Сөзжасамдық тәсілдерін қарастыру
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. Сөзжасамдық тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1. Синтетикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. Аналитикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3. Лексика-семантикалық тәсіл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. Сөзжасамды оқытуда оқушылардың грамматикалық ұғымдарын дұрыс қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.1 Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.2 Сөзжасамды оқытуда грамматикалық ұғымдарды қалыптастыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.3 Блум таксономиясы негізінде сөзжасамды оқыту тиімділігі ... ... ... ... ... ..22
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 31
КІРІСПЕ
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді. Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.
Сөзжасам шетел тіл білімінде, орыс тіл білімінде тіл білімінің жеке саласы ретінде басқа салалардан кеш танылғанымен, қазақ тіл білімімен салыстырғанда, оларда жиырма шақты жыл бұрын танылды. Оқу жоспарына да пән ретінде бізден ертерек қосылды. Қазақ тіл білімінде сөзжасамның дербес сала ретінде танылуы 1989 жылға жатады. 1989 жылы шыққан Казіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты монографияда сөзжасам казақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденді.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы болып танылуы оның өзіндік зерттеу нысанасы болуымен байланысты. Сөзжасам тілдің сөзжасам жүйесін, сөзжасамдық бірліктерді, сөзжасам заңдылықтарын, сөзжасамның амал-тәсілдерін, сөздердің жасалу жолдарын, сөзжасам арқылы жасалған туынды сөздерді, олардың түрлерін сөзжасамдық үлгілерді, сөзжасамдық мағынаны, әр сөз табының сөзжасамын т.б. толып жатқан сөзжасамға қатысты мәселелерді зерттейді, яғни тілдің сөзжасам жүйесін зерттейді. Тілдің сөзжасам жүйесі казақ тілінің сөздік қоры мен сөздік құрамын жаңа сөздер жасау арқылы толықтырып отыратын негізгі тілдік кұбылыс болғандықтан, тілде оны іске қосып отыратын сөзжасамдық заңдылықтар, әдіс-тәсілдер көне замандардан бері қолданылып, дамып іріктеліп, түрлі өзгерістерді басынан өткізіп, қазіргі қалыпқа түсіп, әбден қалыптасқан. Сондықтан тілде жаңа сөз кездейсоқ, қалай болса, солай жасала бермейді. Ол тілде қалыптасқан заңдылықтар арқылы жүзеге асады. Сөзжасам пәні студенттерді осы зандылықтармен таныстырады, ол туралы нақтылы ғылыми деректер береді.
Тілдің сөздік қорын үздіксіз байытып толықтырып отыру негізінен тілдің ішкі мүмкіндіктерімен, заңдылықтарымен байланысты. Басқа тілдерден сөз қабылдау арқылы да тілдің сөздік қоры байып отыратыны көпшілікке таныс. Бұл -- құбылыс қай тілге де жат емес жәнеертеден келе жатқан, белгілі жағдай. Алайда сөз байлығының толығу арнасы -- тілдің сөзжасам жуйесі, оның ішінде сөзжасам тәсілдерімен тікелей байланысты. Ал ол тілдің сөзжасам жүйесініңнегізгі құрылымлық мәселесі, сондыктан сөзжасам взект) мәселе болған жерде -- оның сөзжасамдық тәсілдері сөз болмауы мумкін емес. Басқа тілден кірген сөздерді былай қойғанда, тілдің ішкі мумкіндігі арқылы создік қорды молайтып, тілге үнемі қосылып жаткан жаңа сөздердің бәрі де белілі жолмен жасалып, тілдің лексикалық қорынан орын тебеді. Тілде жаңа сөздердің жасалу жолы, тәсілдері аз емес. Бірақ олардың жалпылық жактарын ескеріп, жинақтап үш түрлі тәсілді көрсету қазақ тіл білімінде дәстүрге айналып қалды. Олар: 1)синтетикалық(морфологиялық), 2)аналитикалық(синтаксистік), 3) лексика-семантикалық тәсілдер,
Курстық жұмыстың мақсаты: Сөзжасамды оқытуда оқушылардың грамматикалық ұғымдарын дұрыс қалыптастыру жолдарын қарастыру.
Міндеті:
Сөзжасамдық тәсілдерін қарастыру;
Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру.
І. Сөзжасамдық тәсілдер
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінде көне замандардан бері қарай қолданылып әбден орныққан, қалыптасқан негізгі тәсілдері мыналар:
1) синтетикалық тәсіл,
2) аналитикалық тәсіл,
3) лексика-семантикалык тәсіл.
1.1 Синтетикалық тәсіл
Қосымшалы тілдерде синтетикалық сөзжасамдық тәсіл туынды сөз жасауда негізгі тәсілдер тобына кіреді. Түркі тілдері, оның ішінде казақ тілі қосымшалы тілдер болғандықтан, сөзжасамның синтетикалық тәсілі тілімізде туынды сөз жасауда негізгі қызмет атқарады. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасауда екі тілдік бірлік қызмет атқарады: 1) лексикалық мағыналы сөз, 2) сөзжасамдық жұрнақ.
Синтетикалық тәсіл арқылы сөзжасамға қатысатын бұл тілдік бірліктердің әрқайсысының аткаратын өзіндік қызметі бар.
Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік туынды сөздің мағынасына арқау болады. Сондықтан да туынды сөз жасауға лексикалық мағыналы сөздер ғана қатысады. Мысалы, жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сияқты туынды сөздердің жаңа мағынасы жүлде, ак, ақыл, бәле сөздерінің негізінде жасалған, сондықтан олар негіз сөздер деп аталады. Осы негіз сөздердің мағынасы мен туынды жүлдегер, ақта, ақылды, бәлеқор сөздерінің мағынасы байланысты. Ол мағына байланыстылық негіз сөздің мағынасының туынды мағынаға арқау болғандығынан туып тұр. Сонымен туынды сөздің негіз сөзі болатын лексикалық бірліктер туынды мағына жасау үшін қажет.
Туынды сөз жасауға лексикалық мағынасы бар тілдік бірліктердің қатысуы міндетті шарттың бірі болып саналады. Ал оның тұлғасы мен құрамына ешбір шек қойылмайды, сондықтан туынды сөздің негіз сөзінің қызметін негізгі түбір сөз де, туынды түбір сөз де, біріккен сөз де, қысқарган сөз де атқара береді. Мысалы, көгер, түндік, айлық, өртен деген туынды сөздерге негізгі түбір сөз негіз болған. Ал егінші, өнімсіз, білімпаз, сәнқойлық дегендерге егін, өнім, білім, сәнқой деген туынды түбірлер негіз болған. Сондай-ақ белбеусіз, колхоздас деген туындыларға біріккен сөз бен қысқарған сөз негіз болған. Осы туынды сөздердің бәрінде негіз сөз қызметін түрлі құрамды, түрлі тұлғалы сөздер атқарған. Бірақ олардың бәрі де - лексикалық мағыналы сөздер яғни туынды сөздерге лексикалық мағыналы сөздер негіз болған, өйткені лексикалық, мағыналы сөзсіз синтетикалық тәсіл арқылы туынды сөз жасалмайды. Сондықтан синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің мағынасы оның кұрамындағы негіз сөзге байланысты болады. Негіз сөз яғни негізгі морфеманың мағынасы туынды түбірдің мағынасына арқау болатындықтан, оның мағынасы мен туынды лексикалық мағына байланысты болады. Бұл тек туынды түбірлерге, синтетикалык тәсілге ғана қатысты мәселе емес, ол-жалпы сөзжасамға катысты қалыптасқан, толық, қатал сақталатын зандылық.
Туынды сөздің жасалуына негіз болған сөз бен одан жасалган туынды сөздің мағынасы байланысты болатындыктан, туынды түбірдің қай сөзден, не арқылы жасалғанын дәлелдеуге болады. Мысалы, өнім деген туынды түбірдің лексикалык мағынасы - өну әрекеті арқылы шыққан заттың аты. Өн, өнім сөздерінің мағынасының байланысы анық көрініп тұр, сол арқылы ол дәлелденеді.
Сонымен сөзжасамдық мағынаны негіз сөз бен туынды түбірдің мағына байланыстылығы арқылы ажыратуға болады.
Негіз сөз дегеніміз - туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз. Мысалы, кәсіпкер, қаламгер, аңшы туынды мағынасы кәсіп, қалам, аң деген негіз сөздердің мағынасынан жасалған, сондықтан олардың мағынасы байланысты. Жалпы туынды тұбір атаулының бәрінде осы зандылық сақталады. Орыс тіл білімінде оны "мотивированность значения" деп атайды. Бұл ғылымда әдетте туынды түбірмен байланысты айтылады.
Туынды түбір сөз бен негіз сөздің мағына байланыстылығы, әсіресе, сөзжасамдык ұяда анық көрінеді. Сөзжасамдық ұяға бір негізгі түбірден өрбіген туынды түбірлердің бәрі жатады. Мысалы, Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атты 1989 жылғы монографияда бас сөзінен (есім, етістік мағынасындағы) 137 туынды түбір жасалғаны келтірілген. Осы туынды түбірлердің бәрінің мағынасы бас сөзімен байланысты. Ол жалғыз осы сөзжасамдык ұяның ерекшелігі емес, жалпы әр сөзжасамдық ұяда қанша туынды түбір болса да, олар бір-бірімен мағына жағынан байланысты болады. Өйткені бір ұядағы туынды түбірлердің бәрінің құрамынан ұяның негіз сөзі орын алады да, ол ұядағы түбірлес туынды түбірлердің мағына байланыстылығын туғызады.
Туынды түбірдің құрамындағы негіз сөздің лексикалық мағыналы сөзден болуы міндетті шарт саналуы оның туынды түбірдін лексикалық мағынасын жасауға қажеттілігіне байланысты.
Синтетикалық сөзжасамдық тәсілдегі екінші түлға, екінші тілдік бірлік - сөзжасамдық жұрнақ. Синтетикалық сөзжасамда жұрнақ негізгі мүше болып саналады, синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді тек жұрнақ жасайды.
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер туынды түбір деп аталады. Туынды түбір негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалады. Мысалы, арда+гер = ардагер, көрер+мен = көрермен, дәріс+хана = дәрісхана, ой+ла = ойла, айып+кер = айыпкер, сәулет+ші = сәулетші т.б.
Сонңмен туынды түбірлер бір негізгі морфема мен бір көмекші морфемадан түрады. Мысалы, өнерпазөнер (негізгі морфема)+паз (көмекші морфема). Осы сияқты барлық туынды түбірлер негізгі морфема мен көмекші морфемадан яғни лексикалық мағыналы сөз бен жұрнақтан тұрады.
Синтетикалык тәсіл арқылы жасалған туынды түбірлердің құрамындағы тілдік бірліктердің әрқайсысының орны бар, негіз сөз бірінші орында тұрады, жүрнақ екінші орында тұрады.
Туынды түбірдің кұрамындағы морфемалардың орны тұрақты. Бұл заңдылықтан ауытқу тек басқа тілден кірген кейбір сөздерде кездеседі. Мысалы, бисаясат, бейкүнә т.б. Мұндай жағдай біздің тіліміздің зандылығына жатпайды.
Туынды түбір жасаушы жұрнақтың да атқаратын өзіндік қызметі бар. Оның негізгі қызметі - туынды лексикалық мағына жасау. Сондықган көпшілік сөзжасамдық жұрнақгар лексикалық жаңа мағына жасайды. Мысалы, ойыншық туынды түбірін жасаған -шық жұрнағы ойын негіз сөзінен басқа лексикалық мағына яғни ойнайтын заттың атын жасаған. Сонда мұндағы ойын сөзінің лексикалық мағынасынан ойыншық туынды түбірінің лексикалық мағынасы басқа.
Сөзжасамдық жұрнақтардың көбі осылайша жаңа лексикалык мағына жасайды. Олар-тілдегі ең көп жұрнақтар. Осы жағдай сөзжасамдық жұрнақ жаңа лексикалық мағына жасайды деген ұғымды қалыптастырған.
Сөзжасамдық жұрнақтың ішінде сездің лексикалық мағынасын мүлдем өзгертпей, негіз сөздің мағынасын түрлендіретін жұрнақтар да бар. Мысалы, апатай, інішек, өзгеше, белес, әкежан, ботакан, бірінші, біреу, ондаған т.б. осы сияқты туынды түбірлердің құрамындағы жұрнақтар негіз сөздің лексикалық мағынасын өзгертпей, оларға түрлі мағына қосқан.
Мұндай тілдік құбылыс басқа тілдерде де бар. Мысалы, орыс тілінде мұндай туынды түбірлердің мағынасын модифицирующие значения деп атаған.
Сондықтан сөзжасамдық жұрнақтар екіге бөлінеді:
1) лексикалық мағына жасайтын жұрнақтар,
2) лексикалық мағынаны түрлендіретін жұрнақтар. Сөзжасамдық жұрнақтардың әрқайсысының жеке мағынасымен бірге, жалпы мағыналары да бар. Айталык, бір топ жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Мысалы, саудагер, көрме, емхана, оттық, сусын, белес, ауылдас т.б. осы сияқгы туынды түбірлерді жасайтын жұрнақтардың мағынасы заттық ұғыммен байланысты. Ал сәнкой, көңілді, өнімді, тапқыш, әсемпаз, жинақы, сыншыл, сәнді, көйлекшең, ақылды, көреген, білгіш сияқты туынды түбірлердегі жұрнақтар сындық белгі мағынасын жасаған. Мына туынды түбірлердегі жүрнақтар қимыл мағынасын жасаған: басқар, байы, сына, ағар, бөліс, карай, көкте, үзар, ақта, жина т.б.
Жұрнақтар мағынасымен байланысты сөз таптарына телулі болады. Әр сөз табының өз сөзжасамдық жұрнағы бар. Олар әр сөз табына қатысты туынды түбір сөз жасайды. Бұл жағдайға байланысты әр сөз табының өзіндік сөзжасамы қалыптасқан. Синтетикалық тәсіл барлық сөз табында сөзжасамдық қызмет атқарады.
1.2 Аналитикалық тәсіл
Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл - тілімізде көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрделі сөздермен толықтырған өнімді тәсіл. Ол көпшілік тілдердің өзжасамынан орын алады. Ал кейбір тілдерде негізгі сөзжасамдық тәсіл болып саналады. Мысалы, ондай тілдерге жапон, қытай тілдері жатады.
Аналитикалық тәсіл деп екі я онан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нүрдәулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б. Бүл мысалдардың біріншісі үш сөзден, қалғандары екі сөзден құралған.
Қосымшалы тілдерде аналитикалық тәсіл басқа тәсілдер қатарынан орын алады, бірақ бұл аналитикалық тәсілдің қызметі ондай тілдерде өнімсіз дегенді білдірмейді. Мысалы, неміс, ағылшын, орыс тілдерінде, түркі туыстас тілдерде сөзжасамның аналитикалық тәсілі өте кең түрде қолданылады. Қазақ тілінде де аналитикалык тәсіл көне замандардан бері қарай қолданылып келе жатыр. Ол барлық сөз табының сөзжасамынан кең орын алады. Мысалы, үшбұрыш, тікұшақ, көмір кышқылы, ақсақал, Темірқазық (зат есімдер); кызыл ала, орта бойлы, қызыл шырайлы, ақшашты (сын-есімдер); кырық сегіз, он алты, екі жүз, бес мың (сан есімдер); кіріп шық, беріп кет, алып кел, алып бер (етістіктер); күні кеше, күндерде бір күн, бүгін, биыл (үстеулер); так-түқ, тарс-тұрс, жалт-жұлт (елікгеуіштер); пай-пай, ойпырмай, бәрекелді (одағайлар).
Аналитикалық тәсіл қазақ тілінде барлық сөз табының сөзжасамынан орын алғанымен, оның сан есім сөзжасамында негізгі тәсіл екенін атау қажет.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер күрделі сөздер деп аталады. Күрделі сөздер толық мағыналы сөздерден жасалады.
Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған күрделі сөздердің бәрі екі лексема арқылы жасалады, бірақ күрделі сезде олардың әрьдайсысы өзінің жеке түрғандағы мәнін саісгамай, бір тұтас мәнге көшеді. Қазақ тілінде аналитикалықтөсіл жиі қолданылатын, өнімді тәсіл болумен бірге, оның іштей бірнеше түрі бар: 1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту сияқты аанлитикалық тәсілдің төрт түрі бар. Бұлардың әрқайсысы да тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілде ете мол. Аналитикалық тәсілдің бұл ішкі түрлері арқылы жасалған күрделі сөздер де бір-бірінен басқа-басқа болады. Аналитикалық тәсілдің осы ішкі төрт түрі күрделі сөздің төрт түрін жасайды. Олар: біріккен сөздер, крс сөздер, тіркескен күрделі сөздер, қысқарған сөздер.
1.3 Лексика-семантикалық тәсіл
Сөзжасамның лексика-семантикалык, тәсілі. Лексика-семантикалық тәсіл арқылы, зат есімге заттану арқылы көшкен сөздер өте көп: бүлдірген, ағарған, қорған,қамал, айтыс, қоршау, ақ, асар, жетісі, екпін, тіл т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы тілде ғылымның әр саласында терминдер көп жасалған: сөз, буын, мағына, есім, шылау, Үстеу (тіл білімі), қүн, нарық (экономика), теңеу, суреттеу, өлең, әңгіме (әдебиет), қимыл, қозғалыс (физика), үш бүрыш, көбейту, қосу, алу (математика) т.б.
Лексика-семантикалык тәсіл арқылы сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысады, оны ғылымда конверсия деп атайды. Конверсия жолымен жаңа сөздің жасалуы - өте көп тараған төсіл, оның ішкі ерекшеліктері де бар. Лексика-семантикалық тәсілде сөз мағынасының өзгеруіне байланысты ол үнемі бір сөз табынан екінші сөз табына ауыса бермейді. Сондықтан лексика-семантикалық тәсілдің іштей айырмасы бар:
1) сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі,
2) сөз жаңа мағына алса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалуы.
Сөздің жаңа мағына алуына байланысты басқа сөз табына көшуі. Ешбір тілдік бірліктің көмегінсіз, сөз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Мысалы, қорған, айтыс, жарыс, бірге, біреу, басқа, өзге т.б. Бұл сөздердің дәл осы тұлғада, осы құрамда тілде баска мағыналары бар және ол мағыналары алғашқы негізгі мағынаға жатады. Олар: 1) қорған, айтыс, жарыс-етістік, қимыл, бірге, біреу-сан есім, сандық ұғым, басқа-сын есім, өзгеше-есімдік.
Жоғарыда осы сөздердің: 1) қорған, айтыс, жарыс зат есімге көшкен мағынасы, 2) біреу - есімдікке көшкен мағынасы, 3) бірге, баска, өзге - сын есімге көшкен мағынасы келтірілді.
Сөздің жаңа мағынаға ие болуы, сол арқылы басқа сөз табына көшуі түрлі жолмен іске асады. Оның ішінде ғылымда заттану (субстантивация)-тілдерге кең тараған түрі. Ал заттану - көбіне ықшамдау зандылығына байланысты болатын қүбылыс. Мысалы, қазіргі тілде бір жұма, бір жеті деген тіркестер бір-бірімен мағыналас. Осындағы жеті (апта) сөзінің заттық мағынасы алғаш жеті күн мағынасында қолданылып, күн сөзінің қолданыста түсіп қалып, ықшамдалуынан оның заттық мағынасы жеті сөзіне көшкен, сонда жеті сөзінің заттануына күн сөзінің қолданыстан шығуы себеп болған.
Үші, жетісі, қырқы, жүзі, тоқсан (оқу мезгілі) сөздері де осы ретте заттанған. Бір, біреу сөздерінің есімдікке көшуі, бірге, басқа, өзге, кетеген, қашаған сөздерінің сын есімге көшуі, бірден, етпетінен, босқа, текке, зорға, бекерге, әреңге, алға, артта, әзірге, күніге, кейде, артта, алда, баяғыда, қапыда, қапелімде, әуелден, ежелден, шетінен, лажсыздан, төтеден, шынымен, жайымен, түйдегімен т.б. осы сияқты сөздер үстеуге көшуі көнеру арқылы жүзеге асады. Бұл сөздер тілде осы тұлғада, осы қосымшалармен қолданылып жүріп, бірте-бірте басқа мағынаға ие болып, жаңа мағынасына карай сөз табын өзгерткен, бұл үрдісте сөйлем (контекст) үлкен қызмет аткарған.
Келтірілген мысалдар тілдің сөздік құрамын байытуда біртұтас лексикалық мағына болғанымен, олар білдіретін ұғым күрделі. Осындағы алып кел, алып шық деген күрделі етістіктердің әрқайсысы күрделі қимылды білдіреді. Алып кел біртұтас лексикалық мағыналы сөз, бірақ ол-білдіретін қимыл әрі алу, әрі келу қимылын қамтитын күрделі қимыл атауы. Алып шық та сол сияқты екі қимылдан тұратын күрделі кимылды білдіреді. Бұлардың әрқайсысы бір-бірімен кірігіп, біртұтас күрделі ұғымға көшкен, біртұтас күрделі кимыл атын жасаған. Сол сияқты күрделі сан есімдер, күрделі сын есімдер, күрделі зат есімдер де жалпы күрделі сөз атаулы күрделі ұғымды білдіреді. Күрделі сөздің мағынасы оның құрамындағы сыңарлардың мағыналарының қосындысынан жасалады. Ал күрделі сөздің жасалуы өмірде күрделі кұбылыстардың болуымен байланысты. Ол күрделі сөздерді туғызады.
ІІ. Сөзжасамды оқытуда оқушылардың грамматикалық ұғымдарын дұрыс қалыптастыру жолдары
2.1 Грамматикалық дағдыларды қалыптастыру
Грамматикалық мағыналар бұл болмыс құбылыстары арасындағы сөз арқылы білдіретін қарым - қатынастар мағынасы. Яғни бұл логикалық қатардың тілдік мағыналары.
Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз. Сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну керек. Мысалы: бала лексикалық мағынаны яғни алма ағашын отырғызу сөздерінің тілдегі тысқары болмыспен ара қатынасын білуі мүмкін. Алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді. Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегіайтылғанойды да түсінбейді. Ана тілдің грамматикалық мағыналарды үйретудің қиындығы мынада: бұл мағынаны оқытушының өзі жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп интуициялық жолмен қолданады.
Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі адамды ойлана білетін етеді. Ана тілдің грамматикалық мағынасын түсіну, жас жеткіншекке ақыл кіру және оның даму процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін алайда, егер бұл процесі нашар оқытылуы арқылы бәсеңдетілетін болса баланың ақыл ойының өсуі шектеліп қалады. Балалар алдын - ала аздаған сөз мөлшерін үйренбейінше дыбыстарды және сөйлем интонацияларының ерекшеліктерін білмейінше грамматикалық жаттығулар жүргізу мүмкін емес. Балалардың тілін грамматикалық формалармен байыту. Олардың сөздік қорын молайту мен фонетикалық дағдыларын дамыту процесінде жүреді.
Белгілі психолог-педагог Ш.А.Амонашвили айтқандай, Үйретіліп отырған тілде баланың сөздік қоры қанша дамыса да, ол оның сол тілде сөйлеп кетуіне себепкер бола алмайды. Ересек және мектепке даярлық топтарындағы балалардың қазақ тілінде ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру үшін, тәрбиеші грамматикалық дағдыларды меңгертуді негізгі міндеттер арқылы жүзеге асыруы керек. Бірінші міндет- коммуникативті дағдылар мен қарапайым ауызекі сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру. Тілді меңгеру балалардың бірнеше типтік сөз тіркестері мен сөйлем құрылымдарын жатқа білу ғана емес, сонымен қатар олар үйренген сөздерін өз бетінше әр-түлі құрылғыларды құрастыра білу. Айналасындағы адамдармен тәрбиеші немесе топ балаларымен қазақша тілдік қатынасқа түсу, яғни коммуникативтік дағдыларға үйрену үшін жағдайлар жасалумен қатар балалар қажетті мөлшердегі тілдік материалдарды білуі керек. Ол материалдар - тілдің грамматикалық морфологиялық және синтаксистік заңдылықтары , сөз тіркестерінің , сөздердің жасалу және өзгеру ерекшеліктері. Ескеретін жағдай :грамматикалық ереже анықтамалар мектеп тәжірбиесіндегідей, балаларға жаттатаылмайды, арнаулы ойын, логикалық жаттығулар барысында меңгертіледі. Берілген материалдың көлеміне қарай ересек және жоғары топ балалары өздеріне ұсынылған грамматикалық құбылыстың яғни берілген сөз құрылымдарының қандай жағдайда қолданылатынын мәнін әбден түсініп алу керек. Сонда ғана олардың еркін түрде коммуникативті тіл қатынасы дағдылары қалыптасып, ауызекі сөйлесу қабілеттері дамиды.
Екінші міндет- басқа ұлт балаларын қазақ тіліне үйретуде ана тілі дағдыларының келтіретін қиындықтарын жою. Мұндай қиындықтар көп жағдайда балалардың сөз тіркестерін өз бетімен құрастыруы кезінде сөйлем құрылысында жіберілуі мүмкін. Мысалы, бала тамақтану кезіне жолдасына тіл қатыса келіп: Іш сүт, нан же, киіну кезінде Бәтеңке ки, етік ки деп, анатіліндегі дағдыларына сүйенеді. Не бар, не жоқ? ойынын ойнату кезінде, қасқыр жоқ, түлкі бар деген жауаптар береді. Немесе қазақ тілінде зат есімнің анықтауыш мүшелерінің жақ, шақ, орыс тіліндегідей род жағынан қатыспайтынын ескермей,заттардың, ойыншықтардың, түр-түсін, көлемін атауда балалар кібіртіктеп, сөйлемей қалуы мүмкін. Бұл ерекшеліктерді байқату үшін қос қуыршақты ұл және қыз қатарын көрсетіп, олардың екеуіне де жақсы, әдемі деген сөздермен бірдей тіркестермен сипаттап бара алатынымызды көрнекі түрде көрсетуіміз керек. Сол сияқты қазақ тіліндегі емес сияқты болымсыздық есімдіктерінің бар, жоқ сөзіне қатысты сөздерден кейін тіркесетінін алма ащы емес, тәтті, кім? деген сұрақ адамға ғана қойылатынын , көптік жалғаудың түрлерін ойын жаттығулар арқылы бекіту көзделеді. Ана тілінде сөйлеу дағдыларына байланысты қиындықтарды жолдың бірден бір жолы - балалардың қазақ тілінде айтқан сөздеріндегі қателердің түрлерін жақсы біліп, олардың алдын алатын жаттығулар ұйымдастыру.
Үшінші міндет - бағдарлама бойынша берілетін грамматикалық тұлғалардың үйретілу жүйесін анықтау.
Басқа ұлт балаларына алғаш ұсынылатын тұлға Мынау не? деген сұрақ бойынша әр затты көрсете отырып, олардың аттарын айтқызу Мынау - үстел. Мынау үй.
Балалардың өзара және үлкендермен сәлемдесе білу дағдылары да алғашқы сабақтарда да арнайы ұйымдастырылған ситуативті жағдайлар арқылы қалыптастырады. Бала тәрбиешіге Сәлеметсіз бе! Әлия Омаровна деп , құрбыларымен мысалы, Сәлем Дина! деп амандасып үйренуі керек. Мұндай тілдік операциялар іс жүзінде бірнеше рет айтылып бекітілмейінше, балаларға ол тұлғаларды еркін қолдану талабы қойылмайды. Қазақ тіліндегі жаңа грамматикалық құрылымдар көрнекі суреттер, ойыншықтар қолдану арқылы қалыптастырады. Бастапқы сабақтарда да
Балаларды қазақ тілінде ауызекі сөйлеуге үйрету үшін қолданылатын грамматикалық құрылымдар.
Грамматикалық мағыналар сөз тудырушы морфемаларға және синтаксисте грамматикалық мағыналарға бөлінеді. Тілді түсіну үшін оны құрайтын сөздердің лексикалық мағыналарын білу аз, сонымен бірге осы сөздердің арасындағы грамматикалық қатынастарды түсіну ксрек, Мысалы, бала лексикалық мағынаны, яғни АЛМА ағашы, отырғызу сөздерінің тілден тысқары болмыспен арақатынасын білуі мүмкін, алайда алма ағашы отырғызылды немесе алма ағашын отырғызады деген сөйлемдердің құрамында жұмсалып тұрған грамматикалық мағыналарды білмейді (предикатты, яғни баяндауыштық қатынастарды білдіретін зат есімнің атау септігі мен ырықсыз етістін немесе толықтауыштык, заттық қатынастарды білдіретін зат есімнің табыс септігі мен етістіктің 3-жағының шақ формаларының мағынасын түсінбейді). Егер балаға грамматикалық тұлғаның мағынасы түсініксіз болса, ол сөйлемдегі айтылған ойды да түсінбейді.
Ана тілінің грамматикалық мағыналарын үйретудің қиындығы мынада бұл мағыналарды оқытушының өзі (ана, тәрбиеші, кейде тіпті мектептегі мұғалім) жете түсінбейді және оларды ана тілін табиғи қабылдау процесінде меңгеріп, интуициялық жолмен қолданады. Грамматикалық мағыналарды меңгерудің өзі (интуициялық, жеткіліксіз дәрежеде) адамды ойлана білетін етеді. Мұнан оқытушының (ананың, тәрбиешінің, мұғалімнің) ең маңызды қамқорлығы балалар ана тілінің грамматикалық тұлғаларының бәрін де (бәрін!) мүмкіндігінше ертерек естіп және олардың саналарына біртіндеп ене беруін қамтамасыз етуге бағытталуы керек деген қорытынды шығады, Ана тілдің грамматикалық, мағыналарын түсіну жас жеткіншекке ақыл кіру жене оның дамуы процесі болып табылады. Бұл процесс санадан тыс жүретінін қайталап айтамыз. Алайда егер бұл процесс нашар оқытылу арқылы бәсеңдетілетін болса, баланың ақыл-ойының өсуі шектеліп қалады. Мектепке дейін ана тілінің грамматикалық құрылысын үйренбеген бала нашар оқиды, өйткені ол мектепте оқылатын болмыс құбылыстарынан арасындағы байланыстар мен қатынастарды түсінуге қабілеті жетпейді (3).
Грамматикалық мағыналарды үйрену процесінде балада грамматикалық дағдылар калыптасады.
Бала тіліндегі грамматикалық қателердің сипаты: Амал канша, біздің методикада балалардың грамматикалық мағыналарды үйренуі үстінде онын артта қалу жағдайын қалай ертерек анықтауға болатыны туралы ешқандай нұсқау жоқ. Біз бұл қолайсыз жағдайды бала әбден мектепке барып, қашан I кластың сабағын меңгеруге қабілеті жетпей қалғанда ғана сеземіз және ол кезде бұл қателікті түзетудің өзі қиын.
Бірақ сөз тудыру мен сөз түрлендіру процесіндегі баланың грамматикалық қателерін түзету құралдары жеткілікті түрде талдап зерттелген. Бұл қателер грамматикалық мағыналарды үйрену процесінің қалыпты жүретінін, бала өз ана тілінде қаншалықты грамматикалық мағыналар болатынын біліп алғанын және оған сол грамматикалық мағыналарды бейнелейтін үлгілерді жеткізген өз тәрбиешісінің педагогтық талантының шама-шарқына байланысты мөлшерде біліп шыққанын көрсетеді. Тілдегі грамматикалық формаларды түсіну (интуициялық) жолына дер кезінде бағытталмаған бала көбіне үндемей отыра беретіндіктен мұннан қателерді болдырмайды.
Балалардың тіліндегі қолданылын жүрген грамматикалық формаларды олардың түсінетіндігін, алайда оларды сөйлеу кезінде қалай жұмсауды әлі есте сақтай алмағандығын - тілдік нормаларды әрі үйренбегендігін көрсететін грамматикалық қателерден мысалдар келтірейік.
Сөз тудырудағы грамматикалық қателер. Балалар өздерінің үйренген, сөздеріне құсас өзіндік сөздер жасап алады. Мысалы:
Тракторист сөзіне ұқсату арқылы: комбайнист - Комбайнист егін орып жүр (5 жас); Электрист - Электристің резина қолғабы бар (4 жас);
Қыстық сөзіне ұқсату арқылы: көктемдік - Мамам маған көктемдік киім сатып алып берді; балалық - Біздің үйде балалық кішкене үстел бар.
Мұндай мысалдарды көптеп келтіре беруге болады: өз сөзін шығармай дұрыс дамыған бала кемде - кем.
Ересек адамдар баланың бұл жаңа сөздерінің грамматикалық мағыналары сол жан ғана себепке қатысты екенін дұрыс қалпында түсінеді, шын мәнісінде мұнда мағына жағынан грамматикалық қате жоқ та жұрнақтар толығымен ойдан шығарылған, олардың білдіріп тұрған мағынасы ғана дұрыс; мұндағы қате сол, балалар бұл жұрнақтардың әдеби тілде қандай түбірлік морфемалармен бірге келетіндерін есте сақтай алмаған.
Сөз түрлендірудегі грамматикалық қателер. Балалар сөйлегенде сөзді әдетте септеудің немесе жіктеудін өнімді типі бойынша өзгертеді, ал өнімсіз типті олар әдетте кейінірек үйренеді және де егер оларға мұндайда дер кезінде көмек бермесе, сөз түрлендірудегі қателер оларды түзету әлде - қайда қиынға соғатын кезге, яғни мектепке дейін ілесіп барады.
Сөз түрлендірудің өнімсіз типіне жеу, жүру (көлікпен), өсу тәрізді етістіктер, фонетикалық өзгешеліктермен септелетін зат есімдер (барлығы 10 сөзге дейін) және басқа сөздер жатады, алайда бұл сөздер тілде ете кездеседі, сондықтан олардың қате түрі әрқашан айқын білініп тұрады.
Мұндай типті грамматикалық қателердің түрлері мынадай:
* зат есімшенің көпше түрінің бір фонетикалық вариантының орнына екіншісінің қолданылуы: жолдар, көлдер типі бойынша -лар (-лер) вариантының орнына -дар (-дер) айтылады: үйдер, терезелер, баладар, машинадар;
* зат есімнің септік жалғауларының фонетикалық варианттары бірінің орнына бірі қолданылуы: баладың (баланың деудің орнына), столқа (столға деудің орнына), адамты (адамды деудің орнына), бақшатан (бақшадан деудің орнына), балабен (баламен деудің орнына);
* стильдік жағынан бір септік жалғауының орнына екіншінің бір септік жалғауының қолданылуы: үйде бардым (дұрысы - үйге бардым), машинада міндім (дұрысы - машинаға міндім), жолда бардым (дұрысы - жолмен бардым), орындыкқа отыр (дұрысы -- орындыққа отыр), орманда кетті (дұрысы - орманға кетті), кино бардым (дұрысы - киноға бардым);
* табыс септігі жалғауын стильдік жағынан дұрыс қолдана білмеу: Мен бейне суретті салдым (дұрысы - Мен кеше сурет салдым), Жазуды жазды (дұрысы - Жазу жаздым);
* септелмейтін зат есімдерді септеу;
* салыстырмалы шырайдың жасалуы кезіндегі сын есім түбірлерінде дауыссыздардың алмасуының болмауы;
* етістіктің жіктік жалғауларын бірінің орнына бірін қолдану: тәрбиешінің қойған сұрағына орай жіктік жалғауының 1-жағы жекеше түрдегі етістік 2-жақ жекеше түрде немесе 3-жақ жекеше түрде айтылады. Мысалы: - Сен көп ойнадың ба? - Иә, мен көп ойнадым. - Мына суретті кім салды? - Бұл суретті мен салдым;
* сан есіммен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы зат есім септелгенде тәуелдік жалғауының түсіп қалуы: ит бес күшікпен келді (дұрысы -ит бес күшігімен келді), тауық екі балапанмен келді (дұрысы -тауық екі балапанымен келді) (7).
Әрине, балалар, әдет бойынша тілде етістіктің есімше, көсемше тұлғаларын қолдана алмайды, себебі оларды үлкендердің сөзінен сирек естиді: үлкендер балалар түсінбейді деп қорқып, бұл грамматикалық тұлғаларды аз қолдануға тырысады, бірақ сонан соң, VI класта, яғни бұл тұлғаларды оқитын кез келгенде, әдетте, балалар оларды үйренуге даярланбаған болып шығады. Осының салдарынан көптеген баланың тілі грамматикалық катынасы жағынан алғанда жүдеу болып шығады.
Тәрбиеші балалардың диалектік қателерін де есепке алуына тура келеді, мысалы, олар баланың қай облыста тұруына байланысты болып келетін зат есімнің ілік септік жалғауын немесе ілік септігіндегі сөзбен тіркесіп келген тәуелдік жалғаулы сөзді қолдану кезіндегі және басқа да кездердегі қателер: менің ойыншығым, менің ойыншық, сенікі қуыршақ, сенің қуыршақ, біздің аюым, Балалардың тіліндегі диалектикалық қателерді жою баланың үйдегі ересектердің сөзінен кейде тіпті бала бақшада да үнемі естіп жүретіндіктен қиынға түседі.
Балаларды кажетті грамматикалық тұлғалармен фраза жасауға үйрету үшін ең қарапайым ойын әрекетін негізге алуға болады. Ойын әдісі белгілі бір грамматикалық құрылым бойынша балалармен әңгімелесудің фоны ретінде барлық септік тұлғаларын орнықтыру үшін пайдаланылады. Мысалы, тамақтандыру процесін көз алдына елестете отырып, мынадай құрылымдар жасауға болады Мамам Петяны (таб. с.) сорпамен, ботқамен (көм. с.) тамақтандырады; Үстелге тағы кімді отырғызды? -- Аюды (таб. с.) отырғызды; Оған не берді? -- Ас қасықпен шай қасықты (таб. с. зат есім мен сын есім); Неден жейді? -- Тарелкадан (шығ. с); Неден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz