Берілетін материалдар көлемі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ
ГУМАНИТАРЛЫҚ БАҒЫТТАҒЫ КАФЕДРА
Асен Гүлназ
Келісемін
ЖМБ бойынша проректор
Жансагимова А.Е._______
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ИНТЕНСИВТІ ӘДІСТІ ҚОЛДАНУ. ҚИЫНДЫҚТАР МЕН ОНЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
6B01702-ШЕТ ТІЛІ:ЕКІ ШЕТ ТІЛІ
Нұр-Сұлтан-2020

Орындаушы: Асен Г.
Ғылыми жетекшісі, магистр-оқытушы: Идрисова М.А.
Нұр-Сұлтан-2020
Кіріспе
1 Қазіргі заманғы ағылшын тілі сабағындағы интенсивті оқыту әдісінің теориялық негіздері
1.1 Тілдің грамматикасына үйретудің ерекшеліктері
1.2 Ағылшын тіліндегі интенсивті әдістің сипаттамасы
1.3 Лексика мен грамматика бөліміне дайындалу кезіндегі интенсивті әдістің қолданылуы
2 Тәжірибе жүзінде ағылшын тілі сабағында интенсивті оқыту әдісін қолдану және оның нәтижелері
2.1 5-сынып оқушыларын ағылшын тіліне оқытуда интенсивті әдісті қолданудың ерекшеліктері
2.2 Ағылшын тілін оқытудағы интенсивті әдісті қолданудың нәтижелері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Кіріспе
1960-70 жылдар аралығында шетел тілдерін меңгеру қажеттілігінің ұлғаюына байланысты қысқа мерзімді және іскерлік қарым-қатынас тілін , ауызекі сөйлеу тілін және т.б. білу мақсаттарына байланысты оқытудың қарқынды әдісі пайда болды .
ХХ ғасырдың болмысы адам баласының түрлі тілдерді оқып-үйренуге деген ынта-ықыласының оянуымен, ана тілін терең танып-білу арқылы дүниетаным картинасының жаңа деңгейде қалыптасуымен есте қалады. Сол ізгі желінің жалғасы ХХІ ғасырға да аяқ басып, оның жалғасы тілдерді сапалы оқытатын әдістемелік жүйелердің туындауына алып келді.
Жалпы, интенсив, интенсификация деген ұғымдардың тез, жылдам деген ұғымға қатысы аздау екенін көп ескере бермейміз. Шындығында, тілдерді интенсивтілікпен оқыту - қоғамның берген тапсырысына тіл үйретушілер мен оқытушылардың берген жауабы іспетті пайда болған. Тілдерді интесивтілікпен оқыту - адамның тіл үйренудегі барлық пәрменділігі мен қарқынын актуалдандырып, биік нәтижелерге аз уақытта бірақ көп күш жұмсау арқылы қол жеткізетін әдістерді қолдану дегенді білдіреді.
Соңғы жылдары оқушылардың әртүрлі жас аралықтарында шет тілдерін қарқынды (интенсивті) оқыту тәжірибесі көп үміт күттіретін нәтижелерге қол жеткізді. Қарқынды оқыту методикасы педагогика мен психологиядағы кейбір прогрессивті үрдістерді оңтайлы жүзеге асыру ретінде түсіндіріледі. Бұл тәсіл қоғамдық-тарихи заңдылықтарға негізделіп, оқытудың жаңа мақсаттарын анықтады: егер бұрын шет тілін оқыту белгілі бір жүйеге байланысты болса , қазіргі таңда оқытудың басты мақсаты шетел тілін меңгеру болып табылады. Қазіргі коммуникативтік лингвистика өз алдына жаңа міндеттер қояды, оның ішінде бастысы- тілді коммуникация құралы ретінде меңгеру болып табылады.
Қарқынды (интенсивті) оқыту методикасы ,негізінен, оқып жатқан тілдегі қарым-қатынасты, сөйлеу мәнерін игеруге бағытталған. Бұл оқытушылардың оқушылармен және оқушылардың өзара қарым-қатынасын басқаруға сүйенетін, әдетте қысқа мерзімде жүзеге асырылатын процесс.
Қарынды оқыту технологиясы жеке тұлғаның өзін дамытуға,шығармашылық қабілеттерінің еселене түсуіне және қажетті іскерлік дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, бұл оқыту технологиясы тілді үйрену кезіндегі алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелі болуын қамтамасыз етуді көздейді.
Ағылшын тілін білу қажеттілігі- уақыт пен заман талабынан туындап отырған мәселе. Сондықтан қарқынды оқыту технологиясы өзіне ғана тән оқыту жүйесіне негізделіп, оқу материалдарын ұйымдастырудың жаңа ұстанымы мен тілді оқытудың жаңа моделін құрайды.
Қарқынды оқыту технологиясы төмен көрсетілген 4 түрлі талабымен ерекшеленеді:
1) Берілетін материалдар көлемі;
2) Қолданылатын әдіс-тәсілдердің сан алуан түрлілігі;
3) Оқытылып жатқан тілдің үнемі қолданыста болуы;
4) Жеке тұлғаның психологиялық жай-күйінің ескерілуі.
Осы орайда қарқынды оқыту технологиясының басқа оқыту технологияларынан айырмашылығын көрсететін негізгі белгілерін атап көрсеткен жөн.
Бірінші белгі- оқушылардың мүмкіншіліктері мен мамандықтарын ескеру болып табылады. Осыған орай оқытудың негізгі ұйымдасыру түрі мен өткізу тәсілдері өзгеріске ұшырайды.
Екінші белгісі- оның уақыты мен мерзіміне байланысты.
Г. Китайгородская жазғандай , қандай да бір шет тілін меңгеру кезінде оқушыларда қарым-қатынастың жаңа жүйесі қалыптасады. Ол оқушының өз ана тілінде бар қарым-қатынас жүйесіне қабаттасып, қосылады. Сол себепті шет тілін қарқынды оқу кезінде оқыту процесін 3 деңгейге бөліп қарастырған жөн. Шет тілін меңгерудің үш деңгейлі моделі мынадай жүйеде іске асырылады . Оқытудың бастапқы кезеңінде тілдің коммуникативтік ядросы қалыптасады. Бұл кезеңді шартты түрде тілді меңгеру жолындағы бірінші концентр деп атауға болады. Өйткені осындай қарым-қатынасты іс жүзінде қамтамасыз ететін коммуникативті ядроны құру үшін салыстырмалы түрде тілдік материалдарын қарапайым деңгейіндегі белгілі бір көлемін меңгеру қажет. Осылайша, бұл кезең салыстырмалы түрде аяқталды.
Осы кезеңде келесі деңгейге өту және ситуативтік түрленуіне көшу үшін жинақталған сөйлеу тәжірибесін ұғынып, оны жүйелеу қажет. Бірінші кезеңде игерілген материалдың үлкен көлемі оқушылардың аналитикалық қызметінің жоғары деңгейін және жаңа тілдік материалға көшірудің салыстырмалы жеңілдігін қамтамасыз етеді. Өз қарым-қатынасының тиімділігі үшін оқушы меңгерген тілдік материалды талдап, оқытушының көмегіне сүйенуі қажет.
Г. Китайгородская жазуы бойынша, талдау кезеңінде өтетін сабақтардың құрылымы жаңа лексикалық бірліктер пен грамматикалық ережелерінің аз мөлшерде беруілімен ерекшеленеді. Сонымен қатар сабақтардың сағат мөлшерін азайту ұсынылады. Бұл үшінші кезеңге көшудегі дайындық болып табылады. Үшінші деңгей оқушының шығармашылық іскерлігін қалыптастыруына және жаңа материалдардың күрделенген түрлерін өмірде қолдануына бағытталған. Тек белгілі бір уақыт мөлшерінде оқу материалының көлемі көп болған жағдайда ғана бір деңгейден екіншісіне өтуін қамтамасыз етуге болады. Берілетін материал мен уақыттың көлемі -әрбір үш кезеңнің ерекшелігі болып есептеледі. Яғни материал көлемінің сандық көрсеткіші ғана емес, сондай-ақ оны берілген уақыт аралығына дүрыс бөлу өте маңызды.
Күнделікті шетел тілімен қарым-қатынас жасауға бағытталған қарқынды оқытудың кез келген курсының сөздігі 2500 лексикалық бірліктен кем болмауы тиіс. Бұл сөйлеу қызметінің барлық түрлерін қалыптастыруға мүмкіндік береді . Арнайы әдебиетті оқығанда және күнделікті қарым-қатынас жағдайында сөздік 4-4, 5 мың бірлікке дейін ұлғайтылуы тиіс. Сөздіктің үлкен көлемде қажеттілігі тек оқыту мақсатында ғана емес , сонымен қатар "үнемділік"деп атауға болатын жалпыға белгілі құбылыспен байланысты. Бұл дегеніміз, егер де,оқыту курсы 2500 мың жаңа сөздерден құралса, оқушылардың сөйлеу кезінде оның тек 1200-1500 бірлігін ғана белсенді қолданады. Осыған байланысты оқытудың кез келген курсы артық мөлшердің болуын ескере отырып құрылуы тиіс . Артықшылық басқа себеппен де қажет. Жеке тұлғаның қарым-қатынас үдерісіне толыққанды қатысуы үшін оған қарым-қатынас құралдарын таңдау ұсынылуы тиіс, яғни осы білім алушының жеке қасиеттеріне сәйкес келетін модальдық, эмоционалдық нұсқаларды таңдау. Осылайша, бұл түрдегі синонимдер мәселесі қарқынды оқытудың кез келген курсында ескерілуі керек.
Сөздіктің үлкен көлемі тек қана қажетті емес, сонымен қатар оқу үдерісін кезең-кезеңмен бөліп ұйымдастырудың арқасында жүзеге асыруға болатын процесс. Бірінші кезең-коммуникативтік ядро қалыптастыру. Ол курстың жалпы сөздігінің шамамен 23 құрайтын сөздіктің негізінде құрылады. Екінші кезең жаңа лексика-грамматикалық материалдың аз берілуін, алайда, оқу мәтіндерінің саны мен көлемінің ұлғаюын көздейді.Ал үшінші кезең оқу мәтіндерінің көлемі мен саны көп болған кезде салыстырмалы түрде аз ғана өсуді көздейді.
Оқу материалының көлемін бұлай бөлу- оқытудың үш кезеңінің міндеттерімен байланысты. Ал оқу процесін ұйымдастыру әрбір кезеңде берілген материалдың көлемін іске асыруға ықпал етеді. Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, осы принцип біздің әдістемелік жүйемізде оқыту мазмұнын(пәні мен процесін) құру кезінде ең маңызды болып табылады деген қорытынды жасауға болады.
Г. Китайгородская бөліп көрсететін келесі әдістемелік принцип-бұл әр түрлі деңгейдегі оқушылардың коммуникативтік тапсырмаларда сөйлеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру. Осы принциптің мәнін ашу үшін коммуникативтік тапсырма, коммуникативтік міндет, жаттығу сияқты әдістемелік ұғымдарды қарастыру қажет. Егер біз оқу іс-әрекетін мақсатты үрдіс ретінде санасақ, онда мұғалім қойған тапсырмаларсыз оқу іс-әрекетінің өзі де бола алмайтындығы айқын болады. Сондықтан тапсырма- оқыту процесінде педагогикалық басқару құралы ретінде әрекет етеді. Дұрыс берілген коммуникативтік тапсырмада жағдайдың барлық аспектілері қамтылуы тиіс: сөйлеу әрекетінің қажеттілігін тудыратын мән-жайлар және коммуникацияға қатысушылардың осы жағдайларда және т. б. қарым-қатынасының мотиві мен сипатын анықтайтын жағдайлар.
Коммуникативтік тапсырмаларды екі топқа бөле отырып , оқушылардың деңгейін төменнен жоғарыға дейін классификациялау қажет. Жаттығуларды шектеудің деңгейлік тәсілін Б. А. Лапидус алғаш рет қабылдаған болатын. Ол төрт деңгейді бөліп көрсетеді, олардың ішінде алғашқы үш түрі тілдік материалды мақсатты түрде белсендіруді және соңғы, төртінші, реттелмейтін, бағытталмаған белсендіруді көздейді.
Оқыту барысында тек танымдық іс-әрекеттер ғана емес, сонымен қатар өзара іс-қимыл ,өзара қарым-қатынас, жалпы қарым-қатынас жүйесі қалыптасады. Мұғалімнің оқушымен өзара қарым-қатынасы оқыту мен тәрбиелеудің жетекші ауыспалы процесі болып табылады. Олар оқу іс-әрекетінің мотивациясының сипатын, сондай-ақ оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырудың тиімділігін негіздейді. Бірлескен іс-әрекеттер және олардың негізінде пайда болатын, өз кезегінде, мұғалім-оқушы, оқушы-топ және т. б. жүйеде тұлғааралық қатынастарды реттейтін іс-әрекеттер оқушының толыққанды нәтижеге жетуінің құралы болып табылады. Қарқынды оқытуда оқытушы мен білім алушының, оқытушы мен топтың, оқушылардың өзара қарым-қатынасы мен ынтымақтастығы оның ұйымдастыру жүйесінің маңызды құрылымдық элементтерінің бірі болып табылады. Бірінші орынға оқушы қойылады да, оқытушының күш-жігерімен, әр адамның мүмкіндіктерін барынша толық ашуға мүмкіндік беретін қарым-қатынас жүйесі құрастырылады.
Шет тілін қарқынды оқыту әдістемесі бастапқыда курстық оқыту жүйесі үшін құрылған. Орта мектептің сугестопедтік (қарқынды) әдістемеге көшуі үшін теориялық ережелерді нақты түзетуді, мұғалімдерді қайта даярлауды және мектептегі оқыту жағдайларына сәйкес келетін жаңа оқу курстарын құруды талап етеді. Орта мектепте қарқынды әдістемесі бойынша шет тілін оқыту шарттары ең алдымен оқушылардың әлеуметтік-жас ерекшеліктерін есепке алу қажеттілігімен ерекшеленеді. Тәжірибелік жұмыс суггестопедиялық әдістеменің барлық жас топтарымен жұмыс істей алатынын мүмкін екенін көрсетті. Бұған мына ерекшеліктер себеп болды: жеке тұлғаның қалыптасу дәрежесі, кең ақпараттық қор, басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы әлемді тануға ұмтылу, бастапқы тілдік базаның болуы. Қарым-қатынас тақырыптары мен жағдайларын таңдау, оқу үдерісінің мазмұндық жағын қамтамасыз ету, коммуникативтік тапсырмаларды қалыптастыру кезінде жас ерекшеліктерін ескеру қажет.
Орта мектепте оқу үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері де есепке алынады: шет тілінің жалпы сағат мөлшері және басқа оқу пәндерімен қатар оқытылуы. Алайда, суггестопедтік оқыту оқу сағаттарының белгілі бір шоғырлануын қажет етеді. Мектептегі жоғары деңгей оқушылары оқыту кезінде аптасына алты сағат бөлген жөн, олардың әрқайсысы екі сағаттан үш сабаққа бөлу керек. Қажет болған жағдайда аптасына сағат саны үшке апарып, әрқайсысы бір сағаттан үш сабақ өткізуге болады. Тағы бір мүмкін нұсқа-аптасына төрт сағат: екі сабақ әр екі сағаттан немесе төрт сабақ бір сағаттан.
Жалпы түрде суггестопедиялық курстың мақсаты ең алдымен оқылатын тілде ауызша қарым-қатынас формаларын құру және оқыту болып есептеледі: тыңдау және сөйлеу. Алайда, мектептегі сугестопедиялық курстың ұзақтығы қарым-қатынастың жазбаша формаларына елеулі көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Жазбаша қарым-қатынас оқу және жазу (жазбаша сөйлеу) сияқты сөйлеу қызметінің түрлерін меңгеруді көздейді. Мектептегі сугестопедиялық курста оқыту мақсаттары сөйлеу біліктерін белсендіруді, коммуникативтік құзыреттіліктің жоғары деңгейін қалыптастыруды, сондай-ақ оқушылардың грамматикалық білімдерін тереңдете жүйелеуді көздейді.
Мектептегі қарқынды оқыту курсының келесі ережелерін негізге алуға болады:
-Оқушының қабілеттерін шет тілін оқыту арқылы дамыту.
-Оқу процесінің барынша мотивацияға толы болуы .
-Оқытудың барлық компоненттерінің жағымды эмоционалды болуы.
Қарқынды оқыту әдістемесі - бұл уақыт талабынан пайда болған оқыту жүйесі. Жалпы түрде бұл талаптар субъектінің (оқушының) ең аз энергетикалық шығындары арқылы шет тілінің оқыту процесін жеделде алу мүмкіндігі. Орта мектеп жағдайында қарқынды әдістеме өзінің икемділігіне және оқытудың жоғары нәтижелілігіне байланысты оқытудың кез келген кезеңінде қолданылуы мүмкін. Осы кезеңдердің әрқайсысының мақсатын анықтайық.
Бастапқы кезең:
- тұрақты коммуникативтік ядро құру;
- шет тілін оқуды орта және жоғары деңгейде жалғастыру үшін оқушыны ынталандыру;
- белсенді тілдік өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
Орта кезең:
- ауызша қарым-қатынас құру саласында бұрын алған білімдерді жандандыру;

- лингво-мәдениеттану және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz