан 10 - 15 жолдар, кішілері 1 - 2 - 3 жолдардан тұрады. Енисей ескерткіштері V - VII ғасырларды қамтиды.
Талас жазу ескерткіштеріне Талас өзені бойынан табылған 12 ескерткіш жатады. Талас өзені бойындағы Айыртам - Ой деген жерден (қазіргі Жамбыл облысы) 1896 ж. Әулие ата уезінің бастығы Каллаур ғылымға үлкен жаңалық боп енген жазуы бар тас тапқан. Зерттеушілердің пікірінше, Талас ескерткіштері VIII ғ. қамтиды.
Орхон ескерткіштеріне VI ғ. аяғы мен VII ғ. басындағы Орхон, Селенгі, Тола өзендері мен Минусинск ойпатынан табылған Құтлығ қаған (Онгин), Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Мойын Чор, Күллі Чор, Суджы ескерткіштері жатады. Онгин ескерткіші 1891 жылы Моңғолиядағы Онгин өзені бойындағы Ядринцев тапқан. Бұл ең көне ескерткіштердің бірі. Мұнда екінші түрік қағанатын қайтадан қалпына келтірген Елтеріс қаған мен оның әйелі Елбіге туралы әңгімеленеді. Құтлығ Күлтегін мен Білгенің әкесі.
Білге қаған (683 - 734) ескерткіші 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзені бойындағы Эрдени Цэу монастырың жанынан Ядринцев тапқан. Білге қаған Қапаған қаған қайтыс болған соң таққа отырған Құтлығ қағанның үлкен ұлы. Ескерткіштегі жазуды жазған қағанның туысы Иоллығ Тегін делінеді.
1.1. ХІХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің тарихы.
Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары (ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі)" ғылыми-зерттеу жобасының нәтижелері "Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші, бесінші, алтыншы томдарына топтастырылды. "Қазақ әдебиеті тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби процестерге талдау жасалды. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз зергерлерінің мұралары зерттелді. Кітапта халық әдебиеті мен жыраулар поэзиясының сол кезеңдегі жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу жолына ұласу заңдылықтары қарастырылады. Қазақ халқының ХІХ ғасырдағы әдебиетінің шынайы рухы, ұлттың азаттығы мен елдің тәуелсіздігі жолындағы өзекті арқауы, көкейкесті мүддесі патшалық Ресейдің отаршылдығы тұсында да, Советтік саясат жылдарында да жеткілікті деңгейде ашылмай, айтылмай келген еді. Бірқатар ақындардың шығармашылығы кеңестік идеология қалыбымен жаңсақ бағаланып отырды. Бұл кітапта қазақ әдебиетінің ерекше тегеуірінді, рухы асқақ, идеялық-көркемдік шарықтау дәуірі - ХІХ ғасырдағы ішкі жаңғыру заңдылықтары тарихи шындық тұрғысынан сараланып отыр. Көркем әдебиет пен қоғамдық-әлеуметтік құбылыстардың сабақтастығы, сонымен қатар ұлттық әдебиеттің халықтық қасиеті тұңғыш рет ғылыми түрде негізделіп, басты сипаттары мен заңдылықтары дәйектелді. Көптеген ақындардың мұралары қайта қаралды, архивтерде тұмшаланып жатқан деректер назарға алынды, жаңа көзқарас тұрғысынан бағаланды. Тәуелсіздік алғанға дейін әдебиет тарихындағы орны жете сараланбай келген Көтеш Райымбекұлы, Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы сынды бірнеше ірі ақындардың шығармашылығына назар аударылды. Шал Құлекеұлы, Махамбет Өтемісұлынан бастап бірқатар көрнекті тұлғалардың туындылары арнайы талданды. ХІХ ғасырда қазақ халқының жаңа әдебиеті қалыптаса бастады, әдебиет жанрлық, көркемдік шеберлік тұрғыдан іштей түлеп, тақырып аясын барынша кеңейтті, қоғамның тарихи құбылыстарына қарай күрделі көркемдік сипат алды. Әдеби процестің осындай заңдылықтары қазақ қауымының қоғамдық-әлеуметтік жағдайларымен бірегей сабақтастықта қарастырылды. Қазақ әдебиеті тарихының ең бір құнарлы, дәстүрі берік, мазмұны бай кезеңі ХІХ ғасыр. Бұл ғасыр үлкен-үлкен құбылысты оқиғаларға да, күрделі де шиеленісті әлеуметтік тартыстарға да толы болғандығы дүние тарихының парақтарынан да белгілі. Ондай тарихи кезең құбылыстары қазақ даласына соқпай өткен жоқ.
Қазақ елі бұл кезеңде де ауыр күндерді басынан кешті. Он сегізінші ғасырдың аласапыран дәуірінің зардаптары жалғаса түсті. "Ақтабан шұбырынды" атанған зарлы заманнан өткен қазақ жұрты, қазақ хандығы тағы да бір қилы заман, қиын кезеңге аяқ басты. Сол дәуірдің оқиғалары мен тарихи шындығы, негізінен, қазақ әдебиеті шығармаларында көрініс тапты. ХІХ ғасырдағы қазақтың ұлттық әдебиетін дәуір шындығынан бөліп қарау мүмкін емес. Бұл кезеңде әдебиет пен халық тарихы біте қайнасып, кірігіп кеткендей еді. Соған орай әдебиет те жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Қазіргі әдебиеттануда "жаңа дәуір әдебиеті" деп атала бастаған бұл кезеңдегі әдебиет шынында да тарихи алғышарттары мен себеп-салдарларына орай дәстүрлі арнадан шығып жаңа сипаттарға ие бола бастады. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды. Тарихи шындық пен көркемдік шындық арасындағы сабақтастық бұрынғыдан да айқын көрінді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің заңдылықтарын сол кезеңдердегі қазақ халқының тарихымен сабақтастықта қарау қажеттігі осындай әу бастан жаратылысы бір көркемдік құбылыстардың ішкі бірлігінен туындайды. Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ. Осы аласапыран кезеңдердегі қазақ әдебиетінің шығармаларын тереңдеп талдап тану, ұлттық әдебиеттің жаңа дәуірінің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын тарихи сабақтастықта зерттеу ел тарихының қастерлі беттерін ашады. ХІХ ғасыр әдебиеті өткен ғасырлардағы ұлттық сөз өнерінің өрнегін, дәстүрін сақтаумен бірге көркемдік құралдарын байытты, жаңа сипаттар дарытты. Әдеби шығармалар жанрлық жағынан да, көркемдік бітімі турасында да, идеялық мазмұны жөнінен де көп ілгеріледі. Зерттеу барысында осы дәуірдегі көптеген әдеби мұралар жаңа қырынан қарастырылды, бұрын белгісіз болып келген, әлде арнайы талдауға түрлі себептермен мүмкіндік болмаған шығармалар мен ақын-жазушылар мұралары ғылыми айналымға қосылды.
Дулат, Шортанбай мұраларына қазақ халқы тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тереңдеп үңіліп, ашық жазуға мүмкіндік туды. Соған орай қазақ әдебиеті тарихының ең бір тынысты, мазмұнға бай кезеңі - ХІХ ғасыр шығармаларын шартты түрде екі кезеңге бөліп қарауға тура келеді. Демек, ХІХ ғасырды еңсеріп ХХ ғасырдың советтік дәуіріне аяқ басқан алғашқы ширегін қамтитын ұлттық әдебиеттің жаңа дәуір әдебиеті кезеңі үш дәуірге сұрыпталып қарастырылмақшы. Бірінші кезең - ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет, екінші кезең - ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет те, үшінші кезеңі ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі әдебиет деп желіленді. Ұлттық әдебиеттің бұл үш белесі негізінен қазақ ақын-жазушыларының, зиялы қауым өкілдерінің елдік құрылымды, мемлекеттік тәуелсіздікті, елдік әдебиетті көксеп, сол жолда жанын салып ізденіп жұмыс істеген, ашық саяси күреске бел шешіп кірген тұсы. Бір ғасыр бойы жүрген ұлт-азаттық күресі мен ұлттық азаттық аңсары ХХ ғасырдың басындағы Алаш қайраткерлерінің қозғалысына барып ұласты. Қазақ әдебиеті мен қазақ елінің тарихында бұрын-соңды мұндай азаматтық-саяси бағыты айқын тегеуірінді дәуір болған емес. Алашорда қайраткерлерінің саяси күресі есіл кетіп, қазақ елінің кейінгі тағдыры советтік заманға жалғасқандығы мәлім. Қазақ әдебиеті тарихының төртінші томындағы зерттеулер мен талдаулар ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы (1800-1850 жылдар аралығындағы) әдебиеттің даму заңдылықтарын қамтиды. "ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті" атты шолу мақала осы кезеңдегі әдебиет тынысына сараптама жасап, негізгі бағыттары мен көркемдік ерекшеліктерін көрсетуге арналды. ХVІІІ ғасырдың соңында дүниеге келіп шығармашылық ізденістері ХІХ ғасырда көрінген ақын-жыраулар мен ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүріп, әдеби шығармалар жазған тарихи тұлғалардың өмір жолы мен әдеби қызметі ғылыми айналымға ұсынылды. Отыздан аса ақын-жыраулар мұралары қарастырылды. Сол кезеңдегі әдебиеттің даму тынысының өзіндік ерекшеліктері сипатталып, негізгі заңдылықтары зерделенді, он бес ірі суреткерлердің шығармашылық портреттері жасалды. Әдетте әдебиет тарихына қатысты академиялық басылымдарға шығармалары жете зерттеліп, зерделенген, белгілі бір ғылыми тұжырымды көзқарас қалыптасқан тұлғалар қосылатындығы белгілі. Қай ғасырда да қазақ ақын-жыраулары, көркем сөз шеберлері көп болғандығы да шындық. Бұл ХІХ ғасыр әдебиетіне де қатысты жай. Қолжазбалары мұрағат қорларында сақтаулы, мерзімді баспасөзбен бірді-екілі кітаптарда шығармалары тиіп-қашып жарияланған, немесе мұралары жарық көрсе де зерттеліп, бағалана қоймаған ақын-жыраулар тіпті көп. Кейбірінің әдеби-көркем мұралары ауқымды болып келсе, енді біреулерінің үш-төрт, әлде оншақты өлеңдері мен айтыстары ғана сақталып қалған. Тәуелсіздік алған жылдардағы егемендік пен еркіндік бұл салаға да өз жаңалағын әкелді. Көптеген ақын-жыраулар әдеби айналымға қосылды.
Сонымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, әр ауылдан ақындар мен батырларды атап-түстеп, дәріптеу үрдісі басталды. Бұл көбінесе жер-жердегі әуесқой әдебиетшілер мен әдебиет жанашырлары тарапынан шашыраңқы, стихиялы түрде жүрді. Кейінгі жылдарда арнайы ғылыми мамандандырылған экспедициялар шығару дәстүрі мүлде тоқтап қалғандықтан, ел ішінде бастау алған әдеби мұраларды жинап-насихаттау мақсатындағы талаптардың бәрі бірдей ғылыми тұрғыда тиісті деңгейде нәтиже бере бермейді. Міне, осындай себептермен, жеткілікті зерттеліп, белгілі бір ғылыми тұжырым түйіп үлгермегендіктен ақын-жыраулардың енді бір қатарының шығармаларын академиялық зерттеу кітабына қосудың реті келмеді. Бұл әдебиеттану ғылымының үздіксіз жалғаса беретін, кезең-кезеңімен атқарылатын төл ісі. Енді бірқатар ақындардың есімдері мен шығармалары аталып, қысқа мағлұматтар ұсынылды. "Жаңа дәуірдегі қазақ әдебиетінің даму заңдылықтары (ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі)" ғылыми-зерттеу жобасы авторларының құрамында көрнекті әдебиетшілер мен белгілі әдебиет зерттеуші мамандар атсалысты. Социалистік реализм әдебиеті тұсында жазылса да ғылыми құндылығын жоғалтпаған, әдебиеттану тарихында маңызды орын алатын бірді-екілі еңбектерді ғылыми айналымға қосқанда, кезінде кеңестік идеология тұрғысынан айтылған байламдарды қайта қарап, тиісті жерінде ғылыми сипатына нұқсан келмейтіндей етіп редакциялап ұсынуға тура келді. Әйтсе де ондай тұстар өте аз кездеседі. Қазақ әдебиетінің қарастырылып отырған кезеңі туралы бұған дейін жарық көрген зерттеулер мен ғылыми еңбектердің маңызы өте жоғары. "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты тарихи мәні тәлімді академиялық көптомдықтың (Алматы, 1960) бірінші томының кіріспесінде, әдебиет зерттеу саласындағы еңбектерге арнайы байсалды талдау жасалған сүбелі тарауларында қазақ әдебиетінің тарихын ежелгі дәуірлерден бері байыптап саралаған зерттеуші ғалымдар мен олардың кітаптары мен талдауларына кең көлемді шолу ұсынылып, лайықты баға берілген. Ол ғылыми мағлұматтар мен кітаптарды түгел тізіп қайталап жатудың реті жоқ деп ойлаймыз. Әрине, социалистік реализм әдісін ұстанған тұста жарияланған зерттеу жұмысының өзіндік саяси сипаты бар екендігі анық, әйтсе де қазақ әдебиетінің тарихына қатысты сараланған ерекше бай мұралар мен деректер, тұлғалы қаламгерлердің талантты толғамдары мен терең танымдық көзқарастары ұлттық әдебиеттану ғылымының қастерлі қазынасы. Өткенді мансұқтау өзектен үзілу. Сөз болып отырған "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты академиялық көптомдық, басқа талантты еңбектер де әдебиеттану ғылымының айналымынан түспейтіні, әлі де талай зерттеу жұмыстарының өзегіне айналуы күмәнсіз. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде де әдебиет тарихы, оның ішінде ХІХ-ХХ ғасыр әдебиеті тарихы мен теориясы жайлы бірқатар іргелі зерттеу кітаптары жарық көрді. Олардың негізгілері қосымша бөлімде ұсынылып отырған қысқаша библиографиялық көрсеткіште тізілді. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы әдеби мұралардың қолжазбаларына ғылыми сипаттамалар мен библиографиялық көрсеткіштерді әзірлеуге институттың Абайтану және жаңа дәуір әдебиеті бөлімінің кіші ғылыми қызметкерлері Т.Берікболов, С.Қамшыгер, Ж.Керімбек, А.Сейітова, аспиранты Қ.Мұқашева қатынасты.
1.2. Оғыз дәуіріндегі әдебиет
Қорқыт - VIII ғасырда Сыр бойында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші, аңыз кейіпкері. Оның теңдесі жоқ күйші - композитор болғандығын хаолық жадында сақталған "Қорқыт ата күйі", "Қорқыт сарыны" т.б. музыкалық шағармалары дәлелдейді. Қазақ арасынан шыққан атақты күйші - бақсылар, ақын - жыраулар өздеріне Қорқыт атаны пір, ұстаз тұтқан.
Қорқыт ата туралы сан - қилы аңыз әңгімелер қазақ арасында ерте кезден - ақ кеңінен тараған. Солардың бірі Қорқытты құрсағ,ында үш жыл бойы көтеріп жүріпті. Оны жылына бір рет толғақ қысып отырады екен Қорқыт туылар алдында күллі әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргіссіз қараңғылық басып тұрыпты. Сұрапыл қара дауыл соғып ел - жұртты қатты қорқыныш сезісі билейді. Сыр бойы мен Қаратау өңірінің аспаны да қараңғы тартып қарауытып кетіпті. Сондықтан бұл маңай "Қараспан" аталыпты. Ашық күн тастай қараңғы түнге айналған қорқынышты күні туылғаны үшін баланың атын Қорқыт деп қойған екен.
Тағы бір аңызда Қорқыт өзінің жүйрік жел маясына мініп, халқына мәңгі жасайтын жерұйық іздеуші, өлімге қарсы күресуші ғажайып қайсар жан ретінде суреттеледі. Әйтсе де ол өмірінің соңында "өлмейтін нәрсе жоқ екен" деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді. Қорқыт атаның басына тәу ету, бас ию сонау оғыз - қыпшақ заманынан басталады. Қорқыттың мазарын халық сан ғасырлар бойы қадірлеп, ардақтап келеді. "Қорқыт ата кітабы" біздің дәуірімізге дейін екі қолжазба нұсқасы сақталып келген.
Германиядаға Дрезден кітапханасында сақталған қолжазба.
Ватикандағы Аростолика кітапханасында сақталған қолжазба.
1815 жылы неміс ғалымы Г. Ф. Диц бұл шығарманы неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. В. В. Вартолд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен біраз жыл айналысып 1922 жылы орыс тіліне аударды. В. М. Жирмунский, А. Н. Кононов, А. Н. Самойлович т. б. ғалымдарда ескерткішті зерттеуге мол үлес қосты. Көрнекті тюрколог Х. Г. Көроғлы ескерткішті әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан комплексті түрде зерттеген. Қазақстан ғалымдарынан "Қорқыт ата кітабын" зерттеу, аудару, насихаттау ісіне академик ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Алтын Орда әдебиетінің көрнекті ақыны Хорезмидің Махаббатнаме дастаны
Ежелгі дәуір әдебиетінің мәселелерін тереңдете қарастырған ғалымның жұмыстары сан - салалы
А. ҚЫРАУБАЕВАНЫҢ «РАБҒУЗИ ҚИССАЛАРЫ» МЕН «МАХАББАТНАМА» ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Б.КЕНЖЕБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ТАРИХЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ЕСКІ ҚЫПШАҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҒАШЫҚТЫҚ САРЫНДАР
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Түркі халықтары әдебиеті
Қазақ әдебиетіндегі Зар заман ағымы мен нәзирагөйлік дәстүр (ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басы)
Пәндер