Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Тлеукен Гүлсая
Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды облысында эвакуацияланған тұрғындарды және материалдық қорларды орналастыру (1941-1945 жж.)
6М011400-Тарих
6М011400 -Тарих мамандығы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі академиялық дәрежесін іздену диссертациясы
Ғылыми жетекшісі:
PhD докторы, доцент А.З. Жуманова
Қарағанды 2020
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А. Бөкетов атындағы
Қарағанды мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
6М011400 - Тарих мамандығы

2020 ж. қорғауға жіберілді
Археология, этнология және Отан
тарихы кафедрасының меңгерушісі,
т.ғ.к., доцент К.К. Абдрахманова
___________________
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды облысында эвакуацияланған тұрғындарды және материалдық қорларды орналастыру (1941-1945 жж.)
6М011400 - Тарих мамандығы
Орындады: Тлеукен Г.
Ғылыми жетекшісі
PhD докторы, доцент Жуманова А.З
Қарағанды 2020
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтар
1.1 Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.2 Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу және тылдағы ерлік ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 Соғыс жылдарында Қарағанды облысына кәсіпорындар мен халықтардың көшірілуі
2.1 Орталық Қазақстанға көшірілген халықтар және олардың еңбекке тартылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Көшірілген халықтың әлеуметтік жағдайы
2.3 Орталық Қазақстанға кәсіпорындардың көшірілуі
3 Қарағанды облысына көшірілген денсаулық сақтау, мәдениет нысандары
3.1 Орталық Қазақстанға көшірілген денсаулық сақтау мекемелері ... ...
3.2 Орталық Қазақстанға көшірілген шығармашылық ұжымдардың дамуы..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Кіріспе
Жалпы жұмыстың сипаттамасы. Магистрлік диссертациялық зерттеу Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысына эвакуацияланған тұрғындар мен материалдық қорларды орналастыру тарихын зерттеуге арналған. Еңбекте Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстанға және Орталық Қазақстанға көшірілген адами ресурс, өндіріс орындары, жалпы халық шаруашылығының орналастырылуы ғылыми түрде айналымға енгізіледі.
Тақырыптың өзектілігі. Екінші дүниежүзілік соғыс, оның бір ошағы Ұлы Отан соғысы - ХХ ғасыр тарихының ең маңызды және қайғылы оқиғаларының бірі. Ол адамдардың санасында өшпес із қалдырды, азаматтарымыздың бір кезең ұрпағының құндылық бағдарлары мен идеалдарын анықтады. Уақыт өтіп, ұрпақ өзгереді және өткен соғыс оқиғалары басқаша бағалана бастады.
Біз 1941-1945 жылдардағы оқиғалардан алшақ болған сайын, соғұрлым оларға әділ қараймыз, яғни танымның сапалы өзге деңгейіне көшеміз. Көптеген фактілерді жинақтау зерттеушілерге соғысты зерттеуде ғылыми танымның, жалпылаудың және талдаудың неғұрлым кеңейтілген әдістерін пайдалануға мүмкіндік береді. Жыл сайын іргелі деректік база қалыптасып: мұрағаттық құжаттар құпиясыздандырылды, ақпараттық кеңістік кеңейтілді. Объективті және субъективті бағалау кешені Ұлы Отан соғысының кейбір фактілерін нақтылауға, сол немесе басқа оқиғаларды қайта бағалауға мүмкіндік береді. Тарихқа заманауи қызығушылық оның өзін-өзі сәйкестендіру қажеттілігінен, пәндік саланы нақтылаудан, зерттеу әдістерінен, тарихи таным мен қоғамның тарихи санасындағы міндеттер мен функциялардан туындаған.
2020 жылы Қазақстан Республикасы бірқатар бұрынғы КСРО құрамына кірген елдермен қатар Жеңістің 75 жылдық мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр. Бүгінде бүкіл әлемдегі сияқты қазақстандық ғылыми орталықтар 1941-1945 жылдардағы соғыс кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша зерттеулердің маңызды екендігін атап өтуде. Ұлы Отан соғысы тарихының әлсіз және күшті жақтарын шынайы түрде талдау, қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шайқастарында, партизандық қозғалыстарға қатысуы, Қазақстанның майдан арсеналына және Кеңес Одағының әскери-өндірістік базасына айналуы, тылдағы ерлігі, соғыс жылдарындағы білім, ғылым, мәдениеттің жағдайын шынайы қарастыру, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруда және жастарды әскери өнерге баулуда, патриоттық тәрбие беруде ғылыми негізделген қорытындылар мен ұсыныстарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының жекелеген өлкетанушылық мағынасын зерттеп-білуге назар аудару, тарихи объективтілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның тақырыптық ауқымы да өте кең. Мысалы, тылдағы еңбекшілердің Ұлы жеңісті жақындату үшін жан аянбай еткен еңбектегі ерліктері, соғыс жылдарындағы эвакуация тарихы т.б.
Соғыс тарихын өлкетанушылық мәселе деңгейінде зерттеу, біздің ойымызша, Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі тарихымыздың ауқымын кеңейте береді деген ойдамыз. Сонымен қатар біздің Ұлы Отан соғысы жылдары Қарағанды облысында эвакуацияланған тұрғындарды және материалдық қорларды орналастыру (1941-1945 жж.) деп аталатын магистрлік диссертация Отанымыздың тарихын, өлке тарихын зерттеуде жаңа деректер мен тұжырымдарды ортаға салған ізденіс болмақ.
Қарағанды облысының кеңес өкіметі тұсында ірі өндіріс ошағы болып қалыптасқандығын, мыс, темір, көмір, мырыш т.б. өндірістік базасы мен географиялық кең ауқымды көлемін, эвакуацияланған халықтарды орналастыру потенциялын ескерсек, жаңаша көзқараста соғыс жылдарындағы аймақ тарихын, жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында маңызды тақырыптардың бірі болмақшы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Соғыс туралы жинақталған мәліметтер ғылыми әдебиетте құжат пен материал жинақтары, монографиялар, ұжымдық зерттеулер, тақырыптық жинақтар, мерзімді баспасөздегі мақалалар, диссертациялар түрінде көрініс тапты. Қандай да бір мәселенің зерттелу дәрежесін анықтау, оның кейбір ережелерін жалпылау, оларға ғылыми баға беруге тарихнама көмектеседі. Басылымдардың көбеюі тарихнаманы талдауға қажетті қомақты деректік қор құруға алып келді. Ғылыми білімнің өсуі ғана емес, олардың сапасы да өзгерді. Соғыс тақырыбындағы зерттеулер, жеткілікті толық зерттелген, келесілері қанағаттанарлық деңгейде, ал үшіншілері, ең алдымен, идеологиялық себептерге байланысты мүлде зерделенбеген.
Посткеңестік кезеңде Ұлы Отан соғысының тарихын зерттеу қызығушылық, әсіресе, Қазақстан мен КСРО тарихын қайта қарауға байланысты артты. Қазіргі отандық тарихнамада КСРО-ның Ұлы Отан соғысы мәселесі оның маңыздылығы мен өзектілігі тұрғысынан басты мәселелердің біріне айналуда. Жаңа кітаптар мен мақалалардың пайда болуымен қатар журнал беттерінде және бұқаралық ақпарат құралдарында дискуссиялар мен полемика жүргізіледі. Дегенмен, екінші дүниежүзілік соғыс тарихы - қазақстандық тарихнамада аз зерттелген салалардың бірі. КСРО тұсында ресми билік идеологиясы негізінде және ұлы орыстық көзқарас тұрғысынан түсіндірілген екінші дүниежүзілік соғыс тарихы біз үшін баламасыз тарихқа айналды. Отандық тарихшылардың бұл тақырыпты өз бетінше зерттеп, ұлттық көзқарас тұрғысынан зерделей бастауы тәуелсіздік кезеңіне түспа-тұс келеді. Бірақ, қазақ ұлты мен қазақстандықтардың екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты ортақ көзқарасын білдіретін тарихи баға әлі де болса толық ұсынылған жоқ.
Зерттеу тақырыбы бойынша әдебиеттерді талдау, тарихнаманы екі ірі кезеңге бөлуге мүмкіндік берді: кеңестік (соғыс басталған уақыттан бастап - 1980 жылдардың соңына дейін) және қазіргі, ол КСРО ыдырағаннан кейін басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасуда. Әрбір кезең үшін ғылыми зерттеудің ерекше әдістері мен тәсілдері, пайдаланылған тарихи деректердің көлемі, өзіндік жинақтау деңгейі тән.
Кеңестік кезеңдегі зерттеулерде соғыстағы жеңіс дәріптелді. Коммунистік партия, оның жетекшілері мен соғыс барысында батырға айналған тұлғалардың үлесін ғана көрсету басым. Ал қазіргі кезеңдегі зерттеулерде соғыс жылдарындағы депортациялар, арнайы еңбек армияларының құрылуы, сол уақыттағы халықтың ауыр жағдайын нақты мысалдармен зерделеу жолға қойылды. Сонымен қатар, әйелдер мәселесі де зерттеліп жатыр.
Соғыс қарсаңында Қазақстанда төрт баспа жұмыс істеді: қазақстандық партия баспасы, қазақ баспасы, көркем әдебиет баспасы, комсомол жастары баспасы. 1941 жылдың ақпанында Қазақ біріккен мемлекеттік баспасы (КазОГИз) құрылды.
Соғыс жылдарындағы баспа өнімдерінде ресми құжаттар, кітаптар, брошюралар, әскери, қорғаныс тақырыбына арналған үгіт парақшалары басым болды. Олардың арасында Қызыл армияның кітапханалық сериясы, Қызыл армия мен майдан жарғысының ережелері т.б. әскери іс бойынша басқа да нұсқаулықтар болды. Осы жылдары В.И. Ленин, К. Маркс, Ф. Энгельс, соғыс, мемлекетті қорғау туралы 40-тан астам еңбектері қазақ тілінде (жалпы таралымы 440 мың бірліктен астам) шығарылды. Ғылыми басылымдардан Қазақ КСР тарихы (1943 ж.) жарыққа шыққанын атап өту қажет [1]. Бұл еңбек КСРО-да алғаш рет одақтас республика тарихын құру тәжірибесі жинақталған зерттеушілер ұжымымен, соғыс жылдары Алматы қаласына көшірілген көрнекті кеңес тарихшылары: А.П. Кучкин, А.М. Панкратова, Б.Д. Греков, Н.М. Дружинин, Е. Бекмаханов және т.б. қатысумен жазылды.
Екінші дүниежүзілік соғыс тақырыбындағы зерттеулер соғыс аяқталған тұста шыға бастады. Е.А. Скуришинаның редакторлығымен шыққан Великая Отечественная война Советского народа кітабы басылып шықты [2]. Бұл зерттеулер кейінгі жылдарда да жалғасын тапты.
Кеңес Одағы бойынша 1945-1977 жылдар аралығында ғана Ұлы Отан соғысының тарихына арналған 16 мыңдай кітап пен кітапшалар шыққан, бұлардың жалпы тиражы 700 млн. данадан асты. Жеңістің 50 жылдығына орай КСРО-да 30 мыңнан астам кітаптар, ғылыми еңбектер, мақалалар жарық көрген екен [3]. Кеңестік рухта жазылған зерттеулер, кеңес адамдарының алапат соғыстағы жеңісін насихаттап, адамзат тарихында ешқашан болып көрмеген ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс және олардың ажырамас бөлігі болған Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан коммунистік биліктің үлесі жайлы жазды. Жеңісті насихаттау ісі ғылым мен білімнің, мәдениеттің барлық салаларын қамтыды.
Академик Манаш Қозыбаев Кеңес тарихының ең сүбелі бөлігі Ұлы Отан соғысының тарихы зерттеліп келеді. Алайда, әлі де шешуін күтіп тұрған проблемалар баршылық деуі [4], Ұлы Отан соғысына қатысты кейбір мәселелерді қайта бағалауды және жаңа көқарастар шеңберінде қарауды талап етеді.
Ұлы Отан соғысының тарихын жазуда билік қоғамның назарын қасіретті оқиғалардан аударып әкетті. Зерттеушілер архивтегі құпия құжаттарды қолдануға мүмкіндіктері болмады. Қатаң идеологиялық бақылау жағдайында зерттеушілер соғыс тарихының көлеңке жақтарын, сталиндік жүйе жасаған зұлымдықтарын ашып көрсете алмады.
Соғыс және ондағы қазақстандықтардың үлесі туралы басылымдардың басты кемшілігі - жаңа еңбектерде жеке басқа табынушылық заманы мен тоқырау кезінде қалыптасқан ойлау стереотиптері, зерттеу қағидалары мен әдістерінің орын алуы. Әскери-тарихи еңбектерде соғыстың негативті емес, позитивті тұстарын ғана көрсетуі, жоғарғы басшылыққа жағынып кітап, мақалалардың даяр қалыппен берілуі орын алды. Құрамалардың әскери қимылдары көп жағдайда жеке бөлімше құрамалары арқылы көрсетілді, көрші халықтардың жәрдемі, көмекке берілген күш пен құралдары ескерілмей қала берді. Оларда ұрысты жоспарлаған құжаттарға, жағдайдың өзгеруіне байланысты қабылданған шешімдерге талдау аз жасалды. Сонымен қатар, соғыс кезінде нақты ерлік көрсетіп, көзге түскен кейбір батырларымыздың қаһармандығы мүлдем жазылмады немесе ат-үсті ғана аталып өтілді.
Соғыс тарихнамасында көмескі мәселелердің бірі - ол біз зерттеуіміздің нысаны етіп алған соғысы жылдарындағы материалдық, халықты эвакуациялау тарихына байланысты нақты мәліметтің аз болуы. Оның ішінде Орталық Қазақстандағы эвакуация тарихы тіпті қарастырылмаған деуге болады. Депортацияланған халықтар тағдыры да көп зерттелмеді. Кейінгі жылдары соғыстың ақтаңдақ беттері ашылып, ашық пікірлер айтылуда. Мұндай сәттерде салиқалы пікірлер мен қатар жаңсақ ойлар да, тіптен белгілі бір мақсатты көздеген арандатушылық әрекеттер де көрініп қалады. Мысалы, бүгінде Ұлы Отан соғысының нәтижесі мен оның маңызын жоққа шығару әрекеттері де байқалуда. Ал мұндай нәрселер жас ұрпақтың санасына күдік ұялатып, күнделікті тұрмыста олардың кейбірі соғыс ардагерлерінің намысына тиетін қылықтарға итермелейді. Бұл әрине, маман зерттеушілерден, сондай-ақ соңғы кезде тарихи тақырыптарға асығыс тұжырым жасайтын тарихшылардан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, соңғы топтағы авторлардың тарихқа да, қоғамдық ой-пікірге де тигізер пайдасынан зияны мол екендігін ескерген жөн.
Соғыс жылдарындағы көші-қон жайында жазылған А. Есимованың мақаласында Қазақстан демографиялық жағдайы баяндалады. Автор соғыс жағдайында эвакуацияланғандардың 40% 4 облысқа бөлінді дейді. Олар: Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары еді. Ғалымның зерттеуі бойынша, республикаға келген шешен, ингуш, татар, қарашай, балқар, еврей, әзірбайжан, түрік тағы басқаларының үлес салмағының көбеюіне байланысты жергілікті жерлерде қазақ халқының үлес салмағы азая түскендігін атаған. Демек, автор бірқатар мәселелерді көтерген. Сонымен, ізденушінің өзі бұл еңбекте көші-қон толқыны жүрген уақыттарда кейбір мәліметтер толық еместігін айтады. Бірақ, мұрағат деректері мен санақтарда өзге ұлт өкілдері Қазақстанға көптеп көшіріліп, ұлттық құрамға әсерін тигізгендігі сөзсіз [5] - дейді.
Мұсабаева Г. 1939 жылы Қарағанды облысының аумағында арнайы қоныстындырылған 340 отбасы, оның ішінде 1629 поляк ұлты болды, түрменің Спасск бөлімінде қамауда 1208 поляк ұлтынан болды деген мәлімет береді [6].
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көші-қон эвакуация, депортация, реэвакуация, репрессия секілді іс-шаралармен тығыз байланыста жүргендігі тарихнамалық зерттеулерді салыстырмалы талдау нәтижесінде анықтала түсті.
Қазақстанға мұрағат деректеріне қарағанда, 1940 ж. республикааралық көші-қон бойынша Кеңес Одағының жері аз республикаларынан 13264 шаруашылық отбасы көшіп келді. 1940 ж. Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне қарасты қоныс аударту бөлімінің қорытынды есебі бойынша, Солтүстік және Шығыс Қазақстанның 6 облысына 25 мың шаруашылық отбасы көшірілуі тиіс болса, Оңтүстік Қазақстан облысына 900 отбасы келуі жоспарланған. Нәтижесінде 19293 шаруашылық отбасы көшірілді.
1941-1943 жж. көші-қон қозғалысы Қазақстанда жалғаса түсті. Осы аталған жылдарда барлығы - 484149 адам эвакуацияланды Соғыс кезіндегі республика тарихын зер сала зерттеп, алғаш 1950-1960 жылдары көлемді монографиялар жазған ғалымдар - Ғ.Әбішев [7], пен М.Қ. Қозыбаевтар [8] болды. Тарихшы-ғалымдардың зерттеулерінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп Қазақстан-майдан арсеналы [9] деген қорытынды жасалды. Сонымен қатар осы кезеңде А. Нүсіпбековтың ғылыми еңбегі жаңаша ойларымен, пайымдауларымен көзге түседі [10]. Ол Ұлы Отан соғысы жылдарындағы республика еңбекшілерінің еңбегі мен қазақстандықтардың Мәскеу түбіндегі шайқасқа қатысуын өзінің зерттеуінде кең қарастыра алды. Бірақ еңбекте эвакуацияға байланысты мәліметтер өте аз.
Қазақстандықтардың ерлік істері мен тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі Қазақ ССР тарихының бірнеше рет жарық көрген басылымдарында келтірілді [11, 12].
1950 жылдардың соңы - 1960 жылдардың басында 6 томдық 1941-1945 жж. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысының тарихы және 12 томдық 1939-1945 жж. Екінші дүниежүзілік соғыс тарихы жарық көрді.
Жалпы, тарихшылар Т. Балақаев және Қ.С. Алдажұманов [13] пен жеке Қ. Алдажұмановтың [14] мәліметтері бойынша Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жағдайлары жайлы 1941 жылдан бастап 1979 жылға дейінгі аралықта 25 монография, 11 мақалалар жинағы, құжаттар мен естеліктер, 200-ге жуық ғылыми мақалалар, 20-дан астам естеліктер мен шағын кітапшалар жарық көрген.
1960-1980 жылдары соғыс кезінің құжаттарын жариялауға көп көңіл бөлінді. Мысалы, 1968 жылы Қазақ КСР ҒА Ш.Ш. Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнография институты Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институтымен, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Бас Мұрағат басқармасымен және журналист, жазушылармен бірігіп, Кеңес Одағының батырлары - қазақстандықтар атты екі томдық еңбек шығарды. Онда алғашқы рет сол кезде белгілі болған Ленин орденімен және Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған 447 қазақстандық жауынгерлер туралы материалдар жинақталды. Отанды қорғауда қазақстандықтардың әртүрлі операцияларға қатысқандығы жөнінде очерктік еңбектер және тылдағы ерлік мәселесі де кең түрде айтылды [15, 16].
Осы жылдар аралығындағы Қарағанды облысының өндіріс орталықтарының соғыс жағдайында даму барысы жайлы зерттеулер жарияланды. 1966 жылы шыққан Л.А. Пинегина, С.А. Федюкиннің монографиясында Жезқазған мыс аймағының соғыс жылдарындағы дамуы барысына үшінші тарауын арнады [17]. Жұмысшылардың өндірістегі еңбектерімен қатар, олардың тұрғын үй мәселесінің шешілуі жайлы мәліметтер берілген.
Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті тақырыбының зерттелуіне келсек, Л.В. Максакованың [18], А.Ж. Қалшабековтардың [19] еңбектерінде соғыс жылдарындағы мәдениеттің дамуы, интеллигенцияның жеңіске қосқан үлесі туралы айтылды.
Келесі ерекше атап өтерлік зерттеулердің бірі Н. Даулбаевтың Карагандинский угольный бассейн [20] монографиясы. Автор көмір бассейнінің қалыптасуы, шахталардың ашылып, өндірістік жетістіктермен қатар, соғыс кезеңіндегі Қарағанды көмір бассейнінің маңызының артуы жайлы жазған. Монографияда өндірістік статистикалық мәліметтермен қатар халық санының өсуі, соған сәйкес әлеуметтік мәселелердің шешілуі жайлы ақпараттарымен құнды.
Қарағанды қаласы өндірісті дамытушы орталық ретінде тарихшылармен қатар өлкетанушылардың да зерттеу нысанына айналды. А.А. Воейков Қарағанды қаласының сол уақыттағы бейнесін көрсету мақсатында зерттеу жүргізіп, Қарағанды қаласының соғыс жылдарында дамуына тоқталды [21]. Шахтерлердің жауапкершілікпен жұмыс жасағанын жаза келіп, халық арасында патриоттық рух мәселесіне де тоқталып, ортақ жауға қарсы жеңіс үшін сөз сөйлеген жұмысшылардың пікірлеріне тоқталған [21, 27].
80 жж. жарияланған зерттеулер қатарында Д.А. Шаймухановтың зерттеуі бар [22]. Орталық Қазақстандағы көмір, мыс өндірісімен қатар қара шойын өндіру орталығы ретінде қалыптасуы жайлы зерттеу болып табылады. Соғыс жылдарында қалыптасып, мүмкіндігі күшейтілген Қарағанды металлургия комбинатының дамуы жайлы зерттеу бола отырып, жұмысшылар тобының қалыптасуыжайлы мәліметтер берілген.
Кеңес өкіметі тұсында Қазақстан қалаларының тарихы сериясы бойынша зерттеулер жарияланып тұрды. Қарағанды қаласы жайлы шыққан зерттеулердің бірі, 1989 жылы шыққан Караганда кітабы [23]. Көпшілік оқырманға таныстырушы құрал ретінде жарияланған еңбекте, Ұлы Отан соғысы жылдарында өлкенің дамуы, оның ішінде, шахтерлер ерлігі, соғысқа қатынасқан қарағандылықтар ерлігі, аймақ халқының өсуі, олардың материалдық жағдайының шешілу мәселелері талданған.
Қазақстан тәуелсіздік алған тұста, зерттелетін тақырыптар көлемі кеңейді. Жаңа тақырып салалары пайда болып, қолданылатын әдіс-тәсілдерде де өзгеріске ұшырады. КСРО құрамында соғысқа қатысушы республика, оның ішінде облыс ретінде жеңіс мерейтойлары ұмытылмай жарияланып отырды. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысындағы ерліктері, әскери құрамалардың шайқастарға қатысуы, республика халық шаруашылығының соғыс жылдарындағы дамуы, тылдағы еңбеккерлердің ерен еңбегі, соғыс тарихына қатысты қазақстандық жеке тұлғаларға қатысты түрлі жаңаша ой пікірлер, тұжырымдар соңғы жылдары шыққан Ұлы Жеңістің жыл сайынғы мерейтойларына орай өткізіліп отырған республикандық, халықаралық деңгейдегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарының жинақтарын атап өтуге болады [24].
2000 жж. публицист қаламгерлер В.Могильницкийдің [25], В.Суворовтың [26]. жалпы Ұлы Отан соғысына, екінші дүниежүзілік соғыс тарихына қатысты жаңаша көзқарастары, пайымдаулары жазылған соны еңбектерін атап өтуге болады.
КСРО көлеміндегі демократиялық үдерістердің нәтижесінде, осыған дейін зерттеуге тыйым салынған тарихтағы ақтаңдақтар мәселесі көтеріле бастады. Солардың қатарында 1945-1956 жж. елдегi қоғамдық - саяси ахуал, саяси жүйедегі қысымдар мен қуғын - сүргіндер, КСРО-ның бір аймағынан екінші жеріне күштеп жер аударылған халықтар мен олардың тағдыры туралы зерттеу жұмыстарын жүргізуге жол ашылды. Сөйтіп осы мәселелерге байланысты бұрыннан құпия сақталған мұрағат құжаттары ашылып, араға 50-60 жыл салып, кеңестік сталиндік лагерлер жүйесі, күштеп қоныс аудару саясатының орны толмас зардаптары туралы ғылыми конференцияларда баяндамалар жасалынып, алғашқы материалдар жарық көрді. Кеңестік биліктің халықтарды жер аудару туралы жоспарлары, олардың іске асырылуы, жер аударылған халықтардың қанқұйлы саясаттан күйреген тарихи атамекендері, тұрмыстық және құқықтық жағдайы жөнінде құжаттар легін алғаш рет Ресей ғалымдары Н.Ф. Бугай, В.Н. Земсков, А.М. Некричтің және Қазақстандық ғалымдар Т.Баймұқанов, А.Шарақымбаев, Қ.Байдильдин, З.Байтеков жариялады [27]. Бұл зерттеулер, соғыстың салдарын анықтау тұрғысынан маңызды зерттеулер болып отыр.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы тек қазақ халқы тарихының ақтаңдақ беттерін ғана ашып қойған жоқ. 1990 жылдан бері атамекендерінен қуылып, күштеп қоныс аударылған, бүгінде екінші отанында тұрақтап қалған басқа да ұлт өкілдерінің өткен тарихының көлеңкелі тұстарының шынайы беттері ашылды. Айтулы мәселеге орай еліміздегі жер аударылған халықтар тарихын жазуға үлес қосқан көрнекті ғалым, академик М.Қ. Қозыбаев болды [28]. Академик М.Қозыбаев іргелі зерттеулерінде сталинизм зұлматының мән-мағынасын айқындап, оның қазақ халқына тигізген зардаптарына баға беріп, толымды тұжырымдар жасаған. Сонымен бірге ол сталиндік саяси қуғын-сүргін құрбаны болған қайраткерлердің қызметін, тағдырын зерттеуге аса көңіл бөлген болатын.
Елімізге күштеп депортацияланған халықтарды атамекендерінен жер аудару саясатының жасырын ұйымдастырылып, орындалу барысын қашан және қанша адамның Қазақстанға қалай орналасқанын, еңбек армиясына қатынасуын нақты деректермен талдау жасай отырып дәлелдеген М.Қ.Қозыбаев, Қ.С.Алдажұмановтың зерттеулерінің мазмұны мен маңызы тереңдігімен ерекшеленеді [29].
Ұлы Отан соғысының басталуы кеңестік немістердің қайғылы тағдырларының негізгі себебіне айналды. Қудалануы, кінәсіз айыптар тағылуы, олардың болашақтарына ауыр соққы болып тиді. Жалпы қудалаудың негізгі нысанасы болған немістердің тарихына орай А.Н.Кичихин, Г. Вормсбехер, Л.А. Бургарт, В.П. Емельянов, А.В. Фитц сияқты авторлардың еңбектері, құнды деректермен тарихнамаға қосылған үлес екені аян [30].
Кеңестік Қазақстан мәдениеті тарихының тарихнамасына арналған профессор Р.М. Жұмашевтың Очерки истории культуры Казахстана деген еңбегінде, Қазақстанның 1917-1991 жылдар арасындағы мәдениет тарихы қарастырылады. Автор өз еңбегінде 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы құнды материалдар негізінде талдап, теориялық тұжырымдар жасаған. Бұл еңбек мәдениет тарихын зерттеудің жаңа теориясының бастауы болды [31].
Соңғы жылдарда Республиканың тарихи еңбектерінде Ұлы Отан соғысы жылдары туралы баяндайтын көптеген ғылыми еңбектер, оқу құралдары мен тың материалдар жарық көрді. Соның ішінде қарасытырып отырған мәселені баяндайтын обьективті түрде жазылған еңбектер аз емес. Соғыс жылдарындағы, соғыс аяқталған тұстағы өлкедегі саяси ахуалды сипаттайтын зерттеулер жарияланды. 1990 жылдары Қазақстандағы интеллигенция өкілдеріне қарсы бағытталған қуғын-сүргіннің тарихын, жеке қайраткерлердің саяси тағдырларын зерттеу қолға алынды. Ғалым І.М.Қозыбаевтың ғылыми айналымға енбеген құжаттар негізінде тарихшы-ғалым Е.Бекмахановтың қуғындалуын ашып керсеткен біршама еңбектер жазғанын ерекше атап өтуге болады [32]. Өз зерттеулерінде автор Е.Бекмахановтың монографиялық еңбегіне байланысты Мәскеуде өткен тарихшыларды талқылауына жан-жақты тоқталады.
1991 жылы шыққан История Казахстана: белые пятна жинағына топтастырылған мақалаларында тарихшылар Н.Дружинин, К.Нұрпейісов, Р.Сулейменовтер 40-50-ші жылдардағы қуғын-сүргіннің жүргізілу барысын, негізгі себептерін ашып көрсетуге ұмтылды [33].
Кеңестік мемлекеттің жүзеге асырған саяси қуғын-сүргін тарихының кейбір қырлары француз тарихшысы Н.Верттің еңбегінде орын алды [34]. Н.Верт кеңес өкіметінің саяси диктатурасының орнауы, әсіресе 40-50-шы жылдардағы қуғын-сүргіннің халыққа тигізген зардаптарын талдап, мұның бәрі Сталин тарапынан арнайы жасалынған қысымшылық деп әділ бағасын береді. Сталин қолдауына сүйенген Лысенконың космополитшылдардың әшкерелеудегі әрекеттерін айқын көрсетіп, тың тұжырымдар жасайды.
Қазақстандағы қуғын-сүргін тарихын кезеңдерге бөліп көрсеткен еңбектің бірі Д.А.Шаймұханов пен С.Д. Шаймұханованың монографиясы [35]. Авторлар еңбекте әр кезеңде қуғынға ұшырағандардың санын пайызға шағып және сол кезеңнің зардаптарын көрсеткен.
Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанға жер аударылған Қырым, Кавказ және Еділ бойы халықтарының қуғындалу себептері Т.Омарбеков еңбектерінде жан-жақты талданып, көптеген мәліметтермен салыстырыла отырып, нақты дәлелдермен мәселенің шынайылығын көрсетеді [36]. Соғыс жылдарындағы эвакуация және одан кейінгі кезеңде халықтардың лек-легімен республикамызға күштеп қоныстандырылуы, олардың тууы мен өлімі, шектеулері алынғаннан кейінгі атамекеніне оралу кезіндегі тарихи-демографиялық дамуы, олардың сандық, жыныстық көрсеткіші жөнінде ғылыми талдаулар жасалды. Бұл мәселе М.Х.Асылбеков пен А.Б.Галиевтің, А.Н.Алексеенконың, М.Тәтімовтің, Л.Т.Қожекееваның еңбектерінде, әсіресе М.Х. Асылбеков пен А.И. Құдайбергенова және А.Б. Галиевтердің жеке және бірлескен авторлықтағы зерттеулерінен көрініс тапты [37]. Тоталитарлық жүйенің тұсында арнайы жазалау орындары - еңбекпен түзеу колониялары үздіксіз жұмыс істеді. Түрлі себептермен тұтқындалғандар мен күштеп қоныс аударылған халықтардың отанын сатқандар ретінде лагерлерде, жазасын қалай өтегендігі туралы С.Д.Дильманов, Қ.С.Алдажұманов, Г.К.Бельгер, О.Дымов және т.б. еңбектерінде айтылады [38]. Қазақстанға жер аударылғандардың өмірі туралы зерттеулер Т.Кульбаев, А.Хегайдың Депортация (Алматы, 2000) [39]. және Х.Әбжанов, Ж.Б.Әбілхожин, А.Н.Алексеенко, А.Б.Галиев зерттеулері аграрлық сектордағы село тұрғындарының әлеуметтік, мәдени, демографиялық зерттеулерінде көрсетілген. Сөйтіп, Ұлы Отан соғысы жылдары тарихы тарих ғылымын зерттеушілердің ғана емес, сондай-ақ демографтардың да назарын өзіне аударуда.
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстан өңірінің тарихына байланысты еңбектер бойынша Н. Дауылбаев Қарағанды көмір бассейнінің соғыс жылдарындағы дамуы, өндірістегі еңбекшілердің майдан үшін қосқан еңбегі жайлы зерттеулер жүргізді [40]. 1990 және 2006 жылдары Қарағанды. Қарағанды облысы [41] атты энциклопедиялар жарық көріп, ондағы бірқатар мақалалар Қарағанды облысының соғыс жылдарындағы тарихына арналды. Сонымен қатар, Ә.Әзиев [42], А.Жанғожин, Е.Лұқпановтардың [43] Ж.Қарсыбаеваның [44] зерттеулерінде соғыс жылдарына байланысты қысқаша мағлұматтар берілген.
Байқағанымыздай Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысы бойынша жарық көрген еңбектер көбінесе жекелеген мәселеге арналған немесе жалпылама мазмұнға ие. Сондықтан, соғыс жылдарындағы қарағандылықтардың майдандағы және тылдағы іс-қызметін жүйелі әрі кешенді түрде зерттеу өлке тарихы үшін аса маңызды болып табылады.
Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысының экономикалық даму тарихын зерттеуде көлемді жұмыстар атқарылды. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысының экономикасының дамуының көптеген аспектілері жергілікті жазушы-журналисттердің, тарихшылардың және қарапайым әуесқой ізденушілердің мақалаларында қамтылған. Қарағандылықтардың Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майданға барынша көмек көрсетуден туындаған патриоттық қозғалыстың зерттелуі жергілікті зерттеушілердің арасында нық орныққан тақырыптардың бірі болды. Газет-журналдардағы мақалалардың біраз бөлігі Қарағанды облысының соғыс жылдарындағы халық шаруашылығының дамуы, майдан мен тылдың бірлігі және басқа да аспектілері қарастырылды. Мысалы А.Жанғожин [45], Р. Қыныбаева [46], Е.Лұқпан [47], В.Новиков [48], Л.Батталова [49], О.Жүнісұлы [50], Р.Шаймұханованың [51] мақалалары. Зерттеу жұмысымызда академиялық оқулықтар да қолданысқа алынды [52]. Біз үшін маңызды еңбектердің бірі М.А.Жакупованың Тыловые эвакогоспитали Казахстана и республик Средней Азии (САВО) в годы Великой Отечественной войны (1941-1945 гг.) [53] - деп аталатын еңбек. Онда Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстанға орналастырылған эвакогоспиталдар жайлы сирек құжаттар беріліп, талданған.
Кейінгі жылдары зерттеліп жүрген тақырыптардың бірі, жоғарыда атап өткеніміздей соғыс жылдарындағы әйелдер мәселесі. З.Г.Сактаганова мен авторлардың бастамасымен шыққан Женщины Центрального Казахстана в годы Великой Отечественной войны. 1941-1945 гг. [54] монографиясы. Монографияда Орталық Қазақстанның экономикасындағы әйел еңбегінің рөлі ашылып, тылдағы әйелдердің күнделікті өмірі да зерттеу тақырыбына айналды.
Сонымен қатар, З.Г. Сактаганова, А.Ж. Смагуловтың Женщины в Великой Отечественной войне: к проблеме историографии [55] мақаласында отандық, ресейлік авторлардың зерттеулеріне талдай жасай келіп, соғыс жылдарындағы әйелдер мәселесі бойынша тыңғылықты жазылған зерттеудің жоқ екендігін атап өтті.
Диссертация тақырыбы бойынша жарияланған зерттеулерді сараптау, кеңес өкіметі тұсындағы жазылған еңбектер мен қазіргі кезеңде жарияланған, жарияланып жатқан зерттеулер арасындағы айырмашылықты көрсетті. Дегенмен, әрбір кезеңнің өзіндік айырмашылықтары мен ерекшеліктері бар екендігін көрсетті. Кеңес өкіметі тұсында соғыс жылдарындағы ауыр жағдайлар, жеңіс көлеңкесінде қалып қойғанын белгілі болды. Ал қазіргі зерттеулер, өзінің зерттеу нысаны мен пәнін кеңейте отырып, бұрын соңды зерделенбеген мәселелерді көтерді. Бірақ, қазір кеңес өкіметі тұсындағы еңбек, жұмысшылар ерлігі, соғыста ерлік жасаған тұлғалардың тыс қалып қойды. Бұл, екі кезең бойынша көтерілген мәселелердің бір бірін толықтырып тұруы керектігін айқындайды.
Тақырыптың деректемелік негізі. Зерттеу жұмысының деректік негізін Ұлы Отан соғысының тарихы, батырлар ерлігі, тылдағы еңбекшілердің қажырлы еңбегі және басқа да тақырыптар төңірегінде жазылған көптеген деректер, тарихи құжаттар жинағы және көркем әдеби шығармалар, публицистикалық басылымдар құрайды.
Зерттеудің негізгі базасын жергілікті мұрағаттың құжаттары мен материалдары құрады. Жұмыста мұрағаттың екі қорының материалдары пайдаланылды. Сонымен қатар, автор жарияланған құжаттардың, материалдардың, статистикалық деректердің және мерзімді басылымдардың мәліметтерінің едәуір бөлігін зерттеді (Қор. 1, 18). Бұл қорлардан Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстанда жүргізілген эвакуация, оның ішінде көшірілген халықтар және олардың еңбекке тартылуы, көшірілген кәсіпорындар, госпитальдер және шығармашылық ұжымдар жайлы құжаттар табылды. 1941-1945 жж. аралығындағы құжаттары, соның ішінде КП-ның облыстық Бюро отырыстарының хаттамалары, қаулылары, шешімдері, партия пленумдарының жарыссөздері, қорытындылары мен қаулылары, шаруашылықты соғысқа бейімдеп қайта құру әрекеттері, әскери құрамаларды жасақтау, эвакуацияланған кәсіпорындар, халықты және малдарды орналастыру, майданға кеткен ерлерді алмастыруға әйел маман кадрларды даярлау, мәдени-ағарту материалдары, Қазақстан еңбекшілерінің майданға шефтік көмегі мен қамқорлығы, дезертирлермен күрес, т.б. тақырыпта жинақталған істердің мұрағаттық құжаттары қолданылды.
Осы зерттеу тақырыбы бойынша ерекші құнды болып табылатын, жергілікті мерзімді баспасөз материалдары, бірінші кезекте өңірлік газеттер. Социалистическая Караганда т.б. Мұндай дереккөздермен жұмыс жасау кейбір қосымша ақпаратты басқа деректермен салыстыру кезінде ғана алуға мүмкіндік берді. Эвакуациялау жөніндегі бұрын зерттеушілердің кең ауқымына қол жеткізе алмайтын кәсіпорындарды эвакуациялау және орналастыру мәселелері бойынша да құнды материалдар бар.
Сонымен қатар, тақырып бойынша деректердің негізгі бөлігін қазақстандық және ресейлік құжаттық жинақтары құрайды. Мысалы екі томдық Казахстан в период Великой Отечественной войны Советского Союза. 1941-1945 гг. [56] және Сборник законодательных и нормативных актов о репрессиях и реабилитации жертв политических репрессий [57] атты көлемді құжаттар жинағы.
Қарағанды мемлекеттік облыстық мұрағатындағы осы зерттеу жылдарына сәйкес статистикалық көрсеткіштер, арнайы есептер бойынша кейбір құжаттар және т.ғ.д., профессор Р.М. Жұмашевтің басшылығымен шыққан Спецпереселенцы в Карагандинской области атты құжаттар жинағы кітабы пайдаланылды. Аталмыш құжаттар жинақтары сол жылдардағы бой алған саяси репрессиялардың әртүрлі қырларын айқындайды [58]. Осыған ұқсас тағы бір жинақ Қарағанды облысындағы арнайы көшіріліп әкелінгендер атты құжаттар мен материалдар жинағы [59].
Жұмыс барысында деректік талдаулар жасау үшін ресейлік құжаттар жинақтары көптеп ендірілді. Оның ішінде, жеті томды История Сталинского ГУЛАГа, Военнопленные в СССР. 1939-1956, он үш томды Русский архив: Великая Отечественная. Иностранные военнопленные второй мировой войны в СССР. Документы и материалы, анықтамалық Система исправительно - трудовых лагерей в СССР. 1923-1960: общие итоги сияқты кеңес тарихына арналған құжаттар мен материалдар жинақтары мәліметтері кеңінен қолданылды. Ресей мұрағаттарының деректік жинақтары жан - жақтылығымен көзге түседі. Онда 1917-1956 жылдардағы саяси репрессиялар материалдары кешенді түрде анықталған. Жинақтар, соғыс жылдарында депортацияланған ұлттар бойынша талдаулар жүргізуге, Қазақстанның қазіргі заман тарихына қатысты зерттеу жұмыстарында тұжырымдамаларды қолдануға үлкен мүмкіншілік береді.
Мұрағат құжаттарының ашылуына байланысты жер аударылған халықтардың соғыстан кейінгі жағдайын, республика халық шаруашылығының әр саласында қалай еңбек еткенін көрсететін құжатты жинақтар жарық көрді. Сонымен бірге Ресейден шыққан Сборник законодательных и нормативных актов о реаблитации жертв политических репрессий (М., 1993) және 2 томнан тұратын История Российских немцев в документах (1763-1992 гг.) (М., 1993), История Российских немцев в документах (1965-1992 гг.) (М., 1994) атты жинақтарда да жер аударылған халықтарға қатысты құқықтық құжаттар жарияланды. Диссертацияны дайындау барысында бұл құжаттар жинағы кітаптарының біздер үшін маңызы зор болды. Осы жинақтардан көптеген жарлықтар, нұсқаулар мен партия органдары өткізген кеңестер стенограммалары мен үндеулер, Орталық Комитетке ғылыми, білім өкілдері мен жазушылардың жазған хаттарымен танысуға, зерттеуге мүмкіндіктер алдық.
Қарағанды облысы бойынша соғысқа қатысқандардың тізімі ұсынылған 1994-1998 жж. шыққан Боздақтар кітабы, облыстан майданға аттанған жекелеген адамдар бойынша мәлімет берді.
Орталық және жергілікті мекемелер құжаттарын кеңінен пайдаланған магистрлік диссертация қорытындылары Отандық тарихтың кеңестік кезеңінің деректер базасын, оның ғылымға енгізілу деңгейін, теориялық-методологиялық негізін жасауға көмектеседі.
Тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Ғылыми зерттеудің мақсаты - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысына халықтарды эвакуациялау мен материалдық қорларды орналастыруды жан-жақты зерттеп, талдау жасау болып табылады. Мақсатқа жету үшін алға келесідей нақты міндеттер анықталды:
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы соғыс және еңбек майдандарындағы қазақстандықтардың қосқан үлестері баяндалады;
- Қазақстанға эвакуацияланған халықты, кәсіпорындар мен шаруашылықтардың орналастыру жайлы мәселелер талданады;
- Соғыс жылдарындағы Орталық Қазақстанда жүргізілген эвакуация, оның ішінде көшірілген халықтар, олардың еңбекке тартылуы жайлы жаңа деректер арқылы айқындалады;
- Орталық Қазақстанға көшірілген кәсіпорындардың орналастырылуы және олардың Ұлы жеңісті жақындатқан үлестері жайлы қарастырылады;
- Орталық Қазақстанға көшірілген госпитальдер және ондағы өз істерінің кәсіби мамандары болған ақ халатты мамандардың ауыр қызметтері жаңа мұрағат деректер арқылы қарастырылады;
- Орталық Қазақстанға көшірілген шығармашылық ұжымдардың қызметтеріне шолу жасалады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың, оның ішінде Қарағанды облысы халқының майдандағы және тылдағы ерліктері, эвакуация тарихы, қоныстандыру үрдісінің сипаты және күнделікті әлеуметтік өмір талдауға түсіп, кешенді түрде баға беріледі. Аталған жұмыстың ең алдымен, өлкетану тұрғысынан алғандағы ғылыми жаңалығы маңызды болып табылады.
Зерттеу тақырыбының хронологиялық шеңбері. Диссертацияның хронологиялық шеңберін 1941-1945 жылдарда болған Ұлы Отан соғысы жылдары қамтиды.
Зерттеудің пәні - Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қарағанды облысына эвакуацияланған тұрғындар мен материалдық қорлар болып табылады.
Зерттеудің нысаны - эвакуацияланған тұрғындар мен материалдық қорлардың сандық, сапалық көрсеткіштері, кезеңдері мен орналастырудың әдіс-тәсілдері мен қорытындылары.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі. Диссертацияның әдіснамалық негізі - өнеркәсіптік құрылыстың даму, бірлік және оның құрамдас бөліктерінің өзара байланысы мәселелерін қарастыруға мүмкіндік беретін материалистік диалектиканың маңызды принциптері болып табылады. Жұмыста арнайы тарихи әдістер жиынтығы қолданылған: тарихи-салыстырмалы және тарихи жүйелілік. Нақты әдістерді таңдау фокторларға, яғни пайдаланудағы деректердің мазмұны мен сипатына, диссертацияның мақсатына байланысты жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы Ұлы Отан соғысы жылдарында, тыл болып саналған Қарағанды облысы аумағындағы кәсіпорындардың көшірілуі, орналастыру, қалпына келтіру, адамдарды көшіру, эвакуация, депортация т.б. мәселелерді кешенді түрде қарастыруға тырысу болып табылады. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Орталық Қазақстандағы эвакуация тарихы жайлы бұрын өңделмеген мәліметтерді құжат жинақтары, мұрағат құжаттары негізінде зерттей отырып, олардың ғылыми айналымға енгізілуі. Сонымен қатар, идеологиялық схемалардан бас тарту болған үдерістерді объективті сипаттау мен талдауға ұмтылыс.
Зерттеу жұмысының ғылыми және тәжірибелік маңызына келетін болсақ, орталық өңір туралы жалпылама мағлұмат бере отырып, жаңа түйіндеулер жасау. Бұл мәліметтер тарих саласындағы аймақтық бағдарламаларды жасауда пайдалану. Сондай-ақ, зерттеу жұмысының материалдарын Отан тарихына арналған ірі еңбектерге енгізуге болады. Университеттік деңгейде диссертацияның алған нәтижелерін тарих мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттерге арнайы пәндерде пайдалануға әбден болады. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихы бойынша тарихи білімдер әскери қызметкерлер мен жастар арасында патриоттық және тәрбиелік жұмыс жүргізу үшін негіз, қатаң әскери сынақ жылдарындағы Қазақстан халқының достығы мен бірлігінің жарқын үлгісі болып табылады.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Диссертацияның негізгі нәтижелері мен тұжырымдары Е.А. Бөкетов атындағы мемлекеттік университетінің ғылыми-теориялық Республикалық Жуасов оқуында баяндалды. Қарағанды мемлекеттік университетінің тарих факультетінің магистранттары мен студенттерінің ғылыми-практикалық конференция материалдарында және Қазақ елі атты жинақта жарияланды.
Диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1.1 Қазақстандықтардың майдандағы ерліктері
Ұлы Отан соғысы кезінде Қазакстанда жасақталған ұлттық әскери кұрамалар жөнінде тарихшы, академик М. Қозыбаев: Ұлы Отан соғысы жылдарында ұлттық республикаларда ұлттық-әскери кұрамалар кұрылғандығы белгілі. Алайда, олардың басым көпшілігі соғыста дұрыс пайдаланылмады. Ал кейбір атты әскери құрамалар танкілерге қарсы шығып, жауған оқтың астында бірден жоқ боп кетті. Бұл бір жағынан халқымызга көрсетілген сенімсіздік болса, екінші жағынан тағдыр салған зобалаң еді. Өйткені, мұндай әскери құрамаларға жаңа ғана өндірдей өсіп жетіле бастаған зиялы қауымның өкілдері алынған-ды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ сахарасынан 1 миллион 900 мың адам әскери және еңбек майданына мобилизацияланды. Бұл халықтардың төрттен бірі еді, - деп жазған болатын.
1941-1945 жылдар аралығында Қазақстанда 12 атқыштар мен 4 кавалериялық дивизиялар, 7 атқыштар бригадалары мен 5 жеке полк және әртүрлі әскер түрлерінің батальондары құрылған. Оның ішінде 3 атты әскер дивизиясы мен 2 атқыштар бригадасы ұлттық құрамалар ретінде құрылды. Негізінде олар еріктілер қатарынан жасақталып, майданға кеткенше республика бюджеті мен халық жарнасынан қамтамасыз етілді. Бұл құрамалар соғыс басталысымен іле-шала жасақталып, жедел түрде әскери дайындықтан өтіп, майданға женелтілді. Ұлттық құрамаларды жасақтау туралы бастаманы соғыстың алғашқы қатерлі кезеңінде одақтас республикалар халық комиссариаттары көтерген болатын. Осыған орай, Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің 1941 жылы 13 қарашадағы қаулысы қабылданған еді [60].
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Сол кезде біздің республика елдің жұмылдыру орталығы болды десек, артық айтпаған боламыз [61] деп атап өтуі нақты шындық екендігін айғақтап тұр. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысына 1 миллион 370 мың қазақстандық қатысты [62, 11]. Олардың көпшілігі запастағы офицерлер мен әскери училищелерді бітірген Қазақстан азаматтары екендігін айрықша атап өту керек.
Кейінгі деректерге сүйенсек, соғыс қимылы біздің жерде өтпесе де, сол кездегі Қазақстан халқының 1938-1945 жж. арасында 1 366 мың адам армия қатарына шақырылыпты, яғни республика халқының 21,2 пайызы. Бұл көрсеткіш әлемдік тәжірибеде жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Тіпті, соғыстың негізгі ұйымдастырушысы болған фашистік Германия тотальдық мобилизация жүргізген кездің өзінде әскери іске 12 пайыз халқын тартқан екен. Соғысқа қатысқан 601011 мың қазақстандық азамат опат болған, немесе 11,2 пайызы. Бұл тізімге Атырау облысының Махамбет ауданы және Жамбыл облысының алты ауданы тұрғындарының мәліметтері жоқ. Соғыс жылдары сонымен бірге туу 592 мың адамға азайды, сонымен жалпы адам шығыны 1 202 000 жетті. Көрсеткіш бұрынғы Кеңес мемлекеттері бойынша тек Ресейден кейінгі орынды алады [62]. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz