Қорлар есебінің талдауы


Мазмұны
Кіріспе3
- - бөлім. Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғышарттары…. ……. 5Қорлар есебінің мақсаты мен қозғалысының есебі және оларды құжаттау . . . 9Қорлар есебін жүргізудің ерекшеліктері10
2 - бөлім. Қорлар есебі және оның талдауының сипаттамасы. . 14
2. 1 Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебі………. 15
2. 2 Қорлар есебінің бухгалтериядағы және қоймадағы есебі, оларды түгендеу. . 16
2. 3 Қорлар есебінің талдауы. 21
3 - бөлім. Қорлар есебін жетілдіру жолдары24
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Кіріспе
Ұйымда басты мәселе болып, тауарлы-материалдық запастар есебі болып табылады. Қорлар есебі жаңа өнімдерді бағалап және ұйымның шығындарын болжауға мүмкіндік береді. Өндірісте өнім өндіруге тауарлы-материалдық запастарға деген сұраныс жоғарылайды. Бұл өндірістің көлемінің ұлғайғандығын көрсетеді.
Экономиканың қай саласында болмасын ұйымдар мен еңбек ұжымдарының шикі затпен материалдарды ұтымды жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, өндірістік өнімнің өзіндік құнын азайтуға, шығаратын өнімнің халықаралық рынокта бәсекелестікке жарамды етіп шығаруға тауарлы-материалдық запастар есебі аудитінің атқаратын ролі өте зор.
Осы тұрғыдан қарастырғанда курстық жұмыстың тақырыбы өзекті болып табылады. Ұйымдарда бухгалтерлік есеп Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру заңына, есеп стандарттарына және Халықаралық Бухгалтерлік есеп стандарттарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Есептердің мәліметтері бойынша ұйым басшылары өздерінің қаржылық есеп беруді құрастыруды және экономикалық болжамдар жасауға, ағымдағы жоспарды анықтауға сонымен қоса еліміздің экономикасының қаншалықты мөлшерде өскендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасындағы жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жүйесі ұйымның ішкі және сыртқы пайдаланушыларына өзінің экономикалық жағдайын анық көрсетуге мүмкіндік береді.
Еліміздің нарықтық экономикаға көшу барысында ұйымдардың экономикалық жауапкершіліктері жоғарылай түсті. Ұйымның қаржылық жағдайы жоғарылады. Қорлар - өндіріс циклінде қолданылатын әр түрлі еңбек заттары болып табылады. Олар өндіріс процесінде тұтынылып, өзінің құнын өндірілетін өнімге толығымен аударады.
Ұйымның қаржылық жағдайын зерттеу және талдаудың нәтижесінде қаржылық басқарудағы кемшіліктерді анықтайды, ұйымның дамуына әсерін тигізеді.
Пайдалану анализі және негізгі қорлар есебінің мәселесіне келессі экономист ғалымдардың Е. Е. Савицкая, Л. А. Виногоров, Г. В. Снитко және т. б. жұмыстары арналған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланған. Осы ғалымдармен негізгі қорлардың есебі және анализі облысында теориялық және методологиялық сұрақтарға айтарлықтай еңбектер енгізген.
Зерттеу мақсаты. Қорлар есебіне талдау жасап, оған сипаттама беріп, жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
- Қорлар есебінің мақсаттары мен міндеттерін айқындау;
- Қорлар есебін жүргізудің ерекшеліктеріне сипаттама беру;
- Қорлар есебінің кіріске алынуының және шығыстарының есебін анықтау.
Құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 - бөлім. Қорлар есебінің теориялық мағынасының алғышарттары
Материалдық есепті ұйымдастыру - есептік жұмыстың күрделі бөлімдерінің бірі. Өнеркәсіптік кәсіпорында материалдық құндылықтар номенклатурасы он мыңдаған атаулармен саналады, ал материалдық-өндірістік қорлар есебі бойынша ақпарат өндірісті басқару бойынша барлық ақпараттың 30% - ін құрайды. Сондықтан есепті ұйымдастыру және материалдық құндылықтарды сатып алуы, оның қозғалысы, сақталуы және қолдануы бойынша бақылау үлкен ауыртпалықтармен байланысты [1] .
Қорлар - бұл активтер:
− қалыпты қызмет барысында сатуға арналған;
− осындай сату үшін өндіріс үрдісіндегі;
немесе − өндіріс үрдісінде немесе қызмет көрсетулері кезінде пайдалануға арналған шикізат немесе материалдар нысанындағы активтер [2] .
Бастапқы тану кезінде қорлар өзіндік құн бойынша бағаланады. Бастапқы тануда қорлардың өзіндік құнына келесілер кіреді:
− жабдықтаушыларға төленген баға. Егер компания қорларды кейінге қалдыру шартымен алса, онда әдеттегі саудалық несие шарты бойынша сатып алу бағасы мен толенген сомма арасындағы айырма (өзгешелік) қаржыландыру кезеңі аралығындағы пайыздар бойынша шығындар болып танылады;
− импорттық баж салығы және басқа салықар (салық заңнамасына сәйкес төленетіндерден басқа) ;
− қорларды алумен тікелей байланысты транспорт шығындары, өңдеу және басқа да шығындар.
Сауда жеңілдіктері, төлемдерді қайтару және басқа да ұқсас баптар сатып алулар бойынша шығыстарды анықтағанда шегеріледі. Қорлардың өзіндік құнына қайта өңдеуге кететін шығындар қосылады:
− еңбек үшін төленетін тікелей шығыстар;
− шикізатты дайын өнімге қайта өңдеуге қажетті тұрақты және айнымалы өндірістік үстеме шығындарды жүйелі түрде бөлу.
Тұрақты өндірістік үстеме шығындарды қайта өңдеу шығыстарына бөлу қалыпты жағдайда кәсіпорын жұмысының өндірістік қуатына негізделеді. Басқа шығыстар қорлардың өзіндік құнына олардың қазіргі кездегі орналасқан жері мен жағдайына жеткізілуімен байланысты болса қосылады. Келесі шығындар қорлардың өзіндік құнына қосылмайды, олар тек ағымдағы шығындар құрамына қосылады:
− шикізаттың, жұмсалған еңбектің және басқа да өндірістік шығыстардың нормативтен артық жоғалтулары;
− кейбір өндірістік процестің келесі деңгейіне өту үшін қажетті сақтауға кеткен шығыстар(мысалы, ағашты кептіру немесе коньяк спиртін ұстау сияқты) ;
− әкімшілік үстеме шығындар;
− өткізу шығындары.
Барлық ұқсас босақыларға және компанияның қолданылуы бойынша бірдей бағалау әдістері қолданылуы тиіс. Ал әр түрлі қорларға әр түрлі бағалау әдістерін қолдануға болады. Мысалы, сақтандыру қорын бағалау үшін басқа әдіс қолданылуы мүмкін. ҚЕХС 2 «Қорлар» стандарты бойынша есеп беру күніне қорлар берілген екі мөлшердің ең кішісімен бағаланғанын талап етеді: өзіндік құн және өткізудің ықтимал таза құны.
Өзіндік құнды анықтамасына және оны қалай анықтау әдістеріне жоғарыда тоқталған болатынбыз. Ал өткізудің ықтимал таза құнына келетін болсақ - бұл жұмысты орындауға жұмсалған ықтимал шығындар мен өткізуге арналған ықтимал шығындарды шегеріп тастағанда әдеттегі іс барысындағы болжамды сату бағасы. Кәсіпорындар өткізудің ықтимал таза құнын есептеуде келесілерді ескеру керек:
− есептеу кезіндегі қорларды сатуға болатын нарықтық бағалар; егер қорлар сату бойынша келісімшартты нақты бағамен орындауға тиіс болса, онда есептеу үшін осы келісімшартта қабылданған нақты бағалар қолданылады;
− әдеттегі тәжірибеде қалыптасқан немесе материалдар мен дайын өнімдерді өткізуге кететін мүмкін шығындар (есептеуде әкімшілік шығындар мөлшері ескерілмейді) .
Қорлар көбінесе бап бойынша өткізудің ықтимал таза құнымен есептен шығарылады, бірақ кей жағдайларды оларды ұқсас бап бойынша топтастырған тиімді, мысалы, арналымы немесе соңғы тұтынуы бірдей бір ассортименттік қорлар, бір географиялық облыста шығарылып сатылатын қорлар [3] .
Қорлардың жіктелімі негізінде өзіндік құн мен өткізудің ықтимал таза бағасын салыстыруға тыйым салады, мысылы, дайын өнім бойынша немесе нақты операциялық сегменттегі барлық қорлар.
Егер де шикізат пен басқа да материалдардан жасалған дайын өнім өзіндік құнымен немесе одан жоғары бағамен сатылған болса, онда шикізат және басқа да материалдардың құнсыздануы қорларда бейнеленбейді.
Қолда бар қорлардың қалдықтарынан артық белгіленген бағалар бойынша жеткізу шарттарын немесе белгіленген бағалар бойынша тауарлар сатып алуға шарттардың жасау нәтижесінде бағалау міндеттемелері туындауы мүмкін. Осындай бағалау міндеттемелері «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер»(IAS) ҚЕХС-ына сәйкес қаралады. бұндай жағдайларда келесі бухгалтерлік жазулар жүргізілуі мүмкін.
Қаржылық есептілікте есеп беретін кәсіпорындар қорлар бойынша міндетті түрде келесі ақпараттарды ашып көрсету керек:
− Қорларды бағалау үшін қабылданған есеп саясатын, сонымен қатар өзіндік құнды есептегенде қолданылған әдісті;
− Қорлардың жалпы баланстық құнын және ұйыммен қабылданған баптар бойынша жіктелімнің баланстық құнын көрсету.
Қорлардың әдеттегі жіктеліміне: тауарлар, шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім жатады.
− Әділ құннан сатуға кеткен шығындардың айырмасы негізінде есептелген қорлардың баланстық құнын;
− Кезең аралығында шығын ретінде танылған қорлар сомасын;
− есептік кезеңде шығын ретінде танылған қорлардың құнының төмендеген сомасын;
− берілген кезеңде шығын ретінде танылған, қорлардың сомасының кемуіне әкелетін есептен шығарылған қорлар құнының қайта қалпына келтіру сомасын; сонымен қатар есептен шығарылған қорлардың қайта қалпына келтірген жағдайлар мен оқиғаларды;
− міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде салынған қорлардың баланстық құнын ашып көрсетуі тиіс.
- Қорлар есебінің мақсаты мен міндеттері
Қорлар есебінің негізгі міндеттері болып мыналар жатады:
- Сатып алынған қорларға байланысты фактілік шығындарды анықтау.
- Қорлардың сақталуына бақылау жасау.
- Ұйымның бекіткен нормалары бойынша қоймадағы запастардың сәйкестілігі.
- Пайдалану нормаларына бақылау жүргізу.
Бұл міндеттерді конструкциялық материалдардың прогресивті өзгеру жолымен анықтауға болады, қымбат материалдарды арзан материалдар мен алмастыру, синтетикамен, бірақ өнімнің сапасын төмендетпеу арқылы, қалдықтарды азайтып және басқада жоғалтпау жолдарымен.
Есептің ролін жоғарлату мақсатында ғылыми - жасалған құнды номенклатуралар, анық құжат айналымын қалыптастыру, қорларға уақтылы инвентарлы тексеру жүргізіп тұру қажет.
Өндіріс процесіне еңбек құралдарымен қатар өндірістік босалқы қорлары еңбек заттар ретінде қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімінің өзіндік құнын құрайды.
Қорлар келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар, аяқталмаған өндіріс, субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар.
Материалдық құндылықтарды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: босалқыларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау, босалқылардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау, көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған құндылықтардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау. Материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін «Материалдар» деп аталатын активті мүліктік шоттар пайдаланылады. [4]
Қорлардың есебінің аудитінің негізгі мақсаты - олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:
- олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;
- олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;
- өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;
- өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;
Өндіріс үрдісінде бірақ - рет қатысып өндірілген өнімнің өзіндік құнына құны түгелдей кіріп, оның материалдық негізін құрайтын қорлардың алатын орны өте зор.
Қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар және есепті кезеңде технологиялық үрдіс аяқталмаған өндірістік шығындар да жатады .
Аудитордан әр түрлі мақсаттарға қоймадан босатылған материалды құндылықтар бойынша бухгалтерлік жазулардың дұрыстығын мұқият тексеруді талап етеді.
Аудиторлық дәлелдемелердің негізгі көздері мыналар болып табылады: бухгалтерлік есептің қолданыстағы заңнамасы, салықтар туралы және басқа да номативтік-құқықтық актілер, бухгалтерлік есеп стандарттары, қаржылық есеп стандарттары, есеп саясатының қағидасы, бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама, қаржылық есептілік, бухгалтерлік есеп тізімдері. Алғашқы құжаттардың ішінен дәлелдеме көздеріне мыналар жатады: смета, шикізат шығындарының нормасы, лимит картасы, жолдағы қағаздар, инвентарлық сипат, салыстыру ведомосттары, хабарлама, төлем құжаттарының көшірмесі, келіп түскен жүктер есебінің журналы, счет фактуралар, ішкі орын ауыстыруларға үстемелер, тауарлы- транспорттық үстемелер, жүктік кедендік декларациялар, сертификаттар, кіріс ордері, сенімхат және т. б.
Ішкі бақылаудың құрылымын түсіну үшін аудитор:
- Қорлар табиғатын анықтау мақсатымен, өткен жылғы жұмыс құжаттарына шолу жасау керек.
- Қорларға бақылаудың қалай жүргізілгендігін зерттеу.
- Қандай мәселе табылғанын зерттеу;
- Құралған сауалнама бойынша персоналдардарға сурау жасау;
Өзінің әдеттегі есебін және бақылау жұмысын атқаратын, клиент жұмысшыларын бақылау, аудиторға бақылау кезеңін және процедураны түсінуге мүмкіндік береді және олардың бәрі тәжірибиеде қолданылатынына сенімділігін береді.
Оларды жақсы түсіну үшін деректі алғашқы құжатты тексере отырып, аудитор өзіне қажет мазмұн нұсқауларын айқындай алады.
- Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау
Кәсіпорындар мен ұйымдарда материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жұмысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымаладу көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүк құжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен-- жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөлімінде келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүкқұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.
Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын және номерін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторған немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхатты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы ұйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалдарды тұрақты алып тұратын экспедиторға береді. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала нөмірленген барлық парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа қызметкері М-2А түрлі «сенімхатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының номерін жазады. Қоймаға қабылданған материалдық қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.
Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (дана) етіліп «тауар-көлік жүкқұжаты» толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады; екінші, үшінші және төртінші даналары материалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады. Жүргізуші тауар-көлік жүк құжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжаттың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады. [5]
Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.
Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжаттағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Сонымен қатар үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы жоқ ұйым өкілінің қатысуымен жасалады. Матиалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «уақытша сақтауда тұрған материалдық қорлар» деп аталатын шотта есептелінеді.
Матриалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15А материлдарды босату (ішкі ауыстыруды) «талап ету жүк құжаты» бойынша босатылады. Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) « талап ету жүк құжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтардің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.
- Қорлар есебін жүргізудің ерекшеліктері
Қорлардың есебі - бухгалтерлік есептің маңызды тауарларының бірі. Актив ретінде танылуы және қорлардың сатылып, тиісті түсімдер танылғанға дейін келесі кезеңге ауыстырылуы қажет шығын мөлшерін анықтау қорлардың есебіндегі негізгі мәселе болып табылады. Шығындарды анықтау және құнның сатудың ықтимал таза бағасының мөлшеріне дейінгі кез келген азаюын (аяқтау және өткізуге жұмсалған ықтимал шығынды шегергендегі сату бағасы) қосқанда олардың кейін шығыстар ретінде танылуы бойынша нұсқаулық береді. Ол сондай-ақ қорлардың өзіндік анықтау үшін қолданылатын өзіндік құнды есептеу әдістері туралы түсінік береді.
Материалдардың есебін дұрыс және ұтымды ұйымдастыру үшін мыналар керек:
- материалдардың бірыңғай номенклатурасы мен жоспарлы есеп айырысу бағасын белгілеу;
- құжат айналымының дәл жүйесін белгілеу және матеиалдарды есепке алу мен есептен шығару операцияларының тәртібін сақтау;
- бірыңғайланған алғашқы есеп құжаттарының формалар түрлерін белгілеу және олармен шаруашылық субъектісінің барлық бөлімін қамтамасыз ету.
Ауылшаруашылығы кәсіпорындарында дайын өнімнің есебін жүргізуге, оларды уақытында жіберіп және сатуға басты назар аударылады, себебі оның барлығы ұйымның қаржылық жағдайына тікелей әсер етеді. Дайын өнімнің бухгалтерлік есебін жүргізудегі мақсат:
- дайын өнімді шығаруды, құндылықтардың жағдайын және олардың қоймада сақталуын тұрақты түрде бақылау;
- жіберілген өнімнің (жұмыс, қызмет) құжаттарын уақытында және дұрыс жасау, сатып алушылармен есептесуді ұйымастыру;
- әкімшілік басқару аппаратының жұмысын бағалап отыру үшін, сатылған өнімнің көлемі мен түріне сай, келісім шарт талаптарының орындалысын бақылау;
- сатылған өнімнің есебін жүргізіп, оған кеткен нақты шығындарды және алынған пайданы уақытында және дұрыс есептеу.
Материалдық қорларды рационалды және тиімді пайдалану ұғымдарын біріктіріп қарастыруға болмайды.
Материалдық қорларды тиімді пайдалану қоғамдық өндірістің материалдық шығынын қысқартуға және әртүрлі ысырапты болдырмауға бағытталған санамен жүзеге асырылатын шаралар жүйесі.
Үнемдеу категориясы ұқыптылық категориясына қарағанда құбылыстың өлшенетін, сандық жағын көрсетеді. Ұқыптылық үнемділікке қол жеткізудің құралы немесе әдісі болып табылады. Демек, материалдық ресурстарды үнемдеу дегеніміз өнімнің берілген сапалық деңгейін қамтамасыз ету барысында немесе оны жақсарту барысында, әлеуметтік және экологиялық талаптарды сақтай отырып, өнімнің бір данасына немесе көлеміне жұмсалатын материалдық шығынды қысқарту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz