Салауатты өмір сүру деңгейі
Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
I. Салауатты өмір салты туралы жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... .
II. Қоғам арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру ... ... ... ..
III. Салауатты өмір сүру салты және салауатты өмір сүру салтын бұзатын факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Өзектілігі :
Мақсаты: адамның дене мәдениеті мен спортпен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктеір ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психофизиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағыдай жасау.
Міндеті:
* Денсаулықты нығайту, ағзасын шынықтыру және дененің дұрыс қалыптасып дамуын, мүсіннің сымбатты болуын қамтамасыз ету;
* Ақыл-ой және дене күштерін жұмыс істеу қабілеттерін көтеру;
* Дененің негізгі қимыл қозғалыс сапаларын (күштілік, ептілік, шыдамдылық, шапшаңдылық) қалыптастыру;
* Гигиеналық дағдыларды қалыптастыру;
* Дене шынықтыру және спорт саласында арнаулы білімдер беру;
* Адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу (батылдығы, өжеттігі, қайсалығы, табандылығы, тәртіптілігі, жауапгершілігі, ұжымшылдығы т.с.с.);
* Дене және спорт ойындарымен үнемі және жүйелі айналысуға қажеттілігін тәрбиелеу;
* Дененің әр қашан сау болуына, сергектікке, өзіне және айналасындағы адамдарға әрқашан қуаныш әкелуге ұмтылысын тәрбиелеут.с.с.;
Салауатты өмір салты туралы жалпы түсінік
Салауатты өмір салты - жан-жақты, кешенді ұғым. Алайда оның аясындағы түсініктің барлығы сайып келгенде, адам өмірінің басты құндылығы адам денсаулығын жақсарту мен нығайту мәселесіне байланысты болып келеді. Елбасымыз Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған [1],-деген. Қазақстан-2030 стратегиясында салауатты өмір салтын ұстануға байланысты төмендегі іс-шаралар маңызды деп көрсетілген: нашақорлық пен наркобизнеске қарсы күрес, темекі мен алкогольді тұтынуды қысқарту, тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту [2].
Ғаламтор бетінен оқыған мына бір мәлімет мені қатты ойландырды: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша, халық денсаулығының 49-53 пайызы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20% пайызы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық және климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22% пайызы тұқым қуалау себептеріне, біздің денсаулығымыздың тек 8-10% пайызы ғана денсаулық сақтау ұйымына тәуелді[3]. Бұл мәліметті оқи отырып, он екі мүшесі бүтін, алпыс екі тамыры сау болып дүниеге келген адамның әрі қарайғы денінің сау болуының 50 пайызы өз қолында екенін өзім қатарлас өсіп келет жатқан қатарластарыма да айтуды жөн көрдім.
Жалпы не туралы сөз қозғасаң да, ең алдымен оның анықтамасын айта кеткен әбден дұрыс. Мысалы салауатты деген сөз ақылды, байыпты, парасатты, ойлы деген ұғымды білдіреді екен. Ал өмір салты дегеніміз әр адамның қалай тіршілік ететіні, қалай тамақтанып, қалай демалатындығы, яғни тіршілік ету көрінісі деуге болады. Кез келген адам өзінің белгілі бір қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Адамның өмір сүру салты тіпті қанға, оның ата-тегіне байланысты болуы мүмкін. Дәл осы себептерге орай, салауатты өмір сүру салтыүш категорияға бөлінеді екен:
1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3. Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі - экономикалық категория. Бұл адамның материалдық тұрғыдан қамтамасыз етілуімен түсіндіріледі. Ал салауатты өмір сүру сапасы - әлеуметтік категория - ата-анасының жұмыс орындары (оқу орындар, мектептер),өскен ортасы т.б. байланысты.
Салауатты өмір сүру стилі - әлеуметтік-психологиялық категория. Бұл адамның жалпы өмірде, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстай білуіне, әр түрлі қасиеттерімен көріне білуіне, сондай-ақ өзін тікелей жетілдіре білуіне байланысты.
Бұл үш категорияның алғашқы екеуі, яғни салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы адам әлеуетіне байланысты. Өйткені оқушы оларды, яғни ата-ананы, әлеуметтік-материалдық жағдайды таңдап ала алмайды. Сондықтан да адам денсаулығының жақсы болуы немесе нашарлауы, оның жалпы салауаттылық деңгейі үшінші атап көрсетілген салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Салауатты өмір сүру стилі дағдыға және Біздің әрқайсымыздың бейімділігімізге байланысты екен. Ендеше салауатты өмір салтын ұстануды 99 пайызға игерілуге болатын құбылыс деп батыл айта аламыз.
Салауатты өмір салтын ұстану - қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, мәдениетін, ділін, ұлттық ойындарын насихаттаудың тиімді жолы. Мәселен, уақытын теледидар алдында мультсериалдар көрумен өткізетін, не болмаса ұялы телефондағы шым-шытырық ойындардың шырмауынан шыға алмай отыратын баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастырған жөн. Бала күні бойы ақпараттық-танымдық мәндегі сабақтардан да жалығады. Сол себепті оны әр түрлі курстарға, қосымша сабақтарға берумен қатар, баланың қызығушылығын ойын арқылы арттыра түскен жөн. Ой еңбегі мен дене еңбегінің алмасып отыру қажеттігі ешкімге де жұмбақ емес. Осы арада бізге ұлттық ойындардың әкелетін әсері орасан. Тоғызқұмалаққа, күреске қатысу баланы ел ертеңі деп саналатын жас буынның ата-баба дәстүрінен алшақтамай тәлім алуына, ұлттық танымда тәрбиелеуге мүмкіндік берсе, шахмат, теннис немесе футбол, волейбол, баскетбол секцияларына қатысу біздің жан-жақты дамуымызға әсерін тигізеді.
Бірінші байлық - денсаулық дейміз. Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де, мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз. "Жалған - ай!" деп көкірегіміз қарс айырылып, өмірден түңіле бастаймыз.
"Тәннен жан артық еді, - дейді Абай атамыз - тәнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ біз олай қылмады, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдадық. Жан бізді жас күнімізде билеп жүрген еді. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік, жанды тәнге бас ұрғыздық, ешнәрсеге көңілмен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Көзбен көрген нәрсенің де сыртын көргеннен-ақ тойдық..."
Тәннен жан артық... Билік жанда ғой. Бірақ ғұмырымыз аз ба, көп пе... кеше, бүгін, шамасы ертең де билік жанда емес тәнде Пендешіліктен тәнді тоғайтып, сөйтіп аурулар қатарын молайтып жүрген жай бар. Тым болмаса, жан мен тән бірлігін, ара қатынасындағы бірлікті неге сақтамасқа? Біреу үшін емес, өзің үшін, отбасың, өзіңсіз толайым болмайтын көкірегің үшін.
Денсаулық - тән, рухани және әлеуметтік игіліктің жиынтығы. Денені үнемі ширықтыру, шынықтыру, сананың сапа деңгейін көтеру, интеллект өрісін биіктету, рухыңды шыңдау - бәрі де денсаулыққа қызмет етеді десек қателеспейміз.
Қазіргі уақыттағы әлеуметтік - экономикалық жағдай, тіршілік деңгейінің құлдырауы және экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл халқының, әсіресе, өскелең ұрпақтың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Ел Президентінің "Қазақстан - 2030" жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі - "Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты" тармағында,"...азамат-тарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сай болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін" азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз осы бағытта Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған.
Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады.
"Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі" деп тегін айтылмаған.
Қазіргі қоғамымызда халықтың табиғи өсімі төмендеп, сырқаттанушылық және өлім - жітім деңгейі арта түсті. Әсіресе, балалар мен жастардың денсаулығы қауіп тудыруда. Темекі тарту, ішімдік пайдалану, есірткі құмарлық және улы заттарға әуестік, адамгершілікке жат мінез-құлық, ерте жыныстық қатынас кеңінен етек алуда.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-50 % өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тәуелді, 17-20 % қоршаған орта ерекшеліктеріне байланысты. Сонымен қатар денсаулық қатерінің негізгі факторларына мыналар да енеді: қозғалыс күшінің кему салдарынан қимылдың кемуі (гиподинамия) дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте және тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды әдеттердің - шылым шегу, алкоголь пайдалану, нашақорлық көп таралуы.
Құрбы - құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі - адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Болашағымыз нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, СПИД, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық.
Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі.
Атамыз қазақтың Бірінші байлық - денсаулық, яки болмаса Денсаулық - терең байлық деген даналық мәтелдері тіршіліктің нағыз өзегінен алынған емес пе? Денсаулықтың қадірін, маңызын айрықша ұғынып барлық игіліктен жоғары санаған. Тағы да Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде деп жан мен тән саулығын қоршаған орта аясында дұрыс сақтап және нығайтуға түрлі пайдалы әрекеттер жасап отырған.
Жасырары жоқ, күні бүгінге дейін небір ғұлама ғалымдар, біліктілігі күшті дәрігерлер де Денсаулық деген не? деген сұраққа әлі толымды, тұшымды, дәл анықтама бере алмай келеді. Қолымызда тек ВОЗ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) қалыптастырған анықтама бар. Бұл бойынша Денсаулық - жан, тән және адамның әлеуметтік жағдайының қоңдылығы. Байқап отырсаңыз жан иесінің жалғыз анатомиялық дұрыс қалпына ғана емес, оның әлеуметтік жағдай-тұрпатына да ерекше мән берілген.Жуырда ғана өткен дәрігерлер мен провизорлардың съезінде сөйлеген сөзінде еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев: Халықтың денсаулығы - ел дамуының аса маңызды тұтқасы, болашағымыздың кепілі деп тағы да айрықша айқындап атап өтті. Сонымен қатар келешек атқарылатын істердің басты стратегиялық бағыттарын да көрсетті.Бірінші: балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына айрықша көңіл бөлу.
Екінші: халықты қол жетерлік және саналы медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Үшінші: отандық медицина ғылымын дамыту.Осы бағыттама аясында ел басқарған ағалармен біріге отырып, түрлі індеттердің алдын алу керек. Салауатты өмір салтын ұсынбаған мемлекеттің экономикасы құлдырайтыны сөзсіз. Ауру адам қандай іс бітірмек!
1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Денсаулық- физикалық, психологиялық және әлеуметтік болып үшке бөлінеді. Организмде денсаулықтың осы аталған түрлері бір-бірімен тығыз байланысты болады.
Салауатты өмір салты деген ұғым тек үстіртін көз қарасқа ғана жай дүние болып көрінуі мүмкін. Тән- тамақты шамалап жесең, барынша еңбектенсең, уақтында дем алсаң болғаны дегендей ұғымды білдіреді. Бірақ істеген ісіңнің, еңбек тәртібін сақтаудың мейлінше пайдалы болуы үшін әркімнің психалогиялық ерекшеліктерінің де әсері зор екенін ескерген жөн. Тек психалогиясы сау адам ауруду болдырмауды, ауырған күнде қайтсе де одан арылуды мақсат етеді. Адамның ақыл-ойы, оның істеген ісіне, жұмыскерлігіне әсер еттетіні, керісінше бір жері қатты ауыратын болса, ол адам тынышсызданатыны, мінез-құлқының өзгеретіні де белгілі. Тіпті біреулер аурушаң келетін болса, екіншілері ауруы болмаса да ауруының барлығына өзін-өзі сендіріп,дәрігердің абайламай айтқан сөзіне сеніп,өзінше жобалап, мазасызданып жоқ ауруды өзіне бар дейтіндер де аз емес. Мұндай ауруларды медицинада ятрогендік (сендіруден болатын) ауру деп атайды. Кейде ауру күйзеліс жағдайды басынан кешірген немесе қатты ренжіген адамның ауыратыны да кездеседі. Осы айтылғанның бәрі тән саулығын және әлеуметтік саулықты сақтау үшін психикалық саулықтың қажет екенін көрсетеді. Ауруды жұбату, оның жүрегінде сауығамын деген сенім тудырады, кейде бұл дәрі ұсынылғаннан да пайдалырақ болады. Психика аурудың үдеуіне, сондай-ақ аурудан жазылуына рухани жағдай жасайды, яғни психика күйзелістің туындау себебі немесе оған қарсы төтеп беретін күш де бола алады.
Бүкіл дүнйежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мағлұматтары бойынша барлық аурулардың 45% күйзеліспен байланысты болмақ. Сондықтан күйзелістің тетік-тегершінін білу, оның мүмкіндіктерін және күйзеліс қақтығыстарының алдын алу, оның кеселді салдарынан сақ болу қажет.
САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҰСТАНУ ҚАҒИДАТТАРЫ
жеке гигиена
денені, киімді, үйін, азық-түлік өнімдерін, суды таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелері
қозғалыс белсенділігі
таңертеңгі гимнастика, физикалық жаттығулар, спорттықойындар, жүзу, жүгіру т.б.
Шынығу
су, күн, ауа тәрізді табиғи факторлармен шынығу, ағзаның ауруларға қарсы төзімділігін арттыру
дұрыс тамақтану
калориясы жоғары өнімдерді қолдану, тамақтану рационын дұрыс таңдай білу, тамақтану режимі мен мөлшерін сақтай білу т.б.
психопрофилактика
ортамен тіл табысу, ашу-ызаға жол бермеу, эмоцияны ұстай білу т.б.
жұқпалы аурулардың алдын алу
санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай білу.
Залалды дағдылар: темекі шегу, маскүнемдік, есірткіге және улы заттарға үйірсектік-денсаулыққа қатер.
Көп елдегі тұрғындардың залалды дағдыларға деген бой алдырудың, мұның етек алып, кең таралуын бірқатар ғалымдар және алдыңғы қатарлы әлеумет басқа келген ұлттық апат деп таниды. Адамзат үшін бұл дегеніміз заманарық зілзаласымен бірдей.
Бұл бел алған көпшілік кемістігін өркениет ауруы деп те атайды. Бірте-бірте осы дерт медициналық қана емес, сонымен бірге әлеуметтік сипат алып келеді.
Дағды- бір не бірнеше қимылды әлденеше рет атқару қажеттілігінен туындайтын, сондай-ақ табиғатына таңылып қалатын мінездегі автоматтандырылған элемент осы. Динамикалық таптаурын істері туындайды, ми қыртысында кешенді шартты байланыстар, шартты рефлекстер тізбегі пайда болды.
Егер де осы шартты рефлекстер кешені адам үшін пайданы діттесе және денсаулықты жетілдіруге бағыттаса, жақсы ғой, айталық: таңғы гимнастикамен шұғылдану, ұйқы алдында серуен құру, тамақтану тәртібін бақылау т.б. Бұлар - пайдалы дағдылар, бірақ дағдылардың басқа да түрлері бар, оларды залалды деп атайды. Тұлға ретінде өмір бойы өз мүмкіндігін жүзеге асыруға кедергі болатын, не мүмкіндіктен ажыратып ада қылатын дағдылар бар, оларды да залалды деп есептейді.
Адам денсаулығына оңдыртпайтын кесел келтіретіні айдай әлемге мәлім дағдылар қатарына: темекі шегу, ішімдікке салыну, есірткіге және улы заттарға (токсикоманияға) бой алдыру жатады.
БДҰ сарапшылары тәкелділік тудыратын заттар терминалогиясын анықтаған.
А) алкогольді - барбитурат түріндегі (этил спирт, барбитураттар, седативті мепробиромат, хлоралгидрат және т.б.);
Б) амфетамин түріндегі заттар (амфетамин, фенметразин т.б.);
1. B) кокаин түріндегі заттар (кокаин және коко жапрақтары);
Г) каннабис түріндегі заттар (марихуана, гашиш);
Д) галлюцинаген түріндегі заттар (лизегид.-ЛСД, мескалин);
Е) ката түріндегі заттар (Catha ectulis fovsk);
Ж)апиын түріндегі заттар (морфии, героин, кодеин, метадон);
З) эфирлі ертінділер түріндегі заттар (толуол, ацетон және тетрахлорометан).
Жоғарыда аталған дәрі дәрмектер (эфирлі ертінділерді есепке алмағанда) емдеу мақсатында пайдаланылады және және адам организмі бұларға бой алдыра бастайды-ослайша тәуелділік туындайды.
Сондай-ақ есірткі заттарына темекі де жатады, ол денсаулыққа зиян келтіретіні айдай анық, оған деген тәуелділік тудырады.
Есірткі заттарға деген тәуелділік тудырып, оны одан әрі ушықтыратын факторлар қатарына мыналар жатады: Организмнің жекеленген ерекшеліктері, есірткі қолданғанан кейін болатын түйсінулерді қабылдау, ортаның әлеуметтік, мәдени сипаты есірткі заттар әсерлерінің тетіктегершігі.Қазіргі кезде есірткі заттар мен улы заттар (токсикомония) проблемасы көкей кестілер тізбесінен көрінеді. Есірткіні бір ғана рет қабылдаған өзінде көңіл-күйді көтеріп (эйфория), дауаламайтын жерге апарып тастауы, тез арада жаның бей-берекетін алатын үйірсектіктің қалыптасуының негізгі себептерінің бірі болып табылады. Организмге есірткі заттарды енгізгеннен кейін бет қызады, бүкіл денеге жылу таралуынан болатын жайлы бір сезім бой алады, тері жеңіл-желпі қышиды. Осыдан кейін-ақ пайда болатын жайбарақаттылыққа, тез өзгеріп құбыла бастайтын, түленіп түстенген елестер және қиял тектес әлем-жәлем дүние жетегіне алады. Есірткіге деген үйірсектік бірнеше апта ішінде-ақ біршама тез қалыптасады. Осыдан барып созылмалы интоксикация дамиды.
Алкоголь- құрамында этил спирті бар ішімдіктер болып табылады. Алкоголь - рахаттану орталығына әсерін тигізеді, осындай сезім тудырып, адамдарды ұялу қасиеттерінен жұрдай етеді.Әр түрлі ішімдіктердің спирттік мәні бірдей емес: сырада 3-6 %, шарапта-10-14 % , виски, арақ, бренди, ром, коняькта- 40-50% бар.
Профилактика
бұл мемлекеттік, қоғамдық, элеуметтік, эканомикалық, медициналық, санитарлық, психалогиялық шаралардың бірегей кешенді жүйесі.
1. Әіресе өскелең ұрпаққа есірткі заттарды алуға тосқауыл қою және бұларға деген сұанысты азайту.
2. Залады дағдыларға деген үйірсектікке бой алдырайын деп жүрген тұлғадағы өзгерістер ертерек байқалғанда барынша психологиялық тосқауыл қоюға тырысу керек.
3. Барлық бұхаралық ақпарат құралдарының мүмкін бұлар арналары арқылы жүйелі насихаттау (орталық теледидар, радио, баспасөз), бұл іске ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz