Туған жер
Пән: Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы
Тақырыбы: Туған жер
Орындаған: Мусабаев Қ.О
Тексерген: Телеуова Э.Т
РЕФЕРАТ
2020 жыл
Елбасы бағдарламаның неліктен "Туған жер" деп аталатынына тоқталады.
"Адам баласы - шексіз зерденің ғана емес, ғажайып сезімнің иесі. Туған жер - әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу - шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі", -- дейді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы жаңа бағдарламаның мәнін сөз етіп, бірінші, бұл білім беру саласында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді көздейтінін айтты.
"Патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс тапса игі. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс", -- дейді Президент.
Екінші, басқа аймақтарға көшіп кетсе де туған жерлерін ұмытпай, оған қамқорлық жасағысы келген кәсіпкерлерді, шенеуніктерді, зиялы қауым өкілдері мен жастарды ұйымдастырып, қолдау керек. Бұл - қалыпты және шынайы патриоттық сезім, ол әркімде болуы мүмкін. Оған тыйым салмай, керісінше, ынталандыру керек.
Үшінші, жергілікті билік "Туған жер" бағдарламасын жинақылықпен және жүйелілікпен қолға алуға тиіс.
"Бұл жұмысты өз бетімен жіберуге болмайды, мұқият ойластырып, халыққа дұрыс түсіндіру қажет.Туған жеріне көмек жасаған жандарды қолдап-құрметтеудің түрлі жолдарын табу керек.Бұл жерде де көп жұмыс бар. Осы арқылы қалаларды көгалдандыруға, мектептерді компьютерлендіруге, жергілікті жо-ғары оқу орындарына демеушілік жасауға, музейлер мен галереялар қорын байыта түсуге болады. Қысқаша айтқанда, "Туған жер" бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады", -- деп жазады Елбасы.
Осыған қоса Президент "Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары" немесе "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасын қолға алуды ұсынды.
Қазіргі таңда Қазақстанда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласында ұсынған Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары (Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы), Туған жер жобаларын құру мәселелері талқылану үстінде. Бағдарлама аясында ауқымды өлкетану жұмыстарын жүргізуді, экологияны жақсартуға және елді мекендерді абаттандыруға баса мән беруді, жергілікті деңгейдегі тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды қалпына келтіруді қолға алу көзделген. Сондай-ақ, Елбасы Туған жер жобасымен бірге жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіру қажеттілігін атап өттті. Осылайша, Президент Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары немесе Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасын ұсынды.
Қазақстанның киелі жерлері бойынша жүргізілетін жұмыстардың бастамасы 2017 жылғы 11 мамырда Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы - қоғамның рухани жаңғыруының факторы (ғылыми және қолданбалы қырлары) тақырыбында дөңгелек үстелден бастау алды.. Ұлттық комиссияның бірінші отырысының шешіміне сай Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы жобасын жүзеге асырудың жолдары мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытын анықтау мәселелері кеңінен талқыланып, онда экспедиция арқылы мынандай бағыттарда жұмыс жүргізуді ұсынды: 1. тылсым табиғи құпиясы бар жерлер; 2. Діни орындар; 3. Ел арасындағы аңыз-деректерді жинақтау. Сондықтан ең алдымен: 1. Киелі нысандардың тізімін дайындау; 2. Әр нысанның сызбасын, видеосын, суретін түсіріп, анықтамалық сипаттамасын қоса беру; 3. Нысанға қатысты ғылыми және ауызша деректерді де салыстырмалы түрде пайдалану; 4. Экспедиция құрамына кіретін мамандар тізімін жасау; 5. экспедиция нәтижесінде ғылыми-танымдық монография шығару қажеттілігін айқындап берді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Музейі РМКК жанынан Сакралды Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы құрылып Сакралды Қазақстан ғылыми
Сакралды Қазақстан ғылыми-зерттеу орталығы қызметінің негізгі мақсаты өлкетану бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы, өлкетану саласындағы ағартушылық жұмыс, республикадағы өлкетану жұмыстарын әдістемелік қамтамасыз ету, мемлекеттік және қоғамдық өлкетану ұйымдарымен, жергілікті мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, Қазақстанның архивтері мен музейлерімен бірге ынтымақтастықта өлкетану тақырыбындағы ғылыми-зерттеу іс-шараларын ұйымдастыру болып табылады.
Әртүрлі бағытта жүргізілетін жұмыстарды үйлестіріп отыру мақсатында құрылған жұмыс топтары құрылуда. Осындай топ облыс орталығындағы Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов басқаруда, ауданда Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әбжамалов Дастан Тыныштық ұлы бастаған топ бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп Торғайдың киелі жерлерін анықтау жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде облыстық Қазақстанның географиялық картасына киеелі жерлер құрамына 24 елді-мекеннің киелі жерлері ұсынылды. Қазіргі таңда облыстан 8- тарихи жерлер іріктелді. Атап айтсам :
- Қыпшақ Сейтқұл кесенесі
- Міржақып Дулатұлы кесенесі Бидайық ауылы
- Нұрхан Ахметбеков мазары - Торғай ауылы
- Баймырза әулие батыр кесенесі - Қалам-Қарасу ауылы
- Қазыбай әулие мазары - Аралбай ауылы
- Тілеп әулие мазары - Жыланшық бойы
- Ахмет Байтұрсынов үйі - Ақкөл ауылы
- Татыр шайқасы белгісі - Жаркөл ауылы
Бұйыртса осы 8-тарихи қасиеттіорын Қазақстанның киелі географиясы жобасына енеді деген үміттеміз.
Қанымызға сіңген көптеген дағдылар мен таптаурын болған қасаң қағидаларды өзгерт - пейінше, біздің толыққанды жаңғы - руымыз мүмкін емес.
Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына бір сәт үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай жарқын үлгілерін табуға болады.
Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсайтын теңдесі жоқ экологиялық өмір салтын ұстанып келді.
Тек өткен ғасырдың ортасында, небәрі бірнеше жыл ішінде миллиондаған гектар даламыз аяусыз жыртылды. Бағзы замандардан бері ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай өзгеріп, ас та төк ысырапшылдыққа ұласты. Соның кесірінен, Жер-Ана жаратылғаннан бері шөбінің басы тұлпарлардың тұяғымен ғана тапталған даланың барлық құнары құрдымға кетті. Түгін тартсаң майы шығатын мыңдаған гектар миялы жерлеріміз экологиялық апат аймақтарына, Арал теңізі аңқасы кепкен қу медиен шөлге айналды.
Осының бәрі - жерге аса немқұрайлы қараудың ащы мысалы.
Қоғамдық сана жаңғырудың негізгі қағи - да - ларын қалыптастыруды ғана емес, сонымен бірге, біздің заман сынағына лайықты төтеп беруімізге қажетті нақты жобаларды жүзеге асыруымызды да талап етеді.
Осыған байланысты, мен алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынамын.
Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық.
Қазақ тілінің әліпбиі тым тереңнен тамыр тартатынын білесіздер.
VI-VII ғасырлар - ерте орта ғасыр кезеңі. Бұл уақытта Еуразия құрлығында ғылымға Орхон-Енисей жазулары деген атаумен танылған көне түркілердің руникалық жазуы пайда болып, қол - данылды.
Бұл адамзат тарихындағы ең көне әліпбилердің бірі ретінде белгілі.
V-XV ғасырларда түркі тілі Еуразия құрлы - ғының аса ауқымды бөлігінде ұлтаралық қатынас тілі болды.
Мәселен, Алтын Орданың бүкіл ресми құ - жат - тары мен халықаралық хат-хабарлары негізінен ортағасырлық түркі тілінде жазылып келді.
Халқымыз Ислам дінін қабылдаған соң руни - калық жазулар біртіндеп ысырылып, араб тілі мен араб әліпбиі тарала бастады.
Х ғасырдан ХХ ғасырға дейін, 900 жыл бойы Қазақстан аумағында араб әліпбиі қолданылды.
1929 жылғы 7 тамызда КСРО Орталық Атқару Комитеті мен КСРО Халық Ко - мис - сар - лары Кеңесінің Президиумы латындан - дырылған жаңа әліпби - Біртұтас түркі ал - фавитін енгізу туралы қаулы қабылдады.
Латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929 жылдан 1940 жылға дейін қолданылып, кейін кириллицаға ауыстырылды.
1940 жылғы 13 қарашада Қазақ жазуын латындандырылған әліпбиден орыс графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіру туралы заң қабылданды.
Осылайша, қазақ тілінің әліпбиін өзгерту тарихы негізінен нақты саяси себептермен айқын - далып келді.
Мен 2012 жылғы желтоқсан айында жария еткен Қазақстан-2050 Стратегиясында 2025 жыл - дан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін мәлімдедім.
Бұл - сол кезден барлық салаларда біз латын қар - піне көшуді бастаймыз деген сөз.
Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліп - биімен басып шығара бастауға тиіспіз.
Ол кезең де таяп қалды, сондықтан біз уақыт ұттырмай, бұл жұмысты осы бастан қолға алуымыз керек. Біз осынау ауқымды жұмысты бастауға қа - жетті дайындық жұмыстарына қазірден кірі - семіз. Үкімет қазақ тілін латын әліпбиіне көші - ру - дің нақты кестесін жасауы керек.
Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық орта - ның, ком - муникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасыр - дағы ғылы - ми және білім беру процесінің ерекше - лік - теріне байланысты.
Мектеп қабырғасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан, жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмақ емес.
2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен, барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет.
Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс.
Әрине, жаңа әліпбиге бейімделу кезеңінде бел - гілі бір уақыт кириллица алфавиті де қол - даныла тұрады.
Екіншіден, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасын қолға аламыз.
Оның мәні мынада:
1. Біз тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге қажетті барлық жағдайды жасауға тиіспіз. Гуманитарлық зиялы қауым өкілдері еліміздің жоғары оқу орындарындағы гума - нитарлық кафедраларды қайта қалпына келтіру арқылы мемлекеттің қолдауына ие болады. Бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсіне алатын білімді адамдар да ауадай қажет.
2. Біз алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүние жүзіндегі таң - даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасаймыз. 2018-2019 оқу жылының өзінде студенттерді осы оқулықтармен оқыта бастауға тиіспіз.
3. Ол үшін қазіргі аудармамен айналысатын құрылымдар негізінде мемлекеттік емес Ұлттық аударма бюросын құру керек. Ол Үкіметтің тапсырысы бойынша 2017 жылдың жазынан тиісті жұмыстарға кірісе бергені жөн.
Бұл бағдарлама арқылы неге қол жеткіземіз?
Ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз.
Бұл - білім саласындағы жаһандық бәсекеге не - ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз.
Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz