Адам өлтірудің ұғымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп атайды.
Жұмыстың өзектілігі.Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл аудару қажет деп санайды. Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуы керек.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты береді. Осы үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасындағы адам өлімін жүзеге асыратын топтарды құрықтай отырып қарастыратын барлық мәселені реттей отырып, арыздар бойынша іс жүргізуге тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- кәсіпкерлік үрдісінде жүзеге асырылатын;
- адам өліміндегі қылмыстық топтарды айғақтау,жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз еселеген есептік көрсеткіштен жоғары сомаға;
- заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге реттерде жазбаша жасауы тиіс.
Курстық жұмыстың объектісі - адам өлтірудің сараланған түрлері
Курстық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы
Курстық жұмыстың құрылымы- Қазақстан Республикасындағы адам өлтірудегі саралауды жүзеге асыра отырып қарастыра отырып, алу туралы арыздар бойынша іс жүргізуге тоқталу болып табылады.

1 АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1.1. Адам өлтірудің ұғымы

Азаматтық құқықта барлық мәселенің түрі болып билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы жасайтын мәмілелер ауызша жасалынады.Мұндай мәмілелер адамның мінез-құлқынан, оның мәміле жасау еркі айқын көрініп тұрған ретте де жасалған деп саналады. Үндемей қалу заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген реттерде мәміле жасауға ерік білдіру деп танылады.
Біз жұмысымыздың алдынғы тарауында қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралауды құрам элементтері объекті, объективтік жағы, субъект және субъективтік жағы бойынша жүргізу қабылданғанын айқындап айтқан болатынбыз. Қылмысты объектісі бойынша саралауды әңгіме етуден бұрын және саралау процессінің өзіне өтудің алдында тек төмендегі жағдайлардың орындалысының барысында ғана жетістіктерге қол жеткізу мүмкін екендігін ескеру қажет.
А) Жасалған қоғамдық қауіпті әрекеттің фактілік мән-жайлары, қылмыстың жалпы құрамының төрт элементі объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы бойынша жүйеленеді және топтасырылады яғни аталған құрам, нақты қылмыстық құрамдарды танудың, олардың мазмұнын ашу үшін теоретикалық негіз қызметін атқарады.
Б) Жасалған іс-әрекетпен барынша ұқсас болып табылатын нақты құрамның заңды белгілері ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптары да аталған төрт элемент бойынша жіктеледі.
Тек логикалық заңдарын, оның категорияларын және тәсілдерін пайдалана отырып жүзеге асыру және дұрыс жасау мүмкін болады, себебі қылмысты саралау адамның ой еңбегінің, күрделі танымдық процесстің ой қорытудың жемісі болып табылады.
Қылмыстық заңнама өзінің нормаларымен қоғамдық қатынастарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғайды. Кез-келген қылмыс қоғамдық қатынастарға қол сұққандықтан қоғамға тұтастай қауіп төндіреді. Сонымен қатар қоғамдық қатынастар дегеніміз адамдар арасындағы қатынастар және адам аталған қатынастардың қатысушысы болып табылады. Сондықтан адамның жеке басына, меншікке, қоршаған ортаға қол сұға отырып қылмыскер осы құндылықтармен байланысты қоғамдық қатынастарға да қол сұғады. Қылмыстық құықтың көптеген теоректиктерінің пікірінше қол сұққаны үшін ҚК-те Жауапкершілік қарастырылаған қоғамдық қатынастар қылмыстың объектісі болып табылады.
Басқаша айтқанда қылмыскер неге қол сұқса, не нәрсе қылмыстық заңмен қорғалса неге залал келсе немесе залал келуі мүмкін болса қылмыс объектісі дегеніміз сол болады. А.Н. Трайниннің айтуынша Еш нәрсеге қол сұқпайтын қылмыстың табиғатта болуы мүмкін емес. Бұл аксиома - дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.
Қылмыстық-құқылық теорияда қылмыс объектісінің үш мүшелік жіктелуі қабылданған (жалпы, топтық, тікелей)
Уақыт өте келе бұл пікір Б.С. Никифоров, Е.А. Фролов және М.И. Федоровтармен сынға ұшырады. Олардың алғашқы екеуі оқулық және ғылыми әдебиеттерде тікелей объект топтық объектімен қосылып кетеді деп негізді түрде санады. М.И. Федоров керісінше - объектілерді сыныптау барысында олардың санын азайтуды жақтады. Оның ойынша қылмыстың жалпы объектісі ұғымынан тіптен бас тарту қажет себебі ол ешқандай мазмұны жоқ қоғамдық өмірдің құбылысы болып ғана табылады. Сондықтан криминалистер үшін жалпы объект ешнәрсе бермейді және қылмыстық юстицияда ешқандай маңызға ие болмайды.
Объектілерді сыныптау мәселесінде Н.И. Коржанскийдің ұстанған позициясы назар аударарлық жай. Ол Б.С. Никифоров пен Е.А. Фороловтың объектілерді сыныптаудың үш мүшелік жүйесімен келіспей оны жарамсыз деп санайды және объектілерді сыныптаудағы өз үлгісін ұсынады.
Қылмыстың субъектісі әрбір қол сұғушылықтың жасалуындағы ажырамас элементі болып табылады. Сонымен қатар кез-келген қоғамдық қатынастар емес, тек әрекет ететін қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар ғана қылмыс объектісі ретінде бағаланады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 2 бабында оның міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын , бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін , қоғадық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасның конституциялық құрлысы мен аумақтық тұтастағын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықпен қорғау, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігін қорғау болып табылатындығы бекітілген. Қылмыстық қол сұғушылықтың объектісін дұрыс түсінудің үлкен практикалық маңызы бар. Ол қылмыстық әрекеттерді қылмыстық емес әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік жасайды, себебі қылмыстық-құқылық қорғаудың объектісі болып барынша маңызды қоғамдық қатынастар танылады.Атап айтқанда Н.И: Коржанский жазған қылмыс объектілерін вертикал бойынша сыныптау төрт сатыға ие болады: 1) жалпы объект (...құқық тәртібі - қоғамдық қатынастардың бүкіл жиынтығы); 2) топтық объект (қоғамдық өмірдің бір өрісін құрайтын біртектес қоғамдық қатынастардың жеке тобы - меншік, жеке адам); 3) түрлік объект (бір түрдегі қоғамдық қатынастар - өмір, жеке меншік); 4) тікелей объект (нақты қоғадық қатынас -
И.И. Ивановтың өмірі, Е.Е. Егоровтың жеке меншігі. ылмыстық кодекстің 33 бабында қылмыскерді ұстаудың құқыққа сай шарты және осындай адамға зиян келтірудің жауаптылығын туындатудың негіздері көрсетіледі, қылмыс жасаған адамға зиян келтіру қылмыс болып танылмайды, оны ұстау барысында мемлекеттік органдарға және жаңа қолсұғышылықты жасау мүмкіндігі ізін кесу, егер оны ұстау басқа мүмкіндікпен болмаса және осы жерде осы шараларға қатысты қажетті шараларға жол берілсе, осы адамды ұстауға байланысты оның әрекеті қоғамға қауіптіліктің сипатына және дәрежесіне сәйкес келмесе. Осындай шегінен шығу тек қасақана зиян келтірген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеледі.
Қажетті қорғаныстан ерекшеленетін ұстаудық ерекшелігі мынадан көрінеді, олар ережеге сай қылмыскер емес, оны ұстауға қолданылатын шаралар белсенді әрекет етеді.
Қылмыскерді ұстау барысында зиян келтіру, қылмыскер ұстап алушының заңды талаптарына бағынбаса: жасырынып қалғысы келеді, қарсылық көрсетеді.
Осындай жағдайларда ұстау денсаулыққа және өмірге зияндылық келтіру арқылы жүзеге асырылады.
Қылмыскерді ұстауға бағытталғын барлық әрекеттер оқиғаның жағдайына байланысты қажетті болуы шарт, бұл қылмыскерді ұстау барысында осындай құралдарды қолдануда, олар өзіне өлім тудыратындығын түсінеді, ұстап алушы басқа жол жоқ екендігін түсінуі тиіс. Мәжбурсы шараларды қолдануға байланысты қажеттілікті субъективті пікір болуы тиіс, жасалынған қоғамға қауіпті қолсұғушылықтың сипатымен, кінәлінің тұлғасымен және жағдайымен келісуі тиіс.
Осы шарттарды сақтау міндетті С.В. Бородиннің пікірінше өмірді айыру қылмыскерді ұстау барысында жасырынуға ұмтылуы, бұл әрекет егер
жаңа қылмысты аса қауіпті деп таныса, адам өлтіруді, бандитизмді, қарақшылықты зорлауды немесе басқа да ауыр қылмысты белгілі қылмыскермен немесе адаммен жасалса. Осы қылмыстардың шеңбері шектелген болуы тиіс
Бұдан байқайтынымыз жалпы, топтық және тікелей объектілер сыныптаудың үшмүшелік үлгісіндегіге ұқсас. Алайда қылмыстың жаңа объектісі түрлік объект енгізілген.
Қылмысты объектісі бойынша саралау басқа элементтері бойынша саралау сияқты, бірінші кезекте аталған элементке кіретін белгілерді анықтау қажет, олар іс-әрекетті саралауға қалай ықпал етеді және қандай маңызға ие, яғни әрбір қылмыстық әрекет объективтік және субъективтік ерекшеліктері бар әртүрлі белгілерге ие болады, алайда олардың барлығы бірдей қылмыс құрамының тиісті белгісі болып табылмайды және қылмысты саралау үшін маңызға ие болмайды.
Адам өлтіруді қарастыруды бастамас бұрын адам өмірінің бастапқы және аяққы уақытша кезеңмен тану кезеңдерін анықтау қажет.
Адамның өмірі биологиялық көзқарас жағынан, заттар, тағам және бөлінудің тікелей алмасуынан тұрады. Осы функциялардың тоқтауымен адамның өмірінің тоқтауы да жүреді. Адам өмірі осы сөздің биологиялық ұғымы адамның өмірінің шегін анықтау үшін маңызы зор. Өмірдің пайда болуы туу процессінің басталуымен байланысты. Өмірдің аяқталуының табиғи және заңды құбылысы болып ағзаның қартаюының салдарынан адамның физиологиялық өлуі танылады.
Адам өлуі туындауының мәселесі медициналық әдебиеттерде даулы мәселе болып саналады. Авторлардың бір бөлігі адамның өлуі демалу және жүректің соғуының тоқтау сәтінен туындайды дейді. Басқалары жүректің соғуын өмірдің абсолюті емес дәлелдемесі деп санайды.
Бірақ бас миында және орталық нерв жүйесіндегі органикалық өзгерістердің әсерімен өлімнің туындауы талассыз екендігі мойындалған. Осы өзгерістердің туындалған уақытына дейінгі адам өлу кезенін клиникалық деп атайды.
Мынадай жағдай кездесуі мүмкін, клиникалық өлім туындаған кезден кейін тыныс алу және жүректің соғуын қалпына келтіре отыра адамның өмірін қалпына келтіруге болады. Әсіресе соңғы жылдардағы медицина ғылымы және реаниматология саласындағы тәжірибедегі жетістіктер.
Бір сәттік құбылыс ретіндегі қатынастардың өзгеруіне көмектесті.
Адам өлімінің туындауы жөнінде тек биологиялық өлім ғана куаландырады, яғни ағзаның біртұтастық ретіндегі қалпына келмейтін өлу жағдайы, жүрек қызметінің тоқтауы ірі артериялар соғуының жоғалуы тыныс алудың тоқтауы, орталық нерв жүйесі функциясының жойылуын айтамыз.
Өмірден құқыққа сай айыруға, бақытсыздық жағдайға және өзін-өзі өлтіруге қарағанда, адам өлтіру Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінде көзделген құқыққа қайшы іс-әрекет ретінде қарастырылады. Кінәнің болмауына байланысты құқыққа сай адам өмірін айыру және бақытсыздық жағдайында өлуді адам өлтіруге жатқызбас үшін С.В. Бородин былай деп санайды: адам өлтіруді анықтау барысында өмірдің кінәлі айыруына баса көңіл аудару қажет деп санайды.
Өзін-өзі өлтіруді ажырату үшін басқа адамның өмірін айыру жөнінде сөз болуыкерек.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде адам өлтіру ұғымының анықтамасы берілген, онда осы бап бойынша, адам өлтіру деп құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады және қылмыстың ұғымын нақты береді. Осы үғымнан мынаны анықтауға болады, адам өлтіру деп басқа адамға қасақана қаза келтіруді айтамыз. Яғни адам өлтіру тек қасақаналықпен жасалынады, ал абайсыздықта адамға өлім келтіру зерттеудің басқа объектісін құрайды. М.Д. Шаргородский өзінің Денсаулыққа және өмірге қарсы қылмыстанң деген монографиясында адам өлтіруге сонымен бірге тек басқа адамға қаза келтіруді жатқызады, абайсызда адам өлтіруді ол осы ұғымның шегінен тыс қалдырады.1
Бұл жерде бірқатар авторлар адам өлтірудің ұғымын толық емес деп санайды. Бородин С.В. былай деп жазады: Адам өлтірудің заң анықтамасында, біздің қөзқарасымызда іс-әрекеттің құқыққа қайшы және кінәлігіне нұсқауы жетпейді деп атайды
Қылмыстың объективтік жағы заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға - қауіпті және құқыққа қайшы қолсұғушылық процесін айтамыз және құбылыстардың рет-ретімен даму көзқарасы бойынша, субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталады және қылмыстық нәтиженің зардабымен аяқталады

1.2 Адам өлтірудің обьективтік белгілері

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстық объектісі болып қылмыстық заңмен қорғалынатын қоғамдық қатынастар делінеді.
Адам өлтірудің объектісі болып адамның өмірі танылады. Қылмыстық заң өмірді туғаннан бастап қаза болғанша қорғайды.
Қылмыстық-құқықтық саралауды жүргізу процессінде қол сұғудың жалпы объектісін анықтау жасалған құқыққа қарсы әрекет құқық бұзушылықтың қай тобына жататындығын анықтауға бағыттылған.
Қылмысты саралау барысында қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтаудың маңызы жоғары. Ондай жағдайда нақты тұлғаға жасаған іс-әрекеті үшін қолдануға қажетті ҚК-тің нормасын Қылмыстық кодекстің өн бойынан іздеуге тура келмейді.
Топтық объектіні анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің ішінен ұқсастықты табу қажеттілігін, теңдестіруді білдіреді. Кейбір құрамдарда топтық және тікелей объектілер ұқсастыққа ие болады. Мысалы ұрлықта олар меншік, бұзақылықта қоғамдық тәртіп болып табылады.
Қылмыс объектісінің маңызы мынада, оның көмегі арқылы басқа жағынан ұқсастығы бар іс-әрекеттерді ажырату мүмкін болады. Мысалы судьяны қорлау әділсот органдарының қалыпты қызметіне қол сұғу ретінде ҚК-тің 342 бабы арқылы жауаптылықты туындатса, ал өкімет өкілін қорлау басқару тәртібіне қол сұғу ретінде 320 бап бойынша жауапқа тартылады. Келтірілген мысалдан топтық объектіні анықтау барысында қылмыстан жәбірленуші тұлғаның кім болғаныныңда маңызға ие екендігін байқауға болады.
Қылмыстық қол сұғушылықтың топтық объектісін анықтауда қылмыс субъектісінің белгілері де аз рөл атқармайды. Мысалы, денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚК-тің 104 бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Бұл жағдайда қылмыстың топтық объектісі болып жеке тұлға табылады. Бір әскери қызметшінің екіншісіне қатысты жасаған нақ сол әрекеттері ҚК-тің 370 бабы бойынша жауаптылықты туындатады, аталған жағдайда әскери қызметті өтеу тәртібіне қол сұғу орын алады. Ендеше өзара ұқсастығы бар көрсетілген қылмыс құрамдары топтық және тікелей объектілері бойынша айырмашылықтарға ие болады. ҚК-тің Ерекше бөлімінде осындай ұқсас құрамды қылмыстар аз емес.
Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.
Көп жағдайларда әледе қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу - негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында - меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы - қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік - мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне әрқашан залал келтіретіндігі есепке алынады.
Қосымша және факультативтік объектілердің арасындағы айырмашылық мынада: қосымша объект екі объектілі (көп объектілі) қылмыс құрамдарында болады, ал факультативтік объекті (бірақ әрдайым емес) жай құрамды қылмыстарды жасау барысында болады. Мысалы әрбір бұзақылық әрекеттің барысында жеке адамға, меншікке қол сұғу бола бермейді.
Өмірдің басталуы деп физиолгиялық туудың басталуы танылады.
Өмірдің аяқталуы деп орталық нерв жүйесі қызметінің толық тоқтатылуын айтамыз, ағзада қайталанбайтын процестер жүреді және өмірдің қызметін қалпына келтіру мүмкін болмайды.
Адамның өмірі ұғымын тек биологиялық процестерге әкеп тіреу дурыс емес болар еді. Адамның өмірі қоғамдық сипатқа ие, оны қорғау қоғамдағы билік етуші қатынастармен анықталады, Б.С. Никифоров адамның мүддесін өзінен анықтау мүмкін емес және қоғамдық қатынастардың шеңберінде адамды шығуды дұрыс санайдың4 Адамның өмірі қоғамдық қатынастардын ажырағысыз, сондықтан адам өлтіру барысында қылмыстық қол сұғушылықтық объектісі болып осы игіліктерді қамтамасыз ететін адамның өмірі және қоғамдық қатынастары.
Адамның өлуіне байланысты оның өмірін қылмыстық-құқықтық қорғау тоқтайды.
Адамның өмірі қоғамдағы және мемлекеттегі ең құнды және игілік болады, оны қорғау Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларында белгіленген.
Қазақстан Республикасы 15 бабы былай дейді:
Ешкім де адамның өмірінен айыруға құқығы болмай тұрып жасамайды
Қылмыстың объективтік жағы заңмен қорғалатын мүдделерге қоғамға - қауіпті және құқыққа қайшы қолсұғушылық процесін айтамыз және құбылыстардың рет-ретімен даму көзқарасы бойынша, субъектінің қылмыстық әрекетінен (әрекетсіздігінен) басталады және қылмыстық нәтиженің зардабымен аяқталады.5
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамның өмірін айырудан тұрады. Адам өлтіру әрекет немесе әрекетсіздік арқылы да жасалады. Ең алдымен адам өлтіру басқа адамның өмірлік маңызды органдарының функциясын немесе анатомиялық біртұтастығын бұзуға бағытталған әрекет жолымен жасалады.
Адам өлтірудің объективтік жағының белгісі ретіндегі іс-әрекетінің тәсілін анықтау оны саралау үшін елеулі маңызы бар. Бірқатар адам өлтіруді жасау барысында адам өлтіру тәсілі сараланған мән-жай болып танылады.
Адам өлтірудің объективтік жағын талдау барысында әрекет немесе әрекетсіздік қылмыстың тек сыртқы белгісі болып танылатындығын ескеру қажет.
Бұл ең алдымен оның қоғмға қауіптілігі ең соңында жәбірленушінің өлуіне байланысты келтірілген зияннан көрінеді. Оның туындауы қылмыстық іс-әрекеттің зардабы ретінде адам өлтірудің объективті жағының міндетті белгісі болыптанылады.
Кінәлінің әрекет (әрекетсіздігі) нәтижесінде мұндай зардаптың туындамауы қылмысты аяқталған деп мойындауын және адам өлтіруге дайындалу немесе оқталудың болуы Қазаақстан Республикасы кодексінің 24 бабын қолданып саралауға әкеледі.
Адам өлтіру барысында объективтік жақтың тағы бір белгісі болып кінәлінің әрекеті (әрекетсіздігі)нің арасындағы себепті байланыс және жәбірленушеге қаза келтірудің туындауы танылады.
Іс-әрекет және туындаған зардаптың арасындағы себепті байланыс мәселесін шешу барысында оның объективті түрде өмір сүретіндігін ескеру қажет.
Іс-әрекет және жәбірленушіге туындаған өлімнің арасындағы себепті байланыстың болмауы немесе өмірінен айыруға байланысты қылмыстық жауаптылықты толық жоққа шығарады, немесе басқа да саралауға әкеледі.
Объективтік жақтың сипаттамасына адам өлтіруді жасаудың нақты жағдайы да жатады. Ол себепті байланыстың болуы немесе болмауы мәселесін шешу үшін маңызға ғана ие емес, осы адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін немесе осы қылмысты саралау үшін белгілі бір жағдайларда маңызды
Қылмыстың субъектісі болып заңмен белгіленген жасқа толған есі-дұрыс адам болады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабындағы адам өлтірудің субъектісі болып ақыл есі дұрыс қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған адам, адам өлтірудің қалған барлық түрлері бойынша тиісінше 16 жас таңылады.Өкілдік шартсыз болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы" Заңының 111 - бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.
Қамқоршылар өздерінің қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.
Өз атынан адам өлтіру бойынша барлық мәселемен реттеседі.
Өкіл болу сонымен қатар басқа да тәсілмен жасалуы мүмкін. Әсіресе, олар заңды тұлға өз қаржысы есебінен қосымша құрылымдық бөлімдерді құру кезінде пайда болады. Мысалы оған заңды тұлғалардың филиалдарын, өкілдіктерін және шаруашылық серіктестіктерін жатқызуға болады. Олар өздерін құрушылардың мүддесі үшін мәмілеге қатысқан кезде бұл құрылған жаңа құрылымдардың құқықтық жағдайының тең болатынын естен шығармау қажет. Бірақ олар заңды тұлға бола алмайды. Бұл құрылымдық бөлімдердің жетекшілерін құрушы коммерциялық заңды тұлғалардың уәкілетті органдыры тағайындайды және олар сенімхатта көрсетілген функцияларды ғана атқара алады.

1.3. Адам өлтірудің субъективтік белгілері

Адам өлтіру субъектісі
Қылмыстың субъектісі болып заңмен белгіленген жасқа толған есі-дұрыс адам болады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабындағы адам өлтірудің субъектісі болып ақыл есі дұрыс қылмыс жасау уақытында 14 жасқа толған адам, адам өлтірудің қалған барлық түрлері бойынша тиісінше 16 жас таңылады.
Бірақта жас және есі-дұрыстық қылмыс құрамының белгілеріне жатпайды, тек қылмыстық жауаптылық туындататын шарты болып танылады. А.Н. Трайнин жас және есі-дұрыстық тек қылмыстық жауаптылық тудыратын субъективті шарттары болып танылады, қылмыстық заң қылмыскерді белгілі бір жасқа толғаны үшін немесе есі-дұрыстығы үшін емес, белгілі бір жасқа толған және есі дұрыстығы шартында қылмысты жасағандығы үшін жазалайды деп дұрыс атап корсетті.6
Жасты және есі дұрыстықты бұлай түсіндіру, жасөспірім және есі-дұрыс емес адаммен жасалған басқа адамның өмірін айырудағы кез келген іс-әрекет оның қоғамға қауіптілігін жоққа шығармайды, тек қылмыстық жауаптылықты азайтады.
Адам өлтірудің субъектісіне қатысты заң жоғарыда келтірілгендерден басқа ешқандай шарттарды ұсынбайды. Заңда тек осы қылмысты саралауға әсер ететін адам өлтіру субъектісінің жекелеген белгілері ғана аталады. Бұрын адам өлтіруді жасаған адамның қайталап адам өлтіруі Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі тармағына сәйкес саралауғы әкеледі, өйткені субъектінің бұл белгісі заңда ауырлататын адам өлтіру ретінде тікелей көрсетілген.
Адам өлтірудің субъективтік жағы
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың субъективтік жағын субъектінің өзінің қоғамға қауіпті іс-әрекетіне және оның қасақаналық және абайсыздық зардабына психологиялық қатынасы ретінде деп атап көрсетеді.7
Адам өлтіру субъективтік жағынан тек қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінәлі басқа адамның өміріне қол сұғатындығын сезінеді жәбірленушіге өлім келетіндігі нақты мүмкіндігін көре біледі және
оның туындауын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе саналы түрде жол береді (жанама қасақаналық).
Адам өлтіруге оқталу тек тікелей қасақаналықпен болуы мүмкін.
Кінәлінің қасақаналығының ниетінің мазмұнының мәселесіне шешу барысында қылмыстардың барлық мән-жайларының жиынтығынан шығуы керек, нақтырақ айтқанда кінәлі және жәбірленушінің мінез-құлқына алғышарт болатын, олардың өзара қатынасын, қылмыстың іс-әрекетін тоқтатылу себептері, қылмысты істеудың әдісі құралы, жарақаттың сипаты және көлемі, мысалы өмірлік маңызды органдарға, сондай-ақ кінәлінің одан кейінгі мінез-құлқы.
Адам өлтіруге оқталудың дәлелденген жағдайында жәбірленуші үшін туындаған зардаптар үшін қосымша саралау талап етілмейді.
Адам өлтірудің субъективтік жақты сипаттайтын мән-жайларға, сондай-ақ ниет. Мақсат, эмоция да кіреді.
Олар құрамның міндетті белгілері ретінде болуы мүмкін (мысалы, басқа қылмысты жасыру мақсаты адам өлтірудің міндеті белгісі болып танылады, Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі кң тармақшасы бойынша сараланады,жан күйзелісі жағдайынды - Қылмыстық кодекстің 98 бабының міндетті белгісі) немесе жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде жазаны даралауда ескеріледі.
Адам өлтіруді топтастыру
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі тек қасақана адам өлтірулерді ғана қамтиды. Абайсызда адамға өлім келтіруді жұмыс істеп-тұрған Қылмыстық кодекс адам өлтіруге жатқызбайды.
Қасақана адам өлтіруді келесі үш түрге бөледі:
1) Ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларсыз адам өлтіру (қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігі);
2) Ауырлататын мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі);
3) Жеңілдететін мән-жайларда адам өлтіру (Қылмыстық кодекстің 97-100 баптары)
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде көздеген адам өлтіру немесе жайң адам өлтіру осы қылмыс түрлерінің негізгі құрамы деп аталады.
Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігінде көздеген адам өлтіру осы қылмыс түрінің сараланған құрамы деп танылады. Баптың осы бөлігі ауырлататын он үш мән-жай тармақтан тұрады.
Жеңілдететін мән-жайларда осы қылмыс түрлерінің (басымдық) құрамына жатады. Қылмыстың осы түріне Қылмыстық кодекстің 97, 98, 99, 100 баптарында көзделген адам өлтірулер жатады.
Әр адам өлтіруді қарау осы ретпен жүргізіледі. Адам өлтіруге оқталудың дәлелденген жағдайында жәбірленуші үшін туындаған зардаптар үшін қосымша саралау талап етілмейді.
Адам өлтірудің субъективтік жақты сипаттайтын мән-жайларға, сондай-ақ ниет. Мақсат, эмоция да кіреді.
Олар құрамның міндетті белгілері ретінде болуы мүмкін (мысалы, басқа қылмысты жасыру мақсаты адам өлтірудің міндеті белгісі болып танылады, Қылмыстық кодекстің 96 бабы 2 бөлігі кң тармақшасы бойынша сараланады,жан күйзелісі жағдайынды - Қылмыстық кодекстің 98 бабының міндетті белгісі) немесе жеңілдететін және ауырлататын мән-жай ретінде жазаны даралауда ескеріледі.

2. АДАМ ӨЛТІРУДІ ТОПТАСТЫРУ
2.1. Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларсыз адам өлтіру

Қылмыстық кодекстің 96 бабы 1 бөлігінде көзделген адам өлтіру немесе жайң адам өлтіру қылмыстың осы түрінің негізгі құрамы боп аталады. Сондықтан адам өлтіруді саралау барысында туындайтын мәселелерді қарауды осыдан бастаған жөн.
Жай адам өлтірудің кең тараған түрлері ретінде төмендегілерге тоқтала кетуімізге болады.
Қызғаныш салдарынан адам өлтіру
Қасақана адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш әдебиеттерде әртүрлі бағалауға ие болды. Э.Ф. Побегайло қызғаныш өзінен өзі пайдақорлық көзқарасы. болып танылмайды деп есептейді. М.К. Аниянц қызғаныш - адамда қандай себепте туындамауына қарамастан ол ескінің жағымсыз қалдығы, осындай ниетте адам өлтіру қатаң жазалануы тиіс деген пікірдең.
Адам өлтірудің ниеті ретінде қызғаныш осы мән-жайлардың күшінде жағымсыз бағалауға ие болады.8 Бірақ та бұл жеке қарауды жоққа шығармайды, қызғаныштан адам өлтірудің қоғамға қауіптілік дәрежесі, кез келген өлтірудегідей жасалған қылмыстың нақты мән-жайларымен байланысты анықталуы тиіс. Сондықтан қызғаныштың пайда болу себебін назардан тыс қалдыруға болмайды, қызғаныш ниетінен адам өлтіруді жасау барысында немесе жасау алдында жәбірленушінің ролі және мінез-құлқын ескермеу қателікке жол берілетін еді. Қызғаныштың пайда болу себебі тек кінәлінің жаза шарасына ғана емес, оның әрекетін саралауға да әсер етеді.
Тікелей объектіге қатысты айтсақ оны анықтау ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті тарауының ішіндегі қылмыстарды ажыратуға бағындырылып және қызмет атқарады.
Көп жағдайларда әледе қандай қылмыс құрамын сипаттау барысында объекті ретінде қоғамдық қатынастар емес, олардың материалдық көріністері немесе қоғамдық қатынастарға түсушілердің белгілі бір құндылықтары және солар әлде қандай қылмыс құрамының тікелей объектісі болып табылады. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың нақты құрамын түсіну үшін, бұзылған қоғамдық қатынастардың мәнін, іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігінің сипаты мен дәрежесін анықтау үшін маңызды мәніске ие болады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың тікелей объектісін негізгі, қосымша және факультативтік қылып айырып, бөледі. Бұл өмірдің нақты талабынан туындайды: көптеген криминалды әрекеттер немесе әрекетсіздіктер бір уақытта бірнеше объектіге қол сұғады және олар белгілі бір шамада кейде органикалық түрде өзара байланысты. Мысалы бұзақылықта қоғамдық тәртіпке қол сұғу - негізгі объект, азаматтың денсаулығы ар-намысы факультативті объект, қарақшылықтың барысында - меншік негізгі объект, жәбірленушінің денсаулығы - қосымша объект болып табылады. Бұл жағдайда негізгі тікелей объекті әрекетті ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті бабымен саралау үшін бірінші кезекті және шешуші маңызға ие болады. Көрсетілген объектіні анықтау қылмыстық заңмен қорғалатын қатынастардан әлеуметтік - мемлекеттік маңыздылығына сай жүргізіледі, қандай қоғамдық қатынастарға залал келетіндігіне тәуелді болады және берілген қылмыстық әрекетпен қоғамдық қатынастардың қай түріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам өлтірудің ауырлатылған құрамдарын саралау
Адам өлтірудің объективті белгілері
Адам өлтірудің объективтік белгілері
Аффект жағдайында жасалған адам өлтіру
Шетелдердің қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыс құрамының құқықтық сипаттамасы
Адам өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
АДАМ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРЛЕРІ
Адам өліміне әкеп соғатын жеке тұлғаға қарсы қылмыстың сипаттамасы
Ауырлататын жағдайда жасалған адам өлтіру
Адам өлтіру - жағы материалдық құрамға табылады жататын қылмыс
Пәндер