Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
1. Жарықбаев Қ.Б. Психология. -Алматы, 1993.
2. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. -Алматы, 1996.
3. Аймауытұлы Ж. Психология. -Алматы, 1995.
4. Алдамұратов Ә., Рахымбеков Қ. Қызықты психология. -Алматы, 1992.
5. Тәжiбаев Т. Жалпы психология. -Алматы, 1993.
6. Немов Р.С. Психология 3-х томах. -М., 2002.
7. Елеусизова С. Қарым-қатынас психологиясы. -Алматы, 1993.
8. Рубинштейн С.Д. Основы общей психологий. -Санкт-Петербург. 2000.
9. Радугина А.А. Педагогика ипсихологии.-М., 2001.
10. Гальперин Л. Введение в психологию. -М., 2000.
11. Карпова А. Общая психология. -М., 2005.
12. Елiкбаев Н. Ұлттық психология.-Алматы, 1992.
13. Жарықбаев Қ. Әдеп және жантану. -Алматы, 1994.
14. Немов Р. Общая и социалная психология.-М., 1996.
16. Морозова А. История психологий. Санкт-Петербург. 2001..
17. Еникеев М. Общая и социальная психология. -М., 2002.
18. Якунин В. История психологий. -Санкт-Петербург. 2001.
19. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжiрибелiк психология. Шымкент, 2006.1-том.
20. Столяренко Л.Д. Педагогика и психология высшей школы. М. 2002.
21. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
22. Немов Р.С. Психология. В 3 т. М., 1995.
23. Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2007. 2-том.
24. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
25. Андреева Г.М. Социальная психология. М., 1980.
26. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
27. Гришина Н.В. Психология конфликта. Санкт-Петербург, 2001.
28. Глиьбух Ю.Э. Как учиться и работать эффективно. Минск, 1985.
29. Джакупов С.М. Психология познавательной деятельности. Алматы. 1992.
30. Каракулов К.Ж. Педагогика управления. Шымкент, 2001
31. Кушембаев Р.К. Психология успеха. Алматы, 1999.
32. Морозов А.В. Деловая психология. Санкт-Петербург, 2001.
33. Немов Р.С. Психологическое консультирование. М., 1999.
34. Психология управления. Под ред. А.К.Аверченко. Новосибирск, 2000.
35. Психология и этика делового общения. Под ред. В.Н.Лавриненко М., 2000.
36. Шевандрин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
37. Степаненко Т. Этнопсихология.-М., 1999. -320 с.
38. Мұқанов М. Жас және педагогикалық психология. -Алматы, 198
Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін меңгерудегі психологиялық ерекшеліктері
https:www.referat911.ruPedagogik abastauyshta-shet-tln-oytudy-psiho logiyaly298696-2653650-place6.html
1. бірінші сынып оқушыларына жаңа тілді оқу мен жазуды 1-сыныптан бастау керек ( А.А.Леонтьевтің пікірі бойынша).
2. Бастауыш мектептің бағдарламасына бір мезгілде аптасына екі сағат шет тілін енгізу.
Физиологтар көзқарасы бойынша, шет тілі кітабында кішкентай заттарды қабылдау балаларда ересектерге қарағанда өте төмен. Сондықтан, бастапқы үйрету кезеңде үлкен шрифті кітапты пайдаланған жөн. Шет тілін үйрету барысында оқушыларға жетістік жағдайын ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Тіпті кішкентай жетістік балаларды рухтандырады және бір пәнге қызғушылығын тудырады. Мұғалімге мұндай жағдай туғызу және ұсыну әрқашан маңызды, өйткені белсенділігі төмен деңгейдегі оқушыны мақтау арқылы бір қадам алға көтеру, мысалы: Жарайсың, сен бұрынғыдан да жақсы оқитын болыпсың, сен жақсы айтасың, мен сенің жетістігіңе қуанам және т.с.с.
Балалар мұғалім қойған бағаға өте қатты мән береді. Кіші мектеп оқушылары тапсырма бағасынан өз бағасын ажырата алмайды. Мұғалімнің сен тапсырманы өте нашар орындадың деген сөзі бала оны сен жамансыңдеп түсінеді.
Бұл жас ерекшеліктін ескере отырып, біз Ш.А Амонашвили өңдеген маңызды бағалар жүйесін пайдалануға кеңес береміз. Ол 4 құрамдас бөліктен тұрады:[37]
1. оқушыға тұлға ретіндегі тілектестік қатынас;
2. оқушының міндетті күштеріне оң қатынас;
3. оқушының алдында тұрған қиыншылықтарды және қателіктерді нақты талдау
4. қол жеткізген нәтижені жақсарту үшін, нақты тапсырма орындау;
Бағалауда осы компоненттерді ескеру қажет, тіпті егер оқушы жұмысының нәтижесі жағымсыз болса да. Сонда ғана ол қосымша мақсат ретінде оқушылардың өзін-өзі басқарудың құрал - жабдығы бола алады.
Оқушы мұғалім қойған бағалау өлшемдерін білуі керек, осы өлшемдер арқылы онда өзін-өзі бағалау және өзін-өзі қадағалау қалыптасады: Жақсы баға алу үшін, осылай айту керек деп түсіндіру қажет.
6-10 жас аралығындағы балалардың психологиялық ерекшеліктерінің есебі және болашақ дамуы олардың бастауыш сыныпта оқуының маңызды факторы болып табылады.Бала туылғаннан бастап,айналасын танып,бірте-бірте бәрін үйренеді.Үлкендердің қатынасуынсыз, іс-әрекет үлгілерінсіз бала ешбір қарапайым әрекеттерді жүзеге асыра алмайды.Егер баланы бір бөлмеде оны қоршаған заттармен қалдырса, ол олардың маңыздылығын үлкендердің көмегінсіз біле алмас еді.
Заттарда олардың қалай қолданылатынын көрсетілмеген неғұрлым бала кішкентай болса, соғұрлым үлкендердің басшылығын талап етеді.Қазіргі таңда оқытудың әртүрлі әдістері мен түрлері бізге таныс. Оның бірі: еліктеу жолымен,ойынмен, сурет салу, ермексазбен жұмыс жасау, құрастыру жолымен, қарапайым жұмысты орындағанда өзіне қызмет көрсету жолдары болып келеді.Мектепке түсу баланың қоғамдағы жағдайын өзгертеді.Олардың өмірді тануы,құрдастарымен және үлкендермен барлық қарым-қатынаста болуы, олардың бірнеше жаңа міндеттерін орындауына байланысты.Баланың өміріндегі мектептік кезеңі оның жан дүниесінің өзгеруімен байланысты.Бұл шекара неғұрлдым нақты анықталған сайын және неғұрлым баланың жаңа жағдайға ауысуы көрінген сайын, неғұрлым қатарластарымен және ересектермен қарым-қатынасы нақтырақ болған сайын, соғұрлым баланың ақыл-ойына жаңа ақпарат қалыптастырады.
Бұған мектеп тәртібі және мектеп киімі, сабаққа үйде дайындалуы, сабақтардың ұйымдастырылу формасында, бір ортақ ережеге бағынуы болып табылады.Бұнда бастысы жаңа жүйемен жұмыс істеу.Мұғалім оқушылар алдында ата-ана, орынбасар-тәрбиешісі ролінде емес, ол қоғамның қарулы өкілі ретінде көрінеді.
Жаңа қызметтің орындалуы арқылы баланың басқа ересектермен және қатарластарымен қарым-қатынасы, отбасындағы және мектептен тыс қарым-қатынас, өзіне қатынасы, өзін-өзі бағалауы анықталады.Осында мектептік оқудың тәрбиелік функциясы және тұлғаның қалыптасуы қортындыланады.Міндетті түрде айтсақ, кіші мектеп жасында оқу ісінің қарқынды қалыптасу кезеңі болып табылады.
Егер білікті құрылған әдістеме жүйесі лингодидактикалық және психолингвистикалық тұрғыдан қарағанда, тілдік мәліметпен шет тілін меңгеру тұрғысында жетістіктергежетері сөзсіз.
Іс-әрекет өзінің жүргізетін функциясын құрылған кезінде жүзеге асырады.Кіші мектеп жасы оқу ісінің қалыптасқан кезеңі болып табылады.Оқу қызметінің қарама-қайшылық мағынасында оқушының өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуында оның өнер білімі, дағдылары, әсер әдістері үлкен рөл атқарады.Екінші жүйелік ерекшелік оқушының бәріне бірдей ережелерге бағынуын талап етеді, яғни партада түзу отыруы, дәптері,кітаптарын таза ұстауы, дәптеріне үлгілі жазуы тағы басқалары.
Кейбір ережелер мақсаты - оқушымен мұғалімнің қарым - қатынасын жақсарту болып табылады.Мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс жасаған кезде ережелердің көбісі жүзеге асырылмайды.Сыныппен жұмыс жасаған кезде мұғалімнің оқушымен жеке сөйлесуі болып есептеледі.Осы арқылы, берілген ережелер, сыныптық, ұжымдық өкімділігін арттыруға негізделген.Ережелерге бағынған баладан бір жағынан тәртібін реттеу, екінші жағынан ұжымды бағытқа ережелерге сай өзін үйрету - мектептің маңызды оқыту жүйесі болып табылады.Өкінішке орай оқыту жайлы айтатын болсақ, оның тек оқыту функциялары оқушыларға жүйелеген бағдарламамен білім беру есімізге түседі.Өзінің мазмұнымен ұйымдастырылған білім үлгісімен тәрбиелейді, яғни оқушыда белгілі бір мінез қалыптастырады.
Егер тәрбиелік функцияларды жоғары дәрежеде орындаса,онда оқу міндеттері жүзеге асады.Үшінші, мектеп оқушыларының ерекшелігі ол мектепке түсіп, ғылым-білімді үйренуден басталады.
Көптеген балалар мектепке келгенде әріптерді танып,олардан сөз құрай алады.Осы арқылы балалар сөздің әріптен тұратынын біледі, себебі көптеген балалар мектепке келгенде әріптің дыбыс екенін білмейді.Әріптің дыбыс екенін білмейтін балаларды қайта оқытуға тура келеді.Ол үшін алдымен бала дыбыстарды ажырата білуі қажет, мысалы:жуан және жіңішке, дауысты және дауыссыз секілді дыбыстар.Осылайша бала әріппен оның жазылуымен танысады. Математика бөліміне келгенде жөні мүлдем бөлек, көп адамдар мектепке санау біліп келеді.Бірақ балалар үшін сан мен заттың есебі құрам болып келеді. Төртінші ерекшелігі кезеңіне келгенде баланың ересекке адамға көзқарасын өзгерту болып табылады.Мұғалім оқушымен сөйлесу үшін оның арнайы жолы болуы керек.Бақылау бойынша басқа шет тілін үйрену балаларда логикалық ойды дамытады және өз тілін үйренуге зор ықпалын тигізеді.
Шет тілін үйренуге ең қолайлы кезең 4-8 жас аралығы, 9 жасқа толмай тұрып балалар сөйлеу маманы, ал 9-дан асқан соң мидың сөйлеу механизімі кеми түседі.Сондықтан 10 жастан кейін балаға әртүрлі кедергілерден өту керек.Бірақ 9 жастың кейбір кемшіліктері бар.Мысалы:есте сақтау қабілеті ересектерге қарағанда жақсы жетілмеген.Егер бала тілмен көбірек жұмыс істесе, ол оның есте сақтау қабілеттілігін кеңейтуге зор ықпал етеді. Баланың тілді игеруі көрінгендей оңай емес, оның артында қиын процесстер тұрады, бұл ғылыммен дәлелденген.
Ойынның қызметі 3 -10 жас аралығындағы балалар үшін маңызы зор.Орыс педагогы К.Д.Ушинский, балаларға шет тілін үйрету мектепке дейінгі жастан бастап оқытылу керек деп есептеген.[38]
Тілдік функцияның өзіндік ерекшеліктері бар.Біріншісі, іскердің сөз уақыты шектеулілігі .Белгілі бір уақытта баланың білім алуын қамтамасыз ету керек.Уақыт өткен соң сөйлеу мәнері қалыптасады.Ағылшын тілін окытуды ерте жастан уйренуі керек, себебі ерте жастан баланың тілдік қоры дамиды жәнеде өз тілін үйренген соң басқа тілдіүйренуі,сонымен қатар ең бастысы ол педагогикалық маманның дұрыс болуы деп табылады.Сондықтанда тілдік функцияны қолдану жөніде ерте балалық шақтан бастап үйретуден бас тартпау керек.Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы оқушыларда тілдік функция болады, егерағылшын тілін оқытуда педагогикалық процесс дұрыс ұйымдастырылса, сонда ғана олар тілдік функцияны дұрыс ұзарта алады.Барлық зерттеушілер оқуда психо-физикалық байланысты көрсетеді.4 -10 жас аралығында білім беру зерттелген, 4жаска дейін бала ойсыз болып келеді, 10жастан кейін дұрыс есте сақтай алмайды, үйретуді 5-8 жас аралығында бастау керек.Қашан туған тілін жаксы сөйлесе сонда ғана басқа тілге карым - катынасы басты дамиды, осы жастағы балалар өз ойын оңай құрастырып және шет тілін үйренуге еш киындык болмайды.Егерде әдістемелік жүйе дұрыс және жүйелі құрылса сонда ғана, ерте жастан оқыту тек қана еркін сөйлеуғана емес, сонымен қатар үлкен интеллектуалдық, тәрбиелік ұнамды потенциал, және балалардың басқа елдіңмәдиниетімен қоғамдық көзқарасын калыптастырады.Кіші жастан шет тілін білу, баланың дамуында, сөйлеу мәнерінде, жағымды әсерін тигізеді. Баланың ой-өрісін кеңейтеді. Шет тілін меңгеру әсері тек үйретушіден емес, үйренушіге де байланысты жоғарғы әсері зор.
Педагогтың оқушыларға қарым-қатынасы үйлесімділікке жету үшін маңызды себеп болып табылады.Әрбір мұғалім өзінің сабағы қызықты және тартымды өткенін қалайды.Олар оқушылардың қызығушылығын, шығармашылық белсенділігін артыруын қалайды.Кіші сынып оқушыларымен мұғалімдерінің сабағы қызықты және түсінкті ету үшін ойын әдісін қолдану керек. Ойын әдісінде бала қалай ойнау керек, қалай ұту керектігін ойлап, осы ой арқылы жүзеге асады. Ал егер бұны шет тіл пәніне келетін болсақ ол оған үлкен мүмкіндіктер ашады.
Теңдік сезімі, қуаныш атмосферасы балаларға ұялшақтығын жеңуге мүмкіндік береді.Балалар сөйлеуге қорықпайды, шет тіліндегі суреттеу тәсілі балаларды қатынас процессіне баулудың бір түрі болып табылады.Ол балаларға грамматика мен лексиканы есте сақтауға көмектеседі.Қатынас қабілеттілігін арттыру үшін өлеңдер қолданады.Өлеңдерде білгілі бір нәрсе жайлы мәлімет беріледі.Мысалы: өлеңді тыңдап отырып,шет тілінде адамның дене мүшесін атай алады.
Өлеңді қолданудың ықпалы:
* нақты дыбыстап айту;
* артикуляция, ырғақ, интонацияның дұрыс айтылуы;
* ағылшын тілінің тереңдетіліп оқытылуы;
* ағылшынша оқу мен дыбыстыудың дамуы;
* сөздік қорының артуы;
Өлең сабаққа мерекелік атмосфера беріп тұрады.Өлең мәліметті есте сақтаумен қоса шаршағандықты басады.
Тағы оқытудың бір тәсілі бейне сабақтар.Балалардың қызығушылығын арттыратын сабақтардың бірі шет тілі сабағы.Ағылшын сабағында қолданған сөздер олардың миларында жақсы сақталады.Бірақ кішкентай балаларға шет тілін үйрету кейбір қиындықтар тудырады.1- мен 2-ші сынып оқушыларының шет тілін үйренуінде кейбір олардың психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ал нақтырақ айтсақ: тез шаршап қалатындығына, зейінділігіне, есте сақтау қабілетіне байланысты.Осыған байланысты баланың физикалық және психологиялық ерекшеліктеріне қарай жұмысының қысымы мен шаршаңқылықты азайтатын түрі қажет.
Ағылщын тілін меңгерудің бастапқы кезеңі өзіне жаттығу сабағын қолдану.Оқушының негізгі мақсаты ағылшынша айтылған сөздерді есте сақтау. Ағылшын тілін арқылы нық есте сақталуына тақпақ көмектеседі.Осылайша үйрету кезеңі әуесқой ойынға айналады және сол пәнге балалардың қызығушылығын арттырады.Тағы қызығушылықты сақтау жолында көмектесетін сабақ түрі стандартты емес сабақ түрі болып табылады.Стандартты емес сабақ өзіне әртүрлі эмоциялық оқыту түрлері кіреді.
Барлық оқушылардың істері тек ағылшын тілін үйренуге бағытталған.Мұғаліммен шет тілінде шын өмірде сөйлескен дәптерден оқығаннан көрі тиімдірек әрі қолайлырақ болып табылады.
Ойын кіші сынып оқушыларының шет тілі сабағындағы рөлі. XIX ғасырда ойын балаларды тәрбиелеу жолында маңызды фактор болды.Ол тек балаларды ғана емес, сонымен қатар ересектерде баулыды.Ойын барысында бір оқушы ағылшын тілінде сұрақ қояды, басқа оқушылар ойлана бастайды.Ол ағылшынша сөздерді есте сақтауға көмектеседі.Ойын әрекеті оқыту процессінде мына функцияларды атқарады:
* оқу функциясының өзінде есте сақтау қабілетін, зейінділігін, мәліметтер қабылдауын және тағы басқа;
* тәрбие функциясы өзінде зейінділік, адамгершілік, бір-біріне көмектесу сияқты мінездерді дамытады;
* белгілі әдеп қалыптастыру;
* белгілі тілдік икемді дамыту;
* жақсы қарым-қатынаста болуды үйрету;
* қажетті қабілеттер мен психологиялық құбылыстарды дамыту;
* тану процесі;
* тілдік мәліметтерді есте сақтау;
Баланың қызығушылығын және белсенділігін арттыратын бірнеше ойындар бар:
* грамматикалық ойындар;
* лексикалық;
* фонетикалық;
* орфографиялық;
* өнерлік;
7-8 жас аралығындағы балаларға шет тілін білу қызықты болып табылады.Кезеңді дайындаған кезде басты мақсаты-программаға ойын сауық кешенін қосу және қоспау.Бұл кезең жұмысы грамматикалық кіші сынып оқушылыларының шет тілі сабағында әдетті қалыптастырып, жақсы әсерін тигізеді.
Қорытындылай келгенде бастауыш мектепте шетел тілін оқытудың психологиялық ерекшеліктері мынада:
* Шет тілін оқытудың негізгі компоненттерінің бірі баланың шет тілін үйрену процесіндегі дамуында қабілеті, ес, ақыл, ойлау болып табылады.Баланың бұл процестегі даму функциясы, олардың шет тілімен қарым-қатынасын және қалыптастыру әдеттерін, тез және әрі оңай игеруіне әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып ұйымдастыру жолына байланысты.
* Физиологтар көзқарасы бойынша, шет тілі кітабында кішкентай заттарды қабылдау балаларда ересектерге қарағанда өте төмен. Сондықтан, бастапқы үйрету кезеңде үлкен шрифті кітапты пайдаланған жөн.
* Шет тілін үйрету барысында оқушыларға жетістік жағдайын ұйымдастыру өте маңызды болып табылады. Тіпті кішкентай жетістік балаларды рухтандырады және бір пәнге қызғушылығын тудырады.
* Шет тілін үйренуге ең қолайлы кезең 4-8 жас аралығы, 9 жасқа толмай тұрып балалар сөйлеу маманы, ал 9-дан асқан соң мидың сөйлеу механизімі кеми түседі. Сондықтан 10 жастан кейін балаға әртүрлі кедергілерден өту керек. Бірақ 9 жастың кейбір кемшіліктері бар. Мысалы: есте сақтау қабілеті ересектерге қарағанда жақсы жетілмеген. Егер бала тілмен көбірек жұмыс істесе, ол оның есте сақтау қабілеттілігін кеңейтуге зор ықпал етеді. Баланың тілді игеруі көрінгендей оңай емес, оның артында қиын процесстер тұрады, бұл ғылыммен дәлелденген.
* 4жаска дейін бала ойсыз болып келеді, 10жастан кейін дұрыс есте сақтай алмайды, үйретуді 5-8 жас аралығында бастау керек.Қашан туған тілін жаксы сөйлесе сонда ғана басқа тілге карым - катынасы басты дамиды, осы жастағы балалар өз ойын оңай құрастырып және шет тілін үйренуге еш киындык болмайды.Егерде әдістемелік жүйе дұрыс және жүйелі құрылса сонда ғана, ерте жастан оқыту тек қана еркін сөйлеуғана емес, сонымен қатар үлкен интеллектуалдық, тәрбиелік ұнамды потенциал, және балалардың басқа елдіңмәдиниетімен қоғамдық көзқарасын калыптастырады.
* Кіші жастан шет тілін білу, баланың дамуында, сөйлеу мәнерінде, жағымды әсерін тигізеді. Баланың ой-өрісін кеңейтеді.
* Кіші сынып оқушыларымен мұғалімдерінің сабағы қызықты және түсінкті ету үшін ойын әдісін қолдану керек. Ойын әдісінде бала қалай ойнау керек, қалай ұту керектігін ойлап, осы ой арқылы жүзеге асады.
Психолог А.Р. Лурия айтқандай кез-келген аналогия жалпылауды ұсынады.Бірақ балалық шақта тілді меңгерудің механизімі арқылы жүзеге асады және оның қандай айырмашылығы бар?[33] Егер бұл меңгеруді санасыз жалпылауыш жүйелер басқарса, онда бұл баланың екінші тілді жақсы меңгеруіне мүмкіндігі барма?Бұл сұрақтың жауабы анық, егер біз туған тілді меңгеруде психологиялық фон ретінде қарастырсақ.Неліктен балалар қысқа уақыт ішінде көп мөлшердегі сөздерді есте сақтайды?
Мұғалімдер мен балалардың психо-педогогикалық өзара тепе-тең ұсынысын оқыту барысы болып табылады. Осы ұйымнын ерекшеліктері, бірінші сыныптан бастап шетел тілін орта мектепте окыту ма? Біріншіден, міндетті түрде шетел тілін окытудың жалпы ерекшеліктерін белгілеу керек. Педагог тырысу кажет, ол балаға жеке сабақ беру және ұжымдык білім беруі қажет. Екіншіден, мұғалім балаға білімді дұрысигеру тәсілін табу керек. Білімді белгілі бір бағытқа бағыттау қажет. Ол үшін әр бала басты сабақтын тақырыбын талқылауға белсенді қатысу керек. Өкінішке орай мұндай суретті сыныптан жиі байқауға болады. Мұғалім өте белсенді, өз қолымен дайындаған көрнекі заттарды көрсетіп, сабақ жүргізіп, және оны түсіндіру, түрлі - түрлі жұмыстарын көрсетуде, бірақ сол белсендіктен балалардың қанағаттықтары байқалмайды.
Өкінішке орай, сыныпта мындай көріністерді бақылау мүмкін:мұғалім өте белсенді, өздерін көрнекті құралдар пайдалана отырып, сабақты сынды сюжет арқылы жүргізеді.Түрлі жұмыстың белсенділігін қолданады.Бұл қанағаттанбаушылық балалардың педагог ерігі бойынша дұрыс орындаушы ретінде түсіндіреді:олар белгілі бір деңгейде талаптарды және жазылған сценарийларды орындайды.
Баланың шығармашылық дамуы шет тілін меңгеруде белсенді көрініс табады.Осы арқылы балалардың мұғаліммен бірге жасап шығарғансабағы маңызды болып табылады.Кіші мектеп жасында балалардың халықаралық қарым- қатынастағы шет тілін үйрету жүйесінің әсері тілді және сөйлеуді игеру мәсселесі бойынша анықталады.Бұл мәселе мектептік іс-әрекеттің негізгі формасында, мұғаліммен басқа адамдармен белсенді қарым- қатынасында көрінеді.
Шет тілін оқыту жүйесінің ұйымында кіші мектеп жасындағы оқушылардың жас ерекшелігіне қарайды.Ресей психологтардың (А.А.Леонтьев, Е.И.Негневицкая) мәлімденуінше, шет тілді үйрету 6- жастан бастап оқу қолайлы кезең болып табылады дейді.[34;35]
2005 жылдан бері шет тілін екінші сыныптан бастап оқыту міндетті деп қарастырылған.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың мінез-құлқы, іс- әрекеті олардың жас ерекшелігіне қарай талданады.Психологтардың қызметі бойынша балалардың дамуында психологиялық ерекшелігі белгілі бір сатыда екенін анықтады.Жетекші қызметтің мәнділігі баланың жаңа жоғарғы сатыда дамуын дайындайды.
Мектепке дейінгі балаларды ойынның қызметі, оның қоршаған әлемді тануында маңызды рөл атқарады.Балаларда 6 жастан бастап ойын әрекеті оқу біртіндеп ауысуы бақыланады.Бұл арқылы ойын әрекеті өзінің жетекші рөлін сақтайды.Бір жағынан балаларда жаңа оқу әрекетіне белсенді қызығушылық туады, бірақ ойын әрекетіне қажеттілік әлсіремейді.Себебі баланың 9 -10 жасқа дейін ойын әрекетін жалғастыратыны белгілі.
Қызметтің негізгі себебі оның сиппаттамасы болып табылады.Себептің негізі балаларға шет тілін үйрену ұйымының маңызы болып табылады.Кіші мектеп жасындағы оқушыларды жеке дамуы оқу себептерін қалыптастыруынболжайды.Психологтар кіші мектеп оқушыларының оқу себебінің кең таралған түрлері мыналар деп белгілейді:
* әлеуметтік себептердің кеңдігі;
* танымдық оқу себептері;
* ойын себептері;
Оқу қызметі бағалы дамуы соңғы екі себептердің әрекеті есебінен болады, бірақ олар бірінші сынып оқушыларына ойын әрекет есебін қанағаттандырғанда ғана қалыптасады. Егер ойын әрекеті балаларды қажеттілікпен қанағаттандырмаса, онда тұлға олардың дамуына және оқу қызығушылығына елеулі зиян келтіреді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық ерекшелігін қарау.Бұл жас негізінен баланың қалыпты және тепе-тең дамуына қатысты.Оқу қызметі осы жаста кіші мектеп жасындағы баланың психикалық (есі, назары, қабылдауы және елестетуі) дамуын анықтайды.Оларда қоршаған ортамен қарым- қатынасы және сезімі жақсы дамиған.Оқушылардың назарын жаңа және күтпеген нәрселер қызықтырады. Бірақ оларды ұқыпты қарым - қатынасқа үйрету оңай емес, себебі бұл әрекет жарамаса, онда тек сыртқы тартымтылыққа ғана назары ауады және оларды тұлғаның еріктік қасиеті дамымайды.Ал егер оқушыларда ерік дамымаған болса, онда олар болашақта тұрақтылық көрсетпейді және алдына қойған мақсатына жете алмайды.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларға оқу жүйесі кезінде дыбыс жазуға, айтуға және оқуға шарт қою маңызды.Сондықтан мектеп оқушысын назарға алып басқару маңызды.
Оқушыларды назарлы басқару :
* маңызды материялды орынды пайдалану арқылы оқушыны қызықтыру;
* әрбір ұсынылатын тапсырмалардың мағыналарын түсіндіру;
* жаттығуды орындаудың тәсілдерін қамтамасыз ету;
* еңбек және қарым қатынас тұрғысы жайлы жағдай жасау;
Кіші мектеп оқушылары есі әжептәуір дамыған, дегенімен олардың сезімталдық үн қосуы мен қызығушылығы оңай және тез есте сақтауын қамтамасыз етеді.Бұл жас ерекшелігі ескере отырып, балаларды лексикалық және грамматикалық сөйлеу, сөйлеу мәнерімен таныстыруды ұйымдастырылады.Сонымен бірге балаларда жадты басқару қабілеттілігін дамыту, яғни олардың назарын қажет нәрсеге аудару басты болып келеді.Солай, балалар жазылған әріпті оқу ережесін есте сақтауы керек.
7-10 жас аралығындағы балаларда ақыл-ойы жақсы дамыған.Оларда талдау қабілеті дамығандықтан, заттар мен құбылыстарға олар қартынды жасап, шешім шығара алады.
Шет тілін оқытудың негізгі компоненттерінің бірі баланың шет тілін үйрену процесіндегідамуында қабілеті, ес, ақыл, ойлау болып табылады.Баланың бұл процестегі даму функциясы, олардың шет тілімен қарым-қатынасын және қалыптастыру әдеттерін, тез және әрі оңай игеруіне әр түрлі тәсілдерін қолдана отырып ұйымдастыру жолына байланысты.Шет тілін дұрыс меңгермеген оқушы-бұл ақыл-ойы, есі және ерігі баяу дамыған оқушы деп табылады.Психолог М.Г.Каспаровтың зерттеуі бойынша оқушының шет тілін меңгерудегіқабілеті әмбебаб әрекетінің функциясы және тұлғалық ұстаным қағидалары екенін көрсеттіп отыр.[36]Бұл принципті елемеушілік, оқушының қабілітінің және жеке тұлғанын дамуына,таным белсенділігіне әкеледі.Шет тілін меңгеруде қабілеттілігі, үш ұғымды деңгейден тұрады.Олар жоғары, орташа, төмен.Сонымен қатар оқу әрекетінің табысты факторы тек қана шет тілін меңгеру болып табылмайды.Оған мотивация, ерік сапасы, және оқу біліктілігін игеруі жатады.
Жоғары деңгейлі оқушы барлық әмбебап оқу әрекеттерімен, жоғары сапада өзіндік оқу іс-әрекетімен және ақыл ойынның жақсы дамығандығымен, назарының жоғары деңгейде дамуымен, яғни өзінің іс әрекетінің қабілетілігінің ерекшелігімен айқындалады.
Орташа деңгей болып саналатын оқушы, барлық кешенде әмбебап оқулық қимылдарын меңгермеген, яғни жадында сақтау қабілеті, мөлшердегі көрсеткіш көлемі және болжам бойынша қабілеті тым аз, күшті ішкі мотивациясы мен күш жігері жоқ, оқуда жақсы нәтиже алуға, оңай және тез дағды мен ақыл процесін қабылдауды қамтамасыз етпейтін шет тілдік сөз іскерлігі қалыптастырады.
Төмен деңгейге акустикалық есі, дыбыс естуі нашар дамыған, ойлау операциясы аналитикалық жағынан төмен деңгейдегі оқушы жатады. Осы бөліктердің әлсіз дамуынан, оқушыға шет тілін меңгеруі қиын болады.
Келесі фактор, балалардың шет тілін меңгеруіне әсерін тигізеді, ол туған тілін меңгеру тәжірбиесі мен деңгейі. Бұл жастағы мектеп оқушылары ана тілін жетік меңгеріп: кең көлемде естіген нәрсесін түсініп, өз ойын және түсінігін айта алады. Негізінен оларда буындап оқудың дағдылары ұйымдастырылған. Әрине, балалардың туған тіліндегі тілдік және коммуникативтік тәжірибесі, мұғалімге шет тілінде қарым-қатынасты құруға және ұйымдастыруына қызмет етеді. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың физиологиялық ағзаларының ерекшеліктерінің дамуы маңызды. Физиология РАО институтында алынған мектеп шарттары, баланың тетігі үшін зор физикалық, зияткерлік және эмоциональды мүмкіндік сынағы болып табылады. Бұл бейімделу жаңа оқу шарттарының құрылым - функционалдық кемелділігімен анықталады және ағзаның функционалдық факторларына әсер етеді.
Арнаулы кешенді нейрофизиологиялық және психофизиологиялық зерттеулер бойынша, 7-8 жастағы балалардың ми қыртысындағы функционалдық піспегінің үйлестірілмегенін көрсетті және қиыншылықтарды көрермендер мен кеңістіктің қабылдауында екенін дәлелдеді. Балаға тілді үйретуде және дамытуда көрермен қабылдауы үлкен рөл атқарады. Физиологтар 6-7 жаста көрермен қабылдауының өтпелі кезең екенін және осы кезеңді ұстаздардың ескеруі қажет екенін орнатты.
Нейрофизиология бастапқы кезеңдегі оқу қызметін қалыптастыру ерекшелігін және мидың қамтамсыз етуін көрсетті. Осы жаста бір нәрсеге назар аудару төмен деңгейлі дамыған (балаға бір мезетте орындау және түсіндіру қиынға әкелетін, немесе мұғалімнің айтқанына көңіл аудармай, жұмысына кедергі жасайды).
2, Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті - табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу - танымдық іс - әрекет - бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
Оқу - танымдық іс - әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу - танымдық іс - әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу - танымдық іс - әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл - ой, ерік-күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс-әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Танымдық іс - әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі - оқушының үнемі жаңа дүниеге енумен, әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл - ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық
іс - әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс - тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді.
Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым - қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой - пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт - бағдар беру, істің дұрыс - бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту - оның мінез - құлқында тұрақтылықты, өзін - өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне - өзі талап қоя білуді, т.б. үйретеді.
Оқушының танымдық іс - әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс- әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс - әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу - танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс - әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс - әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы - кітаптар, лабораториялық құрал - жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс-әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.
Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз - оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл-қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой-сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы - оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу-танымдық іс-әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс-тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу-танымдық іс-әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Жоғары сынып оқушыларына өзіндік іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгеру талап етіледі. Оқушы-мұғалім қарым-қатынасындағы үйлесімділік, ынтымақтастық болуы шарт. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіруде маңыздылығы жоғары.
Жаңа педагогикалық технологияны қолданудың оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттырып, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу-танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу-танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның ішкі мүмкіндіктерін сыртқы факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін-өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы.
Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет - шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл - ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бiз бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдық. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат - сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi..., - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми - зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық. Мәселен, С.Төрениязова Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу - тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi атты ғылыми - зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға - оқушының мiнез - құлқының, ерiк - жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға - дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға - оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпе өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға - өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
- жалпы дамуға - оқушының жан - жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми - теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға, үйiрме жұмыстары мен мектептегi қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжiрибелiк - эксперименттiк жұмыстардың тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Ал, Л.К.Керимовтiң қиын балаларға арналған еңбегiнде, оларды қиын балалар етiп тәрбиелейтiн әлеументтiк жағдайларға ғылыми талдау жасай келе, тығырықтан шығу жолдарын саралап көрсетедi. Әсiресе, қиын балалардың мiнез - құлқын түзетуде адамгершiлiк тәрбиесiнiң ықпалының мол екенiне тоқталады.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегi адамгершiлiк тәрбие мәселесi В.А.Кимнiң еңбегiнде негiз болады. әрбiр этникалық топтың бiр ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшелiктерiне, салт - дәстүрiне, әдет - ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерiн қалыптастыруда әр ұлт өкiлдерiнiң ықпалын жан - жақты ашып көрсетедi.
Қоғам дамуының жаңа кезеңiнде жоғарғы сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеудiң ғылыми - педагогикалық тұрғыда жүйесiн жасаған Р.К.Төлеубекова адамгершiлiк тәрбиесi - адамзат қоғамын үнемi толғандырып келе жатқан күрделi мәселенiң бiрi. Жаңа әлеументтiк мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершiлiк тұрғыдан қалыптасуына байланысты, бiрiншiден бүкiл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершiлiк тәрбиесiнiң өзектi болғанын, екiншiден, философиялық, тарихи, әлеументтiк, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершiлiк адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзiн танып бiлуi, олармен қарым - қатынасы адамгершiлiк тәрбиенiң бiр қыры, үшiншiден, қазiргi әлеументтiк жаңа орта жағдайында адамның адамгершiлiк тұлғада қалыптасуы өзi өмiр сүрiп отырған қоғамның және әлеументтiк ортаның, оның жанды саласы - мектептiң алатын орнының маңызы зор екенiне тоқталады.
ХIХ ғасырдың 60 жылдары мен ХХ ғасырдың 90 жылдары аралығында адамгершiлiк тәрбиенiң даму тарихын зерттеген Э.А.Урынбасарованың еңбегiндегi қазақ төңкерiсiне дейiн және төнкерiстен кейiн де қоғам дамуында адамгершiлiк тәрбиесiнiң басты орын алғанына архив деректерiн негiзге ала отырып тұжырымдайды.
Ал, болашақ мектеп мұғалiмдерiнiң мектепте адамгершiлiк тәрбиесiн ұйымдастыруға байланысты А.А.Калюжный, А.А.Аманжолова, С.Қ.Әбдiлдинаның еңбектерi арналған. Бiз, тарихи ескерткiш мұралар арқылы оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердiң ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсiресе, Тарих тағылымдары атты бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтардың мүмкiндiктерiн негiзге алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершiлiк тәрбие берудiң ғылыми - теориялық негiзiн айқындай келе, зерттеуiмiзге нысана етiп алып отырған ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан тарихи ескерткiш мұралардың тәлiмдiк те, бiлiмдiк те маңызының зор екенiн зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстан бiлiм беру жүйесiнiң әлемдiк стандартқа сай 12 жылдық бiлiм жүйесiне көшуi кезiнде бiлiм берудiң негiзгi компонентi аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, тәлiмдiк маңызы мол тарихи мұраларды оқушылардың бiлiмдiк деңгейiн жетiлдiруге байланысты еңгiзу мүмiндiгi бар екенiн атап көрсеткiмiз келедi.
Тәуелсiз Қазақстан мемлекетiнiң қазiргi кезеңiндегi қоғамның түрлi сфераларының құрылуы мен тұлғаның белсендiлiгiнiң жоғарылауы арасында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz