Салық есебінің тіркелімдері


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық қатынаста дамуына байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес қаржылық есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай қаржылық есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған қаржылық есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады.

Бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындау қажет. Сонымен қатар қаржылық есеп ұйымның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана қаржылық есеп арқылы ұйымның кірістері мен шығыстарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі қаржылық есепті жүргізу жүйесін анықтайды [1] .

Еліміздің экономикасының дамуы арқасында бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі салық, қаржылық, басқару есебі пайда болды.

Заң күші бар «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексімен сәйкес «Салық есебі» түсінігі енгізіледі [2] .

Абсолюттік салық есебінің көрсеткіштері қаржылық есептің қатысуынсыз өткізіледі. Сөйтіп қаржылық көрсеткіштердің қатысуынсыз кедендік баж, мемлекеттік баж, полицияны ұстау үшін алым, суға төлем және т. б. есептеледі.

«Салық есебінің» мақсаты есепті кезеңдер бойынша корпоративтік табыс салығын есептеу үшін жылдық жиынтық табыстың дұрыс құрылуы мен олардан шегерімдерінің есебін ұйымдастыру арқылы корпоративтік табыс салығы көлемін анықтау болып табылады.

Қазіргі салық заңына сәйкес, салық салынатын табыс Салық кодексінің ережесіне сай шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есебі мәліметтері салық есебін жүргізу процесінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының салық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардан алынатын салықтар, мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі көзі болып табылады. Бюджеттің табыс көзі болғандықтан Салық Комитеті арқылы қадағалайды. Зерттеп отырған ғылыми жұмыстың салық объектісі заңды тұлғалардың ішіндегі ұйым - «БайНур-А» ЖШС-і. Ғасырлар бойы қаржылық есеп - ұйымдардың іс-жұмысының нәтижелерін, мүлік жағдайы мен қаржылық жағдайы туралы ішкі және сыртқы қолданушыларға ақпаратпен қамтамасыз етеді. Қаржылық есеп регистрі мәліметтерінің негізінде әр салық кезеңінің қорытындысы бойынша салық базасы есептелінеді. Ұйымның табыс пен шығынын бухгалтерлік есеп арқылы бақылап, бекітілген нормативтік құқықтарға сүйене отырып салық салынады. Осы аталған мәселе - магистрлық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Тақырыптың зерттелу дәрежесі . Зерттеушілердің еңбектерінде қаржы және салық есебінің өзара сәйкестігі мен оны жетілдіру жолдарының мәні, оның қызметтері, қаржы есебі мен салық есебін ұйымдастыру, есептің қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Сонымен бірге тәжірибеде теориялық жағынан қамтылған және Батыс елдердің үлкен тәжірибесіне негіз болған ғылыми зерттеулер жарияланып жүр. Ғалымдар мен практиктердің жұмыстарында қаржылық есеп пен салықтық есептер бойынша зерттеулер кеңінен қамтылғанымен, салық есебі туралы терең зерттеулердің тапшылығы байқалады.

Магистрлық жұмыстың мақсаты - Ұйымның бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің халықаралық қаржылық есеп стандарттарына көшуіне орай өзара әрекеттестігі нақты байланысын көрсету болып табылады.

Магистрлық жұмыстың міндеті - қойылған мақсатқа жету:

Қазақстандағы ұйымдардың бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара

әрекеттестігі жайлы жеке-жеке теориялық тұрғыда ашып көрсетуі:

  • бухгалтерілк және салық есебінің мәні, негіздері мен элементтері;
  • салық есебі мен бухгалтерлік есептің өзара байланысы;
  • Қазақстандағы ұйымдардың бухгалтерлік және салық есебінің өзара

байланысын нақты зерттеу объектісі ретінде алынған ұйымның толық қызметіне талдау;

  • Қазақстандағы ұйымдардың бухгалтерлік және салық есебінің өзара

байланысының зерттеу жолында туындағын ұсыныстар мен жетілдіру жолдарын қарастыру;

  • тәжірибесін, салық салу саясатының даму жағдайын, оны жетілдіру

жолдарын теориялық тұрғыда қарай отырып, оны тәжірибемен ұштастыру, қорытынды жасау болып табылады.

Жұмыстың зерттеу объектісі Магистрлык жұмыста Қазақстан Республикасының «БайНур-А» ұйымындағы бухгалтерлік және салықтық есептің өзара байланысына сипаттама берілген. Нарықтық экономикадағы алатын орнын, негізгі проблемаларын және жетілдіру жолдарын қарастыру.

Зерттеудің пәні бухгалтерлік есеп пен салықтың есептің өзара сәйкестігі

мен олардың жетілдіру жолдарын мен ұсыну барысында туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесі.

Магистрлық жұмысты жазу барысында ҚР бухгалтерлік есеп пен салық есебін қолданылатын нормативтік құқықтік актілер және қаржы есебі мен салық есебін ұйымдастыру туралы заңдар, оқулықтардан алынған ақпараттар, басылымдар және кәсіпорынның қаржылық есеп беру құжаттары қолданылды. Қаржылық зерттеудің ақпараттық базасы балып қаралған кезеңдегі «БайНур-А» ЖШС - нің есеп беру құжаттары, аналитикалық және синтетикалық есеп регистірлері табылады.

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Диссертациялық жұмыстың теориялық және методологиялық негіздері ретінде экономика ғылымының классиктерінің еңбектері, зерттеушілердің кешенді экономикалық талдау жүйесінде экономикалық әлеуетті талдау маен бағалауға арналған еңбектері құрайды.

Зерттеу жұмысы кешенді, жүйелі талдау қағидаларына негізделе отырып, логикалық талдау, эксперттік бағалау, экономикалық талдау, бақылау, салыстыру, факторлық жүйелерді үлгілеу әдістерінің көмегімен жүргізілді.

Зерттеу әдістері. зерттеу барысында кәсіпорынның экономикалық ұйымдастырылу сипаты қарастырылады, қаржылық есеп берудің негізгі формаларының бірі- бухгалтерлік есеп пен салық есебін құрылу тәртібіне ерекше мән беріліп, соның негізінде кәсіпорынның табыстылығы, іскерлігі мен төлем қабілетілігі бағаланады. Зерттеудің логикалық, экономикалық статистика, экономикалық талдаудың классикалық әдістері мен тәсілдері негізге алынған. Магистрлық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері болып, бухгалтерлік есеп және салық жөніндегі заңды-нормативтік құжаттар, зерттеу мәселесі бойынша арнайы және ғылыми әдебиеттер табылады.

Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен аудит, қаржылық есептілік аясындағы заңдық және нормативтік актілері, ҚР Қаржы министрлігінің нормативтік құжаттары, ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері, қаржылық есеп пен аудиттің халықаралық стандарттары, кәсіпорындардың нақты мәліметтері қолданылды.

Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы мен теориялық маңыздылығы бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігін бағалау мен талдаумен байланысты теориялық мәселелерді жүйелеу, оларды шешу мен кәсіпорынның бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігін жетілдіру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындаумен байланысты.

Зерттеу нәтижесінде ғылыми жаңашылдығы бар келесідей нәтижелерге қол жеткізіліп, олар қорғауға ұсынылып отыр:

- бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігі категориясына қатысты түсініктер зерттеле келе, оған авторлық анықтама берілді;

- кешенді және жүйелі талдау негізінде бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестік көрсеткіштерінің жүйесін нақтыланды;

  • бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігін талдаудың ақпараттық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды;
  • дайындалған әдістемелік ұсыныстар негізінде кәсіпорынның бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігіне талдау жүргізілді.

Қорғауға шығарылған негізгі ережелер:

  1. салық және бухгалтерлік есептер арасындағы байланысты зерттеу

негізінде авторлық тұжырымдама жасау;

  1. ұйымның есеп саясатына салықтар бойынша міндеттемелерді есептеу әдістемесін ұсыну;
  2. ұйымның мәліметтері негізінде корпоративтік табыс салығы есебін жетілдіру жолдарын ұсыну.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігі туралы ғылыми түсініктері кеңейтуден тұрады және оны теориялық және тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеу.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы жұмыста келтірілген ұйымдастырушылық-әдістемелік және тәжірибелік ережелердің жүзеге асырылуы бухгалтерлік және салық есеп жүйелерінің өзара әрекеттестігін едәуір жақсартуға, бухгалтерлік және салықесеп жүйелеріне қалыптасатын ақпараттың сенімділігін арттыруға және алудың қиыншылықтарын төмендетуге мүмкіншілік береді. Диссертацияда әзірленген тұжырымдар мен ұсынмдарды бухгалтерлік есеп пен салықсалу саласында қызмет ететін ғылыми және тіжірибелік жұмыскерлер қолдана алады.

Жарияланымдар. Диссертацияның негізгі нәтижелері жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференциясында баяндалып, талқыланды, оң бағаға ие болды. Зерттеу нәтижелері бойынша жалпы көлемі 0, 4 б. т. 1 ғылыми жұмыс жарияланған.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Магистрлық жұмыстың құрылымы кіріспеден, мазмұны, нормативті сілтемелер, анықтамалар, атаулар мен қысқартулар, кіріспеден, үш тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.

Бірінші бөлімде ұйымдағы бухгалтерлік есепті және салықтық есепті жүргізудің теориялық негіздері, оның ішінде бухгалтерлік және салықтың мәні, ерекшеліктері, ұйымның есеп саясаты және оның бухгалтерлік, салықтық есепті жүргізудегі рөлі қарастырылған.

Екінші бөлімінде кәсіпорын табысы бойынша бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізудің ерекшеліктеріне талдау жасалған.

Үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасының бухгалтерлік және салықтық есептерді жетілдіру жолдары талданды. Сонымен, Ұлттық қаржылық есеп стандарттарына өту барысында бірталай өзгертулер еніп, оларды меңгеру оңайға соққан жоқ. Мемлекеттің нарықтық экономикасын құруға әсер етуіне көмектесетін экономикалық тетіктердің ішіндегі бухгалтерлік және салықтың есептің мәні зор. Магистрлік жұмыс 63 бет, 12 сурет, 21 кестеден тұрады.

  1. Бухгалтерлік және салық есебінің өзара әрекеттестігі жөнінде теориялық негіздерҰйымдағы бухгалтерлік және салық есебінің өзара сәйкестігінің

мәні мен мазмұны

Қазіргі заман талабына сай нарықтық экономиканың дамуы мен басқарудың жетілдірілуі, ұйымының дамуы бойынша жаңа стратегияның өңделуі барысында қаржылық есептің мәні мен орны күшейе түседі. Қазіргі таңда барлық ұйым меншік формасынан тәуелсіз және ықпалынсыз шаруашылық операциялар мен мүліктерде бухгалтерлік есеп жүргізіледі.

Бүгінде ұйымның экономикалық механизмдерінің қиындықтарын сенімді экономикалық реттелген есеп жүйесінің берілген ақпараттарынсыз басқару мүмкін емес [3, 29 б] .

Бухгалтерлік есеп теориясы есеп жүйесінің ұйымдастырылуының жалпы негізі. Заң актілері мен экономикалық дисциплинаға негізделіп, қаржылық есептің принципін қазіргі заманға дағдыланған экономика және басқаруға жауап беретіндей етіп, есептің теориялық категориясына негізделген [4, 48 бет] .

Бухгалтерлік есеп теориясы аналитикалық және синтетикалық есеп жүйесінің қаржылық есептілігінің мәліметтері бойынша және ұйымның қаржылық-мүліктік жағдайын меңгеруіне жол беріледі. Қажетті басқарушылық шешімдер қабылдауымен және олардың негізделуіне, ұйымды басқаруында стратегиялық және тәсілдің анықталуында бухгалтерлік ақпараттардың қалай қолдануы мен қалыптасуын түсіну үшін қажет [5, 79 бет] .

Басқа ғылым саласына тән қаржылық есепте өз әдісі мен пәні бар. Бухгалтерлік есептің негізгі принципі ретінде сәйкесінше іске асырылуына байланысты келесілерді төмендегідей етіп: үзіліссіз, аудару, түсініктілік, мәнділік, маңыздылық, анықтылық, бейтараптылық, сақтық, істің соңына жеткізілуі, сәйкестік, жүйелілік, шындық және әділ көріністік, өз уақытында бөліп қарайды [6, 125б] .

Мырзалиев Б. С «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, қаржылық есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес және де бухгалтерлік есепсіз әлемді басқару мүмкін емес, адамдар да бірін бірі түсінбес еді» айтып өткен еді [7, 3 бет] .

Қаржылық есептің құрылу ерекшілігі оның орталықтандырылуында, себебі бастапқы құжаттардың өңделуі жалпы бір есеп құралына жинақталады. Ұйымда орталықтандырылған есеп бас бухгалтерияда топталады. Осы жағдайдағы ұйымның бөлек бөлімшелерінде бастапқы және кейбір құрама құжаттарды құрайды (есептілік) . Олардың міндеті - бухгалтерияға құжаттарды дұрыс толтырып, өз уақытында жеткізілуін қамтамасыз етеді. Есептің орталықтандыруына орай бухгалтерияның қызметкерлері ұйым бөлімшелерінің жұмыстары мен шаруашылық қызметінің талдауын қадағалау мүмкіншіліктерін күшейте алады [8, 126 б] .

Қаржылық есептің стандарттарының міндетті күшіне ие, түсінікті, бірыңғай жүйені әзірлеу және осының арқасында сапалы ақпараттарды ашу және негізделген шешімдер қабылдау мәселенің шешімі болып табылады. Осыдан барып, қаржылық есептердің Халықаралық қаржылық есеп стандарттарының Халықаралық стандарттарына мейлінше жақындатуды қамтамасыз ету (конвергенция) қаржылық есеп пен есептіліктің мәселелерінің тиімді шешімі болып табылатындығы түсінікті болады [9, 188 бет] . ҚЕХС есептің ұлттық стандарттарына мейлінше жақындату мақсаты бұрын қойылған мақсат - үйлестіруден ерекшеленеді. Конвергенция ҚЕХС тікелей көшуді болжамайды, ол тек ҚЕХС ұлттық стандарттарымен жақындасуының іс жүзіндегі аспектілерімен шектеледі, бұл есеп пен есептіліктің мәселелерін ұлттық деңгейде шешуде бірыңғай әдістерге қол жеткізуге әкеледі [10, 78бет] .

Еліміздің экономикасының дамуы арқасында бухгалтерлік есептің құрамдас бөлігі салық, қаржылық, басқару есебі пайда болды. Бухгалтерлік есеп 1 сурет төмендегі ақпараттармен қамтамасыз етеді:

Басқару есебі

Салық есебі

Қаржылық есеп

Бизнес жоспарға өзгеріс енгізу мақсатында, шаруашылық үрдістері мен операцияды басқарып, бақылап, талдап отыру үшін әр түрлі өлшемдегі ақпараттарды көрсетеді

Бекітілген формадағы қаржылық есепті қалыптастыру мақсатында, мүліктік жағдайды, міндеттерді, меншіктік капиталды және қызмет нәтижесін, екіжақты жазу принципі бойынша ақшалай түрде көрсетеді

Бухгалтерлік есептің мәліметтері бойынша, салық заңының талаптарына сай, ұйымның салық салынатын базасын, салық төлеу міндеттерін топтастырып, анықтайды

Сурет 1 - Бухгалтерлік есеп ақпараттары

Жоғарыдағы 1 суретке қарай отырып, ұйымды басқару меншік иесімен ұйымдастырылады. Басқару құрылымын субъект жарғыға сәйкес анықтайды. Қызметкерлерінің міндеттерін және еңбек ақы төлеу жүйесін штатпен бекітеді. Ұйым қызметінде меншік иесімен қызметкерлерінің еңбек қатынасын реттейтін еңбек ұжымының түрлі жалдау формасында қатысады (шарт, контракт және т. б. ) .

Салық есебінің заңдық деңгейде дербес есептілік ретінде бөлінуі оның ұйымның салық және қаржылық есеп мақсатында бөлек есеп ретінде жүргізуге мүмкіндік береді. Мұндай есепті бөлу есептіліктің мәліметтерін арнайы бағытқа салу, оларды қолдануға және де қаржы есептілігін және салық есептілігін құру мәселесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Салық есептілігінің дербес есептілік түрі ретінде бөлінуі біздің пікірімізше тек өмірлік қажеттілік емес, сондай-ақ нақты фактіге негізделген.

Біріншіден, салық есебінің қаржылық есеп жүйесінің бір бөлігі ретінде танылуы және де салық есептілігіне сәйкес салық есебінің қорытынды кезеңі болып табылады. Яғни салық есептілігінің дербес есептілік ретінде анықталуына мүмкіндік береді.

Екіншіден, мұндай бөлінудің мемлекеттік қажеттілігі бюджетке түсетін салық түсімдеріне байланысты. Бізге белгілі болғандай бюджетке түсетін салық түсімдерінің үлесі мемлекеттік жалпы табыстың 90% құрайды, бұл салықтың фискалдық қызметін шешуге мүмкіндік береді.

Үшіншіден, салық есептілігі ұйымның табыстылығын түсіндіреді және тиянақтайды, осылайша оның потенциалды инвесторлардың жалпы қызығушылығын арттыру акциясының құнын анықтайды [11, 39бет] .

Салық салу бойынша нормативті құжаттарда қаржылық есептің тек іс жүзіндегі әдістерін пайдалана отырып, орындалуы мүмкін болмайтын салық салу бойынша талаптардың көптеген мөлшері жеткілікті. Бұл өз кезегінде салық есебін жүргізудің кажеттілігіне алып келеді. Салық есебі бойынша отандық ғалымдардың пікіріне тоқталайық.

Владимир Бауэр: «Салық есебі-бұл салық төлеушінің бюджетке төлемі бойынша есеп айырысуының есебі емес, бүл салық төлеуші салықтың жыл ішінде жүргізуге міндетті табыстардың есебі мен шегеру, яғни салық салынатын табыстың есебін шығаратын жедел есептің жаңа түрі. Сонымен бірге, көптеген шегеру мен бірқатар табыстар қаржылық есепке кірмейді» - деп жазған [12, 13бет] .

Үмбетәлиев А. Д. пен Керімбек Ғ. Ғ. пікірлерінше «Салық есебі-қаржылық есеп жүйесі ретінде мемлекетпен бекітілген ережелер негізінде тұрғын халықтың салықты төлеу, салық есептілігін ұсыну бойынша функциясын атқарады. Қаржылық есептің салық есептілігін жасауға байланысты арнаулы құжаттар салық есебінің ақпараттық өнімі болып табылады» [13, 211бет] .

Қалдыбаев Е. Қ., Маткаримова Л. К. пікірлерінше «Салық есебі - салық міндеттемелерін дұрыс есептеуге қажетті шаруашылық және қаржылық ақпараттарды жинау, тіркеу және өңдеу жүйесі» - деген анықтаманы тұжырымдайды [14, 89бет] .

Салық есебінің міндеті - толық салық салу мақсаты үшін және есеп беру (салықтық) кезеңінде жүргізілген шаруашылық операцияларын есептеу тәртібі туралы дәл ақпараттарды қалыптастыру, сондай-ақ, бюджетке салық пен басқа да төлемдер мен алымдарды уақытында есептеу мен толық төленуінің дұрыстығын бақылау үшін, сыртқы және ішкі пайдаланушыларды акпараттармен қамтамасыз ету.

Экономикалық әдебиеттерде салық есебін анықтау екі көзқараста қарастырылады Кең мағынадағы салық есебі бюджетке енгізілуге қажетті салықты анықтау мақсатында, салық төлеушінің мүлігін, олармен жүргізілетін шаруашылық операцияларын және оның нәтижелерін анықтау үдерісі түрінде көрінеді. Осы көзқарас бойынша салық есебін, егер олар салық салымына қатысты болса, кез келген есепте, оның ішінде статистикалық және бухгалтерлік есепте қарастыруға болады.

Төмендегі № 1 кестеде ҚЕХС бойынша қаржы есептілігі және де ұйымдағы салық және статистикалық есептерінің негізгі құрамы көрсетілген басқа да есептілік түріне жататын оның элементтері тек оған емес, сондай-ақ байланыс жасау мүмкіндігі бар басқа есептілік түрлеріне тән.

Кесте 1 - Қаржылық және салық есептіліктерінің элементтері

Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша)
Салық есептілігі
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): 1
Салық есептілігі: 2
3
4
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): құрамы
Салық есептілігі: элементтері
құрамы
элементтері
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): Бухгалтерлік баланс
Салық есептілігі:
  1. Активтер
  2. Міндеттемелер
  3. Меншік құралдары
Барлық толықтырулары мен қосымшаларымен 100. 00 форма
  1. Активтер
  2. Міндеттемелер
  3. Меншік құралдары
  4. Табыстар
  5. Шығындар
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): Табыстар және шығындарбойынша есеп беру
Салық есептілігі:
  1. Табыстар
  2. Шығындар
Барлық толықтырулары мен қосымшаларымен 200. 00, 600. 00, 601. 00 форма
2. 1 Міндеттеме
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): Ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша есеп беру
Салық есептілігі: 3. 1Қолда бар ақша қаражаты
Барлық толықтырулары мен қосымшаларымен 700. 00 форма
3. 1Активтер 3. 2Меншік құралдарының өзгеруі
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): Меншік капиталының өзгерістері бойынша есеп беру
Салық есептілігі:

4. 1 Меншік құралдарының өгеруі

4. 2 Меншік иелерімен жүзеге асырылатын инвестициялар

4. 3 Меншік иелері арасында табысты бөлу

Барлық толықтырулары мен қосымшаларымен 300. 00, 307. 00 форма

4. 1Табыстар

4. 2Міндеттемелер

Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): Түсіндірме хат
Салық есептілігі:

5. 1Есеп және есептілік жүргізудің принциптері мен тәртібі

5. 2Қаржы есептілігін ашу үшін қосымша ақпарат

Барлық толықтырулары мен қосымшаларымен 400. 00 форма
5. 1 Міндеттемелер
Қаржы есептілігі (ҚЕХС бойынша): Ескерту: Жақыпбеков Д. С. : Қазақстандық кәсіпорындардағы салық салу, салық есебі мен есептілігін ұйымдастыру [15. 125 б]

Іс-жүзінде әңгіме салықтық есепте өзінің категориялды түсініктемелік аппаратты өндіріп шығару туралы жүріп жатыр. Оның көмегімен ол сыртта қаржылық қатынастар жүйесінің дербес саласы ретінде жүзеге асырылады.

Салық есебінің мәнділігі бойынша екінші әдісі қаржылық есепті-қаржылық ережелер мен методикаларынан, өзгеше есепте-салықтық көрсеткіштердің қалыптасуының арнайы ережелерін іске қосу.

Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның салық салуға ерекше бағытталуы. Сөйтіп, өнімнің (қызметтің, жұмыстың) өзіндік құнына енетін өнімдерді (қызметтерді, жұмыстарды) өндіру мен сатуға байланысты шығындар құрамы туралы Жағдайға сәйкес (ҚР-ң Үкіметінің қаулысының редакциясында) өнімдерді(қызметтерді, жұмыстарды) өндірумен байланысты ұйымның барлық шығындары өнімнің (қызметтің, жұмыстың) нақты өндірістік өзіндік құнын толық көлемде қалыптастырады. Бірақ салық салу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындармен жүргізілген барлық шығындар лимиттер, нормалар мен нормативтердің белгіленген тәртіпте бекітулерді ескере отырып түзетіледі.

Салық салу базасының қалыптасу есебінің әдісіне тоқталып өтсек. ҚР-да салық төлеуші салық салу мақсатында кірістер мен шығыстарды есептеу әдісі бойынша анықтайды. «Есептеу әдісі» - салық есебінің әдісі, оған сәйкес кірістер мен шегерімдер жұмыстарды орындаған, қызметтерді көрсеткен, төлеу уақытына қарамастан мүлікті сату мен кіріске алу мақсатында мүлікті тиеп жөнелту сәтінен ескеріледі.

Бұл әдістің мәні салық салу мақсатында салық заңнамасы белгілі-бір анықтамаға өзінің жеке түсініктемесін береді, ал ол өз кезегінде жалпылама қабылданған түсініктермен сәйкес келмейді [16. 18 б] .

Бірақ, кейде есеп берулер бір салық кезеңі ішінде бірнеше рет берілуі мүмкін. Бұл әдеттегідей бюджетке салықтардың бірқалыпты енгізілу қажеттілігінен туындайды. Өйткені ол белгілі-бір кезең негізінде есептелген аванстық төлемдерді өтеумен әрқашан қамтамасыз етіле алмайды.

Белгіленген салық кезеңіне байланысты салықтар жедел және кезеңдік-жоспарлық болып ажыратылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктегі бухгалтерлік есептің міндеттері
Ағымдағы салық активтері
Ақша қаражаттарына бақылау
Бюджетпен есеп айырысу есебі. Салықтар
Қосылған құнға салынатын салық тауарлары
Шаруашылық операцияларды бақылау тәртібі
Салық есебінің ережелері
Салықтық тексеру нәтижелерін рәсімдеу әдістері
Салық салудың қағидалары және экономикалық мазмұны
Ұзақ мерзімді аудиторлық тексеру бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz