Тіл дамыту жұмыстары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМТіл дамыту жұмыстарыТіл дамыту жұмыстарының түрлеріТіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері
  2. ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ САБАҚТАРЫНДА АЙТЫЛЫМ ДАҒДЫСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫАйтылым дағдысын қалыптастырудағы әдіс - дағдыларды қалыптастырудағы оқытудың тиімді стратегиялары

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Бүгінгі күнгі жалпы орта білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді оқытудың сапасын арттыруда талай жұмыстар атқарылып, нақты шаралар белгіленіп, іске асырылып жатқанымен, оқыту ісінде түбегейлі мақсатқа жету жолында әлі де көптеген істерді атқару қажеттігі бар.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Тіл - ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы, рухани байлықтың баға жетпес құдіретті, қуатты қайнар көзі. Ана тілі - халықтың өткен ұрпағы, қазіргі және келешек ұрпағы арасындағы тарихи жалғастықты жүзеге асыратын бірден - бір сенімді құрал. Елімізді, туған жерімізді ана тіліміз арқылы танып білеміз, халықтың рухани байлығының сарқылмас бастауы да осында. Ана тілін оқыту тіл дамыту жұмыстарынсыз жүзеге аспайды. Тілі жақсы дамыған бала ойы да дамыған, жақсы мен жаманды толық айыра алатын, әділдік пен әділетсіздікті тани алатын азамат деуге болады.

Адам тілі арқылы ойын дәл жеткізе алады. Дұрыс сөйлеп, дұрыс жаза білуге дағдыланған баланың сөйлеген сөзі де, жазғаны да түсінікті болатыны айқын. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім берудің ізгілікті, дамытушылық сипаты және адамды қалыптастырудағы рөлі, жеке шығармашылық қабілеттерің дамуы үшін жағдай жасау қажеттігі болып отыр деген саясатты ұстана отырып, қазіргі заманға сай технологиялардың үлгілерін таңдап, сабақ барысында пайдалана білу - бүгінгі заманның талабы.

Тіл дамыту сабақтарын сапалы әрі түрлендіріп өткізу оқушы тілін ұштай түсетіні ақиқат. Ғалымдар еңбегін саралай келе, мәтінді, мәтін бойынша тапсырмаларды пайдаланудың бірнеше тиімді жолын айқындап, тіл үйрету сабақтарында мәтінді, мәтін бойынша тапсырма түрлерін ұтымды пайдаланып, тиянақты нәтижеге қол жеткізуге болатынына көз жеткіздік.

Зерттеу нысаны: әдебиет сабағында тіл дамыту жұмыстары

Курстық жұмыстың мақсаты. Баланың ойлай білу, оны сыртқа дұрыс қорытып айта білу қабілетін қалыптастыру. Қазақ сөзінің құдіреті, сөйлеудегі керемет тіршілігін сезіндіру, ана тілінің сырларын білу, сөйлеу өнерін игеруге ұмтылу.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Тіл дамыту жұмыстарының теориясына сипаттама беру;
  • Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттерін айқындау;
  • Айтылым дағдысын қалыптастырудағы әдіс - тәсілдерді сипаттау.

Курстық жұмыстың теориялық-әдіснамалық негіздері: Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын ғалымдар А. Әбілхасымова, Р. Омарова, С. Смаилов, Ж. Қараев, С. Бегалиева, М. Құдайқұлов, Т. Сабыров т. б. жүргізгені белгілі.

Зерттеу әдісі: осы зерттеп отырған мәселеге байланысты психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау. Педагогикалық жаңа технологиялар мен әдіс тәсілдер.

Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Тіл дамыту жұмыстары

Оқушылардың тілін дамыту сауат ашудың бірінші сабағынан басталып, оқуды, грамматика мен емлені үйретуге арналған сабақтарда үзбей жүргізіліп отырады».

Бастауыш сыныпқа арналған қазақ тілі бағдарламасы мынандай үш тараудан тұрады:

1. Сауат ашу, сыныптан тыс оқу және тіл дамыту:

2. Оқу (сыныпта, сыныптан тыс) және тіл дамыту:

3. Фонетика, грамматика, емле және тіл дамыту.

Көріп отырғандай, тіл дамыту осылардың бәрінің басын біріктіретін негізгі мәселе ретінде қарастырылады. Мұның өзі оқушыларды түсініп оқуға, еркін сөйлеуге және сауатты жазуға үйретуді көздейді. Алайда қазақ тілі пәніне арналған бағдарламалық материалды оқытуға айрықша көңіл бөлінгенімен, осы берілген грмматикалық тақырыптарды оқыта отырып, әр тіл материалын игертілу ерекшеліктеріне қарай, тіл дамыту жұмысын қалай жүргізу керек деген мәселе өз шешімін таппай келеді. [1]

Алдымен тіл дамыту дегеніміз не? Дамыған тіл деп қандай тілді атаймыз? Оның алғы шарттары қандай, енді соған келейік.

«Тіл» немесе «тіл дамыту» - пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын қолдану процесі - сөйлеуді зерттейді.

«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді инвариант (лат - өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады.

Бұл туралы М. Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».

Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды.

Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған бағдарлама: « . . . тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық, әдепті сейлеуге дағдыландыру», -десе, М. Балакаев: « . . . сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақтап, дұрыс оқу-қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне бірдей қойылатын ортақ талаптар», - деп анықтайды.

Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және әсерлі түрде жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі.

Ш. Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен әдеби тілдің грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык нормаларын меңгерсе, сонымен бірге, бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді, қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп қолдана білсе», - дейді. [2]

Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай ма? «Тіл дамыту, дейді X. К. Арғынов, - баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін да-мыту жеке сөздердің басын біріктіріп сауатты сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз байланысты құбылыс».

Бұл пікірді Б. В. Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», - дейді.

Тілді меңгеру сөз мағынасын білумен шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін емес.

1. 2 Тіл дамыту жұмыстарының түрлері

Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдаларына бейімдеу үшін орфоэпикалық ережелерге сай, фонетикалық заңдылықтарды аңғартатын, мәнерлеп оқуға арналған арнайы ұйымдастырылған жаттығу жұмыстарын жүргізу пайдалы. Мұндай жұмыс түрлері әр тақырыпты оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстары арықлы іске асуға тиіс. Оқушыға мәнерлеп оқытудың, әдемі сөйлеудің үлгілерін мұғалім өзі көрсетіп отыруы қажет. Оқушының әдеби сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда дыбыстар мен сөздерді дұрыс айтуға үйрету, дұрыс сөйлеу дағдыларын дамыту, сөйлеу тіліне жаттықтыру, өлеңдер мен әндерді жаттату, фабулалық мәтіндер мен диалогтарды тыңдату, классикалық, қазіргі кездегі музыканы, граммофондық немесе магнитофондық жазуларды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындауында магнитофон таспаларына жазылған поэтикалық шығармаларды, кино, диафильмдердің мазмұнын дыбыс арқылы жандандырып, магнитофоннан тыңдату сияқты жұмыстар жүргізудің үлкен мәні бар. Демек, «көркем сөздің баурап алатын күші ерлікке, Отанды сүюге, адамгершілікке тәрбиелейді. Ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемдігі мен үнділігін, сан қырлы мағынасы мен өткірлігін үйрене білу, көптен көп жаттыға білу қажет».

Мұғалім «Термин сөздер», «Омоним, синоним, антоним, неологизм, архаизм сөздер», «Қос сөздер», «Зат есім», «Сын есім», «Сан есім» тақырыптарын оқытуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында қазақ тілінде бұлардың алатын орнын, мәнін, мағынасын, қызметін меңгертіп, түсіндіріп отыруы қажет. [3]

Оқушыға әдемі, жүйелі сөйлеуге дағды беруде синоним сөздерді үйретіп отырудың мәні зор. Мұғалім тақырыпты оқытуға байланысты ана тіліндегі синоним сөздердің мәніне, маңызына, ерекшелігіне, сондай-ақ қазақ тіліндегі синоним сөздердің саны жағынан да, синонимдік қатарларының молдығы, байлығы жағынан да өте бай екенін, кейде бір ұғымды білдіру үшін ондаған синоним сөздерді қолдануға болатынын айтып, оны дұрыс пайдалана білу шебер, әдемі сөйлеуге тәрбиелейтінін түсіндіріп отыруы қажет. Ол үшін мұғалім синоним сөздердің алуан түплі мағыналарын қалай ажырату жолдарын айтып, оны қалай түсініп қолданатындықтарына зер салып, қадағалауы тиіс.

Оқушыны ауызша әдеби сөйлеу дағдыларына үйретуде фонетика мен орфоэпияны дұрыс оқытудың орны ерекше, өйткені оқушы фонетика мен орфоэпияның заңдылықтарын дұрыс меңгеру арқылы әдеби тілдің нормасына жаттығады., сөздердегі дыбыстардың айтылуын, естілуін, жазылуын дұрыс айта білуге дағдыланады. Егер оқушы сөзді немесе дыбысты дұрыс айта алмаса, бір дыбыстың орнына екінші дыбысты ауыстырып айтатын болса, немесе жазса, онда ол әдеби тілдің сөйлеу дағдысын бұзып, ол сөзді қате айтумен бірге, дұрыс сауатты жаза алмайтын болады.

Орфографияны дұрыс меңгерген оқушы еш уақытта да жазба жұмыстарында сөзді қате жазбайды. Ол үшін мұғалім сөздің түбірін қосымшадан айыра білудің жолдарын үйретіп отыруы қажет. Орфография мен орфоэпияны өткенде екі түрлі жазылу қаупі бар сөздерді дұрыс жаздырып, әрі айттырып отырған жөн. Мысалы. Батальон (баталион емес), бәйшешек (байшешек емес), құлын (құлұн емес), бұрын (бұрұн емес), т. б. [4]

Оқушы әдеби сөйлеуге дағдыландыруда фонетика, орфография, орфоэпия, синткасисті оқытуға орай дауысты және дауыссыз дыбыстардың айтылуындағы ерекшеліктерді, қатаң, сонор, ұяң дыбыстардың айтылу ерекшеліктерін меңгерту, сөйлем орнына қойылатын тыныс белгілерін дауыс ырғағы, айтылуына қарай дұрыс қоя білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, тасымалдау, сөзге дұрыс екпін түсіріп айта білу, сондай-ақ, магнитофон таспасынан тақырыптарды, мақал-мәтелдерді тыңдату сияқтыжұмыс түрлері жазылған сөздерді жұп-жұбымен жазып, өзара салыстырыңдар, ұқсаас болу үшін қай дыбыстар ортақ екенін айтыңдар, дыбыс пен әріптің қандай айырмасы бар, «кітап, қазір, мейман» сөздерін буын үндестігі тұрғысынан талдаңдар, бұларды қандай буынды сөздер деп атайды деген тәрізді тапрсырмалар беріп отыру пайдалы.

К. Д. Ушинский ауызша және жазбаша дұрыс сөйлеу баланың жеке басына жақсы да, жаман да әсер етуі мұмкін, бірақ оны тәрбие процесімен тығыз ұштастыра білу қажет. Баланың өз бетімен білім алуына негіз жасау керек. Ол кітапты оқу арқылы адамның өмірімен, табиғат құбылыстарының сырымен, халықтың тілі, өнерң, еңбегі, ісімен танысады. Мұның бәрі ауызекі тіл дамытуда сабақты шығармашылықпен ұйымдастырудың маңызы зор екенін атап айтқан.

1) Сыныптан тыс оқыту. Сыныптан тыс оқуды белсенді ұйымдастырушы және оны басқарушы да мұғалім болуға тиіс. Сондықтан мұғалім өз оқушыларының кітапқа деген ынтасын үүнемі арттыру мен бірге, олардың қандай кітап оқуға тиіс екендіктеріне де бағыт беріп отырады. Балалар бастауыш сыныпты бітіргенде, совет ақын-жазушыларының белгілі шығармалармен таныс қажет екенің де үнемі ескертіп отырады. Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезде бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі. Екінші сыныптан бастап мұғалім балаларға мектеп кітапханасынан алған кітаптарды бере бастайды. Оларға кітапты дұрыс ұстап, күте білудің ережелерін үйретеді: кітапты газетпен не қағазбен тыстап қою, оқыған кезде кітап беттерін бүктеумеу, кітап беттерін су немесе кір қолмен ұстап парақтамау т. б. Мұғалім бұл ережелердің анық етіп жазып, сыныпқа іліп қояды. [5]

Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктеріненоқи алу

дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі. Балалар оқыған шығармаларындағы негізгі ойды аңғара білуге, сол оқиғаға өзінің қалай қарайтынып атып, кейіпкерлердің әрекетіне баға бере білуге талаптануы қажет. Сыныптағы оқу сабақтарында оқушылар көркем тілмен жазылған шығармалардан басқа тарих, табиғаттану т. б. пәндерінен мағлұмат беретін материалдармен танысады. Осындай, сыныпта алған ұғым сыныптан тыс оқу кезінде нығая, жетіле түседі.

Сыныптан тыс оқу сабақтарында мұғалім балалардың қандай кітаптарды оқығандарын біліп отырумен қатар, алдағы уақытта не туралы оқығалары келетінін де есепке алуы қажет. Бастауыш мектептерінде сыныптан тыс оқудың мазмұны мен ұйымдастыру жолы жөнінде жаңа программаның жобасында былай делінген: «Сыныптан тыс оқудың мақсаты: баланың сыныптан тыс оқуы арқылы барлық пәннен алған білімін тереңдете түсу, кітаптан өзіне қажетті материалды, кітапханадан керекті кітапты іздеп тауып алуға көмектесу; өз бетімен жұмыс істеу дағдысын нығайту түсу; оқуға, білуге ынтасын, құштарлығын арттыра түсу; баланың эстетикалық және дүние тану құмарлығын арттыру.

Сыныптан тыс жүргізілетін оқуды ұйымдастырудың ең негізгі принціпі - оның сыныпқа жүргізілетін оқумен тығыз байланыста болуы. Оқушының сыныптан тыс оқитын кітаптары сыныпта өділетін сабақтардың жалғасы түрінде ұсынылады. Оны мұғалім күнделікті оқу, табиғат тану, сурет, ән, еңбек т. б. сабақтарында және оқу бойынша жүргізілетін қорытынды сабақтарда сұрап, сыныпта оқығандарына байланыстырып отырады . . . ».

Сөйтіп, сыныпқа оқу сабағы жақсы ұйымдастырылса, онда көп мәселелер жөнінде әңгімеленсе, балаларды мұғалім осы мәселелер жайында тағы да біле түсуге қызықтыра алса, сыныптан тыс оқу сабағы да нәтижелі өтеді. Оқушыларға қандай кітаптарды оқу керектігі, олардың тізімі беріледі. Мысалы, сыныпта М. Әлімбаевтың «Ұқыпты бала» өлеңдері оқылды делік, оның жалғасы ретінде «Ұқыпты оқушы» өлеңін оқытуға болады. Немесе «Совет Армиясы» бөліміндегі Т. Бигельдиновтың «Қаһарлы күндерде» әңгімесін оқығаннан кейін, сөз жоқ, оқушылар Совет Одағының Батыры атағын екі реталған, ұшқыш Т. Бигельдиновтың балалық шағы жөнінде білгілері келеді. Ол үшін мұғалім С. Бақбергеновтың «Талғат» атты кітабынан үзінді беруіне болады.

Сыныпта оқушылар жазушының бір шығармасынан үзінді оқыса, сол шығарманы толықтыра оқу сыныптан тыс оқуда іске асырылады. Кейде белгілі ақын-жазушылармен балаларды толығырақ таныстырутүсу мақсатында оның сыныпта оқылғаннан басқа шығармалармен сыныптан тыс таныстыруға болады. Мысалы, Ы. Алтынсариннің «Әдептілік» әңгімесін оқығаннан кейін, оның «Баланың айласы», «Аурудан аяған күштірек», «Өтіріктің залалы» т. б. әңгімелері сыныптан тыс оқуға беріледі.

Кейбір жекелеген шығармаларды сыныптан тыс оқу сабағында да талдауға болады. Онда талданатын шығармалардың тәрбиелік жағы күшті болуы қажет. Оқушылардың кітап оқуға қаншалықты және бейім екендіктерін білу үшін мұғалім оларды әрқайсысымен оқыған кітаптары жөнінде жеке әңгімелеседі; салған суреттерін, жазып алғандарын қарап, - бүкіл деректермен жеке танысады. Сыныптан тыс оқылуға тиісті кітаптардың тізімі бір тоқсанға арналып әр тоқсан сайын ұсынылып отырады. Балалардың оқуға ынтасын арттыру мақсатымен мұғалім ұсынып отырған кітаптарының ішінен кейбір оқиғаларды бастап айтып, «одан әрі не болатынын осы кітапты оқып білесіңдер» деп аяқтайды. Кейде кітаптың сыртындағы немесе ішіндегі кейбір әдемі суретттерді көрсету арқылы да қызықтыруға болады. [6]

Мектептерде әдебиет сабақтарының өтілу жайы мен сыныптан тыс оқудың мазмұнына сай, бастауыш сынып оқушыларымен мынадый жұмыстар орындауға болады:

Көркем шығармаларды, ертегілерді, мақалаларды талдау.

Күнделікті баспасөздегі мақалаларды оқу.

Кітаппен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.

Ұлттық мектеп оқушыларына қазақ тілін үйретуде пән бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Қазақ тілінен сыныптан тыс оқшылардың білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың тілді үйренуге ынтасын, құмарлық сезімін оятуға көмектеседі, балалардың әр жақта қабілеттілігі мен шығармашылық күшін дамытады және алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге көмектеседі. Ұлттық мектепте оқылатын қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыға білім беру негізінен мыңадай мақсаттарды іске асыруды көздейді.

Біріншіден, оқушылардың қазақ тілінен алған теориялық және практикалық білімдерін бағдарламадан тыс материалдармен толықтыру, жетілдіре түсу.

Екіншіден, қазақтың әдеби тілі туралы, оны жасаған халықтың тарихы туралы қосымша әдебиеттермен оқушыларды таныстыру.

Үшіншіден, қазақ тілі пәнінен түрлі үйірме, пән апталығы, конкурстар ұйымдастыру арқылы оқушының тілді үйрену белсендігін арттыру.

Сондай-ақ сыныптан тыс жұмыстар балаларға эстетикалық дене шынықтыру тәрбиесін беруге, олардың дем алуын ұйымдастыруға, бос уақытын мәдени жұмыстармен өткізуге зор мүмкіншілік тұғызады.

Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік мәні күшті болуы қажет. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың орыс халқы арасындағы достық қарым-қатынасты күшейту негізінде тәрбиелеу:

  • қазақ мәдениеті, салт, әдебиетімен таныстыру арқылы оқушылардың
  • қазақ халқына сүйіспеншілігін ояту, қазақ халқын сыйлауға тәрбиелеу;
  • қазақ тілінің байлығымен таныстыру арқылы тілге қызығушылық арттыру, тілге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру, оны қалыптастыру.

Қазақ тілінен сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда оның төмендегі ерекшеліктері есте болуға тиісті.

Сыныптан тыс жұмыстарға оқушылар өз еркімен қатысады, оның түрлерін өз еркімен таңдайды. Сыныптан тыс жұмыста сабақтағыдай міндеттілік жоқ. [7]

1. 3 Тіл дамыту әдістемесінің мақсаты мен міндеттері

Тіл дамыту әдістемесі - педагогикалық қызмет заңдылықтарын зерттейтін, мектеп жасына дейінгі ұйымда балалардың тілін қалыптастыруда бағытталған педагогикалық ғылым.

Тіл дамыту әдістемесі педагогикалық ғылымдардың бір бөлігі, оның өзінің белгілі мақсаты, міндеті, мазмұны бар.

Әдістеменің басты міндеті - балабақшада тәрбиеші баланың қажетті сөздік дағдылар мен қабілеттерін дамыту үшін ғылыми педагогикалық негізде тіл дамытудың тиімді әдіс - тәсілдерін жинақтау, жасау. Курстың басты мазмұны баланың ауызекі тілін қалыптастыру, қоршаған ортамен сөздік қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру. [8]

Тұжырымда бекітілгендей мектеп алды даярлықта білім алу тіл дамыту ана тіліндегі ауызша сөздің дағдыларын, сөздік этикетін бойына сіңіру. Бағдарлама бойынша 2 тілді оқу міндетті.

Тіл дамыту әдістемесі барлық әдістемелер сияқты мына негізгі сұрақтарға жауап береді:

- Немен оқытамыз?

- Қалай оқытамыз?

- Неліктен тура осылай оқыту керек?

Е. И. Тихеева көрсеткендей, бұл ана тілі оның кедергісіз, жан - жақты дамуы тәрбиенің негізі болып табылады.

Тіл дамыту әдістемесі барлық педагогикалық ғылым сияқты жалпы ғылымға енеді.

Оның методологиялық негізі тіл және ойлауға үйрену болып табылады.

Тіл - басты қарым - қатынас құралы болып табылады. Ойлау - тіл сияқты қалыптасып дамиды. Адамдардың еңбек әрекеті барысында дамиды, қоршаған адамдар мен тұрмысының көрінісі болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл дамыту жұмыстарының маңызы
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Сауат ашу кезеңі - бала тілінің дамуы процесіндегі ең жауапты да күрделі кезең
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың тілін дамыту
Жазбаша тіл дамыту жұмыстары
Оқушылардың тіл мәдениетін ұстартуда педагогикалық дағдылар
Тіл дамыту жұмыстарының түрлері
Қазақ тілі сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту
Жоғары сыныпта ағылшын тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету
Оқушылар арасында тіл дамыту жұмыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz