Қызылорда облысы және Жамбыл облыстық аймақтық арналары Qyzylorda телеарнасы, Zhambyl арнасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАТУХАН АИДА БАТЫРБЕКҚЫЗЫ

Қазақстанның медиа кеңістігіндегі аймақтық телеарналардың орны

6М050400- Журналистика

Магистр дәрежесін алу үшін
дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші:
ф.ғ.к, қауымдастырылған
профессор Ұ.М.Есенбекова

Қазақстан Республикасы
Нұр-Сұлтан, 2020

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1-ТАРАУ
Қазақ Еліндегі ақпарат тарату жүйесіндегі
облыстық телерадио компаниялардың қызметі

1.1 Қазақстанның ақпарат кеңістігі:
аймақтық телеарналардың даму кезеңдері,
бүгінгі стратегиялары мен перспективалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Телеарналардың ақпараттық,
мәдени-ағартушылық бағыттағы контентіне сапалық талдау
(Kyzylorda және Jambyl телеарналары негізінде) ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 10
1.3 Облыстық телевизия: аймақтық ақпарат таратудың
басты арнасы және редакциялық саясатындағы ұқсастықтар ... ... ... ... ... ... 20

2-ТАРАУ
Аймақтық телеарналардың цифрлық дәуірдегі бейнесі,
типологиялық ерекшеліктері

2.1 Аймақтық телеарналардың аудиториясы,
көрерменнің сұранысы, талғамы мен талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 30
2.2 Жергілікті аумақта телехабар таратудың
мазмұндық және жанрлық ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 40
2.3 Облыстық телеарналардың
цифрлық технологияларды қолдану мүмкіндіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 60

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 120

СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 125

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 140
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 146

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Адамзаттың алғаш рет телевизия деген сөзбен қауышқанына жүз жылдан астам уақыт болды. Ол туралы жүздеген зерттеу жұмыстары да жүргізілді, талай ғылыми еңбек те жазылды. Десе де, күні бүгінге дейін ол зерттелуі тиіс, өз маңыздылығын, өзектілігін жоймаған тақырыптардың бірі болып отыр. Оған себеп, ақпарат айдынының күнде жаңарып, телевизиядағы ерекшеліктер мен тың идеялардың көп болуы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен бекітілген Ақпаратты Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасында Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық төңкерістің кезекті кезеңі - ақпараттық коммуникациялық технологияларды өмірдің барлық салаларына енгізумен сипатталады, бұл технологиялар адам өмірінің салтын өзгертіп, ақпараттық қоғамға, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы жоғары қоғамға көшу үшін іргетас әрі материалдық база болады деп атап көрсетілген.[1]
Бүгінгі қоғамда жаңа медианың даму барысына болжау жасаудың медиа кеңістікті дамытуда аймақтық арналардың ролін айқындаудың өзектілігі бірнеше себептермен тығыз байланысты. Біріншіден, дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдары яғни баспасөз, радио, телевидениенің заман талабына сай ескі медиа қатарына қосылуы. Екіншіден, сандық технологияның қарыштап дамуы. Үшіншіден, қазіргі ақпарат тұтынушылар дәстүрлі медиа секілді ұсынған дүниемен қанағаттанып қоймайды, олар өздеріне қажетті ақпаратты жинақтағанды, бақылағанды, тіптен медиа ағынға өзіндік үн қосқанды қалайды. Ал, бүгінде аймақтық арналар осы талаптарға сай ма, жаңа медиа ағынына ілесіп келеді ме деген сауалдарға жауап беру диссертация тақырыбының өзектілігін айқындай түседі.
Зерттеудің нысаны. Қызылорда облысы және Жамбыл облыстық аймақтық арналары Qyzylorda телеарнасы, Zhambyl арнасы.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Аймақтық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы жекелей зерттеу нысанына айналып, ғылыми басылымдар беттерінен көрінгенімен жаңа медиа ағынына ілескен бүгінгі қоғамдағы телеарналардың қазіргі дамуы, ақпарат айдынындағы орны арнайы зерттеу нысанына айналмаған. 1989 жылы алғаш Әулие Атада өз жұмысын бастаған Zhambyl арнасы мен Тәуелсіздік алған тұстан бері ақпарат кеңістігінде өзіндік орнын қалыптастырып келе жатқан аймақтың төл арнасы Qyzylorda телеарнасының тарихы мен тәжірибесін, бүгінгі бет-бейнесін зерттеу диссертацияның басты мақсаты болып табылады.
Осы мақсаттарды алға қоя отырып төмендегі міндеттерді зерттеу негізге алынады:
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында телеарналардың хабар тарату ерекшелігі;
тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы шығармашылық ізденістері, тақырыптық, жанрлық ерекшеліктеріне талдау жасау;
өңірлік мәселелердің көтерілуі;
телеарналардың аудитория қалыптастыру ерекшелігі;
телеарналардың хабар тарату ерекшелігі;
медиа кеністікті дамытудағы аймақтық арналардың ролі;
аймақтық арналардың цифрлық хабар тарату жүйесіне көшуі;
аймақтық арна сайттарының тиімділігі мен жұмыс жасау белсенділігі, аудитория сұранысын қанағаттандыруы және т.б.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Профессор М.Барманқұлов баспасөз, радио мен теледидардың жанрларын зерттейді. Телеарналардың нақты тәжірибесін талдай отырып, біршама хабарларға тоқталған. Зерттеуші Қ.Тұрсынов Қазақ теледидарындағы дәстүр мен жаңашылдықты зерттеуіне арқау еткен.

Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмыста журналистика ғылыми танымының негізгі қағидалары басшылыққа алынады. Белгілі профессор-ғалым М.Барманқұлов,

ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сыр өңірі ақын-жыраулары шығармашылығындағы дастаншылдық дәстүр тақырыбындағы диссертациялық жұмыстық басты жаңалығы:
- дастан және дастаншылдық дәстүр мәселесі зерделенді;
- Сыр бойындағы ақындық орта және әдеби үдеріс аясында ақын-жыраулар шығармашылығындағы дастан табиғаты сараланды;
- Сыр сүлейлері дастандарын типологиялық-генеологиялық тұрғыдан жүйеленді;
- Сыр сүлейлері дастандарын исламдық-мифологиялық тұрғыдан сараланды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар.

Зерттеу жұмысының дереккөздері. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Сыр бойында өмір сүрген ақын-жыраулардың әдеби мұралары, әр түрлі зерттеулер мен әдебиеттанушы және дінтанушы ғалымдардың ой-пікірлері, кітапханалар мен мұрағаттағы құжаттар, қазақ әдіскерлерінің педагогикалық еңбектері және өзіміздің ғылыми-педагогикалық практикадан өту кезіндегі тәжірибеміз дерек көздер ретінде басшылыққа алынды.

Диссертация құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттердің тізімі берілген.

1. ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕГІ АҚПАРАТ ТАРАТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОБЛЫСТЫҚ ТЕЛЕРАДИО КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ
1.1 Қазақстанның ақпарат кеңістігі: аймақтық телеарналардың даму кезеңдері, бүгінгі стратегиялары мен перспективалары.

Күнделікті тыныс-тіршілігімізді көгілдір экрансыз көзге елестету мүмкін емес. Өйткені, әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды үйден шықпай-ақ, көгілдір экраннан тыңдап, көріп, білеміз. Бұл адамзат баласының қол жеткізген ең құдіретті жетістіктерінің бірі.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінде жаңа өзгерістер орын алды. Нәтижесінде, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде телеарналар көп өзгерісті қажет етті. Соған байланысты, аймақтық телеарналардың хабар таратуында жаңа міндеттер тұрды: нарықта өз тәуелсіздігін нығайту, жаңа оңтайлы үлгі жасау. Бұл қаншалықты жүзеге асырылды? Аймақтық телеарналарының бүгінгі мақсат-міндеттері қандай?
Өткенге көз жүгіртіп, тарих беттерін парақтайтын болсақ, 1958 жылы 8 наурызда Қазақ телевизиясы дүниеге келгенін білеміз. Одан соң, Қарағанды мен Өскеменде, 1959 жылы Жезқазғанда, 1960 жылы Петропавлда облыстық студиялар ашыла бастады. Алғашында телехабарлар кино, театр секілді тәжірибе түрінде таратыла бастаған болатын. Газет, радио саласынан келген журналистер көк жәшіктің қырларын меңгере бастаған шақ та сол кез еді.
1991 жылы ел Тәуелсіздігін халыққа бірінші боп жеткізіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ант қабылдау рәсімін көрсеткен де Қазақстан арнасы еді. [1]
Қай кезде де әрбір ақпарат құралы өз елінің ұлттық идеологиясын басты мақсатта ұстауға міндетті. Уақыт талабы ең алдымен тек қазақ тілінде хабар тарататын телеарна керектігін көрсетті. Нәтижесінде, 2011 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен Ұлттық арна 100 пайыз қазақ тілінде хабар таратуға көшті. Қажеттіліктен туындаған өзекті мәселенің түйіні осылай шешілді. Қазақстан Телерадиокорпорациясы қазіргі таңда Qazaqstan Ұлттық телеарнасы, KAZsport, Балапан телеарналары, Қазақ, Шалқар, Астана және Классик радиолары, аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіретін Қазақстандағы және алыс-жақын шетелдегі беделді телерадиокорпорациялардың бірі болып отыр.
Алпыс жылдық тарихы бар Қазақ телевизиясының бас телеарнасы Qazaqstan ұлттық арнасының бүгінде әр өңірде өз филиалы бар.
Сыр өңіріндегі облыстық телеарна тарихы да тәуелсіздікпен қатар қалыптасып, дамып келеді. Ең алғаш Сыр өңірінде 1989 жылы теледидар құру туралы мәселе көтеріліп, мерзімді басылым беттерінде қызу пікірталастар жүргізілді. Халықтың басым бөлігі бастаманы қолдап, осындай жауапкершілігі мол жұмыс қолға алынды. Нәтижесінде 1991 жылы 30 сәуірде жергілікті уақыт бойынша 21 сағат 15 минутта Қызылорда облыстық телеарнасы тұңғыш рет эфирге шықты.
1990 жылы Қызылорда облтелерадиокомпаниясының төрағасы Жақсылық Асқарұлы Бекқожаев сол кездегі облыстық атқару комитетінің төрағасы В.А.Брынкиннен көмек сұрайды. Сонымен қатар республиканың телевизия және радиохабары Мемлекеттік комитетіндегі жанашыр азаматтар қолдап, үлкен күш-қайрат көрсетті. Аталмыш комитет өз есебінен 3,5 миллион сомның техникалық жабдықтарын берсе, облыс қазынасынан 1,8 миллион сом бөлінді [2].
1991 жылдың 30 сәуірінде 30 минуттік алғашқы бағдарлама эфирден берілді. Бағдарлама бірнеше сюжеттерден тұрды. Ең алғашқы сюжеттің басты кейіпкері Жамбыл атындағы совхоздың өндірістік бригадасының бригадирі Жанбырбай Қожауов сияқты еңбек адамы болды. Ал келесі күнінде, яғни 11 мамырда Ж.Бекқожаев, А.Шалғынбаева, Б.Исламбаева қаланың орталық алаңында болған еңбекшілер шеруінен жылжымалы телевизиялық станция арқылы бір жарым сағаттық тікелей репортаж ұйымдастырды. Осы күні журналист Б.Исламбаева облыстық телевизияның құрылуына үлес қосқан облыстық атқару комитетінің төрағасы В.А.Брынкиннен сұхбат алып, басшының мерекелік құттықтауын жеткізді және жергілікті телевизияның ашылуымен құттықтап, журналистерді әділетті, объективті болуға шақырды. [3]
Телеарнаны ашу жұмысынан бөлек, оның қызметін заманға сай жасау, үнемі жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ету шаруасы да оңай болмады. Алғаш ашылған кезеңіндегі кәсіби инженерлер мен техниктер Ю.В.Ефанов, Б.Шөкенов, М.Абылаев, М.Шалабаев, Ж.Жұмановтар облыстық телеарнаны өз қолдарымен құрып, оның құрал-жабдықтарын жан-жақтан жинақтап, алғашқы сигналын халыққа жеткізуде көп еңбек сіңірді.
Телеарна алғаш құрылған сәтінде аптасына 1 рет, кейіннен аптасына 2-3 күн 1 сағаттан 4,5 сағатқа дейін хабар таратты. Эфирден берілген хабарлар Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш аудандары мен Қызылорда қаласының аумағын қамтыды.
1992 жылдан бастап облыстық деңгейде Әнші балапан, Таңшолпан байқауы ұйымдастырылып, оған мыңдаған талантты балалар қатысты. Қазір қазақ өнеріне өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан әншілер Гүлнұр Оразымбетова, Алмас Кішкенбаев, Мәдина Садуақасова, Тахауи Рахметов, Бибігүл Жанұзақовалардың тұсауын осы облыстық телеарна кесті десе болғандай, алғашқы қадамдары осы облыстық телеарнада көпшілік назарына ұсынылды [4].
1993 жылдың 1 сәуірінде Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясы мен облыстық радиотеле орталығы біріктірілді, осы жылы таралатын хабарлар көлемі 3 сағатқа көбейді. Әрине, бұл телеұжымның көрермен алдындағы жауапкершілігін арттыра түсті. Күнделікті жаңалықтармен бірге тікелей эфир форматындағы Жүздесу, Көкейтесті, Темірқазық хабарлары эфирге шықты.
1995 жылы телеарна тұңғыш рет Сыр саңлақтары тележобасын ұйымдастырды. КСРО Халық әртісі Роза Бағланова, ҚР Мемлекеттік сыйлықтың иегері Иран-Ғайып, қазақтың белгілі ақыны Шөмішбай Сариев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Кеңес Дүйсекеев, ҚР еңбек сіңірген әртісі Мәдина Ералиева бастаған өнерпаздардың қатысуымен 2 сағатқа созылған бұл хабар алтын қорда сақталып тұр.
2003 жылы 3 маусымда Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясы Қазақстан Республикалық Телерадиокорпорациясы ЖАҚ Қызылорда облыстық филиалы болып өзгертілді. Ал, 2004 жылы тәуліктік эфир уақыты 14 сағатқа жетті. Хабар тарату S-VHS-тен DVCAM форматына ауыстырылды. Осы жылдың маусымынан Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Қызылорда облыстық филиалы деп аталды.
2006 жылы спутниктік қабылдау-тарату станциясы ашылып, ол телеарна ғимаратының үстіне орнатылды. Жасанды жер серігі арқылы спутниктік жүйе бойынша эфирге шығу жүзеге асырылды. 2007 жылдан бастап 1 сағат көлемінде Кателко спутниктік жүйесі арқылы жүзеге асырылып келеді. Нәтижесінде, облыс тұрғындарына телерадиохабарламаларды тарату мүмкіндігі 77 пайыздан 91,0 пайызға дейін артуына қол жеткізілді, кабельді және спутниктік телевидениенің мүмкіндіктерін кеңінен қолдануға жағдай жасалды.
2009 жылдың 28 тамызынан бастап тәулігіне 14 сағат хабар таратуға қол жеткізілді. Хабар көрсету Арал мен қарт Қаратаудың түкпір-түкпіріне жетті. Аймақтың 21 елді мекеніне қосымша хабар таратқыштар қойылып, облыстық телевидениенің дербес спутниктік жүйесі қалыптасты. Бұл мақсаттарға облыстық бюджеттен 71,8 млн. теңге бөлінді. Бөлінген қаржыға 6 ауданға жүйе тартылып, телетаратқыш қондырғылар орнатылды. 15 елді мекенге хабар тарату құралдары қойылды.
Бүгінде телеарна ғимараты қала орталығында орналасқан. Аумағы 2720 ш.м. алып жатқан 3 және 4 қабатты екі блоктан тұрады. Үш арнайы студия жұмыс істейді. Біріншісі - ақпараттық бағдарламаларға және тікелей эфирге, екіншісі - 625 орындық концерттік-телевизиялық студия - қойылымдық хабарларға арнап жасақталған, үшіншісі - тақырыптық хабарлар үшін жасақталған, аумағы 186 ш.м.
Бүгінде телеарна хабарларымен облыс аумағының 85 пайызы қамтылған. Ал Қазақстан ұлттық телеарна желілері арқылы өтетін хабар таратылымымен облыс 97 пайыз қамтылып отыр.
Жыл сайын заманның сұранысына орай бағдарламаларын жаңартып, аймақтың өзекті мәселелерін назарда ұстап келе жатқан ақпарат құралының бүгінгі дәрежеге жетуі - телеарнаны басшысының еңбегі деп білемін. Ал, мұндай міндетті мойынына жүктеген басшы - Жағыппар Қарабала. Ол 2005 жылдан бері күні бүгінге дейін облыстық арнаны басқарып келеді. Жағыппар Аманжолұлы Қызылорда облыстық телеарнасының қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегі үшін 2008 жылдың желтоқсан айында еліміздің жоғары наградасы Құрмет орденімен марапатталған.
Білікті маман газет беттеріне берген бір сұқбатында: Басшы шығармашылық тұлға болмай, жақсы дүниелер тууы мүмкін емес... Телеарнада тіпті. Өйткені тележурналистика дегеніміз - бірнеше өнердің басын біріктіретін синтездік өнер. Бұл жерде басшыға тек журналист қана емес, режиссер де, оператор да, монтажер де болуға тура келеді.Телевизияның өзіндік шаблондары бар. Осының бәрін жіті түсінген басшы болса, ол ұжымның бағындырар шығармашылық асуы да биік болмақ деген екен. [Айқын- №123,2009 ж 9 шілде 20б] [5]
Сөз еткелі отырған екінші телеарна - Jambyl облыстық телеарнасы. Тарих қойнауына сапар шексек, қойнауы мыңжылдықтар қатпарында жатқан Әулиеата өңірінде тұңғыш рет 1989 жылдың 1 қарашасында Jambyl облыстық телеарнасы өз жұмысын бастаған болатын. Және бұл оқиға 21 жыл үзілістен кейін электронды ақпарат кеңістігіне қосылған алғашқы ұжым болғанымен есте қалды. Сол кездегі КСРО депутаты, облыстық партия комитетінің I-хатшысы С.М.Байжанов сайлаушылармен кездесу барысында жергілікті телеарна жақын арада іске қосылады деп мәлімдеген болатын. Осы уәде өз мерзімінде орындалып, телеарна небәрі 5-6 айдың ішінде іске қосылды. [6]
Алғашқы тікелей хабар араға алты күн салып, орталық алаңдағы еңбекшілер шеруінен жасалды. Арнадағы алғашқы хабарлар эфирге аптасына бір-екі, кейде үш реттен шығып отырды. Хабарлардың ұзақтығы 15-20 минуттан аспайтын. Себебі, енді ғана тәй-тәй басқан ұжымның оған материалдық жағдайы да, кадрлық мүмкіншілігі де жетпейтін еді. Ал, КСРО телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі мемлекеттік комитет облыстық телехабарларға 40-45 минут уақыт беріп, соған ғана қаржы бөліп отырды. Сондай-ақ, ұжымның негізгі мақсаты - қазақ тілді хабарлардың санын көбейту еді.
Алғашқыда, хабарлар негізінен ПТС арқылы таратылды. Араға көп уақыт салмай, ұжым күрделі жөндеуден өткен Сүлейменов көшесіндегі жаңа ғимаратқа көшеді. Сондай-ақ, Қаратау кеніші Мәскеуге қарайтын болғандықтан, қосымша Қаратау қалалық телестудиясын тезірек іске қосу да назардан тыс қалған жоқ. Оның қызыл империя үшін саяси маңызды зор еді. Жаңа орынға жайғасқан телеарнаның жұмысы осыдан соң түрленіп шыға келді. Және ондағы шығармашыл ұжымды басқарудағы жауапкершілік - журналист Дәулет Төлепбергеновке жүктелді.
Облыстық телеарна ұжымына 1991 жылдың басында белгілі жазушы-журналист Елен Әлімжанов төраға болып келді. Бұл өзгеріс телеарнаға тың өзгерістер алып келді. Бас инженер Илья Пак бастаған, Бейсенбай Бажалақов, Қаржаубай Сыдықназаров,Асқар Ботабеков сынды жаңа толқын мамандар телеарнаға жаңа леп әкелді. Телеарнаға таңсық айлық, тоқсандық, жылдық бағдарламалар жүйесі- телеарнадағы жаңалық болды. Дәл осы кезде Рух, Отан, Тіл тағдыры, Ахуал қалай, ауыл? атты циклдар да пайда болды.
1991 жылдың аяғына қарай еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін орыс тілінде қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттауға баса көңіл бөліне бастады. Сенбі, жексенбі күндерді қоспағанда эфир уақыты бір сағатқа ұзартылды.
Телеарна ұжымы Қазақ елі тарихындағы күрделі кезеңдерді де назардан тыс қалдырған жоқ. Оған дәлел, жаңғырығы басылмаған Желтоқсан көтерілісінің шындығын ашып көрсететін және кеңестік солақай саясаттың кесепатынан жазықсыз темір торға тоғытылған, көрнекті мемлекет қайраткері- Асанбай Асқаровтың соты жайлы хабарлар сериясын жасауды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан ұлттық телеарнасы мен тәуелсіз КТК, НТК, 31 телеарналарындағы бағдарламалардың өзіндік ерекшеліктері
«Оңтүстік Қазақстан телеарнасының өткені мен бүгіні»
Бірінші Қарағанды телеарнасы
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындары
ҚAЗAҚСТAН ҰЛТТЫҚ ТЕЛЕAРНAСЫНДAҒЫ РЕКРЕAТИВТІК БAҒДAРЛAМAЛAРДЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тіліндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары және оларға шетелдік ақпарат агенттіктері материалдарының қажеттілігі
1958 жылдан 1991 жылдар аралығында
Қазақ күресінің болашағы бүгінгі жас барыстар
Балық және балық өнімінің қауіпсіздігі туралы
Ескерту нарығын үлгісі реттеу үлгісі
Пәндер